Дәстүрлі түркілік дүниетанымындағы әлем
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы әлем түсінігі ... ... ... 6.37
1.1 Түркілік дүниетанымда қоршаған әлемді культивациялау ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Түркі мәдениетіндегі әлем үлгісі ... ... ... ..10
2 Түркі ойшылдарының философиясындағы әлем мәселесі ... ... ... ... ...38.63
2.1 Әл.Фараби мен Баласағұнның философиялық идеяларындағы әлем үлгісінің ерекшеліктері ... ... ... ... 38
2.2 Қ.А.Яссауи іліміндегі әлемнің мәні ... ... ... ... ..60
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Дүниенің жаратылуы адамзатты толғандырып келе жатқан маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қадым замандардан уақыт пен кеңістік бағдары шексіз дүние ретінде ұғынылып, дүниенің пайда болуы жұмбақ күйінде қалып келді.
Ежелгі Грецияда қалыптасқан философия әлемнің материядан тұратындығын, әрі оның мәңгі екенін дәлелдеуге тырысады. Әлем «мәңгілігі» ұғымы - атеистік теорияға да негіз болды. Әлем жаратылысының шексіздігіне сену - оның жаратылғандығын, оны жаратқан Жаратушыны мойындау деген пікірге жетелейді.
Ежелгі антика заманында өмір сүрген грек ойшылдарының бірі – Фалес дүниенің түпнегізін заттардың сұйық күйінен, демек судан іздеді. Барлық заттар мен жан-жануарлардың шыққан тегі, түп «атасы» су деп есептеді. Барлық заттар тіршілік судан пайда болады және суға айналады,-деді[5, 47-48 б.].
Ертедегі гректің тағы бір материалисі Анаксимен (б.э. дейінгі 585-525 жж. шамасы) дүниеде бар нәрсенің бәрінің бастапқы біртұтас материалдық негізгі ауа деп санай отырып, дүниенің бастапқы негізі ауа болатын себебі, деді Анаксимен, ауаға тән қасиет- сұйылу мен қоюланудың арқасында барлық заттар пайда болады, - деп түсіндірді [6, 272 б.].
Гераклиттің ілімі бойынша, дүниеде бар нәрселердің бәрінің материалдық негізі от болып саналады: барлық нәрсе оттан жаратылады және ақыр соңында отқа айналады. Жан да оттан пайда болады. Біртұтас дүниені, деді ол, ешбір құдай, не ешбір адам жаратқан жоқ, ол бірде жанатын, енді бірде өшіп тұратын, бұрын болған, қазір бар және келешекте бола беретін тірі мәңгі от болып табылады,- деді [6, 272 б.].
Идеализмнің ең алғашқы негізін салған Пифагор (б.э. дейінгі 580-500 жж. шамасы) болды. Оңың пікірінше, барлық заттардың мәні - олардың санында, сандық қатынастарында, өйткені бүкіл әлем соларға тәуелді.
Демек, ертедегі ойшылдардың философиялық көзқарастарында, материя мен ойлау дүниелерін қарама-қарсы қою орын алғанын көреміз. Ертедегі Грецияда материализмнің одан әрі дамуы Демокриттің (б.э. дейінгі V ғ.) атомдық теориясымен тығыз байланысты. Бұл теория бойынша, барлық дүниедегінің негізі - сансыз көп атомдарда. Атомистер дүниені әрі қарай бөлінбейтін бөлшектер - көзге көрінбейтіп аса ұсақ атомдардан тұратын біртұтас дүние деп түсіндірді.
Ислам дініндегі діни еңбектерге көз салсақ, дүниенің жаратылғандығы анық деген ақиқатқа сүйенеді. Қасиетті Құранда бүкіл дүние, ондағы тіршілікті Алла жаратты деп жазылады: «Көктер мен жерді жоқтан бар етуші...»- деген Құрандағы сөздері әлем жаратылған деген идеяны уағыздайды. Қазіргі заман ғылымы да бұл тұжырымнан алыс кетпейді. Дүниені Алла жаратты, ол анық екені даусыз.

1. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 1-кітап Алматы: «Білім»,
2005-304 бет.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық әлуметтік және саяси жедел
жаңару жолында. Егемен Қазақстан. 2005. 19 ақпан .3 бет.
3. Қаратышқанова Қ.Р. Дін философиясы. – Түркістан: Тұран, 2009ж. –
132бет.
4. Құран Кәрім. Қазақша мағына түсінігі. Медине, 1991, -604бет.
5. Бейсенов Қ.Ш. Философия тарихы, Шымкент, 2005, -372бет.
6. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия, - Алматы, «Білім», 2001,-328бет.
7. Кенжетай Д. Қожа Ахмет Иассауи дүниетанымы, -Түркістан, 2004,-341бет.
8. Топоров В.Н. Первобытное представление о мире- М.,1982,-468,с162.
9. Коган М.С. Эстетика как философия наука. Университетский курс
лекций. -СПБ Петрополис, 1997.-544с.,с270.
10. Философский энциклопедический словарь. - М.,1991.-840с., с263.
11. Лотман Ю.М. Культура и взрыв. М., 1992.-260с., с48.
12. Фейнберг Е.Л. Две культуры. Интуиция и логика в искусстве и науке.-
М.,1992, с129, с27.
13. Тұрсынов Е.Д. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері.-
Алматы, 1976, 128бет.
14. Бахтин М.М. Эстетика словесного творчество, 1986, с357.
15. Элиаде М. Космос и история. М., 1987, с216, с56.
16. Акишев А.К. Искусство и мифология саков. 1987, с180, с51.
17. Раевский Д.С. Модель мира скифской культуры,-М., 1985, с246, с27.
18. Айдаров Ғ. Орхон ескерткіштерінің тексті. Алматы, 1990, 217бет.
19. Бахтин М.М. Творчество Франсуа Рабле и народная литература
средневековая и Ренессанса, М., 1965, с316, с395.
20. Каскабасов С. Колыбель искусство. Алматы, 1992, с368, с54.
21. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. Алматы, 1984, -266б.
22. Мухиттин Бағчежи, Адем Асылыоғлы, Дидар Шәуенов Кәләм ғылымына
кіріспе, Түркістан, 2009ж. -150бет.
23. Абдуллатиф Әл-Харпути. Танких-ул Калам, Дарсағадат, 1330.34-35бб.
24. Абдудиддин Абдурахман бин Ахмад әл-Иижи. Мауақиф,183-189,250б.
25. Абдурахим Умайра, т.2, Бейрут 1409/1989, 155-165бб.
26. Көбесов А, Әбу Насыр әл-Фараби.-Алматы: Қазақ университеті, 2004. –
176бет.
27. А.Кубесов Астрономия в трудах Ал-Фараби, Алма-Ата, 1981, с250.
28. Ә.Нысанбаев, Ғ,Құрманғалиева, Ж.Мүтәліпов «Әлемдік философиялық
мұра» Жиырма томдық. 20-том. «Қазіргі түркі философиясы».-Алматы:
«Жазушы», 2009. -512б.
29. Махмуд Кашгари. Кашгар. 1985. с183.
30. Кашгари Махмуд «Дивани лугат ат-тюрк».Т.С 449-452
31. Ж. Баласағұн «Құтты білік», Алматы, қазақ университеті, 2004,-176бет.
32. Р.Декарт. Избр. произ. М., 1950. с378.
33. Ж.Баласағұн Құтты білік. Алматы, 1986. -76бет.
34. Досай К.Т. Дәстүрлі түркілік дүниетаным. Оқу құралы. Түркістан,
«Азиат» баспасы, 2004, -96бет.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы әлем
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-37
1.1 Түркілік дүниетанымда қоршаған әлемді
культивациялау ... ... ... ... ... . ... ...6
1.2 Түркі мәдениетіндегі әлем
үлгісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
0
2 Түркі ойшылдарының философиясындағы әлем мәселесі ... ... ... ... ...38-
63
2.1 Әл-Фараби мен Баласағұнның философиялық идеяларындағы әлем
үлгісінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..38
2.2 Қ.А.Яссауи іліміндегі әлемнің
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
65
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Әлемнің жаратылуы адамзатты толғандырып
келе жатқан маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қадым замаңдардан
уақыт пен кеңістік бағдары шексіз дүние ретінде ұғынылып, ғаламның пайда
болуы жұмбақ күйінде қалып келді.
Әлем жаратылысының, оның мәңгілік екендігін мойындап келген ғалымдар
өз еңбектерінде дүниені ұшы-қыры жоқ, шексіз материяның жиынтығы деп
санады. Адамзаттың әлем - нақты, жанды нәрсе. Бұл түсінік осы уақыттарға
дейін жалғасын тауып келеді. Ежелгі адамдар тіршіліктің пайда болуының
ссбебіне нақты дәлелдер таба алмады. Олар мұны қиялмен, бір нәрсеге
ұқсатумен түсіндіруге тырысып, жерге, көкке, күн мен жұлдыздарға, бір
сезбен айтқанда, табиғат құбылыстарына табынды [1, 304 б.].
Қазақ халқы - этногенез жағынан алғанда, үш мың жылдан аса тарихы мен
мәдениеті бар халық. Біз тарихқа VI ғасырда "түркі" деген атпен енсек те,
алтайлықтар, сақтар, хундар (бұл атау ғұндар, һундар деп те жазылады)
мәдениетінің төл мұрагеріміз. Ежелгі түркі елі, түркі жүрты ұлы тарихи
оқиғалардың діңгегі әрі куәгері болған. Солай десек те, кеңестік
тарихнамада 1917 жылғы қазан төңкерісіне дейін қазақ та, түрікмен де,
қырғыз да, өзбек те, әзірбайжан да аз тарихында толыққанды мемлекет
болмаған, ұлтымызды дәстүрсіз, тамырсыз деп, қу тақырда жаралған, яғни
шексіз етіп көрсетуге тырысты.
Түркі елінің ежелгі тарихы біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан,
ертедегі хундар империясының құрылу кезеңінен басталады да, біздің
заманымыздың IX ғасырын қамтиды. Бұл ерте дәуір тарихының өзі-бірыңғай
археологиялық деректер тарихы ғана емес, көбіне деректер негізіндегі тарих.
Демек, біздің заманымыздан бұрынғы III ғасыр мен бергі XI ғасыр арасындағы
хундар, түркілер дәуірі - біздің рухани қазыналарымыз, түркі жұртының
мәдениет тарихының деректі көздері.
Ал орта ғасырдағы түркілер елі, түркі жұрты X-XIV ғасырларда өзінің
бай жазба тарихын жасады. Түркілердің этникалық негізі болған тайпалар мен
халықтардың және хун, түркі империяларының құрамына кіріп аралас-құралас
күн кешкен 20-дан астам түркі жұртының ру-тайпаларының аты бізге жетті,
олар: печенег, қимақ, қыпшақ, оғыз, кимек, башқұрт, басмыл, қай, ябаку,
татар, қырғыз, шігіл, тухси, яғма, ұграқ, шарух, жұмылы, ұйғыр, таңғут,
қидан т. б. Бірақ кеңес заманындағы "пантюркис" деген сойқан сөз "халық
жауы" деген мағынада колданылып, Отан сүйер, ұлт сүйер есіл ерлердің басын
жұтқандықтан, ежелгі ел екенімізді ұмытып, Ресейдің қол астындагы "тегі жоқ
тексіздер", "жазуы жоқ, сызуы жоқ жабайылар" болып шыға келдік. Өз
негізімізден, өз дәулетімізден өзіміз жерідік, өз байлығымыздан өзіміз
бездік, ертеректегі елдігімізден, ата-баба мұрасынан ат-тонымызды ала
қаштық [1, 304 б.].
Бүгінгі күні еліміз тәуелсіздігін алып, ертеңіне сеніммен қол созған
шақта, тегін тануға талпынған халқымыздың талабын қанағаттандыру, оның
өткенін білуіне көмектесу - тек тарихшы ғалымдардың ғана міндеті емес,
елін, жерін, халқын сүйген әрбір зерделі азаматтың борышы. Сондықтан түркі
халқының тарихын егжей-тегжейлі талдау, ел шежіресіне, бабалар мұрасына
жаңаша көзқарас орнықтыру үшін, біз барымыз бен жоғымызды уақыт безбеніне
салып, тарихымыздың ақтандақтарын ашуымыз қажет.
Бүгінгі күні Орта Азиядағы Түркі тектес елдер Қазақстан, Өзбекстан,
Қырғызстан, Түрікменстан және Әзірбайжан тәуелсіздігін алып ертеңіне
сеніммен қол созған шақта Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев түркі халықтарының одағын құруды ұсынды, ол өз сөзінде Орта
Азия елдерінің одағын құру туралы "Біз ... ұлы державалардың осы өңірде
экономикалық басымдылыққа ие болу жолындағы бәсекелестігін де байқап
отырмыз [2, 3 б.].
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Философия тарихында әлем мәселесін
зерттеуге батыс және шығыс ойшылдары айтарлықтай өз үлестерін қосты. Атап
айтқанда, түркі-араб ойшылдарынан Әл-Фараби, Ибн-Сина, Әл-Кинди,
Ж.Баласағұни, М.Қашқари, Қ.А.Яссауи, Әл-Ғазали, Ибн Рушд, Ф.Рази, Б.Өгел
т.б философтар зерттеулер жүргізген. Ал батыс ойшылдарынан Фалес,
Анаксимен, Пифагор, Гераклит, Демокрит, Аристотель, Платон, Г.Лейбниц,
Р.Декарт, Г.Политцер, Р.Суйнберн, С.Кларк, Л.Больтцман, Фейнберг Е.Л, Коган
М.С, т.б. атауға болады.
Қазақ-орыс ғалымдары арасынан түркі дүниетанымындағы әлем мәселесінің
алғышарттарын зерттегендер: Досай К.Т, Ә.Нысанбаев, Қасқабасов С, Айдаров
Ғ, Көбесов А, Тұрсынов Е, Тұрғынбаев Ә.Х, Ақышев А.К, Бейсенов Қ.Ш, Топоров
В.Н, Раевский Д.С, Бахтин М.М және т.б. ғалымдар жемісті еңбек етті.
Мәселең, орта ғасырлардағы араб философиясының ірі өкілі -Әл-Киндидің
айтуынша, дүние, әлем Алланың қалауымен пайда болған, бірақ құдай тек
дүниені жаратушы ғана, әлемдегі болып жатқан процесстерге оның қатысы жоқ
деп есептеді. Оның пайымдауынша, әлем - шексіз. Себеп пен салдар байланысты
болғандықтан Құдайды себепші, ал әлемді салдар деп таниды [1, 304 б.].
XX ғасырдагы материализм өкілдерінің бірі – Георг Политцер өз
еңбектерінде әлемнің мәңгілік үлгісін, оның ақиқаттығын мойындай тұра,
дүниенің жаратылуы жайындағы идеяны қолдамайды да: Егер әлемнің
жаратылғандығын мойындар болсақ, онда оның Құдайдың жоқтан бар етіп, бір
сәтте жаратқандығын мойындауымыз керек. Георг Политцер тұжырымы бойынша,
егер дүниенің жаратылғандығы мойындалар болса, онда оны жаратушының да бар
екендігіне күмән келтірілмеу қажет. Материя мен уақыттың ұлы жаратушы
арқасында жаратылғандығын ғалым негіздеген ақиқат екендігі ескерілуі қажет
[1, 304 б.].
Әлем мәселесі жайында зерттеу жүргізген ислам философы Ғазали былай
дейді: Әлемдегі денелер қозғалыс пен тыныштыққа мұқтаждық танытпай тұра
алмайды. Әлемдегі өзгерісті қабылдағанымызды қарамастан, әлемнің бастауы
жоқ дегенге сене салаламыз ба? Егер әлемнің бастамасы жоқ болатын болса,
өзгерістердің де бастамасы тұрасында ойланудың керегі жоқ. Бірақ та егер
көрінген құбылыстар болмаса, уақыт та болмайды десек, онда көрінгеннің
бастамасы уақыттың да бастамасы бола алады. Ендеше, әлем ерте кезден бері
бар. Әлем Алланың қалауымен жаратылған деп тұжырымдайды [3, 49 б.].
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Зерттеу барысында әлем
мәселесі жайында мақсатқа сай, төмендегідей міндеттер белгіленді:
- Әлем жаратылысының шексіздігіне сену - оның жаратылғандығын, оны
жаратқан жаратушыны мойындау.
- Әлемнің Алланың құдіретімен, шапағатымен жаратылғандығына
адамзаттың көзін жеткізу.
- Қазіргі батыс пен шығыс өркениетіндегі әлемнің жаратылу
мәселесі төңірегіндегі атеистік теориялардың көбеюіне тосқауыл қою.
Сөзімді дәлелдей түсер болсам, қасиетті Құранда бүкіл
дүниені, ондағы тіршілікті Алла жаратты деп жазылады. Көктер мен жерді
жоқтан бар етуші-деген Құрандағы сөздер әлем жаратылған деген идеяны
дәріптейді. Қазіргі заман ғылымы да бұл тұжырымнан алыс кетпейді
[4, 616б.].
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Дипломдық жұмыстың ғылыми
жаңалық деп тануға тұрарлық нәтижелері төмендегідей:
- Адамның жанды болмыс ретінде үнемі әлеммен үндестікте және
тұтастықта өмір сүретіндігі анықталды;
- Әлемнің құрылысы, кеңістігі адамның қоғамдағы орнымен
теңестіріліп, антропоморфты сипатта ұғынылғандығы айқындалды;
- Әлемнің Тәңірдің құты, бақыттың көзі ретінде киелі екендігі
рухани тұрғыдан талданды;
- Түркі ойшылдарының (Иассауи, Ж.Баласағұн) әлем мәселесі
төңірегіндегі әділеттілік, сабырлық, қанағатшылдық сияқты руханилықтың
озық үлгілері бұл дүниедегі және о дүниедегі тіршілікті
жандандыруға сеп болатындығы жайлы зерделі ойлары ғылыми-философиялық
тұрғыдан қарастырылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс
кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыстың жалпы көлемі-66бет.
1 ДӘСТҮРЛІ ТҮРКІЛІК ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ТҮСІНІГІ
1.1 Түркілік дүниетанымында қоршағаи әлемді культивациялау
Дүниенің жаратылуы адамзатты толғандырып келе жатқан маңызды
мәселелердің бірі болып табылады. Қадым замандардан уақыт пен кеңістік
бағдары шексіз дүние ретінде ұғынылып, дүниенің пайда болуы жұмбақ күйінде
қалып келді.
Ежелгі Грецияда қалыптасқан философия әлемнің материядан тұратындығын,
әрі оның мәңгі екенін дәлелдеуге тырысады. Әлем мәңгілігі ұғымы -
атеистік теорияға да негіз болды. Әлем жаратылысының шексіздігіне сену -
оның жаратылғандығын, оны жаратқан Жаратушыны мойындау деген пікірге
жетелейді.
Ежелгі антика заманында өмір сүрген грек ойшылдарының бірі – Фалес
дүниенің түпнегізін заттардың сұйық күйінен, демек судан іздеді. Барлық
заттар мен жан-жануарлардың шыққан тегі, түп атасы су деп есептеді.
Барлық заттар тіршілік судан пайда болады және суға айналады,-деді[5, 47-48
б.].
Ертедегі гректің тағы бір материалисі Анаксимен (б.э. дейінгі 585-525
жж. шамасы) дүниеде бар нәрсенің бәрінің бастапқы біртұтас материалдық
негізгі ауа деп санай отырып, дүниенің бастапқы негізі ауа болатын себебі,
деді Анаксимен, ауаға тән қасиет- сұйылу мен қоюланудың арқасында барлық
заттар пайда болады, - деп түсіндірді [6, 272 б.].
Гераклиттің ілімі бойынша, дүниеде бар нәрселердің бәрінің материалдық
негізі от болып саналады: барлық нәрсе оттан жаратылады және ақыр соңында
отқа айналады. Жан да оттан пайда болады. Біртұтас дүниені, деді ол, ешбір
құдай, не ешбір адам жаратқан жоқ, ол бірде жанатын, енді бірде өшіп
тұратын, бұрын болған, қазір бар және келешекте бола беретін тірі мәңгі от
болып табылады,- деді [6, 272 б.].
Идеализмнің ең алғашқы негізін салған Пифагор (б.э. дейінгі 580-500
жж. шамасы) болды. Оңың пікірінше, барлық заттардың мәні - олардың санында,
сандық қатынастарында, өйткені бүкіл әлем соларға тәуелді.
Демек, ертедегі ойшылдардың философиялық көзқарастарында, материя мен
ойлау дүниелерін қарама-қарсы қою орын алғанын көреміз. Ертедегі Грецияда
материализмнің одан әрі дамуы Демокриттің (б.э. дейінгі V ғ.) атомдық
теориясымен тығыз байланысты. Бұл теория бойынша, барлық дүниедегінің
негізі - сансыз көп атомдарда. Атомистер дүниені әрі қарай бөлінбейтін
бөлшектер - көзге көрінбейтіп аса ұсақ атомдардан тұратын біртұтас дүние
деп түсіндірді.
Ислам дініндегі діни еңбектерге көз салсақ, дүниенің жаратылғандығы
анық деген ақиқатқа сүйенеді. Қасиетті Құранда бүкіл дүние, ондағы
тіршілікті Алла жаратты деп жазылады: Көктер мен жерді жоқтан бар
етуші...- деген Құрандағы сөздері әлем жаратылған деген идеяны уағыздайды.
Қазіргі заман ғылымы да бұл тұжырымнан алыс кетпейді. Дүниені Алла жаратты,
ол анық екені даусыз.
Opxoн-Енисей жазбаларында "идуқ йер-су(б)" анықтамасы кездеседі.
Түркітанушы Б.Өгелдің пікірі бойынша, бұл жердегі "идуқ" сөзінің "-ид, -ад"
жалғауы, "жіберілген, берілген" мағынасына келетін "-дан, -ден, -тан, -тен"
сияқты шығыс септігінің жалғауларымен төркіндес келеді. Яғни жер мен су
түріктерге "Тәңірі тарапынан берілген" болып шығады. "Ид" сөзі "қасиетті",
"киелі", "құтты" деген мағынаны білдіреді.
Сонымен, дәстүрлі түркілік дүниетанымда жер, су, отан - құтты,
өйткені, идуқ, яғни киелі. Идук-жер тіркесі Инал Сатығ атына тігілген "Бай-
Бұлын" деп аталатып 1-жазуының бірінші жолында "...әз жерім, идук-жерім
..." ретінде кездессе, отан сөзінің мағынасы "Тәңірі-ел", "Тәңірі-жер"
тіркесімен берілген" "Ұйық-Тұран" жазуында: "Жоғарыда Ұлы Түрік Тәңірісі
идуқ "жер-суды" жаратты-реттеді" делінетін және т.б. деректер бар.
Осы деректерге сүйене отырып, туған жердің Тәңір тарапынан берілген
құт, аталардан қалған қасиетті мирас екендігін көруге болады.
Ата мирас - отанды Ғун қағаны Мөде де Тәңірдің құты-өз жерін,
аталарынан қалған топырақты ешкімге таптатпас үшін жауына қарсы "қасиетті
соғыс" ашқаны тарихтан белгілі. Бабаларының сүйегі жатқан қорымның тоналып,
қиянатқа ұшырауы, Батыс Еуропаны тітіреткен Атилланың (Еділдің Арысы) да
Византияға қарсы соғыс ашуына себеп болған. Өйткені, дәстүрлі түркілік
дүниетанымда ел (мемлекет), ұлыс (халық), йер-су (отан-топырақ) -
теократиялық түсініктегі киелі болмыстар. Жер мен Кок (Тәңір) ажырамас
тұтастықта.
Сондай-ақ, әлем мен адамның да өзара үндестікте екендігін әлемнің
антрономорфтық сипаттармен түсіндірілгендігінен-ақ байқауға болады. Яғни
жердің "кіндігі", "басы", "аяғы", "құлағы", "қойны" және т.с.с. болған.
Кіндігі - "Жерұйық", басы - "Өту" (өте), аяғы - "Төмен", құлағы мен қойны-
метафизикалық әлем, яғни "әруақтар әлемін" білдіреді. Бұл жерде Өту
-Өтүкен, Төмен-Тюмень тононимиялық жер атаулары ретінде ежелгі түрік
топырақтары екендігінің айғағындай болып, Ресейдің оңтүстік- шығысында
қалғандығын айта кеткеніміз жөн [7, 341б.].
Б.Өгелдің "Түрік мифологиясы" атты еңбегінен дәстүрлі түркілік
дүниетанымдағы пантеистік түсініктегі ұстындардың көптеп кездесетіндігін
көруге болады. Түріктер туған жерінің әрбір қарысына "Тәңірдің бесігі"
немесе Жер-Ана ретінде мән берген. Енді осы "Жер - Тәңірдін бесігі" және
Жер-Ана тіркестеріндегі ана мен бесікті біртұтас деп қарасақ, Тәңір мен жер
де біртұтас ғарыштық үндестік ішінде екендігі анық байқалады. Дегенмен де,
Тәңір мен жер арасына тендік белгісін қойғалы отырған жоқпыз.
Тәңірлік сенімде Тәңір жердің иесі. Қазақтардың Тәңірге жердің иесі
ретінде қарап, оған құрбандық атауын Е.Тұрсынов ақ жылқының қылына ораған
бір шелек қымызды "Жер - суымыздың иесіне желі арнап, сыйлау үшін келдік,"-
деп қайың ағашының алдына қоятындығын айтады.
Демек, қазақтар арасында Тәңірлік сенімнің (діннің) негізгі
категориялық ұғымдары мен ұстындары ұмытылғанымен, дәстүрлі дүниетанымның
сынықтары (элементтері) халық ырымдарында әлі де өмір сүріп келеді деген
сөз.
Бұл жердегі "қайың ағашы да киелі болып саналады. Өйткені, Тәңірлік
сенімде қайың ғарыштық орталықтың" символын білдіреді. Наурыз мерекесінде
жасалатын баталарда да "көк көп болсын, ақ мол болсын, төл егіз болсын,
төрт түлік семіз болсын, қымыз мол болсын және т.с.с. ақ тілектер жердің
иесі – Тәңірге жасалған мінәжаттың көрінісі. Әдебиеттанушы,ғалым А.Шәріп
қазақтардың дәстүрлі дүниетанымындағы атамекенді ардақтау, аялау сезімін
қоныс-құт-құдірет формуласына негіздеу арқылы жердің құт ретіндегі
трансцендентальды болмыспен байланыстылығын ашып көрсеткен.
Дәстүрлі түркілік дүниетанымның ерекшелікгерінің бірі қоршаған әлемді
мәденилендіру (культивациялау) екендігі белгілі. Әлемді мәденилендіру деп
кеңістіктер, бағыттар, қабаттар, символдық салт-жоралар (рәсімдер) мен діни
қағидалар арқылы уақыт пен кеңістік ішінде құндылықтар жүйесінің
қалыптасуын айтамыз, осы тұрғыдан дәстүрлі қоғам адамы өз әлемін Шығыс,
Батыс, Теріскей, Күнгей және Орталық деп, бағыттарға бөліп, мән-мағына
дарытқан [7, 341б.].
Әрбір бағыт немесе кеңістіктің өзіндік мазмұны мен маңызы бар. Мысалы,
Шығыс – көктемді; таң сәріні; тіршіліктің бастауын алдыңғы жақ-бағытты;
киіз үйдің есік жағын және т.б. кеңістіктік тұрғыдан нақтылайды.
Ғұн ханы таң сәріде күншығысқа бет алатын. Отаудың есігі де күн
шығысқа қарай ашылады. Батыс - күзді; күн батысты; өмірдің екінші жартысын;
киіз үйдің құрметті бөлігі – төрді, яғни әруақтар әлемін білдіреді.
Күнгей - жазды, түсті, өмірдің кемелдік шағын, әлемнің жоғарғы жағын,
киіз үйдің еркектер отыратын тарапын, ал Теріскей - қысты, түнді, өмірдің
соңы - қартаюды, әлемнің төменгі жағын, өлілер әлемін, киіз үйдің әйелдер
отыратын тарапын білдіреді. Бұл құбылыс дәстүрлі түркілік
дүниетанымдағы әлемді кеңістіктік тұрғыдан мәденилендірудің маңыздылығын
көрсетеді.
Әлемді кеңістіктер мен бағыттарға бөлу арқылы мәденилендіру құбылысын
киіз үйдің еркектік және әйелдік тарапқа бөлінуінен де көруге болады. Бірақ
киіз үйдегі ең маңызды қазық - әйел болып табылады. Өйткені, бұл кеңістік
(ғарыш) - әйелдікі. Оның ішіндегі жасау, дүние де әйелдің өзіне тән.
Еркектің әлемі - үйдің босағасынан шыққаннан кейін басталады. Үй -
әйелдікі, түз - еркектікі. Киіз үйде әр нәрсенің, әр заттың өз орны болғаны
сияқты әрбір отбасы мүшелерінің де жанұяда өз орны бар [7, 341б.].
Бұл тәртіп, жүйе бұзылмауы тиіс. Яғни әйелге тән заттар өз тарапында
болып, еркек жағына ауысып кетпеуі керек. Киіз үйдің босағасында үйдің
"иелері мен кие рухтарына" құрмет көрсетілуі тиіс. Босағаның оң жағында
отбасының иесі бар. Киіз үйдің ортасында ошақ орналасқан.
Ол-әлемнің, жанұяның, әулеттің орталығы мен ынтымағының символы.
Әлемнің бағанасы болса, киіз үйді ұстап тұрған тіректер - "дүниенің тірегі"
деп аталатын жекелеген қазықтармен теңестіріледі. Уақыт өте келе киіз
үйдегі шаңырақтың мифтік - діни функциясы түтіннің шығуы үшін шаңырақтың
үстіңгі жағында жасалған түңлікке (түтіндік) ауысқан. Тіректің сынуы немесе
шаңырақтың ортаға түсуі жаман ырым саналып, бәленің басы ретінде
қабылданады. Спенсер мен С.Гиллен осы қасиетті тірек сынғанда, бүкіл тайпа-
ру қаралы күн кешіп, соңында тізе бүгіп, өздерін өлімге қиғандығы туралы
аңызды еске салады. Киіз үй - ғарыштың (космос) символы, кіші нұсқасы.
Көшпелілердің киіз үйі әлемнің орталығында орналасқан іспетті, ал оның
шаңырағы -әлемнің тірегі ұғымын береді. Яғни, көпшелі адам әрдайым
қасиетті, киелі мекенде, космостық әлемдер арасында құрылған байланыстың
жүзеге асуы үшін жол - кеңістік - шаңырақ арқылы әлеммен үйлесімділікте
өмір сүруге тырысады. Отаудың шаңырағы мен тірегі Көк аспанның тірегі
секілді, отау кіші бір космос - кіші әлем секілді. Адам осы көк күмбездің
(аспан) астындағы орны мен кіші күмбез (отау) ішіндегі орны арасындағы
үндестіктің сақталуын қадағалауы тиіс. Киіз үйге космостық форма (пішін)
берген ең негізгі тірек-шаңырақ. Негізінде, Азияның діни ғимараттарындағы
көк күмбез символизмінің сан ғасырлық тарихы бар.
Макрокосмостық байланыс деңгейінде ғарыштық бағана (ось) - ағаш, тау,
төбе, тірекпен, ал микрокосмостық деңгейде болса, үйдің орта тірегі немесе
шаңырақпен үйлестіріледі [7, 341б.].
Бұл әр үйдің шаңырағы "ғарыштың орталығына" сай орналасқан деген сөз.
Дәстүрлі дүниетанымда әлемдік дәлдік, яғни ғарыштық орталық әрбір нүктеде,
барлық жерде бірдей бар екендігін көрсететін табиғат заңы кең тараған.
Шаңырақ пен бағана арасында функционалдық байланыс бар. "Бағана" сөзі
сахаларда (якуттарда) Тәңірге барар жол, тірек, мағынасында қолданылады.
Әрбір шаңырақ көкке үласу қабілетін білдірсе, құрбандық шалу – Тәңірмен
үндесудің жолын білдіреді.
Шаңырақ Тәңір мен адам арасындағы қатынасқа түсу мүмкіндігін береді.
Бұл мүмкіндікті дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы әлемнің құрылысы,
жаратылысы беріп отыр. Шындығында, бұл құрылыс-жүйе, бір-бірін өзара
байланыстырып тұрған орта бағананы бойлай үш қабаттан тұратындай етіп
үйлескен. Әлемде бірінің үстіне бірі орналасқан үш үлкен қабат бар. Бұлар
орталық тұстан өтетін бағана арқылы өзара байланысты болғандықтан, бір
әлемнен екіншісіне өтуге мүмкіндік туғызады. Экстаз хәліндегі қамның
(бақсы) рухы да көкке немесе жер асты әлеміне "мистикалық сапар" жасарда
осы "түңлік-бағана-шаңырақты" қолданады.
Демек, дәстүрлі түркілік дүниетанымын әлемді өзара вертикал
кеңістіктер арқылы Тәңірге апарар жол болып табылатын бағаналармен
байланысқан үштік әлем түрінде елестеткен.
1.2 Түркі мәдениетіндегі әлем үлгісі
Дәстурлі түркілік дүниетанымда космологияның көшірмесі болып табылатын
адамның жаратылуы да әлемнің орталығында жүзеге асқан. Мысалы, Месопотамия
мәдениетінде адам Жер жүзі мен Көк арасындағы "көпірдің" орналасқан жері -
"жердің кіндігі-Жерұйықта" дүниеге келген символдық бейнелеулер түркілік
космсологияның да негізгі ұстындары болып табылады. Негізінен, ескі түркі
космологиясы "Жерүйық" түсінігі төңірегінде қалыптасқан. Түрік жұрты,
"түркі ордасы," яғни билеу, басқару орталығы, дүниенің төрт бұрышының
түйіскен жерінде, яғни дәл ортада, әлемнің кіндігінде орналасқан [7,
341б.].
Жалпы алғанда, әрбір мекен ету, отанға айналдыру процесі - алғашқы
космогонияны (әлемнің жаратылуын) жаңғырту болып табылады. Шаңырақты,
мекенді киелі, қасиетті отанға айналдыру үшін оны Тәңірмен байланыс құруға
ыңғайлы жағдайға келтіру керек. Адам өз әлемінде өмір сүруі үшін алдымен
қоршаған сыртқы әлемді ритуалдық рәсімдер арқылы оны қайта жаратуы қажет.
Әрбір жаратылыс әр нәрсенің бастауындағы космогониялық әрекетті қайта
жаңғыртады. Сондықтан әрбір құрылыстың іргетасы әлемнің орталығына
орналасқан деп ессптелгеп. Қазіргі кездегі жаңа құрылыс саларда "ірге тас
қалау" дәстүрін де алғашқы космогониялық әрекетті қайта жаңғыртудың
өзгерген формасы ретінде қарауға болады.
Әрбір кеңістіқ трансцендентальды ата мекенге айналуымен ғана емес,
сонымен қатар нақты уақыттың мифтік уақытқа айналуы арқылы да дәстүрлі
қоғам адамының киелі, қасиетті отанына айналады. Яғни, әрбір ритуал киелі
мекенмен ғана емес, сонымен қатар қасиетті уақытпен, яғни тәңірлік
жаратудың алғаш рет жүзеге асырылған уақытында өтіп жатады деген сөз.
Демек, отанға айналған топырақ немесе шаңырақ құдайлық жаратудың қайталануы
болып отыр [7, 341б.].
Олай болса, әлем, киіз үй және адам болмысы арасында ұқсастық құруға
мүмкіндік бар. Адам тәні де үйдің құрылысына ұқсас. Бұлар үш әлем
арасындағы симметриялар мен ұқсастықтарды көрсететін категориялар, олардың
араларындағы байланыс жолдарын, бірлікті, ғарыштық бірлік пен тұтастықты
көрсетеді. Яғни, үштік космостық функция концепциясы "Әлемнің Бірлігі"
түсінігіне қайшы келмейді.
Әрбір жаратылыс, космогония немесе антропогония болсын, бір орталықтан
басталып, бір орталықтан аяқталып жататын үздіксіз процесс.
Бұл процесс "әлемнің кіндігі немесе орталығында" жүзеге асып жатады.
Әлемнің кіндігі -Жерұйық ең алғашқы құдайлық бастаманың, яғни адамның
жаратылыс негізі болғандықтан да қасиетті. Дәстүрлі көшпелі қоғам адамның
ашық космоста тіршілік етуге мұқтаж екендігін сезінуі қарапайым құбылыс
емес.
Әртүрлі кеңістіктерде анықталғанындай, "шаңырақ-түңліктердің" нақты
дүниетанымдық қызметі, жоғарғы (трансценденталь) әлеммен осы жол арқылы
байланыс құрудың зәрулігі өз универсалдылығы мен өміршеңдігі көшпелі дала
өркениетіне терең із қалдырған [7, 341б.].
Дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы бақытқа ұласуды және Тәңірмен
байланысты қамтамасыз ететін метафизикалық-символдық құбылысты білдіретін
"Көктің тірегі", киіз үйдің "шаңырағы" сияқты түсініктер исламның енуімен
бірге формалық және мазмұндық өзгеріске ұшырап, мұсылман түркілерде "құтб"
яғни, тірек ретінде жалғасын тапқан. Яғни, Тәңірмен байланысу сопылық
дүниетанымның енуімен бірге ешқандай құралсыз (Жерұйық, Шаңырақсыз) тікелей
кемел адам арқылы жүзеге асатын болды. Мысалы, мұсылман түріктер "құтб-ул
ақтаб"- "тіректердің тірегі" ретінде ілімі және рухани жолы арқылы Тәңірге
жөн сілтер ұстаз деп Әзірет Султан Қожа Ахмет Иасауиды таныған.
Сонымен қатар, дәстүрлі түркілік дүниетанымдағы жердің "идуқ", яғни
Тәңірдің берген құты, сыйы деген түсінігі сопылық дүниетаным әсерімен
Тәңірдің "көрінісі" ретінде ұғыныла бастады. Яғни, әлем Тәңірдің сипаттарын
шағылыстыратын. Оның "Бар" және "Бір" екендігін көрсететін
кеңістік ретінде жаңа түсінікке ие болады. Дәстүрлі түркілік дүниетанымда
адам әлемнің үйлесімділігіне қызмет ететін болса, Иассауи ілімінен кейін
олем Тәңір тарапынан жаратылған адамның қызметіндегі болмыс ретінде
танылады. Өйткені,исламдық дүниетаныммен бірге адам "Әлемнің кіндігіне"
айналды.
Яғни, адам әлемнің жаны, рухы дәрежесіне көтерілді. Бұрын әлем
мәңгілік деп есептелетін болса, Иассауи дәстүрлі дүниетанымдағы әлемді
кеңістіктерге бөлу арқылы мағыналандырылған құндылықтар жүйесі енді жаңа
сапалық мәндегі тұтастыққа жетіп, барлық әлемдік қабаттар, кеңістіктер мен
бағыттар Тәңірдің сипаттық ақиқатына айналды. Яғни бөлулер тұтастыққа орын
берді. Әлемнің құрылысындағы құбылыстар мен ерекшеліктер тікелей адамның
рухани хәлдері мен моральдық психологиялық мақамдары ретіндегі түсінікке ие
болды. Қысқаша айтқанда, әлем адамға айналды. Яғни, болмыс тұтастық, бірлік
(таухид) сатысына көтерілді. Осылайша адамның әлемдегі орны исламдық
дүниетаным арқылы толықтырылды. Бұл процестердің толығымен Иассауи ілімінің
негізі болып табылатын еркін сұхбат әдісі арқылы құбылыстық, әрі мазмұндық
тұрғыдан жүзеге асқандығын толық айтуымызға болады [7, 341б.].
"Әлем үлгісі" категориясын анықтауда осы ұғымды В.Н.Топоровтың
түсіндіруі пайдаланылды. "Әлем үлгісі - сол дәстур ішінде әлем туралы
жүйелі және операциялық аспектілерде алынған түсініктердің барлық жиынының
қысқа және қарапайым бейнесі [8, 468б.].
Мәдениеттегі әлем үлгісі тұпнұсқасымен не изоморфизмдік, не
гомеоморфизмдік қатынаста болатын схемаланған немесе шартты түрде таңдап
алынған репродуктивті жүйе болып табылады [9, 544б.].
"Әлем үлгісі" ұғымы ғарыш туралы білім ғана емес, сонымен бірге
құндылықтар субординациясын өткізетін бағалар, тіршілік формалары енетін
"дүниеге көзқарас". Бұл категорияларды тарата айтайық. Жазуы жоқ қоғамда
дүниеге көзқарастың аксиологиялық, аспектісін қалпына келтіру қиындықтары
оның үлгісімен бейнеленген онтологиялық аспектісін (қоршаған әлем туралы
тұтас көзқарас) ғана игеруге мүмкіндік береді.
"Әлем" түсіндірмесі екі ұғымға (дүниеге көзқарас және әлем үлгісі) бір-
бірімен сәйкес келеді. Бұл барлық универсум емес, тек оның адамиландырған
элементі ғана, басқаша айтқанда, адам игерген әлем. Мәдениет иелерінің өзі
әлем үлгісін салт-дәстүрде, мифтерде, бейнелеу образдарында жасай отырып,
канондап және туындата отырып, оны тұтас күйінде санамен меңгере алмауы
мүмкін. "Үлгі - үлгінің ол туралы, оның қасиеттері мен құрылымдары туралы
білімді сақтап, кеңейтуге, тұпнұсқаны қайта түзеп немесе меңгерте қызмет
ететін түпнүсқалық анологы әрқашан түсіндіру, болжау немесе эвристика
құралы ретінде танымдық қызмет атқарады [10, 840б].
Үлгі ардайым нысанды түгелдей емес, оның белгілі бір жақтарын,
функциялары мен қалып-күйін туындатады, бұндайда тандау ісінің өзі танымның
маңызды буыны болып табылады. Үлгілеу қажеттілігі тікелей нысанның өзін
зерттеу мүмкін болмаған, қиындық келтірген, мөлшерден тыс уақытты керек
еткен т.с.с. жағдайларда туады. Үлгі жасау — әлемді игерудің көне әмбебап
тәсілдерінің бірі.
Әлем үлгісін қоса алғанда, өмірде бар заттар мен құбылыстардың үлгісін
құру мен үйрену адам санасының көне формасына да, қазіргі формасына да тән.
Тіпті, ең қарапайым көркем актіде - жартасқа салынған мамонт я бизонда -
толық емес аналогия толық күйінде
Қабылданады бейнеленгеннің жансыз, қозғалуға қабылетсіз екені біліне
тұра, олар жанды қозғалыстағы нысанның аналогы мен үлгісі ретінде
қабылданады. Бұл процестің қажеттілігі адам өмірінің маңызды
қажеттілігімен байланысты, өйткені, әлем үлгісін жасау (адам санасы арқылы
ұғылатын шындық дүние туралы құрылған мәліметтер де бұған енеді) мәдени
жүйенің бекіп, тұрақтануына және рудың аман қалуына жол ашты [11, 260б.].
Барлық рухани мәдениетті синтездеп, күллі тарихи тәжірибелі жинақтау
арқылы философия адамның дүниедегі құндылық өлшемдерін сараптап отырып
айғақтайды.
Құндылық өлшемдері философияда тыс жүйелерде де құрылады. Олар әр
түрлі дүниетанымдық, үлгілердің түрлері арқылы білінеді.
Біздің диссертацияда зерттеген мәселемізде бейнелеу өнерінің, ілкі
мәдениеттегі әлем үлгісін құндылық тұрғысынан танудағы рөлі зор, өйткені,
бейнелеуде ежелгі қоғамның рухани құндылық сипаты байырғы
қалпында сақталған [12, 129б.].
Әлем үлгісі этникалық қауым үшін реттілік, үйлесімділік түрінде
қабылданады, сондықтан да әлем үлгісінің негізгі қызметі- қауымының
психологиялық қорғаныс қызметі.
Бізге жеткен ежелгі әлем үлгісінің фрагменттеріне сүйене отырып оны
өзара байланыстағы шынайы болмыстың мифологиясы ретінде әрі логикалық
тұтастық қалпында жаңғыртуға болады.
Айтылған жүйе бойынша құрылған әлем үлгісі қай халыққа тән болса дағы,
оның қоршаған ортамен, болмыспен әсерлесу негізінде күйзеліске ұшырамау
үшін, оның этникалық бейсаналық деңгейінде қорғаушы механизмі болуы шарт,
ол этникалық әлем үлгісінің ішкі тұтастық қалпын сақтап қалады.
Адамзат қоғамында әлем үлгісі ерекше маңызды орын алады. Оның
көмегімен адамдар қоршаған ортаны түйсініп, қатынас, байланыстық
заңдылықтарын қалыптастырады, білімі мен тәжірибесін жүйеге келтіріп өзінің
сезімі мен қажетін білдіреді. Үлгі адамдардың танымдылық қаруы және тылсым
дүниемен іштесу құралы. Сондықтан да әлем үлгісін жақ-жақты зерттеу, оның
этникалық қалыптасуын жүйелі талдау айрықша құнды болмақ.
Диссертацияның "Мәдениеттегі үлгілеудің жалпы қағидалары" атты бірінші
тарауы екі баптан тұрады. Бірінші тарауда, дәстүрлі мәдениеттегі
жәдігерлерде көрініс тапқан байырғы әлем үлгісін зерттеудін теориялық
бастаулары мен методологиялық шешімдерін мазмұндауға арналған. Жүйелі
талдаудың заты болған әлем үлгісі екі тұрғыдан қарастырылады. Біріншіден,
ол әр тектес жиынтық емес, бір-бірімен тұрақты түрде ықпалдасатын, құрылымы
өзара байланысты ішкі жүйеден тұратын күрделі тұтас қалпында көрсетіледі.
Оны тұтас синхрондық тұрғыдан болмыс динамикасынан бөліп алған
жағдайда, осы аспектімен қарастыра аламыз. Бұл жайт – идеалды жай, ол
сондықтан үлгіні қайта құру кезінде методикалық тәсіл ретінде ғана
пайдаланылады.
Екіншіден, шындық өмірдегі жағдайлар әрқашан динамикалы және нақты
тарихи процестерге тәуелді болады, сондықтан әлем үлгісін оның ортамен
өзара қарым-қатынастығы күйінде ұсыну қажет, яғни, әлсм үлгісіне
мәдениеттің ішкі жүйесі ретіңде (бұл тұста мәдениеттегі әлем үлгісінің
функциялары айқындалады) әр түрлі әлем үлгілерімен байланыста және қоршаған
табиғаттың ішкі жүйесі ретінде қарау керек. Атап айту қажет, алайда әлем
үлгісі мәдениеттің "қатардағы" элементі емес, оның құрылымы- "ұйытқысы",
бұл "ұйытқының" анықталмай тұрып белгілі бір мәдени ортақтастықтын болғаны
туралы сөз ету мүмкін емес.
Ілкі әлем үлгісін зерттеуші ғалымдар тарапынан "ұжымдық бейсаналық"
(коллективное бессознательное) та айрықша мәнге ие болып жүр. Қазіргі
антропологияда мәдениеттің этосы, дәлелі образы мен құндылықтар бағамы және
менталитет ұғымы қолданылып жүр.
Этос кейінгі кезде мәдениеттің моральдық және эстетикалық аспектісі
ретінде түсіндірітіп жүр, сонымен қатар этос ұлттың моральдық, эстетикалық
стилі мен талғамы. Этос ұлттың өз-өзіне, дүниеге қатынасының бүркемелі
негізі. Кейде оны әлеуметі шарттыланған мінез-құлықтың эмоцияналдық сапасы
деп те атайды.
Этос қолданымы мәдениеттің құндылық шамаларын мәдениеттің "өз ішінен"
мәдениет иесі көзімен қарауға себеп болады. Этос мәдениетінің моральдық
және эстетикалық бағамы жүйесі ретінде әлем үлгісі, әлем образы
түсініктерімен тығыз байланысты. Бұл түсініктер ең бірінші когнитивтік
мәнге ие. Этос ұғымының (кұндылық) аксиологиялық өлшемдермен мағыналас
болғанмен де, мәдениет зерттеушілер, аксиологиялық өлшемдердің мәдениеттің
сырт сипатына қарай негізгі тірек идеяларын анықтауға пайдаланса, этос сол
мәдениет иесінің көзімен өз ішінен қарауға мүмкіндік береді, осы арқылы
белгілі бір халықтың ұлттық әлем үлгісі туралы біліміміз нақтылана түседі.
Ұлттық әлем үлгісі мен сол ұлттың дәстүрлі санасының астасып жатқан жалпы
сипаттамасын санамалап көрсек төмендегіге саяды.
1. Біз жоғарыда айтып өткендей ілкі үлгілеу жүйесі мен көнеліктер
санасында әлем бейнесі тұтас қалпында көрініс табады.
2. Мәдени топтың қалыптасқан әлеуметтендіру үрдісі негізінде әлем
үлгісін "дұрыс" қалпында сақтап, ұрпаққа жеткізу.
3. Дәстүрлі сана, әлем үлгісі есебінен ұлтқа тән әдет-ғұрыпттарын
қалыптастырып, ұлттың "ішкі саясатын" реттеуші салт-дәстүр, өнер мен
идеялогиясын шарттылайтын автостереотипті (өз образын) сомдайды.
Сонымен қатар, сыртқы саясатты айқындаушы гетеростреротиптерді (бөтеннің
образы), яғни бөтенмен қалыптасудың шарттарын белгілейтін этникалық
жүйелерді де тудырады.
4. Әлем үлгісімен дәстүрлі сананын әлеуметтік талаптарға, қоғам
дамуының кезеңдеріне және басқа мәдени топтың әлем образына құндылық
өлшемдерімен дәстүріне қайшы келмейтін, кірігуге бейім қабілетінен басқа,
бөтен мәдениетке қарсыласу сияқты қасиеті бар оқшау мәдениет құруға да
бейім. Сонымен әлем үлгісі сияқты дәстүрлі сана да сыртқы әлемнің құбылмалы
тарихи болмысына сай өзгеріске ұшырап отырады.
Әлем үлгісін зерттеуші ғалымдар халықтың дүниені қалай танитындығын
емес, сол таным нәтижелері: космологиялық, онтологиялық, эсхатологиялық
жүйелерді зерттейді.
Кейбір антропологиялық еңбектерде әлем үлгісі тек этнографиялық
абстракция денгейінде көрсетіліп жүр, яғни "тағылық философиясының" тұтас
образын беріп, "жабайылар" үшін олардың философиялық жүйесін үлгілеу ниеті
басым. Әлем үлгісін зерттеу антропология үшін зерттелуші ұлт өкілі ретінде
мәдениетке ішінен қарап олардың мәдениеті бұрмалаусыз дәл зерделеу үшін
қажет.
Егер бұл тұжырымдарды жоғарыда айтылған бағыттар бойынша бағамдасак,
әлемнің космологиялық, онтологиялық бейнесі мәдениеттін тұпқазығының
айналасындағы мәдени дәстүрдің екшеуленген формасына айналады, әйтсе де бұл
мәдениеттің тұпказық мазмұны бола алмайды.
Мәдениеттің түпкі мәнін ашу үшін оның әлем үлгісіні өзгеру процесін
қарастыру керек. Ол үшін мәдени топтың бейімделуінің үш денгейі де шет
қалмауы керек.
Адамның белгісіз және ретсіз әлемге алғашқы мәдени бейімделуі, оның
тіршілік әрекетін орнықтыратын бейсаналық шартты үлгілерін тудыруында (бұл
мәдениеттің негізгі мәніне үйлес).
2. Дүниенің ауыспалы ықпалына сай мәдени дәстүрлерді "қайта
өндеу" арқылы бейімделу.
3. Әрбір мәдени дәстүрдің шынайы болмысқа бейімделуі сол мәдени топ
жүйесінің қоршаған ортаны қабылдау ерекшелігімен және оның санасына
өз мәдениетін жүйелеуші ережелер мазмұнына қайшы келер ақпараттарды
өкшеумен жүзеге асады.
Мәдени жүйені қайта қалпына келтіруде әлемді игеруін адамзат
жинақтаған мол мәдени байлықтың қандай ескерткіштеріне сүйенген жөн? Мәдени
құбылыстарға әлем үлгісінің элементтері ретінде қарау бұл сауалға жауап
табуға кемектеседі. Әрбір мәдени бірлестік жүйенің өзара байланысты
элементтері түрінде өзінің әлем үлгісін туындатып отырады.
Түркі- қазақ аңыздарының ежелгі түрлерінде санының нық қалыптасқан
жүйесімен, үйлесімді құрылған әлем үлгісімен кездесеміз, өйткені, байырғы
аңыз-әпсаналар логикасы - игерілген болмыс логикасы. Мифтік текстке
қарағанда, ауыз әдебиетінің басқа түрлері танбалық жүйеде қайта өңдеуге
ұшырап отырған. Мифтік текстердің таңбалық жүйеде қайта өңдеуге жатпауы
онда әлемді сезімдік қабылдаудың сипаттау жоспарының болмауына байланысты
шығар?! Ауыз әдебиетінде таңбалық қайта өндеулер архетиптік әлем үлгісі
негізінде жасалған: "Адами" жүйелер мен схемалар антропоцентристік ұғымдар
тілінде сипатталатын ортаға да таралады. Мысалы, үйелмендік қатынастар,
туыстық жүйе, жанұялық байланыстардың аспан денелері атауларындағы үйлесуі
және сол жұлдыздарға айтылатын аңыздардың мазмұндық байланысы.
Мифтік әңгімелер мәдениетті түсінер мәдени кодты бекітті, әлем
үлгісінің сюжеттік барысын уақыт талқысына салып, дәуірлер қолданысына
берді. Мәдени код түйсікті әлемнің қайшы полюстарын сәйкестіріп, оның
байланыс тәсіліне айналды. Сондықтан да миф таңбалық мәтін.
Дәстүр - мәдени код категорияларымен ойлау. Мәдени код белгілі мәндік
бірлестік ретінде ерекше заттарға телінеді. Бұл заттар жерлеу, үйлену,
немесе құрбандық шалу рәсімдерінде айрықша қызмет атқарады. Мәдени код
ұжымдық бейсаналық формаларымен байланысты болғандықтан, күллі мәдениетке
тән, бұл әсіресе, шығыстың таңба және ауыз әдебиетінде айрықша көрініс
береді. Дәстүрлі мәдениет бір есептен ішкі өзегінен қайта жаңғыратын дайын
мәтіндер мәдениетті. Дайын мәтіндерді ықшамлап, оны қорытып таңба немесе
ауыз әдебиеті негізінде ұйыстырған. Канттың сөзімен айтсақ, бұл моральдық
білімнің мәтіндік ұйысқан жүйесі.
Дәстүрлі мәдениет қазақ даласында филологиялық кейіпке енгенменде әуел
бастауын тас таңба негізінде нақышталған архетиптік канондардан негіздейді.
Мәдениет тарихи рефлексияға бейім болғандықтан, байырғы канондардың өңін
өзгертіп, мән-мағынасын жанғыртып отырған.
Мына бір қызықты жайтты атап айту қажет. Көне бейнелеу өнері мен
оларға байланысты айтылып жүрген ауызекі мәтіндерді зерттеу нәтижесінде
шығармашылық әрекеті әсерінен пайда болатын адам мінез-құлқының әр
формасында туындайтын адам психикасының фундаментальдық ерекшеліктерін
зерттейтін психофизиология мен эксперименттік психологияның нәтижесі сәйкес
болып шықты.
Келтірілген дәлелдер магиялық алғашқы қауымдық түплогикалық ойдан
ғылыми ойдың бір өрістілітін көрсетеді, тек олардың бағыты мен мотивтерінің
әр тектілігі ғана ерекшеленеді. Таңбалыдағы жартас суреттері
космобиологиялық нышанға ие. Европаның ғылыми жүйелеу бойынша қарасақ, көне
суреттер мен аңызлар қазіргі ойлау логикасына сыймайтын хаостық
құбылыстардың жиынтығы сияқты әсер қалдыралы. Оның себебі, алғашқы қауымның
экологиялық, қоғамдық ерекшеліктері ескерілмеген жағдайдағы бұрмалаушылыққа
байланысты. Ілкідегі дүние туралы ұғымдардың уақыттық кезеңін космологиялық
немесе мифопоэтикалық деп атауға болады, сол кездегі мәтіндердің
семиотикалық мәні космостық үйлесімділік пен хаостық ретсіздіктің күресінен
тұрады.
Ежелгі сана үшін әлеуметтік факттер зат ретінде де, әрі белгілі бір
тұжырымдар кейпінде де қабылданады. Ал олардың байланысы таңбалар арқылы
жүзеге асады. Сонымен комологиялық кезеңдегі мәтіндердің негізгісі және
бастауы ретінде төмендегі үш түрлі схеманы ұсынуға болады:
1. космологиялық схеманың өзі
2. туыстық және жыныстық қатынастарды көрсететін схема
3. тарихи және мифтік дәстүрлер схемасы
Аңыздар мен тарихи әпсаналар сияқты екі жайтты біріктіруші тәсіл -
диахрондық (өткен шақ туралы баяндау) және синхрондық (осы шақты түсіндіру
тәсілі). Диахрондық пен синхрондықтың ажырамас қосарлы байланысы - ілкідегі
дүниетанымдықтың негізгі ерекшелігі.
Көне мәдениеттің заттық әлемін бір ғылыми жұмыстың аясында түгелдей
қамту мүмкін емес болар. Сол себепті де элементтік және құрылымдық жағынан
неғұрлым толыққанды және әлем үлгісін толық бейнелейтін мәдени ескерткіштер
тандалып алынды. Ілкі замандардан бастап, бүгінгі қазаққа дейін созылған
мыңдаған жылдардың жемісінен тас дәуірінен бері қарай жалғасып келе жатқан
ұзақ дәстүрдің іздерін байқауға болады [13, 128б.].
Қазак мәдениеттануы мен өнертануы қайта қалпына келтіру саласында
елеулі табыстарға жетті. Жергілікті материалды мұқият зерттеу қазақ көне
өнеріне философиялық сипаттаушы-жүйелеуші, эстетикалық және құрылымдық
талдау жасауға жол ашады.
Сөйтіп, диссертацияда әлем үлгісі таным құралы ретінде
қарастырылды.
Ілкі мәдениеттегі әлемді мифтік үлгілеудің негізінде бір ғана басты
онтологиялық идея болды - ол "үйлесімсіздіктен", "реттіліктің" тууы. Дүние
жаратылысы, байырғы үлгілеудің құрылымы мен оны құраушы жүйелерді
қалыптастырушы ретінде айтылған жайт негізгі түпқазық болады.
Ілкі медениетте, кеңістік пен уақыт, табиғи және әлеуметтік
құбылыстарды үлгілеуде мифтік уақытта өз есебін тіршіліктің алғашқы
жаратылу сәтінен, үйлесімсіздікті реттеуден бастайды да, әдеттегідей әлемік
апатпен аяқтайды.
Мифологиялық сана қалыптастырған әлем үлгісіндегі кеңістік пен уақыт
туралы түсініктер элементтік оппозициялар құрғанымен де, негізгі құрылымды
өздерінің әретекттілігімен және әр түрлі қабаттардың бірдей теңдестігімен
ерекшеленетін тұтас кеңістік уақыттық континум-хронотопты құрайды.
Хронотопты көзқараспен құндылық көзқарас тікелей байланысты яғни, әлемді
үлгілеуде, оны ретке келтіруде және осыған сәйкес қауымдастық пен табиғат
арасындағы үйлесімдікті құндылық тұрғысынан шешеді [14, 357б.].
Кеңістік пен уақыт туралы ұғым мифтік дәуірдегі дүниетанымдық жүйесіне
де негізгі "тупқазык" болып табылады. Уақытты игеру әрекетінің көптеген
мысалын біз байырғы мәдениеттен таба аламыз. Уақытты тоқтату талпынысы мен
архетиптерді нобайлау дестүрлі салтпл орындау арқылы жүзеге асырылатын. Осы
қайталау арқылы адам оқиға алғаш откен уақытқа көшетін. Бұл сәтті М.Элпаде
былай деп белгілейді: "парадигмалық әрекеттердің әсерінен кейбір іс-
әрекеттер (немесе зат) шынайылыққа ие болса ғана тұрмыстық уақыт
ұзақтығының бүркеме тоқтауы жүзеге асады [15, 216 б.].
Жай уақытга істелген күйбең тірлік құдыреттіліктен ада болады:
Заңды құбылыстардан әр түрлі амалмен қорғану мен уақытта қайта
айналдыру қажеттілігі үйлесіп жатыр. Уақыт айналымы Дүние Жаратылысының
космогониялық актісінің қайталануы бұл құдіретті құбылыс тарихты да басынан
бастауға әкеледі. Циклдік ұғымды тудырушы Ай деп болжауға болады. Айдың
айналуға байланысты жарық бетінің азайып, толығуы, еліммен жаңарып қайта
енуге баланатын. Ең ежелгі уақыт өлшемі де айлық цикл болған. М.Элиаде бұл
процесті "мәңгіліх оралу" деп аталған. Бұл "мәңгілік оралу" уақытпен
қалыптасудың әсері тимеген "онтологияга куә болады...". Ол тіршілікке еш
әсер етпейді, өйткені өзі үзіліссіз жаңару үстінде.
Әлем үлгісінің негізінде бір ғана басты онтологиялық идея болды -ол
Хаостан Космостың тууы Әлем Жаратылысы. Ілкі мәдени жәдігерлердің қайсысына
болмасын, қалыптастырушы осы идея көрініс береді, тек уақыт өте келе
алғашқы мәні көмескілене берді.
Көрнекі формаслардың мәнін ашар кілті осы форманы тудырушы мифтік
санадн іздейміз. Біз мифтік сананың ерекшеліктері мен қызметін тәптіштен
баяндауымыздың себебі, ежелгі архетиптік формаларды пайымдау үрдісі осында
туған [16, 180б.].
Әлем үлгісі туралы идеялар ғасырлар бойы халық жадында сақталып
ұрпатан-ұрпаққа таратылады. Олар халықтық салт-дәстүрдің барлық түрінде
көрініс береді, алем үлгісі мәдениеттін ұйтқысы.
Мәдениетте әлем үлгісі бейнеленген ескерткіштердің болуы медениеттің
өзіндік сапасын білдіреді. Өз үлгісін жасау, бұл – мәдениет дамуының шырқау
шыңы, даму жолын біржолата таңдау көзі.
Үлгілеу мәдениеттегі тұпнұсқа туралы бүркеме ақпаратты ескеруге негіз
болады, яғни әлем үлгісі мәдениет туралы ақпаратты сақтау болып табылады
да, мәдени жад ретінде әрекет етеді.
Әлем үлгісі медениеттің жады мен өзіндік сапасы ретінде көріне отырып,
медениетке бейтарап қатынаста болғандай, алайда оның қызметі бұнымен
шектелмейді. Қалыптасып алған сәттен-ақ елек үлгісі мәдениетке өзі ықпал
ете бастайды.
Әлем үлгісі мәдениеттің өткен кезең туралы "естелігін" бойына жинап,
кәзіргі мәдениетті тұрақтандырып, оның болашақта даму өрісін болжайтын
қызметтері мәдениеттің жады мен сапасын нығайта түседі.
Мәдениеттегі әлем үлгісінің жады мен сапасын идеялық және материалдық
бейнелерінен көреміз. Әлем үлгісінің материалдық бейнесі кеңістіктің
неғұрлым қажетті деп саналатын жерлерге орналастырылған. Қарапайым
тұрмыстық затты жасаудың өзі қасиетті мәнге ие болып сол арқылы әлем
үлгісінен орын алған.
Қазақтың ілкі мәдени жедігерлеріндегі әлем үлгісі бейнесіне
мәдениетгің касиетті жады мен сапасы ретінде қарау мәдени құбылыстарды
қайтадан ұғынуға, талқылата сипаттауға сеп болды.
Екінші бапта "Қазақтың ілкі мәдени жедігерлерінде бейнеленген әлемнің
ежелгі үлгісі" адамзат тірлігін түбірімен өзгерткен архитектоникалық және
қолданбалы өнер туындылары негізінде зерттеледі.
"Дуалдық принцип бойынша құрылған палеолит қоғамының мүшелері қос
фратрияны табиғатта бір-біріне карама-карсы келетін заттармен,
құбылыстармен, көріністермен байланыстырған болатын (Күн фратриясы мен түп
фратриясы ақ фратрия мен қара фратрия т.б.). Абстракты ой-сананың дамуы
нәтижесіндегі неолит адамдары бұл қарапайым ойды бүкіл табиғаттағы киелі
күштер мен кесірлі күштердің өн бойғы күресі идеясына айналдырғандығын
байқауға болады, Скиф өнерінің маманы Д.Раевский грек мағлұматтарына
сүйеніп, скиф мәдениетіндегі әлем үлгісінің, қысқаша жүйелік кестесін
жасады. Біз үшін оның маңызы өзіміз сөз етіп отырған ежелгі кезендегі
әлемнің үштік үлгісін қайталауы [17, 246 б.].
Жоғарғы Орта
Төмен
Құдайлар әлемі Адамдар әлемі Жер асты әлемі
Аталмыш үштік үлгісі көне түркі мәдениетінен де табамыз. Түркілер
дүние жаратылысын былай бейнелейді: "Жоғарыда көк аспан төменде қара жер
пайда болған кезде екеуінің арасында адам баласы пайда болды". Ғ.Айдаров
бұл жолдарын бірде "Жоғарыда көк аспан..." деп аударса, кей жерде "Жоғарыда
Көк Тәңірі..." деп келтіреді [18, 217б.].
М.Бахтан кезінде, туындының өзекті жүйесін пайымдау үшін өз ойын
ұсынған болатын. Ортағасырлық әлем картинасын жаңғырта отырып ол былай деп
еді: "Бұл картинаға кеңістік құндылық тұрғысынан өспеттеу тән" Тура
айтқанда, бұл архаикалық сана тудырған әлемнің тік үлгісі [19, 316б.].
Ежелгі өнер салт-дәстүрдің ажырамас бөлігі болып саналады. Біздің
ойымызша байырғы бейнелеу өнерінің қасиетті мағынасына, діни-тұрмыстық салт-
дәстүрлердің мәні арқылы қарау керек.
Көнеліліктердің рухани тірлігін түйсіну үшін М.Элиаденің еңбектерінің
мәні зор. Оның көзқарасы біздің ілкі әлем үлгісі концепциясын жасаудағы
архитектоникалық бастаудың орны туралы ойымызға әсері болғандықтан
М.Элиаденің негізгі тұжырымдарын еске сала кетуді жөн көрдік. М.Элиаде көне
адамдар қоршаған ортаны, жоғары космостық денгейдегі тылсым дүниенің,
"сыңары" ретінде қабылдайды деп нақтылайды. Адам еңбегінің нәтижелері мен
адам әсер еткеннің бәрінен "тылсым архетип" білінеді. Космостық үлгі мен
қасиетті архетиптің үйлесімділігі көне адам әрекетін заңдастырып отырады.
Белгілі бір нысанды киелендіру салт дәстүр арқылы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz