Еңбек өнімділігі


Нарықтық экономика жағдайында еңбек өнімділігінің мәні зор. Өйткені еңбек өнімділігі бұл жұмысшының еңбек іс - әрекетінде қолданылған ресурстар құнының өндірілген өнім көлеміне қатынасын анықтайтын көрсеткіш болып табылады. Мұнда көбінесе еңбек өнімділігі өндірілген өнім мен қызмет көлемінің еңбек шығынына қатынасымен анықталады. Өнімділікке әсер ететін негізгі фактор технология болып табылғандықтан кезклген кәсіпорын өзінің өндірістік қызметін жүзеге асыруда ғылыми техникалық процесті қолданудың маңызы зор. Технологиялық жетістіктерді жетік пайдалану арқылы біз еңбек өнімділігін арттыра аламыз. Бірақ жоғары еңбек өнімділігін бірқалыпты ұстап тұру үшін басқару жүйесінің барлық функцияларын, коммуникацияны, шешім қабылдауды және лидерлікті қамтамасыз ету керек.
Еңбек өнімділігмен айналысатын менеджерлердің алдында мынадай сұрақ туындайды: елеулі табысқа жету үшін қандай жаңа шарттар қалыптастыру керек?
Көп жылдардан бері жалпы жұмыскерлер ішінде әкімшілік-басқару персоналының үлесі көбейді. Бұл қызметтің жылжуына және жұмысқа тұру мұмкіндігін арттырады. Қазір «құрылымды арықтату» тенденциясы іске асырылуда: әкімшілік-басқару аппаратының саны азайып бара жатыр. Басшылық орынға отыру өте қиын. Карапайым жұмыскерлердің қызметі де қиындады, олар бұрын атқарып көрмеген басшылық орындарда қызмет етуде. Тек басшы мен жұмысшы арасында айырма жоқ.
Жаңаша түрде табысқа жету үшін жаңа салыққа, әдетке үйрену, сонымен бірге басқару жұмысына араласқан барлық адамдарға жеке бастық компьютерінде жұмыс істей алуы керек. ЭВМ дамуына байланысты ақпаратты тазалау қажеттігі қысқарады. Жаңашыл өнертапқыштар саны көбейеді. Соның арқасыңда жұмысшылар жоғары білім алады, ой-өрістері кеңейеді. Басқарушлар жұмысшылармен бірлесе отырып мәселелерді шеше алатындай дәрежеге жетеді.
Сол себептен біз мұнда ең алдымен персоналды басқарудың мәнін, еңбек ресурстарын, өнімділіктің экономикалық негізін қарастырамыз.
Кәсіпорында материалды ресурыстар мен технологияны тиімді пайдалану
Кәсіпорын өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру үшін нақты жинақталған экономикалық ресурстары немесе өндіріс факторлары болуы қажет. Экономикалық ресурстар дегеніміз - тауарларды өндіру және қызмет көрсету үшін пайдаланылатын барлың табиғи, адамдар және адамдардың өндіретін ресурстары. Түрліше барлың ресурстарды әр түрлі көзқарастарға сәйкес топтастыруға болады:
1. Материалдың ресурстар жер ресурстар шикізат материалдары және капитал.
2. Адам ресуратары еңбек және кәсіпкерлік қызмет.
«Жер» ұғымына жататын барлық табиғи ресурстар; егістік жерлер, орман, пайдалы қазба, кен орындары, су ресурстары.
«Капитал» немесе инвестициялық ресурстар ұғымы - тауар өндіру және қызмет көрсету, оларды түпкілікті тұтынушыларға жеткізуге пайдалануға арналған барлық өндірістік өндіріс құралдары (ғимараттар, құрылыс, жабдықтар және т. б. ) .
Өндіріс процесін және өндіріс құрал-жабдықтарының қорлануын инвестициялау, яғни қаражат жұмсау деп атайды.
«Еңбек» ұғымы тауар өндіруде және қызмет көрсетудегі барлық дене және адамдардың ақыл-ой қабілеттілігін көрсетеді.
Барлық экономикалық ресурстар немесе өндіріс факторлары жалпы бір қасиетке ие: олар сирек немесе өлшеулі мөлшерде болады. Бұл қағида бойынша қазіргі деңгейдегі экономикалық дамуда барлық қажеттіліктерді қамтамасыз етуде ресурстардың әлі де болса кем екендігін білдіреді, егістік жерлердің, пайдалы қазба байлықтардың, өндіріс құралдарының, жұмыс қолдарының (жұмыс уақыты) белгілі бір шегі болады. Ресурстардың сирек кездесетіні салдарынан өндірістің өнімі де мардымсыз болып, осыдан қоғам тауарлар мен қызмет көрсетудің межелеген барлық мөлшерін ала алмайды.
Кез келген кәеіпорынның өндірістік-экономикалық іс-әрекеті өндірістік ресурстарды заттай және ақшалай нысаны түрінде қалыптастырудан басталады. Көрсетілген ресурстар оларды пайдалануда қалай міндет жүктелсе, солай уақытына қарай бір-бірімен айрықшаланады.
Ресурстарды анқтау дегеніміз - меншіктің әр турлі формалары және шаруашылық тетігінің ықпалымен жүзеге асатын нақты және өткен еңбекті үнемдеу. Оның практикалық мәні еңбек, материалдың және қаржы ресурстарын үнемді жарату, өнімсіз және халық шаруашылығының барлық өрісіндегі шығындарды барынша жою болып табылады. Ресурстарды сақтау болашақ экономиканың дәрежесі мен сипаттамасы ретінде экономика және басқару жүйелерін қайта құруды, олармен табиғи байланысты ұштастыруды қажет етеді. Ресурстарды сақтау экономикалық қатынастар жүйесінің және шаруашылықты жүргізу әдістерінің қамы үшін ғана болмауы керек.
Ресурстарды сақтау саясаты орасан зор потенциалдық мүмкіндіктері бар Қазақстан үшін өте үлкен принциптік маңызы бар. Себебі, республикада ұзақ жылдар бойы халық шаруашылығының өркендеуі экстенсивтік, жоғары шығындылық негізінде болып келді Шаруашылықты жүргізудің мұндай әдістері әлдеқашан өзінің сиптын жойып, өндірісгі интенсивтендіруге үлкен тосңқауыл жасады.
Экономикалық реформа жағдайында ресурстардың сақталу процесі ұдайы өндірісті арттырады. Ұлттық табыстың серпінінде тұтыну мен қорланудың арасындағы ара-қатынастар өзгеріп қана қоймайды, сонымен бірге өзінің қорлану қорында ресурстарды сақтау есебінен шаруашылық қорланудың сол бөлігі үлкен орын алады. Сондықтан, практикада ресурстарды сақтау қорланудың зандылықтарын ұдайы өндірісті кеңейтуді қамтамасыз етуге пайдалану қажет болады. Ресурстарды сақтау іс жүзінде тиімді экономикалық дамудың бірден-бір басты кезеңіне айналып отыр. Мысалы, энергия мен шкізаттарды үнемдеу шараларын іске асыруға кеткен шығындар, осындай мөлшердегі шығындарға қарағанда екі өте кем болады. Алайда, өндірісті дамытудағы ресурстарды сақтау жолына өте-мөте баяу жүргізіліп келеді. Ресурстарды сақтаудың экономикалық негізіне қаржы-несие саясаты, бағаның құрылуы және ынталандыру жатады.
Ресурстарды сақтаудың басты бағыттары - өнім бөлігінің материалдық шығындылығын кеміту, ең алдымен үнемді конструкциялық шешімдер және ресурстарды сақтау техникасын және қалдықсыз технологияны кеңінен қолдану; өндірістік процестерге отын-энергетика және т. б. да материалдық ресурстардың шығындарын азайту; шикізаттардың және екінші қайтарымды жылу ресурстарының, тұрмыстық қалдықтарын толық пайдаланып, оларды қайтадан пайдаға асыру, табиғи байлықтарды, бастапқы шикізаттар ресурстарын кешенді түрде өңдеу.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын жұмысын жүргізудің экономикалық тетігін және оның әрбір цехтарында, әрбір еңбек ұжымдарында ресурстарды сақтаудың ынталылығының ең тиімділік амалын қолданатын болу керек. Ресурстарды сақтау проблемасын шешуде ұдайы өндіріс процестерінің барлық сатыларын, сонымен бірге, ең алдымен шикізаттарды өндіру және шала фабрикаттарды қайта өңдеуді қамту қажет, себебі, бұл саладағы материалдың шығындар әлі де болса өте жоғары болып келеді. Мұнда бірінші орынды қалдықсыз технологияны қолдану негізінде өндірісті ұтымды ұйымдастыру жұмысы алады. Шикізаттардың қай түрі болмасын жарамды өнімдерді өңдеуде пайдалы заттардың алуан түрлерінен тұрады. Сонымен, бұл шикізаттарды өндіру және қайта өңдеу кешені тиімділігінің шешуші факторы болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz