Қазақтың ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақтың ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары

Қазақ халқының рухани мәдениетінің аса маңызды бөлігін ғасырлар бойы жинақталған салт-дәстүрлері құрайды.

Дәстүрлер - жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған күрделі қоғам-дық-қатынастар жүйесі. Ол қасиеттерге Отанға және өз халқына, оның тарихына, мәдениетіне деген махаббат, оны қорғауға дайын болу, достыққа адалдық, бірлікке, ынтымаққа тырысу, туысқандықты жаңарту, антқа адал болу, аманат сақтау, түп-тамырыңды білу, ата-баба аруағын сыйлау, ұлкендерді құрметтеу, әке үйін, "ңара ша-ңыраңты" дәріптеу, қонақжайлық, құдалық дәстүрлері, т. б. жатады. Сондай-ақ дәстүрлер құрамына ұлттық және діни мейрамдар да кіреді.

Біздің замандасымыз, көрнекті жазушы, этнограф, ұлт мәдениетінің шынайы жанашыры Сейіт Кенжеахметұлының саралауы бойынша, қазақтың ұлттық дәстүрлері мен салттарын былай жіктеуге болады:

1. Келін түсіріп, қыз ұзатуға байланысты дәстүрлер.

2. Тәлім-тәрбие дәстүрлері.

3. Тұрмыстық, өмір сүрулік дәстүрлер.

4. Еңбек, кәсіптік дәстүрлер.

5. Діни салттар.

6. Жерлеу салттары.

Келін түсіріп, қыз ұзатуға қатысты дәстүрлер

Қыз айттыру. Ата-аналар болашақ қалыңдықты баласы кәмелетке толмай тұрып, ездеріне тең, құрметті, текті отбасынан іздеген. "Қыз айттырудың" бірнеше түрлері болған. Ертеде көңілдес, дос адамдар балалары дүниеге келмей тұрып-ақ бір-бірімен "құда" болысқан. Мұны "атастыру" деп атаған. Балалары бесікте жатқанда құда болу "бесік құда" деп аталған. Бұлардан басқа құда болудың "қарсы құда", "сүйек жаңарту", т. б. түрлері болды. Балаларды үйлендіру "құда түсуден" кейін жүзеге асырылды.

Құда тцсу. Құда түсу - қазақ халқының ежелден үмытылмай келе жатқан міндетті дәстүрі. Жігіттің әкесі жаңын жүрағаттарымен ңызға ңүда түсуге келеді. Қыз әкесі ңүдалардың келуінен алдын ала хабардар болып, өзінің ағайындарын жинап, құдаларды ұлкен салтанат-пен қарсы алады. Қыз әкесі "қош" айтқаннан кейін екі жаң бір-біріне дәстүрлі сый-сияпат - құда аттанар, ат байлар, құйрық-бауыр, т. б. көрсетеді.

Бата аяқ. Құдалар арасындағы соңғы келісім. Екі жақтың алғашқы ңүда түсудегі келісімінен кейін, күйеу жігіттің әкесі қалыңдық ауылына келіп, той уақыты, қалың мал мөлшері, кәде-жоратуралы келіседі. Бұл бата аяқ деп аталады. "Бата аяң" кезінде ауқатты адамдар ірі сыйлыңтар тарту еткен. Олар бес жақсы, орта жақсы, аяқ жақсы болып бөлінген. "Бес жақсыға" - түйе ботасымен, бие құлынымен, бағалы зат немесе алтынның, күмістің құймасы кірген.

Қалың мал. Құдалықтың ресми бөлігі аяқталғаннан кейін, күйеу жігіт жағы қалыңдықтың әкесіне мал түрінде қалың мал төлеген. Оның мөлшері құда болушы-лардың тұрмысына байланысты болған. Кедей құдалар 5-6 бас мал төлесе, ауңатты адамдар 200-500, кейде 1000 басқа дейін жылқы берген. Бұдан басқа той малы, анасына сүт ақы, өлген адамдар, тірі адамдар ақысы (өлі-тірі), т. б. кәделер болған. Қыз жағынан келетін жасаудың құны мен мөлшері де қалың малдан кем болмаған. Қалың мал төлеу кезінде мұлтіксіз орындайтын "құрық-бау", "қосақбау", "келін тілі", т. б. жоралғылар болған. Бұлар мал бағатын адамдарға берілетін төлемдер.

Киіт. Құдалар кетердің алдында қалыңдықтың әкесі оларға сыйлыңтар тартатын болған. "Киітке" - мал және бағалы, жағалы киімдер тарту етілген. "Киітті" қалың-дық жағынан еріп келген құдаларға да тарту етіп, екі жағы сыйлық беру жөнінен кем түспеуге тырысңан. Біздің заманымызда қалың мал төлеу дәстүрі жойылғанмен, киіт беру дәстүрі сақталып қалды.

Сүт аңы. Ананың ақ сүті үшін төленетін төлем. Қыз жағында өтетін тойда қалыңдықтың анасына күйеу жағы тарту етеді.

Құйрық-бауыр. Бауыр мен құйрықтан түратын салттың қонақасы. Бұл құдалық бекітілді деген мағынаны білдіреді. Бұл салттан кейін шегінуге, яғни құдалықтан бас тартуға болмайды, ондай жағдайда келісімді бұзған жақ қалың малды кейін қайтарады.

Қынаменде. Күйеудің ұрын келуі. Құда түсіп, уәде пісіп, қалың мал төлеген соң күйеудің атастырған қалыңдығын алғаш көруге келген тойы қынаменде деп аталады. Ән, күй, би қатар жүргізілетіндіктен, қынаменде жас жүбайлардың шаттық кешіне, жастардың махаббат мұратына жету символына айналған. Мұны кей жер қалыңдық ойнау, кей жерде ұрын келу деп атаған.

Тойбастар. Тойдың сәні тойбастарды әнші жігіт не қыз бастайды. Той бастағаны үшін жігіт (не қызға) той иесі рақмет айтып, сый-сияпат ұсынған. Тойбастарды бұрын елге белгілі ақындар мен әншілер басқарған. Мысалы, Баймағанбет сұлтанның Аңыл атты қызы ұзатылғанда тойбастарды атақты ақын Шернияз бастаған. Бұлардан басқа "Жар-жар", "Беташар", "Аушадияр", "Неке қияр", "Сыңсу", "Қоштасу", т. с. сияқты жоралғылар орындалған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы отандық ғалымдар еңбектерінің аннотациясы
Дәстүр трансформациясы баспасөзде
Отандық тарихнамада жануарлар культіне арналған толық қанды еңбектер жазылмасада өзіндік зерттеушілік қолтаңбасын қалдырған зерттеулер баршылық
Қазақ халқының салт - дәстүрлерінің ерекшеліктері
Қазақ халқындағы неке және оның түрлері
Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен мектепалды сыныбындағы педагогикалық үрдісте қолданылатын халық педагогикасы мен ұлттық салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні
Баспасөз және ұлттық дәстүр
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІ МЕН ӘДЕТ - ҒҰРЫПТАРЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ
Қыз айту
Дәстүр тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz