Құран немесе Құран Кәрім
1 Құран сөзінің шығу тегі
2 Құран Кәрімнің Ислам діні мен мұсылмандардың арасындағы маңыздылығы
3 Тарихы
3.1 Уахидың басталуы
3.2 Құран түсірілуінің сипаты
3.3 Құранның «Лаух әл.Махфуз».дан түсірілуі
3.4 Құранның жиналуының қысқаша тарихы
3.5 Әбу Бәкр нұсқасы
3.6 Осман нұсқасы
3.7 Әбу Бәкр нұсқасының арғы тарихы
3.8 Құран аяттарының түсу себептері
3.8.1 Мысалдары
3.9 Құран басылымдары
4 Құранның мәтіні
4.1 Сүрелер мен аяттар
4.2 Құранның аяттары, сөздері, әріптері және олардың сандары
5 Құран ғылымдары
5.1 Тафсӣр
5.2 Та′уӣл
5.3 Құранды тікелей және аллегориялық тәпсірлеу
5.4 Үкімін жоюшы және үкімі жойылған аяттар
6 Құранды басқа тілдерге аудару
6.1 Құранның қазақ тіліне аудармалары
7 Тилə̃уәт (Құранды оқу)
7.1 Құран әдебі
7.2 Қырааттар (оқу тәсілдері)
8 Құранды жазу
9 Құран мен құдси хадистің айырмашылығы
10 Құрандағы болашақ туралы хабарлар
11 Құран бағыштау

Ислам дініндегі басты қасиетті кітап; мұсылмандар оның Мұхаммед пайғамбарға ақиқатты баян ету үшін түсірілген, бізге одан үзілместен жеткен Аллаһтың сөзі екеніне сеніп[1],иман келтіреді, оны оқу (тиләуәт) арқылы Аллаһқа құлшылық қылады; Құран Тәуратпен Інжілден кейінгі аспандық кітаптардың ең ақырғысы, араб тіліндегі кітаптардың ішінде шешендік тұрғысынан ең байы саналады. Құран уахидың түскен жері мен уақытына байланысты меккелік және мединелік боп бөлінген 114 сүреден тұрады. Мұсылмандар Құран Мұхаммед пайғамбар 40 жасқа жеткеннен бастап өліміне шейін (632 жыл/11 һ.ж.) 23 жыл бойы Аллаһ тарапынан Жәбірейіл періште арқылы түсірілгеніне сенеді. Сонымен қоса мұсылмандар Құранның сахабалармендәлме-дәл сақталғанына, оның аяттарының анық және баяндалған екеніне сенеді, оның барлық замандағы күллі адамзатқа уағыз ретінде жіберілгеніне сенеді.
Мұхаммед пайғамбардың өлімінен кейін Құран әділетті халифа Әбу Бәкр әс-Сиддиқпен Омар ибн әл-Хаттабтың ұсынысына сәйкес бір нұсқаға жиналады. Екінші халифа болған Омардың өлімінен кейін Құранның бұл нұсқасы иман келтіргендердің анасы Хафса бинт Омарда сақтаулы қалды. Бұл жағдай үшінші халифа Осман ибн Аффанның мұсылмандардың Құран оқудағы түрлі диалекттердің себебінен болған қайшылықтарын көргенге дейін жалғасады. Осман Хафсадан Құрайыш диалектіне сәйкес жазылған нұсқаны ортақ үлгі болу үшін сұрап алып, көшірмелерін жасауды, оған сәйкес емес нұсқаларды жоюды әмір етеді. Османның бұл жинақтаған Құранның нұсқасы халифат аумағына таратылып, ол бір нұсқасын өзіне қалдырады. Бұл нұсқа Османның мусхафы (Құранның экземплярын «мусхаф» деп атайды) аталып кетті. Зерттеушілер Осман жинаған Құранның нұсқасы Әбу Бәкр жинаған нұсқаға толығымен сәйкес санайды.

Құран немесе Құран Кәрім (араб.: القرآن, al-qurʾān, [ qurˈʔaːn])
— Ислам дініндегі басты қасиетті кітап; мұсылмандар
оның Мұхаммед пайғамбарға ақиқатты баян ету үшін
түсірілген, бізге одан үзілместен жеткен Аллаһтың сөзі екеніне
сеніп[1],иман келтіреді, оны оқу (тиләуәт) арқылы Аллаһқа құлшылық қылады;
Құран Тәуратпен Інжілден кейінгі аспандық кітаптардың ең ақырғысы, араб
тіліндегі кітаптардың ішінде шешендік тұрғысынан ең байы саналады.
Құран уахидың түскен жері мен уақытына
байланысты меккелік және мединелік боп бөлінген 114 сүреден тұрады.
Мұсылмандар Құран Мұхаммед пайғамбар 40 жасқа жеткеннен
бастап өліміне шейін (632 жыл11 һ.ж.) 23 жыл бойы Аллаһ
тарапынан Жәбірейіл періште арқылы түсірілгеніне сенеді. Сонымен қоса
мұсылмандар Құранның сахабалармендәлме-дәл сақталғанына, оның аяттарының
анық және баяндалған екеніне сенеді, оның барлық замандағы күллі адамзатқа
уағыз ретінде жіберілгеніне сенеді.
Мұхаммед пайғамбардың өлімінен кейін Құран әділетті
халифа Әбу Бәкр әс-Сиддиқпен Омар ибн әл-Хаттабтың ұсынысына сәйкес бір
нұсқаға жиналады. Екінші халифа болған Омардың өлімінен кейін Құранның бұл
нұсқасы иман келтіргендердің анасы Хафса бинт Омарда сақтаулы қалды. Бұл
жағдай үшінші халифа Осман ибн Аффанның мұсылмандардың Құран оқудағы түрлі
диалекттердің себебінен болған қайшылықтарын көргенге дейін жалғасады.
Осман Хафсадан Құрайыш диалектіне сәйкес жазылған нұсқаны ортақ үлгі болу
үшін сұрап алып, көшірмелерін жасауды, оған сәйкес емес нұсқаларды жоюды
әмір етеді. Османның бұл жинақтаған Құранның нұсқасы халифат аумағына
таратылып, ол бір нұсқасын өзіне қалдырады. Бұл нұсқа Османның
мусхафы (Құранның экземплярын мусхаф деп атайды) аталып кетті.
Зерттеушілер Осман жинаған Құранның нұсқасы Әбу Бәкр жинаған нұсқаға
толығымен сәйкес санайды.
Мазмұны
[жасыру]
• 1 Құран сөзінің шығу тегі
• 2 Құран Кәрімнің Ислам діні мен мұсылмандардың арасындағы маңыздылығы
• 3 Тарихы
o 3.1 Уахидың басталуы
o 3.2 Құран түсірілуінің сипаты
o 3.3 Құранның Лаух әл-Махфуз-дан түсірілуі
o 3.4 Құранның жиналуының қысқаша тарихы
o 3.5 Әбу Бәкр нұсқасы
o 3.6 Осман нұсқасы
o 3.7 Әбу Бәкр нұсқасының арғы тарихы
o 3.8 Құран аяттарының түсу себептері
▪ 3.8.1 Мысалдары
o 3.9 Құран басылымдары
• 4 Құранның мәтіні
o 4.1 Сүрелер мен аяттар
o 4.2 Құранның аяттары, сөздері, әріптері және олардың сандары
• 5 Құран ғылымдары
o 5.1 Тафсӣр
o 5.2 Та′уӣл
o 5.3 Құранды тікелей және аллегориялық тәпсірлеу
o 5.4 Үкімін жоюшы және үкімі жойылған аяттар
• 6 Құранды басқа тілдерге аудару
o 6.1 Құранның қазақ тіліне аудармалары
• 7 Тилə̃уәт (Құранды оқу)
o 7.1 Құран әдебі
o 7.2 Қырааттар (оқу тәсілдері)
• 8 Құранды жазу
• 9 Құран мен құдси хадистің айырмашылығы
• 10 Құрандағы болашақ туралы хабарлар
• 11 Құран бағыштау
• 12 Тағы қараңыз
• 13 Дереккөздер
• 14 Пайдаланылған әдебиет
• 15 Сілтеме
Құран сөзінің шығу тегі[өңдеу]
Құран сөзі араб.: قرأ деген түбір сөзден шыққан, ал оның негізі жинау
мағынасын беретін араб.: قرء сөзі. араб.: деген сөз суды хауызға жинадым
деген мағына береді. Құранның бұлай аталу себебі, оның аяттар мен сүрелерді
жинап, бір-біріне жалғастыруында[2]. Бірақ Құран сөзінің шығу тегі
турасында басқа пікірлер де бар. Әш-Шафиғи айтқан:
Құран деген — есім, оның һамзасы жоқ және қара′ту-дан алынбаған, бірақ ол
Аллаһ кітабының аты
— Әс-Суюти әл-Итқан фи ′улум әл-Қуран, 1 т., 169 бет
Ал әл-Фарраның айтуы бойынша ол қарāин (араб.: قرائن) (жұбайлар, достар;
жекеше түрі: қарӣна) сөзінен шыққан, себебі Құранның аяттары бір-бірін
растайды және бір-біріне ұқсайды, міне сол „қарāин“[3]
Құран сөзі фа′лāн өлшемі (уазны) бойынша жаслаған, және ол
көптеген қарилердің оқуындағыдай һа мзалы боп келеді, жәнеАбдуллаһ ибн Касир
әл-Мәккидің оқылуында жуан болып келеді (араб.: قران). Құран сөзінің шығу
тегіне сирия тіліндегі қасиетті кітапты оқу немес дәріс мағынасын
беретін қарйана (قريانا) сөзі сәйкес келеді. Көптеген батыстық
зерттеушілер Құран сөзі осы сөзден шыққан деп тұжырымдайды, бірақ
мұсылман ғалымдардың көбісі бұл сөздің негізін қара′ түбіріне
қайтарады[4]. Қалай болса да Құран сөзі Мұхаммед
пайғамбардың заманында араб терминіне айналды[1]. Құран
сөзінің тағы бір маңызды мағынасы — оқу (қыраат). Ғалым әт-Табраси айтқан:
Құран сөзінің негізгі мағынасы — оқу. Және де ол „қара′ту“ (оқыдым) немесе
„тәләуту“ сөзінің түбірі, бұл Ибн Аббастан риуаят етілген[5].
Құранның бұдан басқа көптеген Құранның ішінде ишарат етілген атаулары бар.
Мысалға: әл-Фурқан, әл-Һуда, әз-Зикр, әл-Хикма, Каламу-Ллаһ, әл-
Китаб, және мұсылман жазушылар Құранның атулары мен мағыналары туралы
еңбектер жазды. Ал мусхаф деп аталу Құранның жазылған нұсқасын айтылуға
қолданылады. Бұлай аталу бастапқыда қолданылмағанымен, Әбу Бәкр Құранды
жинақтағаннан кейін осы сөз оның атауына айналды. Құранға Фурқан деп
айтылу себебі, ол ақиқат пен өтіріктің арасын айырушы (фариқ), анық құжат
және оның дәлелдері, парыздары, шектері мен басқа да білдіретін мағыналары
хақ пен өтірікті айырушы. Бұл айыру ақиқатты көрсету мен өтірікті негізін
жою арқылы[6]. Аллаһ тағала әл-Фурқан сүресінде айтады:
Өзінің құлына әлемдерге ескертуші болу үшін Фурқанды түсірген (Аллаһ)
Берекетті
Ал Құранның зікір екені туралы әл-Хиджр сүресінде айтылады:
Шын мәнінде Біз зікірді түсірдік және шын мәнінде Біз оны сақтаймыз
Бұдан мақсат — Мұхаммедке түсірілген Құран еске алам
дегендерге зікір, уағыз тыңдаймын дегенге уағыз[7]. Муфассир-ғалымдар
Құранның атаулары үш топтан тұратынын айтқан.
• 1-ші топ. Бұл Құранның заты мен болмысына ишарат ететін есімдер. Әл-
Китаб:
Бұл анық Кітаптың аяттары.
Әл-Құран:
Шын мәнінде бұл Құран ең тура жолға бастайды және салихалы амалдар жасаған
имандыларды үлкен сауаппен қуандырады.
Каламу-Ллаһ (Аллаһтың сөзі):
Егер мүшриктерден біреу сенен пана тілесе, онда оған Аллаһтың сөзін
тыңдағанға дейін пана бер. Сонан соң оны бейбіт орынға жеткіз. Бұл олардың
түк білмейтін қауым екендігінен.
Әт-Танзил (түсіру):
Шын мәнінде ол (Құран) әлемдердің Раббысы түсіргені.
• 2-ші топ. Құранның сипаттарына ишарат ететін есімдер. Әл-Кәрим:
Шын мәнінде ол Ардақты Құран.
Әл-Мәджид (ұлы):
Бірақ ол Ұлы Құран.
Әл-Мубарак (берекетті, мүбарак):
Саған олар аяттары туралы ойланып, ақыл иелері зікір ету үшін түсірілген
Берекетті Кітап.
• 3-ші топ. Құранның адамдарға қалай әсер ететіні туралы. Әл-Һуда (тура
жол):
Бұл күмән жоқ Кітап — тақуаларға тура жол.
Әр-Рахма (рахмет, мейірім):
Жақсылық жасаушыларға тура жол мен мейірім.
Ән-Нур (нұр):
Ей, адамдар! Сендерге Раббыларыңнан дәлел келді және біз сендерге анық Нұр
түсірдік!
және т.б. есімдер мен сипаттар.
Мұсылман ғалымдар Құранның атауларын жинап, оларды түсіндірумен айналысқан.
Мысалға әз-Замахшари өзінің тәпсірінде Құранның 32 есімін жинаған, ал
кейбіреулер болса оның 47 атауын жинаған. Қазы Әбул-Мағали Азиз ибн Абдул-
Мәлик айтқан: Аллаһ Құранды елу бес есіммен атаған, ал әл-Харралидің
санағы бойынша Құранда 90-нан астам атау бар екен.
Құран Кәрімнің Ислам діні мен мұсылмандардың арасындағы маңыздылығы[өңдеу]
Ислам
Бұл мақала
келесі тізімдеменің бір
бөлігі:
Иман[көрсет ►]
Ислам негіздері[көрсет ►]
Мәтіндері мен заңдары[көрсет
►]
Маңызды тұлғалары[көрсет ►]
Ислам тарихы[көрсет ►]
Ислам ағымдары[көрсет ►]
Ислам мәдениеті[көрсет ►]
Ислами терминдер[көрсет ►]
Тағы қараңыз[көрсет ►]
Бұл
үлгіні: қарау • талқылау • ө
ңдеу
Мұсылмандар Құран Кәрімнің Аллаһ
тарапынан Мұхаммед пайғамбарға түс ірілген ақырғы қасиетті
кітап екеніне иман келтіреді. Сондықтан олар Құранды тиләуәт етіп оқу, оны
тыңдау, оған сәйкес амал ету адамды Аллаһқа жақындататын, жүрегін
тыныштандыратын ғибадат екеніне сенеді. Олар Құранның олардың мәдениеті мен
дәстүрінің бастауы екеніне, сол Құран арқылы олардың діни және дүнияуи
өмірде дәуірлегеніне күмән келтірмейді.
Құранның артықшылықтары мен он үйренудің сауабы турасында
көптеген хадистер келген.
Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, басқаларға үйреткендерің[8].
Кімде-кім Аллаһтың Кітабынан бір әріп оқыса, оған жақсылық жазылып, ол
жақсылық он есе көбейеді[9].
Құран оқыған адамға айтылады: Дүниеде қалай оқысаң солай оқы да (жәннәтқа)
көтеріл, шын мәнінде сенің орның соңғы аятты қай жерде оқысаң — сол
жерде[9].
Қандай да бір қауым Аллаһтың үйінде жиналып Аллаһтың Кітабын оқып,
араларында үйренсе, оларға тыныштық түседі, Аллаһтың мейіріміне бөлінеді,
оларды періштелер қоршайды және Аллаһ оларды қасындағылардың жанында еске
алады...[10]
және т.б.
Мұсылмандардың сенімі бойынша әрбір адам Құранға мұқтаж; мұсылманның жүрегі
Құранмен өмір сүреді, көзі нұрланып, тура жолға ілеседі. Мұсылманның бүкіл
өмірі осы Кітаппен байланысты: оның сенімі одан сусындайды, ол Аллаһ разы
болатын ғибадаттарды содан біледі, қарым-қатынас пен мінез-құлықтағы тура
жолды білуге керек болған нәрселерді содан алады, кімде-кім тура жолды бұл
Кітаптан іздемесе, оның өмірі, болашағы мен ақыретте баратын жері құрдымға
айналады, надандық пен адасудың зұлыматына ұшырайды[5]. Бұл тұжырым Құранда
келген аяттар мен Сүннетте келген хадистерге негізделген. Мысалға:

имандыларды үлкен сауаппен қуандырады[11].
Кімде-кім Мені еске алудан бет бұрса, оның өмірі тарылып, Біз оны Қиямет
күні соқыр қып жинаймыз[12].
Әд-Дарими Әли ибн Әбу Талибтан жеткізген хадисте Мұхаммед
пайғамбар : Фитналар (сынақтар) болады деп айтқан. Әли
одан сұрайды: Одан қалай шығамыз? деп. Ол былай жауап береді:
Аллаһтың Кітабы (арқылы). Оның ішінде сендердің алдарыңда және сендерден
кейін не болатыны туралы хабар, араларыңда болған нәрселердің үкімі, ол
шешуші, әзіл емес, кімде-кім оны тәкәппарлықпен тастаса — Аллаһ оны жояды,
одан басқадан тура жолды іздесе — Аллаһ оны адастырады. Ол Аллаһтың мықты
жібі, хикметті зікір, тура жол, онымен армандар адаспайды, онымен тілдер
шатыспайды, ғалымдар оған тоймайды, ол қарсылықтың көптігінен тозбайды,
оның ғажайыптары үзілмейді. Оны естіген жындар: Біз ғажап Құранды естідік
деуді тоқтатпайды. Ол сондай Құран, онымен сөйлеген адам — шындық айтады,
онымен үкім еткен — әділ болады, оған сәйкес амал еткен — сауап алады, оған
шақырған — тура жолға салынады[13].
Құранның ішінде ақиданың, ораза, зекет секіл ді ғибадаттардың, сауда-саттық,
үйлену мен айырылысу, мұрагерлік құқық сияқты адамдар арасында қарым-
қатынастың және әдеп пен мінез-құлықтың үкімдері жинақталып,
баяндалған[13]. Ислам ғұламалары ерте заманнан бастап адамдарға жеңілдету
үшін Құран аяттарынан алынған фиқһ, ғибадат, мауамалат сияқты үкімдерге
қатысты дәлелдерді жинақтауға арналған еңбектер жаза бастаған. Мұсылмандар
Құранда тура жол мен дүниелік мәселелерді реттейтін бұрынғы қасиетті
кітаптарда келген барлық нәрсе жиналғанына сенеді. Бұған дәлел ретінде
олар әл-Мәида сүресіндегі келесі аяттарды келтіреді:
Саған Құранды шынайы түрде өзінен бұрынғы кітаптарды растаушы әрі қорғаушы
түрінде түсірдік. Олардың арасында Аллаһ түсіргенге сәйкес үкім қыл да
өзіңе келген хақтан айрылып, олардың ойларына ерме. Сендердің әрбіреуіңе
заң мен тура жол жасап қойдық. Егер Аллаһ қалағанда барлығыңды бір үммет
қылатын еді. Бірақ сендерге келген нәрседе сынау үшін. Ендеше жақсылыққа
ұмтылыңдар! Сендердің барлығың Аллаһқа қайтасыңдар да Ол сендердің таласқан
нәрселеріңді білдіреді.
Тәпсір ғалымдары Құранның Забур, Тәурат, Інжіл секіл ді кітаптардың ішінде
айтылған заттарды қамтитынын айтады және оған қоса құдайлық мәселелері мен
рухани этикетті баяндайтынын айтады.
Тарихы[өңдеу]
Толық мақаласы: Құран тарихы
Уахидың басталуы[өңдеу]
Алланың елшісі Мұхаммедтің пайғамбарлығы ол 40 жасқа
толғанда басталып, келесі 23 жыл бойы өмірінің ақырына шейін созылды. Ол
пайғамбарлық кезеңінің алғашқы 13 жылын Меккеде, қалған 10
жылын Медине қаласында өткізді.
Ең алғашқы уахи Мекке маңындағы Нұр тауындағы Хира үңгірінде дүйсенбі күні,
17, 21 немесе 24 рамазанда (милади күнтізбе бойынша 620 жылдың 10 тамызын)
және шииттердің пайымдаунша Раджаб айының 27 жұлдызында түскен.
Иман келтіргендердің анасы Айша айтқан:
Аллаһтың елшісіне уахидың түсуі түсіндегі жақсы аяндардан басталды. Және ол
(аянды) көргенде, олар таң шапағы сияқты келетін еді. Одан кейін оның
жүрегіне оңашалануға деген сүйіспеншілік орнатылды да, ол отбасына қайтқысы
келгенше Хира тауындағы үңгірде Аллаһқа құлшылық ету арқылы көп түндер бойы
салихалы амалдар жасап, оңашалана бастады. Әдеткіде ол керек-жарақтарын
алып, олар біткенде Хадишағақайтып келіп келесі оңашалануға керек-жарақты
алатын еді. Сонымен, ол Хира үңгірінде болғанда, оған ақиқат ашылды. Оған
періште келіп: Оқы деді. Ол: Мен оқу білмеймін деп жауап қатты.
Пайғамбар айтатын еді: Сонда ол мені ұстап алды да, мен булыққанша қысты.
Сосын ол мені жіберіп „Оқы!“ деп айтты. Мен: „Мен оқу білмеймін“ деп
айттым. Сонда ол мені екінші қайтара булыққанша қысып, сосын жіберіп
қайтадан: „Оқы!“ деп айтты. Мен қайтадан: „Мен оқу білмеймін“ деп айттым.
Сонда ол мені үшінші мәрте қысып, сосын жіберіп:„Жаратқан Раббыңның атымен
оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратты. Оқы, сенің Раббың Ең Жомарт!“ деді.
Жүрегі қорқынышқа толған Аллаһтың елшісі Хадишаға оралып: Мені бүркеңдер!
Мені бүркеңдер! деді. Оны бүркеп, қорқынышы кеткен соң, ол Хадишаға болған
оқиғаны айтып: Мен өзім үшін қорқамын деді. Хадиша оған: Жоқ! Аллаһ
сізді ешқашан масқара қылмайды! Себебі сен туыстық қатынасты үзбейсіз,
ауырлықты жеңіл етесіз, жоқ-жітіктерге көмектесесіз, адамдарға қонақжайлық
көрсетесің және қиыншылықты көтеруге көмектесесіз деді.[14]
Бұл оқиғадан кейін Хадиша Мұхаммед пайғамбармен бірге
немере ағасы Уарақа ибн Нәуфалға барады. Ол христиан
дінін қабылдап, Інжілден яһудилерді ң жазуы арқылы керек нәрселерін жазатын
болған. Бұл кезде ол жасы үлкен қарт еді.
Мұхаммед пайғамбардан болған оқиғаның сипатын естіген соң,
ол оған Мұса пайғамбарға жіберілген құпиялардың сақшысы (Намус) келген
екенін айтады. Сонымен қоса ол болашақта халқынан қуғын-сүргінге
ұшырайтынын ескертеді, себебі кімде кім бұндай затпен халқына келсе, олар
онымен жауласатын еді.
Бірінші аяннан кейін Мұхаммед пайғамбарға біршама уақыт
бойы уахи түспейді. Кейбір ғалымдар бұл үзіліс үш жылға созылды дейді,
бірақ оның алты ай екенін тұжырымдаған ғалымдар да болған. Бірақ уахидың
түспеуі деген Құранның аяттарының түспегенін білдіреді, ал Жәбірейіл оған
келген жоқ дегенді емес[15]. Джабир ибн Абдуллаһтан келген хадисте
Пайғамбар айтқан:
Бірде мен жолда келе жатып аспаннан дауыс естідім. Мен басымды көтеріп,
маған Хира тауында келген періштенің аспан мен жердің арасында тақ үстінде
отырғанын көрдім. Мен одан қорықтым да, үйіме қайтып: Мені ораңдар, мені
ораңдар дедім. Содан кейін Аллаһ Йә оранған! Тұр да ескерт! Раббыңды
ұлықта! Киіміңді тазала! Және жамандықтан аулақ бол! (Муззәммил сүресі)
деген аяттарды түсірді.
— Сахих әл-Бұхари (4), Сахих Муслим (161)
Бұл аяттар Хира үңгіріндегі Аләқ сүресінің алғашқы аяттарынан кейінгі
алғашқы аян болды. Ғалымдар Мұхаммед пайғамбар Аләқ
сүресінің алғашқы аяттарының түсуімен пайғамбар, Муззәммил сүресінің
аяттарының түсумен елші (расул) болды деп есептейді[16].
Мұхаммед пайғамбардың Меккеде өмір сүрген 13 жылда 83 немесе 85 сүре
түскен[17], олардың ең алғашқысы Аләқ сүресі, ал ең соңғысы әл-Муминун
немесе әл-Анкәбут сүресі саналады.
Құрайыш тайпасының қысымы төзімсіз болып кеткесін Мұхаммед
пайғамбар Ясриб қаласына һижра жасауға мәжбүр болады. Содан
бері ол қала Мәдина ән-нәбәуийа (Медине) деп аталатын болды. Мединеде
түскен сүрелер саны 31 немесе 29 сүре деп есептеледі. Мединеде түскен
алғашқы сүре әл-Мутаффифин сүресі, ал соңғы сүре Тәубе сүресі болды.
Бірақ Ибн Хаджар әл-Асқаланидің Сахих әл-Бұхариге жазған түсініктемесінде
Мединедегі ең алғашқы сүре Бақара сүресі болғаны айтылған, ал ән-Насафидің
тәпсірінде ең алғашқы Мединелік сүре Қадр сүресі делінген.
Құран түсірілуінің сипаты[өңдеу]
Уахи Мұхаммед пайғамбарға Аллаһтан әртүрлі сипатта келетін
болған. Ең алғашқы аяндарды ол түсінде көріп, олар таңның атуы секілді
орындалатын болған. Уахидың бұл түрі оған пайғамбарлық міндеті жүктелмей
тұрып келген.
Уахидың екінші кейіпі — иландыру. Жәбірейіл періште уахиды Мұхаммед
пайғамбарға иландырып, ол оның ақылы мен жүрегіне жететін
болған. Әбу Умамадан келген хадисте Мұхаммед
пайғамбар айтқан:
Шын мәнінде қасиетті рух маған адамның өз пешенесіне жазылған ризығын
бітірмейінше өлмейтінін иландырды...
— Хилйат әл-аулия, Әбу Нуғайм
Үшінші түрі — періштенің адам кейпінде келіп, Аллаһтың аянын жеткізуі. Оның
мысалы ретінде Омар ибн әл-Хаттабтан имам Муслим келтіретін Жәбірейіл
хадисы деген атпен танымал хадис. Ол хадисте Жәбірейіл періштенің Мұхаммед
пайғамбарға аппақ киім киген, қара шашты ер адам түрінде
келгені туралы айтылған. Ән-Нәсәи жеткізген хадисте Жәбірейіл Дихйа әл-
Кәлбидің түрінде келгені туралы айтылған[18].
Төртінші түрі — періштенің қоңыраудың үні сияқты дауыспен бірге
келуі. Айша Мұхаммед пайғамбардан уахидың қалай түсетіні
туралы сұрағанда ол былай жауап берген:
Кейде ол маған қоңыраудың үні сияқты келеді — бұл маған ең ауыр түрі. Ол
мен оны жадыма сақтағаннан кейін кетеді. Кейде періште маған ер адамның
кейпінде келеді. Ол менімен сөйлеседі де, мен оның айтқандарын есте
сақтаймын.
Айша айтқан: Мен оған уахидың қатты суық күні келгенін көрдім — уахи
тоқтағанда оның маңдайынан тер құйылып тұратын еді (Сахих әл-Бұхари).
Аянның бұл түрінің ауырлығы соншалықты Айшадан келген тағы бір хадисте
айтылған: Пайғамбар түйенің үстінде отырып аян алғанда, ол түйе тізерлеп
отырып, қозғала алмай қалатын еді[19].
Бесінші түрі — Жәбірейілдің шынайы түрінде келуі. Бұл Мұхаммед
пайғамбардың өмірінде екі рет болған. Ол туралы Құранның
өзінде[20] және Айшадан келетін хадисте айтылған[21].
Алтыншы түрі — Аллаһтың ешбір делдалсыз Мұхаммед
пайғамбарға тікелей аян беруі. Бұған мысал ретінде бес
уақытнамаздың парыз болған кезін айтуға болады[22].
Жетінші түрі — Мұхаммед пайғамбардың Аллаһпен жамылғының
артынан тікелей сөйлесуі. Бұл секілді Мұса пайғамбарда Аллаһпен сөйлескен.
Бұл туралы Мұхаммед пайғамбардың Миғраж түніндегі саяхаты
туралы мәшһүр хадисте айтылған[23].
Кейбір тәпсір ғалымдары Мұхаммед пайғамбардың Аллаһты ешбір
жамылғысыз тікелей көріп, сөйлесуі туралы айтып, соны уахидың сегізінші
түрі деген. Бірақ бұл пікір Айшадан келген хадиске және Аллаһты бұл дүниеде
ешкім көре алмайтыны туралы аяттарға қайшы. Барлық сахабалар Айшаның
хадисіндегідей пікірді ұстанған[22].
Құранның Лаух әл-Махфуз-дан түсірілуі[өңдеу]
Құран Лаух әл-Махфуздан Рамазан айындағы Қадір түнінде
түсірілген. Аллаһ айтады:
Шын мәнінде Біз оны Қадір түнінде түсірдік[24].
Ибн Касир өзінің тәпсірінде бұл аят туралы былай жазған:
Ұлы Аллаһ Құранды Қадір түнінде түсіргенін хабарлады. Ол — қасиетті түн, ол
туралы Аллаһ айтады:Рамазан айында Құран түсірілді — ол адамдарға тура
жол, тура жолдың дәлелдері мен айырушы (фурқан)[25]. Ибн Аббас және басқа
муфассирлер айтқан: Аллаһ Құранды толығымен Лаух әл-Махфуздан жақын
аспандағы Байт әл-Иззаға түсірілді. Содан кейін ол Пайғамбарға жағдайына
қарай бөлек-бөлек болып 23 жыл бойы түсірілген.[26]
Хафиз әс-Сахауи айтады:
Құранның түгелімен аспанға түсірілуі — адамдарға деген құрметті және оларды
періштелердің алдында ұлықтауды білдіреді, бұл Аллаһтың адамдар туралы
ойлайтынын, оларға Меірімді екенін білдіреді.
Қадір түнінің нақты қай күні екені белгісіз. Ибн Хаджар әл-Асқалани өзінің
Сахих әл-Бұхари кітабының түсіндірмесінде бұл туралы қырықтан астам пікір
келтіріп, ең дұрыс пікір бойынша Қадір түні Рамазан айының соңғы он күнінің
тақ күндерінде әр жылы әр түрлі күндерде келетінін тұжырымдаған[27].
Құранның жиналуының қысқаша тарихы[өңдеу]
Қасиетті Құран Мұхаммед пайғамбарға 23 жыл бойы үзік-үзік
болып түсірілген — бұл оның бірден түсірілген басқа қасиетті кітаптардан
айырмашылығы боп табылады. Пайғамбарға аят түскен сайын, ол
қасындағы хатшы сахабаларғаоларды оқитын болған. Олардың саны қырыққа дейін
жетіп, тіпті пайғамбарлықтың ең ауыр кезеңінде де олар
Пайғамбардың қасында жүріп, Құранды жазуды тоқтатпаған.
Меккедегі Құранды ең бірінші болып жаза бастаған адам Абдуллаһ ибн Сағд ибн
Сарх болған. Ал Мединеде ең бірінші жаза бастаған адам Убәй ибн
Кағб болған. Құранды хатқа түсірушілердің ішінде Әбу Бәкр, Омар ибн әл-
Хаттаб, Осман ибн Аффан,Әли ибн Әбу Талиб, әз-Зубайр ибн әл-Аууам, Халид
ибн Сағид ибн әл-Ас және т.б. болған[28].
Құран түсіп жатқан заманда оны құрма ағашының жапырақтарына, тастарға,
теріге және т.б. материалдарға жазатын болған. Бұл жазбалар аяттардың
түсуіне байланысты жасалатын болған. Сүрелер мен аяттар аралас түсетін
болғасын, Мұхаммед пайғамбар сахабаларына қай аятты қай
сүреге жазу керек екендігі туралы айтатын болған. Ибн Аббас Осман ибн
Аффаннан жеткізген хадисте айтылған:
Бірнеше сүре бірден түсіп, Аллаһтың елшісіне уахи келгенде, ол өзіне
хатшыларының бірін шақырып айтатын еді: Бұны мынандай да мынандай зат
туралы айтылатын сүреге орналастырыңдар[29]
Жазуға түсірумен қатар Құранды сақтауда оны жаттап алған адамдар үлкен роль
атқарды. Құранды жатқа білетін, оны оқитын адамдарға уәде етілген сауап
турасында көптеген аяттар мен хадистер келеді. Аллаһ айтады (әл-Анкәбут
сүресі, 49 аят):
Бірақ ол — білім берілгендердің жүректеріндегі анық аяттар жіне тек қана
қылмыскерлер ғана Біздің аяттарды жоққа шығарады.
Сонымен Мұхаммед пайғамбар жыл сайын Құранды Жәбірейіл
періштеге оқып, тексеретін болған. Әбу Һурайраданжеткен хадисте
Жәбірейілдің осы үшін жыл сайын бір рет, ал
Пайғамбар қайтыс болатын жылы екі рет келіп тексергені
айтылған[8]. Фатимадан келген хадисте Мұхаммед
пайғамбардың сол жылы Құранды екі рет тексерілгенін айтып,
өмірінің соңы жеткенін сезгені туралы айтылған[8].
Мұхаммед пайғамбардың тірі кезінде Құранның жазбалары бір
қалыпқа бекітілмегенмен, сахабалар сүрелерді өздері хатқа түсіріп, арнайы
тізімдер жасайтын болған. Бұндай тізімдер Абдуллаһ ибн Масғұдта, Убәй ибн
Кағбта, Зәйд ибн Сабиттажәне т.б. сахабаларда болған. Абдуллаһ ибн Амр ибн
әл-Астан келген хадисте айтылған:
Құранды төрт адамнан алыңдар: Абдуллаһ ибн Масғұдтан, Салимнан, Муаз ибн
Жәбәлдан және Убәй ибн Кағбтан[8]
Бұл аталған есімдермен қатар Құранды жатқа білген және оның сақтаушысы
(хафиз) болған адамдардың қатарына Әбу Бәкрді, Омар ибн әл-Хаттабты, Осман
ибн Аффанды, Әбу Мұса әл-Ашғариды, Сағд ибн Әбу Уаққасты, Хузайфа ибн әл-
Йаманды, Әбу Һурайраны, Амр ибн әл-Асты және т.б. сахабаларды атайды.
Әйелдердің арасынан Құранды Айша, Хафса бинт Омар, Умм Сәләмә және т.б.
жатқа білген. Мұхаммед пайғамбардың кезіндегі көптігінің
мысалы ретінде Маун құдығының қасындағы шайқасты атауға болады. Бұл
шайқаста мушриктердің қолынан 70-тен аса Құранды тоығымен жатқа білетін
сахаба қайтыс болған[30].
Әбу Бәкр нұсқасы[өңдеу]
Түйенің сүйегіне жазылғанәл-Фатиха сүресі
Әбу Бәкр әс-Сиддиқтың халифалығы кезінде мұсылмандар өзін пайғамбармын деп
жариялаған Мусайлиманың жақтастарымен Халид ибн Уәлидтің басшылығымен өлім
бағының қасында шайқасады. Әл-Йамаманың тұрғындарымен болған бұл шайқаста
700-ден астам сахаба мерт болады. Көптегенхафиздердің өлімін көріп,
Құранның жоғалуынан қорыққан Омар ибн әл-Хаттаб халифа Әбу Бәкрге Құранды
толығымен жазып жинауға ұсыныс айтады. Онымен келіскен Әбу Бәкр Мұхаммед
пайғамбардан Құранды жазып жүрген Зәйд ибн Сабитке осы
ұсынысты айтады. Зәйд ибн Сабиттің айтуы бойынша оның ұсынысы бойынша
Құран жинағаннан гөрі тауды орнынан қозғалту оңайырақ еді. Бұл істе
жақсылық бар екеніне келіскен ол құрма ағашының жапырақтарына, тегіс
тастарға және адамдардың жүрегіне сақталған Құранды жинай бастайды. Бұл
парақтар бірінші Әбу Бәкрде, сосын Омарда, оның өлімінен кейін Хафса бинт
Омарда сқатаулы болды[31]. Ибн Әбу Дәуд әл-Масахиф кітабында Әли ибн Әбу
Талибтың мынадай сөзін келтірген:
Құранның нұсқаларын таратқан үшін ең үлкен сауапты Әбу Бәкр алады. Аллаһ
Әбу Бәкрге рахым етсін! Ол Аллаһтың кітабын жинаған алғашқы адам болды[32].
Құранның Мұхаммед пайғамбардың кезінде-ақ жинала бастағаны
туралы Құранның өзінде айтылған:...Тазартылған парақтарды оқитын Аллаһтың
елшісі (әл-Бәйинә сүресі, 2 аят). Қазы әл-Бақиллани айтады:
Омар Пайғамбардың Құранды бір кітапқа жинамауы бұл істің тыйым
салынғандығын білдірмейтінін түсінді. Бұл ойдың дұрыстығын түсінген Әбу
Бәкр да осыған келіседі. Қасиетті мәтіндер де, ақыл-парасат та бұған еш
қайшы келген жоқ. Оған қоса бір кітаптың болмауы уахидың бір бөлігінің
жоғалуына алып келуі мүмкін еді. Содан соң олардың ойымен Зәйд және басқа
сахабалар келісті[33]
Осман нұсқасы[өңдеу]
Құранның ең ежелгі нұсқасы саналатын Осман нұсқасы
Мұхаммед пайғамбардың өлімінен кейін сахабалар өздері
білген әдіске сәйкес жеті түрлі оқитын болған. Бірақ Ислам діні әлемге
таралып, мұсылмандардың қоластына көптеген жаңа жерлер енгесін, сол
сахабалар дінді қабылдағандарға Құранды өз әдісімен үйретіп, ол оқушы
Құранның басқа әдіспен оқылуын естігенде жанжалдар пайда бола бастады.
Мысалға Ирактың мұсылмандары Құранды Абдуллаһ ибн Масғұдтың әдісімен,
ал Шамның тұрғындары Убәй ибн Кағбтың әдісімен оқыитын болған.
Һижра жыл санағы бойынша 14 немесе 15 жылы халифа Османның
әскерлеріАрменияны бағындыруға аттанады. Халифаның әмірімен Ирақ пен Шамны
әскерлері бір-бірімен қосылады. Ирақ әскерлерінің құрамындағы әл-Мадаинның
әскерінің қолбасшысы болған Хузайфа ибн әл-Йаман осы жерде жиналған қолдың
арасында Құранды оқу әдісінің кесірінен болған жанжалдың куәгері болады.
Соғыстан қайтқан соң, Хузайфа өз үйіне кірместен халифа Осман ибн
Аффанға барып, болған жайтты айтады:
Мен Арменияның шекарасында шайқастым. Шам өлкесінің тұрғындары Құранды Убәй
ибн Кағб оқыған сияқты оқиды да, Ирақтың тұрғындары естімеген заттарды
айтады. Ал Ирақтың тұрғындары Құранды Абдуллаһ ибн Масғуд оқыған сияқты
оқиды да, Шамның тұрғындары естімеген заттарды айтады. Сосын олар бір-бірін
күпірлікте айыптайды[34].
Жанжалдардан қорыққан халифа Осман Зәйд ибн Сабитке, Абдуллаһ ибн әз-
Зубайрға, Сағид ибн әл-Асқа, Абдуллаһ ибн әл-Харис ибн Һишамға Хафса бинт
Омарда сақталған Әбу Бәкр кезінде жиналған Құран нұсқасын көшіріп, таратуға
әмір етеді. Ол парақтарды көшіріп болғаннан кейін, Осман түпнұсқаны Хафсаға
қайтарып, жиналған Құранды түрлі аудандарға жіберіп, оған сәйкес емес Құран
нұсқаларын өртеп жіберуге бұйырады[35].
Османның бұл шешімі тек атақты да сыйлы сахабалармен болған келісімнен
кейін іске асты. Әли ибн Әбу Талиб айтқан:
Осман туралы тек жақсылық айтыңдар. Аллаһпен ант етемін, ол Құран
парақтарымен істеген ісін тек бізбен ақылдасқаннан кейін ғана іске асырды.
Ол бізге айтты: Бұл оқылу туралы не айтасыңдар? Маған сендердің
кейбіреулерің өзінің оқуы басқа оқылулардан артық деп айтатыны туралы
қауесет жетті. Бұл сөздер күпірлік болуға жақын. Біз айттық: Сен не
ұсынасың?. Ол айтты: Мен адамдарға өзгешелік пен қарама-қайшылықтар
болмауы үшін (Құранның) бір нұсқасын қабылдауын ұсынам. Біз айттық: Сенің
ұсынысың қандай жақсы![36]
Ақыр соңында Зәйд ибн Сабиттың және басқа да сахабалардың атқарған үлкен
еңбегінен кейін Құран бір қалыпқа келіп, оның жалғыз оқу әдісі
болып құрайыштардың диалекті танылады. Осман жинаған Құран нұсқаларының
саны жөнінде әртүрлі пікірлер бар: олардың саны төрт, бес немесе жетеу
болған деген пікірлер бар. Ибн Әбу Дәуд Әбу Хатим әс-Сиджистанидің мынадай
сөзін жеткізген: Құранның Мекке, Шам, Йемен, Бахрей н, Басра және Куфа үшін
жазылған және Медине қаласында қалған жеті нұсқасы жазылды.
Ал осы нұсқалардын басқа Құранның нұсқалары өртелуге немесе өшіруліге
бұйырылды. Әли ибн Әбу Талиб айтқан: Османның Құранның нұсқаларын жағу
шешімі туралы жақсылықтан басқа ештеңе айтпаңдар![37].
Әбу Бәкр нұсқасының арғы тарихы[өңдеу]
Құранның бір нұсқасы бекітіліп, халифа Осман басқа барлық Құран нұсқаларын
жоюға бұйырғанымен, Хафса бинт Омарда Әбу Бәкр кезінде жиналған Құран
нұсқасы сақтаулы қалып қойды. Медине қаласының әмірі болып Маруан ибн әл-
Хакамтағайындалғанда ол Хафсадан сол парақтарды өзіне беруін сұрайды, бірақ
Хафса оған келісімін бермейді. Тек Хафсаның қайтыс болуынан кейін
ғана Абдуллаһ ибн Омар сол нұсқаны Маруанға беріп, ол өз кезегінде оның
жазуын сумен шайып, жойды (немесе басқа риуаятта: жағып жіберді)[38].
Маруан ибн әл-Хакам бұл ісінің себебін былай түсіндірген:
Менің бұл ісімнің себебі, уақыт келе осы нұсқаның себебінен күмәнға түсетін
адамдар шыға ма екен деп қорқамын[39]
Құран аяттарының түсу себептері[өңдеу]
Толық мақаласы: Аяттардың түсу себептері
Аяттардың түсу себептері (араб.: أسباب النزول) туралы ғылым Құранның
үкімдерінің түсу себептері мен мағынасын түсінуге, оны нақтылау мен
түсінбеушіліктерді кетіруге көмектесетін ғылым.
Ибн Дақиқ әл-Ид айтқан:
Аяттардың түсу жағдайын анықтау — Құран мағыналарын түсінуге алып баратын
сенімді жол
— әл-Итқан (114)
Шейх әл-Ислам Ибн Таймийа:
Аяттардың түсу жағдайын түсіну аятты түсінуге көмектеседі. Шарт туралы
ғылым шарт етілген нәрсе туралы ғылымға мұрасын қалдырады.
— әл-Итқан (114)
Мысалдары[өңдеу]
Құран аяттарының түсу себептерін білудің маңыздылығы ретінде мына аятты
келтіруге болады:
Шығыс пен Батыс Аллаһтың иелігінде. Сендер қай жаққа бұрылсаңдар да, онда
Аллаһтың Жүзі болады. Аллаһ — Қамтушы, Білуші
— әл-Бақара сүресі, 115 аят
Бұл аят тікелей қабылданатын болса, намазды құбылаға қарамастан кез-келген
жаққа бұрылып оқи беруге болады деп түсінуге болады. Бірақ бұл аяттың түсу
себебін қарағанда, оның жолда оқылатын нәпіл намаздар туралы ғана айтылғаны
белгілі болады[40].
Құран басылымдары[өңдеу]
Құранның ең ежелгі басылымдары шамамен X ғасырда ксилографиялық қалыптарда
басылған екен. Ал баспасөзде басылып шыққан алғашқы Құран нұсқасы 1694
жылы Германияның Гамбург қаласында жасалды. Бұл мәтінде
барлық харакаттарыжазылған болған. Ал мұсылмандар басып шығарған ең алғашқы
Құран Мулай Османның баспасы деп аталып кеткен 1787 жылы Санкт-
Петербург қаласында басылған болуы мүмкін. Одан кейін Құран Қазан қаласында
(1828), Персияда (1833) жәнеЫстамбұлда (1877) басылды.
Қазіргі заманда бүкіл әлем бойынша Құранның басылуы ең жаңа технологиялар
арқылы мұсылман және мұсылман еместер мемлекеттерінде басылуда.
Мысалға 1984 жылдың 30 қарашасында Медине қаласында Құран Шәрифті басып
шығаруға арналған Комплекс салынды. Оның мақсаты әртүрлі елдерге арналған
арабша Құран нұсқаларын, түрлі тілдерге аудармаларын, тәпсірлерін басып
шығару болды. Сонымен қатар ол Комплекстің мақсаттарына Құран ғылымдарын
сақтап, оларды дамыту кірді.Һижра бойынша 1422 жылға қарағанда бұл комплекс
170 миллионнан астам Құран кітапты басып шығарып, оның 153 миллионы тегін
таратылды[41].
Құранның мәтіні[өңдеу]
Толық мақалалары: Джуз, Хизб, және Рубғ
Құран кітабы басқа әдебиеттерден кіріспе немесе негізгі бөлім деген
әдеттегі бөліктерден құралмаған, тізбекті емес, тармақталған құрылымнан
тұрады. Сонымен қатар Құрандағы сүрелер мен қиссалар біріне-бірі ерген
түрде келмеген, аралары үзік. Сахабалар мен олардың ізбасарлары Құран
Кәрімді Рамазан айында хатым етуді (яғни толықтай оқып шығу) жеңілдету үшін
оны айдың отыз күніне сай келетіндей бірдей бөліктерге (джуз немесе пара)
бөлген. Бұл бөліктер сахабалардыңиджтиһадының жемісі болғасын, бұл бөліну
міндетті түрде орындалуы керек емес. Отыз параға бөлінген секілді кей
ғалымдар Құранның парасын екі хизбке бөлген, ал хизбты төртке (рубғ) және
т.с.с. бөлген.
Джуз Бастапқы Құрамына кіретін сүрелері
нөміріаяты
1 әл-Фатиха, әл-Фатиха, әл-Бақара
1 аят
2 әл-Бақара, әл-Бақара
142
3 әл-Бақара, әл-Бақара, Әли Имран
253
4 Әли Имран, Әли Имран, ән-Ниса
92
5 ән-Ниса, 24ән-Ниса
6 ән-Ниса, ән-Ниса, әл-Мәида
148
7 әл-Мәида, әл-Мәида, әл-Анғам
83
8 әл-Анғам, әл-Анғам, әл-Ағраф
111
9 әл-Ағраф, әл-Ағраф, әл-Анфәл
88
10 әл-Анфәл, әл-Анфәл, әт-Тәубә
41
11 Тәубә, 94 Тәубә, Юнус, Һуд, Юсуф
12 Юсуф, 6 Юсуф
13 Юсуф, 53 Юсуф, әр-Рағд, Ибраһим
14 әл-Хиджр, 1әл-Хиджр, ән-Нахл
15 әл-Исра, 1 әл-Исра, әл-Кәһф
16 әл-Кәһф, 75әл-Кәһф, Мәриям, Таһа
17 әл-Әнбия, 1әл-Әнбия, әл-Хаж
18 әл-Муминун,әл-Муминун, Нур, әл-Фурқан
1
19 әл-Фурқан, әл-Фурқан, әш-Шуғара, ән-Нәмл
21
20 ән-Нәмл, 56ән-Нәмл, әл-Қасас, әл-Анкәбут
21 әл-Анкәбут,әл-Анкәбут, Рум, Лұқман, әс-Сәждә, әл-Ахзаб
46
22 әл-Ахзаб, әл-Ахзаб, Сәбә, Фатыр, Ясин
31
23 Ясин, 28 Ясин, әс-Саффат, Сад, әз-Зумар
24 әз-Зумар, әз-Зумар, Ғафир, Фуссиләт
32
25 Фуссиләт, Фуссиләт, әш-Шура, әз-Зухруф, Духан, әл-Джәсия
47
26 әл-Джәсия, әл-Джәсия, әл-Ахқаф, Мұхаммед, әл-Фатх, әл-Хужурат,
33 Қаф, әз-Зарият
27 әз-Зарият, әз-Зарият, әт-Тур, Нәжм, әл-Қамар, әр-Рахман,
31 әл-Уақиға, әл-Хадид
28 әл-Муджадаләл-Муджадалә, әл-Хашр, әл-Мумтахинә, әс-Сафф,
ә, 1 әл-Жума, әл-Мунафиқун, әт-Тәғабун, әт-Талақ,
әт-Тахрим
29 әл-Мулк, 1 әл-Мулк, әл-Қалам, әл-Хаққа, әл-Мағариж, Нұх, әл-Жин,
әл-Муззәммил, әл-Муддәссир, әл-Қияма, әл-Инсан,
әл-Мурсәләт
30 ән-Нәбә, 1 ән-Нәбә, ән-Назиғат, Абәсә, әт-Тәкуир, әл-Инфитар,
әл-Мутаффифин, әл-Иншиқақ, әл-Буруж, әт-Тариқ,
әл-Ағлә, әл-Ғашия, әл-Фәжр, әл-Бәләд, әш-Шәмс,
әл-Ләйл, әд-Духа, әш-Шарх, әт-Тин, әл-Аләқ, әл-Қадр,
әл-Бәйинә, әз-Зилзәлә, әл-Адият, әл-Қариға,
әт-Тәкәсур, әл-Аср, әл-Һумәзә, әл-Фил, Құрайш,
әл-Мағун, әл-Кәусәр, әл-Кәфирун, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz