«Педагогика» пәніне арналған практикалық (семинар) сабақтар жоспары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 112 бет
Таңдаулыға:   

Сапа менеджменті басқармасында 27 желтоқсан 2005ж

Бекітіліп, ЖН-СМЖ-013-2005

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасы

ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАР ЖОСПАРЫ

« Педагогика» пәніне арналған

Түркістан 2011

1 - сабақ.

Практикалық сабақтың тақырыбы: Педагогикалық шеберлік педагогикалық мадениеттің компоненті ретінде мәні мен мазмұны

  1. Сабақтың жоспары:Мұғалімнің кәсіби білімі-шеберлік негізі. Педагог мамандығындағы актерлік және режиссерлік шеберлік элементтеріПедагог мамандығындағы жеке шығармашылық қабілетті іске асыру.

2. Сабақ мақсаты: Студенттерге шеберлік, педагогикалық шеберлік, педагогикалық мәдениет ұғымдарын мәнін түсіндіру.

3. Қысқаша теориялық мәліметтер:

4. Бақылау сұрақтары:

5. Аудиториялық тапсырмаларды орындау тәртібі:

6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

7. Үй тапсырмасы:

8. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі: Негізгі

1. Әдістемелік жұмыстағы тиімді іс-әрекеттер. Шымкент-2010.

2. www. google. ru

1 - сабақ.

Практикалық сабақтың тақырыбы: Қазіргі мектептегі білім берудің мазмұны

1. Сабақтың жоспары:

2. Сабақ мақсаты:

3. Қысқаша теориялық мәліметтер:

4. Бақылау сұрақтары:

5. Аудиториялық тапсырмаларды орындау тәртібі:

6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

7. Үй тапсырмасы:

8. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі: Негізгі

1. Әдістемелік жұмыстағы тиімді іс-әрекеттер. Шымкент-2010.

2. www. google. ru

  1. Лекция тақырыбы:Қазіргі педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері
  2. Лекция жоспары:

1. Педагогика пәні оның негізгі ұғымдары

2. Педагогика пәнінің міндеттері

3. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы

1. Педагогика пәні оның негізгі ұғымдары

Адамның қоршаған ортаны түрлендіре отырып, өзін-өзі түрлендіреді деген қағиданың айрықша мәні бар. Бұл қағида жоғарыдағы тәрбие анықтамасының мәнін жоққа шығармайды, себебі қоршаған ортаны түрлендірудің барысын адамзаттың қолымен жасағанын, бәрін мағыналы ұғынусыз мүмкін емес.

Тәрбие мәңгілік болып табылады. Ол адамзат қоғамының пайда болуымен қатар жарық көрді және оның дамуының барлық кезеңдерінде өмір сүреді. Ата-аналар балаларға, ересектер кішілерге, тәжірибелілер тәжірибесі аздарға өз тәжірибесін береді. Бұл кезде тәрбиеленушілер іс-әрекетке, қарым-қатынасқа белсенді қатынасады, өз санасын өздері байытады. Іс-әрекет, еңбек, тәртіп, өздерін қоршағандармен қарым-қатынас, табиғатпен өзара әрекет нәтижесінде адамдар қоғамдық нақты өмір салтын қабылдайды.

Көп ғасырлар бойына тәрбие барысы адамзат тіршілігінің табиғи жайы ретінде жүріп, арнайы зерттелген жоқ. Кейін келе қоғамдық сананың түрлерін, әлем және ондағы адамның орны жөніндегі жалпы түсініктерді талдаған ғалым философтардың ойында тәрбие барысы тұрақты орын тепті.

Тәрбиеге ғылыми көзқарас Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Квинтилинан сияқты белгілі философтардың еңбектерінде қалыптасты.

Ежелгі Грецияда пайда болған педагогика деген атаудың қазақша мағынасы баланы жетектеу болып табылады. Кейінірек ақылшы ұстазды, баланы тәрбиелейтін және оқытатын адамды педагог деп атайды.

Педагогика көп заманға дейін философияның бөлігі болып келді, тек қана XVII ғасырда ол дербес ғылым лауазымына ие болды. Осыдан педагогика бүгінгі күнде де философиямен аса тығыз байланысқан. Себебі бұл екі ғылымның да шұғылданатыны адам, оның өмірі мен дамуын зерттеу.

Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты. Оның 1654 жылы Амстердамда жарық көрген «ұлы дидактика» атты еңбегі алғашқы ғылыми -педагогикалық кітаптардың бірегейі болды. Ондағы айтылған идеялардың көпшілігі осы күнге дейін өзінің көкейкестілігін және ғылыми маңызын жоғалтқан емес. Я. А. Коменский ұсынған табиғи сәйкестік принципі, сынып-сабақтық оқу жүйесі және басқа да оқу принциптері, әдістері, формалары педагогикалық теорияның алтын қорынан орын иеленді. Ағылшын философы және педагогы Джон Локк (1632-1704) өз қайрат-күшін тәрбие теориясына бағыштады. өзінің «Тәрбие жөніндегі ойлар» атты басты еңбегінде ол өзіне сенімді, ауқымды білімділігін іскерлікпен, берік наным-сенімдерін сұлу мәнерлікпен ұштастыра білген адам- джентельмен тәрбиелеуге арналған көзқарастарын жариялады.

Қазақ халқының да тәлім-тәрбиелік жүйесі ұланғайыр да мәуелі. Бұл салада халқымыздың тәлім-тәрбиелік алтын қорына елеулі үлес қосқан арыстарымыз Абай, Ы. Алтынсарин, С. Торайғырұлы және т. б. Олардың тәлім-тәрбиелік өсиеттері талай зерттеулерге арқау болған. Кемеңгер Ахмет Байтұрсынұлының өткен ғасыр басында -«Мектептің жаны мұғалім. мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы…Әуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен түзеледі»-деген ұлағатты ескертпесі бүгінгі қазақ мектебінің ұлттық білім стратегиясының тұғыры ретінде қабылдануда.

Педагогиканың тану саласы - қоғамның ерекше қызметі ретіндегі адам тәрбиесі. Көп жылдар бойына ұйымдастырылған тәрбиемен тек балалар қамтылды, сондықтан педагогиканы бала тәрбиесі туралы ғылым деп келді. Қазіргі кезеңде білім беру мен тәрбиелеу жүйесі барлық адамдарды қамтитын болғандықтан, педагогика адам дамуының жас кезеңдерінің барлығындағы оның тәрбиесі туралы ғылым болып табылады. Үдіксіз білім беру жүйесін құру және нығайту кезеңінде бұл тұжырым көкейкесті мәселе болып отыр.

Педагогиканы ғылым ретінде оқып үйренуде оның негізгі ұғымдарының мағынасын терең ұғынудың мәні зор. Педагогиканың негізгі ұғымдарының қатарына дамыту, білім беру, оқыту, тәрбиелеу жатады.

Адамды дамыту деп ішкі және сыртқы, басқарылатын және басқарылмайтын, әлеуметтік және табиғи факторлар ықпалымен оның тұлғасының бірте-бірте қалыптасуының барысын атаймыз. Адам тұлғасының психикалық, күш-қуаттық және жалпы дамуын бөліп қарау керек. Психикалық деп адам тұлғасының зиялылығының, көңіл-күй сезімдерінің, еркінің қажеттіктерін, қабілеттерінің дамуын түсінеміз. Күш-қуаттың дамуы дене мүшелерінің, бұлшық еттерінің, буын қимылдарының дамуы болып табылады. Жалпы дамуды психикалық, күш-қуаттық, құлықтық және адам тұлғасының басқа да сапаларының дамуы деп ұғынуымыз керек.

Білім беру - оқушылардың ғылыми білімдер, танымдық біліктер мен дағдылар жүйесін меңгеруінің, осылардың негізінде дүниеге көзқарасының, құлқының және адам тұлғасының басқа да сапаларының қалыптасуының, жасампаз күштері мен қабілеттерінің барысы және нәтижесі. Білім беруді жүзеге асырудағы жетекші күш - жүйелі оқыту.

Оқыту - адамның білім алуы жүзеге асырылатын, мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекетінің барысы.

Арнайы педагогикалық мағынада тәрбиелеу - қоғамда тұлғаның, оның қатынастарының, өзіне тән белгілерінің, сапаларының, көзқарастарының, сенімдерінің, тәртіп тәсілдерінің дамуы мақсатына бағытталған ықпал барысы және нәтижесі.

Кең мағынада тәрбиелеу - мақсатқа бағытталған оқытудың және тәрбиелеудің әсерімен адам тұлғасы дамуының барысы және нәтижесі. Тұлғаны қалыптастыру - орта, тұқым қуалау және тәрбиенің ықпалымен адам тұлғасының даму барысы және нәтижесі.

Жоғарыда келтірілген педагогиканың негізгі ұғымдарының анықтамаларынан олардың өзара өте терең байланыста екенін және іштей жанасқанын көреміз. Оларға сипаттама бергенде әрқайсысына тән басты қызметін көре біліп, сол арқылы екіншісін ажырату керек.

Педагогика ғылым ретінде бірқатар ғылыми салаларға бөлінеді. Олар: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, жалпы бастауыш білім беру, негізгі жалпы білім беру, жалпы орта білім беру педагогикасы, техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру, жоғары білім беру педагогикасы, үздіксіз білім беру педагогикасы, оқу пәндерінің әдістемесі. Осымен бірге педагогика ғылымы құрылымына көзі көрмейтін (тифлопедагогика), саңырау және нашар еститін (сурдопедагогика), ақыл-есі кеміс (олигрофенопедагогика) балаларды тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін арнайы педагогика саласы да енеді.

Педагогика салаларының жиынтығы педагогикалық ғылымның біртұтас жүйесін құрайды.

Педагогика өзінің дамуында философия, этика, социология, психология, мектеп гигиенасымен тығыз байланыста болады және олардың заңдылықтары мен нұсқамаларына сүйенеді.

Адамның қоршаған ортаны түрлендіре отырып, өзін-өзі түрлендіреді деген қағиданың айрықша мәні бар. Бұл қағида жоғарыдағы тәрбие анықтамасының мәнін жоққа шығармайды, себебі қоршаған ортаны түрлендірудің барысын адамзаттың қолымен жасағанын, бәрін мағыналы ұғынусыз мүмкін емес.

“Педагогика” курсының негізгі мақсаты болашақ мұғалімдерді бүгінгі педагогика ғылымының теориялық-әдіснамалық білімдерінің негіздерімен қаруландыру болып табылады. Сондай-ақ, қоғамдық-экономикалық жағдайлардың динамикалық өзгеру жағдайындағы оқушының жеке басын қалыптастыруда тұтас педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыра білу икемдігін қалыптастыру болып табылады.

2. Педагогика пәнінің міндеттері

Педагогика ғылымының міндеті - зерттеу жүргізу, ал мектептің, жоғары мектептің міндеті - оқушылар мен студенттерге тәрбие мен білім беру.

Педагогика ғылымының басты міндеті - білім, тәрбие беру мен сол жүйелердің заңдылықтарын ашу, анықтау, инновациялық процестердің теориялық, әдіснамалық негіздерін айқындау, жасап шығару және іс-тәжірибе мен зерттеу жұмыстарының байланыста болуын қадағалау. Педагогика ғылымы әркез оқытудың жетілген жаңа модельдерін жасай отыра, үнемі оларды зерттеумен айналысады, білім беру мен оқытудың, болашақтағы құрылымдарына болжам жасайды. Ғылым мен іс-тәжірибенің талабына сай туындайтын міндеттер өзінің әртүрлі мазмұнымен ерекшеленеді. Олардың көбісі болжамнан гөрі тез шешімін табуды талап етеді, Мысалы, электрондық оқулықтардың қорын жасау, педагогикалық мамандықтардың мемлекеттік білім стандарттарын жасау, мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға әсер ететін факторларды анықтау, оқушы-мұғалім арасында, қарым - қатынасында болатын әртүрлі педагогикалық жағдайларға талдау жасау және т. б.

Жалпы қорытындылай келе, педагогика ғылымының міндеттерін тұрақты және уақынша деп топтастыруға болады. Бұніың ішінде тұрақты міндеттерге мыналар пжатады:

  1. Білім, тәрбие беру, оқыту жүйесі мен сол жүйелерді басқарудың негізгі заңдылықтарын айқындау;
  2. Педагогикалық іс-әрекетті зерттеу, оқып, үйрену, жалпылау.
  3. Білім беру, тәрбие беру, оқыту, жүйелерінің жаңа әдіс-тәсіл, құралдарын ойластыру.
  4. Таяу уақыттағы және болашақтағы білім жүйесіне болжам жасау.
  5. Зерттеу жұмыстарының нәтижелерін іс-тәжірибеге енгізу.

3. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы

Адам жөніндегі ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың орны оны басқа ғылымдармен байланыстыра қарастырғанда ғана айқындалуы мүмкін. ¤зінің ұзаққа созылған тарихында педагогика көптеген ғылымдармен тығыз байланыста болып, өз дамуы мен кемелденуінде олардың әрқилы ықпал-әсеріне ұшырап отырды. Бұл ұштастықтардың кейбірі тарих тұңғиығынан жалғасып келе жатса, енді біреулері-кейінгі, жақын дәуірлерде пайда болды. Педагогиканың алғашқы байланыс түзген білім салалары-философия мен психология. Бұл ғылыми «одақ» қазіргі күнде де педагогикалық теория мен практиканың кең, өрістеп дамуының алғышарты.

Педагогиканың философиямен байланысы өте бір ұзақ та өнімді болды, себебі философиялық идеялардан педагогикалық тұжырымдар мен теориялар туындап отырды, педагогикалық тұжырымдар мен теориялар туындап отырды, педагогикалық ізденістердің бағыттары белгіленді, сонымен бірге педагогиканың әдіснамалық негізі осы философиялық көзқарастар негізінде қалыптасты. Философиялық бағыттар (экзистенциалды, прагматикалы, неопозитивистік, материалистік ж. т. б. ) жүйесін ұстануына орай педагогика зерттеушілерінің оқу-тәрбие саласындағы ғылыми-ізденіс жолы, білім беру процесінің мәні мен мағынасы, мақсаты мен технологиялық сипаттамасы айқындалады. Философия сонымен бірге педагогикалық болмыс пен нақты тәжірибені теориялық тұрғыдан түсінудің құралы ретінде қолданылып, жаңа педагогикалық тұжырымдамалар ретінде қолданылып, жаңа педагогкиалық тұжырымдамалар жасаудың бастау көзін береді.

Педагогканың ежелден келе жатқан дәстүрлі де аса бір құнды байланысы байланысы жантану (психология) ғылымымен орныққан. Адам табиғатына тән қасиеттерді білу, оның тума қасиеттері мен мүмкіндіктерін түсіну, тұлға дамуы мен оның жандүниелік қозғалыстарында байқалатын заңдылықтар және оларды басқарушы тетіктерді ескеру, сонымен бірге оқу мен тәрбиені, яғни білім беру жүйесін осы психикалық заңдылық, қасиет-сапа, қажеттіктер мен мүмкіндіктерге негіздей отырып құрастыру талаптарын елеулі ғұлама-педагогтардың бәрі де алға тартып отырған. Дегенмен, ескеретін жәйт: тұлғаның дамуы мен қалыптасуын бір жақты тек психологиялық шарттармен ғана түсіндіру шынайылыққа келмейді, себебі педагогтар мен балалар өмірі табиғи заңдылықтардан кейде басымдау түсетін әлеуметтік-педагогикалық жағдайларға тәуелді келеді, тіпті сол психологиялық дүние, болмыстың өзі де арнайы қоғамдық ықпал нәтижесінде өзгеріске келуі әбден мүмкін.

Пеадагогиканың басқа ғылымдармен байланысы адамды тұлға ретінде зерттеуімен ортақ келетін философия және психология аймағымен шектеліп қалмайды. Оның адамды тіршіліктегі сипатында танушы анатомия, физология, астрология және медицина ғылымдарымен де байланысы заңды құбылыс.

Адам дамуына ықпал жасаушы табиғи және әлеуметтік факторлар арақатынасынан туындайтын проблема-педагогика үшін өзекті мәселелердің бірі. Адамның жекеленген табиғи дамуын зерттеуші биологияда да бұл мәселе аса маңыздылығымен танылған.

Адамды табиғи жаратылыс туындысы және әлеуметтік болмыс жемісі ретінде қарастыра отырып педагогика антропология ғылымындағы адам туралы білімдердің бай қорын толық пайдаланады, осыдан олардың бәрін жалпыланған адам бойнда теориялық бірігімге келтірумен оның сан қырлы да көп сырлы болмысын тануға жол ашады.

Педагогиканың медицинамен байланысының нәтижесінде педагогикалық білімдердің арнайы саласы коррекциялық (реттеуші) педагогика пайда болды. Осыдан, өз дамуында тума немесе жасанды ауытқуы бар балаларға білім берудің тәсілдері анықталды. Педагогиканың бұл саласы медицина деректерін пайдалана отырып, бала деніндегі кемшіліктердің орнын толтыру мен оның қоғам өміріне толыққанды араласып кетуін жеңілдететін терапиялық құрал-жабдықтар жүйесін түзіп, қолданымға келтірді.

Сонымен бірге педагогиканың дами түсуі адамды қоғам мүшесі ретінде, оны әлеуметтік қатынас, байланыстар жүйесінде зерттеуші ғылымдарға да тәуелді келеді. Сондықтан да осы заман педагогикасының әлеуметтану, экономика, саясаттану және басқа әлеуметтік ғылым салаларымен тұрақты да ықпалды байланысқа түсуі кездейсоқ емес.

Педагогика және экономикалық ғылымдар арасындағы қатынастар өте күрделі, бірақ біртекті емес. Қай заманда да экономикалық саясат қоғам білімін қамтамасыз етудің қажетті шарты болған. Осы саладағы ғылыми зерттеулерді экономикалық қолдау педагогика дамуына үлкен ықпал жасаушы факторға айналып отыр. Осы ғылымдардың байланысынан «Білім экономикасы» деген арнайы педагогика саласы дүниеге келіп, білім беру аймағын реттестіруші экономикалық заңдылықтар ашылды, олардың қоғамды сауаттандыруға байланысты ерекшеліктері зерделенді.

Педагогиканың әлеуметтану ғылымымен байланысы ежелден келе жатқан, дәстүрлі. Себебі бұл екеуін де толғандыратын ортақ проблемалар: білімді жоспарлау; халықтың әртүрлі топтары мен әлеуметтік қатарының негізгі даму бағыттарын айыра тану; әрқилы әлеуметтік орта мен ұйымдардағы тұлғаның қоғамдық кемелденуі мен тәрбиесі заңдылықтарын ашу.

Қоғам мен мемлекеттегі білім саясатының қалыптасуы әрдайым үстемдік жүргізуші партиялар мен таптардың идеологиясы негізінде түсіндіріледі; бұл тұрғыдан педагогика мемлекеттік оқу-тәрбие құралы ретінде саясаттану ғылымының заңдылықтарына сүйене отырып, адамның саяси сана субъектісі ретінде қалыптасуының шарттары мен механизмдерін белгілейді, саяси идеялар мен талаптарды игеріп, орындау мүмкіндіктерін нақтылап, ашып отырады.

Педагогиканың басқа ғылымдармен байланыстарын талдауға сала отырып, оларды пайдаланудың келесі формалары анықталған:

- басқа ғылымдардың негізгі идеялары, теориялық болжамдары мен қорытындыларының педагогикада пайдалануы;

- бұл ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерін шығармашылықпен қабылдап, меншіктеу;

психология, жоғары жүйке қызметі физиологиясы, әлеуметтану және басқа да ғылымдар зерттеулерінің нақты нәтижелерін педагогикада қолдану;

- адамды жан-жақты және көптарапты зерттеуде педагогиканың қатысуы.

Сапа менеджменті басқармасында 27 желтоқсан 2005ж

Бекітіліп, ЖН-СМЖ-013-2005

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасы

ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАР ЖОСПАРЫ

« Педагогика» пәніне арналған

Түркістан 2011

1 - сабақ.

Практикалық сабақтың тақырыбы: Қазіргі мектептегі білім берудің мазмұны

1. Сабақтың жоспары:

Білім берудің мазмұны

Тақырыптың жоспары:
1. Білім беру мазмұны туралы ұғым.
2. Білім беру құрылымының бөліктері.
3. Білім беру түрлері.
4. Білімнің мазмұнын анықтайтын құжаттар.

  1. Өткен тақырып бойынша үйге берілген тапсырмаларды ауызша фронтальды сұрау және тест тапсырмасын орындау арқылы білімдерін бағалау.
  2. Үй тақырыбы бойынша студенттер дайындаған қосымша мәліметтермен танысу.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Жаңа тақырыпты пысықтау.
  5. Сабақты қорытындылап, бағалау.

2. Сабақ мақсаты:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогиканы оқытуды ұйымдастыру формалары
Сабаққа қолданылатын оқытудың әр түрлі формалары
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Сабақ-оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы
Пән бойынша бақылаудың негізгі формалары
Педагогиканы оқыту әдістемесі Оқу құралы
Оқытуды ұйымдастырудың нысандары
Дидактика. Жоғары оқу орындарының және педагогикалық колледждің студенттеріне арналған оқу құралы
Орта мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі-сабаққа қойылатын негізгі талаптарды теориялық негіздеу
Биология сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz