Зәр шығару жүйесі: анатомиясы, қызметі, эволюциялық дамуы және аурулары


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Зәр шығару жүйесі

Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ердің зәр шығару жүйесі.

Зәр шығару жүйесі, экскреторлық жүйе- адам мен жануарлар организмінің артық суды, тұздарды, зат алмасуданпайда болған қажетсіз заттарды сыртқа шығаратын органдары. Теңізде тіршілік ететін қарапайымдардың организмінен бөлініп шығатын өнімдер (несеп, тер, т. б. ) сыртқы ортағадиффузияарқылы немесе жиырылғыш вакуолялар көмегімен шығады. Төменгі сатыдағы көп клеткалы су жәндіктерінде (губка, ішекқуыстылар) және аз қозғалатын теңіз жануарларында (тікентерілілер) олар сыртқы ортамен байланысқан қуыстар арқылы шығып отырады. Төменгі сатыдағы құрттарда, сондай-ақ, приапулид, кейбір аннелид және шығару жүйесі қызметін арнайы протонефридий түтікшелері атқарады. Бұл түтікшелердің бір ұшы сыртқа ашылады, ішкі жағы ерекше клеткалардан тұрады. Буылтық құрттардыңкөпшілік түрінің Зәр шығару жүйесі -метанефридий(метамерлі орналасқан жұп түтікше) . зәр шығару органдарын целомодукта деп атайды. шығару жүйесі -мишық безі(бастағы өскін түбінде орналасқан без) .

Құрлықта тіршілік ететін жануарлар организмінде (ылғалды үнемдеу үшін) тез еритінаммиакқиын еритінгуанинге(өрмекші тәрізділерде) немесе несеп қышқылына (көпаяқтыларда, жәндіктерде, бауырымен жорғалаушыларда, құстарда) айналады. Хордалыларарасында қабықшалылар мен асцидияда зәр арнайы қапшықта жиналады. Омыртқалы бүйрек құралады. Бүйректе түзілген зәр несеп жолымен клоакаға немесе қуыққа келеді. жолында және жоғары сатыдағы омыртқалылардың жеке дамуында бүйрек дамуының 3 сатысы байқалады:

бастама бүйрек (пронефрос), дене бүйрегі (мезонефрос), соңғы не жамбас бүйрегі (метанефрос) .

Әйелдің зәр шығару жүйесі.

Адамның Зәр шығару жүйесі зәрді өндіретін бүйректен, зәрді шығаратын бүйрек тостағаншалары мен бүйрек астауларынан, несеп (зәр) ағардан, қуықтан, несеп түтігінен тұрады. Бүйрекэкскреторлық органретінде организмнен [] азоттық зат алмасуөнімдерін -мочевинаны, креатинді, мочевина қышқылын, артық тұздар мен суларды, т. б. бөтен заттарды шығарады. Бүйректің басты қызметі - организмдегі су-электролиттік алмасуды реттеу. Су-электролиттік алмасу реттелген жағдайда, организмдегі қанның көлемі мен осмостық қысымы және денедегі сұйықтық өз қалпын сақтайды. Сондай-ақ, бүйрек организмдегі қышқылды-сілтілі тепе-теңдіктің негізгі реттегіші болып саналады. Организмнен шығуға тиісті зәр бүйрек астауларынан несеп ағарға, одан біртіндеп қуыққа түседі.

Несеп ағар- трубка тәрізді орган, оның бас жағының диам. 2 - 4 мм, ұз. 30 см-дей. Несеп ағар төмен қарай, кіші жамбасқа түсіп, одан әрі қуыққа кірігеді. Бұл тұста несеп ағар жақсы дамыған бұлшық ет талшықтарымен (сфинктер) қапталған. Сфинктер зәрдің қуықтан кері қарай, несеп ағарға өтуіне жол бермейді. Қуық- дөңгелек пішінді қуысты орган, сыйымд. 400 мл, кіші жамбастаорналасқан. Оның түбі, денесі және төбесі болады. Қуықтың қабырғалары жақсы дамығанбұлшық етқабатынан тұрады. Бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде қуық зәрден босайды. Зәр шығарушы канал - несеп түтігі арқылы қуықтағы зәр сыртқа шығарылады. [1] Ер адамдардың несеп түтігінің тағы бір қызметі - шәуҺетті шығару жәнежыныстық қозукезінде үрпінің алдыңғы бөлімінің бездерінен арнайы сөл бөлу. Дені сау адам тәулігіне 4 - 6 рет дәрет сындырады (шамамен 1, 5 л-дей) . Зәр шығару жүйесініңкөп таралған аурулары:нефрит, пиелонефрит(бүйректің қабынуы), цистит(қуықтың қабынуы), уретрит(несеп түтігінің қабынуы), т. б. Ер адамдарда, көбінесе, несеп түтігінің қабынуы, әйелдерде қуық пен бүйрек қабынуы жиі кездеседі.

[өңдеу] Пайдаланған әдебиет

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мидың анатомиясы, қызметі және эволюциялық дамуы
Зәр шығару жүйесінің анатомиясы, физиологиясы және емдеу тәсілдері
Зәр шығару жүйесі мен бүйректің құрылысы, қызметі және балалардағы ерекшеліктер
Адамның зәр шығару жүйесінің құрылысы мен қызметі
Малдардағы зәр шығару жүйесінің патологиясы: бүйрек аурулары, клиникасы, диагностикасы және емдеу шаралары
Несеп шығару жүйесінің анатомиясы және малдағы бүйрек пен қуық аурулары: себептері, дамуы және емі
Пародонт аурулары: пародонттың анатомиясы, құрылысы және қызметі
Зәр шығару жүйесі: аурулары мен клиникасы, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, зертханалық сынақтар (Зимницкий, Нечипоренко, билирубин анықтауы) және ем-профилактика
Ерлердегі зәр шығару жүйесінің инфекциялық аурулары: классификация, қоздырғыштары, уретрит пен простатиттің клиникасы мен емі
Жануарлардың ас қорыту және зәр шығару жүйелерінің патологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz