Қазақ хандығының көрші мемлекеттермен сыртқы саяси байланыстары



1 Қазақ мемлекеті билеушілерінің Мауерннахрдың өзбек хандарымен өзара қарым.қатынастары
2 Қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі
3 Қазақстанның Ресейге «қосылуының» жекелеген мәселелері жөнінде пікр айтқан қазақ ағартушылары
4 Орыстардың өлкені отарлауын Ә. Бөкейханов екі кезеңге бөлуі
5 1970—1990.жылдарда жарияланған XVIII ғасырдың 40.80.жылдарындағы, Қазақстанның Ресейге қосылуын зерттеп еңбек жазған ғалымдар
6 XVIII ғасырдың бас кезіндегі сыртқы саяси жағдайы
7 1731 жылғы 19 ақпанда императрица Анна Иоанновна Кіші жүзді Ресей бодандығына қабылдауы
8 Қазақтар отарлауын зерттеу проблемалары
XVIII ғасырдың алғашқы онжылдықтары қазақ халқы үшін қиын-қыстау сынақ жылдары болды. Шынына келгенде, ел басына «ел болу, не табанға түсіп күл болу» күні туды. Орыс тарихнамасында қазақтардың жоңғарлар басқыншылығына қарсы күресі жалпылама жұмыстарда көрініс тапқан. Оларда тұтас алғанда жалпы жағдайдың көрініс тапқанына қарамастан, тарихи оқиғалар жүйелі түрде, рет-ретімен баяндалмайды. Әсіресе бұл екі шайқастың: қазақ жасақтары 1728 жылы Бұланты өзенінің жағасындағы Қарасиыр («Қалмақ-қырылған») деген жерде және кеш дегенде 1730 жылдың көктемінде Аңырақай даласында жоңғарларды жеңген шайқастардың жай-жапсарына қатысты. Қазақ-жоңғар қатынастарын XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басында М.Ж. Көпеевтің, Ш. Кұдайбердиевтің, М. Тынышбаевтың, М. Дулатовтың, Ә. Бөкейхановтың күш-жігер салуы арқасында ғана неғұрлым егжей-тегжейлі саралап зерделеу мүмкін болды. Қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі, жоңғарлардың 1723—1726 жылдардағы жеңіске жету себептері, қазақтардың саяси және экономикалық ауыр жағдайы, басқа да мәселелер XX ғасырдың 70-80-жылдарындағы тарихнамада: И. Я. Златкиннің, Н. Г. Аполлованың, В. Я. Басиннің, В. А. Моисеевтін және басқалардың монографияларында ғана ғылыми тұрғыдан көрсетілді.Атап айтқанда, В. А. Моисеев жоңғарлардың қазақтармен арадағы ұзақ уақытқа созылған өзара қатынастарының, оның даму барысың сипатын ашып берді. Ол жоңғарлардың қазақтарға және Орта Азия халықтарына қарсы күрестегі уақытша жеңістерінің басты себептерін ашып көрсетіп, Ресейдің қазақтар мен жоңғарлар жөніндегі тиянақсыз әрі қайшылыққа толы саясатының себептерін түсіндірді, сондай-ақ Орталық Азиядағы халықаралық қатынастардың бүкіл жүйесін айқындай бастаған Жаңа күштердің саяси аренаға шығу белгілерін де анықтап берді. Р. Б. Сүлейменов пен В. А. Моисеевтің «ХVІІІ ғасырдағы Қазақстан тарихынан» деген бірлескен еңбегінде (А., 1988) осы проблеманы зерттеуге баса көңіл бөлінген. Қазақстанның Ресеймен, сондай-ақ Орталық Азиядағы «ең соңғы көшпелі империя» — XVIII ғасырдағы Жоңғар хандығымен өзара қатынастарының тарихы түйінді проблемалардың бірі болып қалуда.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: Қазақ хандығының көрші мемлекеттермен сыртқы саяси байланыстары
.

Мақсаты: ХУІ ғ. бас. Қазақ мемлекеті билеушілерінің Мауерннахрдың
өзбек хандарымен өзара қарым–қатынастары. ХҮІ-ХҮІІғғ.Орта Азия
шайбанилерімен және аштарханилерімен қарым-қатынастары. Қазақ-орыс қарым-
қатынастарының негізгі бағыттары (ХҮІ-ХҮІІІ ғғ.), Қазақ хандығының Орта
Азия хандығымен қарым-қатынасы, қазақ-жоңғар қарым-қатынастары, Тәуке
ханның Ресеймен және көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы.

Міндеті: XVI ғасырдан XVIII ғасыр соғына дейін қазақ хандығының :

Қазақ- жонғар қарым қатынасы,

Мауераннахр өзбек хандарымен,

Орта Азия хандықтарымен,

Қазақ- орыс қарым қатынастары туралы жалпы мағлумат беру.

Мазмұны:XVIII ғасырдың алғашқы онжылдықтары қазақ халқы үшін қиын-қыстау
сынақ жылдары болды. Шынына келгенде, ел басына ел болу, не табанға түсіп
күл болу күні туды. Орыс тарихнамасында қазақтардың жоңғарлар
басқыншылығына қарсы күресі жалпылама жұмыстарда көрініс тапқан. Оларда
тұтас алғанда жалпы жағдайдың көрініс тапқанына қарамастан, тарихи оқиғалар
жүйелі түрде, рет-ретімен баяндалмайды. Әсіресе бұл екі шайқастың: қазақ
жасақтары 1728 жылы Бұланты өзенінің жағасындағы Қарасиыр (Қалмақ-
қырылған) деген жерде және кеш дегенде 1730 жылдың көктемінде Аңырақай
даласында жоңғарларды жеңген шайқастардың жай-жапсарына қатысты. Қазақ-
жоңғар қатынастарын XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басында М.Ж. Көпеевтің,
Ш. Кұдайбердиевтің, М. Тынышбаевтың, М. Дулатовтың, Ә. Бөкейхановтың күш-
жігер салуы арқасында ғана неғұрлым егжей-тегжейлі саралап зерделеу мүмкін
болды. Қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі, жоңғарлардың 1723—1726
жылдардағы жеңіске жету себептері, қазақтардың саяси және экономикалық ауыр
жағдайы, басқа да мәселелер XX ғасырдың 70-80-жылдарындағы тарихнамада: И.
Я. Златкиннің, Н. Г. Аполлованың, В. Я. Басиннің, В. А. Моисеевтін және
басқалардың монографияларында ғана ғылыми тұрғыдан көрсетілді.Атап
айтқанда, В. А. Моисеев жоңғарлардың қазақтармен арадағы ұзақ уақытқа
созылған өзара қатынастарының, оның даму барысың сипатын ашып берді. Ол
жоңғарлардың қазақтарға және Орта Азия халықтарына қарсы күрестегі уақытша
жеңістерінің басты себептерін ашып көрсетіп, Ресейдің қазақтар мен
жоңғарлар жөніндегі тиянақсыз әрі қайшылыққа толы саясатының себептерін
түсіндірді, сондай-ақ Орталық Азиядағы халықаралық қатынастардың бүкіл
жүйесін айқындай бастаған Жаңа күштердің саяси аренаға шығу белгілерін де
анықтап берді. Р. Б. Сүлейменов пен В. А. Моисеевтің ХVІІІ ғасырдағы
Қазақстан тарихынан деген бірлескен еңбегінде (А., 1988) осы проблеманы
зерттеуге баса көңіл бөлінген. Қазақстанның Ресеймен, сондай-ақ Орталық
Азиядағы ең соңғы көшпелі империя — XVIII ғасырдағы Жоңғар хандығымен
өзара қатынастарының тарихы түйінді проблемалардың бірі болып қалуда.
1- тапсырма. Қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі туралы жазыңыз?

Кеңестік кезеңде Қазақстан тарихшыларының бұл проблемаға Қазақстанның
Ресейге қосылуының прогресшіл маңызы сипатында қалам тартқаны мәлім.
Әлбетте, тәуелсіздік жағдайында көзқарас өзгерді. Бұл орайда Қазақстан
тарихшылары жарияланған деректемелер мен еңбектерге сүйене отырып, қазақтар
қорғаныстық азаттық соғысын жүргізіп жатқан кезеңде, ел басына күн туған
зобалаң жылдарда Ресей империясы Ертіс бойымен оңтүстікке қарай ілгерілеп,
жоңғарлар басып алған қазақ жерлеріне бекіністер салғанын, өзінің тым әріде
жатқан жоспарларын дипломатиялық әрекеттермен, әскери экспедициялармен
нығайта бергенін бүкпесіз де объективті түрде атап өтеді.В.А. Моисеев
өзінің соңғы еңбектерінде бұрынғы көзқарастарын едәуір өзгертті. Оның
пікірінше: Қазақ тарихшылары мен публицисттері еңбектерінде Орыс мемлекеті
солтүстіктегі қанішер жыртқыш, қазақтардың Жоңғария сияқты тарихи жауы
етіп көрсетілген. Ол былай тұрсын, патша үкіметі жоңғар-қазақ соғысына
арандатып, ойраттарды қарумен жабдықтаған және оларды қазақтарға айдап
салған сияқты. В.А. Моисеевтің пікірінше: Ресей қазақ халқын ойраттардың
басып кіруінен қорғап, шабуыл жасаушы тарапты тежеу жөнінде қатаң көзқарас
ұстанған.[4]. Алайда ресей-ойрат қатынастарының тарихын мұқият зерделеу
XVIII ғасырдың 30-жылдарында Ресей дипломатиясының отаршылдық саясатты
жалғастыра бергенін дәлелдейді. Сенат өз жарлығымен Еділ қалмақтары ханының
Жоңғар хандығына қарсы соғыс ашуына тыйым салды. Тек 1742— 1743 жылдары
Сенат, одан соң Орынбор комиссиясының бастығы И. Неплюевтің ойрат
әміршісінің ордасына жіберген К. Миллер миссиясы Кіші жүз бен Орта жүз
қазақтарын сол кезде-ақ Ресей бодандары деп қарап, Жоңғария хандарынан
оларға шабуыл жасауды тоқтатуды алғаш рет талап етті. Басқаша айтқанда,
Ресей империясы Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары Ресей бодандығын
қабылдағаннан кейін 11—12 жыл өткен соң ғана қазақтарды қолдаған.

2 – тапсырма.Сызбаны толтырыңыз?

Қазақстан тарихы жөніндегі қорытушы еңбектерде империяның шығыстағы
саясатының әскери-стратегиялық мәні қазақ хандықтарының Ресеймен
экономикалық және саяси байланыстарын нығайтуға бағытталған әрекет деп
түсіндірілді. Империяның отаршылдық саясатына, И.Д. Бухгольцтің, И.М.
Лихаревтің, П.Ступиннің және басқаларының әскери-барлау экспедицияларына
бейбіт сипат беру үшін ұзақ уақыт бойы олар ғылыми, танымдық
мақсаттарда ғана жүргізілген деп пайымдалып келді. И. Д. Бухгольцтің және
басқа да экспедиция басшыларының бекіністер салуы жөнінде басылымдарда оны
орыстар иесіз жатқан жерлерде жүргізді деген аңыз таратылған. Ал шынына
келгенде, Ресейдің әскери экспедициялары ежелден бері қазақтардың
иелігіндегі, сол кезеңде жоңғар басқыншыларының бақылауында болған жаңа
аумақтарға бекіністер салып, Ресейдің иеліктері етіп бекітті. Ресейге
қосылу немесе империя билігін амалсыздан мойындау проблемалары. Кеңестік
тарихнамада Қазақстанды отарлаудың басталуы оның Ресейге қосылуы
тұрғысынан пайымдалды. Кейбір авторлар мәселенің экономикалық жағына да,
саяси себептеріне де мүлде тереңдеп бармай, оны тек қана сырт жағынан
қарап, қосылу кездейсоқтан болды деп санады. Басқа біреулері отаршылардың
мүдделерін жақтап, патша өкіметінің, патшалық Ресейдегі үстем таптардың
қазақ халқына қатысты құқықтары мен міндеттерін іздеп табуға тырысты.
Олар империялық идеяларды ашықтан-ашық уағыздап, байырғы халықты тек ғана
жабайылар деп білді, сөйтіп олардың сан ғасырларға созылған дербес және
мәдени дамуын мүлде ескермеді. Біздің Орта Азия жерлерін алуымыз әсте де
оп-оңай басып алу мен атышулы жеңістерге деген бір ғана қарбалас
құлшыныспен жасалған жоқ - деп баяндалады бір ресми құжатта. — Біз Шығысқа
өркениеттің болмай қоймайтын табиғи заңымен беттеп барамыз: білімді халық
жабайылармен ешқашанда қатар өмір сүре алмаған және алғашқылары қолында күш-
қуаты барын сезінсе, соңғыларына олардың арасында мемлекет пен қоғам туралы
жалпы адамзаттық ұғымдарды сіңіру үшін жол салушылар жіберіп отырған.
Біздің даңқты әскерлерімізді Орта Азиядағы осындай жол салушылар деп санау
керек екені даусыз. КСРО ыдырағаннан кейін, тәуелсіз мемлекеттер пайда
болған кезде де империялық ойлауды көрінеу және жасырын жақтаушылар Ресей
отаршыл, империялық держава болған жоқ дегенінен айнымай келеді. Ресей сол
кезде де, кейінде де сөздің толық мағынасында қандай отарлар алып, иеленді
деген ең қарапайым сұраққа жауап қайтарып көріңіздерші деп сұрайды тарихшы
В. Виноградов пен Ресей Сыртқы істер министрлігі тарихи-дипломатиялық
басқармасы бастығының орынбасары И. В. Филатов Отанымыздың өткен кезеңіне,
Ресей империясының тарихына шолу жасағанда деген мақалада. Бұл да бұрын
жазылып келгендерге қайшы келеді. Бұл сұраққа өз кезінде Ресей тарих
ғылымының аталары Н. М. Карамзин, В. О. Ключевский жауап қайтарған болатын.
Соңғысы Ресейдің тарихы — отарланушы елдің тарихы деп әбден айқын жазған
еді.
Қазақстанның Ресейге қосылуының жекелеген мәселелері жөнінде қазақ
ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Абай Кұнанбаев, Ыбырай Алтынсарин және
олардың пікірлестері өз ойларын айтқан. Ш.Уәлиханов ұлы державалық
шовинизмге қарсы шықты, ал шовинизмді мейлінше жан сала қорғаушылар Шығыс
халықтарының екінші сорттылығы туралы, мемлекеттілік пен державашылдылыққа
тандаулылардың құқығы туралы еуропентршіл идеясымен қаруланған еді.
Қазақтардың дүниежүзілік өркениет тарихында алатын орнын анықтай келіп,
Ш.Уәлиханов кейбір ресейліктердің қазақ көшпелілері туралы мал сияқты
тұрпайы варварлар деген сияқты түсініктерін үзілді-кесілді теріске
шығарды. Біздің әдеттен тыс жабайылығымыз бен дөрекілігіміз туралы пікір,
— деп жазды ол, — қырғыз-қайсақ деген сөздің ауызекі варваризміне ғана
негізделген. Шынын айтқанда, қазақ халқы орыс қоғамының бейбітшілік сүйгіш,
демек, онша жабайы емес бұратаналары қатарына жатады.
3 - тапсырма. Кестені толтырыңыз?

Ғалымның пікірінше, оның бабалар тұрмысын бейнелейтін рухани мұрасының,
әдет-ғұрыптарының, Гомердің поэтикалық аңыздары сияқты тарихи қадір-қасиеті
бар. Ол халықтың өткендегі тарихи және рухани өмірінің толық көрінісін
бере алады.
Ш. Айтматовтың анықтауына қарағанда, ақын, діндар, пайғамбар және
ағартушы, ғаламат ойшыл, надандық пен адам кемшіліктерін әшкерелеп,
кемсітілгендер мен қорланғандардың тағдыры үшін күйінген, әділдікті өз
бойында ұштастыра білген ұлы Абай нақыл сөздерінде ұлттық дамудын басты-
басты бағыттарын таратты. Ол отарлау кезінде халық ділінің өзгергенін
көрсетті. Бұрынғы ұлылық — батырлар заманы келмеске кетті. Құлдық
психология, надандық рухани бейшаралық кұлқы жеңіске жетті. Абай бірін-
бірі қуып, қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып зор болғандықты
армандады Абайдың бүкіл поэзиясының мағынасы оның өз халқын аңсаған
мақсатына өркениетті халықтардың жетістіктеріне араласуға шақыру болды:
Адасып алаңдама, жол таба алмай, Берірек түзу жолға шық, қамалмай.
Абай бастап, жол салып кеткен қазақ қоғамының жай-күйіне талдау жасау, отар
халықтың кемшіліктері мен осалдықтарын хатқа түсіріп сынау алаш
реформаторлары ұрпағының тарихи аренаға шығуына дайындық жасап берді.XIX
ғасырдың бірінші жартысындағы отаршылдыққа қарсы қарулы күрес сәтсіздікке
ұшырап, Қазақстан империяның әкімшілік-аумақтық бөлінісінің бір бөлігіне
айналған, империя ауқымды шабуылға шығып, шет аймақ халықтарын орыстандыру
жүріп жатқан кезеңде ұлттың прогресшіл көреген қайраткерлері (Шоқан
Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин және олардың пікірлестері)
тауқыметтің ең ауыры — туған халқын ағарту ісін өз мойындарына алуға мәжбүр
болды. Отандық тарихнаманың алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткерлерінің
есімдерімен байланысты орасан қалың қабаты кеңестік тәртіп басқарған ұзақ
жылдар бойында мүлде игерілмей келген еді. Қазақстанның Ресей құрамына кіру
проблемасы ең алдымен Ә. Бөкейхановтың еңбектерінде мейлінше толық және
тұтас көрініс тапты. Автор Қырғыз өлкесінің тарихи тағдыры және оның
мәдени табыстары деген еңбегінде қосылу, өз еркімен деген терминдерді
мүлде қолданбайды, керісінше, жаулап алу, бағындыру деген терминдерді
қолданады, Кіші және Орта Ордалар қазақтары оңтүстіктегі жаулары Горькая
шебіне дейін тықсырғандықтан, орыс билігін тануға мәжбүр болды деп атап
көрсетеді. Бұл тақырыпты жалғастыра келіп, Ә. Бөкейханов XIX ғасырдың
үшінші ширегіне дейін барлық қазақ рулары біртіндеп орыс билігін
мойындады деп атап өтеді. Ә. Бөкейханов еңбектерінің XVIII—XIX
ғасырлардағы Қазақстан тарихын бағалау үшін де маңызы баға жеткісіз. Ә.
Бөкейханов былай деп жазды: XVI ғасырдың екінші жартысынан бастап
солтүстіктен жаңа халық — славяндар келе бастады; олардың мәдениеті сол
кездегі Қырғыз өлкесі билеушілерінің мәдениетінен жоғары болатын, сондықтан
жергілікті халық өз өлкесіндегі үстемдікті келімсектерге беруге тиіс
болды. Орыстардың өлкені отарлауын Ә. Бөкейханов екі кезеңге: мұнда ерікті
отарлаушылардың пайда болуына және олардың ізімен үкімет жасақтарының келе
бастауына бөледі. Ерікті отарлау, — оның пікірінше, — осында сол кездегі
ауыр тұрмыс жағдайларынан қашқан немесе қорғансыз бұратаналар есебінен оңай
баю үшін шаруалардың, кылмыскерлердің, сектанттар мен басқа да әр түрлі
тобырлардың келуімен жасалды. Бұл жөнінен оларға оңтүстік Орал мен біздің
өлкеміздің солтүстік-шығысы ерекше қатты ұнады. Беймәлім елдерге тереңдей
еніп, ілгері қарай қозғалумен жалғасқан жер шолу туралы ой осы тұста
туды. Бұл қозғалыстың қаншалықты күшті және кұдіретті болғанын аты-жөні жоқ
еріктілер толқынының небәрі екі жүз жылдай уақытта (1560—1750) Оралдан
Камчаткаға дейін, Березовтан Алтайға дейін бүкіл Сібірді баса-көктеп жүріп
өткенінен білуге болады. Осындай толқын тармақтарының бірі — солтүстіктен
Ертіс бойымен және Бараба даласынан, екіншісі — оңтүстік Оралдан Жайық
өзенімен оның салаларын бойлап Қырғыз өлкесіне келді. Соңғы қозғалыс ерте
басталды, бірақ Ертіс бойымен отарлау тезірек жүргізілді, өйткені бұл
толқын күштірек болатын; табиғи байлықтарының арқасында Ертіс өлкесі мен
Алтай отаршылдар көзіне өте бағалы көрінді, сөйтіп олар осы жаққа көбірек
жіберілді. Мұны орыс үкіметі де ұғынып, оған кейіннен басты әскери күштерін
жіберді. Төменіректе біз үкіметтік отарлау еріктілердің ізімен
жүргізілгенін және былайша айтқанда, оны заңдастырғанын көреміз; кейбір
жағдайларда үкіметтін белгілі жер учаскесін еріктілер сол кезде-ақ басып
алғандыктан, оны өзінікі деп тануына ғана тура келді.Әлихан Бөкейханов
өзінің Қазақстан тарихы және жер пайдалану нысандарының дамуы мәселелері
жөніндегі еңбектерінде өлкенің солтүстік-орталық және шығыс бөліктерін
жаулап алу мен отарлауды бөлек алып қарастырады.Есіл—Ертіс өлкесінде орыс
адамдарының келген жылын қай жылға жатқызу керек екенін дәл айту қиын, —
деп жалғастырады ол ойын. — Солтүстік Сібірдегі сияқты, мұнда да өлкені
жаулап алудың алдында терісі бағалы аң аулауды кәсіп еткендердің, ал кейде
бұратаналарды жай ғана тонап кету үшін келіп-кетушілердің болғаны анық.
Орыс отарлаушыларының қандай да бір арнайы мақсатпен бірікпеген еріктілер
тобырын құраған осы жекелеген алдыңғы бастаушылары алғашқы кезде
бұратаналар тарапынан, сірә, ынтымақты тойтарыс таппағанына қарамастан,
отарлаудың сенімді тірегіне айнала алмады. Сөйтіп Ә. Бөкейхановтың
пікірінше, Қазақстанның империя құрамына кіруі отарлау мен жаулап алудан
тұрады. XVIII ғасырдың аяғында Қырғыз өлкесі көшпелілерінің едәуір бөлігі
орыстардың билігін мойындап, орыстар шегінде көшіп жүрді. XIX ғасырдың
басынан бастап үкімет жаулап алынған өлкені нығайту жайын ойластырды. Ә.
Бөкейханов өзінің барлық зерттеулерінде жаулап алу деген ұғымды қолданып,
сол арқылы XVIII—XIX ғасырлардағы орыс-қазақ қатынастарының барысында
қалыптасқан күрделі өзара қатынастарды сипаттайды.Ә. Бөкейханов орыстардың
Орталық Азиядағы ерекше өркениеттілік миссиясы туралы негізсіз
тұжырымдамасын ашықтан-ашық әшкереледі. Өлкені бағындырған соң, — деп
жазды ол, — орыстар мәдениетті жұмысқа көше алмады, өйткені бастапқыда
жаулап алу тек қана баю мақсатымен жасалды және алғашқы жаулап алушылар
мәдениет рөлін атқаруға мүлде дайын емес болатын. Олар адамгершілігі
алғашқы қауым адамдарынан аспаған, өткендегі әмірі күмәнді, дөрекі, надан
адамдар еді; рас, осының бәрі бола отырып, олар бұратаналардан жетілгендеу
болып шықты, бірақ оларды бағындырған соң саналы түрде бейбіт мәдени
жұмысқа көше алмады; олар тіпті табиғаттың бай тартуларын ақылмен
пайдалануға немесе өздерін өз еңбегімен асырауға күш-жігер жұмсаған жоқ.
Керісінше, олар баюдың неғұрлым жеңіл басқа әдісін — бағындырылған
бұратаналарды талап-тонау мен табиғи байлықтарды талан-тараж ету жолын
таңдады. Автор еріктілердің ендей кіруіне империяның мүдделі болғанын
нақтылай келіп, еріктілер мен үкіметтік отарлау үрдісін ажырағысыз бірлікте
қарастырады. Біріншіден, ол орыс отарлауының алдыңғы тобы болды, екіншіден,
ол империяның ішкі өміріндегі проблемаларды жоюға мүмкіндік берді. 1917
жылдан кейін отандық тарих проблемаларына ден қою арта түсті. Бұл тұрғыда
көптеген еңбектер ішінен Т. Рысқұлов, X. Досмұхамедов, П.Г. Галузо, С.
Мендешев, Ғ. Тоғжанов еңбектері мен басқа еңбектерді атап өту керек. П.Г.
Галузо Ресей мен Қазақстан серіктестігінің тең құқылы еместігін атап
көрсетіп, империяның өзге өлкелерді қосып алуға өте мүдделі екенін атап
айтқан болатын. П.Г. Галузо отаршыл империя теоретиктерінің агрессияға
бейбіт тон жамылдырып, өркениетті сипат беруге неліктен тырысқанын
түсіндірді. Отар Түркістан деген кітабында ол былай деп жазды: Патшалық
Ресей әскерлерінің қазақ даласына қарай ендей кіруі XVIII ғасырдың бірінші
жартысында-ақ басталған болатын.Орыс патшалары елге ентелей әрі толассыз
дерлік сұғына түсті, алайда былайша айтқанда, біраз жалтақтай отырып
жылжыды.... Орта Азия шекарасындағы орыстардың агрессиялық саясаты жөнінде
келтірілген бейбітшілік сүйгіш сипат беру Ресейдің алысты көздейтін
агрессиялық жоспарларын қарастыра отырып, Орта Азияға аяқ басқанда, өзінің
отаршылдық басып алушылық жөніндегі батыс еуропалық бақталастарынан, ең
алдымен Англиядан қатты қорыққандығын көрсетеді.Орта Азияға қарай
ілгерілеуді біз ұлы державалардың олжа бөлісу жөніндегі империалист
жарыс ағыстарының бірі деп қарастыра аламыз.
4 – тапсырма. Сызбаны толтырыңыз?
Әрине Ресейдің крепостник-помещигі ең алдымен отарды өзі үшін басып
алды, бірақ шынына келгенде бұл отарларды Ресейдің өнеркәсіп капиталы үшін
де басып алу болатын. П.Г. Галузо Ресейдің отаршылдыктабыстары тарихын
Орталық Азияның барлық аймақтарымен өзара тығыз байланыста алып қарады. Ол
Қазақстанның империя құрамына кіруі: біріншіден - халықтарды саяси
дербестіктен айырудың; екіншіден — экономикалық жағынан кіріптар етудің;
үшіншіден — Дүние жүзін болашақ отарларға болу жөнінен орыс-ағылшын
бақталастығының салдарынан болды деп есептейді. П.Г. Галузоның сіңірген
еңбегі — XIX—XX ғасырдың басындағы Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық
үстемдігі көрінісін ашып көрсету және ұлт-азаттық қозғалысы проблемасын
ғылыми тұрғыдан қою болды. ...Дәуір екі бөлікке: өлкені жаулап алу кезеңі
мен шаруашылық үшін игеру кезеңіне бөлінеді, осыған сәйкес ұлт-азаттық
қозғалысы екі кезеңге бөлінеді. X. Досмұхамедов Ресейдің жаулап алушылық
саясаты қазақ жерін Азияға ендей кіру кезінде алғы шеп ретінде пайдалану
болды деп есептеді. Қазақ өлкесінің біржола Ресейге бағынуын ол XVIII
ғасырдың аяғы — XIX ғасырдың басындағы қазақтардың ұлт-азаттық күресінін
жеңіліс табуы салдарынан болды деп санады. Ол Әбілқайыр және ру
ақсақалдарының шағын тобы патша өкіметімен сөз байласуға барып, елді
бодандық алуға мәжбүр етті деп есептеді. X. Досмұхамедов қазақтардың Ресей
мемлекетіне бағыну актісіне халықтың негізгі бұқарасының қатыспағанын
келіссөз үрдістеріне Кіші жүз бен Орта жүз руларынан біркелкі өкілдер
болмағанын мысалға келтіре отырып дәлелдеді. М. Әуезов Әдебиет тарихы
деген кітабында былай деп атап көрсеткен: Қазақ елін орысқа бағындыруға
зорлаған себептер коп. Бір жағынан қалмақтар сияқты елдің тізесі батқан
жаулығы болса, екінші: Орта Азия хандық тарының қысымшылығы, үшінші: орыс
үкіметінің қазақты бағындыруды мақсат қылғандығы, осымен бірге тағы бір зор
себеп, қазақтың өз хандарының алалығы. Өзара жаулық пен араздық, өштік
күшейіп, бірін-бірі жауламақ үшін әрқайсы кез келген жұрттан көмек іздеп,
қазақ елін әр айғырдың үйіріне сіңіруге айналғандығы. Осындай көп себептер
тұтасып, ел тіршілігі бір шым-шытырық мезгілге жеткенде, орыс үкіметінің
шеңгелі қомағайлықпен созылып, қазақ даласын уысына кіргізіп әкетіп бара
жатты. Орысқа бағыну, елдің алдына ұсынған сыбағалы табақтай болып, еріксіз
бой ұсындыруға айналды. Қазақстанның Ресейге қосылу проблемасы Т.
Рысқұловтың тарихи мұрасында да көрініс тапқан. Қазақстанның жалпы Ресей
бодандығына өтуі тұрғысынан қарастыра келіп, ол бағындыру, қазақтарды
жуасыту, жаулап алушы күш деген терминдерді қолданған. Ол жазған патша
өкіметінің отаршылдық саясатында екі кезең: XVI ғасырдың аяғынан бастап —
қазақтардың, XIX ғасырдың ортасынан бастап — шаруалардың отарлауы бөліп
көрсетіледі. Өздері ілгері жылжыған жолында орыс өкіметі жанадан жаулап
алған аудандарда дереу бекіністі мекендер тұрғызып, оларға қазақтар мен
келімсек шаруаларды қоныстандырып отырды. Т. Рысқұлов қазақ жүздерінің
Ресей бодандығына өту себептерін бірінші кезекте Қазақстанның сыртқы саяси
жағдайымен байланыстырды. Оның сыртқы саяси жағдайы қазақтарды шығыстан -
жоңғарлардың, оңтүстіктен - Хиуа, Бұхара, Қоқан хандығы, батыстан ноғайлар
мен қалмақтардың қысым жасауынан көрінген. Т. Рысқұловтың пікірінше,
Ресейдің Қазан (1552 ж.), Астрахан (1557 ж.) хандықтарын жаулап алу, Батыс
Сібірді бағындыру (1581 ж.), орыстардың Орал мен Ертісті бойлай жылжуын
күшейтуі жөнінде шығыста белсенді саясат жүргізуі едәуір рөл атқарған.
Т. Рысқұловтың Қазақстан мен Орта Азияда Ресей тәжінің орнығуы жөніндегі
тарихи тұжырымдамасы оның 1916 жылғы ұлт-азаттық соғыс туралы еңбектерінде
түпкілікті ресімделген. Ресейдің ұлы державалық ниеттерінің жалпы
нәтижелерін пайымдай келіп, ол қоныстандыру басқармасының бастығы Г.Ф.
Чиркиннің Орталық Азияның байырғы халықтарының тағдырына қатысты мынадай
пікірін келтіреді: Егер барлық орыс тайпаларын бір Ұлы Орыс Державасының
қол астына қосу психологиялық жағынан орыс ниеттеріне толық көлемінде
сәйкес келсе, егер Босфор мен Дарданелл біздің Донымызға кілт болса,
Ресейдің Астрабад пен Мазандаранда орнығып алуы біздің әскери іске жұмсаған
шығындарымызды едәуір дәрежеде өтейді және біздің байлығымызды мықтап
ұлғайтады. Ал саяси жағынан біз осыдан 200 жыл бұрын-ақ өз данышпандығымен
Каспийдің Оңтүстік жағалауын бағалап, Ресейді Эльбрус жанында орнықтырған
Ұлы Петрдің мұрасын қалпына келтіреміз.
XX ғасырдың 30-жылдарындағы тарих ғылымында патша өкіметінің жаулап
алушылық себептері мен отаршылдық ниеттеріне ерекше көңіл бөлінеді. Сол
кезеңдегі монографиялар мен мақалалардың көпшілігі, соның ішінде С.
Асфендияровтың Қазақстан тарихы да сондай көзқарас тұрғысынан жазылды.
Патшалық жаулап алу қазақ бұқарасына ізгілік, бейбітшілік пен мәдениет
әкелген жоқ, — деп жазды ол. — Ол күйзеліс, талап-тонаушылық пен кісі
өлтірушілік әкелді. Г.Ф. Дахшлейгердің, Д. Дулатованың, Ж. Қасымбаевтың,
I. Қозыбаевтың, И.В. Ерофееваның 1970—1990-жылдарда жарияланған
тарихнамалық зерттеулерінде XVIII ғасырдың 40-80-жылдарындағы отандық
тарихты, ең алдымен Қазақстанның Ресейге қосылуын зерттеу қорытындылары
шығарылды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін зерттеушілер
ұзақ жылдардан соң отандық тарих проблемаларын жоғарыдан араласусыз және
идеологиялық өктемдіксіз зерттеуге мүмкіндік алды. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің Абай туралы сөз деген
баяндамасында былай деп атап өтті: Ол қазақ тарихының айрықша ауыр кезеңі
еді. Жер шарының неғұрлым көп бөлігін иемденуге тырысқан империя Орталық
Азияны көктей өтіп, шығыс пен күнгейге тереңдей енуді көздеген-ді. Сондай
стратегиялық мақсаттын дәл өтінде тұрған ел Қазақстан болды. Басқадан
айырылса да, одан айырылмау саясаты алғаш рет сол кезде бой көрсетті. Ел
билеудің тарихи қалыптасқан ұлттық жүйесі біржола мансұқталды.
Метрополияның өзіндегі тәртіп күштеп енгізіле бастады. Әуелі қазақтың әр
ұлысынан бірнеше шағын хандықтар құрылып, этноаумақтық тұтастық
бұзылды.Сосын әр хандықтың халқы мен жері ата-атаға, ру-руға бөлінетін
жігімен ауыл-ауылға, болыс-болысқа бөлінді...Жер бетінде... осындай...
тәлкекке ұшыраған халық ешқайда да жоқ шығар. Бұның бәрі отарлық
кеңістіктің тұрғындары тарихи қалыптасқан мемлекеттілігін қайтадан қалпына
келтіре алмайтындай қып, оларды жер мен суға байырғы иелік құқынан
біржолата айыруды көздеп, алдын ала ойластырылған зұлым саясат еді.
Отаршылдық жағдайындағы ұлттық қозғалыстар: Қазақстан, Орта Азия,
Солтүстік Кавказ атты Бүкілодақтық Дөңгелек үстелге (1990 ж. 27—28
маусым) қатысушылар қосылу ұғымын империяның билігін өз еркімен тануды
ғана емес, сонымен қатар (шаруалар арқылы және әскери) жаулап алуды,
отарлауды қамтитын сан қырлы үрдіс ретінде түсіну керек деген қорытындыға
келді. Қазақстанның көне заманнан бүгінге дейінгі тарихында (1994 ж.)
Қазақстанның Ресейге қосылу тарихын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының сыртқы саяси байланыстар
Xvi-xviіі ғғ. қазақ-орыс елдері арасындағы дәстүрлі елшілік байланыстар тарихы
ХИУА ХАНДЫҒЫМЕН ҚАЗАҚТАРДЫҢ БАЙЛАНЫСЫ
Қазақ хандығының қалыптасуы
Қазақ хандығы мен Ноғай Ордасы
Қазақ хандығы құрылуының саяси алғышарттары
Қазақ-орыс байланыстарының алғашқы кезеңі
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасы
ХVI – XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының сыртқы саясатын зерттеу
Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды, этникалық алғышарттарды зерттеу
Пәндер