Желтоқсанның бәйшешегін аялай алмай жүрміз


:
Желтоқсанның бәйшешегін аялай алмай жүрміз17 Aralık 2010, Cuma / ЖАНБАҚЫТ МЕРЕКЕҰЛЫ,0Ширек ғасырға жуық уақыт өткенде: «Мен де Желтоқсан көтерілісіне қатысқан қаһарманмын» - деп кеудемді қағудан аулақпын. Себебі, Тəуелсіздігіміздің, тіпті бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы барлық республикалардың тəуелсіздігінің бəйшешегі болған бұл ұлы дүрмектен кеуделерінде намыс оты ойнаған сол кездегі қазақтың ұл-қыздарының ешқайсысы да қалыс қалған жоқ. Тек, олардың көпшілігі абақтыға түсіп, азап көрмегендіктен, осы азат күнге жеткізген Аллаға тəубаларын айтып, қарапайымдардың қатарында жүр. Ойлап қарасақ, сол кезде бір ғана Алматының төсіндегі алаңға келіп атой салғандар санының өзі шамамен 17-18 мыңдай екен. Мұндай наразылық білдіргендер өзге өңірлерде де байқалған.Əрине, олардың ішінде КГБ-ның қудалауына түсіп, темір торға тоғытылғандар мен жазықсыз қудаланып, түрлі деңгейде жапа шеккендердің қазіргі жайы бір бөлек те, бүгінде жеке бас пайдаларын көбірек ойлап, «күріштің арқасында күрмек су ішіптінің» керін келтіріп, Желтоқсанды желеу етіп жүргендердің жайы бір бөлек.Олар өздерінің алдарына қойған мақсат-мүдделерін өздері де түсінбейтін сияқты. Көпшілік жағдайда бастары сиыспай, бұра тартып жататыны да ешкімге жасырын емес. Тіпті, бітірген түгі болмаса да, құрамында бірді-екілі ғана мүшесі бар ұйымсымықтар «бәленбай қозғалыстың төрағасы» - деп, ауыз толтыра көпірген кездерінде не күлеріңді, не жыларыңды білмей дал боласың. Олардың арасында тек, бүгінде Республиканың тоғыз облысында өз филиалдары бар, құрамында 500-ге тарта мүшесі бар «Желтоқсан ақиқаты» ұйымының өз бастамаларымен атқарып жатқан істері ғана айтуға тұрарлық. Аталмыш ұйым төрағасының орынбасары Бейсенбай Құспековтың айтуынша, ұйым қоғам өміріне белсене атсалысумен қатар, желтоқсанда жапа шеккендер мен құрбан болғандарды іздеп тауып, көмек қолдарын созып жүр екен. Бір ғана мысал; олардың Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Ақмектеп елді мекеніне барып, Желтоқ-сан көтерілісін Өскемен қаласының алаңына өзімен жиырма қызды бірге ертіп шығып қолдаған училище студенті, тобының старостасы болған 16 жасар өжет қыз Сабира Мұхаметжанованың атын ардақтап, мектепке атын беруді ұйымдастырып қайтқанының өзі елеуге тұрарлық іс. Сондай-ақ, желтоқсандықтарға ескерткіш орнатып, музейлер ашу үшін әкімдіктердің табалдырығын тоздырып жүргендері де олардың әрекетсіз отырмағанын байқатса керек. Айтпақшы, Бекең Алматыдағы жетоқсаншылар музейін ашуға депутат Нұртай Сабиляновтың көп көмегі тигенін ризашылықпен айтады. Әрине, өздері атқарып жатқан істер жайлы тізбектеген Бекеңнің тізімі аз емес. Дегенмен, бұл мақаланы жазудағы мақсатым - ала қойды бөле қырқып, біреулерді мақтап, біреулерді мұқату емес, қайта сол 20-шы ғасыр жастарының бойындағы ұлтшылдық пен отансүйгіштік, намысшылдық қасиеттерін шама жеткенше қазіргі жастарға дәріптеу. Сол арқылы жетімсіреп қалған Желтоқсанымызға өз шама-шарқымша жел беріп, дем беру. Себебі, жылдар жылжып өткен сайын «Желтоқсан көтерілісі» де санамыздан көмескіленіп немесе біреулер оны әдейілеп өшіріп жатқандай көрінеді маған . . .Әрине, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған, сол үшін күрескен -Тәуелсіздігімізден асқан ұлттық мереке-міз жоқ. Оны қадірлеп, қастерлеу - парызымыз. Бірақ, қаншама жылдар өтсе де Желтоқсан көтерілісін осы Тәуелсіздік мерекесінің тасасына тығып немесе ресми Жаңа жылдың аяғына жығып берумен келеміз. Бүгінде «желтоқсанда құрбан болғандарға қатысты ақиқаттың қара құлыбы қашан ашылар екен?» - деген сұрақ кім-кімді де мазалайтыны рас. Егер сол ақиқат кілті ашылса, көтеріліс те дұрыс бағаланар ма еді, қайтер еді? Осы өкініш ешкімнің өзегін өртемей-ақ келеді. Тек, соңғы күндері ғана билік тарапынан желтоқсаншылар-ға арналған кішігірім іс-шаралардың ұйымдастырылып жатқандығын ақпарат көздерінен аңғарып, жағымды жаңалық-қа таңқалғанымыз рас. Дегенмен, мұның өзі ақиқатты айтып, ағынан жарылғаннан гөрі, кішкене балаға кәмпит беріп алдарқатып, басынан сипаған әрекетке көбірек ұқсайтындай. Мұндай ұсақ-түйек сый-құрметке мәз болғандардың ұсақтығы да намысқа тиеді. Олар ондай кезде билікке қояр жоғары талап-тілектерін де ұмытып кететіндей. Егер билік шын жақсылық жасағысы келсе, білекті сыбанып жіберіп, басқаша кірісер еді ғой. Қасиетті алаң болса анау, қазылып, қабырғасы сөгіліп, жын ойнақ болудың аз-ақ алдында жатқаны. Негізі қасиетті алаңға «Желтоқсан көтерілісі» жайлы үлкен тарихи музей ашып, қаһарман ұл қыздарымыздың ескерткіштері орнатылып, жаста-рымызға ұлттық рухта патриот-тық тәрбие беретін іс-шаралар қарастырылуы керек қой. Олай істегілері келмейді. Тым болмаса, жылына бір келетін 17 желтоқсан күні жастарды алаңға шақы-рып, желтоқсан құрбандарына құран бағыштап, түрлі шаралар ұйымдастырудың орнына, еш-кімді жолатпауға тырысып ба-ғатын биліктің әрекеті көптің көңіліне томпақ келіп жататыны жасырын емес. Тіпті, «Желтоқсан көтерілісі» деген атаудың өзін қимай, «Желтоқсан оқиғасы» - деп, ұсақ-түйекке қарай бұрмалаған арам пиғылдылар да жүр арамызда. Оған да бір тоқтам жоқ. Айтпақшы, жақында редакциямызға хабарласқан Беркін Әкебаев ағамыз Ресей тарихындағы «Қанды жексенбімен» салыстыра келе «Желтоқсан қырғыны» деп атау керекті-гін айтқан болатын. Бұл да ойланатын атау сияқты. Міне, осындай келеңсіздіктерді екшей келе ертеңгі жастар Желтоқсан көтерілісін ертек екен деп жүрмесін де-ген оймен бастан өтіп, көзбен көргенді аз-кем болса да баян еткенді жөн көрдім. Бірақ, тағы да қайталап айтамын, мен өзімді «Желтоқсан қаһарманымын» не-месе ерлік жасадым деп есептемеймін.Езгі мен ерлік егескен екі күнСонымен, сол бір қарлы да қаһарлы жылы мен «Алматымәдениқұрылыс» тресіне қарасты «Медеуқұрылыс» бас-қармасында құрылысшы болып іс-тейтінмін. Өзім қазіргі ҚазҰУ-дың кешкі дайындық бөлімінде оқимын. Тұрағым: О. Жандосов пен Жароков көшелері-нің қиылысындағы құрылысшылардың «Достық» жатақханасы.Жұмыста едік. Екінді ауа «Қонаевты орнынан алып, орысты қойыпты. Алаңға жастар жиналып жатыр екен» - дегенді естігеннен кеудемізді намыс керней, делебеміз қозып, дегбіріміз кетті. Бригадиріміздің қарсы болғанына қарамастан, алып ұшып алаңға жеткен алты-жеті жігіт құжынаған халықтың арасына сіңдік те кеттік. Топ-топ болып топырлаған жастар: «Қазақстанға қазақ басшы болуы керек!», «Колбин кетсін!» - деп, айбарлана айқайлайды. Енді бір жерде Шәмшінің «Менің Қазақстанымы» шырқалады. Мән-жайға осылайша қаныға жүріп, Үкімет үйінің (қазіргі қалалық әкімшілік үйі) жан-жағын жағалай сүзіп шыққан біздер ғимараттың айналасы тұтас мұз құрсау әскермен қоршалғанын байқадық. Қазіргі Желтоқсан көшесінің арғы бетінде иықтарына автомат асынып, қолдарына резеңке таяқ (дубинка) ұстап, қаздай тізілген қарулы әскери жасақ тұрса, бергі бетте олардың қаруларынан жасқанбастан жалынды жастар тұр. Көбісінің қолдарында сындырып алған шарбақ ағаштары. Біз де жапа тармағай көшені жағалай қоршаған жасыл ағаш шарбақты тепкілей сындырып, қолы-мызға ұстап алдық. Өйткені, манадан бері қоян-қолтық төбелес болып, жаға жыртыспаса да, бір-бірлеріне таптап беріп, екі-үш метрге дейін кезектесе ығыстырған екі жақ текетірес күйде тұрған болатын. Қас қарая қасымдағы жолдастарымнан көз жазып қалдым. Бір кезде қайсы бір тұстан төбелес басталды да, қалың топ қойға қасқыр шапқандай дүр етіп артқа шегінді. Қарасам, қарсы жақта тұрған жасақ бізге қарай қатарын бұзбастан шабуылға шығыпты. Осы кезде жастар да қолдарындағы таяқтарын айналдыра сермеп қарсы ұмтылды. Айқай-шу. Әсіресе қыздардың шыңғырған ащы дауысы ерекше қатты естіледі. Ортада ойқастап жедел жәрдем машинасы жүр. Айналасы 2-3 минуттың ішінде әлем-тапырақ араласып кеттік. Осы тұста еңкейіп жерден бірдеңе алмақ болған Бағдат досымды байқап қалдым. Ентелей келеген бір офицер Бағдаттың басына резеңке таяғымен ұрмақ болып қолын көтере бергенде, мен қолымдағы таяғыммен жасқай тұрып, оның бетіне қарай, қолыма түсіп қалған офицер аяқ киімін жібердім. Ол жасқаншақтай тоқтаған кезде, Бағдатты өз тобымызға қарай тартып алдым. Әрине, әскердің аты әскер емес пе, қанша дегенмен жастардың қабырғасы ыдырап, қаша бастады. Қолға түсіп қалғандар автобустарға тоғытылып жатыр. Бір бөлмеде тұратын Бақыт та жарақат алып қалған екен, оны сүйрей қашқан біздер Сәтбаев көшесіне оңашалау шыққанда, біз сияқты бір-бірін сүйреп жүрген жаралы жастарды көрдік. Такси ұстайық десек, ешбірі тоқтамайды. Жаяу-жалпылай жүріп жа-тақханаға жеттік.Ертесі алаңға тағы бардым. Бұл жолы жалғызбын. Себебі, жоғарыда айтып өткен дайындық курсынан шықтым. Алаңда тағы да сол кешегідей текетірес, айқай-шу. Қайсыбір жерде өртенген машиналардың қаңқасы жатыр. Бір кезде Тимириязев көшесі жақтан шыңғыра шыққан өрт сөндіруші машина жастарды сумен атқылап келеді екен. Амал жоқ тым-тырақай қаша бастадық. Кешегі өзіміз сындырған шарбақтың үңірейген тесігінен өте бергенімде аяғым тайып, ойпаңдау жерге қарай артпен кеттім. Менің үстіме келіп омақаса құлаған орыс жігітке қарап: «Сен мұнда не бітіріп жүрсің?» - деймін ғой таңданып. «Еш жерің ауырып қалмады ма? - деп, жалма-жан үстімді қаға бастаған орыс жігіті, «әр мемлекеттің өз басшысы болуы керек қой» дегенді ғана айтып үлгерді. Қайта артқа шықсақ қолға түсіп қалуымыз мүмкін екенін үнсіз түсінген екеуміз шарбақтан шығар тесік іздеп, Сәтбаев көшесіне қарай тұра жүгірдік. Бұл күн осылайша өтті.Алла жар болып, аман қалдықАл келесі күннен бастап, баяғыдай еркін жүру мұңға айналды. Әр көшеде қолдарына қызыл таққан «ерікті халық жасақтары» топ-топ болып торуылдап жүреді. Қорғанғандары ма, қорыққандары ма, қолдарын-дағы бір-бір кеспелтек таяқтарын тастамайды. Олардың құрамында көбіне коммунистер болатын. Халық жасақтары жұмысшылар мен студенттердің де жатақханаларына барып, сағаттап жүріп, кезекшілік атқаратын.Әлі есімде, қасында біраз өнер адамдары мен ерікті жасақтар бар Ілия Жақанов ағамыз да кешқұрым жатақханаға келіп, жастармен өнер жайлы пікірталас ұйымдастырып, ән салып кеткені бар. Ал біздің жатақханада алаңға бармаған жігіт жоқ десе де болады. Солардың көңілін басқаға аударып, алдарқатудың бір жолы шығар сірә, бұл.Бір күні дайындық курсында бірге оқитын Дәулет (сірә, поршен зауытында комсорг болды) деген жігіт: «Жәке, бізге КГБ адамдары көп суреттер әкеліп, жігіттерді іздеп жүр. Сен байқап жүрмесең болмайды. Қолыңда таяғың бар суретіңді көрдім» дегенді айтты. Әрине, ұлттық мүдде жолында қолға түсіп, қорлық көргендерден жанымыз әулие емес қой. Дегенмен, сол күні жатақханаға келісіммен дереу мұртымды алып, киімдерімді өзгертіп киіп алдым.Айтпақшы, көп ұзамай, жатақханада жұмысқа бармай қалғандарды тексеру басталды. Мен сессияға дайындық қағазымды көрсетемін. Әйтеуір, Алла жар болып, мен де менің жанымда-ғы достарым да бәле-жаладан аман қалдық. Ал сессиядан соң, жұмысқа шыққанымда біздің бригада Үкімет үйінің артындағы Ленин музейінде (қазіргі Резиденция үйі) жұмыс істеп жатыр екен. Қасындағы Үкімет үйін қоршай күзеткен темір каскалы, темір қалқанды әскерилер әлі тұрды. Міне, бүгінгі тойлап жатқан Тәуелсіздігіміз оңай жолмен келе қалған жоқ. Немесе оны бізге біреу сыйлай салған жоқ. Ол жоғарыда айтқан қазақтың қайсар ұл-қыздарының қанын төккен, қайғы жұтқан қиыншылықтарымен келді. Ендеше, бәрінен де қымбат - Тәуелсіздігіміздің бәйшешегі - Желтоқсан көтерілісін де, аялап, қастерлей білейік.:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
Желтоқсанның бәйшешегін аялай алмай жүрміз:
Желтоқсанның бәйшешегін аялай алмай жүрміз
:
17 Aralık 2010, Cuma / ЖАНБАҚЫТ МЕРЕКЕҰЛЫ,0:
:
:
:
17 Aralık 2010, Cuma / ЖАНБАҚЫТ МЕРЕКЕҰЛЫ,:
17 Aralık 2010, Cuma / ЖАНБАҚЫТ МЕРЕКЕҰЛЫ,
:
:
:
:
:
:
:
0:
0
:

:

:
:

:
:

:
:
Ширек ғасырға жуық уақыт өткенде: «Мен де Желтоқсан көтерілісіне қатысқан қаһарманмын» - деп кеудемді қағудан аулақпын. Себебі, Тəуелсіздігіміздің, тіпті бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы барлық республикалардың тəуелсіздігінің бəйшешегі болған бұл ұлы дүрмектен кеуделерінде намыс оты ойнаған сол кездегі қазақтың ұл-қыздарының ешқайсысы да қалыс қалған жоқ. Тек, олардың көпшілігі абақтыға түсіп, азап көрмегендіктен, осы азат күнге жеткізген Аллаға тəубаларын айтып, қарапайымдардың қатарында жүр. Ойлап қарасақ, сол кезде бір ғана Алматының төсіндегі алаңға келіп атой салғандар санының өзі шамамен 17-18 мыңдай екен. Мұндай наразылық білдіргендер өзге өңірлерде де байқалған.:
Ширек ғасырға жуық уақыт өткенде: «Мен де Желтоқсан көтерілісіне қатысқан қаһарманмын» - деп кеудемді қағудан аулақпын. Себебі, Тəуелсіздігіміздің, тіпті бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы барлық республикалардың тəуелсіздігінің бəйшешегі болған бұл ұлы дүрмектен кеуделерінде намыс оты ойнаған сол кездегі қазақтың ұл-қыздарының ешқайсысы да қалыс қалған жоқ. Тек, олардың көпшілігі абақтыға түсіп, азап көрмегендіктен, осы азат күнге жеткізген Аллаға тəубаларын айтып, қарапайымдардың қатарында жүр. Ойлап қарасақ, сол кезде бір ғана Алматының төсіндегі алаңға келіп атой салғандар санының өзі шамамен 17-18 мыңдай екен. Мұндай наразылық білдіргендер өзге өңірлерде де байқалған.
:
Əрине, олардың ішінде КГБ-ның қудалауына түсіп, темір торға тоғытылғандар мен жазықсыз қудаланып, түрлі деңгейде жапа шеккендердің қазіргі жайы бір бөлек те, бүгінде жеке бас пайдаларын көбірек ойлап, «күріштің арқасында күрмек су ішіптінің» керін келтіріп, Желтоқсанды желеу етіп жүргендердің жайы бір бөлек.Олар өздерінің алдарына қойған мақсат-мүдделерін өздері де түсінбейтін сияқты. Көпшілік жағдайда бастары сиыспай, бұра тартып жататыны да ешкімге жасырын емес. Тіпті, бітірген түгі болмаса да, құрамында бірді-екілі ғана мүшесі бар ұйымсымықтар «бәленбай қозғалыстың төрағасы» - деп, ауыз толтыра көпірген кездерінде не күлеріңді, не жыларыңды білмей дал боласың. Олардың арасында тек, бүгінде Республиканың тоғыз облысында өз филиалдары бар, құрамында 500-ге тарта мүшесі бар «Желтоқсан ақиқаты» ұйымының өз бастамаларымен атқарып жатқан істері ғана айтуға тұрарлық. Аталмыш ұйым төрағасының орынбасары Бейсенбай Құспековтың айтуынша, ұйым қоғам өміріне белсене атсалысумен қатар, желтоқсанда жапа шеккендер мен құрбан болғандарды іздеп тауып, көмек қолдарын созып жүр екен. Бір ғана мысал; олардың Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Ақмектеп елді мекеніне барып, Желтоқ-сан көтерілісін Өскемен қаласының алаңына өзімен жиырма қызды бірге ертіп шығып қолдаған училище студенті, тобының старостасы болған 16 жасар өжет қыз Сабира Мұхаметжанованың атын ардақтап, мектепке атын беруді ұйымдастырып қайтқанының өзі елеуге тұрарлық іс. Сондай-ақ, желтоқсандықтарға ескерткіш орнатып, музейлер ашу үшін әкімдіктердің табалдырығын тоздырып жүргендері де олардың әрекетсіз отырмағанын байқатса керек. Айтпақшы, Бекең Алматыдағы жетоқсаншылар музейін ашуға депутат Нұртай Сабиляновтың көп көмегі тигенін ризашылықпен айтады. Әрине, өздері атқарып жатқан істер жайлы тізбектеген Бекеңнің тізімі аз емес. Дегенмен, бұл мақаланы жазудағы мақсатым - ала қойды бөле қырқып, біреулерді мақтап, біреулерді мұқату емес, қайта сол 20-шы ғасыр жастарының бойындағы ұлтшылдық пен отансүйгіштік, намысшылдық қасиеттерін шама жеткенше қазіргі жастарға дәріптеу. Сол арқылы жетімсіреп қалған Желтоқсанымызға өз шама-шарқымша жел беріп, дем беру. Себебі, жылдар жылжып өткен сайын «Желтоқсан көтерілісі» де санамыздан көмескіленіп немесе біреулер оны әдейілеп өшіріп жатқандай көрінеді маған . . .Әрине, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған, сол үшін күрескен -Тәуелсіздігімізден асқан ұлттық мереке-міз жоқ. Оны қадірлеп, қастерлеу - парызымыз. Бірақ, қаншама жылдар өтсе де Желтоқсан көтерілісін осы Тәуелсіздік мерекесінің тасасына тығып немесе ресми Жаңа жылдың аяғына жығып берумен келеміз. Бүгінде «желтоқсанда құрбан болғандарға қатысты ақиқаттың қара құлыбы қашан ашылар екен?» - деген сұрақ кім-кімді де мазалайтыны рас. Егер сол ақиқат кілті ашылса, көтеріліс те дұрыс бағаланар ма еді, қайтер еді? Осы өкініш ешкімнің өзегін өртемей-ақ келеді. Тек, соңғы күндері ғана билік тарапынан желтоқсаншылар-ға арналған кішігірім іс-шаралардың ұйымдастырылып жатқандығын ақпарат көздерінен аңғарып, жағымды жаңалық-қа таңқалғанымыз рас. Дегенмен, мұның өзі ақиқатты айтып, ағынан жарылғаннан гөрі, кішкене балаға кәмпит беріп алдарқатып, басынан сипаған әрекетке көбірек ұқсайтындай. Мұндай ұсақ-түйек сый-құрметке мәз болғандардың ұсақтығы да намысқа тиеді. Олар ондай кезде билікке қояр жоғары талап-тілектерін де ұмытып кететіндей. Егер билік шын жақсылық жасағысы келсе, білекті сыбанып жіберіп, басқаша кірісер еді ғой. Қасиетті алаң болса анау, қазылып, қабырғасы сөгіліп, жын ойнақ болудың аз-ақ алдында жатқаны. Негізі қасиетті алаңға «Желтоқсан көтерілісі» жайлы үлкен тарихи музей ашып, қаһарман ұл қыздарымыздың ескерткіштері орнатылып, жаста-рымызға ұлттық рухта патриот-тық тәрбие беретін іс-шаралар қарастырылуы керек қой. Олай істегілері келмейді. Тым болмаса, жылына бір келетін 17 желтоқсан күні жастарды алаңға шақы-рып, желтоқсан құрбандарына құран бағыштап, түрлі шаралар ұйымдастырудың орнына, еш-кімді жолатпауға тырысып ба-ғатын биліктің әрекеті көптің көңіліне томпақ келіп жататыны жасырын емес. Тіпті, «Желтоқсан көтерілісі» деген атаудың өзін қимай, «Желтоқсан оқиғасы» - деп, ұсақ-түйекке қарай бұрмалаған арам пиғылдылар да жүр арамызда. Оған да бір тоқтам жоқ. Айтпақшы, жақында редакциямызға хабарласқан Беркін Әкебаев ағамыз Ресей тарихындағы «Қанды жексенбімен» салыстыра келе «Желтоқсан қырғыны» деп атау керекті-гін айтқан болатын. Бұл да ойланатын атау сияқты. Міне, осындай келеңсіздіктерді екшей келе ертеңгі жастар Желтоқсан көтерілісін ертек екен деп жүрмесін де-ген оймен бастан өтіп, көзбен көргенді аз-кем болса да баян еткенді жөн көрдім. Бірақ, тағы да қайталап айтамын, мен өзімді «Желтоқсан қаһарманымын» не-месе ерлік жасадым деп есептемеймін.Езгі мен ерлік егескен екі күнСонымен, сол бір қарлы да қаһарлы жылы мен «Алматымәдениқұрылыс» тресіне қарасты «Медеуқұрылыс» бас-қармасында құрылысшы болып іс-тейтінмін. Өзім қазіргі ҚазҰУ-дың кешкі дайындық бөлімінде оқимын. Тұрағым: О. Жандосов пен Жароков көшелері-нің қиылысындағы құрылысшылардың «Достық» жатақханасы.Жұмыста едік. Екінді ауа «Қонаевты орнынан алып, орысты қойыпты. Алаңға жастар жиналып жатыр екен» - дегенді естігеннен кеудемізді намыс керней, делебеміз қозып, дегбіріміз кетті. Бригадиріміздің қарсы болғанына қарамастан, алып ұшып алаңға жеткен алты-жеті жігіт құжынаған халықтың арасына сіңдік те кеттік. Топ-топ болып топырлаған жастар: «Қазақстанға қазақ басшы болуы керек!», «Колбин кетсін!» - деп, айбарлана айқайлайды. Енді бір жерде Шәмшінің «Менің Қазақстанымы» шырқалады. Мән-жайға осылайша қаныға жүріп, Үкімет үйінің (қазіргі қалалық әкімшілік үйі) жан-жағын жағалай сүзіп шыққан біздер ғимараттың айналасы тұтас мұз құрсау әскермен қоршалғанын байқадық. Қазіргі Желтоқсан көшесінің арғы бетінде иықтарына автомат асынып, қолдарына резеңке таяқ (дубинка) ұстап, қаздай тізілген қарулы әскери жасақ тұрса, бергі бетте олардың қаруларынан жасқанбастан жалынды жастар тұр. Көбісінің қолдарында сындырып алған шарбақ ағаштары. Біз де жапа тармағай көшені жағалай қоршаған жасыл ағаш шарбақты тепкілей сындырып, қолы-мызға ұстап алдық. Өйткені, манадан бері қоян-қолтық төбелес болып, жаға жыртыспаса да, бір-бірлеріне таптап беріп, екі-үш метрге дейін кезектесе ығыстырған екі жақ
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz