Қаңлы қауымдарында мемлекеттік құрылымның пайда болып қалыптасуы


Жоспар
Тақырыбы: Қаңлы қауымдарында мемлекеттік
құрылымның пайда болып қалыптасуы.
І. Кіріспе.
1. Қаңлылардың қоғамдық құрлысы
ІІ Негізгі бөлім
- Қаңлылардың тарихы
- Сыртқы саясаты
- Археологиялық ескерткіштері
- Шаруашылығы және кәсібі
ІІІ Қортынды
Қаңлылардың мемілекеттік бірлестігі.
Б. з. б. Шғасырда Казақстанның оңтүстігінде қанлы-
лар тайпалық бірлестігі кұрылды. Қаңлы тайпалық бірлестігінің территориясы Оңтүстік Кдзақстанда болған.
Б. з. д. III ғ. қаңлылар Сырдария алқабы мен Қаратау жотасы жерлерін мекендеді. Қаңлылардың астанасы жазбаша деректерде Битянь деп аталады.
Қаңлылардың астанасы болған қала: Битянь. Қаңлы тайпаларында билік әкеден балаға қалған жол: мұраігерлік.
Қаңлы жеріндегі елді мекен - Көкмардан. Каңлылар өз жерлері арқылы өткендіктен бақылау жүргізген сауда жолы: Ұлы Жібек жолы. Қаңлылар арасында ата-баба аруағына табыну
кеңінен тарады.
Қанлы, Қытайша Канцзюй жазба деректерде б. з. дейінгі II ғ. айтылады. 138 ж. Қытай императоры Уди Батыс елдерін Чжан Цянді бас етіп сауда елшілігін жібереді. 13 жылдан кейін талай қиыншылықтардан өтіп, Чжан Цянь қайта оралады. Ол бастырған жазбаларда бұрын Қытайга беймәлім болып келген мемлекеттерге сипаттама беріледі. Солардың арасында Қаңлы мемлекеті де атала-ды, оның билеущісінін ордасында Чжан Цяннің өзі болған екен.
Қытай елшісінің мәліметіне қарағанда, «Қаңлы Дауанның (Фергана) солтүстік-батысында 200 ли жерде Осынау көшпелі иелік әдет-ғұрпы жағынан юечжисылармен өте ұқсас 90 мың әскері бар, бірақ өзі әлсіз болғандықтан, түскейінде юечжисылардың, баты-сында хандардың өкіметін мойындайды. Яньцай қаңлының, терістік-батысында 2 мың ли жерде жатыр. Осы бір көшпелі иелік те жай қарағанда Қаңлыдан айнымайды. 100 мыңнан асатын әскері жайпақ жағалы үлкен көл жағасында жатады ексн « Солтүстік теңізі дейтіні соның өзі» . «Батыс өлке туралы хикаятта» және «Хан үлкен үйінің тарихында» қаңлылар жайлы көбірек айтылады. Мәселен, «қанлы билеушісінін, мекен-жайы Люени еліндегі Битэн шаһарында. Билеушінің жазғы мекен-жайы Люениден жеті күндік жерде. Оның, халқы 120 мың, отбасынан, 600 мың жаннан құралады: саптағы әскері 120 мың адам» - деп жазады Осынау деректен қаңлы сыртқы саясатының кейбір жәйттары белгілі болды, сонда ол б. з. дейінгі 46-36 жылдары Чжичи бастаған ғүндарды қолдайды, кейін үйсін және қытайлармен бірігіп, оларға қарсы шығады. 85 ж. қаңлылар Қашардағы қытай уәлиі Бань Чаоға қарсы көтерілген ферғаналықтарды жақтайды. Сол сияқты «Қанлы . . . менмен және кияңқы келеді, үлкендерге сәлем беріп, тәжім етуге қырсығып илікпейді. Оған уәлилер жіберген шенеуніктерді үйсін елшілерінен төменге отырғызады. Билері мен ағамандарына ауқатты алдымен береді, уәли жіберген кісіге содан кейін ғана қояды»- деп хабарлайды.
Қаңлының билік құрған кезеңдегі сыртқы саясатының жалпы бағыты Жібек жолының, Сырдария бойымен жүретін бөлігіндегі Ферғанадан Арал өңіріне дейінгі учаскесін өз бақылауымда қайтсе де сақтап қалуға үмтылушылығы еді. Олар оны уысынан шыгармады да. Жібек жолының Сырдария бойымен жоғары Солтүстік Батысқа - Кавказ бен Каратеңіз өңіріне, сол сияқты түекейге - Иран мен Таяу Шығысқа, Үндістаға мігірсіз жүріп, белсенді әрекет істегенінс қаңлылардың қала жүрты мен обаларын, Яньцай Алань тұрғын үйлерін қазған кезде табылған олжалар: Үндістанның маржан моншақтары, Қытай теңгелері мен айналары, Европаның қола фибулдары - қаптырмалары, Иранның бедерлі тасы - инталио куә бол алады.
Қаңлы халқының этникалық сипаты жөніндегі мәселе күрделі де қиын. Қаңлылардың қай тілде сөйлегені жөнінде де бірыңғай пікір жоқ. А. М. Бернштамның пікірінше, қаңлылар түрік тілді халық болған. Басқа зерттеушілер қанлылар Солтүстік Иранның мал өсіруші тайпалары қатарына жатады, олар б. з. бірінші мыңжылдығы ортасында Сырдария бойына түрік тайпаларының қоныс аударуына байланысты өзінің этникалық бейнесі мен тілін өзгерткен деп болжам жасайды. Б. А. Литвинскии қаңлылар ирантілді сақтардың ұрпағы деп есептейді Оның пікірінше, Қаңлы атын сақ тайпаларының бірі, «былғары киімді әлде (сауытты) адамдар » деп айтуға болады.
Соңғы жылдардағы археологиялық зерттеулерге жүгінсек, қаңлы замандастары салған суреттер қаңлылардың сыртқы бет бейнесін көз алдымызға елестетуге мүмкіндік береді. Олар бізге бір кездер былғарыға тігілген сүйек пластинкаларға салынған гравюра бейнелері күйінде жеткен. Пластинкалар Самарқан облысындағы Қорған төбе қалашығы маңындағы б. з. бірінші ғасырларындағы қаңлы обасын бірінші қазған кезде-ақ табылды. Олардың біреуінде атты және жаяу батырлардың айқасы, екіншісінде - атпен аң аулау көріністері бейнеленген . Айқас пен аң аулауға қатысушылар түгелдей бір этникалық түрпатқа жатады. Олардың бәрінің де маңдайы тиқиып, төбесі қушиып қалған.
Шаштарын жоғары қарата тарап, самайдағысын кейін, құлағының, сыртына карай жатқыза салган. Көздері ромбы тәрізді, мұрындары дөңестеу иектері жалпак, ұзын мұрт, шоқта сақалмен бітеді. Жауынгерлер шекпендерінің сыртына қорғану үшін сопақша немесе қабыршақ секілді пластиндерден жасалған сауыттар киген, бастарында домалақтау дулығалары болған, мойындарын сауытты жағалармен жауып алады екен, бұттарына жабыстыра шалбар киіп, көтерілмес үшін балақбауын табанына іліп койған.
Қару-жарақтардан: ұшы үшкілденіп келетін үзын найзалар, қынабы белдікке қос таспамен бекітітетін екі жүзді ұзын семсерлер, жебесі үш қырлы оқтары бар құрама садақтар, кең бөлігі садақтың өзіне, екі бөлігі оқтарға арналған үш бөлімді қорамсақтары болған. Сопақ қалқан сырты пластиндармен қапталған. Бір жауынгердің айбалтасы бар. Сауытты жауынгерлер сауытсыз аттарға мінген. Аттардың жалы күзелген, құлақтарының арасындағы кекілін күлтелендіріп жинап қойған.
Археологиялық ескерткіштері. Бір кездері қаңлылар өктемдік еткен аудандардан археологтар ескерткіштердің үлкен бір тобын тауып, оны Қауыншы және Отырау-Қаратау мәдениетіне жатқызды (мәдениет дегеніміз белгілі ескерткіштердің, заттардың, мекемелердің, идеялар мен жүріс-тұрыс образдарының, т. б. жиынтығы) . Бұлардың біріншісі Ташкент көгалды аймағында, екіншісі Сырдарияның орта ағысы мен Қаратау сілемдерінен Таласқа дейінгі аудандарда тараған.
Қауыншы мәдениетінің өзгесінен гөрі тәуірірек зерттелгені Шардараға таяу, Сырдарияның оң жағалауына қоныстанған Ақтөбе мекені. Қазбалардың бірі жобасы тікбұрышты көлемі 28x18. 5. м
Орда сарайын толық аршыды. Сарай крест іспеттес етім салынған бесүйден, кірмелік кешені мен құрылымды батыс-шығысынан орап жатқан екі дәлізден тұрады екен. Оның доп ортасында (көлемі 3, 6x3, 6 м) төртбұрышты зал бар, ол басқа үй-жайлармен доғалап иіп салған арқа өткелдермен жалғасып жатыр. Зал бір кездері тегіс шатырмен жабылыпты.
Залдың айналасына орналасқан үйжайлар қорап шатырлармен жабылған, олардың біреуі - күмбезді, тегі ол Орта Азия мен Қазақстандағы күмбезді шатырлардың ертедегі түрінің бірі болса керек. Үй құралымында шатыр маңызды рөл атқарған, оған басқышпен төбедегі қақпалы саңлау арқылы шыққан. Сарайдың қабырғалары, арқалық өткелектері тік және төрт бұрышты қамкесектен қаланған.
Қаңлылардың мекенжайлары әдетте оба қорымдарымен қоршалған, олардың ішінен Жаушықұм, Жамантогай, Төребай-Тұмсық қорымдары қазылды. Қабырлар жерасты үңгірлеріне кесе көлденең жасалған. Қабырларда мәйіттер қосар немесе сыңар жер-ленген, олармен бірге бір-екілі не көбірек құмыралар, моншақтар, темір тоғалар, сүрметас (қас пен кезді бояйтын құрал) қойылған.
Отырар-қаратау мәдениетіне жататын ескерткіштер өте көп шоғырланған ірі орталықтың бірі - Отырар көгалді аймағы. Арыс өзенінің сол жағалауындағы шағын ғана жерде (100 шар. м шама-сы) аумағы әртүрлі: Пұшық-Мардан, Қостөбе, Шаштөбе, Сейітман төбе, Ақайтөбе, Шалтөбе сияқты жиырма шақты төбе бар.
Олардың ең үлкені - Көкмардан, ескерткіштердің басым көпшілігі жинақталған жерді тап осылай атайды. Жәдігерлік екі бөлімнен: негізгі төбе мен оның қасындағы төбешіктерден құрала-ды. Қалажұртының орталық бөлігі - негізгі төбе. Арыстың екі тармағының қосылуы нәтижесінде пайда болған аралда. Төбенің көлемі екі гектардан асады, онын, ең биік жері 15 м. Оның теріскей бетіндегі жарты шақырымдай жерден қала қорымы кездесті, ол биіктігін 2-2, 5 және диаметрі 15 метрге жететін ондаған обалардан тұрады.
Қазба жұмыстары бір мезгілде қала жұрты мен оба қорымында қатар жүргізілді. Әдетте, үйлер бір бөлмелі болып келеді (екінші бөлмесі - қойма болған), олардың іргесі жартылай жерге мәдени қатпарына қазылып салынған, сол себепті де көше жақтан толарға үш-бес тепкішекті басқышпен кірген. Үйлердің есіктері бұрыштардың біріне жақын етіп салынатыны байқалған. Есікке қарама-қарсы, бөлменің ортасына таяу тікбұрышты жерошақ жасалады.
Бөлмені қуалай қабырғаларға тақап аласа сәкі-төсектер қойылған. Есікке таяу бұрыштарда су мен тамаққа арналған ыдыс-аяқтар - хұмалар, су таситын құмырлар мен көзелер тұратын болған.
Ошаққа таяу жерді, еденде дәнүккіштер мен дирмендер жатқан. Олардың бүтіндері немесе сынықтары әрбір үйден табылды десе де болады. Кейбір үйлерде дирменге әдейі тұғыр жасайды екен. Шаруашылығы, кәсібі, ауыл шаруашылығы. Ежелгі қалалар мекенжайларды қазған кезде архиологтар табатын негізгі матирал әдетте керамика: ас әзірлеуге керекті ыдыс- аяқтар - қазандар қақпалы құмыралар табалар тағанды ошақтар : су таситын ыдыстар - аузы кең, бір не екі түтқалы көзелер, көлденең тұтқалы көзелер, екі тұтқалы құмыралар. Бұрын айтқанымыздай - ақ азық-т үлік жерге көміліп қоятын үлкен ыдысгарда - хұмаларда сақталған және асхана заттары: әсемделіп жасалған саптыаяқтар, құмыра-
лар, кеселер кездеседі.
Қаңлылар темірді балқытып, одан күнделікті тұтыныс заттарын жасауды білген. Ұсталар орақ, пышақ, жебе ұштарын жасайтын темірдің дөңгелек бөлектері табылған.
Сүйектен құранды садақтар жасауға қажетті бөлшектер, пышақ саптары, түйреуіштер, қаптырмалар, әртүрлі бойтұмарлар ісгелген. Қасқыр мен иттің, бүркіттің буын сүйектерінен жасалған бойтұмарлар әсем-ақ. Сүйектен ойып жасалған, басы бедерлі түйреуіштері де қарауға қызықты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz