Қазақстан Республикасындағы басқару нысаны


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАСҚАРУ НЫСАНЫ

Қазақстанда республикалық басқару нысаны бекітілді. Парламенттік құрылыс, мемлекеттік биліктің бірден-бір бас-тауы халық екендігі, мемлекеттік биліктің үш тармаққа: заң шығарушылық, атқарушылық, сот билігіне бөлінуі; халық қабылдаған Конституцияның үстемдігі және жоғары зандық күші басқарудың осындай нысанын тандаудың зандық негізі болып табылады.

Парламенттік құрылыс монархиялық та, сондай-ақ респуб-ликалық та басқару нысаны ретінде қызмет ете алады. Алайда, республикалық басқару нысаны кезінде Парламентке, әдетте, тыйым салудың өлшеусіз билігі берілген монархтың озі күш керсете алмайды. Парламентті тікелей (Мәжіліс) және ез екілдері (Сенат) арқылы Қазақстан халқы саилайды. Қазақстан Парламенті халық атынан екілетті орган ретінде заң шығару процесін жүзеге асырады. Республикалық басқару нысаны аза-маттарға максимум немесе минимум бостандық береді.

Қажетті саяси, материалдық, рухани қажетін қанағаттанды-ру үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын пайда-лануы мақсатында Қазақстан Республикасының Конституция-сы оларға кең мүмкіндіктер ашады. Сайлау женіндегі зандар халықтардың едәуір бөлігінің екілетті органдарға депутат бо-лып сайлануы үшін қолайлы жағдай жасайды. Қазақстан Республикасының Конституциясы халықты мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы деп жариялап қана қоймайды. Ол халықтың егемендігін жүзеге асырудың құқықтық негізін қалайды. Ең жоғары зандық күші бар актілер қабылдауға халықтың құқығы бар. Конституцияға сәйкес халық атынан билік жүргізу қүқығы Қазақстан Республикасының Президентіне және Парламентіне берілген. Мүның астарында терең демократиялық идея жатыр. Парламент, Президент сияқты халық атынан билік жүргізе отырып, езінің субъектілік еркін емес, халық еркі мен мүддесін білдіреді. Тек осындай жағдайда ғана халық атынан билік жүргізудің конституциялық заң күші болады. Мемлекеттік биліктің ез өкілеттігі шеңберінде өзінің үш тармағы арқылы жүргізуі қандай да болсын бір органның зорлық-зомбылық жасауына жол бермейді, сөйтіп, мемлекеттік органдардың демократиялық негізде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Айталык, заң шығарумен тек Парламент қана айналысады. Тек Конституцияда көзделген жағдайларда заң шығару өкілеттігін Президент қана пайдалана алады. Атқарушы билік ешбір жағдайда заң шығару өкілеттігін жүзеге асырмайды. Бұл сот органдары-на да қатысты. Осы арқылы жинақталып халық еркін білдіретін зандардың беделі мен заңдық күші сақталады.

Республикалық басқару нысаны биліктің мұрагерлігін не-месе мемлекеттік билікті ұзақ уақыт бойы иеленуді танымай-ды. Айталық, Президент жеті жылға сайланады. Бір адам Президенттікке қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды. Мәжіліс депутаттары төрт жылға сайланады. Сенат депутатта-рының бір болігі екі жылға, екінші бөлігі - төрт жылға сайланады. Мәслихат депутаттары төрт жылға сайланады. Мемлекеттік қызмет жасының шегі Конституцияда белгіленген. Мүндай тәртіп мемлекеттік аппарат кадрларын заңдық тұрғыдан жаңартып отырады, белгілі бір мөлшерде бюрократтық пен тоқыраушылықтан сақтайды. Өкілетті органдарды мезгіл-мезгіл жаңартып отыру, кадрлардың орнын ауыстыру мемлекеттік аппаратты идеялық жаңаруға, алғы лектегі әріптестерінің тәжірибесіне сын көзбен қарауға, қоғам өміріне ғылым мен практиканың үздік жетістіктерін енгізуге бағыттайды.

Республикалық басқару нысаны халықтың еркіне негізделіп қана қоймайды. Ол мемлекеттік органдарды азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, занды мүдделерін қорғауды, оларды мемлекет мүддесімен сәйкестендіруді көздейді. Сөйтіп, адамдардың құқықтары мен бостандықтары мемлекет мүддесінен жоғары тұруын қамтамасыз етеді. Мемлекет Конституцияда тікелей корсетілгеннен езге жағдайларда адамдардың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектей алмайды.

Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адам құқығы мен бостандығын, халықтың денсаулығы мен адамгер-шілігін сақтау мақсатында қажетті деңгёйде ғана адам мен аза-маттың құқығы мен бостандығының шектелуіне жол берілетіндігі Қазақстан Республикасының Конституциясында тура көрсетілген (39-бап, 3-тармақ) . Бұл арада мынадай екі маңызды жәйтке назар аударған жөн. Бірінші - ол Парламент қабылда-ған зандардың, яғни, нормативтік құқықтықактілердің негізінде және соған сәйкес ерекше жағдайларда құқықтар мен бостан-дықтар шектелуі мүмкін, ал белгілі бір жағдайларда Президент шектеуі мүмкін. Басқа ешбір, тіпті ең жоғары деңгейдегі заңға сәйкес актілердің езімен конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және тағы басқа әр түрлі себептермен адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын шектеуге бол-майды; екіншісі - ол қоғамдық ізеттілікті қорғау. Ізеттілік нормалары құқықтык нормалар сияқты айқын және белгілі бір деңгейде белгіленбеген. Дегенмен, ол құкықтық нормаларды қалыптастырудың негізі болып табылады және қоғамдық емірдің гүлденуіне қызмет етеді. Қоғамдық ізеттілікті конституциялық тұрғыдан қорғау Қазақстанда республикалық басқару нысанының ең жоғары гуманистік керінісі болып табылады.

Қазақстаңда Президенттік институты КСРО ыдырар алдында бірер ай бұрын құрыла бастады. Қазақ КСР-ының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақстан КСР-ы Президенті қызметі орнын белгілеу және тиісінше Қазақ КСР Конститу-циясына езгерістер енгізу туралы Заң қабылдады. Заң Президенттің мемлекеттік биліктің ең жоғары органдары жүйесінде алатын орнын, сондай-ақ оның екілеттігін белгіледі. Конституциялық мәні бар осы Занда мемлекеттік билікті белу туралы сез болған жоқ. Кеңестердің қолында бүкіл билік сақ-талды. Сонымен бірге, Президентке "халық депутаттары кеңестерінің бүкіл билігін жүзеге асыруына ықпал ету" (Қазақ КСР Конституциясының 114-бабы) міндеті жүктелді. Жоғарғы Кеңес қоғам өміріндегі барлық мәселелерді шешуге құқығы бар мемлекеттік жоғарғы орган күйінде қалды. Қазақ КСР-ының бірінші Президентін жасырын дауыспен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сайлады. Қазақ КСР-ының бірінші Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Президент өкілеттігін талдау, оның көп жағдайда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне тәуелді болғанын көрсетті. Оған қоса Президент Республика басшысы деп атал-ғанмен егемен, тәуелсіз мемлекеттің басшысы болған жоқ. Қазақ КСР Президентінің әрекеті мен өкілеттігі КСРО Жоғарғы Кеңесінің және КСРО Президентінің құзыретімен шектелді.

Қазақ КСР Президенті мәртебесінің мұндай жағдайы КСРО ыдырағанша, Қазақ КСР-ының егемендігі туралы Декларация қабылданғанша созылды. Осы алғашқы кезенде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің толық билігі, өзіндік парламенттік респуб-лика туралы айтуға болады. Бұл кезде Қазақ КСР Конституциясында кейін одан әрі дамытылған ереже болды. Оған, атап айтқанда, тыйым салу құқығы, Қазақ КСР-ының жоғары мемлекеттік билік және басқару органдарының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету, республика Үкіметі актілерінің қол-данылуын тоқтата тұру жөніндегі өкілеттігі жатады.

Қазақстан Республикасының төуелсіздігі жарияланған кез-ден Президенттік институты қалыптасуының екінші кезеңі басталады. Ең бастысы, осы кезенде - Президент тәуелсіз мемлекеттің басшысы болды. Осының нәтижесінде одақтық орган-дармен, әсіресе КСРО Президентімен өзара қатынасқа байла-нысты өкілеттік жойылды, өйткені оның қажеті болмай қалды. Мемлекеттік биліктің заң шығарушылық, атқарушылық билік, сот билігі тармақтарына бөліну принципінің қабылдануына орай Президент тек мемлекет басшысы ғана емес, республиканың атқарушы билік басшысы деп танылды. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы Президентті мемлекеттік биліктің атқарушылық тармағына да қосты. Сөитіп, қайсыбір деңгейде ол Президент мәртебесін бәсендетті. 1993 жылғы Конституцияда Қазақ КСР Конституциясындағы "Президенттің жоғары мемлекеттік билік пен басқару органдарының өзара әрекетін қамтамасыз ететіндігі" (114-бап) жөніндегі қағида енді болған жоқ, оның есесіне Жоғарғы Кеңестің орны, өкілеттігі күшейтілді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз мемлекеттің заң шығарушы және өкілдік органына айналды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің құзыреті, шын мәнінде, шексіз болды. Тиісінше, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы күшті заң шығарушылық билік бағытын ұстанды. Қайсыбір Президенттік билік туралы айту қиын еді. Ол атқарушылық билікпен тұсалды. Сондыктан Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында Президенттің жоғары мемлекеттік билік органдарының өзара әрекетін қамтамасыз ету құқығы туралы қағида болған жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭТНИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
Президент тек мемлекет басшысы
ҚР-дағы кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу құқығы
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Қазақстан Республикасының сайлау құқығы және сайлау жүйелері
Халықаралық құқықтың түсінігі
Қазақстан - тәуелсіз, унитарлық мемлекет
Жергілікті өзін өзі басқарудың теориялық негіздері
Конституциялық құқық пәнінен дәрістер
Мемлекет нысанының түсінігі, мәні және мемлекетті басқару нысаны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz