Оқушыларға экологиялық мәдениетті оқыту



КІРІСПЕ 3
І. ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ
1. 1. Экология және экологиялық тәрбие жайлы ұғым 6
1.2. Экологиялық тәрбиенің мақсаты, міндеттері. 7
1.3. Оқу.тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие 8
1.4. Экологиялық тәрбие экологиялық білім берудің құрамдас бөлігі. 9
ІІ. ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ МЕКТЕПТЕРДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ҚАЖЕТ
2.1. Экологиялық білім мен тәрбие табиғат ресурстарын тиімді пайдалану 11
2.2. Адам мен табиғаттың өзара әсерін реттеудің экологиялық құқық нормалары 16
2.3. Экологиялық білім мен тәрбие беруге қажетті іскерліктер мен дағдылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 19
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 25
Тақырыптың өзектігі. Қазіргі эпоха және экологияның ғаламдық мәселелері қазіргі таңда көптеген адамдардың қызығушылығын тудырып отыр. Өмір ортасындағы маңызды, адамзат алдындағы, бірінші санаттағы белгі болып экология, табиғатты қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану мәселелері. Біздің республикамызда табиғат қоршаған ортаны қорғау саяси, экономикалық және мемлекеттің әлеуметтік тапсырмасының маңыздылығына жатқызылған. Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген: “Мемлекет өзінің мақсатын адам денсаулығын және өміге қолайлы, қоршаған ортаны қорғау қойылған”.
Қоғамдық және адам өмірінің мәдениеті, экономиканың әртүрлі жақтарының бір түйінін байлайды және өз алдына Адам және Табиғат қатынасындағы орталығы болып келеді.
Басқада қоғам өмірі талабымен және әлеуметтік, экономикалық байланысты, жаңа мәдениеттеу ұғымын табиғатқа қатысты процессі ұзақ, Бірақта жаңа өсіп келе жатқан ұрпаққа және республикамыздың барлық азаматтарына жаңа әлемдітүсіну, мінез – құлық жағайын және жаңа түсінікпен табиғат алдындағы жауаптылық оңай емес.
Өсіп келе жатқан жаңа ұрпаққа әлемді көруге тән, жаңа гендер, сол бойынша адамды анықтау, мекетептің осы тапсырманы орындауда ерекше ролі бар.
“Образ және жеке мәдениет келбетін құрастыру, өзін мәдениетке баулу” – бұл тапсырма, мәдениет білімі ортасы процессін , адам шешеді деп есептеген – В.М.Межуев. Өз кезегінде, гуманитаризм және гуманизм байланысын, мәдениетті жасайтын функция пайда болғанда, мәдениетті игергенде, мәдениеттің өсу қарқыны адамдардың ынта – жегерінің даму орталығының ролі.
Білімде жеке экология мәдениетін қамтамасыз ету және экология мәдениет әлемін сақтап қалу, мәдениетті құндап дамыту және жаңарту , сақтап қалу. Осыған байланысты 1993 ж Ф.Майром ЮНЕСКО басшылығымен талданған жүргізуші халықаралық жобаның “Әлем мәдениеті” бағдарламасы болды (UNESKO and a cuIture of peace Promoting a GiobaI Movement), мұнда негізгі буын болып “Экологиялық мәдениет” бағдарламасы табылады.
Адамзатта ең өзекті мәселе болып жаңа қоғам өмірін ұйымдастыру және бір тұтас білім принциптері блып табылады. В.И.Вернадский былай деп айтқан планетада адамзатты сақтап қалу ноосфера бүтіндігін жалпы тапсырманы құрастыру негізінде сақтап қалу мүмкүн деген. Бұл үшін: үшінші мыңжылдықта адам алдында тұрған. жаңадан ойлау, жаңа саясат, жаңа мәдениет, сонымен қатар білім, сәйкес деңгейіне қарай бірңғай тапсырмалар қажет.
1. Окружающая среда и мир на планете. -М.: Наука, 1986.
2. Дотта Л. Планета земля в опасности. - М.: Мир, 1988.
3. Демешев М .Я. Пока не поздно. - М.: Молодая гвардия, 1991.
4. Яншин А.Л., Мелуа А.И. Уроки экологических просчетов. М.:Мысль, 1991. 5. Данило Ж. Социальная экология. - Москва: Просвещение, 1991.
6. Проблемы окружающей среды в деятельности ООН. - М., 1984.
7. Экологическое образование школьников во внеклассной работе. - М.: Просвещение, 1984.
8. Захлебный А.Н.. Экологическое образование школьников. /Под ред. И.Д. Зверева, И.П.Суравечиной. - М.: Педагогика, 1983.
9. Денисова Т.В.. Экологическое воспитание в процессе трудовой подготовки школьников. //Советская педагогика, №41985.
10. О.Косанов. Экология және адам экологиясы. "Қазақстан мектебі", №31991.
11. К.Сарманова, Н.К. Перкас. Экологиялық білім беру бағ-дарламасы. //Қазақстан мектебі, №8 1993.
12. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т. Есболов, Ж. Шілдебаев.
13. Экология негіздері. Ғ. Сағымбаев.
14. Экология. Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозматаева.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
І. ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ
1. 1. Экология және экологиялық тәрбие жайлы ұғым 6
1.2. Экологиялық тәрбиенің мақсаты, міндеттері. 7
1.3. Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие 8
1.4. Экологиялық тәрбие экологиялық білім берудің құрамдас бөлігі. 9
ІІ. ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ МЕКТЕПТЕРДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ
БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ҚАЖЕТ
2.1. Экологиялық білім мен тәрбие табиғат ресурстарын тиімді  пайдалану 11
2.2. Адам мен табиғаттың өзара әсерін реттеудің экологиялық құқық нормалары
16
2.3. Экологиялық білім мен тәрбие беруге қажетті іскерліктер мен

дағдылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... . 19
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 25

Кіріспе

 
 Тақырыптың өзектігі.  Қазіргі эпоха және экологияның ғаламдық
мәселелері қазіргі таңда көптеген адамдардың қызығушылығын тудырып отыр.
Өмір ортасындағы маңызды,  адамзат алдындағы,  бірінші санаттағы белгі
болып экология, табиғатты қорғау және  табиғатты ұтымды пайдалану
мәселелері. Біздің республикамызда табиғат қоршаған ортаны қорғау саяси,
экономикалық және мемлекеттің әлеуметтік тапсырмасының маңыздылығына
жатқызылған. Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген: “Мемлекет
өзінің мақсатын адам денсаулығын және өміге қолайлы, қоршаған ортаны қорғау
қойылған”.
Қоғамдық және адам өмірінің мәдениеті, экономиканың әртүрлі жақтарының
бір түйінін байлайды және өз алдына Адам және Табиғат қатынасындағы
орталығы болып келеді.
Басқада қоғам өмірі талабымен және әлеуметтік, экономикалық байланысты,
жаңа мәдениеттеу ұғымын табиғатқа қатысты процессі ұзақ, Бірақта жаңа өсіп
келе жатқан ұрпаққа және республикамыздың барлық азаматтарына жаңа
әлемдітүсіну, мінез – құлық жағайын және жаңа түсінікпен табиғат алдындағы
жауаптылық оңай емес.
 Өсіп келе жатқан жаңа ұрпаққа әлемді көруге тән, жаңа гендер, сол
бойынша адамды анықтау, мекетептің осы  тапсырманы орындауда ерекше ролі
бар.
 “Образ және жеке мәдениет келбетін құрастыру, өзін мәдениетке баулу” –
бұл тапсырма, мәдениет білімі ортасы процессін , адам шешеді деп есептеген
– В.М.Межуев. Өз кезегінде, гуманитаризм және гуманизм байланысын,
мәдениетті жасайтын функция пайда болғанда, мәдениетті игергенде,
мәдениеттің өсу қарқыны адамдардың ынта – жегерінің даму орталығының ролі.
 Білімде жеке экология мәдениетін қамтамасыз ету және экология мәдениет
әлемін сақтап қалу, мәдениетті құндап дамыту және жаңарту , сақтап қалу.
Осыған байланысты  1993 ж Ф.Майром ЮНЕСКО басшылығымен талданған  жүргізуші
халықаралық жобаның “Әлем мәдениеті” бағдарламасы болды (UNESKO and a
cuIture of peace Promoting a GiobaI Movement), мұнда негізгі буын болып
“Экологиялық мәдениет” бағдарламасы табылады.
Адамзатта ең өзекті мәселе болып жаңа қоғам өмірін ұйымдастыру және бір
тұтас білім принциптері блып табылады. В.И.Вернадский былай деп айтқан
планетада адамзатты сақтап қалу ноосфера бүтіндігін жалпы тапсырманы
құрастыру негізінде сақтап қалу мүмкүн деген. Бұл үшін: үшінші мыңжылдықта
адам алдында тұрған. жаңадан ойлау, жаңа саясат, жаңа мәдениет, сонымен
қатар білім, сәйкес деңгейіне қарай бірңғай тапсырмалар  қажет.
Жеке экологиялық мәдениет биосфераның ноосфераға ауысу процесінде ғана
құрылмайды, және ол мынандай ауысуға қатысады. “ Адам мәдениетінің  қуаты,
- В.И.Вернадский былай деп жазған, - сол биохимиялық  қуат қалыпы, қазіргі
кезде ноосфераны жасайды. Жаңа  мораль, мінез – құлыққа тәрбиелеу және
 қоғамды қайта құру және адамзаттан үлкен күшті талап етеді, бұл қыин және
ауыртпалы процесс болады.
Адамдардың өмірі табиғаттың қолдауына байланысты (су, ауа, күннің
көзінің қуаты, тағам  және т.б. қажеттіліктер) және денсаулық, ал табиғат
факторлары, қоғам тұтұнушылары құндылығына экологиялық мәдениет құндылығы
жүйесіндегі  ұнамды салт болуы керек.  Бұдан басқа В.И.Вернадскидің  нақты
лебізі “жаңа күштің келісуі өзімен өзі дұысталады және адамның
өмірқызметінің бір көзі шындығында өмірдің әртүрлі формасы болып
 есептелінеді”.
Экологиялық мәдениет ресурстағы бар табиғат мүмкүншілігі талаптарын
өлшеу мүмкүншілігімен қалыптастырады, қоршаған орта мүмкүншілігі, яғни жеке
тұтұнушылық жүйелі экологиялық негіздеуді қажет етеді. Жеке мәдениеттің ең
бір маңызды белгісі болып ғылыми және этикалық негіздеу нормативі болып
табылады, және, керісінше, тіртіпсіздік мәдениетсіздіктің белгісі болып
табылады.  “Фетишизм  дүние – мүлкі – қазіргі заман қоғамындағы
 тұтынушылар беталысы (тенденциясын) өтте алаңдатады деп көрсеткен
Н.Н.Моисеев. Және жыйнақтауға онша ынта жоқ, үнемдеуге ие болу ынтасы көп”.
Қазіргі заманда жеке экология мәдениетін түсіну, бөлек адамның
құндылығын мойындайтын, оның білімге құқығы, бақытқа және адамның бастапқы
құқығы – таза табиғат ортасында мәнсіз (мағынасыз) өмірсүру  мүмкүндігін
көрсету. Адам – табиғаттың бір бөлігі, барлық табиғатқа қарсы істелген
істер адам табиғатына әсер етуіде мүмкүн және оның психикасына, ойлау
қабілетіне, әлеуметтік  белсенділігіне ықпал етуі мүмкүн. Э.В.Гирусова және
Е.Д.Никитина былай деген “экологиялық мәдениет – бұл біздің ішіміздегі
ноосфераның пайда болуы”.экологиялық мәдениетті ұйымдастыру барлық адам
өміріндегі ғылыми білімге ықпалы, тәрбиесі, өмірлік тәжірбиесі, өнер, ұзақ
мерзімде  процесс ретінде қаралады. Осыған байланысты білім стратегиясын
өзгерту қажет, бағалы және орнату қызметі; мазмұнына  байланысты: жаңа
педагогикалық технология құндылығын пайдалану және құру. Біз былай деп
есептейміз, ғылым жүйесі және этикалы императорында негізделген, талапта,
ойла, концепциялар, парадигмалар, ұйымдастырады, бағдарлайды және
биосферада, социосферада, адамдар Космосы қызметінде табиғаттықорғау және
табиғаттыжыйнақтауда жеке ойлау және қоғамдық массаны мобилизациялау.
Осының  барлығы эклогиялық мәдениеттің дамуын анықтайды, жалпы білім
жүйесіндегі жаңа бағдар, негізінен жалпыбілім беру жүйесі тұлғаның дамуы,
белгілі ішкі бостандыққа ие,істеріне, сөзіне, ойларына байланысты болып
келмейді; тұлға, өзінің қарым – қатынасын  экологиялық мәдениеттен
шығып,табиғатпен және қоршаған ортамен құрастырады.
Білімді экологияландыру барлық білім жүйесіндегі органикалық және
басымдылық  бөлімі ретінде қаралады, стартегиялық мақсатты анықтау және
жүргізуші бағыттар, оған жаңа құндылық беру, тек қана табиғатта ғана жаңа
қарым – қатынас құрастырмайды, сонымен қатар қоғамға, адамдарға. Қолайлы
жағдайлардың пайда болуына әрбір адамның құқығын қамтамасыз ету және
қоршаған табиғат ортасындағы дағдарысты жоюға мүмкіндігі бар, қоғамды
құрастыру шешімдері.
Экологиялық мәдениет, жалпыадамзад мәдениетіндегі құрамдас бөлігі болып
келеді, адам арасындағы құнды қарым – қатынас көлемі және әлеуметті табиғат
ортасындағы процесстің пайда болуы және материалдық және рухнаи құндылықты
және мінезін анықтайды, бағалы бағыт жүйесі пайда болады және қоғамның
жауаптылық сатысы және тұрақты биосферадағы жеке адамды сақтау, эколгиялық
іс - әрекетті дәлелдеу және адамзат қызметінің шешімінде және барлық
түрлерде игеріледі, табиғатты қорғау және танумен байланысты.  Барлық
танымдық қызмет  кезеңдерінде экологиялық мәдениетті құрастыру  келе – келе
болады, басқа бөлек жалпыбілімберу пәндерінде оқытылады. Үзілізсіз
экологиялық білім жүйесіндегі, мектептегі барлық қыту – тәрбие поцессі
мазмұнындағы, оқыту пәндері және интнгралды курс экологиялық мәдениетке
және оқытушыға бағыт болып, беріп тұрған пәнінің мағынасын түсінуге
көмектесу.
 Экологиялық мәдениет барлық оқушылардың ойларында құрастырылуы керек,
оны құрастыруға мектепке үлкен жауаптылық жатады. Экологиялық мәдениет
негіз саласына жаратылыстану білімі жатады, бұл оқушылардың білім жүйесіне,
қазіргі заманғы адекваттық ғылыми әлем суретін құрастыру; экологиялық
ойлау, әлемдітану, бағалы жобалар, экология заңын түсүнуге көмек көрсету
мүмкүндігі, тәжірбиелі қызметтер, табиғаттыпайдалану.
Қарастырылғын мәселені сарпатау бойынша оқушылардың жаратылыстану
білімінде экологиялық мәдениетті оқыту жетіспейтіндігі анықталды.

І. ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ

ТӘРБИЕЛЕУ

1. 1. Экология және экологиялық тәрбие жайлы ұғым

Экология — 200 жылдық тарихы бар жас ғылым. Экология терминін неміс
биологы Эрнест Геккель (1968ж.). "Естественная история происхождения" атты
кітабында алғаш рет қолданған. Экология - "ойкос" деген грек сөзі, "үй,
баспана" ұғымын білдіреді. Э.Геккельдің айтуы бойынша экология -
зоологияның бір тармағы, жанды мақұлықтардың органикалық және анорганикалық
ортамен өзара қатынасын зерттейді. Экология ғылымы жеке пән түрінде
биология ішінде пайда болды. Экологияны ғылыми негіздеген эволюция туралы
ілімнің негізін салушы ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин, оның анықтауы бойынша
экология тірі ағзалардың ортадағы тіршілік әрекетін және өзара қатынасын
зерттейтін биологиялық ғылым. "Экология" ғылымы теориялық және тәжірибелік
маңызы бар барлық ғылымның кешенді негізінде тез дами бастаған салаға
айналды. Экология дегеніміз - табиғатты пайдаланудық ғылыми-теориялық
негізі.
Экологиялық тәрбиенің көкейтестілігі Қазақстандағы экологиялық апат
аймақтарының болуымен тығыз байланысты. Батыс Қазақстан жұртшылығын әскери
полигондар, экологиялық талаптарды өрескел бұзып отырған өндіріс орындары
алаңдатып отыр. Қарашығанақ кен орнын игеруге 3000 га-ға жуық егіс, жайылым
және орман жері пайдаланылады. Бұрғылайтын қондырғылар мен магистралды газ
мұнай тасымалдайтын құбырлар кездейсоқ апатты жағдайға ұшыратуы мүмкін, осы
кезде қоршаған ортаның әсіресе жер бетіндегі сулардың ластануы орын алады.
Апаттық жағдайлардың тууының негізгі себебі - тасымалдау құбырларының
коррозия процесіне ұшырап, жарылуы (90,5 %). Еділ мен Жайық өзенінің
аралығында орналасқан аумағы 40 мың км2 құмды өңір орта есеппен теңіз
деңгейінен 0,21м төмен жатыр. Жер астының тұщы су қоры мол екені анықталды.
[1] Облыс тұрғындары Азғыр мен Капустин Ярдағы әскери ядролық сынақ
полигонын жабуды, сынақ аймақтарын өз иелеріне байырғы тұрғындарға
қайтаруды, т.б. талап етіп, осы мақсатта бұқаралық саяси күрес шараларын
жүзеге асыратын қоғамдық қозғалыс құруды ұсынды. 1990 жылғы мамыр 1992
жылғы мамыр аралығында "Нарын" қозғалысының орталығы Орда ауданында болды.
Органикалық отынды жағу кезінде атмосфераға күкірттің қос тотығынан басқа
азоттың қос тотығы да шығарылады. Күкірт пен азоттың қос тотықтары
"Қышқылдық жаңбыр" деп аталатын жауын түсуіне себепші болады, олар
топыраққа араласа отырып, оның қышқылдылығының жоғарылауына әкеп соқтырады.
Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігіне әсерін тигізді. Қышқылдық
жаңбырлар металды жабдықтар мен құбырлардың тоттануын туғызуы мүмкін.
Әскери полигон Батыс Қазақстан облысы мен Астрахань облыстың шекарасында
орналасқан. Адамдар мен тірі табиғатқа тигізген зияндары жөнінен "Азғыр",
"Капустин Яр" белгілі Семей полигонынан асып түседі. Полигондар
онкологиялық, жүрек тамыр және басқа ауруларды қоздырып, жануарлар мен
өсімдіктер дүниесіне зиянын тигізді.
Озон қабатының жұқаруы, қышқылды жаңбыр, жер ғаламшарларындағы
климаттың жылына бастауы жер биосферасындағы тіршілікке тікелей қауіп
төндіруде. Ойықтардың пайда болуына өнеркәсіптерден бөлінетін М, Си, Ғе,
Мп, С1, Р оксидтері әсер етеді. Озон қабатының бұзылуы жер бетіндегі
тіршілікке зиянды әсер етеді. [2]

1.2. Экологиялық тәрбиенің мақсаты, міндеттері.

Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты:
✓ қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;
✓ жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;
✓ қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты
қорғау, күту және жақсарту;
✓ экологиялық білімді насихаттау.
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың экологиялық
көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-
қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі,
экологиялық санасы қалыптасады.
Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:
✓ өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана
білу, іскерлікке төселу;
✓ табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай
қоғамдық пайдалы еңбекке қосу;
✓ мектепте экологиялық білім және тәрбие қорамын ұйымдастыру;
✓ Ең басты міндеттердің бірі - оқушыларды табиғатты қорғау
мәселелері туралы ғылыми теориялық және тәжірибелік біліммен
қаруландыру.
Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты, өйткені өндірістік іс-
әрекеттің барысында адам жерді пайдалану негіздерін, топырақты эрозиядан
қорғауды игеру, дақылдарды суару мөлшерін, минералдық тықайтқыштарды, улы
химиялық заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға спйкес
есепке алып отырады.
Оқушылардың экологиялық білімнің белгілі жүйесін игеруі, табиғатты қорғауы,
жер байлығын тиімді пайдалануы экологиялық мәдениетті жетілдіріп, дүние
тану көзқарасын қалыптастырады. [3]

1.3. Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие

Экологиялық білімнің  негізгі көздері: химия, физика, биология,
география, астроиомия пәндері, олардың бағдарламаларындағы оқу
материалдарын дәрістерде терең түсіндіріп, сыныптан және мектептен тыс
экологиялық жұмыстарда тиімді қолдана білуге оқушыларды үйрету және
дағдыландыру - мұғалімнің міндеті.
Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығын ауыл шаруашылығында пайдалану
жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-
кешек, тағам, т.б. жаасайтын табиғат заттарын пайдалану жолдарымен
танысады.
Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасындағы оқушылардың экологиялық
іскерлік дағдысын қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері: өсімдіктердің
даму кезеңіне фенологиялық бақылау жүргізу, мектеп және қоғамдық мүлікті
ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану.
Орта және жоғары сыныптар оқушыларын кең көлемде экологиялық біліммен
қаруландыру қажет. Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші
фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудық ғылыми білімге
негізделетінін оқушылардың түсінуі керек. Өндірістік іс-әрекеттің
нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістер болып жатыр. [4]
Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері:
1. Ауыл мектептерінің оқу-тәжірибе алақын бағалы ағаштар тұқымының
көшеттерін өсіріп, көгалдандыруға пайдалану.
2. Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашылығына үнемі көмек
көрсетіп отырады. Олардың негізгі атқаратын жұмыстарының түрлері:
✓ көшет материалдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту,
өрттен, ұрылардан қорғау, орман-тоғай зиянды жәндіктермен күресу.
✓ дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырау-құлақ, т.б.
жемістерді жинау;
✓ пайдалы жануарларды қорғау және есебін алып отыру; 
✓ фенологиялық бақылау жүргізу.
3.  Оқушылар ауылшаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе
жұмысы биология, химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдарының басшылығымен
жүргізіледі.
4. Оқушылар табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күреседі, қорықтағы
ережені бұзушыларды анықтайды, химиялық улы заттарды, минералдық
тықайтқыштарды сақтау және қолдану ережелерін бұзушыларды әшкерлейді.
5. Экологиялық тәрбиеге айланысты мектепте жаппай шаралар
ұйымдастырылады. Олар: кештер, дәрістер, баяндамалар, т.б.
6. Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие әр
түрлі сыныптардағы оқу пәндерінің мазмұны, қоғамға пайдалы жұмыс және
өндірістік еңбек арқылы іске асырылады.
Экологиялық қоғамның мақсаты: қоғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың
табиғатын қорғауға, күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді
жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың
орталығына айналдыру. Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен
ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық штабтар құрады, жорықтар,
саяхаттар ұйымдастырады. Экологиялық деректерді, ғылыми мағлұматтарды білім
және тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің білімділігіне, педагогикалық
шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты.
Экологиялық тәрбие– оқушылардың табиғатқа жаңаша көзқарасын
қалыптастырып, әр түрлі нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның эмоциялық
сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып, адамгершілік, жауапкершілік
қасиеттерін жетілдіреді. [5]

1.4. Экологиялық тәрбие экологиялық білім берудің құрамдас бөлігі.

Экологиялық тәрбие- табиғаттың барлық субьектілеріне қатысты ізгілікті
қайырымдылықты, парасаттылықты қалыптастыруды көздейді.
1977 жылы халық аралық экологиялық қоғам “экологиялық тәрбиеге –
қоршаған ортадан қорықпай, керісінше одан ләззат алу ” негізінде болу
қажеттігіне айрықша мән берген. Ол үшін біз парктерді, тамаша әдемі де
көркем жерлерді сақтап және оны қайта дамытып гүлдендіруіміз керек. Бүгінде
бұл мәселе қазіргі әрбір мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі
болып табылады.
“Экологиялық мәдениетке” тәрбиелеу қажеттілігі ХХ ғасырдың 70-
жылдарында айқындалады. Ол біріншіден, орта мектептерде экологиялық
білімнің енгізілуі мен, екіншіден экологиялық дағдарыстың тереңдңеп,
қоршаған ортадағы үйлесімділіктің бұзылуының әсерінен болады. 
Эколгиялық тәрбиенің мақсаты оқушылыр бойында экологиялық білім,
көзқарас, сенім жүйесін қалыптастырып, сол арқылы олардың табиғатқа,
қоршаған ортаға парасаттылық, жауапкершілік, қарам-қатынасын жан-жақты
қалыптастырып жамыту.
Экологиялық тәрбие мен білім беру- табиғат ресурстарын тиімді пайдалану
мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді әрекет жасай алатын жеке тұлғаның
экологиялық сенімін қалыптастырып, белсенділігін көтеру. 
Біріншіден, адамның , қоғамның табмғатқа әсер ету ортасындағы білімнің
ғылыми дүниесін қалыптастыру. 
Екіншіден , жеке тұлғаның адамгершілік дүниетанымын тәрбиелеу.
Үшіншіден , экологиялық іс-әрекетте білі мен тәрбиенің жүзеге асуына
ықпал ететін жан-жақты факторларды қарастыру. 
Мектепте экология пәнін оқыту – экологиялық және әлеуметтік
мәселелердің мәнін түсіндіруге , қоршаған орта мен адам арасындағы өзара
байланыстың дамуына талдау жасауға үйретеді.Нәтижесінде олар адам мен
табиғат арасында тығыз байланыс бар бар екенін түсініп,адамның
табиғаттыорынды пайдалану мәселесімен біртіндеп танысады.
Оқушылардың эколгогиялық санасын тәрбиелеуде гуманитарлық және
эстетикалық цикілдегі пәндердің де маңызы ерекше. Тарих, қоғам тану,
мемелекет және құқықтық негіздері пәндерін оқу барысында табиғатқа рақымсыз
қарым-қатынас жасауға болмайтындығын,ол үшін мемлекеттік және қоғамдық
ұйымдардың әрекетін реттейтін заң актілері жайында білім алады.
Эстетикалық пәндер негізінде: әдебиет, көркем өнер, музыка сабақтары
табиғаттың эстетикалық мәнін, оның өзінетән қайталанбас сұлулығын, адамға
және жалпы қоғамға маңыздылығын ашып көрсетеді. Өнер табиғатты
жандандырады, адамныңсүйіспеншілігін оятады және оның бөлінбес бөлшегі
екендігін ұғынуға мүмкіндік береді. [6]

ІІ. ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ МЕКТЕПТЕРДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ
БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ҚАЖЕТ

2.1. Экологиялық білім мен тәрбие табиғат ресурстарын тиімді 
пайдалану

Экологиялық білім дегеніміз – табиғатты қорғау саясаты. Алғаш рет
ғылыми әдебиетте табиғатты қорғау мәслесін педагогикалық тұрғыдан профессор
В.Н.Скалон қарастырды. Ол Гүлденген, мол табиғат – арман емес, бұл шындық,
ал оның мүлтіксіз сақталуы бізге баланысты... Кішкентай кезінен балаға жануар
болсын, өсімдік болсын барлық  тірі дүниге аяушылық сезіммен қарауды үйрету
керек, сонда барып адамгершіліктің негізі қаланады дейді . Әрбір адамның
табиғатқа қарым-қатынасы өзіндік жеке сыртқы ортамен байланыстың қалыптасуы
тәрізді дара тұлғалық  іс-әрекеті болып табылады. Дүние жүзінде
экологиялық  дағдарыс барған сайын өршіп бара жатқаны баршаға аян . Жер
шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы
адамның табиғатқа ықпалын күшейтті. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап
қоғам мен  табиғаттың арасында жаңа сипаттағы жағдай қалыптасты. Соңғы
кезде табиғат ресурстарын пайдаланудың артуына, өнеркәсіп пен ауыл
шаруашылығының қарқынды дамуына орай адамдардың табиғатқа тигізетін ықпалы
елеулі түрде күшейіп, бұл әрекет тіршілік ортасының белгілі дәрежеде
өзгеріп, бұзылуына әкеліп соқты. Қазіргі таңда пайдалы қазбалар қорының
сарқылуы, жер бетіндегі өсімдік пен жануарлар дүниесінің азаюы, сол сияқты
табиғи ортаның шектен тыс ластануы қауіп тудырып, проблемаға айналуда.
Әсіресе өндірісте өңірлерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық
бұл жағдай адамдардың денсаулығына әсер ете бастады. [7] Салғырттықтың
салдарынан химиялық заттардың биосфераға таралуы табиғи мөлшерден бірнеше
есе асып кетті. Жыл сайын жер қойнауынан 120 млрд. т дейін құрылыс
материялдары, жанғыш пайдалы қазбалар мен кен алынады, 560 млн т. аса
химикаттар мен минералды тыңайтқыштар егіс даласын тыңайтуға жұмсалады, 600
млн  текше метрге дейін өндірісте пайдаланылған қалдық су қоймаларға, су 
көздеріне төгіледі, 200 млн т. қатты қалдық қоқысқа тасталады. Жыл сайын 2
млрд т .қазба отындары жағылып, атмосфераға 5,5 млрд т. СО2 енеді екен.
Қазақстандағы 182 млн га жайылымның 110 млн гектары әр түрлі деңгейде зиян
шекті, ал 7 млн га орман жойылып кетті . Соған қоса тропиктік ормандардың
өртенуі мен топырақтағы қара шіріктің тотығуы салдарынан шамамен 1,7 млрд т
парникті газ ауаға араласады . Ауада СО2 , метан, фреон сияқты газдардың
шамадан тыс көбеюі салдарынан ғаламдық климат жылынуда. Эколог ғалымдардың
зерттеулері бойынша ауа райы   жыл сайын экватордан полюске қарай 1,5
шақырым жылдамдықпен жылынып барады . Ауа осылай ластана берсе,  ауаның
орташа жылдық температурасы 60-70 жылдан соң 2-3 градус жоғарлайды екен .
Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының таратқан мәліметтеріне сүйенсек
, қазір дүние жүзіндегі адам өлімінің 6 пайызы ғаламдық климаттың жылына
бастауына байланысты болып отыр. Атмосфералық қысымның қайта-қайта құбылуы
адамдардың денсаулығына әсер етіп инфаркт, инсульт, бастың сақинасы, қан
қысымының ойнамалылығы сияқты дерттер көбейіп барады. Аталған ұйымның
мамандары қоршаған ортаның өнеркәсіптік зиянды қалдықтарымен ластануынан
таяу жылдары жер бетінде 8 млн адам ажал құшады деген болжам айтады . Егер
адамзат атмосфераға таралып жатқан көмір қышқыл газын шектеуді қолға
алмаса, осы ғасырдың аяғына қарай ғаламшарымыздағы орташа температура 8
градусқа дейін ысиды да экватор сызығына жақын орналасқан аймақтар адам
баласының өмір сүруіне мүлде қолайсыз жағдайға жетеді деген тоқтамға
келді. Өндірістің табиғатқа, қоршаған орта жағдайына сайып келгенде адамның
өз денсаулығына қандай зиян келтіріп отырғанын ұғу үшін осы бір деректің
өзі де жеткілікті болар.  Дүние жүзінде  экологиялық  зардапты  проблеманың
тууы негізінен адамдардың шаруашылық мақсаттарды жүзеге асыру кезінде сол
әрекеттердің ортаға, табиғатқа тигізер әсерімен санаспауы, олардың
экологиялық сауатының кемшілігі, қоршаған ортаның үндестігіне
жауапсыздықпен қарау, табиғат қоры шексіз деген жалған ұғымның етек алуына,
шикізатты ұқыпсыз пайдалануына байланысты болып отыр. Сондықтан жыл сайын
жерді суландыру , орманды қалпына келтіру өндірістік қалдықтар мен
техникалық лас суларды тазарту, өндіріс орындарының ауаны ластауына жол
бермеу топырақтың құнарын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу
мақсатында жұмыс жүргізілуі керек. Табиғат пен қоршаған орта көздерінің
тыныштығын бұзғанды, қолдан жасалған өзгерісті қаламайды. Табиғи өзгерістер
өз жолымен баяу, байқаусыз өтуі тиіс. Өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі қалпына
келтіру үрдісі ұзаққа созылады. Соншама ұшығып кеткен осы мәселелерді
үйлестіріп, болашаққа зардапсыз орта қалдырып, адамдардың денсаулығын
қорғау үшін қай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Өзіндік жұмыстарды жаратылыстану пәндері арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесін негізінде сипаттау
Оқу процесіндегі экологиялық тәрбие
Бастауыш сынып окушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастырудың зерттелуі
Қазіргі күндегі экологиялық білім берудің географиялық негізі
Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбие
Оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Табиғат қорғауды оқыту жүйелері
Жеткіншек ұрпаққа экологиялық білім берудің мәні
Пәндер