Ермұхан Бекмаханұлы
1 Ермұхан Бекмаханұлы өмірі
2 Қазақ тарихының геродоты. Жәрдемші
3 «Кенесарыны зерттеуге Халел бағыт берген.ау... »
4 «Байшыл Бекмаханов» және 25 жыл...
5 «Үлгере алмай кетіп барам...»

Бекмаханұлы Ермұхан (1915.2.15, Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 1966.5.6, Алматы) — Ермұхан Бекмаханов 1915 жылы ақпанның 15 жұлдызында Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен. Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағарту комиссариатының басқарма бастығы болған. Сонымен қатар Алматының жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарған. 1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, ягни 1966 жылғы мамырдың алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды. Е.Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы Мәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған. Асыра сілтеу, бурмалау жөне күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың кейбіреулері оны Кенесары Қасымов бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дөріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты. Е.Бекмаханов еңбегіне байланысты пікірталастар 1947 жылдың екінші жартысында күшейе түсті. Ермахан Бекмаханов бірақ айтқанынан қайтпады. Халқы үшін жан аямай күрескен Кенесары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген, оның кітабын да, өзін де қызыл империя аямай жазалады. 1947- 1950 жылдарда Е.Бекмахановтың күйі өте ауыр болды, күн өткен сайын оған тиген моральдық соққының салмағы арта берді. 1951 жылы университеттеғі жұмысынан қуылып, партия қатарынан шығарылды.[1] Ол біраз уақыт Алматы облысы, Нарынқол ауданында мектепте тарих пәнінен сабақ берді, көп кешікпей Жамбыл облысы, Шу ауданындағы Новотроицк селосындағы мектепке мүғалім болып орналасты. Осы жерде 1952 жылы 5 қыркүйекте тұтқындалды. Екі айға жуық тергеу жүмыстары жүргізіліп, 1952 жылдың 3 қарашасында № 699 іс бойынша Е. Бекмахановты айыптау қортындысы дайын болды. Жоғарыдағы айыптау негізінде 1952 жылы 2 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е. Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, ГУЛАГ-тың алыстағы лагерінің біріне айдалды.
Ермұхан Бекмаханұлы
Уикипедия жобасынан
Мында өту: шарлау, іздеу
Бекмаханұлы Ермұхан
Дүниеге 1915 ж. ақпанның 15
келгені: (1915—02—15) (97 жас)
Павлодар облысы Баянауыл ауданы
Қайтыс 1966 ж. мамырдың 6
болғаны:
Ұлты: қазақ
Мансабы: ғалым, тарих ғылымдарының
докторы (1946), профессор
(1949), Қазақстан ҒА-ның
корреспонденттік-мүшесі (1962)
Бекмаханұлы Ермұхан (1915.2.15, Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 1966.5.6,
Алматы) — Ермұхан Бекмаханов 1915 жылы ақпанның 15 жұлдызында Павлодар
облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1937 жылы Ресейдің Воронеж
қаласындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық
ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен.
Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағарту комиссариатының басқарма
бастығы болған. Сонымен қатар Алматының жоғарғы оқу орындарында ұстаздық
қызмет атқарған. 1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан
құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми
жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, ягни
1966 жылғы мамырдың алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі
ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды. Е.Бекмахановтың ғылыми
мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең
қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы
1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген "XIX ғасырдың 20-40
жылдарындағы Қазақстан" атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы
Мәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған. Асыра
сілтеу, бурмалау жөне күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір
айтушылардың кейбіреулері оны Кенесары Қасымов бастаған қозғалыстың тарихын
ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны буржуазияшыл-ұлтшыл
идеологияны дөріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты. Е.Бекмаханов еңбегіне
байланысты пікірталастар 1947 жылдың екінші жартысында күшейе түсті.
Ермахан Бекмаханов бірақ айтқанынан қайтпады. Халқы үшін жан аямай күрескен
Кенесары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген, оның кітабын да, өзін де қызыл
империя аямай жазалады. 1947- 1950 жылдарда Е.Бекмахановтың күйі өте ауыр
болды, күн өткен сайын оған тиген моральдық соққының салмағы арта берді.
1951 жылы университеттеғі жұмысынан қуылып, партия қатарынан шығарылды.[1]
Ол біраз уақыт Алматы облысы, Нарынқол ауданында мектепте тарих пәнінен
сабақ берді, көп кешікпей Жамбыл облысы, Шу ауданындағы Новотроицк
селосындағы мектепке мүғалім болып орналасты. Осы жерде 1952 жылы 5
қыркүйекте тұтқындалды. Екі айға жуық тергеу жүмыстары жүргізіліп, 1952
жылдың 3 қарашасында № 699 іс бойынша Е. Бекмахановты айыптау қортындысы
дайын болды. Жоғарыдағы айыптау негізінде 1952 жылы 2 желтоқсан күні Қазақ
КСР Жоғарғы Сотының Қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е.
Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, ГУЛАГ-тың алыстағы
лагерінің біріне айдалды. Ол кісінің лагерьден тиісті органдарға жазған
көптеген арыздарының нәтижесінде, академик, қоғам қайраткері Анна
Михайловна Панкратова сияқты қайырымды адамдардың көмегінің арқасында Берия
атылғаннан кейін Е. Бекмахановтың ісі қайта қаралып, 1954 жылы 16 ақпанда
оның ісі жабылып, өзі ақталып шықты. ГУЛАГ-тың лагеріндегі адам төзгісіз
азапты күндерді басынан кешкеніне қарамастан, қайсар ғалым, артына халықтың
игілігіне айналған мол ғылыми мұраларын қалдырды. Өзі ұсталып кеткенге
дейін бастап қойған "Қазақстанның Ресейге қосылуы" атты еңбегін аяқтау
ісімен айналысты. Бұл еңбегі А.М.Панкратованың бага жетпес көмегінің
арқасында Мәскеудегі "Наука" баспасынан 30 баспа табақ көлемінде 1957 жылы
жарық көрді. Е.Бекмаханов өзінің жемісті еңбегіне сай ғылым мен қоғамдағы
орнын қайтадан алды. Оған университеттегі өзі ұйымдастырған кафедрасы
қайтарылып берілді. 1964 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының мүше-
корреспонденті болып сайланды. Өмірінің соңғы он жылында өнімді еңбек етіп,
терең мазмұнды ғылыми шығармалар жазды, орта мектептер үшін Қазақ КСР
тарихының оқулығын жазды. Бірнеше жас ғалымдарды даярлауда ат салысты.
Шәкірттері бүгінде Республика Ғылым академиясының мүшесі, ғылым докторы,
профессор дәрежелеріне жетіп, ұстаздарының ғылыми өмірін жалғастыруда.
Қазақстан төуелсіздік алғаннан кейін Е. Бекмахановтың басты еңбегі — "XIX
ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" ақталып, орыс жөне қазақ
тілдеріндегі нұсқалары "Қазақ университеті" (қазіргі "Санат") баспасынан
жарық көрді. Ермахан Бекмаханов жөнінде Халық қаһарманы, академик Шапық
Шөкин былайша еске алған: "Ұлтымыздың аса көрнекті тарихшысы Ермахан
Бекмаханов уақыт бедеріне бағынбаған, шыншыл ғалым болатын. Ол докторлығын
екі рет қорғады. Еңбегінің нашарлығынан емес, тыйым салынған Кенесары
тақырыбына жазылғандықтан. 1947 жылы Қазан төңкерісінің 30 жылдығына
байланысты Одақтық Академия бойынша үлкен салтанатты кеңес өтуі керек
болатын. КСРО ҒА-ның басшысы Вавилов Сәтбаевқа телефон соғып, Қазақстан
тарапынан баяндама жасайтын адамды айтуды сұрайды. Қаныш Бекмахановты
ұсынады. Жиналыста қағазсыз сөйлеген жас баяндамашыға ғалымдар таң-тамаша
болады".
Қазақ тарихының геродоты Жәрдемші
Танымал тарихшы Ермұхан Бекмахановтың тағдыры туралы
жары Халима апай әңгімелейді
Кеңес Одағындағы әміршіл-әкімшіл жүйе қырқыншы
жылдардың соңы мен елуінші жылдардың басында өзінің
шарықтау шегіне жетті. Елде Сталиннің жеке басына
табыну белең алды. Интеллигенцияға қатысты еркін ойды
қудалайтын саяси қуғын-сүргіннің үшінші кезеңі
басталды. Ахмет Жұбанов Қажым Жұмалиев, Бек Сүлейменов
т.б. зиялы қауым өкілдері де қуғын-сүргінге ұшырады.
Көрнекті ғалымдар Қаныш Сәтпаев, Мұхтар Әуезовтер
қудалауға ұшырап, Қазақстаннан кетіп қалуға мәжбүр
болды. Ленинград пен Мәскеуде "Ленинградтық іс",
"дәрігерлер ісі" "қолдан жасалып" жатқан кезде,
Қазақстанда "Бекмаханов ісі" пайда болды.
Танысуымызға сеп болған - кітапхана
Тарихшы Ермахан Бекмаханов (1915-1966) соғыс
жылдарында Алматыда болған белгілі тарихшылар
А.П.Кучкин, А.М.Панкратова, В.Д.Греков және т.б.
бірігіп 1943 жылы "Қазақ ССР" тарихын әзірлесе, ал
1947 жылы "Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында"
атты монография дайындаған еді. Оның Кенесары
Қасымұлының көтерілісіне қатысты көзқарасы ұлтшылдық
сипатта-саяси зиянды деп саналды. Сөйтіп, Е.Бекмаханов
1952 жылдың 4 желтоқсанда 25 жылға сотталды. Тек
Сталин қайтыс болғаннан кейін 1954 жылдың 16 ақпаны
күні Бекмахановқа КСРО ішкі істер министрлігі оның
үстінен қозғалған істің тоқтатылғанын мәлімдеп,
бостандыққа шығарады. Содан бастап 16 ақпанды
Бекмахановтар отбасы Ермұханның туған күні деп
тойлауды үрдіске айналдырды. Әрине, дәл осы айтулы
датаға орайластыра алмасақ та, біз тарихшы Ермұхан
Бекмахановтың жұбайы Халима Адамқызын арнайы іздеп
барып, әңгімелескен едік:
- Ерекең - тарихта үлкен із қалдырған тұлға. Небары
елу жыл ғана өмір сүрсе де, артына мол мұра тастап
үлгерді, - деп бастады әңгімесін Халима апа. - Ол кісі
Омбы, Орынбор, Мәскеу, Ташкент жеріндегі бай мұрағатта
күні-түні отырып тынбай ізденетін. Екеуміздің
танысуымызға сеп болған да сол кітапхана. Мен өзім
Ташкентте тұратынмын. 1946 жылы мен дипломдық
жұмысымды жазуға сондағы Науаи атындағы кітапханаға
барғанымда, Ерекең ғылыми ізденіспен сол жерде жүр
екен. Көрікті тұлғасына сай көп ізденетін жан екені
көрініп тұрды. Танысқаннан бастап тез тілтабысып
кеттік. Ол кісі менен ешқандай сыр жасырған жоқ,
бірден өзінің жары, үш баласы барын, бірақ жұбайымен
аралары онша жақсы емес екендігін айтты. Біз сегіз жыл
заңды тіркеуден өтпей бірге тұрдық. Себебі жұбайы
ажырасуға келісім бермеді. Тек Ерекең репрессияға
ұшырап, түрмеге жабылғанда барып, балаларына зияны
тиіп кетпесін деп, еріксіз келісімін берді. Сөйтіп
Ермұхан ақталып шыққаннан кейін, яғни 1954 жылы заңды
некеге отырдық. Мен Ерекеңнен он жас кіші
болғандықтан, ол кісіге қашанда арқа сүйедем, басымды
иіп бағындым. Талантты адамның қашанда мінезі ерекше
болады ғой. Ерекең де сондай қатал, шыншыл, ешқашан
өтірік сөйлемейтін, сондықтан өтірік сөйлейтіндерді де
ұнатпайтын кісі еді. Өз дегенін тура айтып, нақты
істейтін. Бірде-бір бастықтың алдында кезек күтіп
отырмайтын. Кіріп кетеді де, өзіне керегін айтатын.
Адамдар арасындағы сүйкімі керемет болатын да, бір
кісі оған қарсы келмейтін. Екеуміз бірге өмір сүрген
жиырма жылда мен де бірде-бір рет ол кісінің бетіне
қарсы келіп, сен деген емеспін. Үнемі сіз
дейтінмін. Оқуға берілген, кітапқұмар еді. Ленинградта
жүргенімізде үш-төрт сағаттап букинистік дүкендерді
аралап, тарихи кітаптап іздейтін. Сондай күндердің
бірінде Шоқан Уәлихановтың 1904 жылы шыққан кітабын
тауып алып, баладай қуанғаны есімде.
Өнерге жан-тәнімен ғашық еді. Үйіміз театрдың жанында
болды да, үнемі кешкісін аздап таза ауа жұтып
келейін деп кетеді де, содан бір-екі сағат өткеннен
соң бір-ақ оралады. Сол арада бір қойылымды көріп
үлгереді екен ғой. Біржан-Сара операсын сондай жақсы
көруші еді. Өзі де домбыра тартып, пианинода ойнайтыны
бар-ды. Мен егер ғалым болмағанда, әртіс болар едім
деп күлуші еді.
Кенесарыны зерттеуге Халел бағыт берген-ау...
Өмірбаяны 1915 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл
ауданында Жасыбай деген жерде кедей шаруа Бекмахан
Бегенұлының шаңырағында дүниеге келді деп келетін
Ермұхан Бекмахановтың Абылайханның ұрпағы екені
кейінгі кездері ғана ашық айтыла бастады. Әкесі
Ермұхан алты жасқа келгенде дүние салса, анасы Бәпіш
мен қарындасы ашаршылықта көз жұмып, денелерінің қайда
қалғаны да белгісіз қалыпты. Содан сүйеу болар ешкімі
жоқ Ермұхан оқу-білімге бас қойып, алдымен Баянауылда
жетіжылдық мектепті, одан кейін Семейдегі жоғары оқу
орнына даярлайтын бір жылдық курсты тәмамдайды. 1933
жылы Қазақ АКСР оқу-ағарту халық комиссариатының
жолдамасымен Воронеж қаласындағы мемлекеттік
педагогикалық институтқа қабылданып, 1937 жылы сондағы
тарих факультетін бітіреді. Осы оқу орнында оқып
жүргенінде Бекмахановтың қазақтың соңғы ханы
Кенесарыны зерттеуге кірісуіне түрткі боларлық бір
оқиға орын алады. Осы жөнінде ғалымның жұбайы Халима
апа былай деді:
- Воронежде жүргенімде үнемі бір қазақ кісіні
көретінмін, - дейтін Ерекең. Осы кісі шынында да
қазақ болса ғой шіркін дейтінмін. Шет жерде
қандасыңды ұшырату қандай керемет! Көпке дейін бата
алмай жүрдім де, бір күні ақыры жанына барып, аға,
сіз қазақсыз ба? деп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz