Алаяқтық жолмен ұрлаудың саралау белгілері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
I ТАРАУ. АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ҚҰРАМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ 6
1.1. Алаяқтық жолмен ұрлаудың түсінігі мен белгілері. 6
1.2. Алаяқтықтың объектісі мен объективтік белгілері 10
1.3. Алаяқтықтың субъектісі мен субъективтік белгілері 24
1.4 Алаяқтықты оған ұқсас қылмыстардан ажырату. 31
II ТАРАУ АЛАЯҚТЫҚ ЖОЛМЕН ҰРЛАУДЫҢ САРАЛАУ БЕЛГІЛЕРІ 39
2.1. Адамдар тобының алдын.ала сөз байласуы бойынша жасалған алаяқтық 39
2.2. Бірнеше рет алаяқтық жасап меншікті ұрлау 45
2.3. Қызмет бабын пайдаланып жасаған алаяқтық 50
Ш ТАРАУ АЛАЯҚТЫҚ ЖОЛМЕН ҰРЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕ САРАЛАУ БЕЛГІЛЕРІ 52
3.1. Ұйымдасқан топ болып алаяқтық жасау 52
3.2. Алаяқтықпен ірі мөлшерде ұрлау 56
3.3 Ұрлау немесе қорқытып алушылық үшін бұрын екі немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған алаяқтық 59
ҚОРЫТЫНДЫ 62
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 64

КІРІСПЕ
Елімізде жүзеге асырылып жатқан экономикалық және саяси салалардағы түбегейлі өзгерістер қоғамдағы дағдарыс құбылыстарын туғызып, тиісінше жағдайға сәйкес құқықтық инфрақұрылым құруды талап етеді, Қазақстан Республикасының заң шығару жүйесі де белгілі дәрежеде дағдарысты бастан кешуде. Құқықтық реформа нарықтық экономика талаптарына сай емес, көп жағынан кенжелеп келеді.
Әрине, қоғамдағы дағдарыс заң шығару құқық қолдану қызметінен де көрініс табады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында (негізгі заңында) мемлекеттік меншіктің және жеке меншіктің бірдей қорғалатыны туралы маңызды қағида бар. Бұл конституциялық қағида 1990 жылы қабылданған “Қазақ ССР-дағы меншік туралы” Заңда жан-жақты талданған. Мысалы, осы Занның 2 бабының 3п. былай деп көрсетілген: “Мемлекет тарапынан мемлекеттік және жеке меншік мүлкінің қай жерге тұрғанына қарамастан меншік құқын шектеудің немесе артықшылық берудің қандай да түрлеріне жол берілмейді”.
Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды сол, меншік түрлерінің бірдей екендігі айтылып ғана қоймаған, оған мемлекет тарапынан кепілдік берілген.
Қолданылып жүрген заңдарда жеке еңбекпен байланысты және меншік иесінің жеке басының мүдделеріне мақсатты түрде арналған өзіндік меншік туралы түсінік жоқ.
Меншік түрлерінің тең екендігі бірдей құқықтық қорғау дегенді ғана емес, мемлекеттің ерекше меншігінде болатын кейбір объектілерді есепке алмағанда, меншік құқы объектілердің теңдігі де қорғалған, деп түсіну қажет.
Меншіктің барлық түрлерін бірдей қорғау дегеніміз меншік құқы бұзылған жағдайда бірдей негізде, оның ішінде қылмыстық жауапкершілікте бар, жауапқа тартылады. Алайда, меншікке қарсы бағытталған қылмыстар үшін қылмыстық жауашершілік 1959 жылғы Қылмыстық кодексте Конституцияға да, Меншік туралы Заңға да, қазіргі құқықтық идеологияға да сәйкес келмеген болатын. Жалпыға мәлім, 1959 жылғы ҚК социалистік меншікті Кеңес қоғамының экономикалық негізі деп қарап, оны алдымен және күшті қорғауға бағытталған. Оның мәнісі мынада еді: біріншіден, социалистік меншікке қарсы және өзіндік меншікке қарсы қылмыстар Кодекстің әртүрлі салаларында болды; екіншіден, өзіндік меншікке қарағанда социалистік меншікке жасалған қастық неғұрлым кең және тәтпіштеп қарастырылды; үшіншіден, жеке меншікке жасалған қастықтан гөрі соищалистік меншікке жасалған қастық қатаң жазаланды.
Ал, ҚР ҚК мұндай тұжырымдар жоқ. Қазақстан Республикасындағы меншік түрлерінің бәрі бірдей қорғалады.
Меншікті қорғау қылмыстық заңның маңызды мәселесі болып табылады және заңдылық сақтаудың кепілі ретінде есептеледі.
Меншікке қарсы жасалған қылмыстардың бір саласы алаяқтық болып табылады. Тонау, қарақшылық, ұрлау т.с.с. қылмыстарға қарағанда сот тәжірибесінде алаяқтық көп орын алмайды, бірақ оның қоғамға өте қауіпті екендігі рас. Өйткені, бөгденің мүлкін иемдену үшін алдау-арбау тәсілдері қолданылады. Ал, мұндай шаруа белгілі бір дәрежеде алдау-арбауға қабілетті адамдардың ғана қолынан келеді. Ұрмай-соқпай, басқадай қылмыс жасамай, мүлікке иемдену шын мәнісінде қауіпті қылмыс,
Сонымен бірге, алаяқтық - өзіне тән белгілері бар күрделі қылмыстардың қатарына жатады. Әдетте бұл қылмысты азғындаған адамдар, алдаудың алуан түрлі амалдарын қолданып жасайды. Сондықтан да алаяқтық үшін заңда қатаң жаза белгіленген.
Қолданылып келе жатқан ҚК 177 бабында алаяқтық үшін жауапкершілік алаяқтық жасау жолымен меншікті ұрлау деп көрсетілген.
Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелерін зерттеудің теориялық және практикалық маңызы бар. Қылмыстық құқық ғылымы қылмыстық заңдарды дұрыс қолдануға көмектесетін құқықтық мәселелерді саралап, пайымдауы қажет.

АРНАЙЫ ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Ашитов З.О. Социалистическая законность //квалификация преступлений. А., 1983
2.Беляев Н.А., Ковалев М.И. Уголовное право. М., 1977
3.Владимиров В.А. Квалификация похищений личного имущества. М., 1974
4.Дурманов Н.А. Преступления против личной собственности. // Сов. Юстиция. 1990, №3,
5.КапланЕ.О. Квалификация имущественных преступлений. М., 1991
6.Кригер Г.А. Квалификация хишений социалистического имущества. М., 1971
7.Ляпунов Ю. Критерии и порядок определения размера хищения. М., 1986
8.Никифоров Б.С. Борьба мошенническими преступлениями. М., 1952
9.Петрова.Г.О. Уголовная ответственность за обман покупателей и заказчиков. М., 1982
10.Сабитов Р. Квалификация хишения. //Советская юстиция, 1973, № 19
11.Советское уголовное право. Особенная часть. М., 1965
12.Туров А.И Мошенничество и его профилактика. М., 1984
13.Шимбарева Н. Определение ущерба как значительного для потерпевшего по делам о хищениях личного имущества //Советская юстиция. 1984, №21
14.Г.Н.Борзенков. Ответственность за мошшеничество. М., 1971.
15.Панов. Н.И. Уголовная ответсвенность. Харковь, 1977.
16.Иванов Н. Мотив преступления удовольствие// Сов.юстиция, 1993.
17.Маргуновский А.Д. Уголовно-правовые проблемы борьбы с мошшеничеством. Ташкент. 1971.
18.Хакимов. И.Х. На страже собственностей. Ташкент, 1976
19. Чинхоев Ш. Квалкфикация хищений государственного и общественного имущества в особо крупных размерах. А., 1983

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
I ТАРАУ. АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ҚҰРАМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ 6
1.1. Алаяқтық жолмен ұрлаудың түсінігі мен белгілері. 6
1.2. Алаяқтықтың объектісі мен объективтік белгілері 10
1.3. Алаяқтықтың субъектісі мен субъективтік белгілері 24
1.4 Алаяқтықты оған ұқсас қылмыстардан ажырату. 31
II ТАРАУ АЛАЯҚТЫҚ ЖОЛМЕН ҰРЛАУДЫҢ САРАЛАУ БЕЛГІЛЕРІ 39
2.1. Адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша жасалған алаяқтық 39
2.2. Бірнеше рет алаяқтық жасап меншікті ұрлау 45
2.3. Қызмет бабын пайдаланып жасаған алаяқтық 50
Ш ТАРАУ АЛАЯҚТЫҚ ЖОЛМЕН ҰРЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕ САРАЛАУ БЕЛГІЛЕРІ 52
3.1. Ұйымдасқан топ болып алаяқтық жасау 52
3.2. Алаяқтықпен ірі мөлшерде ұрлау 56
3.3 Ұрлау немесе қорқытып алушылық үшін бұрын екі немесе одан да көп рет
сотталған адам жасаған алаяқтық 59
ҚОРЫТЫНДЫ 62
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 64
КІРІСПЕ
Елімізде жүзеге асырылып жатқан экономикалық және саяси салалардағы
түбегейлі өзгерістер қоғамдағы дағдарыс құбылыстарын туғызып, тиісінше
жағдайға сәйкес құқықтық инфрақұрылым құруды талап етеді, Қазақстан
Республикасының заң шығару жүйесі де белгілі дәрежеде дағдарысты бастан
кешуде. Құқықтық реформа нарықтық экономика талаптарына сай емес, көп
жағынан кенжелеп келеді.
Әрине, қоғамдағы дағдарыс заң шығару құқық қолдану қызметінен де
көрініс табады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында (негізгі заңында)
мемлекеттік меншіктің және жеке меншіктің бірдей қорғалатыны туралы маңызды
қағида бар. Бұл конституциялық қағида 1990 жылы қабылданған “Қазақ ССР-дағы
меншік туралы” Заңда жан-жақты талданған. Мысалы, осы Занның 2 бабының 3п.
былай деп көрсетілген: “Мемлекет тарапынан мемлекеттік және жеке меншік
мүлкінің қай жерге тұрғанына қарамастан меншік құқын шектеудің немесе
артықшылық берудің қандай да түрлеріне жол берілмейді”.
Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды сол, меншік түрлерінің бірдей
екендігі айтылып ғана қоймаған, оған мемлекет тарапынан кепілдік берілген.
Қолданылып жүрген заңдарда жеке еңбекпен байланысты және меншік
иесінің жеке басының мүдделеріне мақсатты түрде арналған өзіндік меншік
туралы түсінік жоқ.
Меншік түрлерінің тең екендігі бірдей құқықтық қорғау дегенді ғана
емес, мемлекеттің ерекше меншігінде болатын кейбір объектілерді есепке
алмағанда, меншік құқы объектілердің теңдігі де қорғалған, деп түсіну
қажет.
Меншіктің барлық түрлерін бірдей қорғау дегеніміз меншік құқы бұзылған
жағдайда бірдей негізде, оның ішінде қылмыстық жауапкершілікте бар, жауапқа
тартылады. Алайда, меншікке қарсы бағытталған қылмыстар үшін қылмыстық
жауашершілік 1959 жылғы Қылмыстық кодексте Конституцияға да, Меншік туралы
Заңға да, қазіргі құқықтық идеологияға да сәйкес келмеген болатын. Жалпыға
мәлім, 1959 жылғы ҚК социалистік меншікті Кеңес қоғамының экономикалық
негізі деп қарап, оны алдымен және күшті қорғауға бағытталған. Оның мәнісі
мынада еді: біріншіден, социалистік меншікке қарсы және өзіндік меншікке
қарсы қылмыстар Кодекстің әртүрлі салаларында болды; екіншіден, өзіндік
меншікке қарағанда социалистік меншікке жасалған қастық неғұрлым кең және
тәтпіштеп қарастырылды; үшіншіден, жеке меншікке жасалған қастықтан гөрі
соищалистік меншікке жасалған қастық қатаң жазаланды.
Ал, ҚР ҚК мұндай тұжырымдар жоқ. Қазақстан Республикасындағы меншік
түрлерінің бәрі бірдей қорғалады.
Меншікті қорғау қылмыстық заңның маңызды мәселесі болып табылады және
заңдылық сақтаудың кепілі ретінде есептеледі.
Меншікке қарсы жасалған қылмыстардың бір саласы алаяқтық болып
табылады. Тонау, қарақшылық, ұрлау т.с.с. қылмыстарға қарағанда сот
тәжірибесінде алаяқтық көп орын алмайды, бірақ оның қоғамға өте қауіпті
екендігі рас. Өйткені, бөгденің мүлкін иемдену үшін алдау-арбау тәсілдері
қолданылады. Ал, мұндай шаруа белгілі бір дәрежеде алдау-арбауға қабілетті
адамдардың ғана қолынан келеді. Ұрмай-соқпай, басқадай қылмыс жасамай,
мүлікке иемдену шын мәнісінде қауіпті қылмыс,
Сонымен бірге, алаяқтық - өзіне тән белгілері бар күрделі қылмыстардың
қатарына жатады. Әдетте бұл қылмысты азғындаған адамдар, алдаудың алуан
түрлі амалдарын қолданып жасайды. Сондықтан да алаяқтық үшін заңда қатаң
жаза белгіленген.
Қолданылып келе жатқан ҚК 177 бабында алаяқтық үшін жауапкершілік
алаяқтық жасау жолымен меншікті ұрлау деп көрсетілген.
Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелерін зерттеудің теориялық
және практикалық маңызы бар. Қылмыстық құқық ғылымы қылмыстық заңдарды
дұрыс қолдануға көмектесетін құқықтық мәселелерді саралап, пайымдауы қажет.
I ТАРАУ. АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ҚҰРАМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
1.1. Алаяқтық жолмен ұрлаудың түсінігі мен белгілері.
Қылмыскерлер арасында алаяқтық арқылы баю едәуір орын алады.
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, қолданылып жүрген заңдарда алаяқтық
үшін жауапкершілік түбегейлі талданып көрсетілген. Бұл қылмыстың қоғамға
қауіптілігін күшейтетін бірқатар жағдайлар есепке алынып, ҚК 177 бабында
меншікке қарсы қылмыс ретінде алаяқтық жеке бөлініп көрсетілген.
Алаяқтық дегеніміз - бөгденің мүлкін заңсыз иемдену немесе өз
мүлкіндей пайдалану құқына заңсыз иемену болып табылады. Ол үшін қылмыскер
алдау-арбау амалдарын қолданады немесе басқаның сеніміне кіріп алып, қастық
жасайды. Бұл арада мынаны еске алу керек, алдау және сенімге кіру жолымен
басқа қылмыстар да жасалуы мүмкін, бірақ олар басқа қылмыстық-құқықтық
нормалар бойынша қарастырылады. Алаяқтық әрекеттерінің әрбір жағдайында
істің мәнісін жан-жақты қарастырып, оған ұқсас қылмыстардан жіктей білу
қажет. Қылмыстық жауапқа тарту және айыпты деп тану үшін сол әрекеттерде
қылмыс құрамының болған-болмағаның анықтап алу қажет. Мұның өзі қылмыстық
заңда қылмыстық жауапкершілікке тартуға бірден-бір негіз болып табылады.
Қылмыстың әрбір құрамы нақты қылмыстың объективтік және субъективтік
белгілерінің сипаттамасынан құралады. Олай болса, бұл мәселелерді алаяқтық
құрамына қатысты қарастыратын болсақ, мұндай қылмыстардың сырын түбегейлі
білуге болады.
Заңда ұрлық ұғымының жалпы анықтамасы жоқ, бірақ меншікке қарсы
жекелеген қылмыс құрамдарының анықтамаларында қылмыстық құрал ғылымына және
сот тәжірибесіне бұл ұғымның мазмұнын анықтауға мүмкіндік беретін негізгі
өлшемдер мазмұндалған.
Кеңестік заңның әдебиеттерде ұрлықтың жалпы ұғымының әртүрлі
анықтамалары бар, олардың көпшілігі әрекет етуі кезінде қалыптасқан.
Негізінен анықтамалардың көпшілігі ұрлықтың мәнін және негізгі белгілерін
бірдей білдіреді.
Ең дұрыстары ұрлауды, мүлікпен пайдакүнемдік мақсатта (немесе оған
меншігіндегі билік ету мақсатында, қылмыстық иемдену ретінде анықтайды).
Алаяқтық динамикасына талдау жасау көрсеткендей, олардың саны 1993
жылғы 2,9 мыңнан 2001 жылы 6,4 мыңға дейін өскен, яғни 2,9 есе көбейген (1-
сурет). Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл қазіргі уақыттағы алаяқтық жасау
тәсілдерінің жеткілікті түрде кең ауқымдылығымен байлнаысты және
экономикадағы нақты жағдайларға байланысты ол да өзгеріп отырады.
1991-2001 жылдары (мың) Қазақстанда тіркелген ұрлық пен алаяқтық
динамикасы
1 –сурет
Сондай-ақ қылмыстың жүйелі түрде жасалмайтындығын және өзара әрекетін
оның алдын-ала болжап білуге болмайтынын, әлеуметтік деңгейдегі тұрақты
тәртіптегі байланыстармен сипатталатын жеке деңгейдегі виктимизациясын
естен шығаруға болмайды. Формалармен өзара байланыстардың құрылымдық және
динамикалық өзгерістеріне әкелетін қоғамдық қатынастардың өзгеруі қоғамдық
қатынастардың жаңа дамушы тәртібі үшін жаңа заңдылықтар мен жаңа өзіндік
белгілерге тән өзара байланыстарды туғызады.
Тауар – материалдық құндылықтар аясында бөтеннің мүлкін ұрлаудың өсуі,
оған жетілмеген заңдық базадағы және кәсіпкерлік қызметтің қазіргі заманғы
формаларына бейімделуші “жол табушыларды” пайдалану қылмыстық сапалық
өзгерістермен қоса қабаттасып жүреді. Жаңадан қалыптасып жатқан қоғамдық
қатынас пен меншік формалары қасақана мақсатта жасалатын қылмыстарды және
тиісінше оның виктимділігін туғызуда. Алаяқтықтың құрылымы мен
динамикасында әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-
психологиялық, ұйымдық-құқықтық, демографиялық және т.б оны туғызатын
келеңсіз құбылыстардың алатын орны ерекше. Алаяқтықпен байланысты байқалып
отырған қылмыстың өсуі қоғамдағы келеңсіз қылмыстық (криминалдық) жағдайды
қиындатып, тереңдете түседі. Мәселен, тұрғын халықтың басым көпшілігі
алаяқтықтың құрбанына айналамын деген қауіп-қатермен байланысты, үрей де,
қорқыныш та өмір сүреді.
Жоғарыда айтқанымыздай, алаяқтықтың мүлікті алдау және сенімге кіру
жолымен иемдену екендігі заңда көрсетілген. Яғни, айыпкер мүлік иелерін
алдайды немесе олардың сеніміне кіреді, сөйтіп мүлік иелері қылмыскердің
әрекеттерін дұрыс түсініп, өз меншігін ерікті түрде береді. Басқаша
айтқанда, алдау және сенімге кіру алаяқтық жолмен қылмыс жасаудың тәсілдері
болып табылады. [14,4]
Алаяқтық үстіндегі алдау дегеніміз шындықты қасақана бұрмалап немесе
жасырып, мемлекеттік немесе жеке меншік иесін жаңылдырып мүлікті алу болып
табылады. Және де алдау-арбау амалдары әртүрлі болуы мүмкін. Айталық,
жалған фактілер мен мағлұматтар хабарлау, нақты іс-әрекет жасай отырып,
заттың түрін өзгерту арқылы алдау, жалған құжаттар ұсыну т.с.с. түрлері
болады.
Алдаудың белсенді және жәйбарақат әдістері болуы мүмкін. Мысалы,
айыпкер өзі кабарлауға тиісті кейбір жағдайларды бүгіп қалу арқылы қылмыс
жасайды.
Соңдай-ақ, сенімге кіріп алып, қастандық жасау жолымен ұрлау да
кездеседі. Сенімге кіру дегеніміз - өзінің құқықтары мен мүмкіндіктерін
заңсыз, қылмыс жасау мақсатында қолдану әрекеті. Сенімге кіріп алып,
алаяқтық жасағанда, қылмыскер жасырынбайды, меншік иесімен сеніскен болып,
белгілі азаматтық-қүқықтық қатынастарға кіреді. Мысалы, тұрмыста
пайдаланылатын заттарды иемденіп кету осыған жатады.
Алаяқтықты сенімге кіріп алып, жасағанда айыпкер меншік иесінің өз
мүлкін ерікті түрде беретіндігін пайдаланады. Сенім, деп жазады Н.И.Панов,
- меншік иесінің мүлкін оның келісімі бойынша пайдалану міндетін
қылмыскердің өз мойынына алуы, немесе сол мүліктің пайдаланылуын бақылау
міндетін мойынына алуы түрінде де кездеседі.
Демек, негізгі әрекетті орындауға бағытталған алдау және сенімге кіру
қосалқы әрекеттер болып табылады. Сөйтіп, қылмыс субъектісінің әрекеттері
салдарынан мүлік иесі одан айырылады.
Ал, мешікті заңсыз иемденген адам мүлкінен алаяқтық салдарынан
айырылса, қалай болады? “Меншікке мейлі заңды, мейлі заңсыз иемденген
иесінен алдау-арбау жолымен мүлікті алып қойса, бұлда алаяқтыққа жатады”, -
деп көрсетеді.
Ұрлықтың басқа түрлеріне қарағанда, мүлікке алаяқтықпен иемденген адам
ол мүлікті пайдалануға құқы жоқ, тіпті ондай құқы оған берілген болса да,
алдау жолымен берілген, заңсыз деп танылады.
2001 жылдағы бөтен мүлкін күштеу емес арқылы ұрлаудың құрылымы, %
2-сурет
2-суретте Қазақстанда 2001 жылы тіркелген, бөтеннің мүлкін күштеу
емес жолмен ұрлау құрылымы келтірілген. Суреттен көрініп тұрғандай,
қасақана мақсатпен жасалған қылмыстар құрылымында 76% үлесін ұрлық құрайды,
осы уақытта тонаудың үлесі - 12%, алаяқтық - 8%, бөтеннің затын иеленіп алу
немесе ысырап ету - 4% құрайды.
Алаяқтық жолымен ұрлау өзінің объективтік жағының белгілері бойынша
мүлікті иеленіп алу, ұрлау, қызмет бабын пайдаланып ұрлау сияқты
қылмыстардан өзгеше болады.
1.2. Алаяқтықтың объектісі мен объективтік белгілері
1990 жылы Қазақ ССР Жоғарғы кеңесі – “Қазақ ССР - дағы меншік туралы”
Заң қабылдады. Онда мешіктің үш түрі көрсетілген: республикалық және
коммуналдық тұрғыда менлекеттік меншік, ұжымдық меншік және азаматтардың
өзіндік мешігі.
Бұған қоса “Шаруашылық қызметіне бостандық беру туралы”, “Шаруашылық
серіктестері мен акционерлік қоғамдар туралы”, “Жеке кәсіпкерлікті қорғау
және қолдау туралы” т.б. заңдар қабылданды. Бұл құжаттар бойынша әрбір адам
өзінің ақыл-ойы мен күш-қуат қабілетіне қарай өз мүмкіндіктерін жүзеге
асыруға тең құқылы деп танылды. Бұл Заңдарда кәсіпкерлер қанша адам болса
да жалдап ала алатын, барлық адамдардың сатылатын және сатып алатын өз
еңбегінің меншік иесі болатын жағдайларға кепілдік берілді, Осы заңға
9.04.1993ж. енгізілген өзгерістер мен толықыруларда Қазақстанда мешіктің
тек екі түрі ғана бар екендігі көрсетілді. Олар: мемлекеттік және жеке
меншік.
Мемлекеттік меншік республикалық немесе коммцуналдық болып бөлінбейтін
тұтас меншік ретінде түсіндірілді. Ал, азамттардың меншігі жеке меншік
ретінде танылды. Осылайша, бұрын өзіндік және жеке меншік деп бөліп келген
болса, бұл дұрыс емес, жалпы әлемдік үрдіске қайшы келеді деп есептелді.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында және жоғарыда аталған
заңда жеке меншік құқығы мемлекеттік меншікпен теңестірілді. Осыған
байланысты меншіктің екі түрі де қылмыстық-құқықтық тұрғыда бірдей
қорғалатын болды. Бұрынғы кейбір қайшылықтар жаңа Қылмыстық кодексте
түзетілді.
Мысалы, 1959 ж. ҚК алаяқтықтың мынадай анықтамасы берілді: “Алдау-
арбау жолымен немесе сенімге кіру арқылы мемлекеттік немесе қоғамдық
мүлікті иемдену” (ҚК 76-3 бабы), сондай-ақ, “азаматтардың жеке мүлкін
иемдену” (136 бап) басқаша айтқанда азаматтың жеке меншігі ұрланатын болса,
бұл әрекетті жасаған адам ҚазССР ҚК 136 бабымен жауапқа тартылмайтын болды.
Заңдық әдебиеттерде алаяқтықтың объектісін анықтауға қатысты бір пікір
жоқ. Алаяқтықтың жалпы объектісі ретінде Еңбегі бойынша қоғаммен
өндірілетін материалдық игіліктерді үлестіру жөніндегі қоғамдық
қатынастар..., ол тікелей объектісі ретінде – .. жекелеген азаматтарға
тиесілі бөтеннің мүлкін тануды ұсынады. Бұл көзқарасты көптеген авторлар
да қолданды. Мүлікті меншікке қарсы қылмыстардың объектілерінің табиғаты
туралы жалпы теориялық ережелерге қайшы келеді. Сонымен қатар қылмыстың
объектісі мен заты ұғымдары араласып кетеді, ал бұл қылмысты саралау туралы
сұрақты түрлендіреді.
Біздің пікіріміз бойынша берілген позиция дұрысырақ. Әрине, өзге де
меншікке қарсы қолсұғушылықтардың объектісі сияқты алаяқтықтың объектісі
ретінде азаматтардың жеке мүлкін емес, жеке тұтынуға арналған материалдық
игіліктерді өндіру, үлестіру және айырбастау жөніндегі қоғамдық
қатынастарды тану қажет.
Қылмыстық құқық – меншікке қарсы қылмыстарда тікелей объектіні меншік
және қылмыстық қол сұғудың затын ажыратады. Қылмыс затының құқықтық
сипаттамасы оның объектісімен байланысты.
Алаяқтықтың заты – қылмыскер алдау немесе сенімге қиянат жасау
нәтижесінде иемденетін мүлік. Тұлға мүлікке немесе мүліктік сипаттағы өзге
кіріске қол сұққан жағдайда алаяқтықтың пәні болып алған немесе заңсыз
ұстап қалған мүлік табылады.
Қарастырылып отырған қылмыстарда мүлікке құқық бұзылады, ол қылмыс
заты санында, қасиеттерінде ешқандай өзгерістерге ұшырамайды.
Әрине, меншік және мүлік ұғымдары белгілі дәрежеде бірегей
болғанымен, толығымен ұқсас емес. Сондықтан алаяқтық қол сұғушылықтарды
дұрыс саралау және олардың объектісі мен затын анықтау үшін бұл ұғымдарды
ажырату қажет.
Заң шығарушы азаматтардың жеке меншік құқығының мазмұнына заңмен
белгіленген шектерде мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқығын
енгізеді. Негізі алаяқтықтың заты ретінде оларға қатысты меншік қатынастары
туындауы мүмкін. Материалдық дүниенің барлық заттары болуы мүмкін. Ұрлықтың
заты әрқашан материалдық болғандықтан мүлікке құқық алаяқтық қол
сұғушылықтың заты бола алмайды.
Ешқандай құқықты соның ішінде меншік құқығын да заңсыз иелену мүмкін
емес. Себебі, құқық материалдық категория емес сондықтан алаяқ мүлікке
құқықтарды заңсыз иеленген жағдайда қылмыстың заты ретінде оған қатысты
құқықты алдаудың немесе сенімге қиянат жасаудың нәтижесінде алған мүлікті
қарастыру қажет.
Осылайша меншік мүліктік қылмыстардың объектісі, ал мүлік меншіктің
материалдық көрінісі болып табылатын қылмыстың заты.
Алаяқтыққа кінәлі тұлға жәбірленушінің мүлкін иелену, пайдалану және
билік ету мақсатын көздейді. Қылмыскер әрине, бұл мүлікке меншік құқығын
иеленбейді.
Заңдық әдебиеттерде мүліктік қылмыстың заты – материалдық дүниенің
заты, яғни... экономикалық құндылығы бар және тұлғаның иелігінде болуы
мүмкін кез келген нәрсе екендігі мойындалған.
Қылмыстың затын экономикалық шаруашылық пайдалылық қасиеттеріне ие
заттар немесе олардың эквиваленттері ретінде анықтайды. Сонымен қатар
мүліктік қылмыстардың заты ретінде ақшалай бағаланатын мүлік қана бола
алады, бұл әдетте сәйкес затты жасауға адамның еңбегі жұмсалатындығымен
байланысты. Сонымен қатар мүлік қылмыскердің емес, өзге тұлғаның меншігінің
объектісі болуы тиіс. Алаяқтық кезінде қылмыстың заты болып ақшаны
ауыстырушы ролін атқаратын немесе иелерін белгілі құқықтарын куәландыратын
ұсынбалы бағалы қағаздар табылуы мүмкін.
Мұндай құжаттардан айырылу ақшадан айырылғанмен тең, бұл ақылы
жәбірленушіге мүліктік залал келтіріледі, бірақ кінәлі мүліктік құжатты
алған кезде емес ол бойынша белгілі жолмен мүлікті алған кезде ғана
мүліктік пайда табады.
Тәжірибеде көрсетіп отырғандай, меншікке алаяқтық қол сұғудың заты
болып негізінен ақша және т.б заттар табылады. Тәжірибеде кездесетін
алаяқтық тәсілдердің көпшілігі ақша қаражаттарын иемденуге арналған. Әдетте
алаяқтықтың заты ретінде тікелей тауар немесе жанама ақша кінәлінің жеке
қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын немесе өткізіліп жіберілуі мүмкін
болатын мүлік танылады.
Алаяқтықтың объектісін анықтау үшін қылмыстық қол сұғушылықтың пәні
болып табылған мүлік кімге тиесілі екені анықтау маңызды. Кейбір
жағдайларды мүліктің қатыстылығы алаяқтықтың объектісіне тікелей
нұсқайды. Мысалы, егер кінәлі мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымның
қарауындағы меншікке берілуі тиіс мүлікке қол сұқса, меншік құқығының өту
сәті саралау үшін анықтаушы болады. Объективті жағынан алаяқтық алдау
немесе сенімге қиянат жасау жолымен азаматтардың жеке мүлкін иемденуден
немесе өзге мүліктік кірісті мүлікке құқық алудан көрініс табады.
Алаяқтықтың объективтік жағы үш негізгі элементтен тұрады – қоғамға
қауіпті әрекет (әрекетсіздік), қылмыстың салдары және бұл әрекет
әрекетсіздік және туындаған нәтиже арасындағы себептік байланыс мүліктік
қылмыстардың көпшілігі сияқты алаяқтық материалды құрамды қылмыстарға
жатады. Бұл қылмыстың салдарының мәні жәбірленушінің мүлкі ақсыз кінәлінің
иелігіне көшетіндігін де бұл оң залал. Сонымен қатар, алаяқтық кезіндегі
мүліктік сипаттағы қылмыстық салдар алынбаған пайда түрінде де болуы
мүмкін. Мысалы, егер жәбірленуші кінәлінің іс әрекетінің нәтижесінде алуға
тиісті мүліктік пайданы ала алмаса алаяқтықта мұндай сипатқа мүліктік пайда
алуы тиіс. Қылмыстық құқық теориясында алаяқтықтың аяқталу сәтінде қатысты
бір пікір жоқ. Бір авторлар алаяқтяқты қылмыскер жәбірленушінің мүмкін
иеленуімен қатар мүліктік пайданы немесе мүлікке құқықтарды құқыққа қарсы
иемденген сәттен аяқталған деп есептейді. Екіншілері алаяқтықты кінәлі
алдаудың немесе сенімге қиянат дасаудың нәтижесінде жәбірленушінің мүлкін
иемденген сәттен бастап аяқталған деп есептейді. Біздің пікірімізше осындай
көзқарас дұрысырақ.
Алдау адамның мінез құлық актісі ретінде арқашан моральға қарсы және
біздің қоғамда теріс бағаланады. Сонымен қатар ол құқыққа қарсы әрекет
жасаудың тәсіліне айналғанда қылмыстық жазалануға жатады. Іс жүзінде алдау
мен ол арқылы жасалатын қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыстық жазалануға
жатады деп есептейтін авторлармен келісуге болады.
Алаяқтық кезінде қоғамға қауіпті іс-әрекет алдау немесе сенімге қиянат
жасау жолымен мүлікті иемденген немесе мүлікке құқықтарды мүліктік пайданы
алудан тұрады. Алаяқтық қолсұғушылықтарда алдау және сенісге қиянат жасау
оларды жасау әдістері болып табылады.
Алаяқтық кезіндегі алдау дегеніміз олардың ықпалы мен жәбірленуші
қылмыскерге мүлікті беретін жалған мәліметтерді жәбірленушіге хабарлау. Бұл
мәліметтер заттың санына, сапасына, бағасына ол жасалған материалдарға
қатысты болуы мүмкін. Алаяқтық кезіндегі алдау шыңдықты бұрмалаудан ғана
емес, сонымен қатар ол туралы айтпаудан да көрініс табуы мүмкін. Заңдық
әдебиеттерде алаяқтық алдаудың екі нысаның ажыратады: белсенді шыңдықты
бұрмалау және пассивті шыңдықты жасыру, ол туралы айтпау.
Белсенді түрі сөз жүзінде немесе әрекеттерден көрініс табады. Алдаудың
бұл нысаны кезінде алаяқ мүлікті оған құқықтарды немесе мүліктік пайданы
ерікті түрде беруіне қол жеткізу үшін жәбірленушіні белгілі фактілерден,
мән жайлардан жанылыстыру мақсатында шыңдылықты қасақана бұрмалайды.
Бұрын алаяқтық үшін бірнеше рет сотталған Ш-деген азамат әмбебап
дүкенінде студент А-деген азаматпен қойманың қызметкері ретінде танысып екі
жапондық сырт киім алып беруді ұсынды. Жәбірленушіден мың теңге алып Ш-
деген азамат жасырын қашып кетті. Сөзбен алдау-арбаудың ең кең тараған түрі
ол ауызша да, жазбаша да болуы мүмкін. Алаяқтық алдаудың ауызша түрі жиірек
қолданылады, себебі қылмыскер мен жәбірленуші арасында психологиялық
қатынас орнатуға ықпал етеді. Нәтижесінде, жәбірленуші кінәліге мүлікті
ерікті түрде иеленуге, пайдалануға және билік етуге беретіндей дәрежеде
сенеді.
В-деген және Ү-деген азаматтар ойын карталарының көмегімен
азаматтарға тағдырын айтып беру түріндегі алаяқтықпен айналысқан В
жәбірленушілерді іздеп оларды карта ашуға көндірген.
Психологиялық қысым көрсету кезінде Ү-деген азамат бөтен адам ретінде
келіп жәбірленушіні келісім беруге көндірген. Карта ашу кезінде алаяқтар
өздерінің клиенттерінің ақшаларын және құнды заттарын иеленіп кеткен.
Қылмыскер жазбаша алдауды жәбірленушілер өзге елді мекенде тұрған жағдайда,
сонымен қатар жалған құжаттың көмегімен заңдық маңызы бар фактінің бар
немесе жоқ екендігін куәләндіруға тырысқанда қолданады. Осылайша алаяқтық
және ұрлық үшін бірнеше мәрте сотталған П-деген азамат С-деген азаматпен
бірлесе отырып жалған құжаттармен электр монтерлері түрінде пәтерлерді
аралап электр есептеуіштерін тексеріп қызмет көрсеткендері үшін
тұрғындардан ақша жинаған.
Алаяқтық алдаудың белсенді нысаны кезінде мүлікті немесе мүліктік
пайданы, мүлікке құқықты иемдену үшін алаяқтар көп жағдайда түп нұсқа
затарды алмастырады. (ақшалай және заттық қуыршақтар т.б.). Әскери
қызметкерлердің милиция, азаматтық авиация қызметкерлерінің тағы басқа
арнайы киімдерін пайдаланады.
Пассивті алдау дегеніміз жәбірленушінің оларды білуі мәмілені жасауға
кедергі келтіретін немесе оның әрекеттерін мазмұның едәуір өзгертетін
фактілер, мән-жайлар туралы айтпауы. Алаяқтық алдаудың бұл нысанына шындық
туралы ғана айтпау емес, сонымен қатар өзге адамның қатесін саналы түрде
пайдалануда жатады. Бұл жерде кінәлі шындық туралы қашан айтпағандығын
анықтау маңызды: мүлік оған берілгенге дейін берілу кезінде немесе одан
кейін сот тәжірибесі шыңдық туралы айтпауды мүлік кінәліге берілгенге дейін
немесе берілу сәтінде заңдық адамгершілік міндеттемеге сәйкес контрагентке
хабарлауға тиіс болған жағдайларда алаяқтық алдау деп таниды. Егер кінәлі
мүлік оған өткеннен кейін шыңдық туралы айтпаса бөтеннің мүлкін жасыру орын
алады, себебі бұл жағдайда пассивті алдаумен қоғамға қауіпті нәтиженің
арасында себептік байланыс жоқ.
Н-деген азамат П-деген азаматқа он бес мың теңгеге шет елдік қол
сағатты сатты. Ақшаны алған Н-деген азамат ақшаны есептеген жоқ. Үйіне
келгеннен кейін ол сатып алушы қателесіп он бес мың теңгенің орнына он бес
мың сегіз жүз теңге бергенін білді. Артық алынған соманы қайтарудын орнына
Н-деген азамат оларды иемденіп кетті.
Қылмыстық құқық ғылымында алдаудың белсенді нысаны ғана жәбірленушіні
жаңылыстыру немесе оның жаңылысуын қолдау үшін белгілі мән-жайларды растау
немесе жоққа шығару қылмыстық жазалануға жатады деген пікір басым.
Заңгерлердің пікірі бойынша пассивті алдау жауапкершілікке әкеп соқпайды
дегенмен жекелеген елдерде шыңдықты жасыру деген алдау деп танылады.
Сот тәжірибесін зерттеу Қазақстанда еңбекпен түзеу мекемелеріндегі
сотталғандармен сұхбаттасу алаяқтар жәбірленушілерді алдаудың әртүрлі
тәсілдерін қолданатындықтарын көрсетті. Алаяқтық жасау кезінде олар
жәбірленушілердің психикасын, олардың жеке басының ерекшеліктерін ескереді.
Бірқатар жағдайларда жәбірленушілердің өздері алаяқтармен мәміле жасауға
қызығушылық танытқан: өз қажеттіліктердің белгіленген ережелерді ұстанбай
қанағаттандыруға тырысқан, мысалы, пәтер алу, университетке оқуға түсу,
автокөлік сатып алу және арзанға қымбат заттарды алғылары келген және т.б.
Бұл мән-жайды алаяқтар қылмыстық мақсаттарға жету үшін пайдаланған. өзінің
мазмұны бойынша алдау тұлғаға қатысты өзі немесе қоса орындаушылары туралы
жалған мәліметер хабарлау және тағы басқа затарға қатысты олардың көлемі,
сапасы, саны қасиеттеріне бағасына тағы басқа әртүрлі әрекеттермен
оқиғаларға қатысты белгілі бір әрекеттерді орындауға нақты жағдайлардың бар
немесе жоқтығына ниетіне қатысты жалған уәде беру болуы мүмкін.
Алдаудың соңғы түрі соңғы кезде кең таралған таптыртпайтын тауарларды
алып беруге, демалыс үйлеріне жолдамалар алуға, пәтер алуға, оқуға түсуге
жәрдемдесуге уәде беру және тағы басқа және тандамалы зерттеулердің
нәтижелері бойынша Қазақстанда алаяқтық қол сұғушылықтардың 70 процентің
құрайды. Мысалы, Р-деген азамат өзін темір жолшы ретінде таныстырып азамат
С-ға Саратов маркалы холодильник, ал азамат К-ға тігін машинасын алып
беруді уәде береді. Осы мақсатпен ол біреуінен отыз мың теңге, екіншісінен
он екі мың теңге алып жасырынып кетеді. Бұл жағдайлардың барлығында Р-деген
азаматтың әрекетіне жәбірленушілердің өздерінің белсенді әрекеттері ықпал
етті. Олар өздері осындай мәмілелерге бастамашы болып, аяғында өздері
жәбір шекті.
Алдаумен қатар алаяқтық сенімге қиянат жасау жолымен жүзеге асырылады.
Мүлікті иелену, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы өзге пайданы алу
әдісі ретіндегі сенімге қиянат жасау сирек кездеседі. Көп жағдайда ол
алдаумен ұштасады. Әдетте алаяқ жәбірленушіні алдауды жеңілдету үшін
онымен сенімді қатынас орнатуға тырысады, сонымен қатар сенімге қиянат
жасауды сенгіштігін пайдаланумен шатастыруға болмайды. Сенім жалпы ереже
бойынша адамдар арасында қатынастардың болуын көздейді, сенім дегеніміз
арқашан біреуге сену, ал сенгіштік адам мінезінің қасиеттерінің бірі.
Әдетте сенім ретінде әлдекімнің адалдығына сеніп және оған негізделеген
көзқарас түсіндіріледі. Сенімге қиянат жасау жолымен алаяқтық кезінде
кінәлі жәбірленушінің сенімін пайдаланып белгілі оқиғалардың туындауына
үміт беріп нәтижесінде жәбірленушінің мүлкін өз меншігіндей пайдаланады.
Алайда берілген мүлікті иемденудің немесе ұрлаудың белгілері болмағанда бұл
меншіктік шағым қояды. Сенімге қиянат жасау жәбірленушінің сенімін
пайдаланудан көрініс табады. Осы сенімді пайдаланып және болашақта
жәбірленушінің пайдасына белгілі әрекеттер жасауға уәде бере тұра
қылмыскер мүлікті иеленеді. Сенімге қиянат жасаудың кең таралған
тәсілдерінің бірі – азаматтардан оларды орындау ниетінсіз қандайда бір
жұмыстар жасауға немесе қызметтер көрсетуге мәмілелер жасасу жолымен ақша
алу. Әдетте алаяқ ең алдымен кеңінен алдау мақсатында жәбірленушінің
сеніміне кіруге тырысады. Мысалы, Т-деген азамат Алматыда болған кезінде
шаң сорғыш сатып алғысы келген Түркістан қаласының тұрғыны В-деген
азаматпен танысып жақындасты. Т-деген азамат оған Бишкектен шаң сорғыш
жіберуге уәде беріп үйлерінің адрестерін алысты. Азамат В-ның сенімді
қатынас орнату үшін азамат Т шынында да азамат В-ның үйіне қажетті
маркалы шаң сорғыш әкеп берді. Бір айдан кейін азамат Т қайтадан азамат В-
ның үйіне қонаққа келіп, қалада автокөлік сатыр алу мүмкін бе?– деп сұрады.
Азамат В оған ақша жинағанын, бірақ матоцикл сатып ала алмай жүргенін
айтты. Азамат Т оған көмектескісі келгенін білдірді. Азамат Т-ға сенген
азамат В оған сөзсіз жүз жетпіс мың теңге берді. Азамат Т оларды алған соң
жасырынып кетті.
Бұнда тұлғаға белгілі мақсат үшін тапсырылған азаматтар үшін жеке
мүлкін иемденгені немесе алдағаны үшін қылмыстық жауаптылықты көздейді. Бұл
жерде меншік иесінің яғни жәбірленушінің сеніміне қиянат жасау
элементтері бар бұл құрамды алаяқтықтан ажырататын белгілі алаяқтық кезінде
кінәлі жеке мүлікті иемденеді немесе мүліктік сипаттағы өзге пайда алады.
Ал жеке мүлікті иемдену немесе қажетіне жұмсау кезінде белгілі мақсатта
өзіне тапсырылған мүлікті иемденеді. Құрамдарды ажырату қылмыстардың
аяқталу сәті бойынша жүргізіледі. Мүлікті іс жүзінде иемдену сәті алаяқтық
алдау кезінде сенімге қиянат жасау мүлік алынғанға дейін жүзеге асырылады,
ал иемдену кезінде алдаудың алдында болады, дегенмен екі жағдайда да
жәбірленушінің сеніміне қиянат жасау орын алады.
Алаяқтықтың объективті жағының міндетті белгісі қылмыстың нәтижесінің
туындауы. Туындаған қоғамға қауіпті салдар мен кінәлінің қоғамға қауіпті
әрекеті әрекетсіздігі арасында себептік байланыс болуы тиіс. [17, 20]
Алаяқтық үшін жауапкершілік жәбірленушіні алдау немесе сеніміне
қиянат жасау әрекет немесе әрекетсіздік нысанында туындаған зиянды салдар
мүлікті ақысыз құқыққа қайшы иемдену немесе мүліктік сипаттағы өзге пайда
табу арасында себептік байланыс болғанда ғана туындайды. Бұл себептік
байланыс алдау жәбірленушінің мүлікті немесе оған құқықты беру ниетін
туындатқан немесе бекіткен жағдайда да болады. Себептік байланыс алдау
мүлік екінші тұлғаға берілгенге дейін орын алған жағдайларда ғана
байқалады.
Алдау жолымен жасалған алаяқтық кезінде себептік байланыс мүліктін
жәбірленушінің иелігінен кінәліге өту актісіне жаңылысудың ықпалы мен
жәбірленушінің өзі тікелей қатысатындығынан көрініс табады. Мүлікті
қылмыскерге берудің себебі жәбірленушінің жаңылысуы, ал жаңылысудың себебі
алдау. Бұл жерде жаңылысу шынайы болуы тиіс. Осылайша, жаңылысу себептік
байланыс тізбегінде қажетті аралық буын болып табылады: бір жағынан мүлікті
беру шарты болса, екінші жағынан аладудың нәтижесі болып табылады. Егер
жаңылысу боласа алаяқтықта жоқ. Алаяқтық кезінде алдау немесе сенімге
қиянат жасау арқашан мүлікті иемдену алдында болады немесе уақыты бойынша
онымен сәйкес келеді.
Керісінше жағдайда олар иемденумен себептік байланыста болмас еді.
Егер алдау мүлікті беруге тудыруға немесе оны нығайтуға бағытталып, бірақ
қажетті нәтиже бермесе жасалған іс-әрекет алаяқтыққа оқталу ретінде
сараланады.
Алаяқтық кезінде алдау мүлікті берудің жалғау себебі болып табылады.
Алайда ол ұрлау, тоңау, қорқытып алу кезінде қолданылатын жағдайлар
кездеседі. Егер алдау қылмыстық нәтижені туындатуда басты рол атқарса іс-
әрекетті алаяқтық ретінде саралауға болады. Тек қана алаяқтықта алдау
қылмысты жасау әдісі бола тұра мүлікті немесе өзге мүліктік пайданы ерікті
беруге қол жеткізу үшін кінәлінің жәбірленушіге психикалық ықпал етуін
көздейді. Өзге мүліктік қылмыстарда алдаудың мақсаты оны жасырын алу үшін
мүлікке қол жеткізуді (ұрлау, тоңау). Мысалы ұрлық ретінде жәбірленушінің
сеніміне кіріп алу оны мүмкін иеленетін тұлғаның әрекеттерін саралауға
болады. Бұл жағдайларда жәбірленуші кінәліге өзінің мүлкін немесе иелену
құқығын бермейді және бұл жерде алдау мүлікті иемденудің тікелей себебі
болып табылмайды. Әрекет етуші қылмыстық заңдамаға сәйкес азаматтардың
меншігіне алаяқтық қол сұғушылықтың субъектісі болып ақыл есі дұрыс қылмыс
жасау сәтінде он алты жасқа толған жеке тұлға табылады. Қарастырылып
отырған қылшмыстың түрі үшін жауапкершілікті осындай жастық шегін белгілеу
алаяқтық әрекеттер жасөспірімдер мен сирек жасалатындығымен негізделеді.
Себебі алаяқтық екі өрістің белгілі даму дәрежесін және мақсатты
бағытталған іс-әрекетке қабілеттіліктің болуын көздейді.
Өзіндік меншікті бірден жеке меншікке айналдырып жіберу арқылы
азаматтардың мүлкі құқықтық-қылмыстық қорғаусыз қалды.
Кылмыстық тергеу-сот тәжірибесінде, әсіресе, қылмысты саралауда заңның
әрбір сөзінің, әрпінің, әрбір тыныс белгісінің қандай маңызы бар екенін
әркім біледі.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, жаңа Қылмыстық кодексте меншіктің барлық
түрлеріне қарсы жасалған қылмыстардың “меншікке қарсы қылмыстар” деген бір
тарауға топтастырылуын дұрыс деп санаймын. Мұнда алаяқтық “бөгденің мүлкін
иемдену немесе бөгденің мүлкін пайдалану құқына иемдену”, деп сараланған.
Демек, қолданылып жүрген заңдарды жаңа тұрғыда қысқаша зерттеп,
алаяқтықтың объектісі туралы зерттеушілердің пікірлерін ескеретін болсақ,
бұл қылмыстың объектісі меншік, яғни меншік құқығынан, материалдық
игіліктерді жұмсау және пайдалану құқынан туатын қатынастар, деген
тұжырымға келдік.
Экономикалық категория ретінде меншік өндіріспен тікелей байланысты.
Бірақ, бұл байланыс бөлу және айырбастау қатынастары арқылы жүргізіледі.
Демек, біз қарастырып отырған қылмыстың тектік (арнайы) объектісі,
жоғарыда айтқанымыздай кең мағынасында меншік қатынастары болып табылады.
Немесе материалдық игіліктерді өндіру, тарату және айырбастау, оларды жеке
меншікке иемдену. Бұл қылмыстың тікелей объекітісі деп, біздің ойымызша,
меншік қатынасының тар мағынасын, яғни, жеке адамның мүддесіне қарай
иемдену, пайдалану және жұмсау қатынастарын айтқан жөн.
Яғни, меншікке қарсы бағытталған қылмыстардың тікелей объектісінің
экономикалық өзегі қоғамда өндірілген және таратылған материалдық
игіліктерді жеке адамның пайдалануы, жеке адамның мүліктік мүдделері екен.
Меншіктің экономикалық мәні және меншік құқығы туралы айтылғандарды
қорыта келіп, біздің ойымызша, бұл қылмыстардың тектік (топтық) объектісі
кеңінен алғанда меншік қатынастары, яғни жеке адамның пайдалануына арналған
материалдық игіліктерді өндіруге, бөлуге және айырбастауға байланысты,
объективтік құқық нормаларының жүйесімен бекітілген және реттелетін
қоғамдық қатынастар болып табылады. Ал, қылмыстық қастандықтың тікелей
объектісі - тармағындағы меншік қатынастары.
Әлбетте, қылмыс объектісін қылмыстың тікелей заттарынан айыра білу
қажет. Кылмыскер қылмыс объектісіне қастық жасай отырып әсер ететін заттар
мен адамдар қылмыстық қастандықтың заты болып есептеледі.
Қылмыс затының құқықтық сипаты объектімен байланысты. Ақша, зат, басқа
да бағалы мүліктер түрінде алаяқтықтың объектілері көп. Сондай-ақ, қылмыс
үстінде қолданған заттар қылмыс заты емес. Мысалы, айырбасталған тауар,
ақшаның орынына қаттап берген қағаз т.с.с. алаяқтықтың заты болып
табылмайды. Қылмыскердің алдау-арбау және сенімге кіру жолымен иемденген
мүлкі алаяқтықтың заты болып табылады.
Демек, объектіге байланысты айтатын болсақ, алаяқтықтың заты меншік
қатынастарымен қамтылған зат екен. Алаяқтықтың заты болуы үшін заттың
тұтыну қасиеті ғана емес, сонымен бірге-құны, сол құны арқылы азаматтық
айналымға, тауар-ақша қатынастарына ене алатын қасиеті де болуы шарт.
Қылмыстық құқықта заттық сипаттағы құнды құжаттарды ұрлық заты табыла
ма, табылмай ма деген әртүрлі пікір бар. Сондай-ақ, қандай да материалдық
игіліктерді иемденуге мүмкіндік беретін кез-келген құжаттарды иемдену де
ұрлық болып табылады деген пікір де бар. Енді біреулер мүліктік сипаттағы
құжаттарды (құнды қағаздардан басқа) иемдену ұрлық болып табылмайды, деп
санайды. Егер мұндай әрекеттер солар бойынша кейін мүлікке иемдену үшін
жасалса, оны алаяқтыққа дайындық ретінде бағалау қажет. [11, 96]
Біздің ойымызша, екінші пікір неғұрлым байсалды көрінеді. Мүлікке
құқық беретін құжаттардың жеке алғанда материалдық құны жоқ, Қылмыскер
мүліктік құжатты ұрлағанда емес, сол ұрлаған құжатты көрсету арқылы мүлік
алған жағдайда ғана жәбірленуші материалдық зиян шегеді.
Сондай-ақ, азаматтардың мүлікке жатпайтын түрлі құжаттарын: төлқұжат,
диплом, куәлік т.с.с. ұрлау да мүлік қатынастарын бұзбайды. Сондықтан заң
шығарушы оларды басқару тәртібіне қарсы жасалған қылмыстар қатарына қосқан
(ҚК 324 бабы). Өйткені, мұндай қылмыс жасау үшін алдау қылмыстың міндетті
элементі болып табылмайды. Алаяқтықтың құрамы ретінде қарастырғанда алдау,
егер бөгденің мүлкін иемдену тәсілі болса ғана қоғамдық сипат алады. “Алдау
дегеніміз - алданатын адамның немесе басқа да адамдардың мінез-құлқына әсер
ету үшін адастыру немесе адасқандықты қолдау болып табылады”, деп жазады
Ф.Сабитов, өзінің алаяқтыққа арналған мақаласында [10,13-15].
Қолданылып жүрген заң бойынша алаяқтық істегендегі алдау деп,
жәбірленушіге жалған мағлұматтар беріп, немесе шындықты қасақана бұрмалап,
сол арқылы жәбірленушінің мүлкін иемденуді айтады.
Бірінші жағдайда да, екінші жағдайда да алдаудың мәнісі біреу ғана.
Яғни, қылмыскер жәбірленушіні қасақана жаңылдырып немесе шыңдықты жасырып,
оның өз мүлкін немесе мүлікке ие болу құқын ерікті түрде беретіндей мақсат
көзделеді. Жоғарыда айтқанымыздай, алдау белсенді түрде (өтірік айту) және
пәс түрде (шындықты жасырьш қалу) жүзеге асырылады екен.
Қастық объектісінің сипаты, тиісінше қылмыскердің көздеген мақсаты
әртүрлі нысанда болады, бір жағдайда қылмыскердің өтірік айтуы оған мүлікті
беруге тікелей себеп болады. Басқа жағдайларда қылмыскер алдау арқылы
мүлікті ала алмайды, одан әрі алдау үшін, сенімге кіру үшін, кейінгі
алдауын оңай жүзеге асыру үшін пайдаланады.
Мысалы, теміржол бекетінде жүрген К. деген азамат өзінің таныс
кассирі арқылы Алматыға билет алып беремін деп И. деген бейтаныс адамынан
1500 теңгесін алдап алып, қашып кеткен. Бұл жағдайда ақшаның берілуіне К.-
ның жалған уағдасы негіз болған.
Міне осылайша, алаяқтық жасағанда қастандық заты алаяқтың өзінікі
болмауы шарт. Алаяқтық заты ретіндегі бөгденің мүлкі айыпкердің меншігі
емес, оның бұл мүлікті өз меншігіндей иемденуге ешқандай құқы жоқ.
Алаяқтықтың объективтік жағы қылмыс процесінің сыртқы сипатын
көрсететін, заңда айтылған белгілердің жиынтығынан құралады. Мұның ішінде:
қоғамға қауіпті әрекеттер (әрекет немесе әрекетсіздік); қылмыстың зардабы
(қылмыстың нәтижесі) және әрекет пен зардаптың арасындағы себеп-салдарлық
байланыстар бар.
Алаяқтықтың объективтік жағының өзіндік ерекшелігі - оны жасау
тәсілдерінде жатыр. Алдау және сенімге кіру алаяқтық жасаудың, яғни мүлікке
иемденудің тәсілдері болып табылады. [14, 187]
Қылмыстық мақсатқа жету үшін қылмыскер, мысалы, билет алып беремін
(ниетпен алдау) деп алдайды. Алаяқтық алдаудың мәнісінде оның таныс
кассирім бар (адамды айтып алдау) деген жалған мәліметі жатыр. Алаяқ бұл
өтірікті өз уәдесінің нақты екенін дәлелдеу, сөйтіп ақшаны алдап алуды
жеңілдету мақсатында пайдаланады.
Осылайша алаяқтық жасағанда мүлікке иемдену әдісі, қандай жағдайға
байланысты айтылса да, алдау болып табылады. Алдаудың заттарға, адамдарға,
әрекеттерге, құбылыстарға т.б. қатысы болуы мүмкін.
Заттарға қатысты қарағанда, алдаудың мәнісі олардың түрлерін, санын,
бағасын т.с.с. жалған хабарлауға байланысты. Осылайша, қылмыскер сатушы,
ал, жәбірленуші сатып алушы болып, айыпкер жоқ немесе нақты бағасына сәйкес
келмейтін зат үшін жәбірленушіден ақша алып қояды.
Заттың ұқсастығы немесе сапасына байланысты алдау үстінде қылмыскер
жәбірленушіге келісілген заттың орнына құны сәйкес келмейтін басқа бір
затты беруі мүмкін. Алаяқтық алдаудың мазмұны, сондай-ақ, қылмыскердің
мүлікті иеленуіне себепкер болған түрлі оқиғалар немесе адамдардың
әрекеттері де болуы мүмкін. Олардың қатарына: мүлікті күзетуші адамға
өтірік нұсқау бергізу, орындалмаған немесе аз орындалған жұмыс үшін жалған
мағлүмат беріп, ақша алу т.с.с. жатады.
Бір сөзбен айтқанда алдаудың түрлері өте ұқсас болады, тек тиісті
жағдайлар мен қатысатын адамдар ғана әртүрлі болуы мүмкін.
Алаяқтыққа жауапкершілік көрсетілген ҚК 177 бабында мұндай қылмыстың
алдау немесе сенімге кіру жолымен жасалатындығы айтылған. Заң шығарушы
сенімге кіруді алдаудан бөлек, алаяқтық жасаудың дербес тәсілі ретінде
қарастырған. Бірақ, бұл баптың пәрмені онымен өзгермейді.
“Сенім” деген сөздің өзі белгілі бір жағдайға сенімділік, адалдық,
тәртіптілік, шынайылық қасиеттеріне жуық мағына береді. Яғни, “сенім” сөзін
“сенгіш” сөзімен шатыстыруға болмайды. Өйткені сенгіштік адам мінезінің бір
көрінісі, ал, сенім әрқашан бола бермейді.
Атап айту керек, сенімге кіру арқылы жасалатын қылмыстардың басқа
қылмыстарға ұқсас тұстары да аз емес.
Қызмет бабындағы адамның өзіне жүктелген сенімді қылмыстық мақсатта
қолдануы қызмет бабын теріс пайдалану деп есептеліп, ҚК 117 және 307
баптарындағы қылмыстардың элементі ретінде берілген. Ал, қамқоршылық
өкілдікті бас пайдасына пайдалану КР ҚК 139 бабындағы қылмыстың құрамына
кіреді.
Сенімге кіру көбінесе алдаумен ұштасып жатады. Әдетте қылмыскер
келешекте оңай алдау үшін алдымен сенімге кіріп алуға ұмтылады. Егер
жәбірленуші өзін алдаушыға сене қоймаған болса, алдаудың мақсатына
жетпегендігі.
Алдау жәбірленушінің мүлкін иемдену үшін ғана емес, сонымен бірге,
оның сеніміне ие болып, жәбірленушінің өзіне жақындатуға бағытталса мұндай
алдау сенімді теріс пайдалану деп аталады. Сондықтан сенімге кіру мен алдау
алаяқтық қылмыста бірімен-бірі ұштасып отырады.
Мысалы, еш жерде жұмыс істемейтін Н. автомашиналарына гараж салып
бермек болып, екі жыл бойы түрлі адамдардан ақша алып тұрған. Бірақ, өз
уәдесін орындамаған. Оқымыстылар Н. әрекетін сенімге кіру арқылы жасалған
қылмыс деп бағалайды. Алайда, бұл арада қылмыстың жасалу тәсілі алдау
(жалған уәде) болып отыр. Өйткені, Н. жасаған келісім-шарттар азаматтарды
алдап ақша алудың құралы ғана.
Алайда, жіктеуі қиын болса да, сенімге кіруді алаяқтық алдаудың бір
түрі деп санайтын авторлармен келісуге болады. Мұның өзі алдау мен сенімге
кіруді қылмыс жасаудың дербес тәсілдері ретінде бөліп қарастырған заң
шығарушының қағидасына да қайшы келмейді.
Алаяқтықтың бұл тәсілінің қажетті белгісі жәбірленуші мен айыпкердің
арасындағы сенімнің ерекше қасиеттері болып табылады. Бұл қатынастардың
белгілі бір құқытық негізі болуы да мүмкін. Сондай-ақ, нақты жағдайларға
байланысты болуы да (жәбірленуші мен айыпкердің таныстығы, нақты сыртқы
жағдайлар) мүмкін. Сенімге кіре отырып, қылмыскер өзіне басқа адамдардың
сенуіне негіз болатын жағдайларды (туыстық, келісімдік т.с.с.) да
пайдаланады.
Көптеген зерттеушілер мүлікті өз еркімен беруді алаяқтықтың ерекше
көрінісі ретінде қарастырады. Шынында, ұрлықтың басқа түрлеріне қарағанда,
жәбірленуші қылмыскерге өз мүлкін еркімен бергендей болады.
1.3. Алаяқтықтың субъектісі мен субъективтік белгілері
Субъектіні сипаттайтын құрамның белгілері көп емес. Бұл барлық
азаматтардың заң алдында теңдік принципіне байланысты.
Қылмыскердің жеке басының барлық қасиеттерінен оның қылмыстық жауап
беру қабілетін білдіретін қасиеттерін бөліп алып қарастырған жөн. Өйткені,
қылмысқа қабілеттілік қасиеттерінің қылмыстық-құқықтық мәні бар. Бұл
қабілеттерге заңда көрсетілген жаста жету және ес-ақылдың бүтіндігі кіреді.
Демек, алаяқтықтың субъектісі ес-ақылы бүтін, қылмыс жасаған сәтте
белгілі бір жасқа, яғни 16 жасқа жеткен жеке адам бола алады.
Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершіліктің 16 жастан басталуының мәнісі
бұл қылмыстың тек қоғамға ерекше қауіптілігінде ғана емес, сондай-ақ,
жасөспірімнің қылмыс жасау мүмкіндігі және қылмыстың бұл түрінің кәмелетке
толмағандар арасында көп тарағандығына байланысты болса керек. Осы тұрғыдан
алып қарағанда алаяқтық қарақшылық пен тонаудан мүлде өзгеше.
Адамның өз іс-әрекеттеріне жауап беруі және өз іс-әрекеттерін басқара
алу қабілеті, яғни ес-ақылдың бүтіндігі туралы мәселе алаяқтық жағдайында
сирек қозғалады. Өйткені, алаяқ адам қылмысты жан-жақты ойластырып,
белгілі бір мақсат көздеп жасайды. Ал, ес-ақылы дұрыс емес адам қилы-қилы
айла-шарғыны ойлап таба қоюы оңай емес.
Алайда, тергеушілер мен сарапшылар алдында мұндай мімдеттер кездесіп
қалып жүр. Бірақ, оның мәнісі басқа. Алаяқтар әділ жазадан құтылу үшін ес-
ақылы ауысқан болып, өзгере қалады. Мұндай жағдайда тергеуші оны
психиатрлық сараптамаға жіберуге тиіс. Өтірікті кәсіп қылып алған адамның
бет пердесі сонда ашылады.
Алаяқтық субъектісінің ес-ақылдың бүтіндігі және 16 жасқа толудан
басқа белгілерін заң көрсетпеген. Сондықтан алаяқтықта әлеуметтік
субъектісі бар қылмыстар қатарына қоспайды. Дегенмен, кейбір адамдар басқа
қылмыстық-құқықтық нормаларда көрсетілген алдау әрекеттерін жасаса, олар
алаяқтық субъектісі болмауы мүмкін. Кімнің жасағанына қарай біріне-бірі
ұқсас алдаулар әртүрлі сараланады. Мысалы, қызмет бабындағы адам, қатардағы
адам өз әрекеттеріне әртүрлі жауап береді.
Қызмет бабындағы адам алдау және сенімге кіру жолымен өзінің қызмет
бабын пайдаланып, мемлекеттік мүлікті ұрласа, оның әрекеттері 177-баптың 2
б. “в” тармағына жатады. Қылмыс субъектісінің жеке басын сипаттайтын
белгілер оның жауапкершілік сипатын шешуге едәуір дәрежеде көмектеседі.
Субъектінің жеке басын сипаттайтын жағдайлар оның жасаған қылмысын
саралауға, қылмыстық заңды қолдануға әсер етеді. Айталық, заңда қылмыс
құрамының міндетті белгілері қатарында қылмыс жасаушының жеке басына
қатысты кейбір жағдайлар көрсетілген болуы мүмкін. Сондай-ақ, субъектіні
сипаттайтын белгілер айыпкерге қылмыстық жаза тағайындағанда да керек
болады.
Кез келген қылмыстың субъектісінің заңдық белгісі – ақыл есінің дұрыс
болуы. Бұл сұрақ алаяқтық туралы істер бойынша сирек туындайды. Бұл
алаяқтық қол сұғушылықтардың ерекшеліктері мен түсіндіріледі.
Он алты жасқа толу мен ақыл есінің дұрыстығынан басқа заң алаяқтық
субъектісінің ешқандай өзге белгілерін белгілемейді.
Алаяқтар ой-өрісі дамыған ел ішіндегі және шетелдегі негізгі
оқиғаларды, ғылым мен техниканың жекелеген жетістіктерін білетін
қылмыскерлер санатына жатады. Олардың көпшілігі мерзімді басылымдардың
жүйелі түрде қарастырып тұрады. Мысалы, киноға, театрларға барады. Мұнын
барлығы оларға жәбірленушімен байланыс орнатып қылмыстық мақсатқа жету үшін
қажет.
Субъективті жағынан алаяқтық кінәлі де жеке мүлікті иеленуге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz