Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды әсемдікке тәрбиелеу


Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды әсемдікке тәрбиелеу
Қазақстан өркениетті ел болу үшін саналы, ұшқыр ойлы қоғамның парасатты адамдарын қалыптастыру қажеттілігі туындауда. Әлем сахнасына рухы күшті, дені сау, білімді өзұлтын, тарихын шексіз сүйетін ұрпақ қана шығад, - деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, соған лайықты ұрпақ тәрбиелеу әрбір ұстаздың борышы. Педагог Ахмет Байтұрсынов «Бала тәрбиесін, оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерді өзі жақсы білуі керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам балаларға керек. Оны білуге баланың туғанынан бастап өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын іздеу керек. Баланың ісіне, түсіне қарап, ішкі халінен хабар аралық болу керек» дейді.
Ахмет Байтұрсыновтың бұл пікірі дәл бүгінгі, ертеңгі күннің талап - мақсатымен үндес, өмір бойы өшпейтін, ескермейтін өсиет. Бұлай дейтініміз, болашақ ұрпақты жан - жақты тәрбиелеу ісіндегі басты тұлға - тәрбиеші педагогтар мен ата-аналар.
Қазіргі заманда баланың жеке басын қалыптастыру, оның көкірек көзін оятып, ата-бабадан қалған және осы кезеңдегі халқымыздың асыл мұрасын баланың жас кезінен ойына ұялатып, бойына сіңіру, адамгершілік, ізеттілік, эстетикалық сезім - әрекеттерін қалыптастыру.
Ол үшін ең алдымен тәрбиеші педагог өзі жан- жақты білімді, шығармашылықпен еңбектенетін, ізденімпаз, озық тәрбиені бойына түйін деген көреген, сезімтал, балаға жүрек жылуын төге білетін, оның ішкі дүниесін, жан - сезімін көре білетін осы заманғы қоғамдық талап деңгейінде болуға тиіс. Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақ тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі- ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады» - дейді халық даналығы. Осыған байланысты шығармашылық ізденіс деген әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет деп ойламын.
«Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «іздену», «ойлап табу», дегенге келіп тоқталады. Демек бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап, жетістікке қол жеткізу деген сөз.
Осы орайда менің шығармашылық тақырыбым: Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды әсемдікке тәрбиелеу .
Эстетика - грек сөзі. Ол өмірді сезім арқылы білудің танудың негізгі жолы, көркемдік пен әдемілік заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Орыстың ұлы жазушысы А. П. Чехов былай деген. Адам бойындағының бәрі де бет - әлпет де, жан дүниесі де, ақыл ойы да, киім - кешегі де әдемі болуы керек. Эстетика - кең мазмұнды ұғым.
Эститикалық мәдениетін қалыптастыру жеке бастың жан - жақты дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл өмір мен өнердегі тамаша қатынастарға, баланың творчествалық әрекетіне, оқуға, еңбекке, мінез - құлқына деген процесіне тамаша белгілер жасауға ұмтылуға негізделеді.
Оқушының эстетикалық мәдениеті, тәрбиені және эститикалық ой-өрісті және баланың рухани әрі мүсін келбетіне тамша белгілерді қалыптастыру, көркем творчествалық бейімділікті дамытуды қамтиды. Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың эститикалық мәдениетін қалыптастыру өте күрделі процесс. Эстетикалық тәрбие өзі түсіне алатын ұғымды түйсінуге өмірдегі табиғаттағы, өнердегі тамаша, жетілген, әрі үйлесімді, тағы басқа эстетикалық құбылыстарды бағалауға, «әдемілік заңы бойынша» өмір сүре алатын, өзіне - өзі жағдай жасай алатын творчествалық белсенді жеке бастың мақсатын қалыптастыру, дамыту процесі. Эстетикалық тәрбие баланың нақтылық, көрнекілік және бейнелік нұрын шашады. Балалардың көрнекілікке тез көңіл бөлетіні белгілі. Айқын әсер баланың саласына ұзақ уақыт із қалдырады. Дегенмен, көмекші мектептегі эстетикалық тәрбие өзіндік сипатқа ие. Бұл ерекшелік ақылы кеміс баланың ақыл-ой дамуындағы жетіспеушіліктермен, олардың таным әрекетінің төмендеуімен, моторикасындағы кемістікпен, эмоция - ерік өрісі саласындағы ауытқулармен анықталады. Көмекші мектептегі эстетикалық тәрбие жұмысы өте күрделі, сонымен бірге аса қажет. Эстетикалық құралдар көмекші мектептегі бүкіл оқу- тәрбие процесін қамтып, кез - келген сабақпен балалармен жүргізілетін басқа әрекет түрлерімен органикалық тұтастықта болуы тиіс. Эстетикалық тәрбие жүйесі оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілетін жанды мақсатты, көркем - эстетикалық білім беру мен дамытуды ұйымдастыру процесі. Бұл саяси идеялық, адамгершілік және еңбек тәрбиесімен тығыз байланыста тұтас педагогика психологиялық және методикалық принциптерді сыныптағы, үйірмедегі, сыныптан тыс шараларды, баланың күнделікті өмір әрекетінде сақтай отырып, іске асыру қажет.
Эстетикалық тәрбие теориясы мен практикасы өмірдегі әдеміліктің, әсемділіктің қайнар көзі шынайы өмірі мен өнердегі эстетикалық құбылыстар өмірге көзқарас пен моральды қалыптастырудың тиімді жолы. Бұл принципті дұрыс түсіну және оны іске асыру көмекші мектеп үшін өте маңызды. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мектеп қабырғасында ғана іске асатыны бәрімізге белгілі. Эстетикалық тәрбиенің түпкі мақсаты, бала бойына әсемдік көзқарасын қалыптастыруда негізгі түрі сабақ және тәрбие жұмысы. Атақты психолог Выготский: оқу тәрбие жұмысында басты міндет кемтар балаларға соңғы кемістіктің алдын алу деп санайды. Соңғы кемістіктің барлық психикалық процестер, ойлау, есте сақтау, көру, сезу, қабылдау, сөйлеу жататыны белгілі. Балалардың таным әрекетінің дамуында әсемдік тәрбиенің ролі зор. Тәрбие және коррекциялық тәрбие жұмысының белгілі оқу пәндерін өту процесінде эстетикалық әсер етуді жүргізуге болатынын көрсетеді. Оқушының алған тамаша білімдерінің дұрыс түсінуде маңызы зор. Оқушы көп білген сайын оның тамаша нәрселерді тану мүмкіндігі арттады. Әрине оқу пәндері эстетикалық тәрбие үшін үлкен мәнге ие. Қайткенменде эстетикалық тәрбие барлық сабақтарда, барлық мұғалімдер арқылы іске асуы тиіс. Эстетикалық тәрбиені белгілі бір нәтижеге бағыттау үшін баланың жас ерекшелігіне байланысты таным әрекетінің түзілуіне әсер ететін жақтарын таңдап алған жөн. Мен жыл басынан бастап, 6 б сыныбы 13 топтағы 9 баламен жұмыс жүргізіп келемін. Онда 5-қыз бала, 4-ұл бала. Сырқаттары әртүрлі. Оқушыларды сырқаттарына, сабақ үлгілеріне қарай 3-деңгейге топтастыра отырып, оқыту мен тәрбиелеу әдістерін жұмыс барысында қолданып келемін.
1 деңгей: Қозыбаев Д. Омаров Н. Юсупов Е Абдухаликова Н.
2 деңгей: Жәнібек Ж. Көшекбаев Н.
3 деңгей: Қожаметова Х. Османова Ш. Дүйсенбаева Ұ.
Көмекші мектеп балаларының іс-әрекетінің бір -түрі еңбек. Еңбек әрекеттерінің мазмұны мен оған қойылатын талаптар балалардың жас шамасына қарай күрделене түседі. Мәселен, менің тобымдағы балаларға эстетикалық тәрбие беруде балалар еңбегін үйымдастырып, мынандай міндеттер қойдым:
1-ші: - үлкендер еңбегіне, ынта-ықылас қойып қарау, анасының үйдегі, әкесінің даладағы еңдек нәтижелерінің әсемдігінен эстетикалық ләззат алу.
2-ші- асқа- шайға өздігінен дастарқан әзірлеп, оның таза, ұқыпты болуына көңіл аудару;
3-ші - топ бөлмесінде, ойыншықтар бұрышында, өз үйінде тазалық сақтау, заттарды үйлесімді, әдемі орналастыра білуге дағдыландыру;
4-ші - жеке басының тазалығы мен ұқыптылығына көңіл аудару, мәдени-гигиеналық дағдыларды бала бойына қалыптастыру.
5-ші - Үстіндегі киімнің әдемі қонымды тұруына көңіл бөлу; шаштарын әдемі болуына көңіл аудару: өзіне-өзі сын көзқарастарын қалыптастыру.
6-ші. Өз жатын бөлменің төсектерін әдемі етіп жинауға қалыптастыру.
1-ші. Мен балаларды саяхат сабақ ұйымдастыра отырып, Қ. А. Яссауи, кесенесі С Ерубаев музейлеріне бардық. Ондағы менің мақсатым: Оқушылардың рухани байлықтарын дамыту, дүниетанымын кеңейту. К. А Яссауи кесенесі туралы мәлімет бердім. Мұражайда көпшілік жерде өзін-өзі, ұстауға, мәдениетті сөйлеуге, жай сөйлеуге мұражайдағы заттарды «экспонат» қолымен ұстамауларын ескерттім.
1. Балаларға кесене тарихын қысқаша әңгімелеп бердім.
2 - ші Саттар Ерубаев мұражайына бардық .
Саттар Ерубаевтың немере ағасы, С. Ерубаевтың өмірбаянымен таныстырды. С. Ерубаевтың кім болған ? Мұражайда С. Ерубаевтың ата- анасынан қалған, дүние мүліктері тұрғандығы ашық айтып өтті. Сол жерде тұрған мүліктердің әсемдігін балаларға көрсете отырып, ата - бабамыздан келе жатқан ою-өрнектің мән - мағынасына түсінік берді.
Саяхаттан кейін балалардың өздерінің алған әсерлері жайлы әңгіме болды.
Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі бірден - бір құрал табиғат. Табиғатағы жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты қардың жаууы, күннің күркіреуі, ағаштардың бүршік жарып, гүлдердің түрлі түске еніп гүлденуі, құстардың жылы жаққа ұшып кетуі т. б. - мұның бәрі баланың эстетикалық сезіміне, эмоциясына әсер етіп, баланың қоршаған ортаға қызығушылығын арттырады.
Балалардың сезімін тәрбиелеудегі табиғаттың ролі жөнінде К. С. Станиславский: «Табиғаттың өзі теңдесі жоқ әсем дүние, сондықтан оған зер салып, үңіле қараңыз. Алдымен гүлді немесе жапырақтарды өрмекші торын немесе терезе әйнегіндегі аяз өрнегін алыңыз. Мұның бәрі ұлы суретші » - дейді.
Балаларға табиғатта жұмыс істейтін адамдар еңбегімен таныстырып әсемдікке көңіл аударады. Міне осы мүмкіндіктерді ескере отырып, балалармен өзіміздің мектеп ауласына саяхатқа шықтық Саяхаттан соң балалармен бірлесе отырып, «Алтын күз» атты сурет сабағын өттім. Бұл сабақтағы мақсатым.
Балаларға күзгі табиғаттың ерекшелігін түсіндіре отырып, танымдық деңгейлерін арттыру. Және табиғаттың әсемдігін сұлулығын көре білуге, бейнелей білуге тәрбиелеу. Ойлау қабілеттерін және саусақ қимылдарын жетілдіру.
Балалардың салған суретін көрсету.
4-ші Ән мен күй табиғат сұлулығын, адамның жан тебіренсінің сыртқы сұлулық пен жарасымдылықты асқақ сезіммен суреттеп бере алатын өнер.
Осы орайда мен балаларды Түркістан қаласындағы «Саз өнер» мектебіне апардым.
Бұл сабақтағы мақсатым: Қазақ халқының ұлттық аспаптарымен таныстыру болды. Балаларды музыка тыңдай білуге, өнер құдіретін сезіне білуге тәрбиелеу. Қазақ халқының ұлттық аспаптарымен Бердалықызы Ақбота апай таныстырды. Ұлттық аспаптардың қалай ойнайтыны жайлы айтып өтті. Және балалардың өзіне ойнатқызды. Ақбота апай өзінің өмірбаянымен таныстырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz