Тауарлық-материалдық қорлар есебінің теориялық негізі



І. ТАУАРЛЫҚ.МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗІ

1.1.Кәсіпорында тауарлық.материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы
1.2 Тауарлы.материалдық қорлар есебінің әдістері

1.3. Материалдық ресурстарды түгендеу мен оларды қайта бағалау
1.4. Тауарлы материалдық қорлардың қозғалысының құжаттық рәсімделуі
ІІ.КӘСІПОРЫННЫҢ ТАУАРЛЫҚ.МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Тауарлық .материалдық қорларды талдаудың міндеттері мен көздері
2.2 Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне талдау
2.3 Кәсіпорында Тауарлық. материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары
ІІІ.ТАУАРЛЫҚ.МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР АУДИТІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Тауарлы.материалдық қорлар аудиті
3.2 Аудиторлық қорытынды

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы « Тауарлық – материалдық қорлар есебі мен аудиті және олардың жетілдіру жолдары » Өндіріс процесінде өнім өндіру және қызмет көрсету үшін керекті жағдайлардың бірі- еңбек заттары .Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралы өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып,өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады.Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының жартысынан артығы еңбек заттарының құнынан тұрады.
Тауарлық-материалдық қорлар –бұл шаруашылық субъектісінің өнімді өндіру, қызмет көрсету немесе жұмыстарды орындау мақсатындағы шаруашылық қызметте пайдалану үшін сатып алатын әр түрлі шикізаттар,материалдар,отындар,энергиялар,жартылай фабрикаттар.
Тауарлық-материалдық босалқылар келесідейактивтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар,материалдар,сатып алынған жартылай және құрастырушы бұйымдар,оын,ыдыс және ыдыстық материалдар,дайын өнім, тауарлар.
Тауарлық-материалдық қорлардың ауыстырылатын және ауыстырылмайтын түрлері бар. Мысалға энергияны өндірістік қажеттілік үшін көмірді, ағашты,жел, атом энергиясын пайдалану арқылы өндіруге болады. Ал, таза сары майды өндіру үшін тек сүт қолданылады. Бұл ауыстырылмайтын қорларға жатады.
Материалдық қорлардың негізгі және көмекші деген екі түрі болады:
Негізгілер – дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар өндірілетін өнімнің өзіндік құнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін көмекші материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – Тауарлық-материалдық қорлар туралы сипаттап, түрлерін,есептелуін, құжаттық рәсімделуін толықтай қарастыру.
Материалдарды келешекте пайдалану үшін сақтау, басқа жаққа және өндіріске босату мен пайдалану мөлшерін белгілеп оларды жетілдіріп отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу,бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет етіледі.
Қорларды кешенді пайдалану,олардың рационалды шығысталуы, арзан және тиімді материалдарды пайдалану өнімді шығаруды көбейтудің маңызды бағыты және қаржылық жағдайының жақсаруы болып табылады.
Қазіргі уақытта тек табиғи қорлар ғана емес, сонымен қатар кең түрде жасанды, синтетикалық қорлар қолданылады. Соңғыларының ішінде ең көп пайдаланылатыны полимерлер,тамақ ауыстыратындар,ағаш плиталар, синтетикалық маталар және т.б.
Кәсіпорынның үздіксіз жұмыс жасауының маңызды сипаты материалдық қорларға қажеттіліктерді жабу көздерімен толық қамтамасыз ету болып табылады . Олар ішкі және сыртқы болуы мүмкін.
Сыртқы көздерге сәйкес келісім шартқа отырылғанмердігерлерден келіп түсетін материалдық қорлар жатады .
Ал, ішкі көздер - бұл шикізат қалдықтарын азайту , шикізатты екінші рет пайдалану ҒТП жетістіктерін енгізу нәтижесінде материалдарды үнемдеу.
Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары бойынша тауарлық – материалдық қорлар мына шоттар да корреспонденцияланады :
1310 /201 шикізат пен материалдар
1310/ 202 – жартылай фабрикаттар
1310/203 – отын
1350/204 – Ыдыс және ыдыс материалдары
1310/205 – қосалқы бөлшектер
1350/206 - өзге материалдар
1310/207 – қайта ұстауға берілген материалдар
1310/208 – құрылыс материалдары
1340/211-213 – Аяқталмаған өндіріс
1320/221 – Дайын өнім
1330/222-223 - Тауарлар
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Қазақстан "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы " Республикасы Президентінің 2002 жылғы 6 маусымдағы заң күші бар Жарлығы.
2.Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы заң күші бар Жарлығы (2001 жылғы 15 қарашадағы өзгертулер және толықтырулармен).
3. "Салық және бютжетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2006 жылғы Қазақстан Республикасының салық кодексі.
4. 15 маусым 2005 жылғы.№427 заң « Аудиторлық қызмет туралы заң» \\Бюллютень 2005 №24
5. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Ғабдуллин Т.Ғ., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп: Өңделіп және толықтырылып 3-ші басылуы – Алматы: Қазақстан – аудит орталығы, 2003 ж.
6. Баймуханова С.Б. Бухгалтерлік есеп: Оқулық / Жалпы редакциясын басқарған, э.г.д., профессор Дүйсенбаев К.Ш. 2-ші басылым, қайта өңделген және толықтырылған. – Алматы: Издат.Маркет, 2005 ж.
7. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы. – Алматы: Экономик ' С, 2003 ж.
8. Канке А.А., Кашевая И.П. Анализ финансово-хозяйственной деятельности предприятия: Учебное пособие – 2-ші басылым, қайта өңделген және толықтырылған. – М: Форум: ИНФРА – М, 2005 ж.
9. Бухгалтер бюллетені №17, сәуір 2006 жылы Кәсіпорынның меншік құқығына тиесілі жер учаскесін өткізу .
10. Бухгалтер бюллетені №6, ақпан 2006 жылы ХҚЕС бойынша шоттардың жұмысшы жоспарын жасаймыз. БИКО баспа үйі.
11. Бухгалтер бюллетені №7,ақпан 2006жылы ХҚЕС талаптарына сәйкес кәсіпорынның есеп саясаты. БИКО баспа үйі.
12. Закон РК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» (с изменениями и дополнениями) от 24.06.2002г
13. Дүйсенбаев К.Ш. , Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. (Оқу құралы.) – Алматы: Экономика 2001.
14. Анализ финансовой отчетности: учеб. Пособие для студентов, “Финансы и кредит”, “Бухгалтерский учет, анализ, и аудит / под ред. О.В. Ефимовой, М. В. Мельник – 2-ое изд., исп и доп.- М. издательство Омега-Л, 2005г”.
15. Витченко М.Н. Анализ финансово-хозяйственной деятельности предприятий железндорожного транспорта: М. Маршрут, 2003г.
16. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп: Оқулық.- Алматы: Экономика, 2004 ж.
17. Ержанов М.С., Ержанова А.М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов ( с 1 января 2003 г) учебное пособие – Алматы, “Ержанова и К”, 2003 г.
18. Международные стандарты финансовой отчетности Алматы: учебное пособие / М.К. Алиев Казахская академия транспорта и коммуникаций им. М. Тынышпаева, 2005 г. – 194 с.
19. Консолидированная финансовая отчетность: учебное пособие / М.К. Алиев, Ж.С. Сатубалдина, М.К. Сармаганбетова, С.К. Алибекова – Алматы: 2005 г.
20. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқулық / жалпы редакциясын басқарған Н.Ә. Байболтаева / - Алматы, 2002 ж.
21. Жуйриков К.К., Баяхметов К.К. Экономический анализ предприятия учебник ТОО “Импульс”,Алматы 2005 г.
22. Сейдахметова Ф.С. Совреиенный бухгалтерский учет Учебное пособие – Алматы. Экономика 2000г.
23. Концептуальная основа для. Подготовки и представления финансовых отчетов-Алматы, 2000г.
24. Тасмағанбетов Т.А., Әлібекова Б.А., Байболтаева Н.А. және басқалар Қаржы есебі. Оқу құралы-Алматы:Дәуір, 2002 ж.
25. Нормирование расхода материалов и запасных частей на железнодорожном транспорте

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
І. ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

НЕГІЗІ

1.1.Кәсіпорында тауарлық-материалдық қорлар есебінің
ұйымдастырылуы
1.2 Тауарлы-материалдық қорлар есебінің әдістері

1.3. Материалдық ресурстарды түгендеу мен оларды қайта бағалау

1.4. Тауарлы материалдық қорлардың қозғалысының құжаттық
рәсімделуі
ІІ.КӘСІПОРЫННЫҢ ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Тауарлық -материалдық қорларды талдаудың міндеттері мен көздері
2.2 Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне талдау
2.3 Кәсіпорында Тауарлық- материалдық қорлар есебін жетілдіру

жолдары
ІІІ.ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР АУДИТІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Тауарлы-материалдық қорлар аудиті
3.2 Аудиторлық қорытынды

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы Тауарлық –
материалдық қорлар есебі мен аудиті және олардың жетілдіру жолдары
Өндіріс процесінде өнім өндіру және қызмет көрсету үшін керекті
жағдайлардың бірі- еңбек заттары .Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі,
өндіріс құралы өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи
пішінін сақтай отырып,өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып
отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің
бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады.Шығарылатын өнімнің,
атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының жартысынан артығы еңбек заттарының
құнынан тұрады.
Тауарлық-материалдық қорлар –бұл шаруашылық субъектісінің
өнімді өндіру, қызмет көрсету немесе жұмыстарды орындау мақсатындағы
шаруашылық қызметте пайдалану үшін сатып алатын әр түрлі
шикізаттар,материалдар,отындар,энер гиялар,жартылай фабрикаттар.
Тауарлық-материалдық босалқылар келесідейактивтер түрінде
болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға
арналған шикізаттар,материалдар,сатып алынған жартылай және құрастырушы
бұйымдар,оын,ыдыс және ыдыстық материалдар,дайын өнім, тауарлар.
Тауарлық-материалдық қорлардың ауыстырылатын және
ауыстырылмайтын түрлері бар. Мысалға энергияны өндірістік қажеттілік үшін
көмірді, ағашты,жел, атом энергиясын пайдалану арқылы өндіруге болады. Ал,
таза сары майды өндіру үшін тек сүт қолданылады. Бұл ауыстырылмайтын
қорларға жатады.
Материалдық қорлардың негізгі және көмекші деген екі түрі болады:
Негізгілер – дайындалатын өнімнің заттай материалдық
негізін құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар өндірілетін
өнімнің өзіндік құнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай
негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін көмекші
материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – Тауарлық-материалдық қорлар
туралы сипаттап, түрлерін,есептелуін, құжаттық рәсімделуін толықтай
қарастыру.
Материалдарды келешекте пайдалану үшін сақтау, басқа жаққа және
өндіріске босату мен пайдалану мөлшерін белгілеп оларды жетілдіріп отыру
керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай
түгендеу,бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке
алып отыру қажет етіледі.
Қорларды кешенді пайдалану,олардың рационалды шығысталуы,
арзан және тиімді материалдарды пайдалану өнімді шығаруды көбейтудің
маңызды бағыты және қаржылық жағдайының жақсаруы болып табылады.
Қазіргі уақытта тек табиғи қорлар ғана емес, сонымен қатар
кең түрде жасанды, синтетикалық қорлар қолданылады. Соңғыларының ішінде ең
көп пайдаланылатыны полимерлер,тамақ ауыстыратындар,ағаш плиталар,
синтетикалық маталар және т.б.
Кәсіпорынның үздіксіз жұмыс жасауының маңызды
сипаты материалдық қорларға қажеттіліктерді жабу көздерімен толық
қамтамасыз ету болып табылады . Олар ішкі және сыртқы болуы мүмкін.
Сыртқы көздерге сәйкес келісім шартқа
отырылғанмердігерлерден келіп түсетін материалдық қорлар жатады .
Ал, ішкі көздер - бұл шикізат қалдықтарын азайту ,
шикізатты екінші рет пайдалану ҒТП жетістіктерін енгізу нәтижесінде
материалдарды үнемдеу.
Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары бойынша тауарлық
– материалдық қорлар мына шоттар да корреспонденцияланады :
1310 201 шикізат пен материалдар
1310 202 – жартылай фабрикаттар
1310203 – отын
1350204 – Ыдыс және ыдыс материалдары
1310205 – қосалқы бөлшектер
1350206 - өзге материалдар
1310207 – қайта ұстауға берілген материалдар
1310208 – құрылыс материалдары
1340211-213 – Аяқталмаған өндіріс
1320221 – Дайын өнім
1330222-223 - Тауарлар

І. ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

НЕГІЗІ

1.1.Кәсіпорында тауарлық-материалдық қорлар есебінің
ұйымдастырылуы

Материалдар өздерінің сақталып тұрған жері бойынша, яғни
шаруашылық субъектісінің қоймасында және субъектісінің бухгалтериясында
есептелінеді. Материалдық құндылықтардың коймадағы есебінің дұрыс
ұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс
жүргізілуіне және жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты.
Қоймада материалдық құндылықтар түрлері, сорттары бойынша бөлек
сақталуы тиіс. Материалдардың маркасы, сорты, көлемі, номенклатуралық
номері, өлшем бірлігі, сақталып тұрган материалдардың мөлшері және
тағы да басқа көрсеткіштері картон немесе фанерге жазылып, материалға
байланып немесе жапсырылып қойылады. Қоймадағы және цехтағы материалдардың
аналитикалық (талдамалық) есебі белгіленген түріне сәйкес олардың ішінде
сорттары мен маркалары бойынша жүргізіледі. Қоймада материалдық
құндылықтардың тек қана сандық есебі жүргізіледі. Материалдардың
әрбір номенклатуралық номері бойынша бөлек үлгілі түрі М - 17
карточкасы ашылады.
Бұл карточкада материалдық құндылықтардың аты, мөлшері,
көлемі , өлшем бірлігі, номенклатуралык номері және есептеу
бағасы көрсетіледі. Бұл карточканы жаңадан кіріске алынған
материалға шаруашылық субъектісінің бухгалтериясы дайындап, одан кейін
кіріс ету ордерімен (реестр) бірге қоймаға беріледі. Қойма қызметкері
немесе қойма меңгерушісі алынган карточкаға материалдық құндылықтардың қай
жерде сақталып тұрғаны жайлы деректер толтырады. Материалдардық кіріс -
шығысының сорттық - сандық есебі сол материалдарға жауапты
адам жүргізеді. Кейбір жағдайда материалдарға жауапты адамның келісімі
бойынша қойманың карточкалық есебін жүргізу жұмысы басқа адамға, яғни
есепшіге немесе операторға жүктелуі мүмкін.
Материалдардың түрі номенклатуралық номері аз болатын
шаруашылық субъектісінің қоймаларында бұл карточканың орнына материалдар
есебін тиісті түрде жүргізуге дайындалып жасалған сорттық есеп
кітабында жүргізуге болады. Мұндай жағдайларда шоттық есеп кітабында қойма
есебінің карточкасындағы деректер болуы қажет.
Қоймашы белгілеген тәртіп бойынша толтырылған алғашқы
құжаттардың негізінде материалдардың кіріске алуын және есептен
шығарылуы операцияларын, олардың іске асырылған күнін қойманың есеп
карточкасына жазып, онда материалдық құндылықтардың сол күннің соңындағы
қалдығын шығарып отыру керек. Бұл карточкада материалдардың қалдығы әрбір
операциядан кейін шығарылып отырылады.
Айта кететін жағдай, ай соңында бухгалтерияға ондағы көрсетілген
материалдың алынған немесе алынып болғанына қарамастан лимиттік –жинақтама
карточкасының барлығы тапсырылуы керек. Алынып болмаған материалдар үшін
келесі айға жаңа лимиттік – жинақтама карта жазып береді. Қоймашы
материалдардың қоймалық сорттық есеп карточкасының деректері негізінде
жабдықтау бөліміне материалдардың әр номенклатуралық түрінің қалдығы, оның
тұрақты қор мөлшерден аутқуы, көптен бері пайдаланбай жатқан материалдар
жайы деректер беріп отырады.
Қоймалық сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін бухгалтерия
бақылап отыруы керек. Бухгалтерия қызметкері жиі - жиі (апта сайын, 10
күнде) қоймашымен қоймадағы операцияларды жүргізуге негіз болған алғашқы
құжаттардың дұрыс жазылуын, қоймалық сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін
және карточкадағы материалдар қалдығының дұрыс шығарылуын тексеріп отыруы
қажет. Карточкадағы жазылған операциялардың дұрыстығын және оны тексергені
жайлы бухгалтерия қызметкері есеп карточкасының тиісті жолына қол
қояды. Қоймалық - сорттық карточкаларындағы жазуды тексеру, қойма
меңгерушісінің бухгалтерияға материалдарды кіріске алуы кезінде тапсыратын
есептерінің негізінде жүргізіледі.
Қойма меңгерушісінің бухгалтерияға тапсыратын құжаттары үлгілі
түрі М - 18А қабылдау - өткізу регистрына тіркеледі. Материалдарға жауапты
адамның келісімі бойынша бухгалтерия қызметкері әр операцияның дұрыстығын
тексергені және құжатты қабылдағаны жайында карточкаға қол қояды. Мүндай
жағдайда құжаттарды қабылдау - өткізу регистрын жасаудың керегі болмайды.
Егер орталық қойма немесе цех қоймасы шаруашылық субъектісі
басқармасынан қашық жерде орналасқан жағдайда жүргізілетін операциялардың
дұрыс құжатталуы, материалдарға жауап беретін адамның есеп картасын дұрыс
жүргізуі орталық бухгалтерияда тексеріледі. Мұндай жағдайда кіріс және
шығыс ету құжаттары белгіленген уақытта регистрлармен бірге бухгалтерияға
табыс етілуі керек.
Шаруашылық субъектісінің орталығынан қашық жерде орналасқан
қойма басшысы белгіленген күні бухгалтерияға екі дана етіп материалдың ай
соңындағы қалдық ведомосын (тізімін) тапсыру керек. Ведомость құрамыда
өзгеріс (кірісі мен шығысы) бар материалдар бойынша жасалып, онда тек қана
материалдардың сандық қалдығы көрсетіледі. Ведомосқа цех, қойма, бөлімше
бастығы және ол құжатты толтырушы (жүргізуші) қол қояды. Дұрыстығын
тексеріп болғаннан кейін ведомостың бір данасы жіберілген қателер
жөніндегі ескертумен қоймаға қайтарылады.
Материалдардың есебін жедел оперативтік, бухгалтерлік,
қалдықтық әдіспен жүргізген жағдайда қоймалық есеп карточкамен қатар
үлгілі түрі М - 20 қоймадағы материалдар қалдығын есептеу ведомосы
жүргізіледі.
Қойма меңгерушісі (бастығы) карточкалардағы әрбір
ай ішіндегі жиынтық деректері бойынша
материалдардың келесі айдың бірінші жұлдызына қалған қалдықтарын осы
ведомосқа көшіріп жазады. Ведомоста материалдар қоймалық есепте қаралған
номенклатуралары бойынша аралық шоттарға (субшоттарға) және синтетикалық
шоттарға топталған күйінде көрсетіледі. Бухгалтерияда
материалдардың қалдығы олардың жоспарланған есептеу бағасына көбейтіліп,
ай аяғына қалған материалдардың жалпы сомасы анықталады. Егер пайдаланатын
материалдар номенклатуралары аз болған жағдайда материалдарды
алған адамдардың қолын тек қоймалық есеп карточкасында қою арқылы
босатуға болады. Мұндай карточкалар тек 1 (бір) айға ғана
ашылып, ай соңында бухгалтерияға тапсырылады. Келесі айда олардың
орнына жаңа қоймалық есеп карточкасы ашылып, оған материалдардың ай
басындағы қалдығы жазылады. Құрылыс ұйымдарының құрылыс басындағы
бөлімшелері қоймалық - сорттық карточкасының орнына ай
сайын материалдардың кірісі, босатылуы және қалдығы жайлы үлгілі
түрі М -19А санды карточкасын толтырып есеп беріледі. Бұл есепте
материалдарға жауапты адамның жауапкершілігіндегі
материалдардың барлығы кіргізіледі.
Материалдық ресурстардың бухгалтериядағы есебін
ұйымдастыру.
Материалдардың аналитикалық есебін ұйымдастыруда олардың кірісі
мен шығысын сандық және ақшалай өлшемде есептеу көзделеді. Мұндай есептік
ұйымдастырылудың көп қиындығына байланысты аналитикалық есептеу жұмысы
үздіксіз жетілдіріліп келеді.
Есеп жұмысына есеп регистірінің мүлде ұжымдық жаңа түрлері
еңгізіліп, есеп жұмысының тәртібі жақсартылып, есеп мамандарының қайталап
есеп беруі жұмысын біртіндеп қысқартады.
Соңғы кезге дейін бухгалтерияда материалдардың сорттық, сандық
бағаларының есебін карточкаларда жүргізіп келеді. Номенклатуралы нөмірлері
карточка бөлек ашылады. Материалдардың кіріс етілуіне, босатылуына
жасалған әр бір құжат деректері тиісті карточкаларға жазылуы керек. Ай
біткеннен кейін әр карточка бойынша материалдардың кірісі мен шығысының
қорытындысын шығарып, олар жылдық айналым ведомостына жазылады.
Сөйтіп, бухгалтериядағы карточка қоймадағы жазылған деректер
қайталанады. Айырмашылығы қоймадағы карточкада сандық есеп жүргізілсе,
бухгалтериядағы карточкаларда сандық есеппен қатар олардың құндары да
көрсетіледі.
Бухгалтерияда материалдардың сорттық, сандық, бағалық есебін
жүргізу көптеген адам күшін және уақытты керек етеді. Сондықтан да
бухгалтерияда карточкалар мен айналым ведомостарын толтыру кей кездері
кешігіп қалып отырады. Мұндай есеп материалдарға дер кезінде көмек жасауға
жетілдірілген айналым ведомостін пайдаланып, жүргізілген сорттық, сандық
есебінде орын алады.
Есептін бұл әдісін қолданылған кезден бастап бухгалтерияда
соттық, сандық, бағалы карточкалар пайдаланылмайтын болады. Шығысталған
материалдардың сандық есебі алғашқы құжатта тікелей жинақталып қалдығы
шығарылады. Ай біткеннен кейін 10-15 күн ішінде материалдардың айналымы
мен қалдығы сорттық айналым ведомосында жазылады.
Бұл әдісті пайдалануда бухгалтерия жұмысын жеңілдеткенмен
кемшіліктер кездеседі. Ол кемшілік қоймадағы материалдардың сандық есебі
мен бухгалтерияда осындай есеппен қатар жүргізіледі. Материалдардың
бұл екі есебі көбіне бір - бірімен есеп байланыссыз материалдар есебін
одан әрі жүргізу негізінде жедел бухгалтерлік, оперативтік, салыстырмалы
есептеу әдісі пайда болады.
Егер ай бойы материалдарға кіріс, шығыс болса, онда саны мен
сапасы келесі айға жазылады. Материал қалдықтарының қойма карточкасы М -20
ведомосында сандық өлшемде көрсетілген материалдар жоспарлы бағасына
көбейтіліп, материалдардың әр бір есептелу топтары мен синтетикалық
шарттары бойынша сомалары есептеліп жазылады. Материалдардың сомалық есебі
синтетикалық шарттар бойынша олардың ішінде әр бір материалдық топтары
бойынша жүргізіледі. Өндірісте алдымен әр цех бойынша және шарттар
материалдардың кіріс - шығыс №11 ведомоста топтастырылады. Ал №10 ведомоста
өндіріске пайдалануға келіп түскен материалдар сонымен қатар сатылатын
материалдар синтетикалық шарттар бойынша көрсетіледі.
Пайдаланылған, сатылған материалдар №10 ведомость негізінде үлгілі түрі 10
-1 шығындарды есептейтін журналға жазады.
Құрылыста материалдардың бухгалтерлік жедел әдісі көбінесе үй
қүрылыс комбинаттарында, өндірістік - технологиялық жинақтау
басқармаларында, орталық қоймада тағыда басқа жерлерде қолданылады.
Құрлысқа жүмсалатын материалдардың мөлшері ай аяғында қалдықтарды
түгендеумен анықталады. Жедел бухгалтерлік әдіспен есеп жүргізбейтін кейбір
ұйымдар орталық қоймада тек материалдар бойынша айлық есеп береді.
Бухгалтерия қызметкері қойманың есеп беруімен бірге алғашқы құжаттарды да
тексеруі керек. Есеп бергендегі ай бойы құрамында өзгеріс болмаған
материалдардың ай басындағы саны мен сомасы сол күйінде келесі айға
жазылады. М — 20 түрлі ведомостағы әр бір материалдар қалдықтары оның
қоймадағы карточкадағы қалдықтарына әр қашан тең болуы шарт. Сондықтан
бухгалтерия материалдардың әр бір номенклатурасы бойынша М - 20 түрлі
ведомостағы материал қалдықтарының қойма қалдықтарына сәйкестігін жиі
тексеру керек. Реестрге тапсырылған құжаттар таксировкалауға, қорапқа жинау
және ярлыктармен белгілеуге жіберіледі. Құжаттардың алғашқы данасы ұзақ
мерзімді есептік өңдеуге жіберіледі, ал екіншісі номенклатуралық номерімен
құндылықтар топтары бойынша сақталу орнында қалады. Бұлар бухгалтериямен
қоймада анықтамалық мақсатта қолданылады.
Жинақтау ведомосты материалдар есебі карточкасы мен материалдар
қалдықтары кітабының берілгендерін бухгалтерия және қойма есебін салыстыру
үшін жасалады.
Материалдар қалдықтар кітабы ай бойы бухгалтерияда қолданылып, ай
соңында қоймаға беріледі. Онда қоймашы материал қалдықтарын жазып келесі
айдың 1 - 3 - і аралығында бухгалтерияға қайтарылады. Жинақтау
ведомостындағы материалдар қалдықтары кітабымен салыстырылады.
Бухгалтерияда жинақтау ведомостың негізге ала отырып (сальдолық әдіс
қолданбаса) Материалдар қозғалысының ақшалай көрінісі ведомоста жазылады.
Бұл ведомоста қоймадағы материалдар қозғалысы мен қалдықтары және ТЗР - ның
орташа проценттік есебі көрсетіледі. Бұл ведомость екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде кәсіпорынға келіп түскен материалдардың нақтылы құны мен
есептік бағасы және сомалары көрсетіледі. Екінші бөлімде Материалдардың
синтетикалық есебін жинақтаушы ведомость немесе Материалдардың қозғалысы
мен қалдықтары туралы есебі негізінде құрылады. Бұл бөлім берілгендері 20
- Материалдар бөлімдерінің шартары бойынша құрылған. Бас кітаппен
салыстырылады. Бұдан көретініміз транспорт дайындаушы шығындары немесе
шығысталған материалдардың нақты өзіндік құны мына бөлімдердің дебет
шоттарында көрінеді: 8011 901 Материалдық шығындар, 8031921
Материалдық шығындар,8041931 Қосымша өндірістің материалдық
шығындары, 8011901 Материалдар шығындар шотына көшіріліп жазылады.
Бухгалтерияда шығысталған материалдардың алғашқы құжаттарын негізге
ала отырып Материалдардың шығысталуын бөлу таблицасы құрылады. Бұл
кестеде тұтынушылардың цехы және шоттары, тапсырыстары, шығын статьялары,
есептік басқадай объектілері немесе колькуляциясы және есептік бағасы
бойынша материалдардың шығысы көрсетіледі. Осы кесте бойынша Цех
шығындары ведомостына мынадай жазбалар жасайды: Дебет 8011901,
8031921,8041931 шоттар, кредит 1310201, 1311202,1312 203,
1313204,1314 205, 1315206,1317 208.
Бухгалтерияда құндылықтардың сақталуына жүйелі түрде бақылау
жасау мақсатымен әр бір материалдар қалдықтарына бақылау - таңдамалық
тексеру жүргізілуі тиіс. Бухгалтерияның ең маңызды шешімдерінің бірі
өндіріске материалдарды қолдануға бақылауды ұйымдастыру.
Ай соңында цехта қолданылмай қалған материалдарды өндірістік
шоттарға сәйкес материалдар шоттарының берілгендерінің инвентаризациясы
бағалауы есебімен шығарылады (дебет шоттар 20 Материалдар бөлімі, кредит
8011901, 8031921,8041931). Жаңа айдың бірі күні бүл материалдар
қалдықтары мынадай бухгалтерлік жазбалармен өндірістік шоттар есебіне
жазылады. Дебет шоттары: 901, 921, 931. Кредит шоттар 20 Материалдар
бөлімі.
Өндіріске қолданылатын материалдарға бақылау жасау үшін мынадай
әдістер қолданылады: нормадан ауытқушылықты құжаттық рәсімдеу, партия
бойынша есеп, инвентаризация (түгендеу әдісі).
Нормадан ауытқушылықты құжаттық рәсімдеу шоттардың бір түрін
екіншісімен ауыстыру, нормадан тыс материалдарды босату жағдайында М -10
үлгілі түрдегі Материалдарды алмастыру талап актісі толтырылады.
Материалдардың әр партиясы бойынша ауытқуларды анықтауда партия
бойынша есеп әдісі қолданылады. Бүл есеп цехтың жоспарлы кезекшілік
бюрасы, мастер - распридителдермен іске асады. Есептік картада берілген
партияны ашу нәтижесінде қандай көлемде және қандай детальдар алу керек
екендігін және норма бойынша қалдықтар саны көрсетіледі. Нәтижелерді
анықтау үшін нақты алынған детальдар саны нормативпен салыстырылады. Норма
бойынша материалдар шығысы өңделген өнім санын шығын нормасына көбейту
жолымен анықталады. Үнемдеу немесе шектен тыс шығын шығысталған
материалдардың нақты санын нақты шығарылған өнімнің шығын нормасына
салыстыру арқылы анықталады. Есептік картада ауытқу себептері мен
материалдарға жауапты тұлға көрсетіледі. Партиялық есепті қолдану мүмкін
болмаған жағыдайда ауытқушылық материалдың әр түрлі әр орындаушылар,
бригада, бөлім немесе цех бойынша кезекті түгендеу көмегімен анықталады.
Цехтың ағымдық есебінің берілгендері негізінде бухгалтериядағы
өндіріске материалдардың қолданылған, нормадан ауытқушылығы, үнемдеу
немесе шектен тыс шығыстау себептері көрсетіліп рапорттар мен отчеттар
тапсырылады.
Материалдардың қозғалысының есебі бойынша шотаралық байланыстарды
қарастырсақ:
1. Жабдықтаушылардан қосымша құн салығысыз келіп түскен
материалдар құны
Дебет 1310201, 1315 206,1317 208;
► Жабдықтаушылардың сальіқ счет - фактурасына қосылған қосымша құн
салығы сомасына Дебет 1420 331 Қосымшы құн салығы. Кредит 4110671
Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есептесу счет - фактураның жалпы
сомасына қоймаға материалдар түсіп кірістеледі.
Егер салық счет — фактурасы болмаса және Қазақстан Республикасының
есебінде қосымша құн салығы бойынша есепте тұрмаған жеткізушілермен
төленген қосымша құн салығы есепке алынбайды, яғни 1420331 шот дебетіне
қатысы жоқ.
2. Негізгі құралдарды жоюдан түскен материалдар:
1315 206 Басқадай материалдар дебеттеліп, 6160 727
Қаржыландырудан түскен басқада кірістер шоты кредиттеледі.
3. Өндірістегі ақаудан алынған, өндіріс қалдықтары, өндірістен
қоймаға материалдар кірістеледі. . .
Дт: 1310201 Шикізаттар мен материалдар, 1311202 Сатып алынған
жартылай фабрикаттар, бұйымдар, конструкциялар, 1312203
Отындар, 1314205 Қосалқы бөлшектер, 1315206 Басқадай
материалдар.
Кт: 2930 126 Аяқталмаған құрылыс, 7440 821 Жалпы
және әкімшілік шығындар, 6312 862 Табиғи апаттардан болған
табыстар (шығын), 6313863 Тоқтатылған операциялар табысы,
8011901 Материалдық шығындар, 8031 921Қосымша өндірістің
материалдық шығындары,
4. Қоймада сақтауға, тиеп - түсіру, тасмалдауға кеткен шығындар
төленеді. Дебет:1310201-1317208.
Кредит: 4110671 Жабдықтаушылар мен, мердігерлермен есептесу,
2150333 Жеке тұлғалар берешегі, 1060441 Есеп айырысу шоты, 1010451
Кассадағы ұлттық валюта, 3350681 Еңбек ақы бойынша есептесу, 3440687
Басқадай кредиторлық есептесу бөлімінің шоттары.
5. Қоймадан материалдарды шығыстау: 20 Материалдар бөлімі
шоттары 1310201 -1315 206,1317 208 кредиттеледі .
Дебет: 1316207 Өңдеуге берілген материалдар, 8011901 Негізгі
өндірістік материалдың шығындары, 8031921 Қосымша өндірістік
материалдардың шығындары, 8041931 Әлеуметтік саланың
материалдық шығындары.
Кредит: 7210821 Жалпы және әкімшілік шығындар жөндеу және
ғимаратты ұстауға кеткен, басқару және шаруашылық бағыттағы шығындар,
7450845 Негізгі емес қызметтің басқадай шығындары - дебеттеледі, нақты
құнымен жіберілген еншілес кәсіпорынмен есептесу.
Келісілген бағамен өткізілген материалдар — 1350301 Сатып
алушылармен есеп айырысу, 1210 322 Тәуелді кәсіпорындардың
бережағы, 2110323 Бірлесіп бақыланатын ұйымдардың
берешегі және 6130 727 Негізгі емес қызмет табысы шот кредиттеледі
Табиғи апаттар мен тоқтатылған операциялардан болған табыс
(зиян) бөлімінің шоттары дебеттеледі, табиғи апат салдарынан жоюға
материалдарды босату. Жұмсалған материалдарды тұтынушылар шотынан есептен
шығару олардың нақты өзіндік құнымен есептеледі.
Өткізілетін материалдардың өзіндік құны есепті кезеңдегі (шығын
ретінде) табыс пен байланысты шығын ретінде есептелінеді. Барлық есептен
шығару сомалары өткізудің таза құнымен материалдардың жетіспеушіліктері
есепті кезеңдегі есептен шығару немесе шығыны болып есептеледі. Өткізудің
таза құны қарапайым шаруашылық қызметінің барысындағы болжамдалған бағадан
оларды сатуды ұйымдастыру мен жинақтауға кеткен шығындары алып тастағанға
тең.

1.2 Тауарлы-материалдық қорлар есебінің әдістері

Материалдардың бір ғана түрінің алу бағасы есептік кезең барысында
әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оларды дұрыс анықтау үшін, 7-БЕС
қарастырылған төрт әдістің бірін қолданамыз: арнайы (тұтастай)
идентификациялау әдісі; орташа өлшемді әдіс корларды бастапкы сатып алу
бағалары бойынша бағалау әдісі ("ФИФО"); корларды соңғы сатып алу бағалары
бойынша бағалау әдісі ("ЛИФО").
Есептен шығарылған (жұмсалған) материалдардың құны және ай
соңына қалған материалдардың қалдығы әртүрлі әдіс бойынша жеке анықталады.
Орташа өлшенген құндық әдісі. Бұл әдіс кезінде материалдық қорлардың
кұны — ай басындағы қалдық құнына ай бойында келіп түскен құндылықтарын
косып есептелінген орташа бағасы түсіндіріледі.
Бұл әдісті есептеудің математикалық формуласы мынадай:

Орташа құны =

Мұндағы:
- есептік кезеңнің басындағы қалған материалдардың қалдық
құны;
- есептік кезеңнің басындағы қалған материалдардың
қалдық саны;
- алынған материалдардың құны;
- алынған материалдардың саны.
Біздің мысалда цементтің орташа өлшемцік (немесе өлшенген) құны
мынаны құрады:

Орташа өлшем құнын, жұмсалған материалдың санына көбейтсек
[3232,35х(15+10+12)=119596,95 теңге], ода біз жұмсалған материалдардың
құнын аламыз, ал ай соңындағы материалдардың қалдық санын орташа өлшем
құнына көбейтіп — қалдық құнын аламыз.
Цементтің ай соңына қалған қалдық құны — 100203,05 теңге құраған (31
тонна х 3232,35теңге немесе 60 000+159800-119596,95).
Тап осындай жолмен бензиннің де орташа өлшенген құнын шығарамыз

Жұмсалған бензиннің құны 45,63 теңге х (50+150+300+100+100+100)=
=36504теңге. Қалдық кұны 300x45,63 теңге немесе 4500+45700-36504=13696
теңге.

Цемент
Бастапқы каддык: 20 тонна х 3000 бағасы = 60000 теңге
1-кесте
Кіріс Шығыс

10т *3100=31000 15т *3000 = 45000
2т *3200=6400 10т *5 20-15 *3000=15000
17т *3400=57800 5т *3100=15500
19т *3400=64600

Жиыны- 30500
12т -5т(10-5)*3100=15500
2т *3200=6400
5т *3400=17000
Жиыны -38900

"ФИФО" әдісі — босалқыларды алғашқы сатып алу бағалары
бойынша бағалау әдісі. Бірінші кезекте сатып алынған құндылықтардың нақты
өзіндік құны жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептеледі, яғни
бірінші келген — бірінші кетеді. Сонымен, соңғы қалдық кұны ең кейінгі
сатып алынғанның құнына негізделеді. Біздің мәліметгің негізінде "ФИФО"
әдісі бойынша соңғы калдықтың және жұмсалған материалдық құны мынаны
кұрайды:
Ай соңында калған қалдығы: 31 тонна (17-5+19) х 3400 (1 тоннаның
бағасы) = 105400 теңге.

Бензин

Бұл жерде цементтің есебіне ұқсас етіп шығарылды. Соңына қалдығы 300
литр (200 х 47 және 100 х 45): 200 х 4 7 = 9400 теңге; 100 х 45 = 4500
теңге; Жиыны 13900 теңге
Шығыстың құны: 4500+45700-13900=36300 теңге немесе 50 литр х 45 теңге
= 2250 теңге;
150 литр х(50 литр х 45 теңге, 100 литр х 46 теңге)= 6850 теңге; 300
литр х(200 литр х 46 теңге, 100 литр х 45 теңге)= 13700 теңге; 100 литр х
45 теңге =4500 теңге; 100 литр х 45 теңге = 4500 теңге; 100 литр х 45
теңге = 4500 теңге;
Шығыс жиынтығы 36300 теңге

Арнайы идентификациялау (бірыңгайлау) әдісі. Бұл әдіс қорлардың
партиялық есебін дәл ұйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданылады.

Мысал,

Бастапқы қалдықтың 15 тоннасы х3000 теңгемен - 45000 теңге

02.0105. келіп түскені 10 тонна х3100 теңге -31000
теңге
20.01.05 келіп түскен 12 тоннах 3400 теңге -
40800теңге
Шығыс жиыны
- 116800
Цемент қалдығынан қалғаны:

Бастапқы қалдықтан 5х3000
- 15000теңге

2х3200
-6400теңге
20.10.05 келіп түскеннен 5х3400
-6400теңге
19х3400
-17000теңге
Ай соңына қалған цементтің құны -103000
теңге
Бензин бойынша:

Қалдықтан қалған 50лх45 теңгеден босатылған -2250теңге

05.01.05 келіп түскен 150х46
- 6900теңге
20.01.05 келіп түскен 300х45
-13500теңге
20.01.05 келіп түскен 100х45
- 4500теңге
20.01.05 келіп түскент 100х45
- 4500теңге
05.01.05 келіп түскен 100х46
- 4600теңге
Шығыс жиыны
- 36250теңге
Бензиннің қалдығынан қалғаны:
Бастапқы қалдық 50х45
- 2250 теңге
05.01.05 келіп түскен 50х46
- 2300 теңге
29.01.05 келіп түскен 200х47
- 9400 теңге
Ай соңына қалған бензиннің құны -
13950 теңге
Енді қорларды бағалаудың әр түрлі тәсілдерін салыстырып
көрейік:
2 кесте
Орташа ФИФО Арнайы
Көрсеткіштер өлшенген әдісі идентификаци
құндық әдісі ялау әдісі
1 2 3 4
Цемент
Қорлар шығысы:
Бірлік саны 37 37 37
Құны теңге 119596,95 114400 116800
Ай соңында қалған
қалдық:
Бірлік саны 31 31 31
Құны, теңге 100203,05 105400 103000
Бензин А-95
Қорлар шығысы:
Бірлік саны 800 800 800
Құны теңге 36504 36300 36250
Ай соңына қалдық
Бірлік саны 300 300 300
Құны,теңге 13696 13900 13950

Жоғарыда келтірілген кестеден көріп отырғанымыздай, Тауарлық-
материалдық қорларды бағалаудың дұрыс әдісін тандау кәсіпорынның
таза табысына да, тұтас табысына да, қаржылык жағдайына да мәнді
әсер етуі мүмкін. Сондықтан оларды тандағанда салыстырмалы қағиданы
ұстаған жөн.
- Бір әдістен екінші бір әдіске көшер алдында, яғни
екіншісінің
біріншісінен басымдылығымен қатар мына жағдайларды да сақгау керек:
* шаруашылық жүргізуші субъектінің есептік саясатына өзгерістерді енгізу;
* бір әдістен екіншісіне кешуді, есепті жылдын. басынан бастап енгізу;
- дер кезінде тауарлық- материалдық қорлар қалдықтарына да және өткен
жылдардың таратылмаған табысына да түзетулерді енгізу.

1.3. Материалдық ресурстарды түгендеу мен оларды қайта бағалау

Қазақстан Республикасында осы күнгі қолданылып жүрген ереже бойынша
кәсіпорынды жылына кем дегенде бір рет өздерінің меншігіндегі материалдық
құндылықтарына түгендеу жүмысын жүргізуі керек. Түгендеу жұмысы міндетті
түрде мынадай жағдайда жүргізіледі:
* жылдық есеп беру (жыл аяғында) алдында (маусыммен жүмыс істейтін қайта
өндіруші кәсіпорындар, сондай - ақ дайындаушы және басқа да ұйымдар
материалдар мен шикізаттарға олардың қалдығының азайған кезінде) түгендеу
жұмысын жүргізе алады.
* материалдық құндылықтарды міндетті түрде түгендеу материалға жауапты
адамның ауысуына байланысты, ұрлық және қиянат жасалғанда, сондай – ақ
материалдық құндылықтар бұзылғанда, табиғи апат, өрт болғанда, кәсіпорын
таратылғанда және (қайта қүрылғанда) тағы да басқа жағдайларда
жүргізіледі.
Түгендеу жүргізу үшін кәсіпорынның басшысының бұйрығымен орталық
түгендеу камиссиясы құрылады. Бүл камиссияны шаруашылық субъектісінің
басшысы немесе оның орынбасары басқарады. Сонымен қатар әрбір цех, бөлімше
бойынша жергілікті түгендеу комиссиясы құрылады. Оның жұмысын орталық
комиссия ұйымдастырып және басқарып отырады.
Кәсіпорынның басшысының бұйрығымен түгендеу жүргізу оның басталуы
және аяқталу мерзіміне жауапты адам тағайындалады. Түгендеу жұмысы
материалдарға жауапты адамның жауапкершілігіндегі материалдардың түрлері
және олардың сақталуы тұрған жерлері бойынша жүргізіледі. Кәсіпорында
сақталып тұрған, бірақ оның өзі меншігіне жатпайтын яғни басқа шаруашылық
субъектісінің немесе мекеменің сондай - ақ, жеке адамның материалдарын да
түгендеу керек
Кәсіпорында активтердің дұрыс сақталып пайдалануын қамтамасыз ету
үшін түгендеудің мына төмендегідей тәсілдері жүргізіледі.
- Жоспар бойынша түгендеу - жылдың басында қаңтар айында
түгендеу жұмыстарының жоспары жасалып, мекеменің басшысымен бекітіледі;
-Іріктеп - бөліп түгендеу - бұл түгендеуде құрылыс
материалдары, болмаса жанар - жағар май, болмаса негізгі құралдар
бөлек - бөлек бақылау жүмыстарынан өткізіледі;
- Жаппай түгендеу - бұл түгендеу қызметтері негізінен
кәсіпорынға жылына бір рет өткізіледі. Жаппай түгендеу жұмыстарын өткізу
үшін, кәсіпорынға комиссия құрылады. Комиссияның басшысына осы
кәсіпорынның директоры бекітіледі. Жаппай түгендеу жұмыстары тоқтаусыз
жоспарлы түрде, жылына өткізіліп тұруы керек.
Түгендеу материалдардың сақтығын, сапалы жағдайын, бухгалтерлік
және қойма есебін дұрыс жүргізуді қамтамасыз ететін бақылау әдісінің бірі.
Мұны барлық меншік нысанына байланыссыз, жұмыс режиміне және қызмет түріне
байланысты кәсіпорындар мен ұйымдар жүргізіледі.
Түгендеу комиссиясы №3 үлгілі түрі Материалдарға инвентарлык
жазба жасайды. Жазбада материалдардың нақтылы бар берілгендері
көрсетіледі.Инвентарлық жазба бір дана көлемінде қайта санау, қайта өлшеу,
салыстыру бойынша әрбір материалдарға жауапты тұлға тобына сақталынып
тұрған жері бойынша жазылады.
Инвентаризация басталмас бұрын әрбір материалға жауапты тұлғадан
қолхат алынады. Әрбір материалдарға инвентарлық жазбаға бөлек аты,
номенклатуралық номері, түрі, тобы, сорты, саны бойынша енгізіледі.
Түгендеу нәтижесінде анықталған бұзылған немесе жарамсыз
материалдарға арнайы акт жазылады. Форманың соңғы бетіндегі комиссия
мүшелерінің қолының алдындағы екі бос жолға құжаттардың соңғы номері
жазылады. Бұл тек инвентаризация кезінде материалдардың қозғалысы болса
ғана жасалады.Егер есепте көрсетілмеген материалдар табылса, онда оларды
да түгендеу жазбасына қосады.Бұл инвентарлық жазба жазылып болған соң
бухгалтерияға салыстыру ведомісін жасау үшін топтастырылады.
Ереже бойынша материалдардың инвентаризациясы, олардың ғимарат ішінде
орналасу реті бойынша жүргізіледі және де инвентаризация кезінде олардың
орнын ауыстыруға жол берілмейді. Тексеруден кейін комиссия ғимараттың
есігіне пломба салып, келесі ғимаратқа көшеді.
Комиссия мүшелерінің үйғарымымен камиссия құрамына қоймашы және
басқадай материалдарға жауапты тұлғалар қатыстырылып міндетті түрде
кұндылықтардың барлығын қайта санау, қайта өлшеу тиіс.
Жазбаны материалдарға жауапты тұлғаның ауызша айтуы бойынша толтыруға
жол берілмейді.
Егер түгендеу жүргізіліп жатқан кезде материалдар келіп түссе,
онда оны материалға жауапты тұлға комиссия көзінше қабылдап,
инвентаризациядан кейін реестр немесе тауарлық есеп бойынша кірістейді.
Бұл материалдар бөлек Түгендеу кезінде келіп түскен материалдар атты
жазбада кірістеледі. Бұл жазбада қашан, кімнен келіп түскендігін, күні,
кіріс құжатының номері, құндылық аты, саны, бағасы және сомасы жазылады.
Ал, егер де түгендеу үзаққа созылып, материалдарды босату керек болған
жағдайда кәсіпорын басшысы немесе бас бухгалтердің жазбаша рүқсатымен
комиссия мүшелерінің көзінше босату. Бұл материалдарға да бөлек Түгендеу
кезінде босатылған материалдар атты жазба жазылады.Егер осы кәсіпорынның
жауапкершілігінде табылатын, бірақ иесі басқа кәсіпорын болып табылса, бұл
материалдарда осы кәсіпорын меншігіндегі құнмен бірге түгенделеді. Бұл
құндылықтарға да №5 үлгілі түрде Жауапты сақтауға алынған құндылықтар
атты жазба жазылады.
Жолдағы ақшасы төленбеген, басқа кәсіпорын қоймасындағы,
тиеліп кеткен материалдарға да мұқият көңіл бөлуі тиіс. Бұндай
материалдарға сомасын дәлелдеп беретін құжаттар рәсімделуі керек;
жолдағы материалдарға - шот төлем - талабы немесе осы құжатты алмастыратын
жеткізуші құжаты болуы шарт, тиелген материалдарға сатып алушының счет -
фактура көшірмесі көрсетуі тиіс, кейінге қалдырылған төлемге банк
құрылтайшысының міндет дәлелдемесі, басқа кәсіпорын қоймасындағы
материалдарға түгендеу күніне жақын жазылған қолхаты керек.
Қайта бағалау жоспарлық және есептік берілгендердің бірегейлігі мен
дәлдігін, материалдық есепте нақты көрсетілуін, өндіріс шығындарын,
кәсіпорынның рентабельділігі мен қаржылық нәтижелерін анықтауға мүмкіндік
береді.Шаруашылық субъектісінің материалдарын Мемлекеттік Статистика
органдарымен бекітілген инфлияция коэффицентінен тыс бағалауына мүмкіндігі
бар. Бұл тек мына жағдайда ғана орын алуы мүмкін, егер кәсіпорынның
материалдарының құны нарықтық бағадан айырмашылығы болғанда ғана.
Материалдарды бағалауда 20 Материалдар бөлімінің шоттары
дебеттеліп, 5320543 Басқада қосымша төлебеген капитал шоты
кредиттеледі. Кейбір кәсіпорындарда нарықтық тауарларға толуына және
маусымдық сатылу мерзіміне байланысты қайта баға қою мүмкіндігі туып
жатады. Мұндай жағдайда 5320543 Қосымша төленбеген капитал шоты
дебеттеліп, 20 Материалдар бөлімінің шоттары кредиттеледі.
Материалдарды қайта бағалау түгендеу жүргізудің ізі болып
саналады. Түгендеу жазбалары материалдарды қайта бағалаумен бағалауға
қызмет етуші құжат болып табылады. Қазіргі кезде шаруашылық субъектілері
материалдардың әр түрін қолданады. Осыған байланысты материалдардың
белгілеріне қарайтопталуы керек.
Бухгалтерлік есепте материалдар былай топталады:
1.Өндіріс процесіндегі рөлі мен мақсаты,
2.Техникалық қасиетіне байланысты.
Өндірстік процесіндегі рөлі мен мақсатына қарай шикізаттармен
материалдар деп бөлінеді.Шикізаттар–бұл кен өнеркәсіптерінен алынған және
ауылшаруашылығынан алынған қайта өңдеуді талап етеді.Материалдар –бұл
алдын-ала өнеркәсіптік өңдеуден өткен өнімдер болып табылады.

1.4. Тауарлы материалдық қорлардың қозғалысының құжаттық
рәсімделуі

Өндіріс запастарының шығысы мен түсімі бойынша жасалатын алғашқы
құжаттар материалдық есепті ұйымдастырудың негізі болып табылады. Тікелей
алғашқы қүжаттардың көмегімен тауарлы-материалдық запастардың тиімді
пайдалануын және сақталуын, қозғалысын алдын ала, ағымдағы және
келешектегі бақылануын жүзеге асырады. Есепті тиімді ұйымдастыру ісінде
қорлардың сақталуы мен есепке алынуына кдтысы бар барлык тұлғаларға баға
көрсеткішінің номенклатурасын жасап, таратудың маңызы зор. Онда
субъектінің қолында барлық материалдық қорлар белгілі бір белгілері
бойынша әзірленеді.
Әрбір атаулары, сорттары бойынша шартты сандық белгілері —
номенклатуралық нөмірі (коды) беріледі, содан соң барлық құжаттарда
Тауарлы-материалдық қорлардың бары мен козғалысы бойынша берілген нөмірі
қойылады. Номенклатуралык нөмірі: баланс шоттарының нөмірі немесе
материалдардың қатар нөмірі бойынша берілуі мүмкін. Материалдардың
номенклатурасында есептелінетін материалдардың бірлік бағасы көрсетіледі,
яғни ол баға-номенклатурасы деп аталады.
Ол жүйеленген материалдар тізімі бойынша жасалады және оны
кәсіпорынның барлық бөлімшесі (материалды-техникалық жабдық-
тау,бухгалтерия, қаржы бөлімдері) анықтама ретінде пайдаланады.
Тауарлы-материалдық қорлардын түсуін құжатпен рәсімдеу. Тауарлы -
материалдық қорларды кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мумкін:
жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станциясынан, айлақтардан,
аэропорттан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.
Жабдықтаушылардың (жіберушілердің) қоймаларынан Тауарлық-материалдық
қорларды алған кезде алушы-кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы
жүзеге асырады.
Материалдардың қозғалысын есепке алған кезде мынадай типтік кұжаттар
пайдаланылады.
Жабдықтаушылардың коймасынан тауарларды алу үшін материалды
жауаптытұлғаға сенімхаты беріледі. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп,
алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. № М-2а типтік ведомосы
аралық нысаны, алдын ала нөмірленген және түптелген Журналға (ү. №М-3)
тіркеледі. № М-2а нысаны келтірілген.
Берілген сенімхатты есептеу Журналы,сенімхатты тіркеуге және беруге
жауапты тұлғада сақталады.
Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім шарт жасалады,
ондай келісім шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі.
Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін
көрсетеді.Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол қойып,мөр
басады. Сол сенімхатта алынатын тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы
(кері) жағына жазылады. Бір қоймаға жататын Тауарлы - материалдық
қорлар алынған жағдайда оған бірнеше накладной керек болса, сенім беруші
сенімді тұлғаға бір сенімхатын беруіне болады, бірақ онда берілген барлық
накладнойдың нөмірі, күні көрсетілуі тиіс. Егер де бір ғана сенімді
тұлғаның бірнеше қоймадан тауар алуына тура келсе, онда оған әрбір қоймаға
ұсыну үшін жеке сенімхат беріледі.
Сенімхат, әрекет ететін мерзіміне қарамастан, тауарлы-материалдық
құндылықтарды алған кезінен бастап беріледі. Мерзімі өткен сенімхаттары
бойынша есеп бермеген лауазымды тұлғаға жаңа сенімхаттар берілмейді.

Тауарлы – материалды қорлар ала салысымен материалды жауапты
тұлға тапсырманы орындағаны туралы құжаттарды бухгалтерияға беріп, Тауарлы-
материалдық қорлар қоймаға өткізу керек, олардың сол кұндылықтарды
қуаттайтын сенімхаты толық болмаса да..
Егер де Тауарлы-материалдық қорларды алу құқы жойылса, онда
одан сенімхаты қайтып алынады, ал жіберушілерге басқа сенімхат
беріледі.Пайдаланбаған сенімхаттар мерзімі еткеннен кейін келесі күні сенім
білдірушіге қайтарылады.
Пайдаланбаған сенімхатты қайтарған кезде оны "Сенімхаттарды
есепке алу журналына" тіркейді және оның түбіршегіне "пайдаланбаған" деген
белгісін жасайды. Осындай сенімхаттар есеп беру кезеңнің соңына дейін
сақталады, сосын есепті кезеңнің соңында жойылады.
Жабдықтаушылар (жіберушілер) Тауарлы-материалдық қорлар
босатқан кезде, әрбір жіберілген бөлігіне үш данада накладной жазып, онда
сенімхаттың нөмірі, күні көрсетіледі. Оның біріншісі Тауарлы-материалдық
қорларды алушыда, екіншісі жіберушінің өзінде қалады, оны ол алдағы
кезеңде жіберілетін Тауарлы - материалдық қорларды бақылау жасау үшін
пайдаланады. Ал үшіншісі бухгалтерияға беріледі. Тауарлы- материалдық
қорды босатып біткен соң, ең соңғы партиясының құжаттарымен бірге
сенімхатын да бухгалтерияға тапсырады. Тауарлы-материалдық қорды мынадай
жағдайларда сенімхат бойынша босатуына болмайды:
- сенімхаттың барлық реквизитгері толық толтырылмаса,
жөнделген немесе өшірілген болса;
* көрсетілген сенімхаттағы құжаттары болмаса;
* сенімхаттың мерзімі біткен болса;
* субъектіден берілген сенімхаттың жойылғаны туралы хабар алса;
- сенімхат берген субъекті өз қызметін тоқтатса (жойылса, қайта
құрылымдық өзгерістер жасаса).
Жабдықтаушылар сатып алушының қоймасына автотранспортпен Тауарлы-
материалдық қорды жеткізіп берген кезде сатып алушылардың материалды
жауапты тұлғасы (қойма меңгерушісі) жабдықтаушылардың экспедиторьшан алған
Тауарлы –материалдық қордың санын және брутто салмағын, тауарлы-
транспорттық (көліктік) накладной мәліметімен салыстырады, олар екі данада
жазылады. Тауарлы-транспорттық накладной (ТТН) үлгісі төменде келтіріледі.
Егер олардың мәліметінде айырмашылық болмаса, онда оның бір данасына қол
қойып және штамп басып, Тауарлы-материалдық қор қабылданды деп жазады.
Накладнойдың бір экземпляры материалды жауапты тұлғада қалады. Ал егер
айырмашылық болса, онда оның саны мен сомасына Акті жасалады. Ол екі дана
етіп жазылады және оған екі жактың да жауапты түлғалары қол қояды. Оның
біреуін жабдықтаушыға жібереді, ал екіншісі Тауарлы-материалдық қор
кабылдаған жауапты тұлғада қалады, одан әрі ол бухгалтерияға беріледі.
Акты жабдықтаушыға талап-тілек қоюға негіз бола алады.
Тауарлы- материалдық қор теміржол транспортымен жеткізіп берген
кезде Тауарлы –материалдық қорды қабылдау вагондардан, контейнерден,
цистернадан түсірген жерінде немесе теміржол қоймаларынан
кабылданады.Тауарлы-материалдық қорлар алушы өкілі олармен қоса келген
құжаттардың (жүкті тасымалдауға берілген накладной) негізінде қабылдап
алады және қабылдау процесіне тасымалдаушының өкілі де, Сауда-өнеркәсіп
палатасынан келген тәуелсіз бақылаушы да қатысады.
Егер жүк қосарлана жүретін кұжаттарынсыз келсе, онда Тауарлы-
материалдық қорларды актімен рәсімделеді, сол актіде нақты Тауарлы-
материалдық қордың саны мен бағасы көрсетіледі. Бұл жағдайда
жабдықтаушылардың өкілі қатысқаны жөн, егер де олар болмаса тәуелсіз
бақылаушылар қатысады. Актіні жасаудың барлық ережесі сақталса, онда ол
заңды құжат болып табылады және жабдықтаушыға талап тілек қоюға негіз бола
алады. Тауарлы-материалдық қорды қабылдау кезінде жүзеге асырылатын
операциялардың барлығы автомобильмен, сумен, авиациямен әкелінетін
жүктердің операциясына ұқсас болып келеді.
Жоғары аталғандардан басқа Тауарлы - материалдық қорды халықтан
да сатылып алынуы мүмкін. Бұл кезде материалды жауапты тұлға сатып алынған
Тауарлы-материалдық қорға акті жасайды, онда: сатушынын аты-жөні, СТН
(салык төлеушінің тіркеу нөмірі), Тауарлы-материалдық қордың аты, алынған
бағасы, жалпы құны көрсетіледІ (актінің нысаны төменде келтірілді). Осы
актіде патентгің (куәлігінің) нөмірі және әрекет ететін мерзімі, қызмет
түрі немесе басқа да құжаттары (квитанциясы, бір жолғы талоны)
көрсетіледі. Егер де аталған құжаттар болмаса кәсіпорын бюджетке төленетін
жеке табыс салығын өзі төлейді.
Тауарлы-материалдық қорды кірістеуге мына құжаттар негіз болып
саналады:
- шот-фактура, онда: қатар нөмірі мен күні, атауы және жабдықтау мен
Тауарлы- материалдық қорларды сатып алушының СТН, ҚҚС –ын есепке қою
туралы куәлік нөмірі, әкелінген Тауарлы-материалдық қор атаулары мен саны,
құны акцизделетін Тауарлы-материалдық қор сомасы т.б.;
- тауарлы-транспорттық накладной;
- тауарды қабылдап алған материалды жауапты тұлғаның жазған
накладнойы мен құжаттары, атап айтқанда:
Кіріс ордері. Жабдықтауышлардан немесе ендеуден түскен запастарды
есепке алу үшін пайдаланылады. Ол бір ғана данада жазылады және ол жауапты
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түскен материалдарды алуды тексеру
Кәсіпорында тауарлық - материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы
Аяқталмаған өндіріс шығындары
Кәсiпорындардың (ұйымдардың) тауарлық-материалдық қорларының есебi, талдауы мен аудитi
Тауарлық-материалдық құндылықтар жөнiнде түсiнiк, олардың жiктелуi мен бағалануы
Мемлекеттің сыртқы сауда жағдайының теориялық негіздері
Тауарлы-материалдық қорлар есебінің аудиті
ҚОРЛАРДЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Есепке алу әдістемесі
Бухгалтерлік есеп теориясындағы материалды емес активтердің есебі
Пәндер