Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екіжақты жазу


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екіжақты жазу

2. Екіжақты жазудың мәні, қажеттілігі

3. Қосарлы жазудың бақылаудағы маңызы

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Заңды тұлға болып танылған, кез-келген ұйымдар өрісінде атқарылатын қызметтерді - шаруашылық фактілерінің біртұтас жиынтығы дейді. Шаруашылық фактілері әр түрлі әрекеттерден, жекелеген шаруашылық фактілерінен қүралған оқиғаларды есепке алудан тұрады. Жекелеген шаруашылық фактілерінің орындалу нәтижесінде шаруашылық үрдісі жөніндегі ақпараттар қалыптасып, әрбір шаруашылық фактісшің мазмұны есепке алынады. Есеп ақпараттарына байқау мен өлшеуге түсетін ақпараттар ғана жатады. Өлшенген немесе байқалған объектіні бағалау шаруашылык фактілерінің орындалғандығын растайтын бастапқы құжаттарда ғана көрсетіледі.

Бухгалтерлік ақпараттар жүйесін жинақтау және ақпараттарға жазылған әрбір жекелеген есеп объектілерінің жағдайы мен қозғалысын, сондай-ақ бухгалтерлік байқау мен бақылау үшін арнайы әдіс - бухгалтерлік есеп шоттары қолданылады.

Бухгалтерлік есеп шоттары байқауға (көзге көрінетін) түсетін бухгалтерлік есеп объектілері өрісіндегі жекелеген шаруашылық фактілерінің мазмұнын тіркеп, тіркелген фактілердің сандық және сомалық нәтижесін шығаруға арналған.

Бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу екіжақтылық принципке нггізделген. Бұл түрғыда біздер экономикалық қүбылыстардың екі аспектіден тұратындығын: көбею мен азаю, беру мен алу, пайда болуы мен жойылуынан және экономикалық қатынастардың барлығы да екіжақтылық жазуға түсетіндігін білуіміз керек.

Екіжақты жазу деп - ақшалай өлшеммен өлшенген бірдей сомадағы шаруашылық фактілерін (операцияларды) бухгалтерлік есеп счеттарына тіркеу әдісін айтамыз. Әрбір шаруашылық фактісі коммуникациялық принципке қарай тиісті тұлғаларға хабарлауны керек. Хабарланған (орын алған) бухгалтерлік есеп әдісіндегі (проводка) бір фактінің мазмұны екіжақты жазуға түседі. Факті деп - өз қасиетіне қарай ұйымдардың шаруашылық қызметі жөніндегі жекелеген мәліметтерді ресмилендіруді айтамыз. Фактісіз екіжақты жазудың орындалуы мүмкін емес.

Екіжақты жазу принципі (жүйесі) экономикалық заңдылықпен үйлеседі. Мысалға, экономикалық құбылыс не көбейеді, не азайады, не бересің, не аласың, не пайда болады, не жоғалады. Мұның барлығы да бірімен бірі тығыз байланыста болатың, бірінің орнын бірі толтыратын екі жақтылық құбылыстарға жатады.

1. Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екіжақты жазу.

Екіжақты жазу жүйесі Ренессанс дәуірінде пайда болған. Екіжақты жазу жүйесі шамамен XIII - XIV ғасырда Солтүстік Италияның кейбір қалаларында пайда болыпты-мыс. Тарихи деректерге қарағанда екіжақтылық бухгалтерия 1340 жылы Генунада жүргізіле бастаған. Екіжақтылық принципті ойлап тапқан, ең бірінші рет кітапқа түсірген францискан монахы Леонардо да Ванчидің жақын досы Лука Пачоли болған. Мұндай жазу 1494 жылдан басталған.

Екі жақты жазу жүйесі қосарлық принципке негізделген. Өйткені, барлық экономикалық құбылыстар екі аспектіден құралады: көбею мен азаю, пайда болу мен жоғалу, бұлар бірін-бірі толықтырып тұрады.

Екі жақты жазу жүйесінде іс жүзіндегі шаруашылық операциялар екі тіркеледі: бір шоттың дебеті, екінші шоттың кредиті бойынша; дебеттің жалпы сомасы кредиттің жалпы сомасын теңестіреді. Сондықтан да баланстың активінің жиыны пассив жиынына тең.

Шаруашылық операцияға қатысатын шоттар корреспонденттелетін шоттар деп аталады. Шаруашылық операцияны шоттарға жазу бухгалтерлік жазба (проводка) деп аталады.

Екі бухгалтерлік жазбада екі шоттың балансы болса қарапайым жазба, ал, бірнеше шот қатысатын болса, күрделі жазба деп аталады.

Әрбір шаруашылық операциясы бухгалтерлік есептің шоттарында екі рет (екіжақты жазу әдісімен) : бір шоттың дебеті және екінші шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.

Екіжақты жазу - бұл шаруашылық операциясын әр түрлі шоттардың дебеті мен кредиті бойынша бірдей сомамен бір мезгілде көрсету әдісі.

Екіжақты жазу үшін арнайы бухгалтерлік шоттар қолданылады. Оларды дүкенде тауарларды сату кезінде жазылатын шоттармен шатастыруға болмайды. Бухгалтерлік шоттар есепті регистрлар болып санала- ды. Оларда шаруашылық операциялар жазылады. Құралдар мен олардың көздерінің әрбір түрі үшін жеке шот қарастырылған. Өзінің тәсілі бойынша - бұл сол жағы «дебет» деп, ал оң жағы «кредит» деп аталатын кесте түрінде көрсетіледі. Сызба түрінде оны төмендегіше көрсету қалыптасқан.

Дебет Шоттың атауы Кредит

Сол жағында жазылған кез-келген жазба шотты дебеттеуді, оң жағындағы жазба шотты кредиттеуді білдіреді. «Дебет» және «Кредит» сөздері шоттың оң және сол бөліктерін бейнелеуге арналған бухгалтерлік терминдер. Бұл атаулар ежелден қалыптасқан. Шоттың әрбір жағы сомалардың азайғаны мен көбейгенін бейнелеуге арналған.

Дебеттелетін және кредиттелетін шоттарды көрсету шоттар корреспонденциясы немесе бухгалтерлік жазу (бухгалтерлік жазба) деп, ал шоттар деп аталынады.

Шоттар корреспонденциясын жасау типтік және жалпылама сипатқа ие болатын қарапайым шаруашылық, операцияларының мысалында қарастырылатынын атай кету керек. Олардың мағынасы: шаруашылық операциясы бір шоттың дебетіне және екінші шоттың кредитіне әсерін тигізеді, яғни оған тек екі шот қана катысады.

Алайда тәжірибе жүзінде көрсеткендей, қаржы-шаруашылық қызметте бір шоттың дебеті бойынша және бірнеше шоттардың кредиті бойынша көрсетілетін, сондай-ақ бір шоттың кредиті бойынша және бірнеше шоттардың дебеті бойынша көрсетілетін операциялар да кездеседі. Сондықтан бухгалтерлік жазулар қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

Бір шоттың дебеті екінші шоттың кредитімен жазу қарапайым деп аталынады.

Мысалы, жеткізушіден 3 теңге сомасындағы материалдар келіп түсті. Материалдардың келіп түсуі нәтижесінде активтік «Шикізат пен материал дар» шотындағы сомалар артады, сондықтан «Шикізат пен материалдар» шоты дебеттеледі, сонымен бірге жеткізушілерге берешек өсті, сондықтан «Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу» шоты бойынша бұл сома кредитте көрсетіледі. Жалпы жазу мынадай түрге ие болады: «Шикізат пен материалдар» шотының дебеті, «Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу» шотының кредиті - 30 000 теңге.

Бір шоттың дебеті екі немесе одан да көп шоттардың кредитімен , бір шоттың кредиті екі немесе одан да көп шоттардың дебетімен бухгалтерлік жазу күрделі жазу деп аталынады.

Мысалы, 50 000 теңге жалақы есептелген, соның ішінде, негізгі өндірістің жұмысшыларына - 30 000 теңге, көмекші өндірістің жұмысшыларына - 2 теңге.

Келтірілген шаруашылық операциясы былай көрсетіледі:

Д-т «Негізгі өндіріс» шоты - 30 000 теңге.

«Көмекші өндіріс» шоты - 20 000 теңге.

К-т «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты - 50 000 теңге.

Шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарына жазу құжаттардың негізінде жүргізіледі. Шаруашылық операциясының пайда болу мөлшеріне қарай жүргізілетін жазу және олардың құжаттармен ресімделуі хронологиялық деп аталынады. Мұндай жазулар шаруашылық операцияларын тіркеу журналында жүргізіледі.

Деректерді экономикалық біртектес объектілер бойынша жүйелендіретін жазулар жүйелік деп аталынады. Шаруашылық операциясының бұл жазулары шоттарда (шоттар схемасында) жүргізіледі. Есеп практикасында хронологиялық және жүйелік жазулардың бір кестеге бірігуі сирек емес (№1 журнал-ордер, «Кассадағы ұлттық валютамен қолға берілетін ақшалар» шоты бойынша № 1 ведомость, № 2 журнал-ордер, «Есеп айырысу шотындағы қолма-кол ақшалар» шоты бойынша № 2 ведомость) .

Экономикалық мағынасына қарай әрбір шаруашылық операциясы есептің екі объектісіне, яғни екі шотқа әсерін тигізеді, өйткені екіжақты сипатқа ие болады. Іс жүзінде, егер кәсіпорынға материалдар келіп түссе, онда бір жағынан, материалдар көбейеді, ал екінші жағынан, оны сатып алатын қаражаттар азаяды, яғни олардың қандай көздердің есебінен келіп түскені міндетті түрде көрсетіледі: қолма-қол ақшаға сатып алынған ба, әлде оларды сатып алуға несие пайдаланылды ма немесе жеткізушілерге берешек қалыптасты ма?

Шаруашылық операциясын екіжақты көрсетудің мәні - ол бір шоттың дебеті бойынша және екінші шоттың кредиті бойынша бірдей сомамен жазылуға тиіс. Демек, екіжақты жазу әдісін пайдаланып шоттар корреспонденциясын жасаған кезде үш құраушы қатысады: шаруашылық операциясының мазмұны; дебеттелетін шот; кредиттелетін шот.

2. Екіжақты жазудың мәні, қажеттілігі

Екіжақты жазудың мәні кәсіпорын балансының құрылымымен түсіндіріледі. Онда оның мүлкі екі тұрғыдан қарастырылады: құрамы мен орналасуы бойынша (баланс активі) ; осы мүліктің қалыптасу көздері бойынша (баланс пассиві) . Сондықтан баланстың активі мен пассивінің жиындары әрқашан тең.

Демек, екіжақты жазу әдісінің қажеттілігі кәсіпорынның мүлкін баланстың топтау әдісінен туындайды. Екіжақты жазу әдісінің үлкен қадағалаушылық мәні бар, өйткені сол бір ғана шаруашылық операциясы бірдей сомамен екі рет көрсетіледі. Сондықтан осы операция бойынша сома айырмашылығы болса, жіберілген қателік пен оған жауапкер де анықталады.

Бухгалтерлік есептің шоттары жинақтамалы және талдамалы болып бөлінеді. Шаруашылық қорларын немесе олардың көздерін жалпылама түрде көрсетуге арналған шоттар жинақтамалы шоттар деп аталады. Осындай шоттармен жүргізілетін есеп жинақтамалы есеп деп аталынады.

Жинактамалы есептің ерекшелігі - ол тек ақшалай бірлікпен жүргізіледі және кәсіпорында бар материалдық құндылықтардың сомасы қандай, берешектің сомасы қандай екендігін көрсетеді. Жинақтамалы шоттар бухгалтерлік балансты жасауға қажет. Алайда кәсіпорынды басқару және қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық ету үшін, бәсекелес кәсіпорындармен есеп айырысуды ұйымдастыру, нарықтық экономикада оның алатын орнын бағалау үшін материалдарды жеткізушілердің әрқайсысы бойынша, әрбір сатып алушы бойынша және т. с. с. бойынша егжей-тегжейлі деректер болу керек. Яғни кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің барлыңқ жақтарына тек ақшалай түрде ғана емес, сондай-ақ натуралды түрде де сипаттама беретін нақты, жеке мәліметтер талап етіледі. Сондықтан жинақтамалы шоттарды экономикалық жағынан топтастыруды дамыту үшін талдамалы шоттар ашылады.

Қорлардың және оның көздерінің жекелеген түрлерінің құрамдас бөліктерін есепке алуға арналған шоттар талдамалы шоттар деп аталады, ал осы шоттардың көмегімен жүргізілетін есеп талдамалы есеп деп аталынады.

Талдамалы шоттарда есеп тек ақшалай өлшеуіштермен ғана емес, сондай-ақ натуралды өлшеуіштермен де жүргізіледі. Бұл шоттардағы жазулар неғұрлым толық болады. Оларда операцияның қысқаша мазмұны, құжаттың нөмірі және жедел басқаруға қажетті бірқатар басқа деректер келтіріледі.

Субшоттар тиісті жинақтамалы шоттың шегінде талдамалы шоттарды аралық топтастыру болып табылады. Жинақтамалы шоттар I реттегі шоттар, субшоттар - II реттегі шоттар, талдамалы шоттар - III, IV және т. б. реттегі шоттар болып табылады. Мұның өзі тиісті басқару шешімдерін әзірлеу, негіздеу және қабылдаумен байланысты, алға қойған мақсаттарға немесе кәсіпорынның нарықтағы жағдайын, ол өндіретін және сататын өнімдердің бәсекеге қабілеттігін анықтауға тәуелді.

Бухгалтерлік есептің жинақтамалы және талдамалы шоттары өзара байланысты, өйткені жинақтамалы шоттарда көрсетілген сол мүліктердің түрлері мен олардың қалыптасу көздері, шаруашылық операциялары талдамалы шоттарда көрініс табады, бірақ экономикалық топтарға бөлінген түрде көрсетіледі. Бұл түптеп келгенде талдамалы шоттың деректері тиісті жинақтамалы шоттың жиынтық деректеріне тең болуға тиіс. Мысалы, «Шикізат пен материалдар» жинақтамалы шоты «Негізгі материалдар», «Көмекші материалдар» және т. с. с. талдамалы шоттарға жіктелінуі мүмкін.

Одан кейін «Негізгі материалдар» деген талдамалы шотта көрсетілген деректер жіктелініп, оған талдамалы шоттар ашылады: «Қара металдар», «Түсті металдар», «Орман материалдары» және т. с. с. Сөйтіп, кәсіпорындағы талдамалы есеп бухгалтерлік есеп жүйесіндегі қажырлы еңбекті талап ететін жұмысқа жатады. Есептік деректердің жазуының дұрыстығы мен толықтығын тексеру үшін айналым ведомостері жасалады.

Айналым ведомосі - бухгалтерлік есептің шоттарында көрсетілген есептік-ақпаратты жинақтаудың тәсілі. Айналым ведомосі айдың басындағы және соңындағы қалдықтар (сальдо) және шоттың ай ішіндегі дебеттік және кредиттік айналымдары туралы шот деректері негізінде ай соңында жасалады.

Жинақтамалы есептің шоттары бойынша айналым ведомосінде әрбір шотқа жеке жол беріледі. Бұл ведомосте қосарланған үш баған болады. Оларда әрбір шот бойынша бастапқы сальдо, шоттың дебеті мен кредиті бойынша айналымдар және соңғы сальдо жазылады. Бухгалтерлік есеп дұрыс ұйымдастырылатын болса, баған жиындарында міндетті түрде қосарланған теңдік болуға тиіс, яғни дебеттік бастапқы сальдоның жиыны кредиттік бастапқы сальдоның жиынына тең болуға тиіс, шот бойынша дебеттік айналымдардың жиыны - кредиттік айналымдардың жиынына, дебеттік соңғы сальдоның жиыны - кредиттік бастапқы сальдоның жиынына тең болуға тиіс.

Төмендегі кестеде шоттар бойынша айналым ведомосі келтірілген. Операцияның басындағы және соңындағы шоттардың дебеті мен кредиті сальдо жиынының теңдігі бухгалтерлік баланстың құрылысымен расталынады, өйткені шоттар бойынша дебеттік сальдоның жиыны кәсіпорын мүлкінің сомасын, ал кредиттік сальдоның жиыны - олардың пайда болу көздерінің сомасын көрсетеді.

Барлық шоттар бойынша дебеттік және кредиттік айналымдардың жиындарының теңдігі екіжақты жазу әдісінің мәнінен бастау алады.

Бұған қоса айналым ведомосіндегі шоттар бойынша дебеттік және кредиттік айналымдардың өзара тең жиындары шаруашылық операцияларын тіркеу журналындағы жиынға да тең болуға тиіс. Бұл теңдік мәні - әрбір шаруашылық операциясының сомасы шаруашылық операцияларын тіркеу журналында, сондай-ақ бухгалтерлік есептің шоттарында дебеті және кредиті бойынша көрініс табады.

Жоғарыда аталған теңдіктің болмауы есептік жазбаларда қателік бар екендігін білдіреді.

Жинақтамалы шоттар бойынша айналым ведомосі есепті кезеңдегі шаруашылық қорлары мен олардың пайда болу көздерінің жалпы жағдайын бағалауда маңызы зор болмақ. Жинақтамалы есептің шоттары бойынша айналым ведомосінің қалдықтар туралы ақпараты кәсіпорынның бухгалтерлік балансын жасаған кезде пайдаланылады.

Талдамалы шоттар бойынша айналым ведомосі есептің жүргізілуінің дұрыстығы мен толықтығын тексеруге арналған. Олар жинақтамалы шоттағы жазуларды талдамалы есептің жазуларымен салыстыруға арналған құрал, сондай-ақ нақты шаруашылық ресурстарының жағдайын және қозғалысын қадағалау көзі болып табылады.

Жинақтамалы есептің шоттары бойынша жүргізілетін шахматтың айналым ведомосі деген де белгілі. Ол шахматтық нысанда жасалады.

Жоғарыда келтірілген айналым ведомосінен айырмашылығы - оған шоттар корреспонденциясы енеді және құрылымы бойынша күрделі және ауқымды болып табылады.

3. Қосарлы жазудың бақылаудағы маңызы .

Есептің барлық объектілері екі көзқарастан: бір жағы шаруа- шылық құралдар, екінші жағы олардың қалыптасу көздері ретінде қаралады. Бұл қатынас баланста өз көрінісін табады. Қосарлы жазу есепті жүргізу дұрыстығының үстінен бақылаудың жетік жүйесін құруға мүмкіндік береді. Сол бақылау жүргізуді төмендегі мысалдан көрейік.

20__ жылдың қаңтар айындағы шаруашылық операцияларының журналы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоттар жүйесі және екіжақты жазу
Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу
Бухгалтерлік есеп
Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу туралы
Шоттар жүйесі және екіжақты жазу туралы ақпарат
Бухгалтерлік есептің шоттары
Бухгалтерлік есеп шоттары және екі жақты жазу жүйесі.
Бухгалтерлік есептің шоттар жүйесі және екі жақты жазу
Дебит ШОТТЫҢ АТЫ
Бухгалтерлік есеп принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz