Жәңгір хан тұсындағы қазақ-жоңғар қатынастары


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті

Тарих - педагогика факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы

Магистранттың өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Жәңгір хан тұсындағы қазақ-жоңғар қатынастары

Түркістан - 2009

Жоспары:

  1. Жәңгір хан және жоңғар хандығы.
  2. Орбұлақ шайқасы.


Жәңгір хан және жоңғар хандығы. 1635 жылы қазақ-жоңғар соғысы басталды. Шабуыл жасаушы жақ Батыр қонтайшы бастаған Жоңғар хандығы еді. Қазақтар жоңғарлардың атты жасақтарының тегеуірінен қорғануға мәжбүр болды. Алайда түрлі сұлтандар арасында қалыптасқан жағдай туралы әр түрлі пікірлер мен ұсыныстар орын алды. Жоңғарларға қарсы кезекті күресті басқаруға қабілетті, қазақ жасақтарын біріктіріп, оларды бастай алатын тарихи тұлға қажет болды. Оқиғалар Жәңгірді осыңдай қатерлі де батыл қадамға жетеледі. Жәңгір бастаған қазақ жасақтары жоңғар тайшыларына қарсы шайқасқа шықты. Бұл оқиғалар туралы замандастары - сібір татарлары мынадай мағлүмат береді: «Қара қалмақ тайшы, Талай тайшы, Қонтайшы да, Құжы тайшы да, Торғыша тайшы да, барлық қара қалмақтарымен бірге, осы қыста Қазақ ордасына аттанды, ал Қазақ ордасының адамдары қара қалмақтарға қарсы шықты. Сөйтіп қара қалмактар Қазак ордасының адамдарымен кездесті де, оларда жойқын соғыс болды. Ал қара қалмақтар Қазақ ордасының адамда-рын қырып салып, олардан Есімнің ұлы Жәңгір ханзаданы тұтқындады, ал Есім Қазақ ордасыңда, әлгі ханзада қара қалмақтарда патша болған еді». Сөйтіп Жәңгір жоңғарларға тұткынға түсіп, өз жауларының қорлығын бастан кешірген алғашқы қазақ хандарының бірі болды. Алайда нақ сол құжатта «және өзге де қара қалмақтар, нақ сол Талай тайшы жолдастарымен бірге тағы да Қазақ ордасына соғысқа аттанды» деген қосымша бар. Демек соғыс қимылдары 1635 жылы басталып, одан кейінгі жылдарда жалғастырылған.

Қазақ жасақтары бір жағдайларда жеңіліс тауып, басқа бір жағдайларда олардың жолы болып отырған. Осыңдай бір сәтті аяқталған жағдайда Жәңгір тұтқыннан босатылған. Жәңгірдің тұтқыннан қайтып келуі оның жағдайын бұрынғысынан да қиыңдатып жіберді. Тұтқыңда болу масқарасы, қорлайтындай болып босатылуы, қазақ феодалдарының өзара қырқысқан талас-тартыстары, қазақ қоғамыңда ішкі тепе-тендіктің болмауы, жоңғарлар қысымының күшейе түсуі - осының бәрі бірден Жәңгірге танылды. Алайда әкесінің беделі мен жеке басының касиеттері Жәңгірді құтқарып қалды. Ол батырлармен және билермен өз қатынастарын сәтті орнатады, Бұхара және Хиуа хандарымен өзара қатынастарға ерекше назар аударады. Жәңгірдің беделі тез өсті. Уақытының көп бөлігін ол Түркістан қаласында өткізді - қоғамдық өмірдің қақ ортасыңда болып, өз бақталастарының жағдайын және жоңғарлардың қозғалуын бақылап отыру керек еді. Күш-жігерді ғана емес, ақыл-ойды да қоса жүмсауды қажет етті. Жәңгір өзін белсенді қайраткер ретінде көрсете алды.

Жәңгір Бұхара хаңдығының әйгілі қайраткері, Самарқанд сарайларын салғызушы Жалаңтөспен жақсы қатынастар орнатады. Бұл кезенде, қазақтар Бұхара хаңдығымен тығыз байланысты болатын, олардың бір бөлігі оңда тұрақты іргетепкен еді. Бұхара билеушілері арасында Абдул-Васидің жағдайы елеулі болды. Жалаңтөс Баһадүр (1576-1656) де Бұхара хаңдығыңда маңызды рөл атқарды. Аңыз бойынша ол Сырдарияның төменгі ағысында Кіші жүздің Әлім тайпасының тортқара руының қазақтары арасында туған. Шығай ханның ауылдарымен бірге Жалаңтөстің үй-іші Нұрата тауларына, Бұхара маңайы-на көшіп барған. Бұхара ханы Имамкули 1612 жылы қазақ хандығымен достық пен өзара түсіністікті сақтау мақсатымен Жалантөсті Самаркаңд қала-сының әмірі етіп тағайыңдаған. Жалаңтөс жас кезінен-ақ батыр деп таныл-ған еді. 1625 жылы жоңғар қалмақтарымен ұрыста көзге түсіп, құрметті «ата-лық» атағына ие болды. 1640 жылы Жалаңтос Баһадүр 30 мындық жасағы-мен Батыр қонтайшы бастаған қалың жоңғар әскеріне күйрете соққы берді. Жалаңтос көрнекті әскербасы болып қана койған жоқ, сонымен қатар архитектура мен өнер тарихында да елеулі із қалдырды. Оның тұсыңда Самарқаңд қаласыңда Орталық Азия халықтарының мәдени мұрасыңда маңызды орын алатын, «Самарқан сәулетінің таңғажайыбы» саналатын орасан зор Тилля Қара мешіті мен Шир-Дор медресесі салынды. Жалантостің есімі Шир-Дор қасбетінің ішкі жағына қүрылысшылар жасаған жазбамен мәңгілікке қалдырылған.

Жәңгір Шығыс Түркістанның билеушілерімен де қатынас жасап түрды. Оның үстіне бүған Жалаңтестің ұлы Тәуке сұлтан да қатысты. «Шах Махмүд бен Мир Фазыл Шорастың тарихында» Шығыс Түркістанның хан-дарымен оған жоңғарлар басып кірген кезенде Жәңгір хан жүргізген келіссездер туралы былай делінген: «Сол кезде Жаһангер ханнан Шайх Хаванд Тахур үрпақтарынан шыққан Жүніс-Қожа деген елші келді. Бұл жақ-тан Қожа Сеиид Мүхаммед-халифанын ұлы Софы-Қожа жіберілді - оларға (Алланың) рахымы жаусын. Жаһангер хан Софы-Қожамен бірге өзінің ұлы Тәуке сұлтанды жіберді. Хан монархтық ізгілік корсетіп, оған патшаға лай-ықты мейірбандылық корсетті және оған Қошқар бекті ертіп жіберді. Сол кезде Жаһангер хан Ахунд Молла Жақыпты және Қожа Жанқожаның ұлы Уап қожаны олтірді - иә, оларға (Алланың) рақымы түсіп, қайырымын берсін. (Жаһангер хан) ханға Қошқар бекпен өзінің үлкен ұлы Абақ сұлтан-ды беріп жіберді. Жолбарыс ханға өзінің қызын үзатты».

Жәңгір тіпті көршілес елдерге елшіліктер ұйымдастырды. 1640 жылдың қыркүйегінде Жәңгірдің елшілері Батыр қонтайшының ордасында болды. Сол кезде онда Ресей елшілері де болған еді. Меньшой-Ремезов өзінің ста-тьялық тізімінде былай деп жазған: «Ал өзі, Меныпой, патша ағзамның сәлемін тапсырған кезде қонтайшыда Хоурлыкгың ұлы Ильден тайшы және Бұхараның, Қазақ Ордасынан Жәңгір ханзаданың төрт елшісі және Да-лай-ламалар болды».

Бұл деректер Жәңгірдің саяси қызметі өзі хан болып жарияланғанға дейін-ақ басталғанын дәлелдейді. Ол былай тұрсын, онын аты мен қызметі жоңғар қонтайшылары Қара-Қүлаға, Батырға және басқаларына мәлім болған.

Жонғар хандығы маньчжур дәмеленуіне қарсы ойдағыдай шабуыл жаса-ды, 1640 жылғы «Дала ережесі» қабылданды. Жоңғар тайшылары Сібір воево-даларына қатер төндірді, оңтүстіктегі көршілеріне өз ықпалын күшейте түсті. Түрлі аймақтардағы қазақтарға да жаңа катер теніп келе жатты.

Жәңгір мұны біліп, мүмкін болғанынша шаралар қолдаңды. Қазақ жасақ-тарын жинап, керші билеушілерден кемек сұрау қажет болатын.

Өз кезегіңде Батыр қонтайшы да Жетісуға шабуыл жасау үшін одақ құрды. Бұл одаққа халхастық Алтын ханның ұлы Омбо-Эрдени, Батыр қонтайшы-ның күйеу баласы Огирту-Цэцэн хан, Огиртудын інісі Абылай хан, Чокур тайшы, Солтан тайшы (холт) және кептеген үсақ тайшылар қосылды.

1643-1647 жылдарда жаңа қазақ-жоңғар соғысы басталды. Ол осының алдындағы оқиғалардың барысымен, жоңғар феодалдарының және Батыр қонтайшының ниеттерімен дайындалған еді. Жалпы Батыр 50 мың адамдық әскер жинай алды. Бұған негізінен түрлі топтардағы жоңғарлар және олар-дың одақтастары - Орталық Азияның монғол халықтары кірді. 1643 жылы Батыр Тянь-Шаньның оңтүстік сілемдеріндегі жерлердің бір бөлігін басып алды, бірнеше мың казақтар мен қырғыздарды түтқынға түсірді.

Сонда Жәңгір Бұхара хаңдығының ықпалды төресі әйгілі әмір Жалаңтөстен көмек сұрады. Тянь-Шань қырғыздарының әміршілерімен де уағдаластыққа қол жеткізілді. Олар көмек көрсетуге уәде берді.

Жағдай жедел қимылдауды талап етті. Жиналған жасақпен Жәңгір Жоңғар Алатауына, Орбұлақ деген жерге жетті. Қазақ ханы сол жерде жоңғарлардың беталысын бақылап жатты.

Орбұлақ шайқасы . Жәңгір сұлтанда небәрі 600 қаруланған атты әскер бар еді. Бұлар тандаулы жасақтар болатын. Олардың арасыңда Шапырашты Қарасай, Арғын Ағантай, Алшын Жиембет, Қаңлы Сарпық, Найман Көксерек, Дулат Жақсығұл, Суан Елтынды батырлар болды.

Жоңғарларға қарсы күресте Жәңгір тапқыр әрі дұрыс айлатәсіл қолданды. Оны А. И. Левшин былайша суреттейді: «Осы бір ат төбеліндей аз адам-дармен ашық шайқасқа шыға алмаған ол адамдарының бір жартысын екі тау-дың арасыңдағы табаны терең сай және жан-жағы биік жартас шатқалға орна-ластырып, өзі екінші бөлігімен таудың арғы жағыңда тығылып түрды. Жоңғ-арлар бекініске жақындап келіп, оған лап қойды, міне сол уақытта, жердің тар болуы себепті қоршап алуға өте тиімсіз шайқаста көп адамдарынан айры-лған кезде, Жәңгір оларға желке түсынан тап берді. Бұл соққының күтпеген жерден жасалуы, осы үшін таңдап алынған жауынгерлердің қаһармандығы және олардың бәрі тамаша мылтықтармен жарақтандырылуы Батырды көп шығынға үшыратты».

Жәңгір әскерлері санының осынша аз болуын екі жағдаймен түсіндіруге болады. Бірінші жағдайды М. Тынышбаев келтірген. Ол «Жәңгірдің билігі әлі нығайып үлгірген жоқ еді» деп жазған. Оның үстіне сол кезде Есім ханның өлгені дәл анықталмаған болатын. Соңдықтан М. Тынышбаев бұл хан сайлар-дың адцыңдағы уақыт еді деп санаған. Алайда 1628 жылдан 1643 жылға дейінгі уақыт - едәуір ұзақ мерзім. Шынына келгенде Жәңгірде әскер санының осындай аз болуы төтенше жағдайлармен ғана түсіндірілуі мүмкін. Өкінішке қарай бізде Жәңгірдің хан жариялануының дәл мерзімі жоқ. Оның 1635 жылы әлі тек сұлтан екені мәлім. Жәңгірді хан деп жариялау туралы алауыздықтар мен дау-дамайлар болғанын дәлелдейтін мән-жайлар бар. Бұл атақтан басқа адамдар да үміттенген. Мұндай жағдайда Орбұлақтағы шайқас кезеңіне дейін де Жәңгірдің әлі хан деп жарияланбаған болуы әбден мүмкін.

XVII ғасырдың бірінші үштен біріндегі жоңғарлармен соғыс қақтығыстарының нәтижесінде, сайып келгенде, жоңғарлар қазақтардың қоныстарына қауіп тондірді. Үрейлі көңіл күй туды. Осындай қиын-қыстау жағдайда Жәңгір қатерлі қадам жасады. Хан сайлауға байланысты таластың ұзаққа созылуы да қатерлі, бірақ ойластырылған шешім қабылдауға итермеледі. Орбұлақ шайқасы соңдай қадам болды.

Біздіңше, Жәңгір әскері санының аз болуы әлдеқайда оңай түсіңдіріледі. Тауда қимыл жасау, торуылға қатысу үшін жауынгерлер санының көп болуы қажет емес, артық адамдар ойлаған ойды жүзеге асыруға тек кедергі жасауы мүмкін. Өйткені бұл ашық жердегі шайқас емес. Әрине, оралымдық та айтарлықтай рөл атқарады. Көмек күтуге мүмкіндік де аз еді.

Жоңғар Алатауындағы окиғалардың баяндалуы қазіргі күңдерде архив құжаттарыңда расталып отыр. Оларда Жәңгірдің өз адамдарының жартысын шағын окөптар немесе редуттар желісін салып, тауларға орналастырғаны айтылады. Деректемелерде олар шанцтар деп аталады.

Жоңғарияға жіберілген орыс елшісі, Тобольскідегі атаман Гавриил Ильин былай деген: «Сөйтіп Жәңгір тастар арасынан шанцтар қаздырып, сол шанцтарға ұрыстарға талай кіріп, майдандарда шындалған 300 адамды отырғызған, ал өзі тастың арғы жағында үш жүз адамымен жасырынып тұрған. Ал ол тайшы жауынгерлерімен шанцтарға кіргенде, шанцтарда жасырынған әскерлер Қонтайшының көп адамдарын қырып салған». Жартастар арасында жоңғарлар бірнеше мың адамынан айрылды. Сейтіп шайқас сол мандағы сай-салалы жерлерде өтетіндей жағдай қалыптасты. Күші басым жоңғарлар жеңіске жете алатын, алайда қазақ жасақтарына көп күш келіп қосыл-ды. Әр жерден жиналған жасақтармен Самарқандтан Бұхара хандығында әмір болып жүрген қазақ батыры Жалаңтөс келіп жетті, Жәңгірге қырғыз жасақтары да көмекке кедді. Қазақ жауынгерлерімен қырғыз батырлары Көтен мен Табайдың иықтүйістіре қатысқаны мәлім. Жаңа шайқаста Жәңгір бастаған қазақ жасақтары жеңіске жетті.

Сөйтіп екі үлкен айқас болды. Біреуі - жоңғарлар торуылға тап болған тауда, екіншісі ашық жерде көп әскердің қатысуымен өтті. Бұл жөнінде сол кезендегі құжатта былай делінген: «Сөйтіп Қонтайшыға басқа жағынан жасақтарымен Жәңгірдің өзі келіп, сол екі шайқаста қонтайшының 10 мыңнан астам адамын қырып салды».

Қазақ шежірелері мен халық аңыздарының деректері бойынша, шайқас Жоңғар Алатауыңда, Орбұлақ деген жерде болған. Бұл неғұрлым кейінгі кездегі карталарда да расталады. Ірі оқиғалармен қатар Орбұлақ шайқасы да қазақ халқының тарихына енді. Жәңгір Салқам («Айбатты») деп аталып кетті. Бұл жөнінде Шоқан Уәлиханов былай деп жазды: «XVII ғасырдың екінші ширегінде, нақ сол Есім хан тұсында, қырғыз-қазақтардың күшейіп алған қалмақ (жоңғар) әміршілеріне қарсы күресі басталды; Есімнің ұлы Жаһангердің 1643 жылғы Батырхан тайшымен соғысы туралы Фишер баяндаған». Шынында да, Қазақ хаңдығының Жәңгір бастаған күресі туралы мәселе тарихнамада XVIII ғасырдан бастап қозғалған.

Батыр қонтайшы Қазақ хандығына қарсы күресу үшін тағы да бар күш-жігерін салып, қазак даласына жорық жасауға дайындық бастады. Одан кейінгі жылдарда соғыс қайта жалғастырылды.

1646 жылы Батыр өзінің бұрынғы жеңілісі үшін жаңа жорық жасады. Бұл жөнінде тобыл бояры Данила Аршинский былай деген: «Ал олар жолдастарымен бірге Данила келгенге дейін қонтайшы Қазақ ордасына Жәңгір ханзадаға қарсы соғысып, көптеген адамдарды қырыпты, оның үстіне Жәңгірдің інісін әйелімен, балаларымен және кеп адамдарымен бірге тұтқынға алыпты». 1647 жылы Жоңғар елшісі Хорохай Далдин Томскінің екімет орындарына былай деп хабарлаған: «Қонтайшының қара қалмақтармен Күнделен-Убашымен соғыстары болды. Иә ол Қазақ ордасымен де шайқасты және кейін олармен солар жағынан бұзықтық болғанға дейін бітісті». Осымен соғыс қимылдары тынды, соғыс аяқталды. Бейбітшілік орнады. «Жәңгірмен до-стық байланыстары бар Күнделен тайшы Батырға белгілі бір қысым жасаған болуы мүмкін», - дегенде, сірә, В. А. Моисеев дұрыс жорамалдаған болса керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасы
Тәуке хан тұсындағы биліктің нығаюы
Қазақ хандығы мен Бұхар хандығы
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-16 ғғ.)
Қазақтың атақты билері
Қазақ этнонимінің пайда болуы
Қазақ хандығы
Қазақ хандығының мәдениеті
16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz