Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдау мотивациясы
КІРІСПЕ
1 ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА ДАЯРЛЫҒЫНЫҢ МӘНДІЛІГІ
1.1 Жоғары сынып оқушыларын мамандық таңдауға даярлау міндеттері
1.2 Мамандық таңдау мотивтерін анықтаудың ғылыми негіздері .
2 МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ МОТИВАЦИЯСЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ
2.1 Жоғары сынып оқушыларының мамандық ниеттерін зерттеу нәтижесі .
2.2 Оқушылардың интеллектуалдық қабілетін зерттеу және дамыту
2.3 Мамандыққа бағдар беру барысында оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін коррекциялау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

Болашақта ел тұтқасын ұстайтын азаматтардың болашақ мамандығын анықтауға бағыт-бағдар беру - бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселердің бірі.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің алдына жаңа өршіл мақсат қойып отыр. Ол – әлемнің дамыған отыз мемлекетінің қатарына кіру.
Қазақ елінің 2050 жылға дейін даму бағыттары айқындалған Жолдаудың тарихи маңызы өте зор. Бұл мемлекет өмірінің, қоғам мен экономиканың барлық тараптарын одан әрі жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы болып табылады.
«Біздің ең басты мақсатымыз — 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру. Бізде ол үшін мүмкіншілік те, ресурс та, білімді адамдар да, берекелі ұлт та бар», — деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президентінің Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «әр оқушының білімі мен қабілеті деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек» деп көрсетілген. Қалыптасқан Қазақ мемлекетінің жаңа саяси бағытын айқындаған «Қазақстан – 2050» стратегиясында Елбасы жастарға қарата: «Ал кейінгі толқын жастарға айтарым: Сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің – елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш», деді [1].
Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрсетілген [2]. Оны шешуге мектеп психологының қосатын үлесі өте үлкен. Өйткені жеке тұлғаның барлық қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашып, оларды салауатты өмір салтына үйретіп, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін жоғары сынып оқушыларының психологиялық даму ерекшеліктерін ескере отырып, олардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдап алуына психолог көмек көрсетуі керек.
Қазіргі кезде болашақ мамандықты ерте таңдап, мектепте болашақ
мамандығына бағытталған даярлықтан өтудің мән мағынасы өте терең болып отыр. Бұл проблеманы жан-жақты зерттеу мәселесі ХІХ ғасырда басталып, көптеген ғалым психологтар оның әр түрлі аспектілерін зерттеді. ХХ ғасырдьң басында В.Вундт [3], Мюнстерберг [4], А.Бине [5], Ф.Парсонс [6], М.Кле [7], И.С.Кон [8] т.б. ғалымдар ұйымдастырған зертханалар зерттелінушілердің психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалау арқылы олардың мамандыққа жарамдылығын анықтаған. Қазіргі кездегі мектепте жүргізіліп жүрген мамандыққа бағдар беру жұмыстарының негізін құрғандар Н.И.Козлов [9], А.В.Захарова [10], П.М.Якобсон [11], Б.С.Братусь [12], Р.Г.Гурова [13], А.В.Мудрик [14], А.В.Петровский [15], Р.С.Немов [16] Л.К.Керимов [17], Е.П.Климов [18], М.М.Мұқанов [19], т.б. ғалымдар.

1. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2008.
2. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы, 2007.
3. Вунт Д.Т. Основы физиологической психологии. С-Пб. 3-х томах. 1998.
4. Мюнстерберг. Психология и экономическая жизнь. Москва, 1924.
5. Бине А. Психология умозаключение. Москва, 1889.
6. Парсонс Ф. Общетеоретические проблемы социологии // Социология сегодня. -М.: Наука, 1965. С. 58-63.
7. Кле М. Психология подростка: Прихосексуалъное развитие. М., 1991.
8. Кон И.С. Психология ранней юности. Книга для учителя. М., 1989.
9. Козлов Н.И. Как относитъся к себе и людям, Практическая психология на каждый день. М., 1998.
10. Захарова А.В. Психология обучения старшекласников. Москва, 1976.
11. Якобсон П.М. Эмоциональная жизнь школьника. Москва, 1966.
12. Братусь Б.С. Психологические аспекты нравственного развития личности. Москва, 1977.
13. Гурова Р.Г. Выпускник средней школы. Москва, 1977.
14. Мудрик А.В. О воспитании старшекласников. Москва, 1976.
15. Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Алматы, 1987.
16. Немов Р.С. Психология. В 3 т. т.З. М., 1996.
17. Керимов Л.К. Қиын бала және оны қайта тәрбиелеу. Алматы, 1991.
18. Климов Е.А. Путь к профессии. Л., 1974.
19. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1982.
20. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы, 1996.
21. Анциферова Л.Н. Психология формирования и развития личности. М.,
1981.
22. Битяпова М.Р. Практическая психология. М., 1997.
23. Бап-Баба С. Жантану негіздері. Алматы, 1998.
24. Бабасов Е.М. Конфликтология. Минск, 2000.
25. Возрастная и педагогическая психология. Под ред. М.В.Голезо и др. М.,1984.
26. Выготоский Л.С. Собрание сочинений в 6 томах. М., 1982.
27. Рубинштейн С.Л. Проблемы общей психологии. Москва, 1973.
28. Валиева М. Білім беру технологиясы және оларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу. Алматы, 2002.
29. Грановская Р.М. Элементы практической психологии. М., 1997.
30. Дубровина И.В. Настольная книга школьного психолога. М., 1996.
31. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. Алматы, 2004.
32. Кречмер Э. Строение тела и характера. Москва, 1982.
33. Шелдон У. Анализ конституциональных различий по биографическим данным. Москва, 1982.
34. Фромм Э. Иметь или быть. Москва, 1990.
35. Личко А.Е. Типы акцентуаций характера и психопатий у падростков. Москва, 1999.
36. Асламов А.Г. Личность как предмет психологического исследования. Москва, 1984.
37. Блонский П.П. Избранные психологические произведения. Москва, 1964.
38. Выготский Л.С. Собрание сочинений в 6 томах. Москва, 1982.
39. Гальперин П.Я., Запорожец А.В., Карпова С.Н. Актуальные проблемы возрастной психологии. Москва, 1978.
40. Золотнякова А.С. Проблемы психологии общения (социальные й личиостные типы общения, их профеесиональные, познавательные и генетические аспекты). Ростов-на Дону, 1976.
41. Леонтьев А.Н. Потребности, мотивы и эмоции. Москва, 1984.
42. Карандашев В.Н. Психология. Введение в профессию. Учебное пособие для студентов ВУЗ. М, «Смысл», 2003.
43. Козыбаев Е.Ш. Технология проведения традиционных и инновационных форм организации урока в процессе учебной
деятельности. Учебное пособие. Шымкент, 2004.
44. Мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған психодиагностикалық қызмет. Құрастырған Л.К.Көмекбаева.
Алматы, 2004.
45. Нұмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология. І-ІІ том. Шымкент, 2006.
46. Щербаков А.И. Проблемы возрастной психологии. М., 1987.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3-6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. .
1 ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА ДАЯРЛЫҒЫНЫҢ
МӘНДІЛІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Жоғары сынып оқушыларын мамандық таңдауға даярлау міндеттері
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...7-18
... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Мамандық таңдау мотивтерін анықтаудың ғылыми негіздері ... ..18-26
2 МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ МОТИВАЦИЯСЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛАУ
НӘТИЖЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Жоғары сынып оқушыларының мамандық ниеттерін зерттеу нәтижесі
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...28-44
... ... ... ... ... ... ... ... .. .
2.2 Оқушылардың интеллектуалдық қабілетін зерттеу және дамыту 44-53
2.3 Мамандыққа бағдар беру барысында оқушылардың жеке тұлғалық
қасиеттерін 53-57
коррекциялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58-59
... ... ... ... ... ... ... ... .. .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 60-61
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
ҚОСЫМШАЛАР 62-70

... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі.
Болашақта ел тұтқасын ұстайтын азаматтардың болашақ мамандығын
анықтауға бағыт-бағдар беру - бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды
мәселердің бірі.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің алдына жаңа өршіл мақсат қойып
отыр. Ол – әлемнің дамыған отыз мемлекетінің қатарына кіру.
Қазақ елінің 2050 жылға дейін даму бағыттары айқындалған Жолдаудың
тарихи маңызы өте зор. Бұл мемлекет өмірінің, қоғам мен экономиканың барлық
тараптарын одан әрі жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы болып табылады.
Біздің ең басты мақсатымыз — 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30
елінің қатарына кіру. Бізде ол үшін мүмкіншілік те, ресурс та, білімді
адамдар да, берекелі ұлт та бар, — деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президентінің Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында әр оқушының
білімі мен қабілеті деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін
жасау керек деп көрсетілген. Қалыптасқан Қазақ мемлекетінің жаңа саяси
бағытын айқындаған Қазақстан – 2050 стратегиясында Елбасы жастарға
қарата: Ал кейінгі толқын жастарға айтарым: Сендер – болашаққа деген үкілі
үмітіміздің тірегісіңдер. Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің –
елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың
мақсаттарға апаратын құдіретті күш, деді [1].
Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрсетілген [2]. Оны шешуге
мектеп психологының қосатын үлесі өте үлкен. Өйткені жеке тұлғаның барлық
қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашып, оларды салауатты өмір салтына үйретіп,
қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін жоғары сынып оқушыларының
психологиялық даму ерекшеліктерін ескере отырып, олардың болашақ мамандығын
саналы түрде таңдап алуына психолог көмек көрсетуі керек.
Қазіргі кезде болашақ мамандықты ерте таңдап, мектепте болашақ
мамандығына бағытталған даярлықтан өтудің мән мағынасы өте терең болып
отыр. Бұл проблеманы жан-жақты зерттеу мәселесі ХІХ ғасырда басталып,
көптеген ғалым психологтар оның әр түрлі аспектілерін зерттеді. ХХ
ғасырдьң басында В.Вундт [3], Мюнстерберг [4], А.Бине [5], Ф.Парсонс [6],
М.Кле [7], И.С.Кон [8] т.б. ғалымдар ұйымдастырған зертханалар
зерттелінушілердің психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалау арқылы олардың
мамандыққа жарамдылығын анықтаған. Қазіргі кездегі мектепте жүргізіліп
жүрген мамандыққа бағдар беру жұмыстарының негізін құрғандар Н.И.Козлов
[9], А.В.Захарова [10], П.М.Якобсон [11], Б.С.Братусь [12], Р.Г.Гурова
[13], А.В.Мудрик [14], А.В.Петровский [15], Р.С.Немов [16] Л.К.Керимов
[17], Е.П.Климов [18], М.М.Мұқанов [19], т.б. ғалымдар. Олар өз
зертгеулерінде мамандыққа баулу жұмысының құрылымын, мазмұнын және
пайдаланылатын әдіс-тәсілдерді анықтап, мектеп қабырғасында балалармен
жүргізілетін мамандыққа икемділігін диагностикалау жұмыстарының
бағдарламасын жасады. Сонымен қатар мамандыққа бағдар беру жұмысында әр
балаға өзінің психологиялық ерекшеліктерін анықтап, барлық жұмысқа қажетті
ашық-жарқындық, сыйысымдылық, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың мәні
өте терең. Мектептерде психологиялық қызмет ұйымдастырылуына байланысты
барлық оқушылардың жеке-даралық психологиялық ерекшеліктерін, әр баланың
қызығушылықтары мен қабілетін, таным процестері мен жекелік қасиеттерін
сандық және сапалық жағынан толық бағалап шығуға болады.
Мектептерде мамандыққа бағдар беру жұмысы балалардың жас
ерекшеліктеріне байланысты бастауыш сынып, орта буын және жоғары сынып
оқушыларына арналған бағдарламалар бойынша жүргізілуге тиіс. Мамандыққа
бағдар беру барысында оқушыларға мамандықтар туралы мәлімет беру, олардың
технологиясымен таныстыру, адам-адам, адам-техника, адам-табиғат
қатынасына байланысты қойылатын талаптарды аныктау т.с.с. жұмыстар
ұйымдастырылады. Дегенмен жоғары сыныптарда мамандыққа бағдар беру
жұмысының бір бағыты оқушылардың қай салада қызме атқаруға икемділігін
зерттеп, оларды қазіргі кезде кең тараған мамандықтармен таныстыру, оларды
орындау үшін жаңа техниканы және технологияны меңгерудің қажеттілігін
түсіндіру, осы проблеманы шешу жолдарын анықтауға ықпал жасайтын іс-
шараларды ұйымдастыру болып табылады. Осы мәселелердің біршамасын шешуге
психолог өз үлесін қосуға тиіс. Сондықтан оқушыларға мектеп қабырғасында
оқытудың бірінші күндерінен бастап мамандыққа бағдар беру мәселелері өте
өзекті болып отыр. Осы жұмысты дұрыс ұйымдастыру жолдарын үйрену
қажеттілігіне және пайдаланылатын әдіс-тәсілдерді жүйеге келтіру
керектігіне байланысты біз дипломдық зерттеу тақырыбын Жоғары сынып
оқушыларының мамандық таңдау мотивациясын зерттеу деп анықтадық.
Зерттеу объектісі: мектептің психологиялық қызметі.
Зерттеу пәні: мектеп психологының жоғары сынып оқушыларымен мамандыққа
баулу жұмысын ұйымдастыруы.
Зерттеу мақсаты: жоғары сынып оқушыларының жеке тұлғалық
ерекшеліктерін зерттеу негізінде мамандыққа бағдар беру жолдарын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- оқушылардың мамандық таңдау мәселесі бойынша ғылыми-
теориялық және әдістемелік әдебиеттерді талдау;
- жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдау мотивациясын, қызығушылықтарын,
интеллектуалдық қызметке икемділігін
зерттеу әдістемелерін жинақтау;
- оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін, таным процестерін,
интеллектуалдық қабілеттерін диагностикалау арқылы олардың мамандыққа
икемділігін болжамдау;
- мамандыққа бағдар беру барысрында интеллектуалдық қабілеттерін және
қарым-қатынас мәдениетін коррекциялау жұмыстарын жүргізу;
- жинақталған материалдарды талдау және диплом жұмысын жазу.
Дипломдық зерттеу барысында келесі психологиялық ғылыми-зерттеу
әдістері пайдаланылды: жоғары сынып оқушыларының тұлғалық даму
ерекшеліктері және мамандыққа бағдар беру проблемасы бойынша ғылыми-
әдістемелік еңбектерді талдау, оқушылардың мамандық таңдау ниеттерін
анықтау тестін, мотивациясын анықтауға Климовтың жасаған тестін пайдалану,
балалардың ұйымдастырушылық және коммуникативтік қасиеттерін зерттеу
тестері (КОС), интеллектуалдық лабильділік, шығармашылық қабілетті зерттеу
және дамыту әдістемелері көмегімен оқушылардың қабілеттілігін зерттеу,
коррекциялық ойындар көмегімен мамандыққа қажетті қасиеттерді тәрбиелеу
жолдарын көрсету.
Зерттеу жұмысын орындау екі кезеңде жүрді. Бірінші кезеңде жоғары
сынып оқушыларының мектеп бітіруіне байланысты мамандыққа бағдар берудің
мәнділігі анықталып, оларға мамандық таңдауға көмек көрсетудің ғылыми-
психологиялық негіздері зерттелінді, бұл жұмыстың мазмұны және әдіс-
тәсілдері жинақталды, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді
талдау нәтижесінде зерттеу тақырыбы, зерттеу жұмысының ғылыми аппараты
анықталды және зерттеу әдістемелерін іріктеп алып оларды жүйеге келтіру
жұмыстары жүргізілді.
Екінші кезеңде жоғары сынып оқушыларының мамандыққа қызығушылығын,
мамандық ниеттерін, интеллектуалдық қабілеттерінің ерекшеліктерін анықтау
негізінде баланың қай салада қызмет атқаруға ниет білдіретіндігі және ол
салаға икемділігі зерттелінді. Барлық саладағы қызметке қажет
интеллектуалдық қабілеттілік пен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру
коррекциясы жүргізілді және оқушыларға өзін-өзі тәрбиелеу барысында
мамандыққа икемділігін қалыптастыру жолдары көрсетілді.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Кіріспесінде зерттеудің көкейтестілігі, ғылыми аппаратты, мақсаты,
нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық және
теориялық негіздері, әдістері мен негіздері беріліп, ғылыми жаңалығы мен
теориялық және практикалық мәнділігі және қорғауға ұсынылатын қағидалар,
зерттеу нәижелерінің дәлелдігі мен негіздігі, талқылануы және жүзеге
асырылуы баяндалады.
Жоғарғы сынып оқушыларының мамандық тандауға даярлығының
мәнділігі атты бірінші бөлімде жоғарғы сынып оқушыларының мамандық
тандауға даярлау міндеттері және мамандық таңдау мотивтерін анықтаудың
ғылыми негіздері баяндалады.
Мамандық тандау мотивациясын зерттеу және коррекциялау нәтижелері
атты екінші бөлімде жоғарғы сынып оқушыларының мамандық тандау ниеттерін
зерттеу нәтижесі беріліп оқушылардың интелектуалдық қабілетін зерттеу және
дамыту мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, мамандыққа бағдар беру
барысында оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін коррекциялау мәселелері
қамтылады.
Қорытынды бөлімде зерттеу жұмысы бойынша жоғарғы сынып оқушыларының
мамандық таңдау жұмысы бойынша жүргізілетін жұмысының бағыттары беріледі.
Сонымен қатар ұсыныстар жасалынады.
1 ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МАМАНДЫҚ ТАНДАУҒА ДАЯРЛЫҒЫНЫҢ МӘНДІЛІГІ
1.1. Жоғары сынып оқушыларын мамандық таңдауға даярлау
міндеттері
Жоғары сынып оқушылары жеткіншектіктен жасөспірімдік кезеңге енді аяқ
басқаң шақ. Осы кезеңде балалар өздерінің болашақ өмірге деген ниеттеріне
сай таңдау жасап, болашақ мамандығын анықтауы керек.
Жасөспірімдер үлкендік өмірге жақындағандықтан, олардың өздерінің
келбетін сәнді үлгілерге ұқсас етіп шығаруға тырысуы, әсіресе қыз балаларда
өте көп уақыт алуы мүмкін. Балалар үшін сыртқы көріністері балалық түрде
болмай, ересектерге ұқсас болғаны, кездесулер, дәстүрлі би, шарап болатын
кештер өткізілгені маңызды бола бастайды. Мұндай жағдайларда жасөспірімдер
алғашқы кезде өздерін көбінесе ыңғайсыз сезінеді: айтатын сөздері де
болмайды, өздерін қалай ұстауды да білмейді, дегенмен мінез-құлықтың, қарым-
қатынастың, көңіл кетерудің белгілі бір формасын сақтауға тырысады.
Көптеген балалар студенттерге қарап бағдарланады, кинодан, теледидардаи,
көшеден көргендеріне еліктейді [20, 156].
Жасөспірімдер әкесінің, ағасының, жақын танысының үлкендік қасиеттерін
мақтан етеді, оларға ұқсауға тырысады, олардың қасиеттері туралы сүйсіне
әңгімелейді. Сонымен қатар балалардың өздерінің арасында күштілігімен,
батылдығымен, ептілігімен, спорттық іскерліктерімен көзге түсетін
құрдастары да жасөспірімдерге үлгі болуы мүмкін. Мұндай балалар өте-мөте
белгілі болады, ал мұның үстіне олар жақсы жолдас болса, олардың беделі өте
жоғары болуы мүмкін. Қорқақтық көріністері үзілді-кесілді айыпталады.
Өзінің батылдығын көрсету үшін жастар шектен асқан істерге, ал кейде
қоғамдық жағымсыз істерге де тәуекелге баруы мүмкін. Осы кезде дене күші
ерекше жоғары бағаланады. Кейде сыныпта немесе бір топ балалардың ішінде
кімнің күші кімнен асып түсетінін біледі және ол күштілерге басқалары
тәуелді болып жүреді. Әсіресе ұл балалар өздерінің дене күшінің өсуіне өте
сергек қарайды. Олар күресіп, күш сынасқанды жақсы көреді. Күрестің алуан
түрлері жұрттың алдында өтеді. Кейбір балалардың төбелесқорлығы көбіне
басқалардан күшті екенін дәлелдеуге тырысуна байланысты орын алады. Балалар
өзінің күшін, еркін, батылдығын дамыту үшін әр түрлі жаттығулар жасап,
спорт түрлерімен шұғылданады. Егер осы жолда балалар сәтсіздікке ұшыраса,
олардың көңілдері суып, өзінің бүл сәтсіздікті жоюға мүмкіндігі бар екеніне
сенімсіздік туғызуы мүмкін. Бұл уақытта балаларға үлкендердің, әсіресе ата-
ананың көмегі өте қажет болады. Үлкендер оларға жаттығуларды орындаудың
дұрыс амалдарын, тұрақты жасалған жаттығудың дене күшін жетілдіруге
тигізетін пайдасын түсіндіріп, тиімді әдістерді табуға көмектесуі керек.
Көптеген балауса қыз балалардың атам заманнан ерлер қасиеттері деп
саналатын жігерлілік, батылдық, қажырлылық, ұстамдылық т. б. қасиеттерге
жеткісі келетінін атап айту керек. Ер балалар сияқты олар да өздерінде
осындай қасиеттерді тәрбиелейді. Әйелге тән қасиеттер қазіргі қыздар мен
бойжеткендер үшін әрқашан тартымды деуге болмайды. Мұның өзі әйелдің қоғам
өмірі мен отбасындағы жағдайының өзгеруіне байланысты. Қоғамдық мұратты
бейнелердегі өзгеріс осыдан келіп шығады, ал бұлар өз кезегінде қыз
балаларда ұнамды қасиеттер туралы түсініктің қалыптасуына ықпал жасайды.
Қыз баланың мұрат тұтқан бейнесінің мазмұны оның алған тәрбиесі мен
ортасының нақты ерекшеліктеріне де едәуір байланысты болады.
Жасөспірім кезеңіндегілердің іс-әрекеттері мазмұны жағынан
ересектердің еңбектерімен теңеседі (міндеттерді орындау сапасы бойынша және
іскерлікті меңгеру жағынан). Жоғары сынып оқушыларына әкесі, шешесі,
мұғалімі, кез келген үлкен адам әр түрлі қиын тапсырмаларды сеніп береді.
Отбасы өмірінде жасөспірімдерге шаруашылық жұмыстардың бірсыпырасы,
кішкентай балаларды бағып-қағу жүктеледі. Балаларға қатысты ол іс жүзінде
ересек адамның орнында болады. Ата-анасының арасындағы ұрыс-керіс,
материалдық тапшылық қабаттасуы мүмкін, мұндай жағдайларда балалар
отбасының қамқоршысы, асыраушысы нормалары бойынша өмір сүретін кездері де
кездеседі. Ересектермен қатар және теңдей еңбекке қатысу, олардың тарапынан
жауапкершілік, дербестік, оңтайлылық сезімін, әр түрлі істер мен
міндеттерді орындау барысында олар басқалар туралы ойлап, қамқорлық жасау,
ссзімталдық пен ілтипаттылық қасиеттерін қалыптастырады. Жақын адамдардың
игілігі, олардың қамын ойлау жас бала үшін ерекше маңызды болып, өмірлік
қазына сипатын алады.
Бұлардың барлығы баланың адамгершілік сенімдерінің, болашаққа жоспар
құруының ерте бастан қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды. Болашаққа
арналған жоспарлар туралы ойлағанда, жақындарының қамын ойлау көп орын
алады.
Көптеген ер балалардың ересектердің әр түрлі іскерліктерін ағаш және
темір ұсталығын меңгеруге, станокта жұмыс істеуге, автомашина, мотоцикл
жүргізуге, фотосурет түсіруге, мылтық атып, аң аулауға, компаспен
бағдарлануға, компьютерлік техниканы меңгеруге т. б. ұмтылатынын атап айту
керек. Қыз балалар да олардан қалыспай, тек әйелдер іскерліктерін ғана
меңгерумеи шектелмейді. Жастық шақтың басы осындай іскерліктерді үйретуге
ең қолайлы уақыт. Бұл үшін балаларды ерте қолғанат ретінде ересектердің
тиісті кәсіптерінде пайдалану қажет. Балалардың өздері де осыған ұмтылады,
ересектердің оларға сенім көрсеткенін ұатады, оны ақтауға тырысады.
Үйірмелер мен еңбек сабақтарындағы жұмыс балалар үшін неғүрлым көп жаңалық
ұсынса, ілгерілеушілік болса, олар өз еңбегінің нәтижесін,
оның қоғамға пайдалылығын айқын көрсе, соғұрлым тартымды болады.
Балалар ересектердің көмекшісі рөліне әбден риза, олар уақытша болса
да, ересектің орнын толық ауыстырып, мүлдем дербес іс-әрекет жасауға ерекше
қуанышты болады. Бұл жағдай жасөспірімдерді жаңа жетістіктерге ұмтылдырады.
Үлкендік позицияның дамуындағы мазмұнды бағыттардың бірі болашақты
жоспарлаумен байланысты. Ол жоғары сынып оқушысының бір нәрсені шын мәнінде
танып-білуге ұмтылуынан барып өседі. Мұндай іс-әрекеттің ғылымға,
техникаға, өнерге, білімнің бір немесе бірнеше саласына катысты болуы
мүмкін және кәсіптік ниеттермен әрдайым байланысы бола бермейді. Әуестену
құштарлық сипатта болса, ондайда бірқатар уақыт (бос уақыт қана емес, сабақ
даярлауға кажетті уақыттың да) сол өзіне ұнамды іспен шүғылдануына кетеді.
Қайсыбір іске ынталы бала өте белсенді болады: қажетті кітаптарды,
материалдарды, аспаптарды іздестіріп, оларды пайдаланудың әр түрлі
тәсілдерін игереді. Балалар әр түрлі мәселелерді талқылайды, кітаптармен,
материалдармен алмасады, әр түрлі қиыншылықтарда ақыл-кеңеспен және іспен
бір-біріне жәрдемдеседі. Ықыластанған білімді табу немесе сәтсіздіктің
себебін анықтау үшін олар кітаптар мен анықтамаларды қарайды. Мұның өзі
ынта-ықылас пен нәтижелі іс-әрекеттің дамуындағы өте маңызды қадам. жаңа
білімдерді қажетсіну дербес, яғни өздігінен білім алу арқылы
қанағаттандырылады. Бұл дербес іс-әрекеттерде кейде шығармашылық
элементтері болады, оны жаңа нәрсе жасау процесі және танымдық әрекеттің
өзі әуестендіреді. Бұл баланың интеллектуалдық дамуына ықпал жасап, білімін
тереңдетеді, ол білімді пайдалану жолдарын үйретеді [21, 234].
Танымдық мүдделердің басым бағыттылығы жасөспірімдік шақта
қалыптасады. Кейде нақ осындай жағдайда бастауыш мектеп шағында немесе
жасөспірімдік жастың басында тиянақты кәсіптік ниеттер қалыптасады,
болашаққа даярлау жөніндегі іс-әрекет басталады. Кейбір жағдайларда балалық
ойын, өздігінен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу элементтерімен өзінше
ұштасады: белгілі бір мамандық туралы арман, бір жағынан, әр түрлі рөльдер
болатын ойындардың мазмұнында және таңдап алынатын рөльдерде бейнеленеді,
ал екінші жағынан, мүдделер тобын анықтап, белгілі бір білімге, іскерлікке,
қасиеттерге жетуге ынталандырады. Жоғары сыныптарда осы қызығушылығын
нығайтатын білімнің әр түрлі салаларынан сабақ беретін мамандар ақыл-кеңес
беріп, балаларды едәуір көп білім алуға, дербес жұмыс істеуге үйретуі
керек. Олар білімге және таным процесіне өздері үшін маңызды әрі қажетті
деп қарайды. Бұл жағдайлар көбіне ата-аналардың балалардың таным
әрекеттеріне үлкен көңіл аударғанда орын алады.
Жасөспірімдердің көпшілігі бірден бірнеше адамға теңелгісі келеді,
яғни өзі басының сондай болсам деген бейнесі түрлі адамдардың жақсы
жақтарынан жасалады: бір адамнан ойша бір қасиеттерді, екіншіден басқасы не
біріншісіне ұқсасы т. б. алынады. Жасөспірімдер үлкендерге, өзінен үлкен
балалар мен құрдастарына (жолдастарына, сыныптастарына) теңелсем дейді,
осының өзіңде құрдастары өте үлкен орын алады. Үлгілердің арасында әдеби
кейіпкерлер емес, нақты адамдар басым болады. Жекіншектерді өздері теңессем
деген адамдардағы өзін тартатын қөптеген қасиеттер мен ерекшеліктердің
арасында қасиеттердің екі тобы басым болады. Бұлар - адамгершілік
қасиеттері мен мамандық қасиеттері; алғашқыларының арасында жолдастық
қасиеттер көп орын алса, екіншілерінің арасында жақсы мамандығымен көзге
түскен мемлекет қайраткерлері, әскерилер т.б. салада қызмет атқарушылар
орын алады.
Көптеген жасөспірімдер үлкендерге де, құрдастарына да бір мезгілде
қатар теңеседі, осының өзінде олардың сол бір немесе соған ұқсас
қасиеттеріне теңесуі жиі байқалады. Кейбіреулері көбіне өзінен үлкен
балалар мен құрдастарына теңелгісі келеді. Бір маңыздысы, жасөспірімге,
әдетте өзінен гөрі үлкен, естияр болып көрінетін құрдастары үлгі болады.
Сондықтан мұндай үлгі болған құрдасы жасөспірімнің үлкендердің қасиеттеріне
жету жолындағы жасөспірім мен ересек арасындағы аралық басқыш сияқты.
Қайсыбір жағынан өзінен гөрі есейген құрдасына ілесу арқылы жасөспірім өзін
ересекке жақындатады, оған түпкі мақсатқа қарай одан әрі ілгерілеу
оңайырақ. Жасөспірімдердің көбі ересек адамнан гөрі құрдас жолдасынан үлгі
алған оңай деп санайды. Жасөспірім теңесетін үлгінің нақ құрбы-құрдасы
болғаны өте маңызды. Мұндай бағдар ұстағанда, салыстыру процесінің
жемістілігі үшін өзінің ерекшеліктерін ұғынып бағалау үшін де жақсы
жағдайлар жасалады, өйткені жасөспірім үшін өзін (ересектен гөрі)
құрдасымен салыстыру, өзінің кемшіліктерін, жетістіктері мен табыстарын
салыстыру оңайырақ. Ересек адам - бұл іс жүзінде жетуі қиын үлгі, оның
қасиеттері жасөспірімге көбіне болмайтын өмірлік жағдайлар мен қатынастарда
көрінеді, ал құрдасы - жасөспірімге нақты мүмкіндіктер деңгейінде өзін
бағалауға, өзі тікелей теңесуіне болатын адамда жүзеге асырылған түрінде
көруге жағдай жасайтын өлшем. Оның үстіне жасөспірім үлгі жолдасымен үнемі
араласып жүреді, өзіне ұнаған қасиеттің көрінуінің әр-түрлі формаларын
көруге мүмкіндік туады, тіпті түсіндіру, ақыл-кеңес түрінде үлгі,
жолдасынан тікелей көмек те алады.
Жолдастарымен, достарымен араласу жасөспірімге басқа адамды, өзін тану
құралдарын дамыту үшін, оның өзі туралы түсінігінің қалыптасуы үшін өте
маңызды. Мұнда маңыздысы өзін басқалармен салыстыру тұрғысынан оның өзі
байқаулары ғана емес. Қылықтар, қасиеттер мен қатынастар туралы
әңгімелесулер мен таластар ерекше міндет атқарады, бұлар аралас-құралас
балалар тобында жеткіншектік ұсынса, ілгерілеушілік болса, олар
өз еңбегінің нәтижесін, оның қоғамға пайдалылығын айқын көрсе,
солғұрлым тартымды болады.
Кіші шәкірттік шақтың аяғына қарай балалар оқу қызметіне байланысты
өздерінің ерекшеліктерін жақсы әрі дұрыс түсініп бағалайды. Жасөспірімдік
кезде өзі туралы түсінік үлғайып, тереңдей түседі, өзі туралы пайымдауларда
дербестік артады, бірақ өзін білу және өзін дәлме-дәл бағалау дәрежесі
жөнінен балалар әр түрлі болады. Көптеген жасөспірімдер кейбір қасиеттерін
асыра бағалайды және талаптарының дәрежесі нақты мүмкіндіктерінен асып
жатады. Кейде осы негізде жасөспірімде өзіне, мәселен, мұғалім әділетсіз
қарайды деген түсінік пайда болады. Мұның өз жасөспірімге солай болып
көрінуі ғана мүмкін немесе мұғалім қайсыбір себептермен жасөспірімнің
қандай да қасиеттерін жете бағаламайтын, байқамайтын болса, қайсыбіріде
орынды болуы мүмкін. Бұл екінші жағдайда жеткіншекте аффектінің және өзіне
тән ерекшелік комплекісінің туындау қаупі көп: өкпелегіштік, күншілдік,
сенбеушілік, кейде тиіскіштік және әрқашан кез-келген бағалаушылық пікірге
өте-мөте сезімтал қарау келіп шығады. Алғашқы болғанмен, қайталана беретін
сәтсіздіктерге жасөспірім әдетте аффектік тұрғыдан қарайды, ал таусылмайтын
сәтсіздіктер өзіне сенімсіздік туғызады. Кейбір жасөспірімдерде талаптар
деңгейі төмендейді, енді біреулері қиыншылықтарды қалайда жеңіп, мұның
мүмкін екендігін өзіне де, жұрттың бәріне дәлелдегісі келеді [22, 98].
Жасөспірімнің айналасындағылардан жақсы баға алғысы келетіні айқын
көрінеді. Нақты осы себепті ол өзінің қасиеттері мен мүмкіндіктеріне
берілген бағалауға, табыстары мен сәтсіздіктеріне өте сергек қарайды, өзін
жақсы жағынан көрсетуге, әсіресе қатынасы мен пікірі өзі үшін өте маңызды
адамдардың риза болуына жеткісі келеді. Жасөспірімнің өзін-өзі көрсетуінің
сан алуан формада болуы мүмкін. Кейбір балалардың өзінің олақтығы мен
білмейтіндігін көрсетуге қорқуы жасқаншақтыққа, ұялшақтыққа негіз болады.
Жасөспірімнің ерекшелігі - өзіндік дербестілік туралы қам жеуі. Өсе
келе дербестікке ұмтылу сферасы жедел ұлғаяды. Олар нақты іс -әрекеттерге
ғана емес, кейбір таңдауларға, шешімдерге, пікірлерге қатысты болады.
Еліктеу көптеген жасөспірімдерге тән, бірақ тікелей қайталау оларға
ұнамайды және көбіне балалықтың қалдықтары деп бағаланады, жолдастарында
кездесетін болса, ол теріске шығарылады, не әр түрлі
сылтаулар айтылып, құлықсыз мойындалады. Жасөспірім басқа адамдардың
түсінігінде және өзіне -өзінің пікірі, бағалауы бар мен деуге тәуекелі
бар адам болып көрінгісі келеді. Өз пікіріңді айта алмайсың деп
жолдасының кінәлауы кімді де болса шамдандырады. Кейбір бағалаулар мен
пікірлерді жасөспірім өзіне меншікті деп ұғынады және нақ осы сапада басқа
адамның-үлкеннің, жолдасының пікіріне қарсы қойылады. Жасөспірімдердің
таластарының негіздері нақтылы кереғарлықтар ғана емес, өз пікірін қорғауға
тырысу болады. Жасөспірімдік кезеңде кейбір проблемалар, ең алдымен
моральдық-этикалық проблемалар жөнінде өз позициялары қалыптаса бастайды.
Өзін - өзі тәрбиелеу. Кіші шәкірттік жастағы жасөспірімдер көбінесе
өздерін сырттан көре алмайды, өз қылықтарын басқара алмайды. Есейген .
жасөспірімдерге өздерінің аффективтік реакциялары мен бүкіл мінез -құлқын
билеуге ұмтылу тән. Олардың көбіне өздерін ұстай білуі біршама дамыған, ал
қажет болғанда шынайы қатынасын, пікірін, көңіл күйін жасыра алады. Мінез-
құлықта қосарлық пайда болады. Есейе келе өзін ұйымдастыру тенденциясы
артады. Әр түрлі кәсіптердің мәні туралы пайымдаулар туады. Ілгеріде
айтылғандай ол қажет, қажет емес, маңызды, маңызы жоқ деп
сараланады. Мұндай саралауға жекелей құндылықтардың қалыптасып келе жатқан
жүйесі арқау болады. Уақыттың тез өтетінін сезіну, оны бос өткізбеуге
ұмтылу, жоспарлауға әрекеттену шығады. Алайда қабылданылатын шешімдер
көбіне тікелей ниеттерге қайшы келеді, бұл ниеттерді жеңеді. Жасөспірімде
ақыл мен жүрек жиі ынтымақта бола бермейді. Көп балалар өздерінің
ұйымдаспағанын жігерім жоқ деп ақтайды. оны тәрбиелеу жасөспірімдердің
көпшілігі үшін бірінші дәрежелі міндетке айналады. Басқа қасиеттер де
тәрбиеленеді [23, 145].
Жасөспірімдерде өзінің ілгері басуына көзқарас, оны бақылау,
міндеттердің орындалмауы үшін күйініш, өзін-өзі кінәлаулар, өзін-өзі сынау
пайда болады. Зерттеулер оқушылардың көпшілігі осы бастан өзін-өзі
тәрбиелеумен шұғылданатынын керсетті. Ол бәрінде бірдей жүйелі сипатта
болмағанымен, басталғанының өзінің принципті маңызы бар. Жасөспірім кезінде
жеке адамның дамуындағы аса маңызды сәт жасөспірім іс-әрекетінің пәні оның
өзі болады: бір тұрғыдан ол өзін тежейді, екіншісін қаратып, үшінші біреуін
қайта құрады. Белгілі бір үлгілерді, бүгінгі күн мен болашақтың
қажеттерімен байланысты өзі үшін нақты маңызы бар міндеттер мен мақсаттарды
бағдар етіп, ол өзіне-өзі іс-әрекет жасап, өзін құра бастайды. Жаңа
қасиеттерді игеру үшін өзін өзгертуге бағытталған мұндай мақсаткерлік пен
іс-әрекеттің пайда болуы жасөспірімдік кезеңге тән және жеке адамның
дамуындағы сапалық тұрғыдан жаңа кезеңге көшуді білдіреді. Осы кезде
балалардың таным процестерінің, интеллектуалдық қабілетінің дамуы болашақ
мамандықты таңдауға және абзал маман болуға негіз екендігін түсіндірудің
маңызы ерекше болады. Ойлаудың даралық ерекшеліктері адамның танып
білуінің сапалық сипаттары мен ерекшеліктерін қамтитын ақыл-ойдың қызметі
болып саналады. Ондай салаларға өз бетінше ойлау, оның оралымдылығы, ойдың
тездігі мен ұшқырлығы сияқты қасиеттер жатады. Барлық ойлау әрекетіне тән
басты қасиет - дара адамның әрбір нәрсенің мәнді қасиеттерін өздігінен
ажыратып, олардан жаңа қорытындылар жасай білуі. Ойлау іс-әрекетіндегі
адамның мұндай сапалық қасиеті - нәрселердің мән-жайын дұрыс ұғынып.,
олардың жалпы заңдылықтары мен өзара байланысын ашып беруге қабілетті
болатындығы. Мұндай әрекет ойлау жүйесін жетілдіріп, адамның ақыл-ойын
өрістетеді. Адам ойлауының дамуына ықпал етудегі бір мақсат - ойлау
әрекетінің жасампаздық қасиетін арттыру, сөйтіп адам ойының мүмкіндіктерін
толық пайдалануды жүзеге асыру болып табылады.
Ойлаудың дамуындағы өзіндік тәсілдер көп. Қазіргі кездегі
позитивистер, эмпиристер т.б. ой-болжамдары ғылыми объективтік дүниенің
заңдылықтарын қарастыруға міндетті емес, деректерді тек қана нақтылап
тіркеп отыру қажет дейді. Өйткені олардың пікірінше, ой-болжам тек жанама
рөл атқарады да, оның маңызы болмайды. Осы заманғы ғылыми -эксперименттік
зерттеулердің күрделене түсуі әралуан әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы
құпиясы ашылмаған мәселелердің сырын ашып отыр. Осы орайда, ғылыми тұрғыда
құрылған ой-болжамы адамның ойлау процесін дамытуға зор ықпал ететін қуатты
күш болып саналады. Ойлау әрекеті тек ғылыми болжам ғана емес, жұмбақ
мәселелердің мән-жайын ұғыну үшін күнделікті тәжірибеде қолданылып отыратын
күрделі психикалық процесс және адамның ақыл-ойының жемісі [24, 216].
Жаңаны жасау процесі елестен басталады да, көбіне бейне түрінде жүзеге
асады. Қиялда адамның дүние жөніндегі елесі мен білімі жаңаша
үйлестіріледі. Мазмұн жағынан ең фантастикалық деп саналатын қиял
бейнесінің өзі де санада бейнеленген ақиқат өмірдегі нәрселер мен
құбылыстар элементтерінің өзінше үйлесімі болып табылады. Қиялында адам
жоқтан бар жасай алмайды. Қиял - бұл елестерді қайта құру және солардың
негізінде бейнелер қалыптастыру, оның жүзеге асуы жаңа материалдық және
рухани байлық жасауға әкеледі, қиял сондай-ақ өмірде бар, бірақ адамның
жеке тәжірибесінде кездеспеген объектінің бейнесін жасау.
Қиялсыз шығармашылық кызмет болуы мүмкін емес. Жаңа бір нәрсені жасау
үшін, ең алдымен материалдық объектіде іске асырылатын нәрсені идеалды
(ойша) түрде көз алдына елестетіп алу қажет. Оқу мен еңбекте,
айналасындағылармен қарым-қатынаста адамның тек өз есіндегілерге ғана
сүйенуі жиірек кездеседі. Жаңа жағдайда әрекет жасай отырып, ол белгілі бір
дәрежеде шығармашылық әрекет етеді, яғни қиялға сүйенеді. Қиял еңбек
әрекетінде пайда болған. Дәл осы еңбек процесіне адамда алдын ала болжау,
кейін еңбек нәтижесінде материалдық затқа айналатын объектінің идеалдық
бейнесін жасау қажеттілігі туады. Қырғыш немесе қашау дайындаған алғашқы
қоғам адамдарының ең бастапқы еңбек операцияларының өзі осы құралдардың
сыртқы түрі мен атқаратын қызметін елестетуді қажет етті. Қазіргі кездегі
адамдардың қолынан келетін шығармашылық еңбектің бастауы арғы
аталарымыздың тәжірибелік қызметінде болған.
Психиканың көптеген басқа көріністері тәрізді қиял біртіндеп дамып,
психофизиологиялық механизмі жағынан да, көрініс формалары жағынан да
өзгерістерге түсті. Қиялдың дамуы адамның қажеттіліктерінің дамуымен тығыз
байланыста болып отырды. Материалдық және рухани кажеттіліктердің
жаңаларының пайда болуы және бұрыннан барының дамуы адамды белсендірек
қызмет етуге итермеледі және оның шығармашылық күшін өмірге келтірді, оған
қойылатын талапты барған сайын ұлғайта түсті. Қоршаған дүние туралы
білімнің тапшылығы көбіне табиғаттың обьективтік заңдарын мүлдем
білмеушілік қиялдың күшеюін, фантазияның шарықтауын туғызды. Археологиялық
зерттеулер мен ең жаңа ашылымдар дәлелдеп отырғандай, адамзат дамуының ең
ертедегі сатыларының өзінде-ақ адамдарда мифологиялық елестер болған.
Көркем шығармашылық та өте ерте пайда болды. Қиял материалдық және рухани
мәдениетті жасау, дүние және өмір туралы елестердің шеңберінің кеңеюімен
табиғи байланыста дамыды. Тарихи жинақталған тәжірибе ұрпақтан ұрпаққа
беріліп отырды [25, 248].
Дүние туралы адамда бар елестер өрісінің қалыптасуында оның
маңызы артқан үстіне арта түсті. Бұл тәжірибе әуелі ауызша сөйлеу,
кейінірек жазбаша сейлеу арқылы берілді. Сөйлеу арқылы адамда өзінің
тікелей өмір тәжірибесінде елестете алу қабілеті дами бастады.
Жақын және алыс болашақты елестетуге талпыну біртіндеп адамның
психикалық әрекетіне тән сипатқа айналды. Қазіргі кезде бұл сипат табиғат,
өндіріс, әлеуметтік құбылыстар дамуын ғылыми негізде болжауда көрініс
береді.
Қиялдың физиологиялық механизмдері өте күрделі және олар былайша
сипатталады. Үлкен ми сыңарлары қыртысының негізгі қызметі - өткен
тәжірибелер жинақталатын уақытша байланыстар жүйесін құру. Бұл тәжірибе
адамның дүние туралы елестері мен білімдерінің жиынтығынан тұрады. Уақытша
байланыстар жүйесі құбылмалы, ол өзгереді, толықтырылады және қайта
құрылады. Комплексті тітіркендіргіштің зат немесе белгілі ситуация болып
табылатын талдау процесінде бөлінетін бөлшектерімен белгілі арақатынасқа
түседі, жаңаша қиылысып синтезделеді. Осының нәтижесінде адам реалды
шындықты қайта құрылған түрінде және мәнінде бейнелендіретін жаңа бейне
немесе жаңа бейнелер жүйесі жасалады. Жаңа бейненің қалыптасуын қамтамасыз
ететін физиологиялық механизм үлкен ми сыңарлары қыртысында бұрын
қалыптасқан уақытша байланыстардан тұратын жаңа үйлесімдердің құрылуы. Жаңа
ассоциацялар жасау үшін диссоциацияның, яғни қалыптасқан байланыстарды
ыдыратып жіберу қажет. Диссоциацияланған байланыстар жаңа байланыстар
жүйесіне буын-буынымен енеді. Оның фазалық сипаты болады және қайсыбір
фазаларда үлкен ми сьңарлары қыртысының әлсіз қозған немесе тіпті аздап
жетілген учаскелерінде адамның өзіндік жан-сырынан өтіп жатады [26, 159].
Мұндай түрдегі қызметтің, түс көру, онда бұрынғы қабылданған
объектілер бейнелері және оларға ,байланысты адамның күйініш-сүйініші ғажап
үйлеседі.
Қиял бейнелері шындықты бейнелеудің тек адамға тән ерекше формасы
болып саналады. Қиялдың, әсіресе шығармашылық қиялдың көптеген бейнелері
жалпылама мазмұнға ие. Қиял басқа психикалық процестермен табиғи
байланыста. С.Л.Рубинштейннің ойынша, дүниені өзгертуге қандай да болса
қатысы бар ой, сезім, кез келген еріктік әрекетте қиялдың элементтері бар.
Қиял тіпті бейнелендірудің адамның қабылдауы түріндегі формасына да енеді.
Ес әрекеті есте қалдыру және қайта жаңғырту процестерінде де қиял бейнелері
болады. Ес елестері сана тізбегінде белгілі дәрежеде қияли бейнелермен
толықтырыльш, үйлесіп отырады. Соңғылар, әсіресе, ес елестері уақыт өткен
сайын ескіріп, бұрын қабылданған объектінің тұтас бейнесі өз кескіні мен
сипатын жоғалта бастағанда айқын көрінеді. Адамның психикалық әрекетінде
қабылдау бейнесі, ес елесі әлде қиял бейнесі екенін оның өзі де айта
алмайтын бейнелердің көрінуі аз кездеспейді. Осы тектес кұбылыстардың
себебін, қабылдау мен ес процестерінің жеткіліксіздігінен емес, қабылдау,
ес және қиял бейнелерінің бір тізбекте қатар келмей, өзара әсер етісіп,
айнала қоршаған заттық дүние жөнінде тиісті елестерді қамтамасыз
ететіндігінен іздеген жөн [27, 188].
Қиял ой тасқынына қосылып, оған сезімдік бейнелер әкеп енгізеді.
Ойдың мазмұнымен байланысты елестер болмаса, адам ой қиындығына
ұшырайды. Мысалы, оқушы берілген стереометриялық дененің табылуға тиісті
кесілу жазықтығын қиялында елестете алмаса, ол стереометриялық есептерді
шығаруға қиналады.
Қиялдың адамның эмоциялық өмірінде де елеулі маңызы болады. Қиял
бейнелері әрқашан көңіл күйімен ұштасып жатады және қайсыбір қысқа мерзімді
эмоциялық күйлерді туғызумен шектеліп қалмайды. Егер қиял бейнелері өзінің
мазмұны жағынан адамның негізгі өмірлік мақсатымен байланысып келсе, онда
олар терең және тұрақты сезімдердің пайда болуы және дамуының ішкі қайнар
көзінің біріне айналады. Қиял бейнелері әсіресе аңсаған болашақ бейнелері
адамды жігерлі мінез-құлыққа, оларды жүзеге асыру жолында әрекет жасауға
итермелейді. Сөйтіп қиялдың теу танымдық өмірде ғана емес, бүкіл рухани
өмірі жүйесінде объективті өмірді бейнелендіруінің барлық түріндегі ролі
орасан зор. Адамның өмір жолы, жеке басының дамуы, оның
индивидуалдығы жеке адамның іс- әрекетінің құрылымында және оның өмір
салтына қиялдың қандай дәрежеде орын алатындарына елеулі түрде тәуелді.
Қиял бейнелерін әдетте екі түрге бөледі. Олардың біразы өмірде бар,
бірақ жеке адамның өз өмір тәжірибесінде әлі кездеспеген нәрселер мен
құбылыстардың бейнелері. Олар сөзбен суреттеу және адамда бар елестер мен
білім негізінде жасалынады. Бұл қайта жасау қиялының бейнелері. Басқа
бейнелер қазіргі кезде жоқ объектілердің бейнелері. Бұл шығармашылық қиял
бейнелері. Арман қиялдың ереше түрі болып табылады.
Қайта жасау қиялы бейнелерінің танымдық қызметте елеулі маңызы
болады, өйткені олар адамның ой және тәжірибелік әрекетте пайдаланатын
білімдерін толықтырып отырады. Ғылым негіздерін игеруде бұл бейнелер
қабылданылмаған, ешқашан қабылданбауы да мүмкін нәрселер құбылыстардың
табиғатын түсінудің керекті шарты болып есептеледі. Мұның, әсіресе
география, тарих және әдебиет тәрізді оқу пәндеріне қатысы бар. Қандайда
болмасын объектіні білу, ол туралы айқын және мазмұнды елестердің болуын
қажет етеді. Мысалы, географиялық аудан, ел немесе континент жайын білу
оқушының географиялық жағдай, рельеф, климат, өсімдік және жануарлар
дүниесі тағы басқаларды кандай дәрежеде елестете білуіне тәуелді болып
келеді. Кез келген тарихи дәуірдің ерекшелігін адамдардың өмір салты,
өндірістік қатынастар, қоғамның материалдық және рухани мәдениеті жөнінде
елестер болған жағдайда жақсы түсінуге
болады.
Әдеби - көркем шығарманы түсінудің тереңдігі мен толықтығы автор
сипаттап отырған оқиға қаһармандарының тебіреністері мен қылықтарын,
олардың мінездерін оқырманның қайта жасау киялы қандай дәрежеде айқын,
дұрыс елестете алуына едәуір байланысты болады. Қайта жасау қиялы арқасында
техникалық сызуларды, техникалық проектілерді оқуға (түсінуге), яғни
механизмнің сыртқы келбетін, оның болшектерін, олардың арақатысын, өзара
әрекетін елестетуге мүмкіндік туады. Қайта жасау қиялы қиялдың басқа түрі
—шығармашылық қиялға ауысады. Қайта жасау киялы мен творчестволық
қиялдардың елеулі айырмашылықтары болғанымен, олардың арасына ашық шекара
жоқ.
Конструктор ойлап табатын машина бейнесі жазушы тудыратын әдеби
қаһарман бейнесі немесе сәулетшіні толғантып жүрген скульптуралық топ
бейнесі шығармашылық қиялға мысал бола алады. Жаңалық, сонылық,
қайталанбастық - шығармашылық қиялдың елеулі белгілері [28, 245].
Бейнелер-ұғымдар шығармашылық қиялдың өзіндік нәтижесі болып табылады,
онда ұғым мазмұны көрнекілік негізде қалыптасады және тереңдейді. Атом
құрылысы туралы ұғым да оған кіретін бөлшектер арасындағы байланыстарды
білдіретін бейнелерсіз толық мәнге ие бола алмайды. Осы бейнелер жүйесінде
атом табиғаты ашылады және ондағы жасырын энергияның себебі түсінікті бола
түседі. Бейненің қалыптасуы өте күрделі процесс. Бірақ ол шығармашылық
қиялдың барлық мәнін қамти алмайды. Оның мәні тек адам шығармашылығында
ғана толық дәрежеде ашылады. Шығармашылық дегеніміз бір-бірімен өзара
байланысты, өзара әсср етуші бейнелер жүйесінің жасалуы. Мұның адамның
әдеби-көркем, бейнелі, ғьлыми-техникалық және көптеген басқа шығармашылық
қызметінің бәріне бірдей қатысы бар. Қиял бейнесінің қалыптасу процесін
кілем бетіндегі суреттің элементімен салыстыруға, ал шығармашылықты кілемде
әшекейленетін аяқталған композициямен, ойдың тұтас та күрделі күйімен
салыстыруға болады.
Шығармашылық бейнелердің жасалу тәсілдері. Шығармашылық қиял
бейнелері түрлі тәсілдер арқылы жасалады. Осындай тәсілдердің біреуі —
элементтерді тұтас, бүтін жаңа бейне етіп қиыстыру болып табылады. Қиыстыру
- бұл негізгі элементтерді жай үйлестіре салу емес. Жаңа бүтінге енетін
элементтердің өздері қайта жасалып, өзгереді. Сөйтіп жаңа қатынастарға
түседі. Қиыстыру - бұл белгілі элементтердің қосындысы ғана емес,
шығармашылық синтезі. Шығармашылық синтездің нәтижесі - өзінің ерекше
құрылымы және өзіндік мазмұны бар бейне.
Жаңалық тудырудың осы тәсілі техника, ғылым, көркем әдебиетте
қолданылады Әдеби, скульпторлық және сурет арқылы бейне жасаудың өте кең
тараған тәсілі - типтік бейне жасау. Бұл белгілі тап немесе қоғамдық топ
екілі ретінде жеке адамның типтік қасиеттері мен ерекшеліктері көрінетін,
бсйнелеудің күрделі қалыптасу жолы. Типтендіру - бұл белгілі идея мен
дүниетаным иелері болып саналатын адамдар бейнесін жасау. Әдеби немесе
скульптуралық бейнені қалыптастыру процесінің өзекті кезеңі жеке адамнын
типтік және индивидуалдық қасиеттері мен ерекшеліктерін шығармашылық
синтезден өткізу. Әдеби немесе скульптуралық бейнеде кейіпкердің типтік
және индивидуалдық ерекшеліктерін табиғи тұтастықта беру қажеттігі мәселені
қиындата түседі [29, 211].
Шығармашылық қиял бейнелерінің тағы да бір түрі - фантастикалық
бейнелер. Бұларға діни-мистикалық, ертегі-фантастикалык, ғылыми-
фантастикалық бейнелер жатады. Фантастикалық бейнелердің бұл түрлері
өздерінің мазмұны мен маңызы жағынан әр тектес болып келгенімен, бәріне
ортақ негізгі белгі - оларда табиғатта жоқ объектілердің болатындығы. Осы
қасиеттерді дамыту арқылы жасөспірімдердің болашақ мамандығына негіз
болатын интеллектуалдық қабілеттер негізін ашуға жол ашылады.
Жасөспірімдерге психологиялық қызмет көрсету барысында бұл жас
кезеңінде орын алатын мінез ауытқуларының түбірі кіші мектеп және
жасөспірім жас кезеңдерінде жатқанын ескере отырып, ең алдымен олардың
психологиялық сферасының дамуында қарама-қайшы келетін себептері
анықталады. Ол себептерді ортақ көрсеткіштері бойынша топтастырып талдауға
болады.
1. Жасөспірімдердің барлық психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша
дамуының аяқталмағандығы;
-өзінің сыртқы көрінісін менсінбеуі, сұлу емеспін деп сезінуі;
- эмоционалды сферасының тұрақсыздығы;
- жүйке жүйесі функцияларының әлі қалыптасу үстінде болуы;
- ситуативті мазасыздану дәрежесінің тұрақсыздығынан дискомфортты
сезінуі.
2. Жасөспірімдердің таным процестерімен байланысты жеке
дәрежесінде олардың қалыптасуына кедергі келтіретін саналы және
санасыз себептердің ішінен мыналардың әсері терең:
- теориялық ойлау дамуының кедергіге ұшырауы;
- мағыналы ес дағдыларының жетімсіздігі, оперативті естің тапшылығы;
- зейіннің негізгі компоненттерінің дамымағандығы;
- қиялдың шындыққа сай келмеуі;
- жекелік мазасызданудың жоғарылығы; :
- бірінші немесе екінші сигналды жүйенің шектен тыс дамуы;
- ерік сферасының қалыптаспағандығы т.с.с. себептерді айтуға болады.
3. Жоғары сынып оқушыларының жеке тұлғалық қасиеттерінің объективті
және субъективті дәрежелері келесі жағдайларға байланысты көрініс береді:
- өзін - өзі басқара алмайтындығы;
- өзін бағалау мен талпыну деңгейінің бейадекваттылығы;
- дүниетанымының жағымды эталондары мен
идеалдарының қалыптаспағандығы.
4. Жасөспірімдердің микротоптық деңгейдегі бір-бірімен қарым-
қатынастарынан туатын қиындықтары:
- отбасы мүшелерімен қарым-қатынасының қалыптаспағандығы;
- мұғалімдермен қарым-қатынасына көңлі толмауы;
- қарым-қатынас дағдысының қалыптаспағандығы (үндеместік,
ұялшақтық, мылжыңдық);
- жоғары адами сезімнің, достық және махабаттық қатынастың нақтылығын
бейадекватты түсінуі;
- эгоистік тенденцияның анық байқалуы;
- ақиқаттағы шындықты теріс түсінуі;
- ашық сыншылдық скептицизмнің орын алуы;
- ересектердің талаптары мен позицияларын қабылдамауы;
- өзін басқаларға көрсету тенденциясының анық байқалуы;
- айналадағылармен қатынас кезінде жасөспірімдік максимализмнің болуы;
5. Жасөспірімдердің әлеуметтік ортаға адаптациядан тез өтіп барлық
жағдайға тез бейімделуге қиналатындығына алып келетін себептер:
- өмірдің мағынасын түсінуінің төмендігі және өмірлік
жоспарының болмағандығы;
- мемлекеттік және қоғамдық өмірге қатынасуының төмендігі мен саяси
белсенділігінің болмауы;
- түрлі еңбектерге деген көзқарасы және мамандықты меңгерудегі шынайы
мүмкіндіктері.
1.2. Мамандық таңдау мотивтерін анықтаудың ғылыми негіздері
Ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне сүйенсек, осы жас кезеңінде
балалардың болашақ мамандыққа көзқарасы қалыптасып, кім болам деген
сұраққа жауап іздеуі терең орын алады. Жасөспірімдік шақ - болашақ туралы
балалық армандардың орнына өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескере
отырып, ол туралы ойлану басталатын және өз ниетін практикалық іс- әрекетте
жүзеге асыруға ұмтылу келіп шығатын кезең. Кәсіптік ниеттердің дамуындағы
мұндай ілгерілеулер жасөспірімдердің бәрінде бірдей болмайды,
кейбіреулерінің барлық ойы қазіргімен болып, болашақ мамандық туралы аз
ойлайды.
Адамзаттың әлеуметтік-тарихи дамуы барысында өз еңбектерін ұйымдастыру
үшін көптеген күрделі құрал-жабдықтар, оның ішінде техниканы кеңінен
пайдалануға байланысты мамандыққа даярлықтан өткізетін мектептер
қалыптасты. Кәсибі мектептерде оқыту үшін әр адамның жекелік психологиялық
ерекшеліктерін анықтап, әр адамның мамандық қызмет түріне икемділігін
зерттеумен ұштастыру мәселелері көптеген елдерде ХҮІІІ ғасырдың аяғында
басталды. Бұл зерттеулер адамдардың жеке тұлғалық психологиялық
ерекшеліктерін жүйелі түрде анықтап, кейбір мамандықтардың адамның
сенсорлық қабілетіне және көпетеген басқа қасиеттеріне сандық жэне сапалақ
сипаттама беруге ерекше көңіл бөлуді талап етті. ХІХ ғасырдың екінші
жартысында ағылшын ғалымы Ф.Гальтон жеке тұлғаның психологиялық
ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда анықтаудың ірге тасын құрушылардың бірі
болды. Осы айырмашылықтарды зерттеу мақсатымен Ф.Гальтон 1888 жылы
халықаралық медициналық және денсаулық сақтау әдістерін қолдану көрмесін
ашты. Көрмеге келушілерге өздеріне тән қабілетімен қатар психологиялық
ерекшеліктерін 17 көрсеткіш бойынша анықтап алуына мүмкіндіктер жасалды.
Бұл көрменің қолданбалы психологияға қызығушылық тудырудағы рөлі ерекше
болды. Өйткені осы күннен бастап жеке тұлғалық қасиетті зерттеу проблемасы
АҚШ, Германия, Франция т.б. елдерде кеңінен тарады [30, 178].
Келесі кезеңде психодиагностикалық әдістемелердің көп мөлшерде
жасалуымен байланысты әлеуметтік-психологиялық зерттеу орталықтары ашылып,
бұл орталықтарда психодиагностикалық зерттеулермен қатар мамандыққа баулу
және мамандыққа жарамдылығын анықтау жұмыстары жүргізілді. Жеке тұлғаның
психикалық қасиеттерін зерттеп, оны сандық және сапалық жағынан бағалап
беруге қызығушылық көп болды және өз ерекшеліктерін зерттеп, барлық қыр-
сырын анықтап алуға сұраныс қалыптасты. Соның арқасында батыс Еуропа
елдерінде психологиялық зертханалар ашыла бастады. Бұл зертханаларды
Германияда - Вундт, Францияда - Бине, АҚШ-та - Мюнстерберг, Торндайк т.б.
ғалымдар ұйымдастырды. Бұл зертханаларда барлық талапкерлердің іс-әрекет
түрлеріне икемділігін анықтауға, мамандық жарамдылығын
анықтап, мамандыққа баулу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында
Гальтонның ұсынысы бойынша, тест көмегімен өлшенген қасиеттердің бір-
бірімен корреляциялық байланысы бар екендігі ескерілді [31, 233].
Сол кездерде неміс психиатры және психолог Э.Кречмер [32] және АҚШ
психологы У.Шелдон [33] өз зерттеулерінің нәтижесінді адам мінездерінің
типологиясын ұсынды. Олардың ізбасарлары Э.Фромм [34], А.Е.Личко [35] және
басқалар типологиялық зерттеулерді жалғастырып, қазіргі кезде кеңіңен
пайдаланып жүрген мінез акцентуациясы туралы ілімнің негізін құрды. Олар
мінез типін анықтау негізіне келесі қағидаларды ұсынды: а) адам мінезі
онтогенездің бастапқы кезеңдерінде қалыптасып өмірдің барлық кезеңдерінде
тұрақты көрініс береді; б) мінез көрсеткіштерінің топтасуы кездейсоқ мәселе
емес. Олар адамдардың бір-бірінен айырмашылығы болып ерекше тұлға болуына
негіз болатын тұрақты көріністер, сондықтан олар негізінде мінез
типологиясын құруға мүмкіндік туады; в) адамдардың басым көпшілігін осы
типологияға байланысты бірнеше топқа бөліп, олардың жекелік ерекшеліктерін
сипаттауға болады.
Осы зерттеулерге байланысты өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап
психологиялық қызметке сұраныс туа бастады. Ресейде тәжірибелік
психологиялық зерттеулер педалогия деп аталды. Бұл салада А.Г.Асломов [36]
баланың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін психофизиологиялық
зерттеулермен ұштастырып жүргізу қажеттігі туралы еңбектер жазды .
Жекелік психикалық қасиеттерді зерттеу ХХ ғасырдың басында бірнеше
салада жүргізілді. Дегенмен ең бірінші қызығушылық тудырған мәселелер
темперамент ерекшеліктерін анықтау, мінез көрсеткіштеріне сипаттама жасау,
интеллекетуалдық қабілет шкалаларын түзу, жеке процестердің ерекшеліктерін
зерттеу т.с.с. болып тармақталды. Бұл зерттеулерді бастапқы кезде
психиатрлар психикалық дертке ұшырағандарды емдеу жолдарын анықтау
мақсатымен және дені сау адамдардың психикалық ерекшеліктерін бағалау
мақсатымен жүргізді.
Мамандықты таңдауға жастарды баулудың бастамасын Ф.Парсонс 1909 жылы
ғылыми жолға қойып, ол жеке түлға теориясын кұрып, осы теория негізінде
психометриялық әдістемелерді пайдалану жолдарын ұсынған. Оның ғылыми
қағидаларына сүйене отырып, зерттеушілер адамдардың психофизиологиялық
ерекшеліктеріне байланысты дәру негіздері ретінде келесі қағидаларды
ұсынды:
а) әр адам өзінің жекелік психофизиологиялық қасиеттеріне және таным
процестерінің ерекшеліктеріне байланысты тек бір мамандыққа икем болады;
б) мамандық бойынша қызметте табысты болу және өз мамандығына көңілі
толу адамның жекелік қасиеттерінің мамандық қызмет талаптарына сай келуіне
тәуелді;
в) мамандыққа бағдар беретін кеңесші мамандық таңдаушының жекелік
ерекшеліктері мен оның диспозицияларын ескере отырып,
мамандықты таңдауды саналы жүретін процеске айналдырып, таңдаудың
тиімділігін қамтамасыз етуі қажет.
Психологиялық тестілеу теориясы мен тәжірибесінің дамуы барысында бұл
бағыттағы жұмыстардың методологиясы даму үстінде болды. Дегенмен мамандыққа
бағдар берудің негізгі қағидасы өзгермеді. Бұл тұжырым бойынша мамандықты
таңдау барысында "жеке тұлға құрылымы" және мамандықтың сол тұлғаға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz