Қазақстан өзендері


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1 Қазақстан өзендерінің жалпы ерекшеліктері

2 Өзен торының ерекшелігі

3 Өзен суының шығыны және жылдық ағыны

Өзен жүйлері және өзен алаптары. Қазақстан территориясында ірілі - уақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Есіл, Тобыл, Орал, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000км. ден асады.

Республиканың барлық өзендері солтүст ік мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына жатады. Екі алап арасындағы суайырық Саур - Тарбағатай тау жүйесінің қырқасымен Сарарқа, Торғай үстірті арқылы өтіп Оңтүстік Оралға тіреледі. Солт. Мұзды мұхитты алабы өзендерінің су ағыны тұрақты келеді. Бұл алқапқа жататын өзен Ертіс (Есіл және Тобыл салаларымен) . Республика өзендерінің едәуір бөлігі ішкі тұйық алабқа жатады, олар көлдерге барып құйады. Бұл көлдердің ірілері- Каспий, Арал теңіздері және Балқаш көлдері. Балхаш көлі ішкі алапқа құйатын құмға барып сіңіп кететін, уақытша ағатын өзендерде жатады.

Каспий теңізі алабы Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға Орал, Жем (Ембі), Сағыз, Ойыл, Үлкен және Кіші өзен, олардың салалары жатады.

Арал теңізі алабына Оңтүстік Қазақстанның Оңтүстік бөлігінің өзендері жатады. Өзендер шөл зонасында орналасқан және өзен торы сирек. Басты өзендері- Сырдария, Арыс саласымен Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас өзендері. Бұлардың ішінде Сырдариядан басқасы Арал теңізіне жетпей құмға сіңіп кеттеді немесе шағын көлдерге бітеді.

Балқаш - Алакөл көлдер тобы алабына Қазақстанның Оңтүстік - Шығысындағы өзендер кіреді. Олар: Қаратау, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек және т. б.

Өзен торының ерекшелігі

Қазақстан өзендерінің жасы әр түрлі. Жазық бөлігінің өзен жүйелері ескі, өзінің даму сатысының соңғы кезеңінен өтуде. Сондықтан жазықтардағы өзендердің аңғарлары жақсы түзілген әрі кең болып келеді. Бұл өзендердің тереңдік эрозиясы баяу, ал бүйірлік эрозиясы күшті болады. Таулы аймақтардың өзендері геологиялық тарихи жағынан жас өз дамуының бастапқы кезкеңінің өтуде. Бұлардың блар қимасы тік, құламалы келеді, яғни қалыптасып бітпеген. Өзендердің тереңдік эрозиясы жылджам да бүйірлік эрозиясы баяу.

Қазақстан өзендерінің екінші ерекшелігі - территория бойынша әр келкі таралуы. Жазық - аласа таулы бөлікте өен торының жиелігі Солт. Оңт қарай кеми береді.

Жауын - шашын түсетін орманды дала және дала зоналары өзенге бай. Республиканың Солт. е өзен қорының жиілігі әрбір 100шаршы км-ге орта есеппен 4 - 6 км-ден, орталық шөлейт зонадан 2 - 4 км, ал Оңт. зонасында 0, 5 км келеді.

Қазақстаның биік таулы аймақтарында өзен көп. Алтай, Жоңғар Алатауы және Тьян- Шьян тауларына жауын- шашын мол түседі. Өзен торының жиелігі тау бөктерлерінде әрбір 100 км-ден 4-6 км, таудың орта бөлігінде 10-12км-ге биік тауларда 16-18км жетеді.

Өзен суының шығыны және жылдық ағыны

Өзеннің су шығыны дегеніміз су қимасыныа 1 секунд ішінде ағып өтетін су мөлшері. Әдетте су шығына секундына ағып өтетін текше метр есебімен өлшенеді(м3/ сек)

Қазақстанның ең мол су өзендері- Ертістің көп жылдық орташа су шығыны Республика территориясында 960 метр 3 / сек, Сырдария өзенінің су шығыны - 730 метр 3 /сек.

Өзеннің жыл бойында ағып шыққан су шығынның жылдық ағын деп атайды. Мысалы: Ертістің жылдық ағыны- 28000млн. Метр 3. Ағын Республика территориясы бойынша әркелкі та\раған, беткі ағының мөлшері- 59 км 3. Жылдық ағының мөлшері мен ең алдымен климатпен бпйланысты.

Қазақстанның жазық аудандарында жылдық ағынды негізінен анықтайтын қар жамылғысының таралу сипаты және қардың еру алдынғы қоры болып есептеледіү Жаңбыр түгелге жуық топырақтың жоғарғы бетін ылғалдандыруға және буландыруға жұмсалады. Таулардың өзен ағынына әсерін тигізетін басты факторлардың бірі - жер бедері. Абсалюютік биіктік артқан сайын жылдық атмосферадық жауын- шашын мөлшері молая түседіү Қазақстанның солтүстігінде ылғалдану коэффициенті бірдің маңында ағын да көбірек және өзендердің суыда молырақ. Оңтүстік ылғалдану коэффиценті бірден төмен, ағын да аз.

Қазақстанның территориясы бойынша орташа ағының әрбір шаршы км-ге келетін мөлшері 23метр 3. Республикамыз өзен ағынының мөлшері жағынан Туркмениядан ғана алда.

Ағын жыл маусымдарына қарай өзгеріп отырады. Қыс айларында жазықтықтағы Өзендер жылдық ағының 1% береді. Бөгендегі су халық шаруашылығына қыстада, жазда да біркелкі жұмсалады. Елімізде 168 су бөгені бар, олардың ең үлкен і- Бұқтыма мен Қапшағай.

Балқаш - Алакөл алабы

Іле өзені Шығыс Тьян- Шьян тауларынан басталатын Текес және Күнгес өзендерінің қосылуынан пайда болады. Өзеннің жалпы ұзындығы 1439км, оның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 815 км. Республика шегіндегі ірі салалары- Таалғар, Қаскелең, Күрті, Шелек, Шарын, Өсек, Қсакелеңнің саласы Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің таудан шығар аралығында Қазақстанның басты қаласы- Алматы орналасқан. Басталар жерінде тау өзені болып табылатын Іле орта және төменгі бөлігінде жазық өңірімен ағады. Қапшағай шатқалы маңында өзен аңғары тартылады да күртті өзені құйғанан кейін аңғары кеңіп, қайтадан жазық өзенге айналып, Сары есік -Атырау және Тауқым құмдары аралығымен ағады.

Қапшағай шатқалынан төмен Іленің көне атырауы Бақанастң ( Шетбақаныс, Ортақбақаныс, Нарынбақаныс) құрғақ арналары бөлініп шығады. Іленің аңғары 200 м- ден (Қапшағай шатқалы) 15км-ге дейін кеңейеді. Суының молдығы жөнінен Іле республикадағы үшінші өзен. Жылдық орташа су шығыны 472 м3/сек. (Қапшағай тұсында) . Негізінен қар және мұз суымен қоректенеді. Өзеннің ең жоғары деңгейі шілде- тамыз айларында байқалады. Өзен қарашаның аяғында қатып, сәуірдің басында мұздан ашылады.

Іле алабындағы тау өзендерінде тасты-лайлы тасқындар(селддер) жиі болып тұрады. Тасқындар жолындағы тау беткейлерін бұзады, өзен арнасын өзгертеді, көпірлер мен құрылыстарды талқындап, халық шаруашылығына көп зиян келтіреді. 1963 жылғы шілденің 17-сінде болған жойқынсел әдемі Есік көлінің табиғи бөгенін бұзып, көлді жойып жібереді. Соңғы кезде селге қарсы күрес жүмыстары жүргізіліп, түрлі шаралар жүзеге асырылуда. Мысалы, тау беткейлерін бұзылудан сақтау үшін ағаш отырғызылып, шөп өсіруілуде, бөгендер салынуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан өзендері. Өзен және олардың маңызы
Қазақстандағы ірі физикалық – географиялық аудандар
Қазақстанның климаты, биологиялық сулары және рекриациялық аудандар
Тұщы судың қоры, өзендер
Қазақстанның ірі өзендері
Қазақстанның ішкі сулары
Батыс Сібір жазығы
ҚАЗАҚСТАН ӨЗЕНДЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Азия өзендеріне жалпы сипаттама
Азияның өзендеріне жалпы сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz