Мәдениет әлемінің ортасында адамзаттың орны



I . Кіріспе
Мәдениет әлемінің ортасында адамзаттың орны.

II . Негізгі бөлім.
1. Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы.
2. Мәдениет пен Өркениет.
3. XX ғасыр мәдениеті.
4. Гомер дәуірінің мәдениеті.
ІІІ . Қорытынды.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасындағы ең түбегейлісі - мәдени әрекет. Әрекеттену - жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзініңде мәдени деңгейін көтереді.
Қазіргі адамзат баласы мыңдаған халықтардың жүздеген мемлекеттеріне біріккен миллиардтаған саны бар жұртшылық. Бәріне ортақ не болуы мүмкін? Олардың бәріне ортақ нәрсе - мәдениет, адам баласының саналы іс-әрекетінің жемісі ретіндегі мәдениет,жасампаздық рухының көрінісі ретіндегі мәдениет. Бұл әлемде абсолютты бірдей екі адам болмайтындығы сияқты егіздей ұқсас екі мәдениет те болмайды. Алуан түрлі мәдениеттер арасында қандай қарым қатынас болуы мүмкін? Оларда өзара түсініктер бар ма?.. Осы сияқты көптеген сұрақтар мәдениеттанушының алдында міндетті түрде туады және толассыз туа береді де. Себебі мәдениетті адам өмірден мән мен мағына іздейді,жаңаны танысам деп талпынады.
Көптүрлі мәдениеттер, олардың өзіндік құндылығы, бірегейлі, бағалылығы және өз ара қарым-қатынасы, байланысы мәдениеттану негізінде жатыр. Сондықтан мәдениеттер сұхбаты (диалогы) мәдениеттанудың бастауында тұр десек артық айтпаған болар едік.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министірлігі Отырар университеті

РЕФАРАТ

Тақырыбы: Мәдениет әлемінің ортасында адамзаттың орны

Орындаған:_____________________
Қабылдаған:_____________________

Шымкент 2009 ж
ЖОСПАР

I - Кіріспе
Мәдениет әлемінің ортасында адамзаттың орны.

II - Негізгі бөлім.
1. Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы.
2. Мәдениет пен Өркениет.
3. XX ғасыр мәдениеті.
4. Гомер дәуірінің мәдениеті.

Ш - Қорытынды.

Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге
тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени
орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар.
Бұлардың арасындағы ең түбегейлісі - мәдени әрекет. Әрекеттену - жалпы адам
мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп,
әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған
мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді
толассыз жасау нәтижесінде адам өзініңде мәдени деңгейін көтереді.
Қазіргі адамзат баласы мыңдаған халықтардың жүздеген мемлекеттеріне
біріккен миллиардтаған саны бар жұртшылық. Бәріне ортақ не болуы мүмкін?
Олардың бәріне ортақ нәрсе - мәдениет, адам баласының саналы іс-әрекетінің
жемісі ретіндегі мәдениет,жасампаздық рухының көрінісі ретіндегі мәдениет.
Бұл әлемде абсолютты бірдей екі адам болмайтындығы сияқты егіздей ұқсас екі
мәдениет те болмайды. Алуан түрлі мәдениеттер арасында қандай қарым қатынас
болуы мүмкін? Оларда өзара түсініктер бар ма?.. Осы сияқты көптеген
сұрақтар мәдениеттанушының алдында міндетті түрде туады және толассыз туа
береді де. Себебі мәдениетті адам өмірден мән мен мағына іздейді,жаңаны
танысам деп талпынады.
Көптүрлі мәдениеттер, олардың өзіндік құндылығы, бірегейлі, бағалылығы және
өз ара қарым-қатынасы, байланысы мәдениеттану негізінде жатыр. Сондықтан
мәдениеттер сұхбаты (диалогы) мәдениеттанудың бастауында тұр десек артық
айтпаған болар едік.
Сұхбат адамның, мәдениеттің "өзіндік" шекарасынан шығу қажеттілігін
қамтамасыз етеді, өйткені адам да, мәдениет те өзіне өзі тепе-тең емес,
өзімен өзі ғана шектелмеген дүние. Адамның да, мәдениеттің де болу
мүмкіншілігі тек "шекаралық жағдайда" жүзеге асады. Адамның басқа адаммен,
мәдениеттің басқа мәдениетпен

МӘДЕНИЕТ ӘЛЕМІНІҢ ОРТАСЫНДА АДАМЗАТ ОРНЫ

Алдымен, - Мәдениет дегеніміз не? - деген сұраққа жауап берейік. Мәдениет
деген сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің
шығу тегіне тоқталу жөн. Қазақ тіліне бұл термин арабтың маданият - қала,
қалалық деген сөзінен енген. Бұл орта ғасылардағы мұсылман мәдениетінің
өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген
көптеген анықтамаларды альтернативтік деп атауға болады. Бұл жерде алдымен
көзге түсетіні – мәдениет пен табиғатты кулыура мен натураны қарсы
қоюшылық.
Еуропалық тілдерде мәдениет сөзі білім беру, даму, қабілеттілік,
құрметтеу сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде
мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:
а) мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен
шығармашылығының жиынтығы;
э) мәдениет - адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі
қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмикен мәдениеті,
қазақ мэдениеті ж.т.б.);
б) мәдениет - адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі
(сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті ж.т.б.);
в) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мэдениет ж.т.б.);

МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨРКЕНИЕТ

Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жағындағы бар кейбір
басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сипатта біздің
зердемізге бірінші түсетін ұғым - өркениет. Мэдениет пен өркениет бір-
бірімен байланысты ұғым. Өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі,
қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың
өркендеуі, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге
тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени
орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар.
Бұлардың арасындағы ең түбегейлісі - мәдени әрекет. Әрекеттену - жалпы адам
мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп,
әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған
мақсатқа сәйкес элеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді
толассыз жасау нәтижесінде адам өзініңде мәдени деңгейін көтереді.
Қазіргі адамзат баласы мыңдаған халықтардың жүздеген мемлекеттеріне
біріккен милмардтаған саны бар жұртшылық. Бәріне ортақ не болуы мүмкін?
Олардың бәріне ортақ нәрсе -мәдениет, адам баласының саналы іс-әрекетінің
жемісі ретіндегі мәдениет,жасампаздық рухының көрінісі ретіндегі мәдениет.
Бұл әлемде абсолютты бірдей екі адам болмайтындығы сияқты егіздей ұқсас екі
мәдениет те болмайды. Алуан түрлі мәдениеттер арасында қандай қарым қатынас
болуы мүмкін? Оларда өзара түсініктер бар ма?.. Осы сияқты көптеген
сұрақтар мәдениеттанушының алдында міндетті түрде туады жэне толассыз туа
береді де. Себебі мәдениетті адам өмірден мэн мен мағына іздейді,жаңаны
танысам деп талпынады.
Көптүрлі мәдениеттер, олардың өзіндік құндылығы, бірегейлі, бағалылығы және
өз ара қарым-қатынасы, байланысы мәдениеттану негізінде жатыр. Сондықтан
мәдениеттер сұхбаты (диалогы) мәдениеттанудың бастауында тұр десек артық
айтпаған болар едік.
Сұхбат адамның, мәдениеттің "өзіндік" шекарасынан шығу қажеттілігін
қамтамасыз етеді, өйткені адам да, мәдениет те өзіне өзі тепе-тең емес,
өзімен өзі ғана шектелмеген дүние. Адамның да,

мәдениетің де болу мүмкіншілігі тек "шекаралық жағдайда" жүзеге асады.
Адамның басқа адаммен, мәдениеттің басқа мәдениетпен сұхбаты, қарым-
қатьшасы негізінде ғана бұл әлемдегі бар құндылықтар дүниеге келеді. Әрбір
басқа адам, әрбір басқа мәдениет мен үшін ғана тепе-тең, пара-пар, сайма-
сай ғана емес, сонымен қатар, менің өзіндік болмысымның көкжиегін кеңейтуші
күш.
"Мәдениетті мәдениеттер сұхбаты ретінде түсіну қажет (бұл тавтология емес,
бұл - мәдениет анықтамасының спиралі) Мәдениетті жеке тұлғалар сұхбатының
бір түрі ретінде қарастыру керек. Адам санасы оның әлеуметтік болмысының
жемісі ретінде адамның бір-бірімен қарым-қатынас жасауының нәтижесінде
қалыптасты.Адамдық қарым-қатынас оны басқа қоршаған табиғи ортадан бөліп -
жарып, өзгешелеп алды. Тіпті физиологиялық тұрғыдан осы мәселеге көз
тастайтын болсақ, онда да сананың сұхбаттың табиғатына куә боламыз. Адам
миының жемісі болып табылатын сана - мидың қос жартышарларының диалогының
нәтижесі. Ал мидың қос жартышарларының ақпарат қабылдаудың, сараптаудың қос
тәсілінен, қос әдісінен тұратындығы белгілі. Яғни біртутас мидың өзінің
сананы тудыруы үшін екі қарама-қарсы бөлікке бөлінуі қажет болған. Сол
өзгешелікке негізделген қос бөліктің карым - катынасынан туындайтын сананың
өзі де о бастан ( іштей туа) сұхбатты. Саналы адамның болмысы да
диалогты, қоғамдаса өмір сүруі де сол бастапқы диалогтылықтан туындап жатса
керек. Мәдениет - сұхбаттық мүмкіншілігі ұлан - асыр ашық құндылықтар
жүйесі. Мәдениеттің болмыстық сұхбаттылығының негізінде мүмкін болған
мәдениеттер сұхбатын адамдар арасындағы диалог іспеттес қарастыруға болады
ма? Иа, өйткені мәдениет адамның белсенді іс - әрекетінің, еркін
шығармашылығының, оныңөзіндік ішкі мәндік қасиетінің көрінісі. Мәдениет -
адамның шығармашылығының нәтижесі болғандықтан да тікелей адам іс -
әрекетімен байланысып жатыр. Адам қолынан шыққан, адам санасының жемісі
болып табылатын барлық нәрселер сияқты мәдениет те өз бойына тұлғалық
бастаманы сыйғызады.
Мәдениет әрқашанда мэдениеттер шекарасында, олардың біруақыттылығында,
олардың сұхбатының арқасында өмір сүреді әрі дамиды. Әрбір мәдениет басқа
мәдениеттің сұранысының жауабы ретінде, сол бір басқа мәдениеттің
қажеттілігі ретінде туындайды. Мәдениеттің пешенесіне өзінің болмысынан
тыс басқа әлемде өмір сүру жазылған, диалог - мәдениеттің тағдыры. Әрбір
мәдениет екіжақты Янус іспеттес, ол қаншалықты өзінің ішкі әлеміне жіті көз
жіберіп қарайтын болса, соншалықты басқа әлемге, басқа мэдениетке де
бағышталған.

XX ҒАСЫР МӘ ДЕНИЕТІ

XX ғасыр мәдениеті көп келбетті, оның басты себебі
-мәдениеттердің ұлы тоғысуы, сұхбаттасуы және түтастануы.ХХІ ғасыр
біртектес адамдық мәдениеттің аймағына зор екпінмен еніп келеді.
Үстіміздегі ғасыр қиыншылығы мен қызығы көп, мәселесі мен мардымды
жетістігі мол ғасыр болды. Ғасырдың алғашқы жартысында басынан өткізген екі
дүниежүзілік қантөгіс соғыс, одан кейінгі екі әлемдік жүйелердің арасындағы
ұзаққа созылған қауіпті де қатерлі қырғи қабақ, текетірестік адамзаттың
үрейін ұшырып, апокалипсистік, эсхатологиялық көңіл - күйлердің
қалыптасуына ықпал етті. Ұлы дағдарысқа кез болған адамзат рухы
парасаттылық пен ізгілік, өзара құрмет пен диалог арқылы тоқырауға,
қантөгіске жол бермеу әдісін тапты.Соның нәтижесіңде
XXI ғасыр қарсаңында дүние жаңа қатынастар қалыптастырудың атымен жаңа
күрделі кезеңіне көшті. Дүниені тек текетірестік тұрғыдан: Батыс - Шығыс,
Күнгей - Теріскей, ұлы мемлекеттер -үшінші дүние, ядролық клуб - былайғы
элем деп қарастыратын қағидадан бас тартатын уақыт әлдеқашан болды. XX
ғасырдың екінші жартысынан бастап мәдени - әлеуметтік өмірде өзінің нақты
орнын таба білген мәдениеттер сұхбаты идеясы - қазіргі заманның көкейтесті
тақырыбына айналып отыр. Ешқандай мәдениет жеке -дара емес. Ол әрқашанда
басқа мәдениеттермен байланыса отырып тіршілік етеді әрі соның нәтижесінде
жетістіктерге жетеді.Осы орайда Э.Гуссерльдің Философия және эуропалық
адамзаттың дағдарысындағы мынандай жолдары еске түседі: Мәдениеттің
мазмұны адамзат өмір сүруінің бірлескен тәжірибесімен
анықталады. Расында, расында мәдениет дегеніміз - адамның адаммен
қатарласа өмір сүру мүмкіншілігінің табиғи тәсілі.
Мәдениет шынайы адамдық құбылыс, адам бар да мәдениет бар. Адам о баста өз-
өзімен ғана шектеле алмайды, қашанда өзінің нақты болмысынан тысқарыға
ұмтылады. Бұл тәсілдемелік қағида мәдениет құбылысының мәнін ашуға
көмектеседі. Ал мәдениеттің мәні оның болмыстық сұхбаттылығында,
әмбебаптылығында.
Мәдениет жеке адам ретінде тұлғаландырылғанда, ал мәдениеттер қарым -
қатынасы ретінде қарастырылғанда ғана мәдениет шынайы мәдениет болып
есептеледі.

Адамдардың ғана емес, сонымен қатар халықтардың да тарихи жады таңдаудан
тұрады. Керек дегенді еске сақтап, қаламаганын, ұятсынғанын ұмытуға
тырысады. Сондықтан болар қазіргі еуропалық халықтар мұсылмандарды
өздерінің алғашқы тарихи ұстаздары ретінде қарастырғысы келмейтіндігі.
Еуропоцентризм деп тек қана грек - римдік және оның мұрагері батыс
еуропалық мәдениетті ғана адамзаттың жалпыға ортақ әмбебап жолы деп танитын
көзқарастар жиынтығын айтамыз. Нәтижесінде, Батыстан Шығысқа мәдени ықпал
ету аймағы жылжыды делінеді де Шығыстың Батысқа тигізген әсері туралы тым
үстірт айтылады.
Мәдени даму ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі әлемінің алтын бесігі
Шыңғыс Айтматов
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Түркі әлемінің Ұлы Жібек жолы
Ресей философиясы ежелден бүгінгіге дейін
Қазіргі заманғы қазақтың ұлттық мәдениетінің даму бағыттары және болашағы
Жаһандану. Глобалдық мәселелер философиясы
Қазақ тарихы ─ түркілердің көшпелі өркениетінің құрамдас бөлігі
«Қоғамдық білім негіздері»
Исламды түркі өркениетінің қабылдауы
Пәндер