Аударма – аударматанудың өзегі


Кіріспе
I. Тарау
1. 1 Аударма - аударматанудың өзегі4
1. 2 Аудама - тілдік және мәдениетаралық қарым - қатынас құралы………5
1. 3 Аударма түрлері9
1. 4 Аударма техникасы19
II. Тарау
2. 1 Аудармадағы балама туралы түсінік28
2. 2 Балама түрлері28
2. 3 Семантикалық балама. 33
2. 4 Аударма прогматикасы. . 46
III. Тарау
3. 1 Аудармада кездесетін сәйкестіктер туралы түсінік60
3. 2. Баламасыз тілдік бірліктер60
3. 3 Баламасыз грамматикалық бірліктер. 69
3. 4. Баламасыз тілдік бірліктерді аудару жолдары69
Қорытынды. 73
Әдебиеттер. . 77
I. Тарау «Аударма» - аударматанудың өзегі
«Аударма» түсінігі
Аударма ұғымы аударматанудың өзекті мәселелерінің бірі.
Аударма ұғымын әр түрлі жолмен, соның ішіне тереңірек үңіліп талдау жасай оырып анықтауға болады.
О. С. Ахметованың лингвистикалық - терминдер сөздігінде аударма ұғымына мынадай анықтама берілген: 1. Екі немесе бірнеше тілдерді, ондағы бірліктердің семантикалық сәйкестігін іздестіре отырып салыстыру. 2. Тілдік құралдардың көмегімен бір тілдің шығармасындағы хабарды немесе ақпараттарды жеткізу. 3. Өзге тілден айтылған ақпаратты жеткізудің түрлі жолдарын қарастыру ғана емес, сондай-ақ жаңа мәтіннің бастапқы мәтінге формасы жағынан да толық сәйкес келуін зерттеу, бұл әсіресе көркем әдеби мәтіндермен жұмыс жасағанда аса қажет». Осы айтылған түсініктерге байланысты аударматануда екінші анықтама аса жақын. Үшінші түсініктеме көп жағдайда көркем аудармаларда қолданылады.
Сонымен аударма ұғымына мынадай анықтама беруге болады: аударылатын мәтіннің өзге тілде сол тілдің көмегімен бастапқы мәтінге сәйкес мәтіндердің құрылуы. Бұл мәтін бастапқы мәтінмен мазмұны, құрылымы жағынан толық сәйкес келуі қажет.
Аударма дегеніміз полилингвистикалық тұрғыдан түсіндірілетін, нәтижесінде мәтін құралып, аударылатын тілде мәтіннің түпнұсқасын құрайтын вербальды түрі.
Осыған байланысты ауызша-жазбаша өтілетін іс-әрекет пен нәтижені байқауымызға болады. Аударма дегеніміз зерттеулер нәтижесінде 2 жақты іс-әрекетті қамтиды және өзіне мынадай міндеттерді жүктейді «аударма процессі», «мәтіндік аударма».
Егер сөз билингвистикалық немесе полилингвистикалық вербальдық болса, бір тілден екінші тілдегі даму кезеңдері әр түрлі болса, бұл аударманың адресанты ретінде түсіндіріледі. Нақтырақ айтсақ, бұндай аударма бір тілден екінші тілге аударылатын аударма деп аталады.
Аударма - тілдік және мәдениетаралық қарым-қатынас құралы
Жоғарыда айтылған мысалдарға жүгіне отырып, аударманы өзіміз көз алдымызға айтылатын ойдың берілуі ретінде елестетуге болады, бір тілден айтылып, екінші тілге жеткізу. [Нелюбин 1983, 145 бет. ] Бұл дегеніміз- аударма процесін тілдік қарым-қатынас құралы ретінде қарастыруға болады, яғни ақпаратты жіберушіден қабылдаушыға жеткізу.
Аударма процесі ең бірінші нормативтік компоненттері арқылы анықталады. Осы айтылған мағынада аударма ақпараттарының терминдер теориясымен қарастырылған, өйткені бұл ақпаратты беруден бірден-бір жолы олып табылады. Осыған орай, аудармаға басқа да ақпараттарды ауыстыру түрлері бойынша ғылыми негіздерге бағытталуы мүмкін.
Ақпаратты беру процесінде басты элементтері болып ақпаратты беруші бұл ақпаратты құрушы және жіберуші, коммуникаия каналы, т. с. с. орта ақпаратты берудің орындалуы, және де басты коммуникация актісін құрайтын бұл-код, код қарым- қатынаста қолданылады. Код дегеніміз- бірнеше белгілер жүйесі мен шарттардан және олардың ауыстыру мақсатымен байланыс каналдары арқылы ақпаратты беру. Кодтың көптеген түрлері бар, қарапайымнан бастап күрделіге дейін.
Кодтар өз алдына әр түрлі іс-әрекеттерді білдіреді. Мысалы, организмнің гентикалық коды өз алдына мұрагерлік комбинацияларды аминқышқылдары мен протеиндерді қарастырады. Ақпараттарды алмастыру бойынша кодтар ретінде табиғи және жасанды тілдер пайдалану жол белгілерінің жүйесі, дәстүр, этикет және т. б болып табылады.
Ақпараттық теорияда айтылғандай, барлық ақпараттық алмасу түрлерінде қолданыла береді, соның ішінде вербальдық ақпараттық алмасулар. Осыны қарастырып көрейік.
Сонымен, ақпаратты жіберетін адам бар делік. Сондай-ақ ақпарат қабылдаушы да бар. Осының ішінде байланыс каналы ретінде әтүрлі лингвистикалық бірліктер қарастырылады (әріптер, дыбыстар, буын, морфема, сөздер, сөз формасы және т. б) . Бұлар ақпаратты беруге қатысады (жазбаша және ауызша) .
Вербальдық ақпараттардың алмасу кодына тіл қатысады. Бұл кодта арнаулы шектеулі үйлесімділік беріледі, сондай-ақ басқа тілдік бірліктердің пайда болуы, осының бәрі нақты айтылатын мәтінде айтылады.
Бұл (аударма) ұғымда аударма сферасында-«сөздің үстемдігі». Аудармашы, лингвистке қарағанда, тек қана тілмен жұмыс істемейді, сондай-ақ мәтінмен де жұмыс жасайды.
Ақпаратты жіберуші және қабылдаушының бірдей каналға біріккенімен, бірдей не әртүрлі каналдарға байланысты, бір тілдік не екі тілдік коммуникация жайлы айтуға болады.
Лингвистикада «аударма» ұғымы және аударма ғылымы ақпараттық теориядан өзгешеліктері бар, олар сөздік хабар беруден тұрады. Бұл айтылғанның барлығы ақпараттар алмасуының берілуі, сақталуы және қайта өңдеуінде қолданылады.
Осы тәсілдермен, жалпы вербальды коммуникацияның құрылысы мынадай жолмен жасалынады:ақпарат жіберуші, яғни белгілі кодпен; коммуникация каналы(ақпаратты жіберуге арналған), жабаша немесе ауызша түрде ақпаратты (құру) алушы мәлімет немесе реципиент. Бір тілдегі қарым-қатынас нұсқасы осындай сипатта болады.
Екі тілдік қарым-қатынаста бұл схема аздап өзгеріске ұшырайды. Мысалы, жіберуші мәлімет аударматану терминінде түпнұсқа деп аталады, түпнұсқа мағынасын жеткізуде канал байланыстары арқылы басқа каналға алмастырылады, бұл яғни хабар алушы немесе реципиент осының арқасында аударма жүзеге асырылады.
Егер осы жоғарыда айтылған айырмашылық коммуникация процесінің бір тілдік теорияда ақпаат жіберуін және ақпарат теориясын терминологиялық характерге ие болса, онда 2 тілдік қарым-қатынастарды 1 тілдік қарым-қатынас айырмашылығы ақпарат жіберуімен және реципиентін мәліметін декотивті-кодифтік мәлім қайта құруында. Яғни аудармашы қосымша элементті құрушы ретінде қатыса отырып тағы да бір байланыс каналын құрайды. Байланысты құрушы кез-келген уақытта 2-тілдік коммуникация кодымен жұмыс жасауы мүмкін. Бұл жұмыспен аудармашы немесе арнайы автоматтық компьютерлік программалар жүзеге асыруы мүмкін, яғни осы әдіске сүйене отырып, коммуникацияның принциптік әсері болуы мүмкін, яғни ол байланыстың жалпы схемасын қиындатуымен түсіндіріледі. Расында да, ақпаратты алушы арасында, тікелей кодты құрушы аудармашы қалыптасады.
Егер аударманы жалпы адам жүзеге асырса, бұл аударма «табиғи аударма» деп аталады, егер машина болса- «машиналық» немесе компьютерлік аударма деп аталады.
Ақпаратты жіберуші бірінші кезекте тек қана бір тілде немесе кодпен жіберіледі. Ақпаратты жіберушінің басты міндеті бұл- ақпаратты алушыға немесе тыңдаушыға әсер беру, бұл ақпаратты алушыдан нақты түсінімділікті талап етеді. Әдетте ақпарат немесе мәлімет таныс емес шет тілінен беріліп, қабылдаушыға үлкен қиындықтар туғызуы мүмкін. Осы себептен коммуникация жүруінің мақсаты ретінде бұл қиындықты болдырмау үшін кодты қайта құру әдісі қолданылады, басты мақсаты бір тілдік бірліктің кодына алмастыру. Осы әдіспен аудармашы- қайта құрушы бір жағынан ақпаратты бір кодтан алып, оны өңдей отырып басқа кодтың көмегімен алынған мәліметті жеткізеді Аударматануда бастапқы код аударылатын тіл деп аталады да, ал түпнұсқаның мағынасын беретін тіл аударылған тіл деп аталады.
Шынында да, аудармашы өзінің міндеті бойынша бір жағынан ақпаратты алушы ретінде қатысса, екінші жағынан ақпаратты жіберуші ретінде қатысады. Бірінші жіберуші бір тілдің көмегімен ақпаратты жібереді. Аудармашы мәліметті алмастыра отырып қабылдайды.
Содан кейін масканы ауыстырушы секілді, ақпаратты алушыдан жіберушіге айналады. Ақпаратты қабылдай отырып аудармашы басқа тілдің көмегімен аналогиялық ақпаратқа алмастырады, және осы тілде реципиент барлық түсінген мәліметті акті ретінде көрсетеді.
Осы айтылған ұзақ жолдардан өте отырып, бастапқы берілген мәтін өз жетістіктеріне жетеді.
Аударма формасы бойынша мынадай түрлерге бөлінеді: ауызша, жазбаша немесе ауызша-жазбаша, бұл аударма әсіресе «байланыс каналына» сәйкес келеді-бұл орталық ақпаратты алмастырумен жүзеге асырылады. Аударма орталығы арнайы графикалық әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін(әріптер, диакритикалық пунктуациялық белгілер және т. б. ), бұл аударманың сыртқы, материалды мәтіннің жасалуы ретінде қолданылады. Физикалық дыбыстардан дыбысталу ырғағы, бір тілден немесе екінші тілдегі дыбыстар арқылы беріліп, содан сөз, сөйлем немесе мәтіннің құрылуы.
Аударма техникасы
Теоретикалық модельдер мен аудармашының аудармашылық трансформациялардың көмегімен орындалатын аударма процесін суреттеу өз алдына аудармашыға нақты іс-әрекеттер мен аудармашылық мақсаттарды қажет етпейді. Мұндай суреттеу аударманың лингвистік процестеріне тән, түпнұсқа мен аударманың арасындағы қатынастар мен мәтіндегі жеке бірліктер, бұл бірліктер арнайы лингвистикалық қайта құрудың нәтижесі болып табылады. Осындай қайта құрулар аударма тәсілі ретінде қарастырылады және аудармашы осы тәсілдерді керекті кезде пайдалана алады.
Сондай-ақ аударманың лингвистикалық бейнелеу процесі аудармашының психолингвистикалық суреттеу барысында толықтырылуы мүмкін. Бұл кезде соңғы мақсаты аудармашының аудару барысында нақты стратегияларды ашу. Аудармашылық іс-әрекет көзқарас бойынша аударма эвристикалық процесс, бұл процесте аудармашы түрлі техникалық тәсілдерді пайдалана отырып, шығармашылық міндеттерді орындайды.
Нақты аударма процесі уақытпен тығыз байланысты, себебі берілетін ақпараттың көлемі шағын немесе көлемді болуы мүикін және аударма бірден орындалуы мүмкін емес. Аудармашы алдымен мәтінді жеке бөліктерге бөліп аударады. Бөліктердің ұзақтығы түрлі тілдер мен жеке аударма түрлерінде бірдей емес. көп жағдайда аударма процесіндегі минималды бірлік мәтінге бір түсініктеме береді. Егер мәтінде белгілі бір түсініктеме беруге ақпарат жеткіліксіз болса, және оған мәтіннің басқа бөліктерімен танысу қажет болса да, аудармашы осы бөлікті аудармай басқа бөлікке көшпейді. Мысалы мына мысалда аудармашы екі бірдей сөйлемді біріккен сөйлемге айналдырады:
One of the fundamental aspects of the greatly strengthened United States imperialism following World War 1 was its fightening grip upon the other countries of the Western hemisphere. This was especially the case in Latin America.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ империализмінің экономикалық өсуі болып оның батыс елдеріне өз үстемдігін нығайтуы болды, әсіресе Латын Америкасында.
Ал ауызша аудармада аудармашы мүлдем басқаша тәсілдерді орындайды.
Бір жағынан ілеселі аудармада аудармашы ақпараттың бірнеше аспектілерін есте сақтай отырып, оратордың сөзінен кейін аудара бастайды. Екінші жағынан, синхрондық аудармада түпнұсқадағы ақпаратты бір мезгілде аударуды талап етеді. Сондықтан да аудармашы ақпаратты алғаннан бастап оны аударуға әрекет жасайды. Аударма процесіндегі бірліктердің көлемі айтылу бөліктерімен анықталады.
Аударма процесінде аудармашы әрқашан аударылатын тіл мен аударылатын тілдік бірліктерді салыстырып отырады. Аударылатын тілді қолдана отырып аудармаштүпнұсқаның мағынасын түсінеді, аударылған тілдің көмегімен мәтінді аударады.
Осыған байланысты аударма процесінде бір-бірінен өзгешеленетін екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезеңге аудармашының түпнұсқадан ақпаратты алу әрекеті жатады. Екіншісіне- аударылған тілде жасалынатын барлық қажетті әдіс-тәсілдерді жатқызуға болады.
Ақпаратты алу кезеңі түпнұсқаның мағынасын түсінумен анықталады. Яғни бұл кезеңде аудармашы түпнұсқадағы барлық ақпаратпен танысып, оның толық мән-жайын түсінеді. Содан кейін аударуды бастайды. Кейде мәтіннің мазмұны күрделі ақпараттық жүйеден тұруы мүмкін, сондықтан да аудармашыдан ойлау қабілетінің жоғары болуы талап етіледі.
Аудармада түсінік ұғымын екі жолмен анықтауға болады: түпнұсқаның мағынасына жалпы қорытынды жасау мен аударылатын тілдің құрамын жасау. Аудармашы аудармның мазмұнын жете ұғынып, оны аудармада дәл жеткізу қажет. мысалы, мына сөйлемде:It is important to get clear which are the structural and instutional impediments that prevent Britain from making the best use of its resources. ағылшынның құрушысына (рецептор) institutional сөзінің нақты мағынасы қажет емес, себебі бұл сөз басқарма, көпшілік, жалпы әлеуметтік институтпен байланысты. Ал аудармашыға бұл сөздің жалпы әлеуметтік институтпен байланысты. Ал аудармашыға бұл сөздің жалпы мағынасыз жеткіліксіз, өйткені ол түпнұсқаның нақты мағынасын жеткізе білуі керек.
Мына сөйлемді аударғанда аудармашыда бірнеше қиындықтар туындауы мүмкін:Since F. D. Roosevelt was baited and frustrated by the right and adopted by the left, his political ego was enlisted in support of the popular view. Мұнда аудармашы baited, frustrated, adopted етістіктерінің айтылу мақсаттарын және his political ego -сөзінің нақты мағынасын беруі керек.
Соңғы болып аудармашы түпнұсқаның синтаксистік құрамасын талқылайды. Тhe level of future supplies depends on the farmers decisions taken well in advance and not always on the best information and advice. Бұл сөйлемде айтылу мақсатына қарай көмекші сөз on жалғанып тұр. Егер to depend етістігін басшылық етсе онда сөйлемнің аудармалы болашақтағы қойылым ең дұрыс ақпараттар мен кеңестен емес, шаруа қожалықтарының шешіміне байланысты байланысты болады. Егер екінші көмекші сөз on сөйлемнің басты мағынасы ретінде қолданса to take a decision on the best of information. Онда сөйлемнің мағынасы, болашақтағы қойылым ұзақ уақыт бойы шешілген ең дұрыс кеңестер мен ақпараттардың негізінде шаруа қожалықтарының төрайымдары арқылы шешіледі.
Аударма процесіндегі екінші кезең - аударылатын мәтін құрастыру үшін тілдік бірліктерді кездестіру және бұл жерде аудармашы тұрғысынан аударылған тіл кәдімгі тілдік қарым-қатынастардан өзгешеленеді. Бұл жерде аударылатын тілдің нормасына байланысты емес, екінші бір аударылатын мәтіннің ерекшеліктеріне байланысты.
Түпнұсқаның мағынасын баламалы түрде берілуінде аударылатын тілде ешқандай шектеулілік болмайды: аударма түпнұсқа мәтіннен жиі қолданылатын құрамымен, түпнұсқаның аналогиялық құрамы, жасанды тілдік бірліктердің көп мөлшерімен, лексикалық бірліктермен, түпнұсқада жиі айтылатын сөздерді қолдануымен ерекшеленеді. Ағылшын-орыс аудармаларында кейіпкерлер әулие Георгидің атымен ант береді. Бірақ айтқан уәделерінде тұрмайды. Кейде орысша мәтіндерде ағылшын тіліне сәйкес келмейтін сөздер бар оларға: барбос, безлюдье, даль, ежовый, исстари және т. б. Егер аударылатын тілде тарихи осы шақ қолданылмаса немесе жиі қолданса, орыс тіліне аударуда бұл формалар жиі кездесетін болады. Аударылатын тілдің көптеген аударма актісінің нәтижесі бойынша өзіндік жүйе қалыптасады.
Осы айтылған екі кезең аударма кезінде тығыз байланыста болады. Аудармашы аудару барысында екі тілдің бірліктерін іздестіріп, түпнұсқаға қажетті бірліктерді салыстыра отырып аударады. әсіресе аударма барысында аудармашы сөздіктермен жұмыс жасай білуі керек. Кейде сөздікте көрсетілген сөздер түпнұсқаның мағынасымен сәйкес келеді, мұнда аудармашы бұл сөздерді қолданады. Ал егер түпнұсқада берілген сөздер сөздікте болмаса, онда аудармашы аударылатын тілден керекті бірліктерді іздестіре отырып, сөйлемнің мағынасына қарай аударады. Аудармашы мына сөйлемді аударып жатыр деп есептейік:
The United States worked out a formula which later came to be known as dollar diplomacy.
БАРС бойынша formula сөзінің төрт түрлі мағынасы бар: «формула», «рецепт», «догмат» және «шаблон», бұлардың біреуін де берілген сөйлемге қолдануға болмайды. Бірақ аудармашы сөздіктегі нұсқалардың мынадай әдістерін қолдана алады: 1) formula сөзін сөздіктен іздеп табу: «формула рецепт»- «жұмысқа басшылық» 2) табылған сөзді нақты жағдайларға ауыстыру(біздің мысалда бұл саяси өмірге қатысты), саяси сөзде жұмысты басқару бұл бағдарлама, платформа, докторина. Енді сөйлемді аударайық:
АҚШ жақында саяси бағдарламаны ойлап тапты, уақыт өте келе бұл саясат долларлық дипломатия деп аталды. Түпнұсқаның жалпы мағынасы аудармада іздестіре берілмейді.
In a few days time this war criminal will be writing articles demanding that the German Army be praised and not blamed for its attitude in the last war.
Ағылшынның attitude сөзінің мағынасы сөздікте: «пікір, қарым-қатынас».
Бұл әскери қылмыскер бірнеше күннің өзінде-ақ мақалаға соңғы соғыстағы неміс армиясының іс-әрекеті туралы жазады.
Егер сөзде бір ғана нұсқаның мағынасы берілсе, аудармашы мұқият әрекет етуі керек.
The Tory leaders, skilful opportunists that they are6 immediately changed the tune and began to pose as great champions of peace.
Ағылшынның opportunist сөзінің аудармасы «оппортунист», бірақ бұл сөз сөйлемге сәйкес келмейді. Ағылшын тілінде бұл сөз саяси партияларда, бейімділік мағыналарында қолданылады. Аудармасы:
Саяси қайраткерлер жақында суреттеудің екінші кезеңіне аудармашының түрлі әдістерді қолдануын жатқызамыз. Аудармашы аудару барысында мәтіндегі басты элементтерді анықтап, грамматикалық және семантикалық тұрғыдан дұрыс сөйлем құрады. Аудару түрлері шығармашылық актінің басты бөлігі.
Аударма барысында нақты стратегия мен техникалық тәсілдер түпнұсқа мен аударылатын тілдің қарым-қатынасына тәуелді. Ең бастысы аудармашы түпнұсқаның мағынасын түсінуі керек. Тек қана түсінген мәтінді ғана аудармашы аудара алады. Бір жағынан түсінік түрлі деңгейде болуы мүмкін, ал екінші жағынан аудармада сәйкес келетін бірліктерді пайдалануымен түсіндіріледі.
Екінші принцип- аудармашының мақсаттарын анықтауға бағытталған және мұнда түпнұсқаның әріптерін емес, мағынасын аудару керек делінген. Түпнұсқаны әріптермен жеткізу бұл тек қана арнайы жағдайларда қолданылады, мысалы транскрипцияда немесе транслитерацияда. Мәтіннің толық мағынасы дұрыс тілдік бірліктерді қажет етеді. Егер аудармашы ағылшынның мына фразасын: He is a regular ass орыс тілінде аударса, онда “Он регулярный осел” болып аударылады. Regular сөзінің мағынасы орыс тіліндегі регулярный сөзімен алмастырылса да, сөздің мағынасы мүлдем басқа.
Үшінші принцип аударылған мәтіндегі маңызды элементтерді анықтауға бағытталған. Мысалы аудармашы түпнұсқаның мазмұнын толық түрде жеткізді дейік. Ол тікелей аударма барысында түпнұсқаның ең жақын лексикалық бірліктері мен аналогиялық синтаксистік бірліктерін қолданады. Бірақ аудармашыға түпнұсқаның мағынасы бірдей емес. Бұл жағдайда аудармашы түпнұсқада басыңқы және басты басты элементтерді анықтап алып, керек болған жағдайда басыңқы элементтің көмегімен басты элементті толықтай жеткізеді. Осы аудармада бір мезетте логикалық және түпнұсқаның коннотативті құрамын таңдауы тиіс:
The other shoe has been dropped by the company in its push into the computers market.
Компания рыноктық қатынастың нәтижесінде компьютер шығаруды бастады.
Аудармашы ғылыми-техникалық сөйлемде түпнұсқаның коннотивтік мазмұнын бермеуге бермеуге шешті, себебі бұл сөйлемнің мағынасын түсінуін қиындатады. (Компания тағы да бір етігін алып тастады) . Ал келесі мысалда аудармашы керісінше сөйлемде коннотативтік мағынасын сақтаған:
The weight penalty of the automatic unit to the traditional gear box must be small.
Міндетті автоматтық қорапшалардың салмағының өсуі, қазіргі көзбен салыстырғанда анағұрлым аз.
Сөйлемнің басты элементтері болып тілдік бірліктегі лингвистикалық мағыналары болуы мүмкін. Мәтінде жәй берілген сөздер көп мағыналы немесе омонимдерден тұруы мүмкін. Бұл кезде сөйлемнің доминанты құрамы формалды байланысқа айналады. Байланыс ойын сөздердің аудармада құрамын сақтап қалуына көмектеседі.
“Can you herd sheep? “Do you mean have I heard sheep? (O. Henry)
Сіз қойларды баға аласыз ба?
Аудармашы айтылуы бірдей herd пен heard сөздерін «бағу» және «көмектесу» сөздерімен алмастыры.
Мәтіндегі доминанты құрамдарын анықтап, айтылған ойдың нақты мағынасын беру аудармашылық тәжірибенің басты бөлігін құрайды.
Аудармашының төртінші принципі постулатпен шектеледі, мұнда сөйлемнің жеке бөліктеріне қарағанда, жалпы мағынасы басты орын алады. Жоғарыда айтылып өтілген үш принциптен айырмашылығы оның ақпаратты жеке бөліктерге емес, оның жалпы мағынасын қамтиды.
"Isn't it nice here", she said, "All Dickensy. And look at that little waiter there with the funny guiff. He is utterly squoo". (J. Braine)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz