Visual Basic жүйесінде бағдарламалау



Кіріспе
Тарау І. Алгоритмдеу және бағдарламалау
1.1. Алгоритм анықтамасы, қасиеттері және берілу тәсілдері
1.2. Тармаќталу,тањдау командалары.
Тарау ІІ. Visual Basic жүйесінде бағдарламалау
1.1. Visual Basic жүйесінің жөндеу құралдары
2.2. Visual Basic ортасында сызықтық программа құру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
XXI ғасыр - ақпараттық технологиялар ғасыры. Сондықтан да біздің өмірімізбен байланысты кез келген оқиға, кез келген дүние автоматтандырылып, құнды ақпарат көзіне айналып, компьютер деген машинаның өңделуіне түсіп, жік-жікке бөлінуде. Қазіргі кезеңнің ерекшелігі үлкен көлемдегі материалдық және шикізат ресурстарын пайдалануға негізделген индустриалды экономикадан, негізгі ресурсы ақпарат болып табылатын информациялық экономикаға өту. Информатика мамандары қоғамдағы информация рөлінің күшеюін бір ауыздан мойындап отыр. Ақпарат бара-бара қоғамдық әл-ауқат деңгейін анықтайтын шешуші факторға айналуда. Ол бизнестің стратегиялық ресурсы болып қалыптасып келеді.
Бізді қоршаған ортада әрқашан қозғалыста болатын ақпараттар жиындары өте үлкен. Уақыт өтуімен олар арту тенденциясына ие. Сондықтан кез келген үлкен немесе кіші ұйымдарда нәтижелі жұмыстарды қамтамасыз ететін мәліметтерді басқару мәселесі туады. Кейбір ұйымдар бұл үшін папкалардан тұратын шкафтарды пайдаланады, бірақ көпшілік ұйымдар компьютерленген мүмкіншіліктерін жоғары бағалайды. Қазіргі күнде көпшілік қаржы ұйымдары, өнеркәсіптер, сауда-саттық және т.б. ұйымдар мәліметтер қорысыз жұмыс істеуі өте қиын. Мәліметтер қоры болмағанда олар ақпараттар көшкінінде жай ғана тұншығып қалар еді.
Visual Basic программалау тілі өз үйірлерінің арасындағы жалғыз ғана тіл емес. Microsoft Excel, Microsoft Access және тағы басқа Windows операциялық жүйесінің офистік қосымшаларына ендірілген Visual Basic Application Edition программалау жүйесі де дәл осы тілді пайдаланады. Бұл жағдай ақпараттық технологияға ойшыл, шығармашылыұ тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді.
Бұл курстық жұмыста математикалық есептерді шешуде Visual Basic программалау тілінің ерекшеліктері қарастырылады.
1. Паньгина Н.Н. Занятия по Visual Basic Компьютерные инструменты в образовании, № № 1 – 6, 2001, №1, 2002.
2. Программы для общеобразовательных учреждений: Информатика. –М.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2003.
3. Семакин И.Г. Информатика. Базовый курс. –М.: Лаборатория базовых знаний, 2003.
4. Титаренко Г. Visual Basic 6.0 – Киев: Издательская группа BHV, 2001.
5. Дебора курата «Работа с объектами в Microsoft Visual Basic 4.0» Москва, 1997г.
6. Джон Кларк Крейт, Джеф Уэб «Microsoft Visual Basic 5.0 Мастерская разработка», 1998г.
7. Ричард П. Скотт «Учимся мастерству VB 4.0» Москва, 1996г.
8. Есипов А.С., Паньгина Н.Н., Громада М.И. Информатика. Сборник задач и решений для общеобразовательных учебных заведений. – СПб.: наука и техника, 2001.

Кіріспе
XXI ғасыр - ақпараттық технологиялар ғасыры. Сондықтан да біздің
өмірімізбен байланысты кез келген оқиға, кез келген дүние
автоматтандырылып, құнды ақпарат көзіне айналып, компьютер деген машинаның
өңделуіне түсіп, жік-жікке бөлінуде. Қазіргі кезеңнің ерекшелігі үлкен
көлемдегі материалдық және шикізат ресурстарын пайдалануға негізделген
индустриалды экономикадан, негізгі ресурсы ақпарат болып табылатын
информациялық экономикаға өту. Информатика мамандары қоғамдағы информация
рөлінің күшеюін бір ауыздан мойындап отыр. Ақпарат бара-бара қоғамдық әл-
ауқат деңгейін анықтайтын шешуші факторға айналуда. Ол бизнестің
стратегиялық ресурсы болып қалыптасып келеді.
Бізді қоршаған ортада әрқашан қозғалыста болатын ақпараттар жиындары
өте үлкен. Уақыт өтуімен олар арту тенденциясына ие. Сондықтан кез келген
үлкен немесе кіші ұйымдарда нәтижелі жұмыстарды қамтамасыз ететін
мәліметтерді басқару мәселесі туады. Кейбір ұйымдар бұл үшін папкалардан
тұратын шкафтарды пайдаланады, бірақ көпшілік ұйымдар компьютерленген
мүмкіншіліктерін жоғары бағалайды. Қазіргі күнде көпшілік қаржы ұйымдары,
өнеркәсіптер, сауда-саттық және т.б. ұйымдар мәліметтер қорысыз жұмыс
істеуі өте қиын. Мәліметтер қоры болмағанда олар ақпараттар көшкінінде жай
ғана тұншығып қалар еді.
Visual Basic программалау тілі өз үйірлерінің арасындағы жалғыз ғана
тіл емес. Microsoft Excel, Microsoft Access және тағы басқа Windows
операциялық жүйесінің офистік қосымшаларына ендірілген Visual Basic
Application Edition программалау жүйесі де дәл осы тілді пайдаланады. Бұл
жағдай ақпараттық технологияға ойшыл, шығармашылыұ тұрғыдан қарауға
мүмкіндік береді.
Бұл курстық жұмыста математикалық есептерді шешуде Visual Basic
программалау тілінің ерекшеліктері қарастырылады.
Тарау І. Алгоритмдеу және бағдарламалау
1.1. Алгоритм анықтамасы, қасиеттері және берілу тәсілдері

Алгоритм ұғымы математика мен есепiуіш техниканың негізгі ұғымы. Алға
қойған кез-келген мәселені ЭЕМ-ның көмегімен шешу үшін ЭЕМ-ға түсінікті
нұсқаулар тізбегін құру керек. Алгоритм – берілген есепті шешу үшін
орындаушыға берілетін нұсқаулар тізбегі.
Алгоритм атауы IX ғ. математигі Абу Джафара Мохамеда ибн Мусы Аль-
Хорезми атынан шыққан. Ол ондық санақ жүйесінде берілген сандармен
орындалатын амалдардың жалпы ережесін ұсынған болатын.
Алгоритмге қойылатын талаптар:
1. Анықталғандық - орындалатын нұсқаулар компьютерге “түсінікті”
және осы нұсқаулардың саны шекті болуы керек;
2. Нәтижелілік – нақты бір қадамнан кейін есептің шешімі алынуы
керек;
3. Жан-жақтылық – алгоритм тек бір ғана есепті шешуге емес,
осыған ұқсас басқа есептерді шешуге да арналған болуы керек;
4. Тиімділік – есепті шешудің ең тиімді жолдары қарастырылуы
керек.
Есептің алгоритмін құру - өте жауапты кезең. Тек тәжірибелі
программист қана кішігірім есептерді шешкен кезде берілген есепті алдын-ала
талдамай-ақ, компьютерлік программа құра алады. Әдетте ондай есептер сирек
кездеседі. Сондықтан, алдымен, есептің алгоритмі құрылады да, соған сәйкес
программа жазылады.
Алгоритмдер мынадай топтарға бөлінеді: сызықтық құрылымды алгоритмдер,
тармақталушы құрылымды алгоритмдер, қайталанушы алгоритмдер.
Алгоритмді графиктік бейнелеудің әртүрлі тәсілдері бар. Блок–схемалар
және Насси–Шнейдерман құрылымдамалары (структурограмма) – алгоритмдерді
графиктік бейнелеудің ең кең тараған тәсілі. Блоктарға тікелей нөмерлер
меншіктеледі және олар бағыттаушылар арқылы өзара жалғастырылады. Блок –
схемалардағы блоктар сәйкестігі және белгілеулер төменде келтірілген.
Кесте 1.1. – Блок-схемалардың сипаттамасы
Блок Блок- схема
Программа басы мен соңының
блогы. Программаның басталуын
және аяқталуын бейнелеу үшін,
қосалқы программаға кіру және
одан шығу үшін қолданылады.
Енгізу – шығару блогы. Аттары
көрсетілген айнымалыларды
енгізу және көрсетілген
айнымалылар мәндерін шығару
кезін бейнелейді.
Әрекеттер блогы (меншіктеу
амалдары). Берілгендерді өңдеу
және аттары көрсетілген 54 санын алу және оны
айнымалыларға нәтижелерді х айнымалысына
орналастыру бейнеленетін блок. орналастыру.

Таңдау блогы. Шартты тексеру
нәтижесіне байланысты тек иә
тармағы немесе тек жоқ
тармағы орындалады.

Параметрлі қайталау блогы.
А.а.-параметрлі айнымалы аты;
Б.м.- параметрдің бастапқы
мәні;
С.м.- параметрдің соңғы мәні;
қадам- цикл денесінің әрбір
орындалуынан кейін параметрдің
өзгеру мөлшері.
Цикл денесі параметр қанша рет
әртүрлі мән қабылдаса, сонша
рет орындалады.

Алдыңғы шартты қайталау блогы.
Шарт - циклдің орындалу шарты.
Цикл денесі бірде-бір рет те
орындалмауы мүмкін.




Кейінгі шартты қайталау блогы.
Шарт - циклдің орындалу шарты.
Цикл денесі кемінде. бір рет
орындалады.




Қосалқы программаны шақыру
блогы .


Визуал Бейсик негізгі ұғымдары. Программа – алгоритмнің арнайы
машиналық тілде жазылуы. Программаның негізгі сипаттамасы: алынған
нәтиженің дұрыстығы, орындалу уақыты, жадыда алатын орны немесе көлемі. Кез-
келген программаның басты қызметі – берілгендерді өңдеу. Программаның
басында өңделуге берілетін мәліметтер – алғашқы берілгендер деп аталады.
Алғашқы берілгендерді пернетақтаның көмегімен енгізуге болады. Программаның
орындалу барысында алғашқы берілгендер өңделіп, нәтижеге айналады.
Берілгендер типтері. Тұрақты – программаның басында мәні анықталған
және программаның орындалу барысында мәні өзгермейтін шама.Турбо-Паскальда
тұрақтылардың сандық, логикалық, символдық және жолдық түрлері қолданылады.
Айнымалы – программаның орындалуы барысында мәні өзгеріп тұратын шама.
Берілгендер – сақтау, өңдеу және тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін,
формальды түрде берілетін ақпарат.
Стандартты функциялар. Стандартты функциялар дегеніміз негізгі
элементар функциялар. Стандартты функциялар математикада қалай аталса,
Визуал Бейсик тілінде де солай аталады. Визуал Бейсик тілінде стандартты
функциялардың мәні автоматты түрде есептеледі. Оларды есептеу үшін
функцияны дұрыс жазса болды.
Стандартты функциялардың жазылу ережелері:
1. Функция аты латын әрпімен жазылады;
2. Функция аты 6 әріптен аспауы қажет;
3. Функция аргументі функция атынан соң дөңгелек жақша ішіне алынып
жазылады.
4. Функция аргументі тұрақты, айнымалы немесе арифметикалық өрнек
болуы мүмкін;
5. Функция аргументі бірнеше болса, олардың арасына үтір белгісі
қойылады;
6. Тригонометриялық функцияларда аргумент мәні радиан өлшемімен
берілуі керек .
Әрбір айнымалының аты болады (идентификаторы). Айнымалы идентификаторы
255 –ке дейінгі әріп және цифрлардан құралған болуы мүмкін. Бірінші
символом әріп болуы тиіс.
Процедура немесе функцияда айнымалы Dim операторының көмегімен
сипатталады, например, былай:

Dim X as Single, Y as Long, Z as Single

Егер программада айнымалы сипатталмаса, онда үнсіз келісім бойынша оның
типі Variant деп есептелінеді.
Айнымалылардың типтері мыналар болуы мүмкін:
Single – бұл нақты сан. Жадыда 4 байт орын алады. Дәлдігі үтірден
кейінгі 7 ондық сандар. Мысалы, 43 саны былай болады 0,1333333х101. Single
типінің шегі: 1.4х10-45 ден 3.4х1038 дейін.
Double – нақты сан. Жадыда 8 байт орын алады. Дәлдігі үтірден кейінгі
14 ондық сандар. Double типінің шегі– ±4.9х10-324 ден ±1.79х10308 дейін.
Integer – бүтін сан. Жадыда 2 байт орын алады. Шегі – -32768 ден
32767 дейін.
Long – таңбалы бүтін сан. Жадыда 4 байт орын алады. Шегі : ~±2 млрд.
Byte –0 ден 255 дейінгі бүтін сан.
Variant – жоғарыдағы типтердің біреуін меншіктелінетін айнымалыға
байланысты алуы мүмкін. Жадыда 16 байт алады. Объекттермен жұмыс
істегенде пайдаланылады. Қажет болмаса бұл типтен пайдаланудың қажеті жоқ.
String – символдар жолы. 0 ден 2 млрд. дейінгі символдарды сақтау
мүмкін.
Сандарды бейнелеу түрлері
Бүтін сандар - +5, -10, 5.
Нақты сандар - +8.1 бұл 8,1 дегені
(Бүтін және нақты бөліктерді ажырату үшін
үтір емес, нүкте қолданылады).
+8.1Е2 бұл 8,1х102= 810
-8.1Е-3 бұл –8,1х10=-0.0081
(экспоненциалды формасы)
Меншіктеу операторы
Y =5 –Y айнымалысына 5 мәні меншітелінеді,
Y=A+B – Y айнымалысына А+В өрнегінің нәтижесі меншіктелінеді.
Өрнекте мына операциялар қолданылуы мүмкін:
+ – қосу, - – алу, * – көбейту, – бөлу, \ – бүтінсанды бөлу, ^ –
дәрежеге көтеру, mod – бөлу қалдығы.
Арифметикалық операциялардың приоритеттері – жалпы қабылданған, яғни ^
(дәрежеге көтеру) – ең жоғары приоритет, + немесе - – ең төменгі
приоритет. Жақшаларды қолдануға болады.
Өрнектерде функцияларға функция (аргумент) түрінде жолығуға болады.
Функцияларға жолығудың дәрежеге көтеруге қарағанда приоритеті жоғары.
Мысалы, мына стандартты функцияларға жолығуға болады:
Sin (аргумент) –синус,
Cos (аргумент) – косинус,
Sqr (аргумент) – түбір,
Tan (аргумент) – тангенс,
Atn (аргумент) – арктангенс,
Abs (аргумент) – абсолютты мән,
Log (аргумент) – натуральды логарифм,
Exp (аргумент) –аргумент дәрежесіндегі е,
Int (аргумент) – санның дөңгелектеусіз бүтін бөлігі,
Str (сан) – санды символдар жолына түрлендіру,
Val (жол) – символдар жолын сандық түрге түрлендіру. Егер жол сан
болмаса, онда нәтиже нөл болады.
PI – тұрақты π. Функцияның аргументі жоқ.
Тізімде жоқ функцияларды табу үшін әртүрлі түрлендіру формулаларын
қолданады:

Арифметикалық өрнек. Программадағы барлық есептеулер арифметикалық
өрнектің көмегімен ұйымдастырылады. Арифметикалық өрнек – тұрақтылардан,
айнымалылардан, функциялардан, амалдар белгісынан және өрнектің орындалу
ретін өзгертуге арналған жақшадан тұрады. Өрнектің нәтижесі бүтін немесе
нақты сан болады. Қарапайым жағдайда өрнек тек бір ғана айнымалыдан немесе
тұрақтыдан тұрады. Визуал Бейсик ортасында арифметикалық өрнек сызықты
түрде жазылады, яғни бөлшектің бөлімі мен алымы, дәреже көрсеткіштер мен
индекстер бір қатарда жазылады.

1.2. Тармаќталу,тањдау командалары.

Берілген шарттыњ орындалуына байланысты аныќ бір тармаќ бойынша
орындалатын (атќарылатын) есептеу процестерін µз ішіне алѓан алгоритмдер
тармаќталѓан алгоритмдер деп аталады.
Тармаќталѓан алгоритмдерде тармаќталу жєне тањдау командалары
істетіледі.
I. Тармаќталу командасы шарттыњ саќталуына байланысты екі сериялы
єрекеттердіњ бірін орындауѓа берілетін н±сќау.Ол егер – деп
басталып бітті- мен аяќталады.Оныњ толыќ, ќысќа т‰зілістері бар
(ќ±рылымы суреттерде кµрсетулі).
а) Тармаќталу (айырыќ) ќ±рылымыныњ толыќ т‰зілісі

егер Р +
онда S1
єйтпесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоба терезенің астында
Visual Basic-те стандартты қосымшаларды дайындау
Оңтүстік жарық қосымшасының конструкциясы
Объектіге бағытталған программалау
Visual Basic бағдарламасы
Delphi Windows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы
Бағдарламау бағыттарын топтастыру және олардың ерекшеліктері
Мәліметтер базасының мәні және оның атқаратын қызметтері
Visual Basic және Delphi тілінде жасалған электрондық оқулықтар
Visual Basic 6 жобалау ортасы
Пәндер