Күшлік хан


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Күшлік хан туралы жалпы мәлімет
- Күшліктің қарақытайлармен қарым-қатынасы және найман патшалары билігінің күйреуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Күшлік хан , Күчүлүк хан (шамамен 1180 - 1218) - найман Таян ханның үлкен баласы. Лиау патшалығын билеген. К. х. 1212 ж. Алтай жорығына аттанып, Алмалықты шапты, Қашқарды бағындырды. 1218 ж. Жебе қолымен шайқаста қаза тапқан. Күшлік хан - Найман тайпасының билеушісі. 1208 ж. Шыңғысхан Ертіс бойында Күшлік хан әскерлерін талқандады. Наймандар Жетісуға қашты
Күшлік (хан) Шыңғыс ханның қолынан кашып жүріп гурханды паналады. Ол (гурхан) ұлы патша болатын. Бүкіл Түркістан мен Мауароннаһр өлкесіне билік ететін қалың қолы болды, сән-салтанатпен туратын. Сұлтан Мұхаммед Хорәзм шахтың аталары оған жыл сайын отыз мың алтын динар беріп тұруды өз мойынына алған еді және өз ұрпақтарына да аталмыш міндеттемеге берік болуды тапсырып, әрі бұл үшін ешқашан дау-дамайға бармауларын өсиет еткенді. Өйткені, ол мықты жаулардың яғни моғол, найман, тағы басқа беделді түрік тайпалары алдында тұра алатын өте берік бөгет екеннін ескерген еді. Гүрхан оны (Күшлікті) қатты құрметтеп, оған барынша жақсылық жасады. Біраз уақыт өткен соң тіпті оған өз қызын ұзатты.
Күшлік хан туралы жалпы мәлімет
Күшлік хан , Күчүлүк хан (шамамен 1180 - 1218) - найман Таян ханның үлкен баласы. Лиау патшалығын билеген. К. х. 1212 ж. Алтай жорығына аттанып, Алмалықты шапты, Қашқарды бағындырды. 1218 ж. Жебе қолымен шайқаста қаза тапқан. Күшлік хан - Найман тайпасының билеушісі. 1208 ж. Шыңғысхан Ертіс бойында Күшлік хан әскерлерін талқандады. Наймандар Жетісуға қашты. 1209 ж. ш. Күшлік хан қарақытай гурханына келіп паналады. Ол бірте-бірте найман әскерін қайта жинап, 1210 ж. Жетісудағы өкімет билігін өз қолына алу мақсатымен гурханға қарсы бүлік ұйымдастырды. Үзгенде Күшлік хан гурханның қазынасын талап, қарлұқтардың көмегімен солтүстік Жетісуда жеңіске жетті. Баласағүн маңында гурхан Күшлік хан әскерін күйрете жеңді. Күшлік хан билігінің Жетісуда нығаюы оның сыртқы саясатта да табысқа жетуіне себепші болды.
Сыртқы саясатта ол Қашғарияны өзіне қаратуға, Хорезмшахтьгң жер дауына тойтарыс беруге бағыт ұстады. Күшлік хан егін орағы кезінде Жаркент, Хотан, Қашғар сияқты астықты аймақтарға 3-4 рет шабуыл жасап, осы аймақтардың ашаршыныққа ұшыраған халқын бағынуға мәжбүр етті. Хорезмшах Күшлік хан мен гурханның соғысы кезіңце-ақ олардың ісіне араласып, қарақытай жерінің бір бөлегін алғысы келді. Бірақ Жетісу мен Қашғарияда найман ханының билігі күшейген соң, қарсынасудан бас тартып, тіпті өз иелігінің бір бөлігін - Сырдарияның орта шені мен Ферғанадағы бекіністерін тастап кетті. Отырар және басқа қалалар арқылы өтетін сауда жолдары жабылды. Сонымен, Күшлік хан күйреген Қарақытай мемлекетінің Жетісу, Жаркент, Хотан, Ферғана аймақтарынан өз хандығын құрды. Алайда қанаудың күшеюі, алым-салықтың кебеюі, соғыс ауыртпалығы, мұсынмандарды қудалау халық наразылығын туғызды. Осы себептерден де солтүстік Қытайды жаулап алған соң Қазақстанға, Орта Азияға және т. б. елдерге жорық жасаған Шыңғысхан әскеріне қарсы тұра алмады.
Шыңғысхан өзінің ежелгі жауы Күшлік хан билік құрған, дамыған отырықшы - егін шаруашылығы, көркейген қала мәдениеті бар Жетісуға 1218 ж. Жебе ноян бастаған 20 мың қол жіберді. Жебе ноян қарсыласын женді. Күшлік хан өзінің Жетісудағы және Шығыс Түркістаңдағы иеліктерінен айрылып, Қашғарияға қашты. Феод, үздіксіз соғыстардан едәуір өлсіреген найман әскерлері бытырап кепі, ал монғолдар Сарықсада Күшлік ханды қуып жетіп өлтірді.
Күшліктің қарақытайлармен қарым-қатынасы және найман патшалары билігінің күйреуі
Рашид-ад-диннің «Жами-ат Тауарих» атты кітабынан тек Тараз тарихына тікелей қатысты бір тарауынан үзінді:
Күшліктің қаза болуы әрі моғолдар қолынан найман патшалары билігінің күйреуі
Күшлік (хан) Шыңғыс ханның қолынан кашып жүріп гурханды паналады. Ол (гурхан) ұлы патша болатын. Бүкіл Түркістан мен Мауароннаһр өлкесіне билік ететін қалың қолы болды, сән-салтанатпен туратын. Сұлтан Мұхаммед Хорәзм шахтың аталары оған жыл сайын отыз мың алтын динар беріп тұруды өз мойынына алған еді және өз ұрпақтарына да аталмыш міндеттемеге берік болуды тапсырып, әрі бұл үшін ешқашан дау-дамайға бармауларын өсиет еткенді. Өйткені, ол мықты жаулардың яғни моғол, найман, тағы басқа беделді түрік тайпалары алдында тұра алатын өте берік бөгет екеннін ескерген еді. Гүрхан оны (Күшлікті) қатты құрметтеп, оған барынша жақсылық жасады. Біраз уақыт өткен соң тіпті оған өз қызын ұзатты.
Сұлтан Мұхаммед Хорәзм шахтың істері оңға басып, Гүр, Ғәзне, Хорасан, Ирақ елдерін өзіне қаратып, Түркістанның бір бөлігін алған соң сән-салтанаты арта түсті. Содан кәпірлерге салық төлеуден бас тартып, гурханға келісілген төлемді тоқтатты. Жан-жақтан әскерлер жинақтап, Мауароннаһр өлкесін азат ету мақсатында Бұхараға жорық жасады. Содан
аймақтардағы әмірлерге хат жолдап, оларға тарту бере бастады. Сөйтіп, Афрасиаб ұрпағынан саналатын Самарқанд патшасы сұлтан Осман көп уақыттан бері гурханға ренжіп жүргендіктен Сұлтан Мұхаммедтің шақыруын қабыл алып, онымен одақтасты.
Жасырын түрде Күшлікке де хабар жолдап, оны жолдан тайдырды. Күшлік те гурханның әлсіреген ахуалын байқап жүрген еді. Өйткені оның (гурханның) ұлы әмірлері шығыс аймақтарында бас көтеріп, әлемді жаулаушы патша Шыңғыс ханды қолдайтын. Ол да (Күшлік) гүрханның көптеген әмірлерімен сырлас болғандықтан әкесі Таян ханның әмірлері және олардың бұрынғы қызметкері шет жақтарда жүріп қарсы екенін еститін. Сондықтан әкесінен қалған әскерлерін жинауға дәмеленіп, бұрынғы салт бойынша таққа отырамын деген үмітпен әрекет жасады. Свйтіп өзі топтастырған әскерлерімен қатар гурханға қарсы өз әскерлерін біріктіріп, гүрхан мемлекетін алмақ болды . . .
Сондай Пасық ойларымен ақкөңіл гурханмен екі жүзділік ойынға кірісті. Сөйтіп оған (гүрханға) былай деді: «Біршама уақыттан бері өз ұлысымнан қол үзгенмін. Шыңғыс хан болса Кытай уалаятында шайқасып жатыр. Әрі менің тайпаларым һәм әскерлерім Еміл, Қиялық және Бесбалық маңында сергелдең босып жүр деп естідім. Олар менің атағымды естісе, әр жерден жинала бастайды. Содан сіздердің жауларыңызға шабуыл жасайды. Егер рұқсат етсеңіз, барып, олардың басын қосайын. Одан әрі түрлі шайқастар мен оқиғаларда гурханға көмекші болайын. Және өле өлгенше шынайы ықыласпен әртүрлі қызметке дайын болып, бұйрықтарын орындайын».
Аңқау гүрхан оның сөздеріне сеніп, айтқандарына рұқсат берді. Күшлік одан (гүрханнан) бөлініп, өз қалауынша кетті. Оның атағы Түркістанда паш болған соң әкесінің Шыңғыс хан әскерлерінің қылышынан аман қалған руластары мен әскерлері оның айналасына жинала бастады. Содан ол (Күшлік) жан-жаққа жорық жасап, олжаға кенеліп жүрді, қосыны көбейді. Сосын гүрханды шабуыл нысанасына іліндірді. Оның қалалары мен аймақтарына шапқыншылық жасап тұрды. Гүрхан қартайып қалжыраған адам еді. Сол себептен қажетті дайындық жасай алмады.
Күшлік Султан Мухаммедтың (Хорәзм шахтың) гурханға қарай бет алғанын естіп, одан әрі құтыра түсті. Екі жақ елшілер арқылы уәделесіп, Сұлтан гурханға батыс бағытпен бет алып, Күшлік шығыс жағынан барып ортаға алуды ұйғарысты. Ал, Сұлтан үстемдік көрсете білсе, гурхан мемлекетін Алмалық, Хотән және Қашқарға дейін иеленетін болды. Керісінше, Күшлік басым түссе, аталмыш мемлекетті Фәнакәт өзеніне дейін алатын болды.
Осы келісімге орай екі жақ іске кірісті. Күшлік алдымен аттанды. Гурхан әскерлері алыс жерде болды. Сондықтан ол (Күшлік) тездетіп Баласағұн мекенінде гурханның үстінен түсті. Ол (гурхан) жақын маңдағы әскерлерімен-ақ Күшлікке қарсы шығып, шайқаста Күшлік күйрей жеңіліп, кайтып кетті. Әскерін қайта жинақтай бастады. Сұлтан Мұхаммед Хорәзм шах та сұлтан Османмен бірге Самарқаннан гурханға қарай бет алды. Тараз уалаятына жеткенде гүрханның қолбасшысы Таиангу ауыр қолмен оларды қарсы алды. Екі жақ шайқасқа кірісті. Таиангу Сұлтан Мұхаммедтің қолына түсті, әскері күйреді.
Күшлік гурханның әлсірегенін естіп, барлық күшін жұмсай отыра оған қарай жүріп кетті. Оның (гурханның) әскері шашырап жүргенде оны басып қалды. Гурхан шарасы қалмағандықтан онымен ымыраға келмек болды. Күшлік бұған келіспеді. Өйткені, атасынан қалған жерін қайтаруды көздеп отырған (гурханға) құрмет көрсеткен болып айламен Түркістан мемлекетін толықтай өзіне қаратты. Патшалық тақты алды. Гурхан екі жылдан кейін құсадан дүние салды. Сөйтіп қара қытайлардың үш ғасыр бес жыл бойы жинаған қазыналары, бақ-дәулет пен билік түгелдей Кушліктің қолына өтті . . . » (460-464 беттерден)
Моңғолдардың Орта Азияға шабуыл жасауына найман Күшлік ханның әрекеттері, сондай-ақ Хорезм шахы Сұлтан Мұхаммедке бағынышты Отырар қаласының ханы қаңлы Қайыр ханның Шыңғыс хан елшілерін екі қайтара қырып салуы сылтау болғандығы тарихтан белгілі. Сол XII ғасыр аяқталып, XIII ғасыр басталған шақта әлемдік тарих сахнасына шыққан ұлы жаулаушы Шыңғыс хан, қараі^ытайлар гурханы Чулуку, наиман ханы Күшлік, хорезм шахы Сұлтан Мұхаммед және жалайыр қарахандардың соңғы билеушісі - атақты Айша бибі аруға ғашық болатын Арыстан Мұхаммед хан тағдырлары Таразда түйісті.
Қарақытайлар, жоғарыда Рашид-ад-дин өз шығармасында атап көрсеткеніндей, бүкіл дерлік түркілерді сонау Атырауға дейін билегені, Бұхара мен Самарқанға дейін ықпалы еткендігі белгілі. Сол заманда ең атақты қолбасшы саналған Хорезм шахы Сұлтан Мұхаммедтің ата-бабалары да, өзі де қарақытайларға алым-салық төлеп тұрғандығы да осы кітапта айтылған. Қарақытайлар қазіргі біз қытай халқы деп жүрген қытай
емес, олар моңғол тәріздес, діні жөнінен буддашылар болып келген
отқа табынушылар еді. Қарақытайларды Хорезм шах
әскерлері, артынша моңғолдар қырып-жойғаннан кейін қалдықтары қазіргі қарақалпақ және қырғыз халықтарының құрамына қосылды. Қарақалпақтарда қарақытай аталатын тайпа қазір де бар. Ал, қырғыздар құрамындағы қарақытайлар Талас облысында тұрады. Бір естуімізше, әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматов сол қырғыз-қытай тайпасынан. Қазақстанда Балқаштан ары бұрынғы Жезқазған, қазіргі Қарағанды облысының жерінде Қытай атты теміржол стансасы бар. Жамбыл облысының малшылары осыдан он бес-жиырма жыл бұрын Сарыарқаға жаз жайлауға малды поезбен тасығанда сол Қытай стансасынан түсіретін.
«Жами-ат-Тауарих» атты кітаптың авторы Рашид-ад-дин сол
қарақытайлар гурханы Чулукуға жаны аши жазып, оның қызын алса . . . да туған қайын атасына опасыздық жасап, соңында өзінің де ақыры тақыр болған найман ханы Күшлік туралы жағымсыз пікірін білдіреді. Қарақытайлар гурханына жаны аши жазады. «Бұл найман тайпаларының патшалары беделді де айбынды еді. Өте жақсы қосыны болған. Олардың салт-дәстүрі моғолдар сияқты еді. Қадым заманда олардың патшалары Күшлік хан не Бұйрық хан болған. Күшлік ханның аты Күшті және айбарлы патша» деген ұғым береді екен. Күшліктің тағы бір қасиеті: жындарға да патшалық ететін, содан жындарды сауып, сүт алады екен. Одан қатық, айран және қымыз жасап ішетін. Кейін қариялар бұл іс күнә деп ұйғарғандықтан ондай ісін тоқтатқан. Ал, Бұйрық деген есім «Әмір беруші» деген ұғымды білдіреді» деп жазады Рашид-ад-дин. (126-6) .
Осы Күшлік хан әуелде өз ата-бабаларымыздың -наймандардың тәуелсіздігі үшін аянбай күрескенімен, мұсылман дінін қабылдаған түріктерге жаудай тигендігі, қырып-жойғандығы тағы мәлім. Өйткені,
Күшлік әуёлі христиандық несториан дінін ұстанса,
қарақытай гурханының қызына үйленгеннен кейін будда дінін
қабылдаған. Міне, сол қарақытай қайын атасынан Тараз қаласын
тартып алғаннан кейін наймандардың христиан дініндегі
жауынгерлері Тараз қаласында мұсылмандардың будда дініне
кешпегендерін шетінен қырғандығы басқа тарихи деректерден белгілі.
Ал, парсы-қытай деректері Тараз
қаласының
соңғы билеушісі осы Арыстан Мұхаммед хан қарақытайлардан, наймандардан, хорезмдіктерден бас сауғалап Қашқарға барғанда сонда - 1212, ал кейбір деректерге
қарағанда 1210 жылы өлтірілгендігі айтылады. Мұның өзі жұрт аузында ғашықтардың пірі саналатын Айша бибі қазасы сол бір тар жол, тайғақ кешу заманда болғанын да көрсетеді.
Сол қасіретті заманда өмір сүрген талай ата-бабаларымыздың,
аналарымыздың Тараз қаласында тоғысып, түйілген түйіндей тағдыры қылышпен кескендей біржолата шешілген заманы туралы қазіргі және кейінгі ұрпақ ұлы тарихшы Рашид-ад-диннің «Жами-ат-Тауарих» кітабын байыптап оқыса, жақсы біле алады. Ал, бұл кітапты қазақшаға түгел аудару - болашақтың ісі.
Жувейнидің 1260 жылы жазған «Жаһангушай» атты шығармасында да сол қиын-қыстау кезең кеңінен суреттеледі. Сол сияқты монғол деректеріне қарағанда, Хорезм шахтың (Сұлтан Мұхамедтің) әскерлегрі сан жағынан Шыңғыс ханның моңғолдарымен салыстырғанда асып түскендігі де белгілі. Өйткені, Мұхаммед шах бұрын өзінің ата-бабалары бағынышты болған Бағдат халифына қарсы күресте даусыз жеңіске жеткен соң мұсылмандар халифы Шыңғыс ханға одақтас болуды ұсынғандығы да тарихи деректерде жазылған. Өзін атақты Іскендір Зұлқарнайын сияқты жеңімпаз қолбасшы санаған Сұлтан Мұхаммед әсіресе өзінің әскери жағынан дарынды ұлы Жалаладдинді шет қақпайлауы салдарынан Шыңғыс ханның барлауға жіберген шағын әскерлерін жеңе алмай, талай рет шегінгендігі де бұл шахтың қолбасшылық дәрежесі қандай екендігін көрсетеді. Шыңғыс ханның 200 мыңға жететін әскерлері 1218 жылдан 1219 жылға қараған қыста Алтай тауынан асып, Балқаш арқылы Орта Азияға кектемде жеткендігі белгілі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz