«Кіші мектеп жасындағылардың психологиялық ахуалын диагностикалау»


Ф-ОБ-001/0033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
«Білім технологиялары»
кафедрасының меңгерушісі,
п. ғ. д., доцент
Б. Т. Ортаев
« » 2015 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Кіші мектеп жасындағылардың психологиялық ахуалын диагностикалау»
5B010200 - мамандығы - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Орындаған: ППМ-112 тобының студенті
Курбанбекова Г.
Ғылыми жетекшісі: магистр-оқытушы Ауезов Б.
Түркістан - 2015
Ф-ОБ-001/0033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Гуманитарлық ғылымдар факультеті
Курбанбекова Гулназ
« Кіші мектеп жасындағылардың психологиялық ахуалын диагностикалау»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5B010200 - мамандығы - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Түркістан - 2015
Мазмұны
НОРМАТИВТIК СIЛТЕМЕЛЕР
Дипломдық жұмыста келесi нормативтік құжаттарға сiлтеме жасалған:
- Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңы;
- Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Технология» оқу пәні бағдарламасы;
Университеттің ішкі нормативтік ережесі:
- УЕ-ХҚТУ-015-2014 Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар;
- УЕ-ХҚТУ-027-2014 Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу ережесі.
АНЫҚТАМАЛАР
Дипломдық жұмыс (жоба) - тиісті саланың нақты мамандығының өзекті проблемасын студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы;
Дағды - меңгеруді ең жоғары өлшемімен сипатталатын әрекет. Жаттығу - іс-әрекеті меңгеру немесе оның сапасын арттыру мақсатында сол әрекеттің жоспарлы түрде ұйымдастырылып, қайталай орындалуы деген сөз.
Мақсаттылық дегеніміз - адамның белсенділігінің негізгі бағытын анықтайтын талпынысының нақты көрінісі. Мақсатының әлеуметтік мәніне қарап сол адамның қоғамға қаншылықты пайдалы екендігін айтуға болады
Мотивтер дегеніміз - іс-әрекет пен мінез-құлықтың саналы түрде жасалынуы. Адамның әрбір іс-әрекеті мен қылығы нормаға сай жэне ол мұнысын айқын түсінеді.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ТОПБ - технология оқу пәні бағдарламасы;
Университет - Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті;
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі: Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан қарқынды дамуы және оқу-тәрбие жұмысына қазіргі заманның өркениетті бағыттарына сай жаңа өзгерістерді енгізу кезінде ағарту саласының кіші мектеп жасы кезеңіндегі тәрбиелеу, білім беру буынында шешуін күткен келелі мәселелер тұр. Яғни, балалардың жеке басын дамыту, ішкі потенциалын ашу, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадағы даму аймағына бағыттау, психикалық және тұлғалық қалыпты дамуын, психологиялық ахуалын қамтамасыз ету басты мәселе болып отыр[1] .
Білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі - ұлттың болашағын анықтайтын балалар мен оқушылардың психологиялық ахуалы болып табылады. Денсаулық - комплексті түсінік. Ол аурулар мен физикалық ауытқудың болмауын білдіреді, сонымен қатар, тұрғылықты жердегі экономикалық, экологиялық, әлеуметтік жанұя жағдайларымен, тамақтану, дәрігерлік көмек сапасымен, педагогтар мен психологтардың балалармен жұмысына байланысты.
Әлеуметтік бейімделу және психикалық ахуал мәселесі гуманистік педагогика мен психология үшін өзекті болып табылады. Жас буынды тәрбиелеуде антропоцентрикалық бағытты ұстану философиялық, психологиялық (В. И. Слободчиков), педагогикалық антропология, гуманистік психология (К. Роджерс, А. Маслоу) желісінен шығады [2; 3; 4; 5] .
Экологиялық фактордың физикалық денсаулыққа ғана емес, психикалық қалыпқа да қауіпті әсері еліміздің өндірістік, экологиялық апат аудандарында анықталып, өзекті мәселелердің қатарында аталады Қазақстанда соңғы 10-15 жыл ішінде психологиялық көмекке сұраныс пайда болып, қазір күн өткен сайын молаюда. Бұл түсінікті де, өйткені ересектер өмірінің стреске толы болуы, уақытының басым бөлігін жұмыспен өткізуі, балаларға зейіннің жеткілікті бөлінбеуі соңғыларында психологиялық, психикалық, физикалық бұзылулардың өсуіне әкеледі.
Баланың денсаулығына бүгінде кең етек жайған мектепке дейінгі кезеңде ерте оқытуды бастау, оқушыларды интенсивті оқыту да көп жүк салады. Денсаулыққа қауіпті фактор ретінде ересектердің неғұрлым көп білім беріп, интуицияны, қиялды, шығармашылық қабілеттерді дамытуға мән бермеуінен туған бала тұлғасының дамуындағы тепе-теңдіктің бұзылуын да атауға болады[6] . .
Психологиялық ахуалдың балалардың жеке тұлға ретінде дамуында алатын орнына, рөліне және психологиялық денсаулықтың даму ерекшелігін анықтауға арналған зерттеулердің ғылыми қоры И. В. Дубровина, А. В. Шувалов, В. И. Слободчиков, О. В. Хухлаева еңбектерімен белгілі. Кіші мектеп жасы кезеңіндегі балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе психологиялық ахуал мәселесінде қиылысады. Баланың психикалық қасиеттерін, танымдық үрдістерін, психикалық қалып-кейіптерін тұтас қамтитын, балалар психикасының және жеке тұлғасының дамуындағы басты көрсеткіш әрі фактор болатын, әмбебап ерекшелік - баланың психологиялық ахуалы.
Психологиялық ахуал негізінде балалардың жеке басының қасиеттері дамып, психикалық кейіптері қалыптасады. Сонымен қатар психологиялық ахуал балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор болады. Балалардың өзін-өзі дамытып, жетілдіруін, реттей алуын, яғни өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де, балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынасын реттейтін психологиялық ахауалы болып табылады. Ғылымдағы балалардың психологиялық ахуалының мәнділігі әркімге - психологтарға, педагогтарға, дәрігерлерге, ата-аналарға аян, алайда ол әртүрлі балалардың әлеуметтенуіне қатысты зерттеулерден белгілі болғанымен, балалардың пеихологиялық ахаулында қарастырылмаған мәселелер жеткілікті[7] .
Балалар тәрбиесіне, дамуына кіші мектеп жасы кезеңінің ықпалы зор екені белгілі.
«Психологиялық ахуал» түсінігін ғылымға енгізген белгілі ресейлік ғалым И. В. Дубровина. «Психологиялық ахуал» терминіне қатысты екі жақты түсінік сақталады: біріншіден, балалардың психологиялық ахуалы білім беру жүйесіндегі психологтардың кәсіби шеберлігін, психологиялық қызметтің тиімділігін көрсететін критерий; екіншіден, психологиялық ахуалдың ғылыми анықтамасы әлі де толық нақтыланбаған. Осы жағдайға байланысты адамның психологиялық ахуалы мәселесінің теориялық негізін зерттеу, жас кезеңдеріне байланысты кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық ахуалы ерекшеліктерін, қамтамасыз ету амалдарын анықтау практикалық психологиялық қызмет үшін маңызды мәселе болып табылады.
Ғылымда «психикалық ахуал» және «психологиялық ахуал» түсініктері қолданылады. Біріншісі - медициналық категория, екіншісі - практикалық психологиялық қызметтің мақсаты, баланың қалыпты даму көрсеткіші болып табылады. Сондықтан өз зерттеуімізде балалардың психологиялық ахуалы мәселесін қарастырамыз[8] .
Психологиялық ахуалды зерттеу анықтаудың, денсаулықты дамытудың индивидуалды коррекциялық тәсілдері ұйымдастырылып, қолданылуда. Олар топтық және индивидуалды жұмыстарға негізделіп, тиімділігі дәлелденген (И. В. Дубровина, В. И. Слободчиков, О. В. Хухлаева, Н. И. Гуткина) .
Зерттеу жұмысының тақырыбы «Кіші мектеп жасындағылардың психологиялық ахуалын анықтау және оларды диагностикалау» деп тағайындалды[9] .
Зерттеудің мақсаты: Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық ахуалын анықтаудың психологиялық-педагогикалық аспектілерін анықтау және диагностикалау.
Зерттеу объектісі: Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық ахуалын қамтамасыз ету процесі.
Зерттеу пәні: Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық ахуалын қамтамасыз ету үшін тренингтерді ұйымдастыру.
Зерттеу міндеттері: Кіші мектеп жасы кезеңіндегі балалардың психикалық дамуындағы психологиялық ахуал мәселелерінің теориялық негізін қарастыру, көрсеткіштерін анықтау.
Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық ахуалын диагностикалау. Кіші мектеп жасы кезеңіндегі балалардың психологиялық ахуалын қамтамасыз ету жолдары.
Зерттеу әдістері психологиялық денсаулық концепциясы (И. В. Дубровина), бастауыш мектеп жасындағы баланың психикалық дамуы (Л. И. Божович), тұлғаның іс-әрекет жүйесінде дамуы (Л. С. Выготский, Д. Б. Эльконин), тренингтік топтық коррекциялық жұмыстарды ұйымдастыру (Л. А. Петровская, О. В. Хухлаева) технологиясы, оқыту процесінің психологиялық құрылымы концепциясы (С. М. Жақыпов) құрайды.
Зерттеуде қойылған міндеттерді шешу үшін қолданылған әдістер:
Жеке адамның психологиялық ахуалы мәселесіне қатысты ғылыми концепциялар мен эксперименттік зерттеулерге теориялық талдау жасау.
Психодиагностикалық әдістер: Баланың мектепке бейімделуін зерттеуге арналған А. И. Барканның суретті әдістемесі; Әлеуметтік бейімделуді зерттеуге арналған Рене Жильдің «Фильм-тест» әдісі; Р. Тэммел, М. Дорки, В. Аменнің «Мазасыздықты диагностикалау» әдісі; Баланың өзіндік баға деңгейін анықтауға арналған «Мен қандаймын?» әдістемесі; Ата-ананың балаға қатынасын анықтайтын А. Я. Варга, В. В. Столин тесті.
Тренинг әдістері.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады
I КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АХАУЛЫН ДИАГНОСТИКАЛАУ
1. 1. Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық даму
ерекшеліктері
Жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерін зерттеп, оның даму ерекшеліктеріне сипаттама беру, оларды сандық және сапалық жағынан бағалап беруге қызығушылық психология ғылымында ертеден бері орын алып келе жатыр. ХІХ ғасырдың аяғынан бастап психодиагностикалық әдістемелер көп мөлшерде жасалып, олар адамдарға өз ерекшеліктерін зерттеп, барлық қыр-сырын анықтап алуға ұсынылды. Осы кезден бастап тәжірибелік психологиялық зерттеулерге сұраныс қалыптаса бастады. Соның арқасында батыс Еуропа елдерінде психологиялық зертханалар ашыла бастады. Бұл зертханаларды Германияда - Вундт, Францияда - Бине, АҚШ-та - Мюнстерберг, Торндайк т. б. ғалымдар ұйымдастырып, жеке тұлғалық қасиеттерді толық және жан-жақты бағалау тестілерін жинақтады. Бұл зертханаларда барлық талапкерлердің іс-әрекет түрлеріне икемділігін анықтау, кәсіби жарамдылығын анықтау, мамандыққа баулу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында Гальтонның ұсынысы бойынша, тест көмегімен өлшенген қасиеттердің бір-бірімен корреляциялық байланысы бар екендігі ескерілді [10] .
Сол кездерде неміс психиатры және психологы Э. Кречмер және АҚШ психологы У. Шелдон өз зерттеулерінің нәтижесінде адам мінездерінің типологиясын ұсынды. Олардың ізбасарлары Э. Фромм, К. Леонгард, А. Е. Личко және басқалар типологиялық зерттеулерді жалғастырып, қазіргі кезде кеңінен пайдаланып жүрген мінез акцентуациясы туралы ілімнің негізін құрды. Олар мінез типін анықтау негізіне келесі қағидаларды ұсынды:
а) адам мінезі онтогенездің бастапқы кезеңдерінде қалыптасып өмірдің барлық кезеңдерінде тұрақты көрініс береді;
б) мінез көрсеткіштерінің топтасуы кездейсоқ мәселе емес. Олар адамдардың бір-бірінен айырмашылығы бар болып ерекше тұлға болуына негіз болатын тұрақты көріністер, сондықтан олар негізінде мінез типологиясын құруға мүмкіндік туады;
в) адамдардың басым көпшілігін осы типологияға байланысты бірнеше топқа бөліп, олардың жекелік ерекшеліктерін сипаттауға болады.
Психологиялық зерттеулерге математикалық және статистикалық тәсілдерді қолдану үшін Парсонс, Фишер, Спирмен деген математиктер психологиялық орталықтарда қызмет жасауға шақырылды. Олар биологиялық зерттеулерде микроэлементтердің фотосинтезге тигізетін әсерін анықтауға пайдаланған әдістемелерін психологияда жекелік психикалық қасиеттердің бір-бірімен корреляциялық байланыста екендігін дәлелдеуге ыңғайлы етіп өңдеп шығарды. Нәтижесінде Спирмен факторлық талдауды жүргізу жолдарын тауып, ал Фишер дисперсиялық талдау әдістемесін жасап шығарды. Дисперсиялық талдау әдісі көмегімен жеке факторлардың эксперимент нәтижесіне тигізетін әсерін статистикалық жолмен анықтауға байқалатын ауытқуға ұшыраған. Сондықтан оны зерттеу жеңілдеу болды деп көрсеткен. Осындай ерекше дамыған қасиеттерді зерттеу оңай болатындықтан, психологиялық қасиеттерінің даму деңгейін диагностикалау жүргізіледі.
Өткен ғасырда жасалған көптеген психодиагностикалық әдістемелерді және оларды пайдалану ережелерін қазіргі кездегі психологиялық қызметте кеңінен пайдалану қажеттілігі туындағандықтан, батыс елдер тәжірибесін зерттеп, оны біздің мектепте пайдалану жолдарын анықтаған ғалымдар З. А. Малышева, В. М. Вульфсон, К. Р. Рональдо, Г. Б. Радионов, И. А. Соколова, А. С. Овчинников, И. О. Татур. Олар мектептерде психологиялық қызмет құру проблемасын зерттеу барысында шетел тәжірибесін пайдалануға болатынын дәлелдеді. Бұл қажеттілікті қанағаттандыру мақсатымен мектептің психологиялық қызметін құру және басқа елдердің қалыптасқан тәжірибесін қолдану жолдарын М. Р. Битянова, И. В. Дубровина, Л. И. Прихожан анықтады. Олардың еңбектерінде психолог қызметінің мақсаты мен міндеттері, психологиялық қызмет моделі, мектептегі психологиялық қызметтің мазмұны мен зерттеу жүргізу әдістемелері анықталған.
Жеке адам дегеніміз - қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.
Қоғам мүшесі жеке адам әр түрлі қатынастардың, әсіресе материалдық игіліктерді өндіру және тұтынуға байланысты туындайтын қатынастардың ықпалында болады. Жеке адам сондай-ақ саяси қатынастардың әсеріне де тәуелді болады. Бас бостандығы бар ма немесе езгіде жүр ме, саяси құқығы бар ма, әлде жоқ па, сайлауға және сайлана алуға праволы ма, қоғамдық өмір мәселелерін талқылауға қатыса ма немесе үстем таптың ырқын жай ғана орындаушы ма - осылардың бәріне жеке адам психологиясы тәуелді болып отырады. Жеке адам, сондай -ақ идеологиялық қатынастар әрекетінің ықпалында болады. Идеология, не қоғам жайындағы идеялар жүйесі жеке адамның психологиясын, дүниетанымын, әлеуметтік бағдарларын қалыптастырады. Қоғамдық ғылымдарды меңгеру жеке адамның қоғамдық құбылыстарда дұрыс бағдар ұстануына және қоғам дамуындағы өзінің орны мен рөлін айқын аңғаруына көмектеседі. Қоғам жеке адамға мектептегі оқу мен тәрбие, радио, теледидар және де басқа бұқаралық насихат құралдары арқылы идеологиялық ықпал етеді.
Жеке адам психологиясының қалыптасуына сонымен бірге оның өзі кіретін әлеуметтік топтың психологиясы да әсер етеді. Қарым-қатынас - процесінде адамдар бір-біріне ықпалын тигізеді, соның нәтижесінде көзқарастағы, әлеуметтік танымдағы ортақтық жәңе қоғамға деген қатынастардың өзге де түрлеріне, еңбекке, адамарға, өз басының қасиеттеріне ортақ көзқарас қалыптасады. Демек жеке адамның өмірдің материалдық және саяси жағдайларын бейнелеуі ірілі-ұсақты әлеуметтік топтардың, тұтас қоғамның идеологиясы мен психиологиясына орайласып келеді екен. Жеке адамның сыртқы ортамен қарым - қатынас ауқымы неғұрлым кең болса, оның өмірдің әрқилы жақтарымен байланысы соғұрлым алуан түрлі болады, ол қоғамдық қатынастар дүниесіне соғұрлым тереңірек болады, соғұрлым оның өз рухани дүниесі байи түседі. К. Маркс: «Индивидтің шын мәніндегі рухани байлығы оның шын мәніндегі қатынастарының ықпалдылығына бүтіндей тәуелді деп жазған болатын. К. Маркс пен Ф. Энгельс «Неміс идеологиясында» осы ойды дамыта келіп, жеке адамдар өз қажетсінулері мен оларды қанағаттандыру әдістеріне байланысты, сөз жоқ, бір - бірімен өзара қатынаста болады және осындай қатынас адамдардың рухани, адамгершілік, психологиялық дамуының факторы болып табылады деп атап көрсетті».
Жеке адам қоғамдық қатынастардың тек объектісі ғана емес, сондай-ақ субъектісі де, яғни белсенді буын. Жеке адам басқа адамдармен қарым-қатынаста бола отырып тарихты жасайды, бірақ күшпен емес, объективті қоғам заңдылықтардың қажеттілік әсерімен жасайды. Алайда тарихи қажеттіліктің өзі жеке адамның қоғам алдындағы өзіндік болмысын да, өз мінез-құлқы үшін жауапкершілігін де жоққа шығармайды.
Детерминизм идеясы адам қылықтарының қажетті іс екенін анықтай отырып, еркін бостандығы жалған ертегіні теріске шығара отырып, адамның ақылын да, ар-ұятын да, адамның әрекеттеріне баға береді де ешбір жоймайды. Мүлде мұның керісінше, тек детерминистік көзқарасты ұстанғанда ғана кез келген нәрсені адамның азат екеніне аудара салмай, дәл және дұрыс баға беруге болады. Сондай-ақ тарихи қажеттілік идеясы да жеке адамның тарихтағы рөлін ешбір кемітпейді: бүкіл тарих нағыз қайраткерлер ретіндегі жеке адамдардың іс әрекетінен құралады.
Жеке адам - саналы тіршілік иесі, ол өзінің өмір жолын тандай алады: езгідегі жағдайына мойын ұсына ма, немесе әділетсіздікке қарсы күресе ме, барлық күш-жігерін қоғам игілігіне жұмсай ма немесе жеке басының мүддесін ғана ойлай ма - оның өз ісі. Бұл тек адамның қоғамдық жағдайына ғана байланысты емес, сонымен қатар оның қоғам дамуының объективті заңдылықтарын ұғу деңгейіне де тікелей байланысты. Әрбір жеке адамның қоғам өміріндегі рөлі мен мәні қоғамдық қатынастардың дамуына қарай арта түсіп отырады. Қоғамдық дамудың шапшаңдауына қарай жұртшылықтың адам правосы үшін күресі де етек алып кеңейеді. Бұл күрес жеке адамды қызықтырып қана қоймайды, сондай-ақ оны қалыптастырады, оның қоғамдық іс - әрекетін жандандыра түседі.
Қоғам дамуы мен жеке адамның дамуы арасында тығыз әрі тікелей байланыс, ықпал бар. Қоғам әр жеке адамға қызмет етеді, себебі, адам барлық қамқорлыққа бөленген, оның материалдық және рухани талап-тілегін қанағаттандыру басты назарда; . өз тарапынан әрбір жеке адам қоғам үшін еңбек етеді және өзінің рухани, әлеуметтік және материалдық мүддесі неғұрлым толық қанағаттандырылса, ол соғұрлым үлкен күш-жігерімен әрі құлшыныспен еңбек етеді. Жеке адамның дамуы өмірдің коллективтік негіздерінің дамуымен тығыз байланысты. «Тек коллективте ғана, - деп жазды К Маркс, - жеке адамның шын бостандығы, оның әлеуметтік қорғалуы мүмкін болмақ және тек ұжымда ғана жеке адамның жан-жақты дамып жетілуі, оның барлық қабілеті мен дарыны гүлдене өркен жаймақ». Бұдан ұжымда өмір сүру мен еңбек етуге талпыну туындайды және коллективизм адамның ең басты өмірлік қажетіне айналады.
Жеке адам қазіргі социологияның, психологияның және этиканың басты назарына алынған. Жеке адамға деген назардың артуы саяси да, сондай-ақ өндірістік мақсат көздейді. Жеке адамды білу - оның іс әрекетін тиімді басқарудың алғы шарты. Жеке адамды зерттеу қоғамның саяси жағын да қамтиды. Сондықтан жасалған теориялық қорытынды, әлбетте, олардың авторларының саналы немесе санасыз түрдегі идеологиялық бағдарына байланысты идеалистік немесе материалистік сипатта болады.
Биологизм, әсіресе 3. Фрейдтің жеке адам жөніндегі түсініктемесінде айқын да анық көрініс тапқан. Фрейдтің ілімі бойынша, жеке адам дегеніміз - үнемі қоғам ішінде болатын әрі оның ерекше ықпалын сезінуші, сонымен бірге қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан иесі. Жеке адамның мінез-құлқы биологиялық әсерлермен немесе инстинктермен, ең алдымен жыныстық елігуімен бағытталып отырады. Фрейд, сондай-ақ бейне бір адамның өлім және қирату инстинктерін қанағаттандырушы ретінде болатын соғыстардың сөзсіздігі де адамның елігуінен туындайды деп санайды. Фрейд концепциясы - жеке адамның тек қана биологиялық индивидуализмдік концепциясы. Бұл концепция реакцияға қызмет етеді.
Биоәлеуметтік концепцияның өкілдері (олар көпшілік) адамды шартты түрде екі бөлікке бөледі де, жеке адамның бағытталуы әлеуметтік құбылыстармен анықталып отырған тұста, адамның психикалық процестерінде биологиялық табиғат бар деп санайды. Бұл қате түсінік, себебі сезінудің қарапайым процесінің өзі де адамның әлеуметтік тұрғыдан айқындалатын талғам мүддесі арқылы күрделелене түскен, ол тек кана еңбекте қол жететін сенсорлық даму деңгейіне тәуелді болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz