Бурабай демалыс орындары


Кіріспе
Қазақстан Еуразияның қақ ортасында, Шығыс пен Батыс дәстүрін жалғастырып, күретамырдың бойында жатыр. Кең-байтақ даламыздан шөлді аймақты, орманды да, сулы-нулы өлкені де табуға болады. Осыған сай елімізде танымдық, сауықтық, этникалық, экологиялық, шипажай-сауықтыру, аңшылық секілді түрлі туризм түрлерін ұйымдастыруға болады. Алайда Жаратқанның берген сол мүмкіншілігін пайдалана алмай отырғанымыз рас.
Еліміздегі емдік су көздері бар аймақ шипажай салуға сұранып тұрса, өткен ғасырлардағы қала орындары археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу арқылы ашық аспан астындағы мұражайға айналдыруға, табиғаты ғажайып аймақтар қорықтар тұрғызуға дайын тұр. Тіпті көне замандардан басталған мәдениетіміз бен әдебиетімізді әлемге паш етуге тұрарлықтай тарихи мекендер де жетерлік. Шетелдік сарапшылар «Қазақстандағы ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім туристік саланың дамуына оң әсерін тигізеді» деп баға беруде. Алайда отандық туризмнің дамуы жөнінен Қырғызстанмен де терезе теңестіре алмай келеміз. Мысалы, отандастарымыз жаз шықса Бурабайға емес, Ыстықкөлге қарай ағылады. Бұл - отандық туризмді дамыта алмай отырғанымыздың анық
Жер көлемі жөнінен әлем елдері бойынша 9-орында тұрсақ та, биыл туризм саласы бойынша 68-орыннан 71-орынға төмендеп кеттік. Ал сырттан келетін туристердің саны 2000 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өспеген. Өспек түгілі, соңғы жылдары еліміздің әсем табиғаты мен демалыс орындарына келетін туристер саны күрт азайған. Мамандардың айтуынша, бұған басты себеп елімізде туризм саласындағы дұрыс жарнаманың жоқтығынан көрінеді. Тіпті аталмыш жерлерді туристік орындарға айналдырудың орнына табиғатын ластауға жол беріп отырғанымыз салғырттығымыздан болса керек. Мысал ретінде, Астананың іргесіндегі кез келген елдің табиғатымен тайталаса алар Бурабай көлінің қазір ластанып, курортты аймақтың қоқысқа тұншығып жатқанын айтсақ та жеткілікті шығар.
«Қолда барда алтынның кадірі жоқ» десек те, бүгінгідей қаржылық дағдарыс кезеңінде барымызды бағалаудан ұтпасақ, ұтылмаймыз. Біріншіден, жыл сайын Қазақстан аумағынан шығып, шетелге барып демалатындар ақшамызды шекара асырмай, теңгеміздің қалтамызға түсуіне жол ашылар еді. Әйтпесе әлі күнге жат жұрттың экономикасының дамуына үлес қосып келе жатқанымыз ащы да болса шындық. Екіншіден, туған жеріміздің әсем табиғатын шет мемлекеттердің азаматтарына танытуға мүмкіндік туады. Үшіншіден, күтімсіз жатқан жерлер адамдардың назары ауған соң, қамқорлыққа алынуына себепші болса, төртіншіден, бюджетке де түсер пайдасы аз болмаса керек. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристiк нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкiншiлiк бередi, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бiрi ретiнде дамытуды қажет етедi.
Қазіргі таңда туристер қайда демалғысы келсе де өз еркі. Алайда, азаматтарымыз шілде шығысымен шабадан жинап шет елге шапқылауын шектемесе, жұмсаған он теңгені жүз теңге етіп қайтару орындалмас жоспар болмақ. Елімізде тәннің тынығып, жанның тыныш табатын орындары көп ақ. Мәселен Көкшенің Бурабайында бір күндік демалыс құны орташа есеппен 18000 теңгені құрайды екен. 180 000 теңге төлеңіз де, он күн өз еркіңізше демала беріңіз. Туризмі қаншама елден қара үзіп алдыға кеткен Туркияның өзінде бес жұлдызды қонақуйде 10 күн демалу үшін 1200 АҚШ долларын қисаңыз болғаны. Ал, түрік ағайындардың қонақүй жайымен қызметі біздікілермен салыстыруға келмейтіні айдан анық. Демалушылар үшін ыстығы басылмайтын іргеміздегі Ыстыққөлдің пансионаттарында бір күндік демалу 120 мен 140 АҚШ доллары аралығында болады екен.
Қазіргі Ақмола облысының солтүстігі мен оған шектесіп жатқан Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарын қамтиды. Орталық бөлігінде Көкшетау қыраты орналасқан. Осында шығыстан батысқа қарай Көкше, Жақсы Жалғызтау, Жаман Жалғызтау, Имантау, Жыланды, Сандықтау, Үлкентүкті, Бұқпа, Қошқарбай, Зеренді таулары, Айыртау, Сырымбет секілді таулар мен Шортанды, Бүркітті асуы, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Бурабай, Айнакөл, Айдабол, Зеренді, Қопа, Атансор, Майлысор, Мамай, Саумалкөл, Шалқар, Үлкен Қоскөл, Кіші Қоскөл, Жолдыбай, Қалмақкөл, Шағалалытеңіз, Сілетітеңіз, Теке, Үлкен Қараой, Кіші Қараой, Қалибек, т. б. көлдер орналасқан. Бурабай көлінің ортасында Жұмбақтас тұр. Бұл аймақта Оқжетпес, “Жеке батыр” , Кенесары үңгірі, т. б. тарихи орындар бар.
Қалада тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, металл өңдеу, химия өндірісі, металл емес бұйымдар өндіру, картон мен қағаз өндіру кәсіпорындары, жылу, электр энергиясын, газ және су тарату мекемелері бар. Білім жүйесі саласында 3 жоғары оқу орны, 13 арнайы орта оқу орындары, жалпы білім беретін 23 мектеп жұмыс жасауда. 2 театр, филармония, қалалық кітапханалар жүйесі, 4 мұражай, көрме залы, 6 клубтық мекемелер қалалықтар мен қонақтарға мәдени қызмет көрсетеді. Қалада дене шынықтыру және спорт саласы жақсы жолға қойылған. 3 стадион, 3 жүзу бассейні, 1 шаңғы базасы, 6 спорт мектебі бар.
Көкшетауға саяхат
Көкшетау- қала, тау, Солтүстiк Қазақстан обл. Қала аты Көкшетау атынан қойылған 1824ж. негiзi қаланған.
Көптеген көлдерi бар және қарағай қалың өсетiн жер. Атаудың бiрiнщi сыңарындағы “ көк” сөзi - “аспан” және екiншi сыңарындағы ше- үстемелi теңеу мәндi қосынша. Атаудың толық мағынасы: “көкпенбек, әдемi, сұлу бөп көрiнiп тұратын тау”. Оның суретi мен келбет- кескiнi С. Сейфуллиннiң “Көкшетау” поэмасында тамаша берiлген. Биiктiгi 947 м-ге дейiн келедi.
Орысша “Синюха” деп аударғанмен, ресми түрде қазақ тiлiндегi тарихи Көкшетау аты берiк орын алған Е. Қойшыбаев атаудың мән- мағынасы туралы:”Көкшелi тау”, қазақтың осытауда жайлаған ( не қыстаған) ескiру тобының (Көкшенiң) атымен байланысты. Оның үстiне, қазақтың Көкшебай,
Байкөкше антропонимдерiмен жақсы үндеседi ; деген үзiлдi - кесiлдi пiкiр айтады ( Е. Қойшыбаев. Қазақстанның жер-су атталы 1985, 136 б) . Таудың Көкшетау аталуы жер табиғатына, оның сұлу төңiрегiнiң оның баурайының мәнгi жасыл, көгерiп, алыстан көкшiл бөп көрiнетiн, жасыл желең қарағай түсiне орай қойылғаны кiлеге болса да белгiлi.
Көкшетауда әдемi, сұлу табиғат
Бурабай кенті
Бурабай - Ақмола облысының Щучье ауданындағы кент, кенттік әкімшілік округі орталығы. Облыс орталығы - Көкшетау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 90 км жерде, аудан орталығы - Шучье қаласынан 22 км, Бурабай көлінің солтүстік-шығыс жағасында, қарағайлы-қайыңды орман өскен сұлу Көкшенің етегінде орналасқан. Тұрғыны 6, 5 мың адам (1998) . Іргесі 1910 жылы қымызбен емдеу санаторийінің ашылуына байланысты қаланған. 1939 жылдан кент. Оның төңірегінде көптеген денсаулық сақтау мекемелері ұйымдастырылған. Мұнда Қазақстандағы ең ірі “Бурабай” курорты орналасқан. Одан басқа балалар санаторийі, әскери санаторий және демалыс үйі, медициналық жабдықтар жөндеу шеберханасы, орман шаруашылығына, жалпы білім беретін мектептер, музыкалық мектеп, мәдениет үйі, кинотеатр, табиғаттану музейі, т. б. мекемелер бар.
Бурабай шипажайы
«Бурабай » - Ақмола облысының Щучье ауданындағы қымызбен емдейтін республикалық маңызы бар курорт. Щучинск қаласынан 20 км жерде, Бурабай көлінің жағасында орналасқан. Көкше тауы (абсолюттік биіктігі 947 м) солтүстіктен соғатын өкпек желге тосқауыл болады, оның баурайында қарағайлы, қайың аралас ормандар өскен. Ауаның орташа температурасы: қаңтарда -16ӘС, шілдеде 19ӘС; жауын-шашынның жылдық мөлшері 400 мм-дей. Бурабайда қымызбен емдейтін тұңғыш емхана 1910 ж. ашылған. Курорт 1920 жылдан жұмыс істей бастады. Қарағайлы орман ішінде екі санаторий (екеуі де «Бурабай» деп аталады) орналасқан: біреуінде ересек адамдар, екіншісінде балалар емделеді. Екеуі де жыл бойы жұмыс істейді. «Бурабайдағы» негізгі ем - қымыз, сондай-ақ климаттық факторлар (қарағайлы орман, шипалы таза ауа, сұлу табиғат) кеңінен пайдаланылады, физиотерапия тәсілдері, Балпашсордың тұзды балшығы, Майбалық көлінен тасылатын хлорлы-натрийлі-магнийлі минералдық су, т. б. қолданылады
«Бурабай» ұлттық паркі
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Ақмола облысының Щучье ауданында орналасқан. 2000 жылы ұйымдастырылған. Саябаққа Қазақ ұсақ шоқылы аймағының (Сарыарқаның) солтүстік-батыс бөлігіндегі Көкшетау қыратының шығыс бөлігінде орналасқан Бурабай таулы орман сілемі кіреді. Жер аумағы 83, 5 мың га. Саябақ орналасқан аймақта ауа райы континенттік, қысы суық әрі ұзақ, ал жазы қысқа, ыстық. Қаңтардың орташа температурасы -16, 7°С, шілдеде -18, 6°С. Бурабай сілемдерінде Бурабай, Шортанды, Қатаркөл, Үлкен және Кіші Шабақты, т. б. табиғаты әсем көлдер көп. Мұндағы көлдердің суы негізінен тұщы. Саябақ аумағында шағын өзендер мен жылғалар да бар. Бурабай орман сілемінде қылқан жапырақты және аралас жапырақты қалдық ормандар плейстоцен дәуірінен бері сақталып келеді. Онда республиканың солтүстік аймақтарына тән өсімдіктер мен жануарлардың реликт түрлері де сақталған. Саябақта өсімдіктердің 757 түрі өседі, оның 95-і сирек және жойылып кету қаупі бар түрлер (мыс., ірі гүлді шолпанкебіс, қара қандыағаш, бұғы қынасы, Фукс сүйсіні, т. б. ) . Орманды алқапта көбірек өсетін ағаштың бірі - қарағай. Одан басқа көктерек, тал, ырғай, бозарша, итмұрын, долана, қарақат, т. б. өседі. Реликті түрлерден - қырықжапырақ, қырықбуын, плаун, қияқөлең, мүкжидек, т. б. бар. Сондай-ақ саябақтың флора құрамында дәрілік, тағамдық, әсемдік өсімдік түрлерін көптеп кездестіруге болады. Кейбір шағын көлдердің жағалауларында реликті шымтезек батпақтары да бар. Саябақтың фауна құрамы да өте бай. Мұнда омыртқалы жануарлардың 305 түрі мекендейді, олардың 87-сі сирек кездесетін түрлер. Мұнда кәдімгі бұғы және асканияның буданды бұғылары жерсіндірілген. Орманды алқаптарда сілеусін, ақкіс, ақ қалақ , орман сусары, т. б. мекендейді. Саябақ аумағында балықтардың 6, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 6, құстардың 200-ден астам түрі кездеседі. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген бүркіт, қарақұс, үкі, т. б. бар. Омыртқасыздар әлемі әлі толықтай зерттеліп біткен жоқ. Бірақ қорғауға алынған жәндіктердің кейбір түрлерін: әдемі қызинелік, Сервилдің севчугі, дала сколиясы, карминді поляк сымыры, т. б. кездеседі. Саябақ ландшафтысының ғажайып табиғатына қарап, бұл алқапқа «Қазақстан Швейцариясы» деген теңеу береді. Мұнда үгілу мен желдің әсерінен ерекше тас мүсіндер қалыптасқан
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Ақмола облысының Щучье ауданында орналасқан. Саябақтың жалпы аумағы 83 510 га, оның ішінде орман алқабы 47 361 га, жер беті сулары 8 493, 5 га. Климаты шұғыл континентальды. Қаңтар айындағы орташа температура -16, 70С, шілде айының орташа температурасы +18, 60С. Орналасқан жері Қазақстан, Ақмола облысы 2000 жылы құрылған 12 тамызда
Бурабай- Көкшетаудағы әдемi көл. Суы тұщы және мөлдiр. Көлдiң ең терең жерiндегi жәндiктер мен балықтар айқын көрiнедi. Көлдiң айналасы- сыңсыған қарағайлы қайыңды орман. Көкшенiң әйгiлi шоқылары “Жұмбақтас”, “Оқжетпес” көлдi ерекше көрiктi етiп тұрады. Сол себептi де жұрт оны “Қазақстан Швейцариясы” деп те атайды. Көлде әр түрлi балықтар бар. Бурабай көлiнiң айналасында курорт, демалыс орындары орналасқан. Ол- таза ауасымен, қымызбен емдейтiн iрi курорт. Бурабай табиғатының көркемдiгi жөнiнен әлем курорттарының iшiнде ерекше орын алады. Қалада көптеген зәулiм үйлер, демалас орындары, жоғары оқу орындары бар. Көшелерi ұзын әрi кең. Көшелерiнiң екi бойын жағалай өскен үлкен ағаштар бар. Көкшетау, әсiресе, көктемде әдемi болып кетедi. Себебi жемiс ағаштары гүлдеп, бүкiл дала жаңарғандай болады. Қалада әсем саябақтар мен көшелер, тарихи орындар өте көп
Өсімдіктердің 757 түрі кездеседі. Оның 12 түрі Қызыл Кітапқа енген. Жайқалған ағаштардың 65%-ын қарағай, 31%-ын қайың, 3%-ын көктерек, 1%-ын бұталы өсімдіктер құрайды. Тау қыраттарының үгілуі мен желдің әсерінен Бурабайда Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Бүркіт, Түйе, құдыр, Сфинкс сияқты ерекше тас мүсіндер пайда болған.
Бурабай өлкесінде қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлері орналасқан. Демалыс орындарындағы екі кісілік бір бөлмені жалға алудың орташа құны жаз айларында 10 000-15 000 теңгені құрайды. Жаз айларында балалар лагері жұмыс жасайды.
Бұл аймаққа денсаулығын түзету мен демалу мақсатымен жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.
Бурабай демалыс орындарында спорт кешендері орналасқан, экскурсиялық бағдарламалар жүргізіледі. Көктем айларында балық аулау маусымы басталады. Бурабай көлдері мен өзендерінде балық аулау үшін алдын ала рұқсат қағазын сатып алу керек
Туризм қоршаған ортаның компоненттеріне талқандауына əсер ететіні жəне табиғи кешендердің дағдарысына əкеліп соғатыны мен оларды уақыт өткен сайын туризм мен рекреация мақсатына жарамсыз қылатыны көпшілікке танымал. . Ландшафттың эстетикалық тартымдылығының төмендеуі мен ластануында жер үсті жəне су туризмнің үлкен рөл атқарды.
Егер ертеде ормандарда, таулар мен жағалауда шағын маусымдық қонатын жерлер мен баспаналар болса, қазір олардың орнына тəулік бойы жұмыс істейтін мейманханалық кешендер мен демалыс базалары келген. Жайлы 4-5-жұлдызды қонақ үйлері бар қысқы курорттар мен тауда шаңғы тебу базаларының желілері кеңеюде. Олардың құрылысы тау беткейлерін бұзуымен, жаңа жолдарды, салуы мен кеңейтілуімен қосарланады.
Бұның бəрі туристік базалардың қоқыстарымен бірге су жағалауындағы барлық тірі жандыларға ажалды қауіп төндіреді. . Туристердің су көліктерінің моторлы қайық, гидроцикл, катер жəне скутер сияқты түрлерін белсенді пайдалануы су экожүйесіне тигізетін əсерін арттырады. Олардың қозғалтқыштары жанармай мен майдың қосындысында жұмыс істейді, бұл зиянды қалдықтар суда ескек бұрандасымен араласып, оттегісіз майлы-эмульсиялық қоспа тудырады.
Бұл табиғи аймақтарға, оның ішінде айтарлықтай қашық табиғат орындарына баратын туристер ағымының едəуір ұлғаюына, олар қалдыратын тұрмыстық қоқыстар көлемінің көбеюіне, барлық жерлерде ұйымдаспаған автотұрақтарға, су қоймаларында машина жууға əкеліп соғады. Туризм мен рекреация нəтижесінде шамадан тыс антропогендік əсерге ұшыраған табиғат нысандарының мысалы ретінде Щучинск-Бурабай курорттық аймағын, Түрген шатқалын, Шарын құзын атап өтуге болады .
Екі ұлттық парк пен бір мемлекеттік қорық орналасқан Ақмола облысының аумағында туризмді дамыту үшін қажетті жағдайлардың бәрі бар. Щучинск-Бурабай курортты аймағының құрылуы өңірдегі туризм саласын дамытуға айтарлықтай серпін берді. Бүгіндері бұл бағдарлама тікелей Үкімет басшысының жіті назарына алынып, арнайы экономикалық аймақта туристік кластерді дамыту үшін барлық күш жұмылдырылуда, сондай-ақ,
облысымыздың ең көрікті аймағында, яғни, Бурабай ауданында қазіргі заманға сай туристік кешенді салу жұмыс-тарын қолға алуды тапсырған болатын. Солардың бірі - Қазақстан Республикасының индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігінің тапсырмасымен қолға алынған «Burabay Lakes Resort Hotel» туристік қонақ үй кешенінің құрылысын атап өтуге болады.
Құрылыс жұмыстары жеті кезеңнен тұрады. Барлық кезең бойынша жалпы 5500 адам жұмыс істейтін болады. Осылайша, тұрақты жұмыс орындарын ашу нәтижесінде 2021 жылы 23650 адамды жұмыспен қамту көзделуде. Жоба бо-йынша 2012-2013 жылдары қазіргі заманғы үлгідегі «Су жағалауында», «Лесной» курорты орталықтарын салу, ал, 2013-2016 жылдары «Озерный» курортты орталығы құрылысын жүзеге асыру жоспарланған. Бірнеше жылды қамтитын ауқымды жобаның алғашқыларының бірі-Щучье көлінің жағасында орналасқан «Burabay Lakes Resort Hotel» туристік қонақ үй кешенінің құрылысы. Қонақ үй құрылысы Щучье көлінің солтүстік жағасында жүргізілуде. Мұндағы жергілікті жердің ланшафты Швейцариядағы «Альпі», Германиядағы Бавария сияқты әсем туристік орындардан еш кем түспейді. Бұл дегеніміз он шақты жылдың ішінде өңірімізге шет елдік туристердің лек-легімен ағылып келетініне сенімділік ұялатады.
Құрылыс жұмыстарын қолға алған түркиялық мердігер компания «А-ТA-Stroy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі екенін атап өткен жөн. Олар еліміздің басқа өңірлерінде де осындай құрылыс жұмыстарына қатысып жүрген тәжірибиесі мол компания. Мұндағы 5 жұлдызды қонақ үй құрылысы 88 миллион 517 мың АҚШ долларына бағаланып отыр. Бұл құрылыс-қа «Бурабай туризм сити» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі инвестор болып отыр. Кешеннің жалпы аумағы 10 гектарды құрайды. Ғимараттың жалпы аумағы 30 мың шаршы метр, яғни, екі жүз «Ресорт отель» класты бөлмелері бар. Бұдан қонақ үйі кешенінің бір мезетте 250-ден 402-ге дейін адамды қабылдауға қауқарлы екенін бағамдауға болады. Сондай-ақ, мұнда қонақтарға қосымша қызмет жасайтын техникалық бөлмелер де қарастырылған. Әсіресе, әр бірі 200 орындық екі «VIP» мейрамхана, мәдениет, бизнес орталықтары және 600 орындық мәжіліс залы бар екенін атап өткен жөн. Құрылыс жұмыстарына жалпы, бар-жоғы 400-ге жуық адам жұмылдырылған. Құрылыс жұмыстарын жоспар бойынша жыл соңында аяқтап іле-шала кешенді тапсыру жоспарланып отыр. Қонақтар жайғасатын бөлмелерден бастап, сауна, массаж орны, жабық бассейн, мейрамхана, мәдени және бизнес орталықтары мен мәжіліс залдарының құрылыстары аяқталуға жақын.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда Щучинск-Бурабай курортты аймағында «Империал М» және «Lafatte» казинолары жұмыс істейді. Соңғы кездері өңірде ойын бизнесі нысандарын ашу нәтижесінде бұл аймаққа туристердің келуі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға артып отыр. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында Бурабай ауданында «Туристік-спорт кешенінің құрылысы» жобасы жүзеге асырылуда. «Казтрансойл-Сервис» акционерлік қоғамы тарапынан аумағы 103 гектар гольф-клубының құрылысы талқылану үстінде. Бұдан басқа «Бурабай кентіндегі фин деревнясы» жобасы шеңберінде жеке кәсіпкер «Цой» рестораны, саунасы бар қонақжай кешені орналасқан мәдени ойын-сауық орталығының құрылысын жүргізуде.
Жалпы, курортты аймақта туристік кластерді дамыту мемлекеттік бағдарламасында туризмді дамытудың бағдарлары жан-жақты қарастырылған. Мәселен, қысқы демалысты ұйымдастыру жайы. Қазір барлық демалыс орындарының 35 пайызы ғана қысқы демалыс шараларын ұйымдастырған. Оның өзінде бұл демалыс орындары қыс айларында 30-35 па-йыз ғана жүктемемен жұмыс істейді. Қалған демалыс үйлері алты ай қыс бойы қаңырап бос тұрады. Қазіргі нарық жағдайында мұның қаншалықты залал тигізетіндігі кім-кімге де белгілі. Осыған орай, демалыс орындарын қысы-жазы толық жүктемемен жұмыс істеулерін қамтамасыз етуді шешу қазіргі ең басты мәселе болып отыр. Бұл бағытта жаңа бағдарлама шеңберінде көптеген шаралар жоспарланған. Щучинск қаласында қазір шаңғы орталығы салынып жатыр. Мұндай орталықтар Зеренді, Сандықтау аудандарында да салынатын болады.
Ерейментау, Сандықтау, Қорғалжын, Зеренді аудандарында туризмді дамытудың болашағы зерттелуде. Осы аймақтарға зерттеу мақсатында мамандардан құралған арнайы экспедиция ұйымдастырылды. Жарнамалық қызметті кеңейту бағытында да біраз жұмыстар қолға алынбақшы. Соңғы үш жылда жарнамалық өнімдер көлемі де біршама артты. Болашақта оның көлемін де, сапасын да одан әрі арттыру жоспарланып отыр.
Бурабайдағы демалыс аймағын қауіпсіздендіру, абаттандыру бағытындағы жұмыстар онан әрі жалғаспақ. Осы кезге дейін орман ішіндегі жолдар жөнделіп, жарықтандырылды. Жағажайлар қоршалып, абаттандырылды. Демалушылар көп жүретін орындарда дәретханалар орнату, басқа да қажетті жағдайлар жасау шаралары қолға алынуда.
Ақмола облысында Бурабайдан да басқа табиғаты көркем өңірлер аз емес. Зеренді, Сандықтау, Ерейментау, Ақкөл, Бұланды, Қорғалжын өңірлерінде де туризм біртіндеп дамып келеді. Зеренді аймағында бүгінде көптеген демалыс орындары, оның ішінде қысқы демалыс орындары жұмыс істейді. Қорғалжын қорығының аумағында да демалушыларға арнап шағын үйлер салынды. Тоңазытқышы, теледидары, басқа да қажеттіліктермен жабдықталған осындай шағын үйлерде жаз айларында табиғат аясында дем алғысы келетін адамдар қатарының өсе түсіп отырғандығы бұл аймақтың туризмді дамытуда келешегінің зор екендігін көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz