Философия тарихында болмыс категориясы.Болмыс және бейболмыс



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Болмыс түсінігі
2.2. «Материя»категориясы.Әлемнің философиялық моделдері.
2.3. Қозғалыс және қозғалыс формалары
2.4. Кеңістік пен уақыт
3. Қорытынды.
2.1. Болмыс – тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.
“Болмыс” ұғымы- қоршаған әлемдi философиялық тұрғыдан танып бiлуде ең ежелгi, негiзгi және ең маңызды категориялардың бiрi. Болмыс түсiнiгiнiң арғы түбiрiнде “болу”, “бар болу” деген мағынаның жатқаның аңғартуға болады. Бұл түсiнiк адамның айнала қоршаған ортаны бiртұтас (онда адам да, заттар, процесстер мен құбылыстар да өз орының табады) әлем есебiнде танып-бiлуге ұмтылуынан туындаған.
Болмыс туралы ой толғау- дүние “бүгiн бар”,”осында бар”,”осылай бар” деген қарапайым түйiндермен шектелмейдi. Себебi дәл осы арада дүниенiң “өткенi мен ертеңi қандай”,”осында бар болса, басқа жерде де, барлық жерде бар емес пе?” деген сұрақтар заңды түрде туындайды. Бұл сұраққа бiр философтар дүние өткiншi емес, әрқашан болған,бола бередi деп тұжырымдайды. Екiншiлерi- дүние бар және бола бередi, бiрақ қеңiстiкте де, уақытта да бастамасы мен ақыры бар деп көрсетуге тырысты. Осындай ой-толғамдар дүниенiң өмiр сүрүiнiң тұрақтылығы мен өткiншiлiгi туралы пiкiрлердiн өзара қарама-қайшы болуына әкелдi: 1) Парменид (б.з.б.6-5, Элей мектебiнiң негiзiн қалаушы, дүниенiң түпнегiзi от және жер деп есептедi, ең бiрiншi болып болмыс пен сана арақатынасын талқылады, екеуiн пара-пар деп түсiндi, “Табиғат туралы”) болмыс пен бейболмысты қарсы қойды. Болмыс-бар болу, өмiр сүру, одан басқа ештене жоқ. Ол бiртұтас, тұрақты, қозғалмайды, шексiз, мәңгi. Ал,жоқ болу-болмыссыздық, ол нақты емес, иллюзиялы, сондықтан да оны айтып-түсiнуге де, тануға да болмайды. 2) Парменидтiн замандасы Гераклид (Эфес қаласының тұрғыны, стихиалық материалист, диалектиканың негiзiн қалаушы, бәрiнiн бастамасы от дедi, оның бәрі қажеттiлiктен туады “дүниежүзiлiк логос” деп атады, “күрестi” барлық қарама-қарсылықтардың атасы,”Табиғат туралы”-фрагменттер)- керiсiнше, болмыстың басты белгiсi оның қозғалыста және үздiксiз дамуда болуы дедi. “Бiр өзенге екi рет кiруге болмайды”, “Бәрi де өзгередi, бәрi де ағады” деп үйреттi. Бiрақ екеуiде, болмысты мән мен байланыстырады, оны заттардың басты өмiр сүруi, нақты әлемнiң бар болу жағдайы деп түсiндi. Мұны, “заттық” онтология деп айтуға болады.
3) Платонда (б.з.б.427-347) болмыс дегенiмiз- мәндiлiк өмiр сүретiн, өзгермейтiн сана тектес рухани идеялар дүниесi. Идеялар- заттар мен құбылыстардың түп негiзi, оларды өмiрге келтiрушi, олар мәнгi, объективтi, материалды емес, кеңiстiк пен уақытқа тәуелсiз. Идеялар сезiмдiк тәжiрибе арқылы танылмайды, тек ақыл-ой арқылы танылады. Әр сезiмдiк заттың мақсаты- идея, әр зат сол идеяның қалпы, моделi. Ал заттар өткiншi, пайда болады, тозады, өледi, яғни шынайы болмыс емес, бар болғаны идеялар дүниесiнiң күңгүрт бейнесi.
4) Жаңа заман философиясында болмыс категориясың “субстанция” категориясымен теңестiрген, болмыстың бiртектiлiгiн бiлдiретiн, жойылмайтын, өзгермейтiн субстрат, болмыстың негiзi. Бiр философтарда ол-материалды, екiншiлерiнде-идеалды, ал үшiншiлерiнде- материалды да, идеалды да. Мысалы, Д.Беркли (1685-1753, ағылшын философы, субъективтi идеализм өкiлi, Ирландияның бiр қаласында епмскоп болған, дiндi дәйектеп, материализмдi терiстеуге тырысты, тек рухани болмысты мойындап, универсалилердiң реалды өмiр сүредi деген және абстракциялық ұғымдар идеясына қарсы шықты) бәрiнiнiң негiзi- рухани субстанция дедi, рух- бәрi оған тәуелдi, онда бәрi де өмiр сүредi, қозғала алса қозғалады. Барлық табиғи құбылыстардың түп негiзi. Ал, материя мүлдем жоқ, өйткенi оны адам сезе алмайды.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Кафедра:___________________________ ____________________

Реферат
Тақырыбы: Философия тарихында болмыс категориясы.Болмыс және бейболмыс .

Қабылдаған: Манапбаев Н.
Орындаған:Ерубайқызы А.
Тобы:ПА--206К

2016-2017 оқу жылы
Жоспары:

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Болмыс түсінігі
2.2. Материякатегориясы.Әлемнің философиялық моделдері.
2.3. Қозғалыс және қозғалыс формалары
2.4. Кеңістік пен уақыт
3. Қорытынды.

2.1. Болмыс - тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.
"Болмыс" ұғымы- қоршаған әлемдi философиялық тұрғыдан танып бiлуде ең ежелгi, негiзгi және ең маңызды категориялардың бiрi. Болмыс түсiнiгiнiң арғы түбiрiнде "болу", "бар болу" деген мағынаның жатқаның аңғартуға болады. Бұл түсiнiк адамның айнала қоршаған ортаны бiртұтас (онда адам да, заттар, процесстер мен құбылыстар да өз орының табады) әлем есебiнде танып-бiлуге ұмтылуынан туындаған.
Болмыс туралы ой толғау- дүние "бүгiн бар","осында бар","осылай бар" деген қарапайым түйiндермен шектелмейдi. Себебi дәл осы арада дүниенiң "өткенi мен ертеңi қандай","осында бар болса, басқа жерде де, барлық жерде бар емес пе?" деген сұрақтар заңды түрде туындайды. Бұл сұраққа бiр философтар дүние өткiншi емес, әрқашан болған,бола бередi деп тұжырымдайды. Екiншiлерi- дүние бар және бола бередi, бiрақ қеңiстiкте де, уақытта да бастамасы мен ақыры бар деп көрсетуге тырысты. Осындай ой-толғамдар дүниенiң өмiр сүрүiнiң тұрақтылығы мен өткiншiлiгi туралы пiкiрлердiн өзара қарама-қайшы болуына әкелдi: 1) Парменид (б.з.б.6-5, Элей мектебiнiң негiзiн қалаушы, дүниенiң түпнегiзi от және жер деп есептедi, ең бiрiншi болып болмыс пен сана арақатынасын талқылады, екеуiн пара-пар деп түсiндi, "Табиғат туралы") болмыс пен бейболмысты қарсы қойды. Болмыс-бар болу, өмiр сүру, одан басқа ештене жоқ. Ол бiртұтас, тұрақты, қозғалмайды, шексiз, мәңгi. Ал,жоқ болу-болмыссыздық, ол нақты емес, иллюзиялы, сондықтан да оны айтып-түсiнуге де, тануға да болмайды. 2) Парменидтiн замандасы Гераклид (Эфес қаласының тұрғыны, стихиалық материалист, диалектиканың негiзiн қалаушы, бәрiнiн бастамасы от дедi, оның бәрі қажеттiлiктен туады "дүниежүзiлiк логос" деп атады, "күрестi" барлық қарама-қарсылықтардың атасы,"Табиғат туралы"-фрагменттер)- керiсiнше, болмыстың басты белгiсi оның қозғалыста және үздiксiз дамуда болуы дедi. "Бiр өзенге екi рет кiруге болмайды", "Бәрi де өзгередi, бәрi де ағады" деп үйреттi. Бiрақ екеуiде, болмысты мән мен байланыстырады, оны заттардың басты өмiр сүруi, нақты әлемнiң бар болу жағдайы деп түсiндi. Мұны, "заттық" онтология деп айтуға болады.
3) Платонда (б.з.б.427-347) болмыс дегенiмiз- мәндiлiк өмiр сүретiн, өзгермейтiн сана тектес рухани идеялар дүниесi. Идеялар- заттар мен құбылыстардың түп негiзi, оларды өмiрге келтiрушi, олар мәнгi, объективтi, материалды емес, кеңiстiк пен уақытқа тәуелсiз. Идеялар сезiмдiк тәжiрибе арқылы танылмайды, тек ақыл-ой арқылы танылады. Әр сезiмдiк заттың мақсаты- идея, әр зат сол идеяның қалпы, моделi. Ал заттар өткiншi, пайда болады, тозады, өледi, яғни шынайы болмыс емес, бар болғаны идеялар дүниесiнiң күңгүрт бейнесi.
4) Жаңа заман философиясында болмыс категориясың "субстанция" категориясымен теңестiрген, болмыстың бiртектiлiгiн бiлдiретiн, жойылмайтын, өзгермейтiн субстрат, болмыстың негiзi. Бiр философтарда ол-материалды, екiншiлерiнде-идеалды, ал үшiншiлерiнде- материалды да, идеалды да. Мысалы, Д.Беркли (1685-1753, ағылшын философы, субъективтi идеализм өкiлi, Ирландияның бiр қаласында епмскоп болған, дiндi дәйектеп, материализмдi терiстеуге тырысты, тек рухани болмысты мойындап, универсалилердiң реалды өмiр сүредi деген және абстракциялық ұғымдар идеясына қарсы шықты) бәрiнiнiң негiзi- рухани субстанция дедi, рух- бәрi оған тәуелдi, онда бәрi де өмiр сүредi, қозғала алса қозғалады. Барлық табиғи құбылыстардың түп негiзi. Ал, материя мүлдем жоқ, өйткенi оны адам сезе алмайды.
Ал, Спинозашы (1632-1677, Нидерланд философы, Амстердамда туып өскен, математика мен жаратылыстану ғылымдарына қызығушылық танытты, геометриялық тәсiлге сүйенiп әлемнiң жалпы бiртұтас, ядросы табиғат пен құдайдың үлесiмдiлiгi болып табылатын, картинасын қалыптастыруға тырысты; бiлiмнiң үш түрiн- пiкiр,түсiнiк және интелектуалды интуиция деп, субстанцияның атрибуттары мен модустар туралы теорияны жасады; әлеуметтiк философияда еркiндiктi саналы қажеттiлiк ретiнде және қоғамдық келiсiмдi жақтады. "Этика", "Дiншiл-саяси трактат") нақты бар дүниенiң негiзi жалғыз ғана, тәуелсiз, өз алдына және өзi өзiнде өмiр сүретiн материалды субстанцияны мойындады. Сонымен, қатар Спиноза субстанцияны құдаймен үйлестiредi, бұл- өзiн өзi тудыратың тотальды табиғат.
5) Қазіргі заман философиясында болмыс категориясы әр түрлi талқыланады. Феноменология (Гуссерль) болмыс- сана арқылы танылатын заттар болмысы, мәннiң идеалды болмысы. Герменевтика да болмыс- бұл интерпритация, әр түрлi талдау, өйткенi болмыс адамға тек болмысты түсiнуде ғана танылады. Экзистенциализм де, болмыс- адамның өзi, оның дүниедегi болмысын қайымдау, адамға тiкелей тiршiлiк ету ретiнде берiлген.
Болмыс мәселесiн әр түрлi талқылау, болмыс ұғымының кеңдiгiнен және абстрактiлiгiнен туады. Шынында да, болмыс категориясы адамның және оны қоршаған әлемнiң ең маңызды қасиеттерiн бейнелейдi.Болмыс сөзiнiң әр түрлi мағынасын аңғартуға болады: а)болмыс- адамның санасынан тәуелсiз, тысқары өмiр сүретiн объективтi, материалдық дүниенi бiлдiредi; в) болмыс-бардың бәрiн, өмiр сүретiннiң барлығын-материалдық дүниемен қоса рухани дүниенi де қамтиды; с) болмыс- бар болуды, өмiр сүрудi айқындап белгiлейтiн, реалды дүниенiң барлық түрлерiн қамтитын кең ауқымды философиялық ұғым.
Оның негiзгi белгiлерi: 1) мәңгi-әлем болды, бар және бола бередi; ол өзi өзiн қайта тудырып отырады; 2) шексiз- әлемнiң шетi де, шегi де жоқ; 3) бiртұтас- әлемнiң бiртұтастығы оның формаларының көп түрлiгiнде, бiрақ олар жеке-жеке емес, өзара байланыста, белгiлi бiр бiрлiкте, тұтас дүние құрамында екендiгiнде; 4) дүниеде бәрi тең өмiр сүредi- табиғат, қоғам, адам, ойлар, идеялар, олардың бәрiне ортақ нәрсе-олардың "бар" екендiгi, өмiр сүрiп отырғандығы, өмiр сүру түрлерi әр қилы болғаны мен олар бар болуы арқылы шексiз де тұрақты дүниенiң тұтас бiрлiгiн құрайды; 5) өзгермелiгi- дүниеде бар болатының бәрi үнемi үздiксiз қозғалыста, өзгерiсте болуы; 6) объективтiлiгi- айнала қоршаған әлем адам санасына тәуелсiз бола тұрып, бұл дүниенiң өмiр сүруiнiң iштей логикасы бар, ол адам санасында нақты бейнесiн таба алады.
Болмыс- объективтi (материалды социо-табиғи дүние) және субъективтi (адамның психикалық күйлерi, оның санасы, оның рухани дүниесi) нақтылықтың бiртұтастығы. Болмыс- бар болатынның, өмiр сүретiнiң бәрi-бәрi.
Басқаша айтқанда болмыс- еш себебi жоқ таза тiршiлiк. Болмыс- өзi өзiнiң себебi. Болмыс-нақтылық. Болмыс ұғымы арқылы дүниенiң бар екенiне иланып, оны құрайтын құбылыстардың бәрiне тән, бәрiн бiрiктiретiн неғұрлым ортақ, жалпы әлемдiк байланысты табамыз.
Заттар болмысы "бiрiншi табиғат"- барлық материалдық денелердiн, табиғи процесстер мен күйлердiң болуы. Мысалы: Жер планетасы, бүкiл Ғалам, теңiздер мен мұхиттар, ормандар мен таулар, флора мен фауна, қазба байлықтар т.б. Олардың бәрi адамнаң тыс, оған тәуелсiз өмiр сүредi. Бұл табиғат объективтi реалдық, адам мен оның санасына алғанда бiрiншi, өйткенi адамның өзi табиғаттың бiр бөлiгi, және табиғатсыз оның өмiр сүруi мүмкiн емес.
Заттар болмысы "екiншi табиғат", адамның iс-әрекеттерi мен тығыз байланысты. Бұл табиғатқа адам қолымен жасаған және материалданғанның бәрi жатады.Мысалы: еңбек құралдары, ғимараттар мен құрылыстар, кемелер мен ұшқыштар, автомобиль және темiр жолдары, телефон және компьютер жүйелерi, ақпарат құралдары, өнер туындылары т.б. олар да объективтi, адам жасаса да олар адам санасына тәуелсiз, одан тыс өмiр сүредi. Тек адамның өмiр сүру барысын айқындай, өз заңдылықтары бойынша өмiр сүредi. "Екiншi табиғат" заттар болмысы олар жасалған табиғат материалдарынаң, "затталған" ойдың және "затталған" адамның iстерiнiң синтезi болып табылады. Және олардың болмысы оларды жасаған мақсатына байланысты болады: еңбек құралдары, эстетикалық ләззат алуға арналған заттар т.б. Оларды, объективтi реалдықтың табиғи-рухани-әлеуметтiк түрi деп атауға болады.
Табиғат және әлеуметтiк жан ретiнде адам болмысы адамның заттар әлемiнде өмiр сүруiн бiлдiредi. Адамның өзi, денесi бар жан ретiнде зат болып табылады. Бiрақ бұл ерекше зат, ойлай алатың, "пiкiрiн айта алатын" (Кант). Оның екi қырлығы оның болмысын айқындайды. Адам - бұл шынында да "ойлай алатын" зат, өзiн адам ретiнде сезiп түсiне алатын, өзiн қоршаған дүниеден ажырата алатын, өз iстерiне баға берiп оны өзгерте алатын, өзiнiң денесi мен рухын дамыта алатын жан.
Адамның тағы бiр ерекшiлiгi, жануарлармен салыстыра қарағанда, ол өз денесiне тәуелдiгi салыстырмалы. Өйткенi, кейбiр тәндiк қажеттiлiктерiн қанағаттандырған да, оларды әлеуметтiк ережелер мен нормалар мен келiстiрiп, оларды бақылап, реттей алады.
Адам болмысының тағы бiр қыры, ол көптеген, сан алуан түрлi әлеуметтiк қатынастармен байланысты. Ол сол қатынастардың туындысы, сонымен қатар оларды тудырушы.
Адам болмысының ерекше белгiсi, оны болмыстың басқа түрлерiнен айрықшалайтың, тiл болып табылады. Тiл-адамдар қатынастарының қажеттi құралы. Тiл-әлеуметтену құралы. Тiлден тыс бола тұрып адам өзiнiң мәнiн жоғалтады және жоғарыда айтқандай, адам болмысының ерекшiлiгi оның екiншi табиғатты жасауы.
Әлеуметтiк болмыс- бұл адамдардың бiрлескен болмысы, бiркелкi, дамып отыратын жүйелердi құратын олардың арасындағы алуан түрлi қатынастар, ең маңыздысы экономикалық. Ал бұл жүйенiң бөлiмшесi ретiнде бiлiм беру саласын атауға болады, бұл процесс негiзiнде адам тұлға ретiнде қалыптасып, әлеуметтенедi.
Рухани болмыс (саналы, санасыз феномендер, олардың нәтижелерi идеялар, принциптер, нормалар мен ережелер, бiлiмдер т.б.):
Индивидуалды рухани болмыс- жеке адамның рухани әлемi: психикасы, жүрiс-тұрысы, өмiр денгейi, мамандық әрекеттерi, бiлiм деңгейi т.б. Объективтендiрiлген немесе интерсубъективтi рухани болмыс- қоғамның рухани тәжiрибесінiн қамтитын қоғамдық сана, құлықтылық және эстетикалық құндылықтар. Объективтендiрiлген рухани өнiмдер мен процесстер, сөздер, дыбыстар табиғи және жасанды тiлдер арқылы iс жүзiне асады (кiтаптар, сызбалар мен формулалар, жобалар, сүреттер, ескерткiштер, музыкалық шығармалардың ноталары т.б.).Соңғы кезендерде адам әрекеттерiне байланысты "виртуалды реалдық","виртуалды болмыс" деген категориялар қолданылады. Бұл термин-компьютер арқылы жасалған нақтылықтың моделiн айтады. Сонда бұл жасанды, иллюзорлы елестету болып табылады. Оның белгiлерi: жасанды болуы, актуалдылығы, автономдығы, интерактивтiлiгi. Объективтi реалдыққа қарағанда екiншi, ссондықтан да субъективтi реалдық және уақыт керi қайтылады.
Жалпы айтқанда болмыстың түрлерi материалды да, рухани да бола алады.
2.2. Материя терминінің қалыптасуы бiрнеше этаптан өттi. Бiрiншiсiнде- ол табиғат құбылыстарымен тенестiрiлдi (Гераклит-от, Фалес-су, Анаксимен-ауа). Бұл кезендi ф-да қиялы материализм деп атайды.
Екiншi кезеңде- материя атомдар мен пара-пар қарастырылып, заттар мен олардын қасиеттер жиынтығы мен теңестiрiлдi. Материалды және түйсiктер арқылы танылады (Демокрит). Материяның атомистiк моделi натурфилософия мен жаратылыстану ғылымдарында кенiнең қолданылып XX ғ. дейiн беделдi болды.
Үшiншiсiнде механистiк және метафизикалық түсiнiк қалыптасты (Жаңа заманда- механиканы ең мүлтiксiз ғылымдардың бiрi деп есептедi). Декарт материяна дене-субстанциясы деп түсiндi, оның жалғыз ғана қасиетi қашықтықта созылуы. Материя бөлiнбейдi, табиғатқа пара-пар, "универсум"- алыпты механизм, әр-түрлi көлемдегi бөлшектер құдiреттi түрткi арқылы, механика заңдары бойынша айналмалы қозғалыста болады.
Төртiншi кезеңде- XIX-XX ғ.ғ.физика дағдарысқа ұшырады. Бұл салада ашылған жаналықтар (радиактивтiлiк құбылысы,рентген сәулесi, электронның бар екенiнiң дәлелденуi, электромагнит өрiсi, салыстырмалық теорияның ашылуы) материя түсiнiгiн өзгерттi. Бөлiнбейтiн ең кiшкене бөлшек, әлемдi ұстап тұрған кiрпiш деп келген атомның күрделi құрамы бар болып шықты, оның өзi зарядталған ядро мен оның төңiрегiнде белгiлi энергетикалық деңгейлердi траекторияларда қозғалыста, тербелiсте болатын терiс зарядтағы электрондардан құралады екен. Ядроның құрылымы да күрделi, протон, позитрон және нейтринолардың күрделi қатынасымен сипатталады. Үнемi қозғалыста болатын электронның массасы да тұрақсыз, жылдамдығына байланысты өзгередi. Микробөлшектердiң табиғаты екi жақты, олардың әрi заттық, әрi өрiстiк (толқындық) қасиеттерi бар. Жарықтың бөлшегi- фотонды тiптi де затқа жатқызуға болмайды. Тыныштықтағы фотонның массасы жоқ, нөлге тең т.б. Француз математигi А.Пуанкаре 1902 жылы "Материя ендi жоқ, ол ғайып болды" деген түйiнге келдi.
Бесiншi кезеңде- б.з. ортасында жоғарыда айтылған барлық түсiнiктердi қамтитын материя туралы жаңа субстанционалды-аксиологиялық түсiнiк қалыптасты.
Материя- кеңiстiк пен уақытта өмiр сүрiп, қозғалыста болатын, сарқылмас көп қасиеттерi бар алуан түрлi объектiлер мен системалардың сансыз көп жиынтығы.
В.И.Ленин метерияның диалектикалық-материалистiк анықтамасын бердi: "Материя дегенiмiз- адамға оның түйсiктерi арқылы мәлiм болатын, бiздiң түйсiктерiмiзге тәуелсiз түрде бар бола отырып, сол түйсiктерiмiз арқылы көшiрмесi алыналатын, суретi түсiрiлетiн, бейнесi жасалатын, объективтiк реалдықты белгiлеу үшiн қолданылатын философиялық категория".
Материя- дүниенi адамның санасынан тыс, әрi тәуелсiз объективтi шындық деп қарайтын дүниетанымның түп қазығы, мән мағынасы болып табылатын, және сана арқылы бейнеленетiн әмбебап категория.
Бұл анықтамада материяның негiзгi белгiлерi айқын көрсетiледi: 1) материя адам санасына тәуелсiз өмiр сүредi; 2) ол адам санасында бейнеленедi; 3) материя санаға қарағанда бiрiншi, бастапқы екендiгiн бiлдiредi; 4) материалдық дүниенi танып бiлуге болатындығын көрсетедi.
Материяның бұл түсiнiгi адамзат ақыл-ойының, ғылымның бүгiнге дейiн танып-бiлген объектiлердi ғана емес, сондай-ақ болашақта ашылатын, танып-бiлiнетiн объектiлердi де қамтиды. Оның методологиялық мәнi, мiне осында. Материя категориясы абстракция, өйткенi "таза" өмiр сүретiн материя жоқ. Ол әрқашанда белгiлi ұйымдасқан материалдық жүйе
Материя мәнгi, шексiз, жасанды емес, кеңiстiк пен уақытта үнемi қозғалыста болады. (Спиноза- материя өзi өзiнiң себебi). Бұл қасиеттерiнiң бәрi материядаң ажырамас бiрлiкте- атрибуттар. Олардаң басқа тағы, модустар бар- материяның жеке түрлерiнiң әр түрлi күйлерi мен құрылымдық даму деңгейлерi (жылу өтiмдiлiгi, электрөтiмдiлiгi, тектiлiк т.б.).
Астрономияда, космологияда және физикада Ғаламның "үлкен жарылыс" арқылы пайда болғаны туралы гипотеза бар (18 млрд. жыл бұрын ваакумде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антика философиясы
Болмыс мәселесі
Платон пікірі
Болмыс және тіршілік
Фиолософия дәрістер курсы
Философияның негізгі бөлімдері - онтология
Бұрынғы және кейінгі софистер. Атом және боскеңістік туралы ілім (Левкипп және Демокрит)
Классикалық философия
Көне дәуір философиясы
Философияның қысқаша тарихы
Пәндер