Қоғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау саласы



К і р і с п е
1 Әрекеттің қылмыстылыгын жоққа шығаратын мән. жайлар туралы түсінік
2 Әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мәнжайлардың кейбіріне жалпы сипаттама. Қажетті қорғану
3 Қолсуғұшылық жасаған адамды ұстау кезіндегі зиян келтіру
4 Орынды тәуекел ету
5 Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу
Әрбір азаматтың конститутциялық борышы- қоғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау.Осы міндетті жүзеге асыруда жеке адамға, қоғамға,мемлекетке қарсы бағытталған іс-әрекеттерді дер кезінде тыюдың, тойтарудың маңызы ерекше.Қоғамға қауіпті іс-әрекетті тойтаруда,оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төндірген адамға материялдық, моральдық және басқа да зиян келтіруі мүмкін. Мұндай әрекеттер формальдық жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында көрсетілген қылмыс құрамына жатуы мүмкін.Бірақ та бұл әрекеттер белгілі бір жағдайларда қылмыс болып табылмайды. Өйткені мұндай әрекетте қылмыстың материялдық белгісі болып табылатын басты белгі- қоғамға қауіптілік жоқ. Керісінше, мұндай жағдайларда, қоғамдық қатынастарға зиян келтіруге бағытталған қауіпті жою,тойтару қоғамға пайдалы іс-әрекет деп танылады.Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша бұларға қажетті қорғану; аса (мәжбүрлі) қажеттілік; қылмыскерді ұстау; орынды кәсіби тәуекел; күштеу немесе психикалық мәжбүрлеу; бұйрықты немесе үкімді орындау әрекеттері жатады.
Аталған жағдайларда істелген әрекет немесе әрекетсіздік сырттай қылмыс белгілеріне ұқсамағанымен, толарда қоғамға қауіптілік болмағандықтан, қылмыс қатарына жатпайды. Өйткені бұл аталған институттар қоғамға пайдалы іс-әрекеттер қатарына жатады. Енді осы мән-жайларға талдау жасайық.
1. Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
К і р і с п е
Әрбір азаматтың  конститутциялық борышы- қоғамдық қатынастарды
қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау.Осы міндетті жүзеге асыруда
жеке адамға, қоғамға,мемлекетке қарсы бағытталған іс-әрекеттерді дер
кезінде тыюдың, тойтарудың маңызы ерекше.Қоғамға қауіпті іс-әрекетті
тойтаруда,оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төндірген адамға материялдық,
моральдық және басқа да  зиян келтіруі мүмкін. Мұндай әрекеттер формальдық
жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің  жекелеген баптарында
көрсетілген қылмыс құрамына жатуы мүмкін.Бірақ та бұл әрекеттер белгілі бір
жағдайларда қылмыс болып табылмайды. Өйткені мұндай әрекетте қылмыстың
материялдық белгісі болып табылатын басты белгі- қоғамға қауіптілік жоқ.
Керісінше, мұндай жағдайларда, қоғамдық қатынастарға зиян келтіруге 
бағытталған қауіпті жою,тойтару қоғамға пайдалы іс-әрекет деп
танылады.Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша бұларға қажетті қорғану;
аса (мәжбүрлі) қажеттілік; қылмыскерді ұстау; орынды кәсіби тәуекел; күштеу
немесе психикалық мәжбүрлеу; бұйрықты немесе үкімді орындау әрекеттері
жатады.
Аталған жағдайларда істелген әрекет немесе әрекетсіздік сырттай қылмыс
белгілеріне ұқсамағанымен, толарда қоғамға қауіптілік болмағандықтан,
қылмыс қатарына жатпайды. Өйткені бұл аталған институттар қоғамға пайдалы
іс-әрекеттер қатарына жатады. Енді осы мән-жайларға талдау жасайық.

Әрекеттің қылмыстылыгын жоққа шығаратын мән- жайлар туралы түсінік

Қылмыстық-құқықтық тәжірибеде құқыққа қайшы әрекеттің белгілі бір
жағдайларда қоғамға қауіптілігі мен кінәлілігін жоққа шығаратын және
адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын жағдайлары аз кездеспейді.

Мұндай мән-жайларға жататындар:

▪ Қажетті қорғану;
▪ қолсұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру;
▪ жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру;
▪ аса қажеттілік;
▪ орынды тәуекел ету;
▪ күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу;
▪ бұйрықты немесе өкімді орындау.
Мұндай мән-жайлар қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға
төнген нақты қауіп-қатерді жоюға бағытталған қоғамдық-пайдалы және мақсатқа
сай әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығарады.

Әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мәнжайлардың кейбіріне жалпы
сипаттама. Қажетті қорғану

Әрбір адам өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін, басқа адамның,
қоғамның, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қолсұғушылықтан
қорғауға құқығы бар.Қажетті қорғану кез келген азаматтың заңды құқығы. Кез
келген азамат билік өкілдерінің немесе басқа адамдардың көмегіне жүгіну
мүмкіндігіне немесе қашу арқылы қол сұғушылықтан құтылуына қарамастан
қажетті қорғану құқығын пайдалана алады. Қажетті қорғану әрекеті
қолсұғушылыққа жатқызатын және қорғану ретінде сипаттайтын шарт-жағдайлпр
болғанда ғана құқыққа сай деп есептелінеді.

Қолсұғушылық мынадай болуы тиіс:

▪ қоғамға қауіпті болу, яғни жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің
құқықтары мен мүдделеріне елеулі зиян тигізетіндей болуы қажет;
▪ қол сұғушылықтың нақты бар болуы, яғни басталған, бірақ аяқталмаған;
▪ шынайылық. Ол қылмыстың әрекеттің қорғанушының қиялында ғана емес,
объективтік шынайылығында opын алуын білдіреді;
▪ жеке адамдардың құқықтары мен мүдделері ғана емес, басқа адамдардың,
сонымен бірге қоғам мен мемлекеттің мүдделерін де қорғауға жол беріледі;
▪ зиян тек шабуылдаушыға келтіріледі, үшінші тұлғаға зиян тигізілмеуі
керек;
▪ қажетті қорғаныстың шегінен шықпауы тиіс.
Қажетті қорғаныстың шегінен шығуы — бұл қауіпті қолсуғушылықтың
сипатына сай келмеуі немесе қорғаныс жағдайының сәйкес келмеуі салдарынан
қолсұғушыға анық шектен тыс жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтіру (өлім
немесе ауыр дене жарақаттары).

Қолсуғұшылық жасаған адамды ұстау кезіндегі зиян келтіру

Жасалған әрекетке байланысты қылмыс жасаған адамды, мемлекеттік
органдарға жеткізу үшін құқыққа сай ықпал ету актісі қылмыскерді ұстауды
сипаттайды. Егер ол ұстаудан жалтаратын болса, оған күш қолдану қажеттілігі
пайда болады және оның қоғамға қажеттілігі бар.

Қолданыстағы заңдарға сәйкес адамның қылмыс жасауы устаудың құқықтық
негізі болып табылады. Қылмыскерді устау кезінде зиян келтірудің құқыққа
сай болатын шарттары мынадай:

▪ кінәлі адамның қылмыс жасауы. Басқалай құқық бұзушылық жасаған адамға
зиян келтіруге жол берілмейді және ол қылмыстық жауапкершілікті
туындатады;
▪ тек қылмыс жасаған адам ғана ұсталады және соған ғана зиян
келтіріледі;
▪ адамды ұстау кезінде қолданылатын шаралар мәжбүрлі болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қажетті қорғанудан жалған қорғануды ажырата білудің маңызы
Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар
Коғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау
Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіру
Әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен құқыққа қайшылығын жоятын мән - жайлардың түрлері
Қажетті қорғану шегінен шығып кеткендік қоғамға зиянды
Қылмыс және одан қорғану шаралары
ҚОРҒАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЗАҢҒА СЫЙЫМДЫЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Қажетті қорғану
ЖАЛҒАН ҚОРҒАНУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Пәндер