Кәсіпорынның қаржы жүйесі


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Кәсіпорын қаржысы

Қаржы - ақша қорларын ауыспалы айналым проқесінде қалыптастыру мен оларды пайдалану кезіндегі ақша қатынастарының жиынтығы.

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне кіретіндер:

  • мемлекеттікқаржылар(республикалық бюджет, халықты әлеуметтік сақтандыру қоры және бюджеттен тыс қорлар: зейнетақы қоры, халықты жұмыспен қамту қоры және т. б.
  • жергілікті қаржылар(жергілікті бюджетке түсетін қаржылар) .
  • кәсіпорын қаржылары.

Мемлекеттік қаржылар деңгейінде елдің біріңғай қаржылық саясатын жетілдіру жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде кәсіпорын қызметінің тиімділігіне байланысты.

Кәсіпорын қаржысы еліміздің қаржы жүйесінің құрылымында елеулі орын алады. Мемлекеттік қаржы қорларының басым бөлігі кәсіпорын деңгейінде қалыптасады. Республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің 70-80 проценті салық түсімдері есебінен құралады.

Кәсіпорын қаржысының негізгі қызметтері:

  • бөліп-тарату;
  • бақылау.

Қаржылық бөліп-тарату қызметі арқылы кәсіпорын иелігіндегі барлық ақшалай табыстар мен қорлар қалыптастырылады және пайдаланылады. Қаржылардың бөліп-тарату қызметінің орындалуы арқасында үзіліссіз өндірісті ұйымдастыру жолға қойылады, сонымен қатар

бұл құбылыстың басқа да сатыларға әсер етуі қамтамасыз етіледі. Демек ақша қаражаттарының дұрыс таратылуы кәсіпорын жұмыстарын ынталандырады, олардың барған сайын жақсара беруіне серпінді ықпал етёді.

Кәсіпорын жұмысында жұмсалған қаржылардың қайтарымына бақылау жасау өте қажет. Бақылау қызметтерінің негіздері қаржы ресурстарының қозғалысынан тұрады. Олар өз кезегінде қор ретінде және қордан тыс нысандарда құрылады.

Бақылау қызметінің маңызды екі мәні бар:

  • бухгалтерлік, статистикалық және басқа да есептесулердегі қаржы көрсеткіштері;
  • қаржылай ықпалдар.

Егер бұрынғы орталықтандырылған бюрократтық-жоспарлау жүйе кезінде кәсіпорынды басқару өнім шығару, пайда, өзіндік құн және басқада көрсеткіштер бойынша қатаң шектеулерге негізделсе, қазіргі нарықтық катынастар жағдайында ол экономикалық тетіктер арқылы (салықтар, несиелер, мемлекеттік қаржылық қолдау, түрлі жеңілдіктер, сақтандыру және т. б. ) жүзеге асырылады,

Кәсіпорын қаржыларын ұйымдастырудың негізгі принңиптері:

  • қаржылық-шаруашылық қызметтегі дербестік;
  • өзін-өзі қаржыландыру және басқару;
  • жұмыстың түпкілікті нәтижелеріне мүдделілік;
  • қол жеткен нәтижелерді еселей түсу;
  • қаржы резервтерін жасау;
  • қаржыны меншіктік және қарыз деп екіге бөліп ұстау;
  • мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қорлардың алдындағы міндеттерді бірінші кезекте орындау;
  • кәсіпорын қызметтеріне қаржылық бақылау жасау.

Қаржылық қатынастар құрамы кәсіпорындагы ақша қатынастарының мына топтарымен тығыз байланыста болады:

  • контрагентпеналғашқы табыстарды калыптастыру қорларды толық белгіленген ішкі шаруашылық негізінде құру және пайдалану (жарғылық капиталы, өндірісті дамыту қоры, көтермелеу (ынталандыру) қорлары және т. б) жөнінде;
  • кәсіпорындармен- қаржыларды бөлу тәртібі бойынша, қаржы ресурстарының қозғалысы қордан тыс нысанда жүзеге асады (келісім-шарт міндеттерін бұзған жағдайда айыппұлдар төлеттіру және төлеу, эр түрлі пай жарналарын (үлес) енгізу, бірлесіп тындырылған қызмет-терден түскен пайданы бөлісуге қатысу, басқа кәсіпорыдардың бағалы қағаздарын пайдалану және соның негізінде дивидендтер алу және т. б) ;
  • өнімді шарттарды орындау барысында кәсіпорындар келісімдердің нысандары мен түрлерін өздері таңдайды, міндеттердің орындалу шарттарын және санкция қолдану тәртіптерін анықтайды, өзінің өнімдері мен қызметтеріне қарай бағаны қалыптас-тырады және жеткізушілердің баға негіздерін де бағдарлайды;
  • сақтандыруұйымдарымен міндетті және ерікті сақтандыру түрлері бойынша;
  • банктер жүйесіменалынған сомаларды және қарыздарды өтеуге бағытталған проценттерді төлеуге байланысты есеп айырысу-кассалық қызметтер көрсету, сонымен қатар банктер ұсынған нақты төлеммен уақытша бос ақша қаражаттарын пайдалану мәселелері бойынша;
  • мемлекетпенбюджеттік және бюджеттен тыс қорларды құру және пайдалану. Ақша қатынастарының бұл бағыттағы жұмысы бюджеттік және бюджеттен тыс қорларға эр түрлі салықтар, алымдар, жарналар жүйесін енгізу арқылы жүргізіледі;
  • бағынышты басқаруқұрылымдарымен ішкі салаларда қаржы ресурстарын бөлуде "тікелей" және "көлденең" өзара байланыста болуы.

Ақша қатынастарының бұл топтары кәсіпорын қаржыларының тұтас мазмұнын құрайды. Шаруашылық субъектілерінің ақшалай табыстары және жинақтарының қалыптасуына қарай, оларды банк жүйесі алдындағы міндеттерін орындау, ағымдағы шығындар және өндірістің жұмысын кеңейту, еңбеккерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету және материалдық ынталандыруларды қаржыландыру қажеттіліктеріне пайдаланады.

Қаржы механизмі - бұл қаржы ресурстарын ұйымдастыру, жоспарлау және тиімді пайдалануды көздейтін өзара тығыз байланысты мына төмендегі бес элементтердің жиынтығы:

  • қаржы әдістері;
  • қаржы тетіктері;
  • құқықтың қамтамасыз ету;
  • нормативті қамтамасыз ету;
  • ақпараттық қамтамасыз ету;

Қаржы әдістері - бұл қаржы қатынастарының шаруашылық процестеріне ықпалы, яғни тигізетін әсері. Ол кезегінше мына төмендегі екі бағытта іске асырылып отырады:

  • бірінші, қаржы ресурстары қозғалысын басқару жүйесі;
  • екінші нарықтық қатынастар бойынша.

Қаржы әдістеріне бұдан басқа:

  • шығындар мен түпкі нәтижелерді салыстыра отырып саралау;
  • материалдық ынталандыру;
  • ақша қаражаттарын тиімді пайдалану жатады.

Нарықтық қатынастардың даму деңгейіне қарай, қаржының өндіріс пен айналыс арасындағы қызметтері коммерциялық есеп айырысуға байланысты. Бұл қаржы - шаруашылық қызметтерінің шығындары мен өндірістің түпкі нәтижелерін ақшалай нысанда бағалау деген сөз. Жалпы алғанда, өндіріске коммерциялық есепті енгізудегі ең басты мақсат - шығынды аз жұмсап, жақсы нәтижеге жету, яғни жоғары деңгейде пайда табу.

Қаржы тетігі - бұл қаржы әдістерін кәсіпорынның іс-әрекеттерінде қолдана білу.

Құқықтық қамтамасыз етуге:

  • заң актілерінің;
  • қаулылардың;
  • жарлықтардың;

басқа да құқықтық құжаттардық орындалуы жатады.

Норматшті қамтамасыз ету мыналар арқылы көріңеді:

  • инструкция;
  • нормативтер;
  • нөрмалар;
  • тарифтік ставкалар;
  • әдістемелік нұсқаулар мен көрсеткіштержәне т. б.

Ақпараттық қамтамасыз етуге:

  • экономикалық
  • қоммерциялық;
  • қаржылай;
  • басқа да ақпараттар беру кіреді.

Қаржылық ақпараттарда:

  • қаржы тұрақтылығы жөнінде мәліметтер;
  • әріптестер мен бәсекелестердің төлем қабілеттілігі, бағасы, курсы, дивидендтері;
  • тауарлар мен қорларда және валюта нарығындағы проценттері;
  • биржалык және биржадан тыс нарықтағы істері жөнінде;
  • шаруашылық субьектілерінін қаржылық және коммерциялық қызметтері жөнінде хабарлар болуы керек,

Ақпараттық иемдену нарықтағы жағдайды анықтауға бірдең-бір пайдалы септігін тигізеді.

Әр түрлі ақпараттар, мысалы, жеткізуші, сатып алушы жөніңдегі хабарлар интеллектуалды меншіктің бір турі болып табылады және кәріпорынның жарғылық капиталында белгілі бір үлеске ие.

Кәсіпорынның қаржы ресурстары

Қаржы ресусртары. Бұл кәсіпорынның өз қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ағымдағы шығындар мең өндірісті кеңейтуге жұмсалған шығыңдарды өтеу, қаржыға қатысты міндеттерді және еңбеккерлерді экономиқалық жағыңаң ыңталаңдыру ісін жузеге асыру мақсатында құрылады.

Сонымен қатар қаржы ресурстары:

  • өндірістен тыс саланың объектілерін дамытуға;
  • тұтыну;
  • жинақтау;
  • арнайы резерв қорларын толықтыруға жұмсалады.

Қаржы ресурстарының алғашқы қалыптасуы кәсіпорынның мекеме болып құрылған, яғни жарғылық капитал (акционерлік және жиналмалы капитал) жинаған кезіне сай келеді.

Жарғылық капитал - бұл құрылтайшылар үлесінің негізінде құрылған кәсіпорынның мүлкі.

Қаржы ресурстары негізінен пайданың есебінен қалыптасады. Сонымен қатар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық менеджменттің механизмі
Қаржы менеджменті туралы
Менеджмент қызметі
Қаржылық менеджменттің маңызы
Қаржылық менеджменттің механизмі мен ақпараттық база
Кәсіпорынның қаржылық менеджменттінің-басқарудың мәні, мазмұны мен құрылымы
Қаржылық менеджмент
Кәсіпорынның қаржы ресурстарының құрамы
Кәсіпорынның табыстылығы
Халықаралық қаржылық менеджменттің мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz