Кипр


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

КИПР

Кипр Республикасы (грек. Kypros, Курriake Demokratia, түрікше КіЬris, Кіbris cumhuriyeti) - Батыс Азиядағы мәмлекет; Жерорта теңізіндегі Кипр аралын алып жатыр. Британ Ынтымағы құрамына кіреді. Жері 9 251 км Халқы 645 мың (1971) . Астанасы - Никосия қаласы. Әкімшілік жағынан 6 округқа бөлнеді.

Мемлекеттік құрылысы . Кипр Республика. Қазіргі конституциясы 1960 ж. 16 августа қабылданған. Мемлекет басшысы - президент Конституция бойынша президент ұлты жөнінен грек, ал вице-президент түрік болуға тиіс.

Президент гректер қауымы, вице-президент түріктер қауымы арқылы халықтың жаппай дауыс беру жолымен 5 жылға сайланады. Вице-президентке мемлекет саясатының маңызды мәселелері жөнінде тыйым салу правосы берілуіне байланысты, президент өкілдігіне шек қойылған. Жоғары заң шығарушы органы - бір палаталы парламент - өкілдер палатасы, ол жалпыға бірдей, төте дауыс беру жолымен 5 жылға сайланады. Жоғары атқарушы өкімет органы - үкімет - Министрлік Советін президент пен вице-президент басқарады. Министрлер президент және вице-президенттің бірлескен қаулысымен тағайындалады. Мемлекет өкімет органдары арасындағы дауларды және президент ден виде-президенттің Министрлік Советі шешімдері мән парламент зандарынан ауытқушылығын қарау үшін Жоғарғы конституциялың сот құрылған. Сот жүйесін Жоғарғы сот басқарады. Мемлекет гербі мен мемлекет жалауын Мемлекеттік герб, Мемлекеттік жалау мақалаларының таблицасынан қараңыз.

Табиғаты : Кипрдің географиясы орналасу жағдайы өте қолайлы, ол Европадан Таяу және Орта Шығыс, Шығыс және Солтүстік-Шығыс. Африка елдеріне баратын теңіз және әуе жолдарының бойында. Солтүстік жағасы тік жарлы келеді.

Жері негізінен таулы; солтүстік жағалауын Кирения (биіктігі. 1023 м) және Карпас (364 м) жоталары, орталығы мен оңтүстігін Троодос (1951 м) жотасы алып жатыр. Елдің солтүстігі мен оңтүстігі аралығында Месаория жазығы бар. Геолиялық құрылымы жөнінен Кипр аралы альпілік қатпарлы облысқа жатады. Жері гипербазит пен габбродан, толеиттік базальт пен пи-риттен, олигоцендік, миоцендік, палеоцендік жыныстардан және амфиболдық гнейстер мен кварциттерден түзілген. Пайдалы қазынбалары - хромиг, темір және мыс рудалары, асбест, мәрмәр, гипс, минералдық бояулар.

Климаты субтропиктік және жер орта теңіздік; жазы ыстық (ауаның теми-расы 25-35° С), қысы жылы, жаңбырлы (10-15° С) . Жауыншашының жылдың мөлшері 300-500 мм-ден (жаздық белігінде) 1000-1300 мм-ге (тауда) дейін. Өзендері өте шағын келеді; олардың суы қысқы және көктемгі жаңбыр кезінде тасиды. Территориясының 20%-і орман (көбіне мәңгі жасыл ағаштар мен бұталар өседі) . Жыланның бірнеше түрлері, кесірткелер, орманда муфлон кездеседі.

Халқы . Кипр тұрғындарының 78 % -і грек-кипрліктер, 18%-ке жуығы түрік-кипрліктер. Олардан басқа ағылшындар, арабтар, армяндар, итальяндар тұрады. Ресми тілі - грек және түрік тілдері. Грек-кипрліктердің діні - православяндар, түрік-кипрліктетер мұсылман-суниттер. Еңбек етуші халық 273 мың (1971), оның 35, 2%-і а. шаруашылығында, 23%-і өңдеу өнеркәсібі мен құрылыста, 1, 5%-і тау-кен өнеркәсібінде, 11, 3%-і сауда және әкімшілік мекемелерде, қалғаны басқа салаларда істейді. Халықтың орташа тығыздығы 1 км 2 жерге 68 адамнан келеді. Қала халқы 41% (1971) . Басты қалалары Никосия (118 мың адам), Лимасол (61 мың), Фамагуста (44 мың), Ларнака (21, 6 мың) .

Тарихы. Кипрді адамдар алғаш неолит дәуірінде мекендей бастады. Ежелгі тұрғындарының шыққан тегі анықталмаған. Кипр туралы алғашқы жазба мәліметтер б. з. б. 15 ғ-ға жатады. Археологиялық қазбаларға қарағанда б. з. б. з. б-2 мың жылдықтың ортасына қарай Кипр қоғамы таптық жікке бөлінген. Осы дәуірлөрдө мұнда ежелгі құл иеленуші өз алдына мемлекет болған қалалар (Нитовикла, Калопсида) пайда болды. Б. з. б. 15 ғ-дың аяғы-11 ғ-ларда Кипрге ахеялықтар қоныс сала бастады. Б. з. б. 14-13 ғ-да ол микеи мәдениеті орталықтарының біріне айналды. Б. з. б. 8 ғ-да Кипрді Ассирия, б. з. б. 560 ж. ш. Египет, б. з. б. -6 ғасырдың орта шамасын да Ахемен әулеті жаулап алды. 333- 323 ж. К. Александр Македонский мемлекетінің, ал 294-58 ж. египогтік Птоломейлер мемлекетінің құрамында болды. Б. з. б. 58 ж. Кипрді Рим иеленді. Рим империясы ыдырағаннан кейін (395), Кипр Византияға қарады. 648 ж. Кипрді арабтар басып алды. Кипрде феодалдық. қатынастар византиялықтардың үстемдігі түсында (965 жылдан) қалыптасты. 1192 ж. Кипр корольдығы құрылып, оны Лузиньян феодалды тобынан шыққандар басқарды. 1489-1571 ж. аралығында Кипр Венецияның қарамағына көшті. 1571 ж. Осман империясының қол астына өтті. Түрік өкіметінің өзбырлығы, шектен тыс экономикалық және ұлттық қанау, көтерілістер (аса ірілері 1764, 1804, 1821 ж. ) туғызды. 19 ғасырда грек-кидрліктердің Кипрді Грецрімен қосу (энозис) жолындағы қозғалысы туа бастады. 1878 жылғы Кипр көнвенциясына сәйкес (к. Ағылшын-түрік шарттары) Ұлыбритания Кипрді басып алды. Англия Кипрді аграрлық шикізат қорына айналдырды. ХХ ғасырда Кипрде капитализмнің дамуы жұмысшы тобын біршама нығайта түсті. Окт. соц. революциясынан кейін Кипрде маркстік үйірмелерлер пайда болды. 1926 ж. 20 августа Кипр Компартиясы құрылып, ол еңбекшілердің ұлт-азаттық күресіне басшылық етті.

1941 ж. 14 апрельде Кипр еңбекші халқының прогресшіл партиясы құ-рылды. Ол 2-дүние жүзілік соғыс жылдарында фашизмге қарсы белсене кү-ресті. Соғыс аяқталғаннан кейін, Кипрде ұлт-азаттық қозғалыс өрши түсті. Ақыры, халық қозғалышның дүмпуімен 1959 ж. февральда Греция мен Түркия арасында (Цюрихге) және Ұлыбритания, Греция мен Туркия арасында (Лондонда) Кипрге тәуелсіздік беру жөніндө өзара келісімге қол қойылды. Бірақ Ұлыбритания Кипрде өзінің әскери базаларын сақтап қалды, елге грек және түрік әскерлері әкелінді. Ұлыбритания, Греция және Түркия бұрынғысынша Кипрдің ішкі істеріне араласып отырды. 1959 ж. 4 декабрьде ағылшын өкіметі 1955 ж. енгізген Кипрдегі төтенше жағдайды жойды. 13 декабрьдегі сайлауда архиепископ Макариос III президент, Кучук вице-президент болды. 1960 ж. 6 апрельде Кипр конституциясының жобасы қабылдапды. 1960 ж. 16 августа К. тәуелсіз республика болып жарияланды. К. 1960 ж. сентябрьден БҰҰ-га мүше. Кипр үкіметі сыртқы саясатта бейтараптың сақтап, басқа елдермен достық қатынас орнатуға ұмтылатынын мәлімдеді. Кипр тәуелсіздік алғаннан кейін де, НАТО мемлекеттері ел ішіндегі алауыздықты өршітіп, арандатушылық әрекеттерін тоқтатпады. Осының әсерінен Кипрдегі гректер мен түріктердің арақатынасы шиелінісе түсті. Ақыры, 1967 ж. Кипрде уақытша түрік әкімшілігі құрылды. Ағылшын-американ империалистері Макариос үкіметін Кипрді НАТО-дың соғыс базасына айдалдыруға көндіру үшін бірнеше әрекет жасады. 1972 ж. майда СССР-мен мәдени байланыс жөніндегі келісімге қол қойылды. 1973 ж. 8 февральда Макариос III қайтадан президеит болып сайланды, вице-президенттікке Р. Денкташ сайланды. СССР Кипр Республикасының тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығы, аралдағы шетелдердің әскери базасын әкету, Кипр мәселесіне ешкімнің қол сұқпауы жолындағы күресін жүйелі түрде қолдап келеді.

1974 ж. НАТО мемлекеттері гректер мен түріктерді бір-біріне айдап салып, елде бүліншілік туғызды. Июльдің ортасында НАТО қолдауына сүйенген грек эмиссарлары көтеріліс шығарды. Сентябрьде Кипрге түрік әскерлері келіп кірді. Кипр президенті архиепискод Макариос III елден кетуге мәжбүр болды. Сөйтіп Кипр Республикасы президент міндетін атқарушы Г. Клиридис ден вице-президент, түрік қауымының басшысы Р. Дедкташ басқарған территориялық екі бөлікке бөлінді. Совет Одағы бұл мәселеге арнап БҰҰ шеңберіндегі халықаралық конференция шақыруды ұсынылды Кипр халқының ежелгі мүддесі тәуелсіздік пен бір-тұтастық екенін атап көрсетті.

Негізгі саяси партиялары мен кәсіп-одақтары . Ұлттық ойлампаздардың біртұтас партиясы, 1969 ж. февральда негізі қаланған. Ірі және орта буржуазияның мүддесін қорғайды. Прогресшіл майдан, 1969 ж. мартта негізі қаланған. Ауқатты шаруалардың, сауда буржуазиясы мен село дін иелерідің мүддесін қорғайды. Біртұтас демократиялық Орталық одақ, 1969 ж. мартта негізі қаланган. Либералдык; интеллигенцияны біріктіреді. Кипр еңбекші халқының прогресшіл партиясы, 1941 ж. алрельде негізі қаланған. Компартияның мирасқоры. Кипр түріктерінің республикалық партиясы,

1970 ж. құрылғаи. Түрік қауымының буржуазия ұлтшыл партиясы. Бүкіл кипрлік жұмысшы федерациясы, 1946 ж. құрылған. Кипр жұмысшыларының конфедерациясы, 1943 ж. құрылған. Кипрдің демократиялық жұмысшы федерациясы, 1962 ж. құрылған. Кипр-Совет қоғамы, 1961 ж. құрылған.

Экономикасы. Кипр- даму жолына түскен агрорлық ел. Өнеркәсібінің даму қарқыны жоғары. Экономикасының басты саласы - ауыл шаруашылығы (жалпы ұлттық табыстың 30%-ке жуығын ауыл шаруашылығында өндіреді) . Құнарлы егістік жердің 1/3-і ірі помещиктер мен діни басшылардың қарамағында. Монастырьлық және помещиктік шаруашылықтар ғана ауыл шаруашылығын машиналарымен қамтамасыз етілген. Территорияеының 66%-і ауыл шаруашылығына жарамды, өңделетін жер. Егістігінің ¼ і- суармалы, оның 12%-і ғана жыл бойы тұрақты суарылады, 10%-і өзендер тасыған кезде суарылады. Басты дақылдары - бидай (өгісі 78 мың га, өнімі 95 мың тн, 1971), арпа (72 мың га, 110 мың тн ), жүзім (38 мың га, 185 мың т, 1971), цитрус жемістері (өнімі 172 мың т, 1971) . Бұлармен қатар темекі, картоп, овощ егіледі. Теңізден балық және теңіз жәндіктері ауланады. Таулы өңір тұрғындары мал шаруашылығымен айпалысады. 1971 жылғы мал саны (мың) : қой 460, ешкі 365, мұйізді ірі қара 35, 5. Жібек құртын өсіру дамыған. Өнеркәсіптік салалары ішінде тау-кен өндірісінің үлесі басым, ол шетел (әсіресе ағылшын) компанияларының қолында. Мыс рудасы (16, 3 мың т, 1971), темірлі пирит (57, 6 мың т), хромит (41, 3 мың. т), асбест (23, 3 мың т), тұз, гипс өңдіріледі. Электр станциялары (жалпы қуаты 204 мың квт) шеттен тасылатын мұнайға негізделген. Тамақ (шарап 49, 4 мың т, 1971; шарап спирті, ағаш майы, жеміс және овощ консервілері), темекі, мата тоқу, тері илеу, аяқ киім тігу, цемент (303 мың т, 1971) кәсіпорындары, мұнай айыру заводы жұмыс істейді. Керамика және металл бұйымдарын жасау кәсіпшілігі дамыған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кипр түріктерінің әдебтиеті
Кипр жайлы
Үш құрлықтың түйіскен жері
Еуропалық Одақ жайлы
ТҮРКИЯ ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ
ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ КЕҢЕУІ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫ
Әлемдік саясаттағы Еуропалық одақ
Еуропалық одақтың кеңеюі: жетістіктері мен қиыншылықтары
Туристік кәсіпорындардың маркетингтік жарнама негіздері
Азия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz