Гүлді өсімдіктер



І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1 Гүлді өсімдіктер туралы сипаттама ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Гүлді өсімдіктердің ұрықтануы ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Жабық және ашық тұқымдылар ... ... ... ... ... ... ... ... .12

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Гүлді өсімдіктердің морфорлогиясы және анатомиялық құрылысы ... ... ...15
2.2 Гүлді өсімдіктердің аталығы, аналығы ... ... ... ... ... ... ...21
2.3 Гүлді өсімдіктердің мүшелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.4 Өсімдіктер генетикасы ... ... ... ... ... ... ... ..23

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ботаника өсімдіктер дүниесін зерттейтін биологияның бір саласы болғандықтан, оның мақсаты жер жүзінде өсетін өсімдіктерді жан – жақты зерттеу, құрылысы мен тіршілік үрдісіндегі заңдылықтарын ашу, өз ара байланысы мен қарым – қатынасын танып білу болып табылады. Тірі табиғатты өсімдіктер дүниесі деп ертеден қалыптасқан.
Гүл (лат. flos) – гүлді өсімдіктердің жыныстық жолмен көбею мүшесі. Ол сабақ не жанама бұтақ ұшында өседі. Гүл бірнеше бөлімнен тұрады. Гүл өсімдікшалары гүл шығатын буыннан өсіп, гүлге қорғаныш болып тұрады. Гүл орналасатын сағақтың ұшы гүл табаны (кіндігі), сабақтың гүл орналасқан бөлігі – гүл сағағы (егер ол болмаса, отырықшы гүл), барлық гүлдер орналасатын өсімдік сабағы – гүлсидам, жабық тұқымды өсімдіктердің тостағаншасы мен күлте өсімдікшаларынан құралған гүл орамы – гүл серігі деп аталады. Гүлге түс беретін – күлте өсімдікшалар. Оның түсі әр түрлі болады. Гүлдің негізгі мүшелері: аналық (өсімдіктер гүліндегі жыныстық көбеюге қатысатын бөлігі, ол аналық аузынан, мойнынан және түйінінен тұрады) және аталық [өсімдіктер гүлінің аталық жыныс клеткалары (тозаңдар) өсіп жетілетін бөлігі, ол тозаңқаптан, аталық жіпшеден тұрады]. Егер гүлде аталық та, аналық та болса – қос жынысты гүл, ал олардың тек біреуі ғана болса – дара жынысты гүл деп аталады. Аталық және аналық гүлі екі бөлек, бірақ екеуі де бір өсімдіктің бойында кездессе – бір үйлі (жүгері, қияқ, қайың, емен, т.б.), аналық және аталық гүлі жеке орналасса – қос үйлі (терек, тал, зығыр, т.б.), қос жынысты, дара жынысты гүлдері де кездессе – көп үйлі (үйеңкі, шетен т.б.) деп аталады. Өсімдіктің гүлдеу мерзімі жарыққа, температураға, ауаға, топырақ ылғалдығына байланысты. Көптеген өсімдіктердің гүлі күндіз ашылады. Дәрілік, дәм-татымдық өсімдіктерді жинауда, пішен шабуда гүлдеу мерзімін білудің маңызы зор. Гүлдің пішіні, түсі, сондай-ақ тұқым қуалау белгілері өсімдіктердің өзара туыстық қатынасын, өсімдік жүйесін анықтауда кеңінен пайдаланылады.
Өсімдіктер топырақта түзде де ерекше маңызды: топырақты қара шірікпен байытады (өсімдіктердің органикалық заттары жануарлар мен ұсақ ағзалардың әсерінен қара шірікке айналады). Топырақтың құрамы жақсы болуы өсімдіктердің жемістердің молайуына әкеп соғады.
Демек, өсімдік  адам үшін азықтың қайнар көзі.
Адамдардың өміріне, тіршілік қажетіне бірден-бір жарамды мәдени өсімдіктер  дәнді (бидай, жүгері, күріш, тары, қарақұмық), майлы (күнбағыс, зығыр, жер жаңғағы ), талшақты (ақ мақта), бау-бақша өсімдіктері (орамжапырақ, қызанақ, баклажан, қарбыз, қауын, дақылдар мен жеміс-жидектері (алма, шие, таңқурай, қарақат, грек жаңғағы т. Б. ) болып табылады.
Қазақстанда 6000-ға жуық дәрілік өсімдіктер өседі екен. Дәрілік өсімдіктер әр түрлі аймақта таралған. Бұл дәрілік өсімдіктер қорғауды талап етеді. Қазақстанда өсімдіктерді және жануарларды қорғауға алған 9 қорық 62 қорықша бар.
1. Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К., Иманкулова С. Ботаника. өсімдіктер
анатомиясы мен морфологиясы. Алматы. Санат. 1998.
2. Әметов Ә.Ә. Ботаника. Алматы, 2000.
3. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы
мен анатомиясы. Алматы, 2001.
4. Мәкенова М. Ботаника курсының практикумы. Алматы, 2000.
5. Сыбанбеков К.Ж., Игісінова Ж.Т., Шәріпханова А.С. Өсімдіктер анатомиясы.
ШҚМУ, 2004.
6. Васильев А.Е. Ботаника. Морфология и анатомия растений. М:
Просвещение, 1988.
7. Воронин Н.С. Руководство к лабораторным занятиям по анатомии и
морфологии растений. М., 1972.
8. Кудряшова З.И., Зубкевич Г.И. Курс лабораторных занятий по морфологии
растений. Минск, 1970.
9. Курсанов Л.И. и др. Ботаника. Т.1,М., 1966.
10. Барыкина Р.П. и др. Практикум по анатомии растений. М.,1978.
11.Тутаюк Х.А.Анатомия и морфология растений. М., 1972.
12.Лабораторные занятия по анатомии и морфологии растений. Новгород,
1992.
13. Бавтуто Г.А. Лабораторный практикум по анатомии и морфологии
растений. Минск, Высш. школа, 1985.
14. «Қазақ Энциклопедиясы»
15. Хржановский В.Г. Курс общей ботаники, М., 1982.
16. Хржановский В.Г., Пономоренко С.Ф. Ботаника. М.,1972.
17. Рейвн П.И. и др. Современная ботаника. М., 1990.
18. Грин Н и др. Биология. М., 1990.
19. Федоров А.А., Артющенко В.Г. Атлас по описательной морфологии высших
растений.М.,1975.
20. Серебряков И.Г. Экологическая морфология растений. М.,1957
21. Серебряков И.Г. Морфология вегетативных органов высших растений. М.,
1972.
22. Эзау К. Анатомия семенных растений. Т.1,2. М., Мир, 1980.
23.Одум Ю. Экология. 1986
24. Чернова Н.И. Экология. М. 1998.
25. Жуковский П.М. Ботаника. М.,1964.
26. Мұсақұлов Т. Ботаника. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы.
Алматы, 1975.
27. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау/ А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» ЖАҚ, 2002. – 456 бет.
28. "Қазақ Энциклопедиясы"

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

І.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1 Гүлді өсімдіктер туралы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Гүлді өсімдіктердің
ұрықтануы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 8
1.3 Жабық және ашық
тұқымдылар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 12

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Гүлді өсімдіктердің морфорлогиясы және анатомиялық
құрылысы ... ... ...15
2.2 Гүлді өсімдіктердің аталығы,
аналығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.3 Гүлді өсімдіктердің
мүшелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..22
2.4 Өсімдіктер
генетикасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 23

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

IV. Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

КІРІСПЕ
Ботаника өсімдіктер дүниесін зерттейтін биологияның бір саласы
болғандықтан, оның мақсаты жер жүзінде өсетін өсімдіктерді жан – жақты
зерттеу, құрылысы мен тіршілік үрдісіндегі заңдылықтарын ашу, өз ара
байланысы мен қарым – қатынасын танып білу болып табылады. Тірі табиғатты
өсімдіктер дүниесі деп ертеден қалыптасқан.
Гүл (лат. flos) – гүлді өсімдіктердің жыныстық жолмен көбею мүшесі. Ол
сабақ не жанама бұтақ ұшында өседі. Гүл бірнеше бөлімнен тұрады. Гүл
өсімдікшалары гүл шығатын буыннан өсіп, гүлге қорғаныш болып тұрады. Гүл
орналасатын сағақтың ұшы гүл табаны (кіндігі), сабақтың гүл орналасқан
бөлігі – гүл сағағы (егер ол болмаса, отырықшы гүл), барлық гүлдер
орналасатын өсімдік сабағы – гүлсидам, жабық тұқымды өсімдіктердің
тостағаншасы мен күлте өсімдікшаларынан құралған гүл орамы – гүл серігі деп
аталады. Гүлге түс беретін – күлте өсімдікшалар. Оның түсі әр түрлі болады.
Гүлдің негізгі мүшелері: аналық (өсімдіктер гүліндегі жыныстық көбеюге
қатысатын бөлігі, ол аналық аузынан, мойнынан және түйінінен тұрады) және
аталық [өсімдіктер гүлінің аталық жыныс клеткалары (тозаңдар) өсіп
жетілетін бөлігі, ол тозаңқаптан, аталық жіпшеден тұрады]. Егер гүлде
аталық та, аналық та болса – қос жынысты гүл, ал олардың тек біреуі ғана
болса – дара жынысты гүл деп аталады. Аталық және аналық гүлі екі бөлек,
бірақ екеуі де бір өсімдіктің бойында кездессе – бір үйлі (жүгері, қияқ,
қайың, емен, т.б.), аналық және аталық гүлі жеке орналасса – қос үйлі
(терек, тал, зығыр, т.б.), қос жынысты, дара жынысты гүлдері де кездессе –
көп үйлі (үйеңкі, шетен т.б.) деп аталады. Өсімдіктің гүлдеу мерзімі
жарыққа, температураға, ауаға, топырақ ылғалдығына байланысты. Көптеген
өсімдіктердің гүлі күндіз ашылады. Дәрілік, дәм-татымдық өсімдіктерді
жинауда, пішен шабуда гүлдеу мерзімін білудің маңызы зор. Гүлдің пішіні,
түсі, сондай-ақ тұқым қуалау белгілері өсімдіктердің өзара туыстық
қатынасын, өсімдік жүйесін анықтауда кеңінен пайдаланылады.
Өсімдіктер топырақта түзде де ерекше маңызды: топырақты қара шірікпен
байытады (өсімдіктердің органикалық заттары жануарлар мен ұсақ ағзалардың
әсерінен қара шірікке айналады). Топырақтың құрамы жақсы болуы
өсімдіктердің жемістердің молайуына әкеп соғады.
Демек, өсімдік  адам үшін азықтың қайнар көзі.
Адамдардың өміріне, тіршілік қажетіне бірден-бір жарамды мәдени
өсімдіктер  дәнді (бидай, жүгері, күріш, тары, қарақұмық), майлы
(күнбағыс, зығыр, жер жаңғағы ), талшақты (ақ мақта), бау-бақша өсімдіктері
(орамжапырақ, қызанақ, баклажан, қарбыз, қауын, дақылдар мен жеміс-
жидектері (алма, шие, таңқурай, қарақат, грек жаңғағы т. Б. ) болып
табылады.
Қазақстанда 6000-ға жуық дәрілік өсімдіктер өседі екен. Дәрілік
өсімдіктер әр түрлі аймақта таралған. Бұл дәрілік өсімдіктер қорғауды талап
етеді. Қазақстанда өсімдіктерді және жануарларды қорғауға алған 9 қорық 62
қорықша бар.
Гүлдің құрылысын формула түрінде беруге болады. Формуланы жазған кезде
мынадай белгілерді пайдалану қажет: тостағанша жапырақша, күлте жапырақша,
аталықтары (Апсігоесеит)-А, аналықтары (Ступоесеит)-О, қарапайым гүлсерігі.
Гүлдің типтерінінде шартты (условные) белгілері болады: қос жынысты — (бұл
белгіні әдетте формуладан алып тастайды), аналық гүл - ?, аталық гүл - б1,
дұрыс гүл (актиноморфты) — бұрыс гүл (зигоморфты) — Т немесе 4,
ассимметриялы (ассимметричный) — 4.
Гүлдің әрбір бөлігінің мүшелерінің санын цифрлармен белгілейді (5-
жапырақшалы күлте — Со5, 6-мүшелі андроцей — Ае), егерде олардың саны бір
түрдің әр түрлі особьтарының гүлдеріңде тұрақты болмаса (өдетте 12-ден көп
болса) — шексіздікпен °°немесе белгілейді.[1]
Гүлдің жапырақшалары бір-бірімен бірігіп кеткен жағдайда, олардың
цифрмен берілген саны жақшаға алынады (біріккен 5-мүшелі күлте — Со(5) екі
ағайынды андроцей-А(9)+і). Егерде тостағанша, күлте, андроцей бірнеше
шеңбер түзіп орналасса, оңда жекелеген шеңберлердің мүшелерінің санын
көрсететін цифрлардың арасы + белгісімен байланыстырылады (Со(5+5)).

1.1 Гүлді өсімдіктер туралы сипаттама
Өсімдіктер тірі табиғаттың бөлшегі болғандықтан тірішілік  қасиеттері 
тән болғанымен әр патшалыққа ғана тән белгілер де кездеседі (1 - кесте).
 Қоректену, зат алмасу, тітіркену, қимыл, көбею, өсу мен даму,
өзгергіштік пен тұқым қуалау, қартаю мен өлу секілді тірі табиғаттың
тіршілік ерекшеліктері өсімдіктерге де тән.
Қоректену тәсіліне қарай өсімдіктер автотрофтар, гетеротрофтар деп
 үлкен екі топқа бөлінеді.  Автотрофты ағзаларға жоғары сатыдағы жасыл
өсімдіктер, балдырлар және жасуша құрамында пигменттері (бояушы заты) бар
бактериялар жатады. Бұлардың барлығы органикалық заттарды күн сәулесі
қуатының қатынасуымен синтездейді, сондықтан оларды фототрофты ағзалар
немесе фототрофтар деп атайды. Бактериялар бейорганикалық заттардан
органикалық заттарды жасауға қабілетті. Бұл процесс осы бактериялардың
бейорганикалық заттарды ашытуы барысында босап шығатын қуат есебінде
жүреді. Сондықтан да оларды хемосинтетиктер немесе хемотрофтар дейді.
Гетеротрофты ағзаларға кейбір жоғары сатыдағы өсімдіктер,
саңырауқұлақтар, бактериялардың басым көпшілігі жатады. Бұлардың жасуша
құрамында хлорофилл болмайды. Сондықтан жасыл өсімдіктер жасайтын дайын
органикалық заттармен ғана қоректенеді. Гетеротрофты өсімдіктер паразитті
және сапрофитті деп бөлінеді. Паразитті өсімдіктер – басқа ағзалардың 
денесінде тіршілік етіп, соның есебінен қоректенеді.  Бұларға жоғары
сатыдағы өсімдіктерде ауру туғызатын саңырауқұлақтар (ақ ұнтақ, тат, қара
күйе және т.б.) мен кейбір жоғары сатыдағы хлорофилсіз өсімдіктер (сұңғыла,
арам сояу) жатады. Өсімдіктерде миксотрофты (аралас) қоректену тәсілі
кездеседі, мұндай өсімдіктер өздері органикалық заттар түзіп және жарым-
жартылай гетеротрофты қоректенеді (темір және күкірт бактериялары т.б.).
Қоректену тәсіліне қарай өсімдіктердің келесі тобы симбиотрофтар (селбесіп
тіршілік етуші) деп аталады.  Бұған эпифиттер, яғни тіршілік ортасында
минералдық заттар мүлдем жоқ, қоректік затқа өте кедей,  сілтіленген
топырақтар мен шымтезекті, мүкті жерде өсетін өсімдіктер жатады. Олар
қосымша азотты қоректік тамырлары арқылы симбиозды (селбесу) тіршілік
ететін саңырауқұлақтар немесе бактериялар (микориза, бактериориза) арқылы
қабылдайды. Микориза – жоғары сатыдағы шөптесін және сүректі өсімдіктермен
кейбір саңырауқұлақтардың арасында кездесетін селбесіп өмір сүрудің бір
түрі. Сол сияқты органикалық және анорганикалық заттармен қатарласа
қоректенетін жасыл өсімдіктер де бар. Оларға шықшылдық, дүңгіршек, венера
шыбын жұты, непентес және т.б. сияқты насеком қоректі өсімдіктер жатады.

Белгілер Өсімдіктер
Қоректену Автотрофты, фототрофты
Зат алмасу Фотосинтез үрдісінде минералды
заттардан түзілген органикалық
заттардың ыдырауы негізінде жүреді
Өсуге Өмір бойы; меристема орналасқан
қабілеті бой конусы арқылы
Қозғалу  Талшықты ағзалардан басқалары
қабілеті қозғалмайды; пассивті қозғалыс тән
(тұқымның және жемістің таралуы,
тропизм, тозаңдану)
Қоректену Продуценттер
тізбегіндегі
маңызы
Жоғары жүйке Жоқ
жүйесі
Даму циклы Зигота – ұрық - өскін – жас
өсімдік – гүлдеу кезеңі – жеміс
түзу кезеңі – қартаю - өлу
Мүшелер Вегетативті: тамыр, өркен (сабақ,
жүйесі өсімдік). Репродуктивті немесе
генеративті: гүл, жеміс, тұқым
Ұлпалар Түзуші, жабындық, өткізгіш,
механикалық, ассимиляциялық бөліп
шығарушы, сорып алушы, қор
жинаушы, аэренхима
Заттарды Бөліп шығарушы заттар мөлшері аз,
бөліп шығару арнайы бөліп шығару жүйесі
болмайды.
Азотты сіңіруТабиғатта кездесетін нитриттерді,
нитраттарды, аммиактың
бейорганикалық қосылыстарын
пайдаланады.
Жасуша Жасунықтан тұратын жасуша
құрылысы қабықшасына байланысты жасушаның
белгілі пішіні болады
Жасуша шырынына толы вакуоль
болады
Пластидтер (хлоропласт,
хромопласт, лейкопласт) бар
Көмірсулар крахмал түрінде қорға
жиналады
Центриоль жоқ

 
Гүлді өсімдіктер, жабық тұқымдылар (Magnolіophyta немесе Angіospermae)
– өсімдіктердің ең жоғарғы тобы. Бұлардың ашық тұқымдылардан айырмашылығы –
тұқым бүршігі жатын ішінде жетіледі. Гүлді өсімдіктер барлық құрлықта
өседі, суда кездесетін түрлері де бар. Биікте бірнеше мм-ден (балық оты)
150 м-ге (эвкалипт) дейін, шырмауықтар 200 м-ден асады. Олардың жалпы
морфологиялық, анатомиялық, эмбриолиялық белгілері ұқсас болғанымен,
өсімдіктердің тіршілік ортасының жағдайларына бейімделуіне байланысты
кейбір мүшелерінің өзгеріп не тіпті жойылып кеткендері бар.
Палеоботаникалық деректер бойынша алғашқы Гүлді өсімдіктер мәңгі жасыл
өсімдіктары, қос жынысты гүлдері бар, ағаш тәрізді өсімдіктер болған. Гүлді
өсімдіктердің ең көп тараған уақыты – бор кезеңінің аяғы. Гүлді
өсімдіктердің Жер шарына кең таралуына олардың құрғақшылыққа төзімді
вегетативті органдарының болуы, қолайсыз климаттық жағдайда өсуге
бейімділігі, негізінен, жәндіктер арқылы тозаңдануы, тұқымдары мен
жемістерінің таралуы себеп болған. Қазір Гүлді өсімдіктерді даражарнақтылар
және қосжарнақтылар деп 2 класқа бөледі. Олардың 450 тұқымдасқа бірігетін
12,5 мың туысы және 250 мыңнан астам түрлері белгілі. Қазақстанда 125-тей
тұқымдасы, 1000-нан астам туысы, 6000-дай түрі кездеседі. Гүлді
өсімдіктердің ең ірі тұқымдастары: астық, бұршақ тұқымдастар,
күрделігүлділер, еріндігүлділер, т.б.; Гүлді өсімдіктердің қатарына
тағамдық (пияз, сарымсақ, қызылша, т.б.); техникалық (ши, құрақ, зығыр,
қоза, т.б.); дәрілік (шайшөп, жөке, шүйіншөп, т.б.); әсемдік (раушан,
қалампыр, т.б.) өсімдіктер жатады. Гүл тек жабық тұқымды өсімдіктерде ғана
түзілген. Аталықтар мен аналықтар осы гүлде жетіледі. Аналықтың жатынында
(Гүл түйіндерінде) тұқым бүршіктері орналасады.
Жабық тұқымдылардың гүлдері бірінен-бірі мөлшері, пішіні, түсі және
құрылысы бойынша ерекшеленеді. Бір жабық тұқымдылардың гүлдері желмен
тозаңдануға, ал екіншілері бунақденелілермен тозаңдануға бейімделген.
Қандай жолмен тозаңданғанына қарамастан, тозаң түйірлері аналықтың аузына
келіп түседі. Осы жерде олар өніп, тозаң түтіктерін түзеді. Тозаң түтіктері
арқылы аталық жыныс жасушалар тұқым бүршігіне өтеді. Осы жерде тозаң
түтігіндегі екі аталық жыныс жасушасының бірі жұмыртқа жасушаны
ұрықтандырады. Ал екінші аталық жыныс жасушасы тұқым бүршігінің ең үлкен
орталық жасушасымен қосылады. Ұрықтанудың тек гүлді өсімдіктерге тән мұндай
түрін қосарланып ұрықтану деп атайды.
Сонымен, ұрықтанған жұмыртқа жасушадан ұрық пайда болады. Орталық
жасуша екінші аталық жыныс жасушасымен қосылып, ұлғайтып - эндосперм
түзеді. Онда ұрыққа қажетті қор заттары жиналады. Тұқым бүршігінен - тұқым,
ал жатынның қабырғаларынан жемісқап түзіледі.
Қазіргі кездегі жабық тұқымдыларға ағаштар, бұталар, шөптекті
өсімдіктер жатады. Олар жер бетіндегі барлық құрлықтарда кеңінен таралған.
Жабық тұқымдылардың кейбіреулерінің өсімді кезеңі, яғни тіршілік ету
ұзақтығы өте қысқа - бірнеше айға ғана созылады. Оған көкнәр тұқымдасының
кейбір өкілдері мысал бола алады (сеппе көкнәр, т.б.). Екінші бір түрлері
мысалы, емен ағашы жүз жылға дейін өмір сүреді.
Жабық тұқымдылардың өте биік, сондай-ақ өте аласа түрлері де
кездеседі. Жабық тұқымдылардың сабақтары тік, кейде шырмалып, өрмелеп,
төселіп өседі. Өсімдіктарының пішіні мен мөлшері, тамыр жүйесі әрқилы
болады. Миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан әр түрлі тұқымдас өкілдерінің
де бірінен-бірінің елеулі өзгешеліктері бар. Жөке ағашынан тұратын
көлеңкелі орман мен қайың ағашынан тұратын шағын тоғайдың айқын
айырмашылығы байқалады. Шалғынды жерде өсетін өсімдіктер құмды шөлдің,
батпақты тундраның өсімдіктерінен өзгеше.
Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы орасан
зор. Өсімдіктер - адамға тамақ өнімдерін береді және ауыл шаруашылық қоры.
Олар шикізат ретінде өндірістің әр түрлі салаларында қолданылады.
Гүлді өсімдіктердің халық шаруашылығында және ғылыми медицинада
кеңінен қолданылатын түрлері көптеп кездеседі. Олардың ішінде көкөністік,
жеміс-жидектік, балды, майлы және техникалық түрлер де бар. Ағаш тәрізді
формалары құрылыс материалдары ретінде аса құнды. Әр түрлі үй жиһаздарын
жасайды. Бұлардың бірқатары сәнді өсімдіктер. Тынымбақтарды, саябақтарды,
көшелерді, тіптен жұмыс орындарын көгалдандыруға пайдаланады.
Ауыл және халық шаруашылығының әр түрлі салаларының дамуына
байланысты, өсімдік өнімдеріне сұраныс артып келеді. Мұның өзі адамның
табиғат байлығын зерттеуге белсенді түрде кірісуіне жол ашады. Мәдени
өсімдіктердің қазіргі кездегі түрлерінен де түсімділігі жоғары жаңа
іріктемелер шығарылуы қажет.
Өсімдіктерді табиғи жағдайда зерттеу әр түрлі экспедициялар
ұйымдастырумен тікелей байланысты. Кезінде Мәскеу өсімдік шаруашылығы
институты ұйымдастырған экспедициялар жабайы өсімдіктердің көптеген пайдалы
түрлерін ашуға мүмкіндік берді. Осындай экспедициялардың арқасында ауыл
шаруашылық өсімдіктер іріктемелерінің аса бай үлгілері жинақталды. Оны
жинақтауда академик Н. И. Вавиловтың еңбегі ерекше еді. Н. И. Вавиловтың
тікелей басшылығымен дүние жүзінің көптеген аймақтарында экспедициялар
ұйымдастырылды. Бұл экспедицияға қатысқан ғалымдар әлемнің әр түрлі
елдерінің жабайы өсімдіктерін зерттеді. Соңғы 15-20 жылдың ішінде осындай
экспедициялардың құрамына Қазақстан ғалымдары (Кәрім Мыңбаев) да енді.

1.2 Гүлді өсімдіктердің ұрықтануы
Жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктерде 2 жұп гаметалар бір мезгілде
қосылады. Гүлді есіущіктердың: кебею мүшелері: гүланалық (аналық мүше) және
аталық (аталық мүше). Гаметалар осы мүшелерде пісіп жетіледі. Пісіп
жетілген тозаң дәні қауызбен капталған және екі гаплоидты: жынысты және
өсімді жасушасы болады. Жалпы алғанда тозаң ұрықтану үдерісіне жақсы
бейімделген. Егер өсімдік желмен тозаңданатын болса, онда өсімдік тасымалды
жеңілдету және ұрықтану мумкіндігін арттыру үшін құрғақ, жеңіл тозаңды көп
өндіреді. Егер бунақденелілер тозандандыратын өсімдік болса, онда
тасымалдаушылардың (көбелек, түкті ара, шыбын, т.б.) денесіне жабысу үшін
әдетте тозаң кедір-бұдырлы болып келеді. Тозаңның қауызы да гүлдің
гүланалық аузына тұтылатындай болып құрылады. Әр алуан түрге жататын
өсімдіктер гүланалық аузымен химиялық және механикалық үйлесімсіздіктерден
будандаса алмайды. Ұрықтану соңынан тозаң тұтікшесінде өну үдерісі
басталады. Мұны өсімді жасуша іске асырады. Жынысты жасуша бір рет митоз
жолымен бөлінеді. Соның нәтижесінде ұрықтануға қатысатын екі гаплоидты
аталық жасуша (спермий) пайда болады. Аналық жыныс жасушасы аналық
аузындағы жатын ішінде болады, бұлар ұрық қапшығы деп аталады. Дұрысырақ
айтқанда ұрық қапшығынын, ішінде сегіз гаплоидты ядро қалыптасатын өте
үлкейіп өскен бір жасуша деуге болады. Сегіз ядроның біреуі жұмыртқажасуша
болып шығады, екі ядросы қосылып, косарланған орталық жасуша түзеді, ал
қалған ядролардан қосалкы жасушалар калыптасады, олар үрықтануға қатыспай,
тіршілігін жояды.
Сонымен, гүлді өсімдіктердің ұрық қапшығында гаплоидты (жалғыз-
жалғыздан) жұмыртқажасуша, диплоидты (қосарланған) орталық жасуша және тағы
бес гаплоидты ядро немесе жасушалар қамтылады, соңғыларды ескермесе де
болады. Ұрықтану мезетінде аталық жасушаның біреуі жұмыртқажасушаға,
екіншісі диплоидты орталық жасушаға қосылады. Қосылу нәтижесінде
жұмыртқажасуша және аталық жасушадан - қосарланған зигота, ал орталық
жасуша және екінші аталық жасушадан үшплоидты эндосперм (тұқымның қоректік
заттар қоры) түзіледі. Қосарлы ұрықтану ретіндегі мұндай күрделі үрдіс
өсімдіктерге икемді материалды үнемдеуге мүмкіндік береді. Ұрықтың түзілуі
сенімсіз болса, гүлді өсімдіктер қоректік заттарды биосинтездеуге энергия
шығындамайды.

Гүлдер тұқымы арқылы көбейеді. Гүлдердің тұқымын күзде жинап алып,
көктемге дейін сақтап қояды. Тұқым дұрыс сақталмаса, көктемде еккеннен
кейін, өнбей қалады. Сондықтан гүлдердің тұқымын дұрыс жинауды және
сақтауды білуіміз керек.
 Жасуша құрылысына байланысты өсімдіктер бір жасушалы, жасушаланбаған,
колониялы және көп жасушалы деп бөлінеді.
Бір жасушалы өсімдіктер денесі бір ғана жасушадан тұрғанымен барлық
тіршілік иелеріне тән күрделі тіршілік үрдістері (зат алмасу, көбею,
қозғалу, тітіркену т.б.) жүреді. Оларға бір жасушалы балдырлар –
хламидамонада, хлорелла т.б. жатады.
Жасушаланбаған өсімдіктер денесі өте үлкен, 0,5-1 метрге дейін жетеді.
Жасушасының жеке бөліктері өсімдіктің, сабақтың, тамырдың қызметін
атқарады. Олар көп ядролы ағзалар болып табылады. Жасуша тұтас бір
қабықшамен қапталып жатқандықтан, зақымдалуға өте сезімтал. Жасушаланбаған
өсімдіктерге вошерия, ботридиум,каулерпа секілді балдырлар жатады.
Колониялы өсімдіктер - ұсақ жасушалы ағзалар бөлінгеннен соң ажырап
кетпей ортақ қабықша ішінде тіршілік етіп қалған ағзалар. Олар бір және көп
жасушалы ағзалар арасында аралық орын алады. Колониялы ағзаларға пандорин,
вольвокс т.б. жатады.
Көп жасушалы өсімдіктер денесі көп жасушалардан, тіпті әртүрлі қызмет
атқаратын күрделі ұлпадан құралған. Төменгі сатыдағы өсімдік денесі
талломнан, жоғарғы сатыдағы өсімдік денесі мүшелерден тұрады.

Көпжылдық гүлді өсімдіктер

Нарғызгүл Баршынгүл Нәркес
Таушымылдық

Гүлшоғыры деп өркеннің жоғарғы, көп жағдайда шашыраңқы тарамдалған,
гүл беретін бөлігін айтады. Гүлшоғының өсінің буыңдарында өсімдіктар
орналасады. Олар өркеннің вегетативтік жапырағына ұқсас болуыда, немесе
түрі өзгерген, фотосинтездік қабілетін жоғалтқан болуыда мүмкін. Бұларға
гүлдің жабыңдық өсімдіктары прицветники) және гүлсағағының жабыңдық
өсімдікшалары жатады.
Гүлшоғының жекелеген гүлдерден биологиялық артықшылықтары болады.
Оларға мыналарды жатқызуға болады:
1)гүлшоғында тозаңцанудың жүру мүмкіңдігі бірден-бір арта түседі;
2)гүлшоғындағы гүлдердің біртіндеп ашылуына байланысты, олардың сыртқы
ортаның қолайсыз әсерінен зақымдануы азаяды.
Гүлшоғының екі типі болады: күрделі гүлшоғы, бұл жағдайда гүлдер
негізгі өстің тармақтарында орналасады және жай гүлшоғы, бұл жағдайда
гүлдердің сағағы болады, немесе сағақсыз тікелей негізгі өстің өзіне
орналасады.
Күрделі гүлшоғы өстерінің ұзындыққа өсу ерекшеліктеріне қарай
симподиальды (шектеулі) және моноподи-альды (шектеусіз) болып екіге
бөлінеді.
Күрделі симподиальды, немесе цимозды (шектеулі) гүлшоғы
Күрделі симподиальды гүлшоғының негізгі өсі гүлмен аяқталады,
гүлдерінің ашылуы жоғарғы жағынан басталып, бүйірлік бүтақтарына қарай
жүреді, ал егерде гүлдері бір деңгейде орналасқан болса, онда олардың
ашылуы шоқтың ортасынан шетіне қарай жүреді. Күрделі симподиальды гүлшоғына
мыналар жатады (126-сурет).
Монохазий — негізгі өсі гүлмен аяқталады, оның төменгі жағынан екінші
реттегі жаңа өс пайда болады, ол да гүлмен аяқталады. Бұдан соңғы пайда
болған гүлдер де осы ретпен бүйірлеп өсіп, гүлдеп одан әрі жалғаса береді.
Монохазий бұйра (завиток) жөне ирек (извилина) гүлшоқтары болып екіге
бөлінеді.
Гүлшоғы орналасқан негізгі өсі гүлмен аяқталса, оның төменгі жағынан
кеткен гүлдердің барлығы оның не кілең оң жағыңда, болмаса тек сол жағында
бірыңғай орналасса, оңда мүңдай гүлшоғын бұйра гүлшоғы деп атайды (көкбас-
гүлде — синяк, помидорда, ландышта және т.б.).
Гүлшоғы орналасқан негізгі өсі гүлмен аяқталса, оның төменгі жағынан
кеткен гүл бүтақтарының бірі оның оң жағынан, екіншісі сол жағынан
кезектесіп кетіп отырса, онда мұндай гүлшоғын ирек гүлшоғы деп атайды
(гладиолуста, гравилатта және т.б.).Дихазий — негізгі өсі гүлмен аяқталады,
оның төменгі жағынан екі қарама-қарсы орналасқан жаңа өстер кетеді, олардың
әрқайсысы гүлмен аяқталады. Осылайша гүлшоғының бұтақтануы одан әрі жалғаса
береді. Бұл жағдайда жаңа өстер аналық өстен біршама биік түрады. Соның
нәтижесінде төменгі реттік гүлдері — гүлшоғының төменгі жағыңда, ал жоғарғы
реттік гүлдері — жоғарғы жағында орналасады (қалампырда — гвоздика, тенге
өсімдікта — манжетка және т.б.).Плейхазий — негізгі өсі бір гүлмен
аяқталады, оның төменгі жағынан екіден көп қарама-қарсы немесе кезектесіп
орналасқан, өз кезегінде гүлдермен аяқталатын жаңа өстер кетеді
(сүттігенде, қызыл ырғайда, гортензияда және т.б.).Тирс. Тирс деп негізгі
өсі моноподиальды бүтақтанып гүлмен аяқталатын, ал бүйірлік өстері
симподиальды бұтақтанып гүлдер беретін аралас гүлшоғын атайды. Көпшілік
жағдайда тирсті қосарлы ирек (сабынкөк — норичник), немесе қосарлы бүйра
гүлшоғы ретінде (шайқурайда — зверобой) қарастырады.
Күрделі моноподиальды, немесе рацемозды (шектеусіз) гүлшоғы
Күрделі моноподиальды гүлшоғының негізгі өсі ұзақ уақыттар бойы шексіз
ұзындыққа өседі, гүлдерінің ашылуы өстің төменгі жағынан басталып жоғары
қарай жүреді, ал егерде гүлдері бір деңгейде орналасқан болса онда олар
шоқтың шетінен ортасына қарай ашылады. Күрделі моноподиальды гүлшоғына
мыналар жатады (127-сурет).
Сыпыртщы гүлшоғы. Сыпыртқы гүлшоғының төменгі бүйірлік гүл беретін
өркендері жоғарғыларына қарағавда жақсы дамып, күшті тармақталған болып
келеді.
Қалңанша гүлшоғы. Қалқанша гүлшоғының төменгі гүлдерінің сағағы
жоғарғы гүлдерінің сағағына қарағанда ұзындау болып келеді. Соған
байланысты гүлшоғындағы гүлдердің барлығы бірдеңгейде орналасады
(мыңөсімдік, түймешетен, тобылғының кейбір түрлері). Күрделі масак, Күрделі
масақтың негізгі өсі моноподи-альды бүтақтанып, бүйірлік тармақтар береді.
Осы бүйірлік тармақтарда гүлдер сабақсыз, отырмалы болып орналаса-ды.
Оларды масақшалар, ал түтастай гүлшоғын күрделі масақ деп атайды. Күрделі
шатыр. Гүлшоғының қысқарған негізгі өсінен, ұзындықтары бірдей екінші
реттік өстер кетеді, ал олардың басында сағақтары қысқа болып келетін
гүлдер орналасады. Көп жағдайда екінші реттік өстердің түп жағында олардың
барлығына ортақ орама өсімдікшалар (обшая об-вертка), ал гүл сағақтарының
тұп жағында жекелеген орама өсімдікшалар түзіледі.
Жоғарыда келтірілгендерден басқа да күрделі гүлшоқтары болады, оларды
агрегатты гүлшоқтарына жатқызады. Агрегатты гүлшоқтары деп әр түрлі
гүлшоқтарының типтерінің бірігіп бір гүлшоғын түзуін айтады.
Өстері ұзын болып келетін жай гүлшоқгары
Шашақ гүл. Гүлшоғының өсінде орналасқан жеке гүлдердің сағақтарының
ұзындықтары шамамен бірдей болады.
Масақ гүл. Негізгі өсте орналасқан гүлдердің сағақтары жоқ, отырмалы
болып келеді.
Сырға гүл. Негізгі өсі жүмсақ, оған орналасқан гүлдердің сағақтары
болмайтын, төмен салбырап тұратын масақ. Гүлдеп болған соң мұңдай гүлшоғы
әдетте түсіп қалып отырады.
Собық гүл. Негізгі өсі қатты жалпайған, құрылысы жай масақ секілді,
сыртын жамылғы деп аталынатын бір немесе бірнеше орама өсімдіктары жауып
тұратын собық.
Өстері қысқа болып келетін жай гүлшоқтары
Шатыр гүл. Гүл шоғының негізгі өсі қысқарған, оның жоғарғы жағынан
ұзындықтары бірдей болып келетін гүлсағақтар кетеді. Олардың өрқайсысы
гүлмен аяқталады (пияз).
Шоқпарбас гүл. Бұл негізгі өсі қысқарған жөне аздап етженді болып
келетін, ал оның үстінгі бетіне орналасқан көптеген жеке гүлдер не
сағақсыз, отырмалы, не болмаса өте қысқарған сағақты болып келеді.
Нөтижесінде жай шатыр гүлге ұқсас шоқпарбас гүлшоғы түзіледі.
Себет гүл. Негізгі өсі табақша төрізді болып жалпайған, оның үстінгі
бетінде шетінен ортасына қарай ашылатын, тығыз орналасқан отырмалы гүлдері
болады. Себетінің астынғы жағынан жоғарғы ұсақ өсімдіктары черепица тәрізді
болып жауып тұрады (гүлкекре — василек, ромашка, күнбағыс).

Жабық және ашық тұқымдылар
Жабық тұқымдылар бөлiмi осы кездегi өсiмдiктер дүниесiнiң iшiндегi
жақсы жетiлгендерiнiң бiрi. Оларда 250000- дай түр бар.
Жабық тұқымды өсiмдiктерде гүл көбею мүшесi болып табылады.Осы гүлдерде
аталықтар мен аналықтар жетiледi. Аналықтың жатынында тұқым бүршiктерi
орналасады.
Жабық тұқымдылардың гүлдерiнiң бiр- бiрiнен мөлшерi, пiшiнi, түсi және
құрылысы жағынан айырмасы болады. Бiр жабық тұқымдылардың гүлдерi желмен
тозаңдануға, ал екiншiлерi насекомдармен тозаңдануға бейiмделген. Қандай
жолмен тозаңданғанына қарамастан, тозаң дәндерi аналықтың аузына келiп
түседi. Осы жерде олар өсiп тозаң түтiктерiн түзедi. Тозаң түктерi арқылы
аталық жыныс клеткалары тұқым бүршiгiне өтедi. Осы жерде тозаң түтiгiндегi
екi аталық жыныс клеткасының бiрi жұмыртқа клеткасын ұрықтандырады. Ал
екiншi аталық жыныс клеткасы тұқым бұршiгiнiң ең үлкен орталық клеткасымен
қосылады. Ұрықтанудың тек гүлдi өсiмдiктерге тән мұндай түрiн  қосарланып
ұрықтану деп атайды. Сонымен, ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан ұрық пайда
болады. Орталық   клетка екiншi аталық жыныс клеткасымен қосылып ұлғайып
эндосперм түзедi. Онда ұрыққа қажеттi қор затары жиналады. Тұқым бұршiгiнен
тұқым, ал жабынның қабырғаларынан жемiс қап түзiледi.
Сонымен гүлдi өсiмдiктердiң тұқымы жемiстiң iшiнде жетiледi. Сондықтан
бұл өсiндiктердi жабық тұқымдылар деп атайды.
Жалпы сипаттамасы. Қазiргi кездегi жабық тұқымдыларға ағаштар,бұталар,
шөптесiн өсiмдiктер жатады. Олар жер бетiндегi құрлықтардың барлығында
кеңiнен таралған. Жабық тұқымдылардың кейбiреулерiнiң вегетациялық кезеңi
өте қысқа, бiрнеше айға ғана созылады. Оған көкнәрлер тұқымдасының кейбiр
өкiлдерi мысал бола алады: сеппе көкнәр(мак самосейка – Papaver rhoeas),
ұсақгүл гипекоум(гипокоум мелкоцветковый – Hypecoum parviflorum)т.б. Екiншi
бiр түрлерi мысалы, емен ағашы (дуб черезчатый – Quercus rubra)  жүз жылға
дейiн өмiр сүредi.
  Кейбiр жабық тұқымдылар- аса үлкен өсiмдiктер. Мысалы эвкалипттердiң
биiктiгi 100метрден асады. Сонымен бiрге балықот (ряска маленькая – Lemna
minor) секiлдi өте ұсақ өсiмдiктер де кездеседi. Көптеген жабық
тұқымылардың сабақтары тiк өседi. Бiрақ олардың iшiнде шырмалып, өрмелеп,
төселiп өсетiн  және жатаған сабақтылары да болады. Кейбiр жабық тұқымды
өсiмдiктердiң жер асты өркендерi өзгерiстерге ұшыраған. Жабық тұқымдылардың
жапырақтарының пiшiнi мен мөлшерi, тамыр жүйесi әрқилы болады. Миллиондаған
жылдар бойы қалыптасқан әртүрлi тұқымдастар өкiлдерiнiң де бiр-бiрiнен
елеулi өзгешелiктерi болады. Жөке ағашынан тұратын көлеңкелi орман мен
қайың ағашынан тұратын шағын тоғайдың айқын айырмашылығы болады. Шалғынды
жерде өсетiн өсiмдiктер құмды шөлдiң , батпақты тундраның өсiмдiктерiнен
өзгеше болады.
Гүлдi өсiмдiктердiң табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. 
Гүлдi өсiмдiктердiң табиғаттағы және адам өмiрiндегi маңызы орасан зор.
Өсiмдiктер адамға тамақ өнiмдерiн бередi және ауыл шаруашылық жануарларына
қажеттi жем- шөп қоры. Олар шикiзат ретiнде өндiрiстiң әр түрлi саларында
қолданылады.
Гүлдi өсiмдiктердiң халық және  ғылыми медицинада кеңiнен қолданылатын
түрлерi көптеп кездеседi. Гүлдi өсiмдiктердiң iшiнде көкөнiстiк, жемiс-
жидектiк, балды, эфир майлы, шыны майлы және техникалық түрлер де бар.
Гүлдi өсiмдiктерiң ағаш тәрiздi формалары құрылыс материалдары ретiнде аса
құнды. Олардан әр түрлi үй жихаздарын жасайды. Бұлардың бiрқатары сәндi
өсiмдiктер. Оларды парктердi, скверлердi, көшелердi, тiптен жұмыс орындарын
көгалдандыруға пайдаланады.
Ауыл және халық шаруашылығының әртүрлi салаларының дамуына байланысты,
өсiмдiк өнiмдерiне сұраныс артып келедi. Мұның өзi адамның табиғат байлығын
зерттеуге белсендi түрде кiрiсуiне жол ашады. Мәдени өсiмдiктердiң қазiргi
кездегi түрлерiнен де түсiмдiлiгi жоғары жаңа сорттар шығарылуы қажет.
Өсiмдiктердi табиғи жағдайда зерттеу әр түрлi экспедициялар
ұйымдастырумен тiкелей байланысты. Кезiнде Мәскеу өсiмдiк шаруашылығы
институты ұйымдастырған экспедициялар жабайы өсiмдiктердiң көптеген пайдалы
түрлерiн ашуға мүмкiндiк бердi. Осындай экспедициялардың арқасында ауыл
шаруашылық өсiмдiктер сорттарының аса бай үлгiлерi жинақталды. Осы
жинақтауда академик И.И. Вавиловтың еңбегi ерекше едi. И.И. Вавиловтың
тiкелей басшылығымен дүние жүзiнiң көптеген аймақтарында экспедициялар
ұйымдастырылды. Бұл экспедицияларға қатысқан ғалымдар әлемнiң әр түрлi
елдерiнiң жабайы өсiмдiктерiн зерттедi. Соңғы 15-20 жылдың iшiнде осындай
экспедициялардың құрамына Қазақстан ғалымдары да ендi.
Ашық тұқымдылар , жалаңаш тұқымдылар (Cymospermae) – тұқымы мен тұқым
бүрі жеміс жапырақшасының үстінде ашық жататын жоғары сатыдағы
өсімдіктердің ежелгі тобы. Олар девон, тас көмір, пермь кезеңдерінде пайда
болған. А. т-дың 600-дей түрі саговниктәрізділер Cycadophyta,
гинкготәрізділер (qіnkgophyta), қылқан жапырақтылар (Conіferophyta) және
Qnetophyta гнеттәрізділер немесе қабықты тұқымдылар (Qnetophуta) болып 4
топқа бірігеді. Қазақстанда 3 тұқымдасы, 6 туысына жататын 25 түрі бар.
Олар негізінен Қазақстанның таулы аймақтарына топтасқан. А. т-дың түрлеріне
Алтайдың самырсынды тайгасы, Тянь-Шаньның шырша және сирек аршалы ормандары
жатады. А. т-ға жататын өсімдік түрлерінің тұқым мен тұқым бүрі жабық
тұқымдылардай аналық керегесімен қапталмайды. Сонымен қатар олардың гүл
серігі мен трахеялары да болмайды, ал гүлдері дара жынысты, бір үйлі. А. т.
– ағаш тәрізді өсімдіктер (ағаштар, [[бұта]])

ІІ. Негізгі бөлім.
2.1 Гүлді өсімдіктердің морфорлогиясы және анатомиялық
құрылысы
Өсімдіктер морфорлогиясы ( гр. morphe – пішін, бейне және гр. logos –
ілім) – өсімдіктердің жекеше және тарихи-эволюциялық даму барысында ішкі
құрылысы мен пішінін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Жоғары сатыдағы өсімдіктер
Жабықтұқымдылар бөлімі. Гүлдің құрылысына жалпы сипаттама. Гүлшоғырының жіктелуі
Гүлдің құрылысы және оның қызметтері
Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктерге сипаттама
Алғашқы жабық тұқымдылардың шығу тегі және дәлелдері
Гүлдің құрылысы және оның қызметі
Петуния іріктемесінің морфологиялық-анатомиялық көрсеткіштері
Консорция. Түрлік консорция. Популяциялық эндоконсорттар. Эпиконсорттар. комменсалдар. даралардың және популяцияның ассосациялануы
Хан шыңғыс флорасы және экологиялық сипаттамасы
Пәндер