Оқу үрдісін жүргізуде MS Excel бағдарламасын қолданудың тиімділігі


оқу үрдісін жүргізуде ms excel бағдарламасын қолданудың тиімділігі

МАЗМҰНЫ

Кіріспе.

І. ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ КОМПЬЮТЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ

1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының білімін, біліктіліктерін, дағдыларын бақылауда компьютерді қолданудың маңызы

1. 2. Оқу үдерісін жүргізуде компьютерді пайдаланудың жолдары

ІІ. ОҚУ ҮРДІСІН ЖҮРГІЗУДЕ MS EXCEL БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

2. 1. MS Excel бағдарламасы жайлы мағлұмат

2. 2. MS Excel бағдарламасын оқу үдерісін жүргізуде қолданудың тиімділігі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі . 2004 жылғы жолдауда ел Президенті: « . . . реформалаудың нәтижелерінің бірі жаңа сатыдағы педагогтың өмірге келуі болуға тиіс» деп, ал 2005 жылғы жолдауында: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз.

Қазақстан жоғары оқу орындарының міндеті - әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру», - деген еді. Сонымен бірге 2004 жылы 12 қазанда білім беру қызметкерлерінің ІІІ съезінде елбасы мұғалім дайындау мәселесін қоғамдық қажеттілік деп атап көрсеткен еді. Осыған байланысты мұғалім дайындау мәселесі жан-жақты талдау, талқылау нысанына алынды [1; 2] .

Жалпы, қоғам өмірінде болып жатқан өзгерістер білім беру ісіне тәуелді болатыны белгілі. Сондықтан мемлекеттің басым бағыты ретінде, бәсекелестікке қабілеттікті қалыптастыратын басты құрал ретінде білім берудің орын алуы заңды. Қайта құру кезіндегі өзгерістер, тәуелсіздік алғаннан кейінгі өзгерістер мұғалім профессиограммасына да өзінің ықпалын тигізіп отырды. Қоғамның дамуымен бірге білім беруді ақпараттандыру мәселесінің өзектілігі артып отырғаны соңғы жылдары анық байқалады. Өркениеттің постиндустриалды кезеңіне ұйымдастыру, іс-әрекеттік және ақпараттық технологиялар маңызының арта түсуі тән.

Компьютерлік техниканы білім беру мен ғылыми-педагогикалық қызметте, педагогикалық болжалдау мен басқару жүйесінде тиімді қолдану. [5] .

Білім беруді ақпараттандыру мәселелері педагогикалық, психологиялық ғылыми зерттеулерде С. М. Кеңесбаев жоғары педагогикалық білім беруде болашақ мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана білуге даярлаудың педагогикалық негіздерін қарастырды [24] .

2005 жылы 18 тамызда жарияланған « Қазақстан Республикасындағы мұғалім даярлаудың үзіліссіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы» [1] және « Қазақстан Республикасында жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасының» [2] екі жобаның біріншісінде мұғалімге - рухани жетілген, шығармашылық қабілеті жоғары, өзіне сын көзбен қарай алатын, кәсіби дағдылары, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа ұмтылатын тұлға ретінде анықтама берілген. Мұғалім идеалы - білімнің құндылығын айқын түсінетін, «мәдениеті жоғары адам», өз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең меңгерген, жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс делінеді [1] .

Кәсіпқой мұғалім өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әрбір қатынасушының педагогикалық үрдістегі орнын білуі керек. Оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуға қабілетті болып, оның нәтижелерін алдын-ала болжалдап көре білуге тиіс, болуы мүмкін ауытқушылықтарды дер кезінде түзете алуы, яғни құзыретті тұлға болуы керектігіне назар аударылады.

Білім беру мекемелерінде мұғалімдердің ақпараттық технологияларды қолдану деңгейі төмен.

Білім берудегі мұғалім дәстүрлі оқыту формаларын ақпараттық-коммуникациялық, басқа да жаңашыл технологиялармен үйлестіріп жүргізе алуға қабілетті болуы керек деп есептейміз.

«Ведь учитель новой формации - специалист, владеющий системой средств и методов, необходимых для того, чтобы подготовить учащихся к жизни в обществе, где, можно сказать, «правит» информация. И одна из задач при подготовке учителя - научить его современным технологиям поиска, хранения и обработки информации. Такими технологиями должен владеть любой учитель-предметник» [29] .

Қазіргі білім беру жүйесіндегі педагогикалық мамандық түлектері мен бастауыш білім беретін мектеп қажеттілігі арасындағы үйлестіктің жеткіліксіз болуы, мұғалімдердің оқушыларды оқыту, тәрбиелеу үрдісінде компьютерді пайдалануда дайындығының төмен болуы сияқты мәселелерге байланысты зерттеу жұмысымның тақырыбын « ОҚУ ҮРДІСІН ЖҮРГІЗУДЕ MS EXCEL БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ » деп алуға негіз болды.

Зерттеу мақсаты : Оқу үрдісін жүргізуде MS Excel бағдарламасын қолданудың тиімділігін анықтау.

Зерттеу нысанасы : бастауыш сынып оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: Оқу үрдісін жүргізуде MS Excel бағдарламасын қолдану шарттары

З ерттеу міндеттері :

- «Жаңа тұрпатты мұғалім» ұғымының мәнін айқындау;

- мұғалім қалыптастырудың педагогикалық негіздерін теориялық тұрғыда анықтау;

- ақпараттық технологиялар негізінде мұғалім қалыптастырудың мүмкіндіктері мен жолдарын айқындау;

- мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттарын анықтау;

- тәжірибе-эксперименттік жұмыстар жүргізіп, тиімділігін бағалау, қажетті ұсыныстар дайындау.

Зерттеу көздері : Зерттеу әдістері : педагогикалық жоғары білім беру және білім беру мәселелері бойынша нормативті құжаттарды зерттеу, психологиялық- педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау, бақылау, мұғалімдермен, оқытушылармен және студенттермен әңгімелесу, олардың орындаған жұмыстарын талдау, сауалнама жүргізу, тестілеу, ақпараттық технологиялар саласында халықаралық зерттеулердің статистикалық мәліметтерін салыстыру, нобайлау, сынақ тәжірибесін талдау және жалпылау, математикалық статистика әдістері.

Зерттеу кезеңдері:

Бірінші кезеңде (1998 - 2001 ж. ж. ) - зерттеудің теориялық негізін анықтау, ақпараттық және компьютерлік технологияларға байланысты психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, теориялық тұрғыда талдау, зерттеудің ғылыми аппаратын анықтау жүзеге асырылды.

Екінші кезеңде (2002 - 2006 ж. ж. ) - оқу жоспарлары, бағдарламалары, педагогикалық, оқу-әдістемелік құралдар талданды, зерттелініп отырған проблема сұрақтары нақтыланды, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны негізделді, жоғары оқу орнындағы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының «Нормативті қазақ тілі», «Орфография және пунктуация» пәндері және «Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану» арнайы курсы бойынша жасалған бағдарламалар, электронды оқулықтар құрастырылды. Ұсынылып отырған ақпараттық технологиялар негізінде мұғалім қалыптастырудың педагогикалық шарттарының тиімділігін анықтау мақсатында тәжірибе-эксперименттік жұмыс жүргізілді.

Үшінші кезеңде (2007 - 2008 ж. ж. ) - тәжірибе-эксперименттік жұмыс нәтижелерін қорытындыланды.

Зерттеудің тәжірибе-эксперименталдық базасы ретінде М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты алынды. Экспериментке 488 білімгер қатысты.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі :

- «мұғалім» семантикасы айқындалып, анықтама берілді;

- мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды пайдалану көрсеткіштері, пән мұғаліміне тән ақпараттық құзырлылық деңгейлері айқындалды;

- мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттар жүйесі құрастырылып негізделді;

- ақпараттық технологияларды қолдануға оқытушылардың дайындығын қалыптастыруға қажетті әдістеме жасалды;

- студенттердің ақпараттық құзырлығын қалыптастыруға қажетті арнайы курстар мазмұны, әдістемелік ұсыныстар жасалды.

- мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияны қолдану әдістемесі белсенді, шығармашылық әрекетке негізделген педагогикалық технологиялар арқылы жүргізілетіні;

- мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігін арттыру үшін компьютерлік технологияларды пайдалану жолдарын оқытушыларға үйрету мақсатында арнайы семинар ұйымдастырылуы керек, пәндер электронды оқулықтармен қамтамасыз етіліп, сол арқылы аудиторияда да, аудиториядан тыс жұмыс кезінде де ақпараттық технологияларды қолдануға мүмкіндік жасалу қажеттігі;

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі зерттеу мәселесін талдаудағы әдіснамалық көзқарас, зерттеу пәні мен міндеттеріне сәйкес келетін кешенді әдістемені жүзеге асыру арқылы, сынақ-тәжірибелік жұмыстардың жақсы нәтиже беруімен қамтамасыз етілді.

«Мұғалімді қалыптастырудың теориялық негіздері» деп аталатын бірінші бөлімде «мұғалім» ұғымының семантикасы айқындалды, мемлекеттік білім беру стандарттарының мұғалімді қалыптастыру негізі екені көрсетілді, мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттар жүйесі жасалып, теориялық тұрғыда негізделді.


1 ЖАҢА ТҰРПАТТЫ МҰҒАЛІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 «Мұғалім» ұғымының мәні

Ақпараттық технологияға берілетін анықтамаларды қарастырмас бұрын «ақпарат» түсініктемелеріне назар аударайық.

Ақпарат - бұл ақпараттық процесс барысында түзілетін қозғалыстағы объект [47, 7] .

Сонымен қатар, ақпарат дегеніміз қоршаған орта құбылыстары мен нысандарының қасиеттері мен қалпы туралы мәліметтер. Ақпарат деп жалпы тұрғыда нақты деректер мен олардың арасындағы тәуелділіктер жиынын ұғынамыз. Сонда қоғам сол арқылы өзін-өзі танып, біртұтас жүйе ретінде қызмет атқара алады [48, 5] .

Жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру қоғам қажеттілігіне сәйкес жүргізілетіні белгілі. Қазақстан халқына жолдауында (2004 ж. ), білім беру саласы қызметкерлерінің ІІІ республикалық съезінде Н. Ә. Назарбаев қоғамымызда мұғалімге қажеттілік туындағанын айтқан еді. «Мұғалім» ұғымының мәні қандай? Оған қандай талаптар қойылады? Осы сұрақтарға педагогика теориясында анықтама берілді ме? Соған қысқаша тоқталып өтейік.

Сонымен мұғалім - ақпараттық технологияларды меңгеруі тиіс. « . . . жаңа дәуір педагогі - бұл пәндік білімнің жүйесін, ғылыми білімнің әр саласы бойынша білік пен дағдыны игеріп қана қоймай, сонымен бірге оқыту технологиясының жүйесін, оқушылардың оқу қызметінің біліктілік пен өмірлік дағдыларды игеруіне бағытталған құралдары мен әдістерін игерген маман» [53] .

Педагогтің ақпараттық процестерді қолдану іскерліктерін бес топқа бөлуімізге болады (кесте 1) . Осыған байланысты педагогикалық қызметтің әр түрі бойынша мұғалім іскерлігі конструктивті, зерттеу, ұйымдастыру және коммуникативтік аспектілерді қамтуы тиіс (кесте 2) .

Мұғалімді қалыптастырудың мазмұндық жағы өзара тығыз байланыстағы төрт құрамдастан тұратыны байқалады:

-теориялық білім (соның ішінде педагогикалық қызметті жүзеге асыру тәсілдері де),

- іскерлік пен дағдылар,

- шығармашылық қызмет тәжірибесі,

- педагогикалық қызмет пен мұғалім мамандығына деген эмоционалдық-еріктік қарым-қатынас тәжірибесі.

Кесте 1 - Ақпараттық процестерді қолдану іскерліктері

Ақпаратты алу
Ақпаратты өңдеу
Ақпаратты сақтау
Ақпаратты пайдалану

Ақпаратты

беру

Ақпаратты алу:

Ақпарат алу үшін әр түрлі дереккөздерді пайдалана білу іскерлігі;

әр түрлі деректерден ақпарат іріктеп, библиография-лық іздеу жүргізе білу іскерлігі; өнімді оқи білу іскерлігі; коммуникация-ның электронды құралдарын пайдалана білу іскерлігі

Ақпаратты өңдеу: Ақпараттағы басты ойды ажырата білу, жалпылау, жүйелеу іскерлігі; талдау, синтездеу, жүйелеу іскерлігі; логикалық байланыстарды таба білу, ақпаратты өңдеу үшін компьютерлік бағдарламалар пакетін қолдана білу іскерлігі
Ақпаратты сақтау: Ақпаратты дәстүрлі тәсілмен сақтай білу; ЭЕМ негізінде өз мәліметтер қорын құра білу; локальді және глобальді желі мәліметтер қорынан ақпарат ала білу іскерлігі
Ақпаратты пайдалану: Қойылған мақсатқа сәйкес ақпаратты іріктей білу; іріктелген ақпаратты бағалай білу іскерлігі; ақпаратты өңдей білу іскерлігі; алынған ақпаратты педагогикалық тапсырмалар-ды шешу үшін қолдана білу іскерлігі
Ақпараттыберу:

Ақпаратты

ауызекі сөйлеу

арқылы беру

іскерлігі;

ақпаратты

жазбаша түрде

беру іскерлігі;

ақпаратты

мимика, ым, пантомимика

арқылы беру

іскерлігі;

ақпаратты

компьютерлік технологиялар көмегімен беру

іскерлігі

Кесте 2 - Педагогикалық қызметтің әр түрі бойынша мұғалім іскерлігі

Конструктивті іскерлік
Зерттеу іскерлігі
Ұйымдастыру іскерлігі
Коммуникативтік іскерлік
Конструктивті іскерлік: Аналитикалық іскерліктер; болжалдау іскерлігі; жобалау іскерлігі; рефлексивті іскерлігі
Зерттеу іскерлігі: Эвристикалық іздеу іскерліктері, зерттеу әдістерін қолдану іскерлігі; өз тәжірибесі мен өзге мұғалімдер тәжірибесін талдау іскерліктері
Ұйымдастыру іскерлігі: Топтай білу іскерліктері; ақпараттық іскерліктері; дамыта білу іскерліктері; бағдарлай білу іскерліктері
Коммуникативтік іскерлік: Перцептивті іскерліктері; педагогикалық қарым-қатынас іскерліктері; педагогикалық техника іскерліктері

Ұйымдастыру жағын алып қарағанда, мұғалімнің қызметі, оқушы қызметі, педагогикалық білім мазмұны мен материалдық база өзара тығыз байланыста болып отырады.

Оқу үрдісін ұйымдастыру тұтастығына:

- жеке оқушының танымдық белсенділігін басқару,

- «мұғалім - оқулық - компьютер - оқушы» жүйесі ретінде оқу қызметін басқару,

- білім мазмұнын толықтыру, жетілдіруге ықпал етеді.

Сонымен, компьютерлік технологияларға теориялық талдау жасай отырып технологияларды бастапқы жүйелеуге, бағдарламалық жасақтамаларды классификациялауға, солардың негізінде педагогикалық ықпалдастық түріне ажыратуға мүмкіндік берді. Осыған сүйене отырып және техникалық, аппараттық, бағдарламалық деңгей мен мұғалімдерді КТ негізінде оқыту бағдарламаларына қарай студенттер мен оқытушылардың ақпараттық мәдениетін дамытуды үш нобай негізінде жүргізу керек:

1) компьютерлік технологиялар мен компьютерлік орта нысан ретінде;

2) компьютерлік технологиялар оқыту құралы ретінде;

3) компьютерлік технологиялар компьютерлік орта ретінде.

Ақпараттық технологияларды меңгерген мұғалімді дайындаудың жалпыпедагогикалық және пәндік құрамын ажыратуға болады. Жалпы педагогикалық құрамы жалпы оқу мен тәрбие процесінде ақпараттық технологияларды қолданудың жалпы бағыттары; пәндік құрамы оқу пәндерінің (қазақ тілі, тарих, математика, физика т. б. ) ерекшеліктерін көрсететін арнайы бағыттар [136; 130] .

Компьютердің адам әрекетінің құрал-сайманы ретінде қолданады. .

Мұғалім заман талабына сай өзінің еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра алуы, компьютерді теру тәсілдерін меңгеруі, кәсіптік қызметі аясында қолданылатын ақпаратты сақтай және өңдей алуы, техникалық құрастыру элементтері мен оқытудың жаңа ақпаратты техникасын білуі және техникалық құралдарды, есептеу техникасын мектептердегі оқыту процесінде пайдалана білуі керек.

6-схема. Мұғалім қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолдану нобайы


1. 3 Мұғалімнің ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттары

Мұғалім ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттарын анықтау педагогикалық заңдылықтар мен педагогикалық принциптерді талдаудан туындайды. Педагогикалық заңдылықтар, біріншіден, оқытудың қоғамның мұқтажына, қажеттілігіне және жағдайына байланысты, екіншіден, оқытудың, білім берудің және дамудың өзара байланысына; үшіншіден, оқу үрдісінің міндеттері, мазмұны, формалары және әдістерінің өзара байланысына қатысты болып келеді. Бұл заңдылықтар педагогикалық принциптерді ажыратуға негіз болады. Педагогикалық принциптер бірінен кейін екіншісі орындалатындай реттілікте немесе тізбектілікте жүзеге аспайды, ол бір кешенді түрде орындалады. Педагогикалық принциптердің мақсаттылық және ғылымилық, жүйелілік және бірізділік, саналылық пен белсенділік, педагогикалық үрдістің бағыттылық принципі, пәндердің өзара байланыс принципі деген түрлері белгілі. Принциптердің негізгісін немесе қосалқысын ажыратуға болмайды, дегенмен, олардың арасындағы пәнаралық байланыс принципіне басымдық беру арқылы біз алға қойған мақсатты шешудің тиімді жолын іздемекпіз.

Педагогикалық шарт оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруға бағытталады. Осы уақытқа дейін оқу-тәрбие процесі «мұғалім - оқулық - білім алушы» үшбұрышымен сипатталса, қазіргі білім парадигмасының өзгеруі «мұғалім - оқулық - компьютер - білім алушы» қатынастарының объектілі-субъектілі, субъектілі-объектілі байланысына негіз болуда. Өйткені, білім берудің көптеген мәселелері ақпараттық және коммуникациялық технологиялармен (мұғалімнің кәсіби деңгейін жоғарылату, жаңа білім беру технологияларын меңгеру, «өмір бойы білім алу» принципінің пайда болуы) тікелей байланысты болып отыр. Сондықтан қазір мұғалімдердің ақпараттық технологияларды білмеуі немесе үстірт деңгейде білуі шешімін неғұрлым жылдам табуға тиісті мәселенің бірі. Мұғалімдердің, оқытушылардың біліктілігін жоғарылату, сонымен бірге болашақ әрбір пән мұғалімін ақпараттық технологияларды пайдалануға дайындаудың мәні зор әрі шешімін қазір табуға тиіс. Мұғалімдерді білім берудегі ақпараттандыру процесіне тарту педагогикалық ұжым құзырлығына қойылатын талап секілді жылдам қарқынмен өсіп келе жатқан жоқ. Сонда да «қазіргі ақпараттық технологияларды оқу үрдісіне енгізу неге баяу жүруде», «мұғалімдердің ақпаратттық технологияларды өзінің кәсіби қызметінде қолдануы немесе пайдаланбауы немен байланысты», «оларға қандай мотивтер мен қажеттіліктер әсер етеді», «ақпараттық технологияларды қолдануға педагог мамандарды дайындаудың тиімділігін жоғарылату үшін қандай мәселелерді шешу керек» деген сияқты сұрақтар білім парадигмасының өзгеруіне байланысты заңды түрде туындап отыр.

Мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігі ретінде біз оның өз пәнін оқытуда жоғарырақ нәтижелерге жету үшін ақпараттық технологиялар көмегімен педагогикалық инновацияларды пайдалану қабілетін ұғынамыз. Ақпараттық құзыреттілік технологиялық ойлаудың жалпыланған іскерлігі арқылы көрініп, мұғалім бойында аналитикалық, болжау, жобалау мен рефлексивті іскерліктерінің болуын байқатады. Технологиялық ойлау дегеніміз - педагогикалық қызметте туындап отыратын мәселе негізін ажырата отырып, мультимедиалық технологиялар көмегімен оны шешудің тиімді жолдарын таба білу.

Педагог мамандарды қайта даярлау мен біліктілігін жоғарылату институттарының маңызын ұғына отырып, ондағы қысқа мерзімді курстарда алынатын білім тек үйретумен шектеліп, жұмыс орнына қайта келгенде ол білім жабық қазына секілді қалып қоюы мүмкін. Сондықтан мектептерде, басқа да білім беру мекемелерінде осы білімді үнемі толықтырып отыруға қажетті жағдайлар, атап айтқанда, үйретуден «білім беруге», өз бетінше білім алуға, ақпараттық технологияларды пайдалану қажеттілігін саналы да тұрақты ету керек. Бұл жүйе мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, педагогикалық қызметте ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану дағдысын қалыптастыруға бағытталып, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруге ықпал етуі керек. Мұндай көзқарас нәтижесінде компьютерлік технологияға негізделген сабақтарды өткізу әдістемесі, қажетті ғылыми-әдістемелік материалдарды құру, сонымен бірге педагогикалық процес, сабақ құрылымы, мотивтері өзгеріп, салдары ретінде мұғалімнің кәсіби сапалары молығады, артады. Оқытудың мұндай жүйесі сырттан танылмауы керек, ол мектептегі, жоғары оқу орнындағы жалпы әдістемелік жұмыс нәтижесі бола отырып, мұғалімнің кәсіби сұраныстарына сай келуі керек.

Педагогикалық технология терминінің анықтамаларын әр авторлар өз түсінігі тұрғысынан берді:

- Технология - қандай да бір істе, өнерде қолданылытын тәсілдер жиынтығы («Түсіндірме сөздік») [148] .

- Технология - қалыпты өзгерту, өңдеу әдістері, өнері, шеберлігі, іскерліктер жиынтығы (В. М. Шепель) .

- Педагогикалық технология - оқыту, тәрбиелеу құралдары түрлерін, әдістері, тәсілдерін үйлестіретін әрі анықтайтын арнайы жинақ, психологиялық- педагогикалық ұстанымдар жиынтығы; ол педагогикалық процестің құралы болып табылады (Б. Т. Лихачев) .

- Педагогикалық технология - оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы (В. П. Беспалько) .

- Педагогикалық технология - жоспарланған оқыту нәтижелеріне жету процесін сипаттау болып табылады (И. П. Волков) .

- Педагогикалық технология - барлық алдыңғы қатарлы авторлардың бүткіл анықтамаларының мағыналарының мағыналарын өзіне сыйдыратын мазмұндық мәнін жалпылау (Г. К. Селевко) .

Педагогикалық технологиялардың даму сатылары туралы жүргізілген тарихи-педагогикалық зерттеулерді талдай отырып, педагогикалық технология көптеген ғасырлар бойында ғылыми пікірсайыстардың тақырыбы болғанына көз жеткіземіз. Бір де бір атақты педагог бұл мәселені айналып өте алмады. «Әрбір мұғалімді педагогикалық құралдарды қолдануға үйретуге болады, әрі үйрету керек те, - деген еді Я. А. Коменский, - сонда ғана оның еңбегі жоғары нәтижелі болып, мұғалімнің орны күн астындағы ең артық орын болар еді» [148] .

«Мұғалім дегеніміз - пәндік салаға қатысты білім мазмұнын үздіксіз игеріп отыратын, ұйымдастыру, жобалау қабілетімен бірге жеке тұлғалық және кәсіби маңызды қасиеттер иесі болып табылатын, ақпараттық технологияларды меңгерген құзыретті тұлға» деп беруді ұсынамыз.

Мұғалім білім парадигмасының «өмір бойы білім алу», «мұғалім - оқулық - компьютер - білім алушы» болып өзгеруіне байланысты ең алдымен ақпараттық құзыреттілікке ие болуы тиіс деп есептейміз. Соңғы кездері профессиограммалардың өзгеруі, білім берудегі өзгерістер жаңа мұғалім нобайын қажетсінгендіктен, маман нобайын жасаудың кейбір жолдарына тоқталдық, оны білім беру стандарттарымен тығыз байланыста қарастыру керектігі көрсетілді.

Мектептерді компьютерлендіруге байланысты оқу тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда компьютерлік техниканы барлық ғылым саласы өз қажетіне қарай пайдалану мүмкіндіктері пайда болды. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда компьютерді қолдану, компьютерді техникалық оқу құралы ретінде, компьютерді көрнекі оқу құралы ретінде пайдалану, білім алушылардың алгоритмдік мәдениетін көтеру, компьютермен тілдесе алу дағдысын қалыптастыру, ақпараттық қоғамда компьютерде жұмыс істеудің озық дағдыларын қалыптастыру үшін оқу және сабақтан тыс уақытта компьютерді қолдану формаларын белсенді пайдалану қажеттігі анық. Оқыту процесінің тиімділігін арттыруда компьютердің қолдану аясын толығымен пайдалануға мүмкіндіктер уақыт өткен сайын көбеюде.

Сондықтан, жаңа педагогикалық ақпараттық технологияны бастауыш сыныпта барлық пәндерді оқытуда, ұлттық педагогика негіздеріне, белсенді педагогикалық технологияларға сүйене отырып, зерттеу, талдау және қолдану деңгейіне жеткізу өзекті болып табылады.

Компьютер көмегімен көрнекілікті арттыру.

Оқыту тиімділігін компьютер көмегімен арттыру.

«Мұғалім дегеніміз - пәндік салаға қатысты білім мазмұнын үздіксіз игеріп отыратын, ұйымдастыру, жобалау қабілетімен бірге жеке тұлғалық және кәсіби маңызды қасиеттері бар, ақпараттық технологияларды меңгерген құзыретті тұлға» деп беруді ұсынамыз.

Мұғалім білім парадигмасының «өмір бойы білім алу», «мұғалім - оқулық - компьютер - білім алушы» болып өзгеруіне байланысты ең алдымен ақпараттық құзыреттілікқа ие болуы тиіс деп есептейміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәтіндік ақпаратты өңдеу
ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ
Оқу бағдарламасын басқарудағы автоматтандырылған бағдарламаны қолдану
Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологиялардың рөлі мен орны
Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану
Информатиканы орта мектепте оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану
Компьютерде мәліметтер қоры бойынша тест сұрақтарының қорын құрып, тестілеу программасын жасау
ҚОЛДАНБАЛЫ ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАМАНЫҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz