Балалар мен жас өспірімдер ағзасының құрлысының физиологиялық ерекшеліктерін және валеологияның негізін үйрену


1. Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасы туралы жалпы түсінік
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы организмніңа жас ерекшеліктерінің физиологиялық функциясы және адамның денсаулығын сақтау жолдарын қарастыратын пән. Пәнді оқыту барысында жүйке жүйесінің физиологиясына, анлизаторларының эндокринді жүйеге көбірек көңіл бөлінеді. Себебі бұл бөлімдер педагогика мен псхологияның көптеген сұрақтарын дұрыс түсінуге маңызды негіз болып табылады.
Пәннің мақсаты: Балалар мен жас өспірімдер ағзасының құрлысының физиологиялық ерекшеліктерін және валеологияның негізін үйрену.
Пәннің міндеттері:
- Педагогтарға аса қажетті балалар мен жасөспірімдердің анатомиялық және физиолгиялық ерекшеліктерін беру;
- Өсу мен дамудың негізгі биологиялық заңдылықтары туралы дұрыс түсінік қалыптастыру;
- Оқыту мен тәрбиелеу жұмысында маңызды орын алатын шартты рефлекстердің негізі мен таныстыру;
- Сезім, қабылдау, түйсік, ес, ойлану, сана-сезім, сөйлеу, көңіл-күй, (эмоция) іспетті функциялардың физиологиялық негіздерін түсіндіру;
- Болашақ мамандардың балалар мен жастардың, жалпы адам организмінің жас ерекшеліктерін іс жүзіде пайдалана білуге үйрету;
Физиология ғылымы организімнің тіршілігін, оның барлық мүшелері мен торшаларының ( клетка ) қызметін зерттейтін, сонымен қатар, олардың функцияларын реттеу жолдарын анықтайтын ғылым. Ол өмір суру, экология ( яғни қоршаған орта ), сыртқы және ішкі жағдайларға байланысты өтіп жататын организімдегі қубылыстарды бақылайды. Жасқа сай физиология негізінде анатомия мен физиология ғылымдарының дамуына байланысты пайда болған физиология ғылымының үлкенсаласы. Адам организмінің жас ерекшеліктерін зерттеу осы екі ғылымның дамуының негізінде пайда болды. Бул пэнге XIX - XX ғасырларда орыс ғалымдары М. Сеченов, М. П. Павлов және олардың әріптестері мен шэкірттері өз үлестерін қосты. Біздің республикамызда тіріторганизімдердің анатомиялық қүрылысын зерттеуде. Ф. М. Мухаметқалиев, А. Р. Рақышевтердің үлесі бар.
2. Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары.
Балалар мен жастардың организімі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды. Организімнің негізгі үш дене көрсеткіші бар: бойы (адамның денесінің ұзындығы), салмағы және кеуде шеңбері.
Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Даму - сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Организімнің дамуы екі түрлі болады: физикалық және функциялық дамуы .
Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, алып жатқан орыны т. с. с.
Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әр түрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минуттық көлемін өлшейді.
Адам өмірін негізінен үш кезеңге бөлуге болады: өсіп даму және жетілу , кемелдену , қартаю. Бұл үшеуінің айырмашылығын дене көрсеткіштерін өлшеп, организмнің даму дәрежесін анықтап және сыртқы ортамен байланысын тексеру арқылы білуге болады.
Кәмлетке келу немесе дамып жетілу дегеніміз ең алдымен жастардың жыныстық жетілуі және өзінің ұрпағын жалғастыру қабілетінің пайда болуы, яғни тұқымын жалғастыруды қамтамасыз ету. Бұған қоса, әлеуметтік қызметтерді атқару, рухани және мәдениет қазыналарын жасау, еңбек ету қабілеттері жатады.
Жыныстық жетілу қыздарда 11-12 жаста, ұлдарда 13-14 жаста басталады да жынысына сай бойжеткендерде 16-18 және жігіттерде 18-20 жаста толық жетіледі. Осыған байланысты адам организімінің толық жетілуі, яғни кәмілетке келуі анықталып, кемелденуі басталады.
Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше заңдылықтары бар:
1) өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды;
2) мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әр түрлі;
3) өсу мен даму баланың жынысына байланысты;
4) функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің
қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;
5) өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы
ортаның жағдайларына тәуелділігі;
6) Өсу мен дамудың акселерациясы.
Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланады. Тіпті бір жылдың ішіндегі бойдың өсуі бірдей емес: бала жазда тез өседі, ал қыста нашар немесе түнде бой көбірек өседі, күндіз аз өседі. Мұны өсу мен дамудың гетерохрондылығы дейді ( гетерос - әр түрлі, хронос - уақыт)
3 Өсу мен даму акселерациясының негізгі белгілері.
Өсу мен дамудың акселерациясының бірнеше белгілері бар:
- жаңа туған нәрестелердің ірі болуы (1970-1980 жылдары Алматыда туылған нәрестелер 1950-1955 жылғы туылған нәрестелерден 3-4 см ұзын, 0, 4-0, 5 кг ауыр ) ;
- белгілі бір жас мерзімінде балалар мен жастардың ірі болуы;
- ерте жыныстық жетілу (қазіргі жастарда жыныстық жетілу белгілері 1, 5-2 жыл ерте басталып, ерте аяқталады; оның белгілері: мысалы қыздардың етек кірінің 10-12 жаста басталып, сүт бездерінің ерте жетілуі, жамбас сүйегінің өсуі ) ;
- баланың сүйегі ерте қатады (сүйектің қатуының белгісі: баланың сүт тістері 1-2 жыл ерте шығып тұрақты тістері ерте пайда болады, маңдай еңбегі ерте жабылады қазіргі кезде нәрестенің маңдай еңбегінің 9-10 айда жабылуы қалыпты жағдай деп есептеледі ) ;
- жастардың бойының өсуі ерте тоқталады: қалыпты жағдайда жігіттерде 22-24 жаста, қыздарда 20-22 жаста бойының өсуі тоқталса, акселераттарда өсу екі жылдай бұрын аяқталады (өсуі мен дамуының акселерациясы байқалатын жастарды акселерат деп атайды), яғни жігіттердің бойы 20-22 жаста, қыздардың бойы 18-20 жаста өсуін тоқтатады.
Өсу мен дамудың акселерациясының себептері туралы болжамдары бар (генетикалық, гетерозистік, гелиогендік, урбанизациялық, әлеуметтік - экономикалық ), бірақ олардың әр қайсысы жеке алғанда өсу мен дамудың акселерациясын толық дәлелдей алмайды. Сондықтан 80-90-шы жылдары ұсынылған өсу мен дамудың акселерациясы комплексті себептерге байланысты пайда болады деген тұжырымдар шындыққа көбірек үйлеседі.
Баланың өсуі мен дамуы оның организміндегі тұқым қуалау қасиеттеріне және сыртқы ортаның жағдайларына байланысты. Организмнің өсу және даму қарқыны, жыныстық деморфизм және жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің жетілуі т. с. с. тұқым қуалау қасиеттеріне байланысты. 1960-1990 жылдары байқалған еліміздегі балалармен жастардың өсуі мен дамуының олардың ата аналарымен салыстырғанда жылдамырақ болуын өсу мен дамудың акселерациясы деп атайды, яғни кәзіргі балалар мен жастардың белгілі бір жас мерзімінде олардың ата-аналарының сол жасындағы денесінен ірі болып, ерте жетілуін айтады. Өсу мен дамудың акселерациясын анықтау үшін баланың немесе жас өспірімнің нақтылы бір жас мерзімін алып, оның көрсеткіштерін баланың ата анасының сол жастағы көрсеткіштері мен немесе сол жерде бұрын өмір сүрген балалардың орташа көрсеткіштерімен салыстырады.
4. Нерв жүйесінің физиологиясы . Жоғары нерв әрекеті, олардың жас ерекшеліктері
Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай былай анықтауға болады:
- мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің бір тұтастығын іске асырады;
- денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жұйелерінің қызметтерін реттейді;
- организмді сыртқы ортамен байланыстырады;
- сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді;
- денедегі барлық клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Ж ұ л ы н омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. жұлынның жоғарғы жағы сопақша мимен жалғасады да төмеңгі ұшы шашақтанып омыртқа тұсында бітеді. Жұлын арасы қосылып кеткен симметриялы оң және сол жақ екі жарты бөлімдерден тұрады.
Тірі организмдер екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық тыныштық және физиологиялық белсенділік. Физиологиялық тыныштық деп организмнің көзін жұмып, тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып, демалып, ояу жатқан қалпын айтады. Бұл кезде организмнің өзінің тіршілігіне қажетті құрылымдары (жүрек-қан тамырлар, тыныс алу, зәр шығару т. с. с) белгілі шамада қызмет атқарады және, мысалы, ұлпалардың клеткаларында белгілі мөлшерде зат алмасуы жүріп жатады. Осындай қалыпта жатқанда сыртқы ортаның қандай да болмасын бір жағдайлары әсер етсе, организм физиологиялық тыныштықтан физиологиялық белсенділікке ауысады. Организмнің қандай да болмасын жеке мүшесі немесе мүшелер жүйесі, тіпті бүкіл организмнің қызмет атқаратын жағдайын физиологиялық белсенділік дейді.
5. Нейронның құрылысы мен қызметі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz