Менеджменттің (негізгі) жалпы негіздері


ҚЫСҚАША ТАҚЫРЫПТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
Нарық шаруашылығының негізгі элементі менеджмент болып табылады. Менеджмент - ғылым ретінде ұйымды басқарудың нәтижелі әдісін өңдеу болғандықтан, көбінесе алға басқан экономикалық жүйені толығымен анықтайды.
Менеджменттің басты мақстаы - өндірістің жоғары тиімділігіне қол жеткізу, кәсіпорынның, фирманың, компанияның ресурстарын ұтымды пайдалану, кәсіпорынның, фирманың басшылығы, басқарушы орган.
Қазіргі заманғы менеджмент әртүрлі бағыттар түрімен стратегиялық әрекет жасайды, бір қарағанда олар бір-бірімен байланыссыз болып көрінеді. Тек қана менеджментте үш бағыт бірігеді, олар: технология және өндіріс ұйымы; адам қарым-қатынастарын зерттеу психологиясы.
Сондықтан бұндай менеджменттің ерекшелігі басқару бойынша мамандық дайындап жатқандарға, экономикалық мамандықты дайындауға өте маңызды. Қазіргі заманғы басқарушы осы тәртіпті меңгеру үшін, ол осы бағыттарды жақсы білуі керек. Осы себептен «менеджмент» пәні бойынша қосымша оқулықтардың маңызы артады, олар әртүрлі ұйымдарды, қазіргі заманғы басқарумен басқаруды үйретеді.
Бұл оқулықтар экономикалық басқарулардағы барлық өзгерістерді қамтып отырады. Бұл көмек оқулықтары дәріс, семинар және жаттығу сабақтарын қалай өткізу керек жөнінде және студенттердің өзіндік жұмысында мына тақырыптарды дұрыс орындауды талап етеді:
- Жалпы менеджменттің негізі;
- Ұйымның жүйе ретіндегі құрылымы;
- Менеджер -тиімді басқарудың ұйымдастырушысы және олардың сапасы;
- Қызметкерлерді басқару және кадрлық саясатын қалыптастыру;
- Ұйымдағы байланыстың мәні мен маңызы;
- Басқару шешімдерін қабылдау теориясы.
Бұларға тек қана экономикалық категориялар ғана қаралмайды, сонымен қатар жалпы ғылыми әдісі және басқару шешімін қабылдау әдісі қарастырылады.
Ұсынылған материалды оқу менеджер-студенттерге, маткетологтарға және де басқа экономикалық мамандықтарға жаттығулық көмек береді. Олар ұйымды нарық қатынастарының қарқынды даму шартында басқару бойынша құрама білім алады. Оқу құрамында теоретикалық аспектілер, менеджментті функионалдау бастамасы және олардың қазіргі заманғы өзгешелік сыртқы ортаның әсері ұйымды функционалдауға және нәтижелі шешім қабылдау туралы айтылады. Бұл оқулық ерекшелігін қарастыра отырып, біздің ойымызша экономика мамандығының студенттерін ғана емес, сонымен қатар басқа мамандық студенттерін қызықтыруы мүмкін.
1 Бөлім. Жалпы менеджмент негіздері
Менеджмент ұғымы жүйе ретінде ұйымды нәтижелі функционалдау бойынша дұрыс басқарушылық шешім. Менеджменттің негізгі функциналары. Жоспарлау. Ұйымдастыру. Мотивация. бақылау. басқаруда айтылған функциоларды өзара байланысы мен қолданылуы ерекшелінеді.
2 Бөлім. Жүйе ретіндегі ұйым құрылымы
Ұйым тұтыну жағдайын жасауға бағытталған адам элементін жинақтауға, материал-техникалық және ақша ресурстарын бірлік еңбек процесіне біріктіру. Қызметкерді басқару масштабын анықтау.
3 Бөлім. Менеджер - тиімді басқарудың ұйымдастырушысы және оның сапасы
Менеджер қызметінің жалдамалы басқарушы ретінде көрінуі оның функциолары. Кәсіпорынды жүзеге асырғанда тез шешім қабылдау. Менеджердің базалық сапасын қалыптастыру. Менеджердің жеке стилун құру. Менеджменттің мінезін анықтаудағы қазіргі заманғы концепсия моделі.
4 Бөлім. Кәсіпорынның қызметкерлерін басқару және кадр саясатын қалыптастыру
Ұжымды басқару жүйесі: ұйымдастыру, қызметкерлерді таңдау, сөйлесулер келісім-шарттарға қол қою.
Процесс: оқу; мамандықты көтеру; дайындау; аттестациялау; келіспеушіліктердің алдын алу және оларды шешу, ауыстыру және жұмыстан шығару; тиімділігі: берілген уақыт ішінде тапсырманың орындалуы және оның сапасы.
5 Бөлім. Ұйымдағы байланыстың мәні мен маңызы
Байланыс - ұйымдағы бөлімдерді бір-бірімен біріктіреді. Ұйым мен орта арасындағы ақпаратпен алмасудағы байланыстың орны. Байланыс жобаның құрылуы. Байланыс процесстің мәні мен көрсеткіші. Байланыс мәнінің жіктелуі. Ұйымдағы байланысты толық жетілдіру жолдары.
6 Бөлім. Басқару шешімдерін қабылдау теориясы
Басқару шешім ұғымы. Мүмкін болатын альтернативтердің ішінен бір дұрыс іс-әрекетті таңдау. Басқару шешім түрлері. Сезімталдық. Рационалдық. Шешім қабылдау алгоритмнің құрылуы. Шешім қабылдауға әсер ететін факторлар. Басқарушының шешім қабылдау моделі.
- МЕНЕДЖМЕНТТІҢ (НЕГІЗГІ) ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Менеджмент түсінігі
Нарық жағдайында жеке және мемлекеттік кәсіпорындағы экономикалық қызметтегі адамдардың мақсаты бізге белгілі, ол - табыс. Және сонымен қатар маңызды болып сол табысты дұрыс пайдалану болып табылады. Жаңа басқару жүйесі бірінші болып батыста, ең бірінші АҚШ-та менеджмент атауын алып дүниежүзілік саясатта кеңінен қолданыла бастады.
Менеджмент таза прогматикалық түсінікте ол - алға қойған мақсатқа жету үшін еңбеккі, интелекті, басқа адамдардың іс-әрекетін пайдалану.
Менеджмент - қызметтің, ол әртүрлі жағдайда кәсіпорынды дұрыс басқару, ол америкалықтардың айтуынша ұйым деген мағынаға алып келеді. Сонымен қатар менеджмент бұл функцияны орындау үшін білімді қажет етеді.
Менеджменттің көрнекті теоретигі М. П. Фоллет « . . . өнерді адамдар арқылы алуға болатынын анықтады». Оның менеджментке деген көзқарасы мына принциптен туған, адамға жүрген ортасы әсер етеді, бұны менеджер білуі қажет. В. В. Леонтьев «менеджмент - ол фирманы, компанияны басқару үшін керекті әдістер, принциптер, қаражаттар іс әрекеттердің жиынтығы» деп есептейді. Осы айтылғандарда менеджмент ұжымды басқаруды қарастырады. Біз менеджменттің адамдарды басқару екенін жақсы білеміз. В. Хойер: «менеджмент - ол жекеменшік кәсіпорынды арнайы басқару», - деп жазады. Бұған мысал ретінде әртүрлі ұжымдар, басшылықтар, әртүрлі клубтар және кәсіпорындарды алуға болады. Қандай ұжым болмаса да өзінің жеке менеджменті болу керек. Менеджментті әртүрлі әдістердің жиынтығы деп қарастыруға болады. Осылар арқылы ұйымның мақсаты анықталып, орындалады.
Батыс экономикасында менеджмент нақты шарт пен мақсат арқылы орындалады.
Менеджмент (басқару) - адамзат қоғамында жоғары сатыға дамудың ең қажетті бір қалыпты түрі. Еңбекті бөлу, кәсіпорынның әртүрлі сферасын құру барлық ұйымда қажет. Әртүрлі тарихи шарттарда ол әртүрлі болады, және дифференциалдығымен ерекшелінеді. әрине басқарусыз, тәртіпсіз, ұйымшылдықсыз, ортаның бір-біріне деген қатынассыз ещқандай ұйым болмайды.
- Менеджмент дамуының эволюциясы
Дүниежүзілік басқару эволюциясы біздің заманымыздан қазіргі күнге дейін ұйымды басқаруда жаңадан әдістер пайда болды. М. Х. Месхон, М. Альберт және Ф. Хедоури қазіргі заман мен бұрынғы ұйымды салыстырады.
1 кесте
Ескі және қазіргі замандағы ұйым
Басқару ойының өркендеуін төрт мектепке бөлді, олар: басқару ғылым мектебі, әкімшілік мектеп, адам қарым-қатынасы мектебі және ғылым менеджмент мектебі. Осы мектептердің әрқайсысының менеджментіне деген қатынасы анықталды. Ғылым менеджмент мектебінің пайда болуын американдық инженердің Ф. В. Тейлордың атымен байланыстырды. Оның ұстамдары төрт нұсқаға алып келеді.
1. Ғылымның негізін жасау, ол бұрынығ салт-дәстүрді, қалыптасқан жұмыс ідістері әрбір элементті ғылыми зерттеу. Басқаруда дәлдік керек құрылыстағы секілді.
2. Қызметкерлерді ғылымдық белгісіне байланысты таңдау, оларды дайындау және жүйелік оқыту.
3. Әкімшілік пен жұмысшылар арасында жұмыста ғылыми жүйені ұйымда пайдалану мақсатында бірігуі.
4. Еңбек және жауапкершіліктің әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы теңдестік.
Ф. В. Тейлордың шоғырлау концепциясы және ғылыми менеджмент мектебінде «А. Эмерсонның 12 өнімділіктің шарты» дегеннен алды:
- анықталған мақсатқа әртүрлі басқарушылықтың деңгейінде басқарушы мен бағынушының жұмылдырылуы;
- болашақ мақсатты есептегенде әрбір процесті талдауда жақсы ойлау арқылы болады;
- жақсы кеңес, арнай білімнің қажеттігі, өнеркәсіп пен басқарушылар арасындағы әр сұраққа дұрыс кеңес;
- тәртіп - ұжымның барлық мүшелерінің ережелер мен тәртіпке бағынуы;
- қызметшілерге әділетті қарым-қатынас;
- тез, сенімді, толық және үздіксіз есеп керекті ақпараттармен қамтамасыз ету.
- тез және ұтымды ұжымды басқару;
- ереже және күнтізбе, ұйымның, жетіспеушілігін тез өлшеу және шығындарды тез өлшеу және шығындарды азайту;
Шарттың дұрысталуы өндірістің жақсы нәтиже алып келуін қамтамасыз етеді;
Операцияның дұрысталуы, уақыттың белгіленуін, операцияның орындалуын ұсынады;
Жазба стандарттық құрылымдар, барлық ережелердің дұрысталуы және жұмыстың орындалуы;
өнімділігін марапаттау, әр қызметкердің еңбегңн бағалау;
20-жылдары әкімшілік мектеп пайда болғаннан кейін, мамандар ұйымда басқарушылықты толығымен пайдалануды ұсынды. Бұл мектеп француздық менеджмент мектебін қолдаушы А. Файолеммен байланысты. Ол әкімшілік басқарушылық принципін жасады және оның ойынша ол әр ұйымға қажет деп санады.
1. Жұмыстың бөлінуі. Еңбекті арнайы бағыттау ұйымның табысты болуына қажет.
2. Билік. Бұйрық еткен кезде жауапкершілікпен қарау қажет.
2. Тәртіп. Тыңдау және сыйлау ұйымның тыныш жұмыс істеуіне көмектеседі.
4. Бірбасшылық. Әр жұмысшы бұйрықты бір адамнан ғана алуы керек.
5. Бағыт бірлігі. Ұйымдағы әр қызметкердің күші бір бағытқа бағытталуы қажет.
6. Индивидуалды көзқарастың ортақ көзқарасқа бағынуы және көзқараспен ортақ көзқарастың бір жерден шықпауы ұйымды қиыншылыққа алып келеді.
7. Марапаттау. Жұмысшылар таза еңбегі үшін өзінің қосқан үлесі үшін сыйлық алып отыруы қажет.
8. Орталықтандыру. Орталықтандырылған мен орталықтандырылмаған арасындағы пропорцияның сұрағы болып келеді. Әр ұйымда екеуінің арасында теңдестік болуы керек.
9. Иерерхиялық мақсат. Қол астындағылар уақытта мақсатты ұстап тұруы керек, үлкен басқарушыдан басқа ақпарат келіп түспегенше.
10. Тәртіп. Материалдық бағалау және адамдар әрқайсысы өзіне сай орнында болуы керек.
11. Әділеттілік. Әділеттілік адамгерщіліктің және заңдылықтың нәтижесі, ол қызметкерлердің беріліп жұмыс істеуіне алып келеді.
12. Қызметкердің жұмыстағы тұрақтылығы. Адамдарға өзінің жұмысын жақсы біліп алу үшін уақыт берілуі қажет.
13. Сезімталдық. Жақсы нәтиженің бірі, ол қызметкердің жоспарды өзі құрып, өзі орындауы.
14. Ерекшеленген рух. Қызметкерлердің бірігіп жұмыс істеуі ұйымның табыстылығына алып келеді.
Ғылым менеджмент мектебіне, адам қарым-қатынас мектебіне қарсы келці. Ол адамға деген «жаны бар организмге» сияқты қарау.
Бұл мектепті жоқтаушылар кәсіпорынның табысты болуына басқарушы- менеджердің қасиеттеріне байланысты деп ойлайды. Әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы теңдестік ұжым арасында жақсы қарым-қатынас тудырады.
Келесі адам қарым-қатынасы мектебі психологияның басқару қызметінің бір бөлігіне айналғаннан кейін пайда болды. Бұл басқару басқа мектептердің адам психологиясын түсінбейді деп санады, мектептің әкімі Э. Мэйо еңбек өнімді болу үшін жұмысшылардың көңіл-күйі көтеріңкі болу керек деп ойлайды. Оның жүйесі мына жайларға алыр келеді, психологиялық жағынан келу:
- жұмысшыларды бір-бірін ұнатулары арқылы алу;
- жұмысшыға дұрыс көзқараспен қарау, яғни сыйластықпен;
- жұмысшыларды рационалдыққа ынталандыру;
- жұмысшыларды проблеманы шешуде, шешім қабылдауда олардың ойымен санасу;
- жұмысшыларды мақтап отыру, олардың мақсаттарын бірдей етіп сендіру;
- жұмысшыға деген қызығушылықты көрсету; Менеджменттің негізгі функциолары
Менеджмент жүйесі функцияда басқару қызметінің жіктеуін қарастырады.
Анық жіктелген функция басқаруы ғылыми және жаттығулық негіз ұйымды құруды, ұйымның құрылуы мен басқарылуын қарастырады.
Менеджментте еңбектің бөлінуінің әсер ету - жеке функцияның өндіріспен басқарылуы.
Менеджмент фукциясы басқару қызметін атқарады, сол арқылы ұйымның ішкі жүйесінен сыртқы ортаның жүйесі құрылады.
А. Файоль менеджмент төрт функцияның жиынтығы деп анықтады: жоспарлау, ұйымдастыру, басқару және бақылау. К. Киллен менеджмент функциясының ұғымын ұлғайтты, ол былай түсіндірді « . . . ұйымның жоспарлау процесі, басқару, мотивация және жұмысты бақылау, осылар арқылы ұйым жақсы нәтижеге жетеді».
Менеджмент функциясының маңызды бөлігі болып жоспарлау саналады.
Жоспарлау. Менеджмент функциясы сияқты мақсатты анықтау және бағдарламаның өнімді болу үшін болжау, тактикалық жоспарлау Л. Д. Залевский жоспарлауды басқарушылық шешімді өндіру, бұл процесс барлық нұсқалар бағаланады және қорытындылайды, ішінен жақсы әсер ететінін таңдап дұрыс шешім анықталады.
К. Киллен «Жоспарлау - ол не, кіммен, қалай деген сұраққа жауап беруге дайындық» деп санайды.
Жоспарлау мақсатты анықтау және оның орындалуының жолдарын қарастыру.
Жоспарлау ұйымның әртүрлі деңгейін қамтып ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Ұзақ мерзімді жоспарлауда (15-20 ж) фирманың мақсаты мен стратегиясы анықталады. Ал орта мерзімді жоспарлау (5 жылға дейін) кай жол арқылы мақсатқа жетуге болатынын шешу. Бұл жоспарларда ортақ кадрлық саясат, ортақ өндірістік стратегияны, ортақ қаржылық саясат, ортақ маркетингілік саясат анықталады.
Қысқа мерзімді және ағымдағы жоспарлау (1 жылға) ширек, айға байланысты бірнеше формаға ие. Оның бірі ортақ мерзімді жоспарлауды нақтылап және қысқарту. Сонымен қатар бір жылға өндірістік жоспар, қаржылық жоспар маркетинг бойынша жоспар құрылады. Ағымдағы жоспарлаудың үшініш формасы саясатты формалдау, механизмді бақылау, болашақта болатын жағдайларға байланысты алдын ала компанияның жағдайын дұрыс анықтап алу керек.
Ағымдағы жоспарлаудың үшінші формасы ол бюджеттік жоспарлау. Бюджет қаржылық жоспарлауды көрсетеді. Әр кезде бюджеттің әр түрі қолданылады:
- кіріс пен шығыстар сметасы;
- уақыт жоғалту мен материалдар сметасы;
- капиталды шығындардың сметасы;
- кассалық бюджет;
- баланстық смета.
Бюджет ұйымның әртүрлі жақтарын зерттейді.
Ағымдағы жоспардың түрлерін А. А. Радугиннің кестесінен көруге болады.
Ағымдағы жоспардың үш түрі
2 кесте
Негізгі қысқа мерзімді мақсат
әртүрлі функционалдық сферадан пайда болған этапта мәселені шешуге тактикалық жағынан келу
Кестеде А. А. Радугин бойынша әртүрлі сферадағы функционалды жоспардың жасалуы көрсетілген.
Тұрақты жоспарға келетін болсақ, ұйымда жай принциптерді ұстау үшін ортақ нәтижелі нұсқауды ұлғайту.
Тұрақты жоспарлар корпорациядағы стратегиямен байланысты емес және ол күнделікті процессті басқаруға негізделген.
Бұндай жоспардың 3 түрі бар: саясат, процедура мен ереже.
Функционалды маркетингтік жоспардың негізіг аспектілері
3 кесте
Негіз ретінде қандай өнімді шығарамыз?
Қайсы өнім аз мөлшерде пайда келтіреді?
өзіміздің өніміміз үшін қандай имидж жасаймыз?
Біздің өнім тұтынушылар үшін қандай қажеттігін қанағаттандырады?
Біздің тұтынушылық бағытымызға қандай өзгеріс әсер етуі мүмкін?
Біздің тауар бәскешілерге қарағанда табысты ма?
Жеңілдік болмаса басқада модификация жасауға бола ма?
Саудадан табыс мол түсетін жерлер бар ма?
Негізгі өрістету каналдары қандай?
Дистрибюторлық фирмаларды басқарудағы мақсаты мен құрылымы қандай?
Көтерме сауда немесе өткізу дистрибюторлар қарым-қатынастарына қандай да бір өзгеріс қажет пе?
Ұйымдық құрылымды бөлу қандай болу керек?
өнімді және қызмет етуді бөлу неге бағытталған (белгілі бір аумаққа ма және анықталған базарға ма?)
тауарды тұтынушыларға жылжытудың негізгі факторы қандай?
әр өндірістік өнімнің түріне нарыққа, аймаққа жарнаманың ерекшелігі қандай?
Жарнамалық компанияда қандай массалық ақпараттар қолданылуы мүмкін?
Қаржылық жоспардың негізгі аспектілері
4 кесте
Капиталды тарату бойынша негізгі шығындар қандай (кесте бойынша пайыз?)
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыз міндеттемелері арасында үйлесімділік пропорциясы қандай?
Ішкі және сырттық қаржыландыру арасындағы тепе-теңдік қандай? Болатын тәуекелдің шегі қандай?
Қандай лизингтік формасында қолданылған?
Табыстың қандай пайызы дивиденттер ретінде үйлестірілуі қажет?
Дивиденттердің тұрақты деңгей сұрағы қаншалықты маңызды?
Дтвиденттің ақшалайдан басқа төленуі мүмкін бе?
өтімді құралдардың көлемін ортақ тепе-теңдікте ұстау үшін талап қандай?
Ақша қорларын қарызға алу саясаты қаншалықты либералды?
Лимиттің қажетті көлемі қанша?
Ағымдағы міндеттемелер бойынша төлем уақыты қандай?
Қарыз бойынша міндеттемелерді төлеу қандай ережелер арқылы іске асуы қажет?
Саясат - ол қайталанатын екінші ретті шешімді қабылдау параметрлері қойылатын талапқа сай жағдай.
Саясат қызметтің пайда болуы бойынша нұсқау береді, ал негізінде тұрақты жоспардың бір типті түрі болып табылады. Мысалы әр компания бір саясатты ұстануы мүмкін, талапқа сай қызметке тек арнайы білім деңгейімен қабылданады.
Өнімді басқару бойынша функционалды жоспардың негізгі аспектілері
5 кесте
өндірістік күштің орналастыру жүйесі орталықтандырылған ба?
өндірістік құралдың шоғырлануы қандай?
өндірістік айырбастау процесі қаншалықты интегралданған?
Автоматтық және механиканың қандай деңгейі пайдаланылуы мүмкін?
Берілген өндіріске жоғарғы қуатты құрал керек пе?
1. Қанша қор қажет?
2. жабдықтаушыларды қалай таңдаймыз және олармен қалай қарым-қатынас орналастырамыз?
3. Өндірістік қор қандай көлемде қажет
Инвентаризацияның қай жүйесі қолданылатын болады?
өндіріс процесінде есепке алу және бақылау қалай іске асырылады? Бақылау 1-ші болып іске асырылатын негізгі көрсеткіштер қандай (сапа, шығын, материал шығыны, жай және т. б. ) ?
қандай жазалардың түрін қолдану керек (ескерту немесе жаза) ?
Берілген өндірісте қандай екпін жасау керек (мамандандыру, стандарттау және т. б. ) ?
Процедуралар (стандарттық нұсқаулар) жеке тапсырмаларды анықталған міндеттемелерді орындау кезінде бірнеше этаптан тұратын іс-әрекет жоспарвн көрсетеді.
Стандарттық құрылымға мысал: Қонақ үйдің қызметкеріне жаңа келген клиенттерді пункт бойынша тірке деп алдын-ала бұйрық берілген.
Ережелер нақты бір жағдайда алдын ала қандай іс-әрекет қолданылуы керек екенін көрсетеді.
Мысалы: Қонақ үйдегі қызметшіге алдын ала клиенттерге олар алғашқы төлем төлемегенше және кредиторлық карточканы көрсетпегенше кілтті бермеңдер деп бұйрық берілген.
Егер берілген нұсқауды қызметкер орындамаса, ол өзі әр төленбеген бөлме үшін жауапкершілікті өзіне алады.
Стратегиялық жоспарлау - стратегияны қалыптау бойынша жасау процесі, ұйымдағы әр қызметкердің атқаратын мәнін анықтау.
Ұйымдағы стратегияны өңдеу - стратегиялық жоспарлаудың өзі үшін ғана жасалынған емес. Ол өте күрделі және көп еңбекті керек ететін жұмыс, егер стратегия табысты іске асып жатса маңызға ие болады, стратегиялық жүзеге асып жатқанын бақылау үшін және алға қойған мақсатқа жетуіне сенімді болу үшін ұйымдағы басқарушылар жоспар, бағдарлама, жоба және бюджет жасауы керек және оларды басқарып отыруы керек.
Қызметтің негізгі бағыттары
6 кесте
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz