Дене шынықтыру және спорт оқу-әдістемелік кешені


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Дене шынықтыру және спорт ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. “Дене тәрбиесінің негіздері” автор: Еркін Уақбаев.
  2. “Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі” Т. Ш. Қуаныш.
  3. “Дидактикалық байқау құралы”. С. Тойжанов, А. Құлназаров.

ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Лекция 1

Тақырыбы: Басқару теориясының негізгі ұғымдары

Жоспары:

1. Басқару теориясының негізгі ұғымдарына сипаттама.

а) Қозғалыс қимылдарына үйрету ерекшеліктері.

б) Басқару, үйрету құрылымының маңызы.

в) Мектеп туризіміне басшылық бағдарламасы.

2. Жорық басшысы мен оқушылардың біріккен ұйымдық

- педагогикалық қызметі.

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. “Дене тәрбиесінің негіздері” автор: Еркін Уақбаев.
  2. “Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі” Т. Ш. Қуаныш.
  3. “Дидактикалық байқау құралы”. С. Тойжанов, А. Құлназаров.

Дене тәрбиесі мектептің оқу жоспарындағы басқа да пәндермен қатар жеке пән болып табылады. Демек, сабақ кестесі бойынша мұғалімнің басшылығымен сынып оқушыларымен өткізілетін дене тәрбиесі сабақтары дене тәрбиесінен оқу жұмыстарын түрі ретінде қарастырылады. Бұл өткізілетін сабақтардың сапасын көтері жолында үздіксіз жұмыс істеуге мұғалімді міндеттейді.

Оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық міндеттері әрбір сабақты дұрыс құра білудің негізі болып табылады. Оқу жұмысы ретінде өткізілетін мектептегі дене тәрбиесінің міндеттероі төмендегідей болады: жаңа жаттығуларды үйретуде белгілі бір қимыл дағдыларын қайталау және оны берік етіп қалыптастыру, оқушылардың меңгергендерін тексеру және оны бағалау т. б. Бұл міндеттер сабақтың құрылымына, мазмұнына және оныөткізудің әдісіне әсер етеді.

Сонымен қатар үйрену процесінде шешілуге тиісті гигиеналық міндеттер де қойылады, мысалы: өзінің дамуында артта қалған оқушылардың бұлшық еттерін нығайтады, мүсінді дұрыс қстай білу дағдысын қалыптастырады, терең, дұрыс тыныс алуға үйретеді және тағы басқалар. Жоғарыда аталған міндеттер оқу процесіне енгізілетін болғандықтан педагогикалық міндет болып табылады.

Қандай да болсын дене жаттығулары мен жаттығулардың кез келген тобын үйрету төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:

  1. Оқушылардың белсенді қызметі оқу материалын меңгерудің қажетті шарты. Баланың дене жаттығуларын үйренуі өзінде бар психикалық және дене күшін жұмсауды талап ететін оқу-еңбек қызметі.
  2. Қозғалыс дағдылары жүйесін қалыптастыру. Тек қана қимыл жүйесі оқушылардың дене дайындығының сипатын анықтайды. Бірақ, жүйелер түрлерінің көп болуы нәтижесінде олар дене тәрбиесінің бағытына және оның нақты міндеттеріне байланысты іріктеліп алынуы керек.

Бұл жүйелерді анықтау тәсілдері бір не өзге қимылдарды пайдаланудың көп жылдық тәжірибесімен, олардың теориялық және тәжірибелік негізіне сүйенеді.

  1. Қозғалыс қимылдарына үйрету дене мүмкіндіктерін қалыптастырумен өзара байланысты. Екі процестің өзара шар ттылығы үш бағытта көрінеді. Кейбір қозғалыс қимылдарына үйретуді дене мүмкіндіктерінің тиісті деңгейінсіз жүзеге асыру мүмкін емес (мысалы өрмелеуге үйрету қолдың жеткілікті жоғары деңгейін талап етеді) ; қозғалыс дағдыларының қалыптасуы дене мүшелерінің тиісті деңгейінің бір мезгілде артуымен қоса жүреді (мысалы, кіші допты лақтыруға үйретукүш, шапшаңдық мүмкіндігінің өсуімен қоса жүреді) ; қалыптасқан дағдының нәтижелігі арнайы мүмкіндіктер деңгейіне байданысты, ал ол өз кезегінде өзге мүмкіндіктердің деңгейіне тәуелді (мысалы, қысқа қашықтыққа жүгіруге үйреткенде шапшаңдық мүмкіндіктері дамытылады, бірақ олардың дамуы күш пен шыдамдылықтың қолайлы деңгейі жағдайына тиімді болады) .
  2. Қимылға үйрету нәтижелілігі дене туралы білімнің қол жеткен деңгейімен ғана емес, дене дамуының жинақталған деігейімен де анықталады. Білім жүйелерін және қимылды меңгерудің дұрыс ұйымдастырған педагогикалық жұмыстары дененің даму көрсеткіштерінің артуымен де қоса жүруі керек.

Лекция 2

Тақырыбы:Дене шынықтыру және басқау жүиесі

1Басқару жүйесі кезеңмен үйрету

2 Алғашқы кезеңдегі дайындық уақыты

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Е. Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет

2. Т. Ш. Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы

2002ж. 99-101 бет.

3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.

4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.

Кезеңмен үйрету, оның ішінде өзарабайланысты қозғалыс қимылын меңгеру ісі ұзақ уақытты алады. Қимылды игерудің белгілі бір деңгеймен сипатталатын әрбір кезеңі төмендегілермен түсіндіріледі: орындай алмайтын дәрежеден оларды толық меңгеруге дейін. Нәтижесінде, үйретудің әрбір кезеңі өз белгілеріне ие болады, соған сәйкес жеке міндеттер қоюға және тиріс ті құралдарды, әдістерді және жаттығуды ұйымдастыру түрін іріктеп алуға тура келеді.

Үйрету кезеңін қозғалыс дағдысыныің фазасымен араластыруға болмайды. Фазалар бұл қозғалыс дағдыларының қалыптасуының биологиялық заңдылықтарының шартты бейнеленуі. Кезеңдер-педагогикалық және психофизиологилық заңдылықтарды бейнелейтін педагогикалық істің шартты түрде бөлінуі.

Үйрету құрылымын өзкріссіз болады деп қарастыруға болмайды. Бұл үйретудің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін кезеңдер бөліктерінің арасындағы типтік қатынастар ғана. Мұндай қатынастар үйретудің нақты міндеттеріне байланысты өзгеруі мүмкін. Егер қозғалыс қимылдарын орындаудың үлгі есебінде бекітілген түрін жеткізу педагогикалық тұрғыдан қажетсіз болса, онда кезеңдердің кезектесуі де өзгереді. Ал проблемалық оқыту қолданылған жағдайда оқытушы мұғаліммен қажетті хабарларды алмай-ақ дене жаттығуларын орындау ретімен өзінің білімі мен қозғалыс тәжірибесін жинақтай отырып қойылған міндеттерді шешеді (осындаоқытудың алғашқы екі кезеңі орындарын алмастырады) . Кезеңдердің ұзақтығы әр түрлі болуы мүмкін: оқушының дайындық деңгейін, қимыл күрделілігіне, үйретудің ақырғы міндеттеріне және т. б. байланысты. Мысалы, спорттық секциядағы жаттығуға қарағанда, мектептегі сабақтардың уақыты қысқа болады, оның ішіндн ең үлкен айырмашылық үйретудің соңғы кезеңінде болады (спортшы жылдар бойы қозғалыс қимылын жетілдіреді) .

Алғашқы кезеңдегі дайындық уақыты аз, ал соңғы кездегі оқыту кезеңі болады (қимылды бастапқы таныстыру бірнеше минутқа созылуы мүмкін, ал жетілдіру бірнеше сабақтар бойына созылады) . Қозғалыс қимылына үйретуде тұтас процесін осындац кезеңдерге бөлу шарт. Олардың шекарасын да бөлуге болады (бүгін бір кезең аяқталды делік, ал келесі сабақта басқасы басталады) . Бөлу шартты және қажетті: әрбір кезеңнің ерекшеліктерін білме, дағдыны қалыптастыратын қозғалыс қимылдарына үйретудің барлық ретін түсіну мүмкін емес.

Үйрету құрылымы-бұл жеке қимылға үйрету кезеңі, бірақ сабақтың мазмұнын құрайтын қимылға үйрету кезеңі емес екендігін ұмытпаған жөн. Нәтижесінде, қозғалыс қимылдар сабағы-үйрету құрылымына қанша рет жоспарлаған болса, мұғалім әрбір сабақта үйрету құрылымының көмегіне сонша рет сүйенеді. Үйретудің бірінші кезеңі бір құрылымдарға қолданылса, басқалар үшін соңғы кезеңі қолданылады. Кез-келген қимылға, тіпті қарапайым қимылға үйреткенде де тиісті дағдылары қалыптастыру қажеттілігі туындайды.

Туристік жорықтар, экскурсиялар мен саяхаттар оқушыларға жан-жақты дене тәрбиесін берудің және оларды сауықтырудың маңызды буындарының бірі болып табылады. Қазіргі кезде мекткп туризміне басшылық етудің арнайы бағдарламасы болғандықтан, мектеп мұғалімдері күнделікті туризм саласындағы жұмысында пайдалану үшін үлгі бағдарламасының төмендегідей нұсқасын қсынып отырмыз.

Жорықтар мен саяхаттарда, экскурсиялар мен экспедицияларда оқушылар отанымыздың қуаты мен әсемдігін тереңірек түсінеді, еліміздің өткендегі тарихымен және байлығымен, қол жеткен табыстарымен, ғылымы және мәдениетімен, соғыс және еңбек ардагерлерімен танысуға мүмкіндік алады.

Лекция №3

Тақырыбы: Дене шынықтыру мен спортты басқару әдістері

Жоспар:

а) Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.

б) Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау.

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Дене тәрбиесінің негіздері” автор: Еркін Уақбаев.
  2. “Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі” Т. Ш. Қуаныш.
  3. “Дидактикалық байқау құралы”. С. Тойжанов, А. Құлназаров.

Қоғамдағы орны.

Мектептегі дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың есебін жүргізу, дене тәрбиесі ұжым кеңсесінің жоспарына және мектептің дене тәрбиесі жөніндегі жылдық және . . . жоспарларының орындалуына бақылау жүргізуді жеңілдетеді. Ол арнайы есеп жүргізу құжатында жұмыс істелінген саны мен сапасын көрсету арқылы жүзеге асырылады. Есеп жүргізу жауапкершілігін дене тәрбиесі мұғалімі өз мойнына алады.

Әрбір мектепте бұқаралық дене тәрбиесімен спорт жұмыстарын тіркеп отыратын “сыныптан тыс жұмыстар есебінің журналы” жүргізіледі де оның негізгі мазмұны төмендегідей болады.

Мектептің 1994-1995 оқу жылында өткен жар стар тізімі.

Күні
Өткізілетін шаралардың мазмұны
Кімдер қатысты
Қатысқандар саны
Өткізілетін орны
Ескерту

Сыныптан тыс жұмыстардың барлығы негізінен дене тәрбиесі кеңесінің мүшелері, белсенділері тіркеп отырды. Дене тәрбиесі мұғалімінің міндеті белсенділерге есеп жүргізуді үйрету және оның жүргізілуін бақылап отыру.

Дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылы аяғыда директордың қатысуымен өтетін педагогикалықө кеңесте немесе мәжілісте сыныптан тыс өткен жұмыстар туралы есеп беріп отырады. Оқу жылы соңында дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылы ішінде атқарған жұмыстары жөнінде және он талдап, жетістіктер мен кемшіліктерді көрсетіп кеплесі оқу жылында істі жақсарту ұсынысын айтып жаба есеп береді. Дене тәрбиесінің сыныптан тыс жұмыстарын жоспарлау мына құжаттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Дене тәрбиесінің сыныптан тыс жұмыс жоспарында ;
  2. Бұқаралық спорт жұмыстарының күнтізбелік жоспарында;
  3. Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің жұмыс жоспарында;
  4. Секция жұмысының оқу жоспарында;

Мектептегі сыныптан тыс жұмыстың есебін жүргізу құжаттары:

  1. Сыныптан тыс жұмыстардың есебін жүргізу журналы. ;
  2. Үйірме және секція жұмыстарын жоспарлау және есеп журналы;
  3. Дене тәрбиесі жетекшісінің күнделігі.
  4. Дене тәрбиесі ұжымы жұмысының есебін жүргізу журналы.

Студенттердің кәсіби мамандығының дайындығын көтеруде педагогикалық тәжірибенің маңызы зор. Студент тер институттағы теориялық оқуын ісжүзінде тәжірибежұмысымен байланыстыра отырып, жалпы білім беру мектептерінде дене тәрбиесі мұғалімдерінің жұмысын атқарады.

Педагогикалық тәжірибенің негізгі мақсаты студенттерді келешектегі жұмысымен таныстырып институтта алған теориялық әдістемелік білімін бекітіп іскелігі мен даңдысын қалыпртастыру болып табылады. Педагогикалық тәжірибе негізінде мынадай мәселер шешілуі қажет:

1. Студенттерді оқушылармен оқу тәрбие және сыныптан тыс жұмыс жүргізілуі іскерлігі мен дағдарысын қалыптастырып жете меңгеру;

2. Жалпы білім беру мектебінде өтетін дене тәрбиесі сабағының құрылысын анықтау түрімен өткізу, әдістерін үйрену;

3. Мектеп ұжымындағы жүргізілетін дене тәрбиесі және спорттық жұмыстардың алдыңғы қатарлы басқару жолдарымен таныстыру.

4. Дене тәрбиесімен сауықтыру, жалпы бұқаралық спорт пен саяси тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшелігімен танысу;

5. Тәжірибелік жұмыс барысында өз бетінше жұмыс істеп, ол жұмысын талдап, бағалап оның қортындынәтижелерін оқу тәрбие әдісін қолдануды жетілдіруін қалыптастыруы;

6. Жоспарлау, бақылау құжаттарын жасаудағы іскерлігі мен дағдысын тәжірибе жүзінде жетілдіру.

Педагогикалық практика кезінде студент практиканың мектепте орындайтын жұмысының көлемі өте үлкен болады. Жұмысты уақытында әрі тиімді пайдалы етіп орындау бірден-бір келелі жұмыс көлемін тыңғылықты жоспарлау болып табылады. Ол үшін студенттердің алғашқы күндерінен бастап істелінетін жұмыстарын апталық дербес жоспарлау жүзінде жүргізіледі.

Бұл жоспарды жұмыстың дәл орындалуымен көрсетіліп онымен методист және дене тәрбиесі мұғалімі күні бұрын танысып келісімін береді. Жоспарды орындалу барысында методист бақылау жүргізеді.

Лекция 4

Тақырыбы: Дене шынықтыру мен спортты басқарудың мемлекеттік органдары.

Жоспары:

  1. Дене тәрбиесі теориясының мәні.

а) дене тәрбиесінің жалпы мінездемесі.

б) егде және қарт адамдарға дене тәрбиесінің мәні.

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. “Дене тәрбиесінің негіздері” автор: Еркін Уақбаев.
  2. “Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі” Т. Ш. Қуаныш.
  3. “Дидактикалық байқау құралы”. С. Тойжанов, А. Құлназаров.

Дене тәрбиесінің теориясының методологиялық негізі мен ғылыми зерттеу әдістері.

Педагогикалық тәжірибе алудың мақсаты мен міндеттері.

Дене тәрбиесінен жалпы және арнаулы білім берілгеннен кейінгі уақытта адамдар дайындығы өз бетінше дене тәрбиесінің әртүрлі тәсілдерін қолданумен шектеледі. Бұл жұмыстар ерікті спорт қоғамда ғылыми түрде ұйымдастырылған мемлекеттік мекемелерде жүргізіледі.

Дене тәрбиесінің бұқаралық сипат алуын әруақытта қоғам мемлекет, кәсіподақ қолдап отырды. Дене тәрбиесінің даму жолындағы міндеттері нақты мәселелермен шектелді. Әлеуметтік демократияның дамуы халықтың әл ауқатын жақсарту үлгісін көрсетіп, әртүрлі мәселелерді қамтиды. Мысалы еңбекшілердің еңбегін ғылыммен байланыстырып, еңбек өнімділігін арттыруда денсаулығын нығайту, бүгінгі кезеңге сай жағымсыз қылықтарға қарсы жұмыс тәртібін күшейтудедене тәрбиесінің алатын орны ерекше. Әртүрлі жағдайларға қарай отырып, дене тәрбиесінің шараларын еңбекшілердің жұмыстан бос және жұмыс уақытында бірнеше бағытта жүргізуге болады. Атап айтқанда:

1. Үй жағдайында дене тәрбиесінің гигиеналық талаптардан сақтап, жаттығулар жасап жұмыс қабілеттігін арттырып денсаулықты нығайтуға маңызы зор.

2. Жаппай бүкіл ұжым мүшелерінің денсаулығын жақсарту бағытындағы дене тәрбиесі кезекті демалыста, сонымен қатар, демалыс күндерінде тиімді шараларды ұйымдастырып уақытты дұрыс пайдаланумен шектеледі.

3. Егде және қарт адамдар үшін өткізілетін дене тәрбиесінің алдына қойған мақсаттары осы жастағы адамдардың денсаулығына байланысты жоспарланады. Жастың өсуіне юайланысты инфолюциялық өзгерістер организмде өсіп жетілу гаммасы аяталмай-ақ сезілеі. Ал денедегі қолайсыз жағдайлар ауру, ауыр және ауыр тұрмыс, дене тәрбиесінің жетіспеушілігі және т. б. инволюция гаммасы тезірек жүреді.

Негізінде инволюциялық кезең 60 жастан кейін байқалады. Бұл жадай тек қана төл құжаттағы жаспен ғана тура келе бермейді. Мысалы, кейбір қарт адамдар, жұмысқа қабілетті өзінен біраз жасы кіші адамдармен бірдей болып отырады. Адам өмірінің ұзақтығы оның материалдық тұрмысынан, әлуметтік жағдайларынының жақсы болуынан денсаулық сақтау шараларын дұрыс ұцымдастырумен еліміздегі дене тәрбиесінінің одан әрі дамып отырумен байланысты болады.

Қартаю кезінде адамның зат алмасу жұмысы нашарлап, ас қорту органдарының қызметі төмендейді. Орта жастағылар арасында семі ріп май басып кету жағдайлары көп кездеседі. Негізінде 50 жас шамасында адам семіред одан әрі қарай салмағы азаяды.

Лекция 5

Тақырыбы: Туристік жорықтар, экскурсиялар мен саяхаттар.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Е. Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет

2. Т. Ш. Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы

2002ж. 99-101 бет.

3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.

4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.

Елімізде балалар туризмін дамытудың ұзақ жылдар бойғы тарихы туристік жұмысты ұйымдастыру мен өткізудің көптеген бағалы тәжірибелерін жинақтады. Алайда осы күнге дейін мектеп қылметкерібалалар туризмі жөнінде қысқа нұсқаулар мен әдістемелік құралдарды пайдаланып келеді. Осыларды негізге ала жасалған бағдарлама жобасы оқушылар туристік жорықтарын дайындауға және өткізуге педагогикалық басшылық жасау жүйесінің жалпылама және жекелеген бөліктерін анықтауды мақсат етеді.

Туристік жорықтар, экскурсиялар мен саяхаттар оқушыларды отанға берілгендік рухында тәрбиелеуге, политеникалық оқу міндеттерін жүзеге асыруға, білімді өмір тәжірибесімен байланыстыра бекітуге септігін тигізеді.

Бағдарлама мазмұны туристік жұмыс мазмұнының логикасына бағындырылып, үш кезеңге бөлінген мақсаттарды көздейді. Олар туристік жолыққа дайындалу және оны жүзеге асыру, қортындыларды шығару. Жорық басшысы шешуге тиісті тәрбие міндеттері кешенінің ішіндегі ең бастысы - ұжымды қалыптастыру және тәрбиелеу. Бұл мәселені ойдағыдай шешілуі көп жағдайда жорықтың сәтті де көңілді аяқталуына септігін тигізеді.

Бағдарламада жеке адамды жан-жақты дамыту мүмкіншіліктеріне едәуір тоқталып отырамыз. Өйткені оның мазмұнының оқушылар ұжымында туристік жұмыстарды дайындаудың және қортындылаудың бүкіл жүйесіне пайдасы зор.

Жорық басшысы мен оқушылардың біріккен ұйымдық-педагогикалық қызметі.

  1. Демалыс күнгі жаттығу жорықтарының қортындысын талқылау.
  2. Туристік кештерге, театрларға, мұражайларға, жарыстарға, көрмелерге және т. б. бару.
  3. “Табиғатты қорғау” қоғамына мүшелікке өту.
  4. Туристік ребустар мен викториналар құрастыру және оларды шешу.
  5. Тұтас отрядтық және оның жеке мүшелерінің қызметін талқылау (мадақтау, жазалау) .
  6. Экскурсияға немесе жорыққа қатысуға тілек білдірген жас саяхатшыларға шарттар қою.

7. Шарттардың орындалуын бақылайтын оқушыларды белгілеу.

Жорыққа дайындық кезеңінде тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі қоғамдық жұмыстар:

  1. Ата-аналармен, мұғалімдермен әңгімелесу арқылы жорыққа баратын болашақ жас туристің ерекшеліктерін зерттеу.
  2. Отрядтағы міндеттерді бөлісу.
  3. Жас туристерді жорықта кездесетін түрлі қиындықтарға төтеп беруге психологилық жағынан даярлау.
  4. Тәрбие жұмыстарының жоспарын бүкіл ұжым мүшелерімен бірлесе жасау.

Лекция 6

Тақырыбы: Дене тәрбиесі жүйесінің негіздері.

Жоспары:

1. Әлеуметтік экономикалық негіздер.

а) бағдарламалық нормалық негіздер.

2. Спорттың бірыңғай классификациясы.

а) спорттық разрядтар.

б) ұйымдастыру негіздері.

3. Балалардың дене тәрбиесі.

а) мектептегі дене тәрбиесі.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Е. Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет

2. Т. Ш. Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы

2002ж. 99-101 бет.

3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.

4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.

Әлеуметтік-экономкалық негіздер. Дене тәрбиесі жүйесі қоғамдағы экономика, саясат, ғылым және мәдениет саласындағы жүйелермен тығыз байланысты. қоғамдық қатынастардың көрінісінің бір саласы есебінде, ол солжүйедегі жүріп жатқан өзгерістер әсерімен дамып отырады. Дене тәрбиесі жүйесінің қоғамдық өндіріске кіретіндігі осы байланыстардың нақты негізінің бірі болғандығынан. Слайда қоғамдық өндіріске ол қосымша Жолдак арқылы әсер етеді. Бұл жүйе тікелей қоғамдық өнім жасауға араласпайды. Бірақ ол осы сфераға өндірістік қатынастардың субъектісі - адам арқылы аралық әсер етеді.

Өзінің әртүрлі формалары арқылы дене тәрбиесінің жүйесі адамның әлеуметтік қызметінің баролық негізгі түрлеріне қатысты.

Бұл адамның қозғалыстағы биологиялық қажеттілігін қанағаттандырып қана қоймайды, сонымен бірге әлеуметтік-жеке тұлғаның қалыптасуын, қоғамдық қатынастардың жетілуін де қанағаттандырады. Адамның денесінің дамуы биологиялық заңдарға бағчна отырып, табиғи жолмен де жүзеге асатындығы мәлім. Слайда қазіргі адамның қозғалыс белсенділігі оның дене мүмкіншілігінің қажетті деңгейде ұстауға әлі жеткіліксіз.

Өзінің ар найы функциясымен жүзеге асыра отырып, дене тәрбиесінің жүйесі адамдардың қозғалысы белсенділігінің қажеттілігін қатамасыз етуге, сол арқылы дененің жетілуін және денсаулықтан жоғары деңгейге жетуін қамтамасыз етуге толық қабілетті.

Тәрбиелік-педагогикалыққызметін жүзеге асыра отырып, толықтай беріледі, дене тәрбиесі мақсаттарына жұмсалатын ұлттық табыстың бөлігі де жоғары болмақ, денсаулық деңгейі және адамдардың жасауы да ұзақ болмақ.

Жан-жақты жетілген адамджарды қалыптастырудағы денетәрбиесінің орасан зор маңызын ескере отырып үкімет тарапынан қоғамымыздың дамуының әртүрлі кезеңдерінде бұл мәселеге бірнеше рет Назар аударды (бұл орайда 1925, 1929, 1948, 1950, 1966, 1981 жылдарында қабылданған қаулыларды атап кеткеніміз жөн болады) . Қаулылардың мазмұнына сол кезеңдегі саяси жағдайды бейнеден, орталықтан қатал асару мен бақылауға бастр Назар аударылды, сонымен бірге сол кездегі дене шынықтыру қозғалысының дамуына үнемі қолайлы ола бер меді.

Дене тәрбиесі жүйесі экономикалық қатынастардың дамыған аумағына жатады. Өзінің ұйымдық құрылымы жөнінен күрделі болуына байланысты (мелекеттік және қоғамдық басқарудың қағидаларын байланыстыра жүргізу) қаржыландырудың материалдық-техникалық жағынан қамтылуында да әртүрлі финанытық көздерді өзіне жинақтады: мемлекеттік бюджет, қоғадық қорларды, кәсіпорындар, кәсіподақ, кооперативтьік қоғамдар экономикалық жағынан дене тәрбиесі жүйесі дамыған материалдық және материалдық емес өндірісі бар халық шаруашылығының бір бөлігі есебінде көрінеді. Материалдық өндірісінің сала қызметкерлерінің затай материалдан формағаие болады: спорт құрылыстары, құрал-жабдық, аяқ-киім, киімдер. Бірақ, бұл сфера адамдардың денесінің жетілдіруіне бағытталған өндірістік емес дене тәрбиесінің бастр сферасына қарағанда қызмет көрсету сипатына ғана ие.

Лекция 7

Тақырыбы: Спорттың бірыңғай классификациясы.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Е. Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет

2. Т. Ш. Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы

2002ж. 99-101 бет.

3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.

4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӨДТ құралдары - дене шынықтырудың қарапайым құралдары
Арнаулы оқу орындары студенттерінің дене тәрбиесі
Дене шынықтыру сабағында дәрігерлік-педагогикалық бақылау
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру формалары және оларға ғылыми- әдіснамалық сараптама
Мектепте дене шынықтыру сабағында гимнастикалық жаттығуларды ұйымдастыру әдістемесі
Дене тәрбиесінің оқыту мәселелері
Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты мен оқу-үрдісіндегі маңызы туралы
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ҚҰРАЛДАРЫ
Дене шынықтыру денсаулықты сақтау және нығайту құралы ретінде
Студенттердің кәсіптік - қолданбалы дене дайындығында айналма жаттығу әдісін қолдану әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz