Экономикалық теория пәнінен дәрістер кешені



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Экономикалық теория: пәні, әдісі және негізгі
даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Экономикалық теорияның пәні және функциялары ... ... ... ...4
1.2 Экономикалық теорияның пәні ... ... ... ... ... .5
1.3 Экономикалық теорияның негізгі қызметтері ... ... .6
1.4 Экономикалық теорияның зерттеу әдістері ... ... 6
1.5 Бақылау, модельдеу ... ... ... ... ...8
1.6 Ғылыми абстракция әдісі ... ... ... ... .8
1.7 Анализ және синтез ... ... ... ... ... ... 9
1.8 Экономикалық ой.пікірлердің қалыптасуы ... ... ... ... ..11
2 Қазіргі өндірістің факторлары мен өндірістік
мүмкіндіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 Өндірістің адамдық факторы
2.1.1 Жұмыс күші, еңбек және оның өнімділігі ... ... ...16
2.2 Ғылыми.техникалық революция жағдайындағы
адамдық фактор ... ... ... ... ...17
2.3 Кәсіпкерлік және басқарушылық қабілеті ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.4 Өндіріс құралдары ... ..19
2.5 Капитал шығару, жинақтау және оның айналымы ... .21
2.6 Негізгі капитал, айналым капиталы және оны
пайдалану көрсеткіштері ... ... ... 23
2.7 Өндіріс қорларын тиімді пайдалану ... ...25
2.8 Бүгінгі күнгі өндірістің басқа факторлары
2.8.1 Өндірістің ұйымдық.технологиялық факторлары ... 27
2.9 Өндірістің ақпараттық факторы ... ... ... ..27
2.10 Ғылым қазіргі өндірістің шешуші факторы ретінде ... ... ... 28
2.11 Энергетикалық фактор мен инфрақұрылым ... ...29
3 Қоғамдағы экономикалық қатынастар ... ... ... ... ... ... ... ... 31
3.1 Меншік және кәсіпкерлік түрлерін ұйымдастыру
3.1.1 Меншік қатынастары жӘне олардың құрылымы ... ... ... 31
3.2 Меншіктің негізгі түрлері және формалары ... ... ... ... ... ...32
3.3 Бағалы қағаздар нарығы және акциялар курсы ... ... ... ...34
3.4 Қоғамдағы тауар . ақша қатынастары
3.4.1 Тауар қасиеттері және оның екі жақты сипаты ... 35
3.5 Ақшаның қалыптасуы, мәні және
атқаратын қызметі. Инфляция ... .37
3.6 Құн заңы — тауар өндіріс заңы ... ... ... ...42
3.7 Құн заңы және шекті пайдалылық теориясы ... ... 45
3.8 Айналыстағы ақша, теориялық мәселелері ... ... ... .46
4 Рыноктық қатынастар теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47
4.1 Рыноктық қатынастарды талдаудағы формациялық
және өркениеттік бағыттар
4.1.1 Қоғамдық.экономикалық формация
теориясының мазмұны ... ... ... ... ... ..48
4.2 Рыноктық экономиканың даму кезеңдері ... ... 49
4.3 Қоғамдық дамудың Өркениеттік теориясы ... ... ..51
4.4 Рынок экономикасының қазіргі көрсеткіштері ... ... ... ... ... ..53
4.5 Рынок инфрақұрылымы ... ... ... ... ... ... .54
5 Жетілген бәсеке жағдайындағы рынок механизмінің қызметі
5.1 Рынок ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54
5.2 Баға, сұраныс және ұсыныс ... ... ... ..56
5.3 Сұраныс пен ұсысыс икемділігі ... ... ... .60
6 Жетілмеген бәсеке жағдайындағы
рыноктық құрылымдардың негізгі типтері
6.1 Рынок құрылымдары және бәсеке түрлері ... ...62
6.2 Пайданы барынша көбейту ... ... ... ... 67
6.3 Олигополия ... ... ... ... ... ... ... 69
6.4 Монопсония ... ... ... ... ...70
7 Ұлттық экономика негізгі нәтижелері және
оның өлшемі
7.1 Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс ... ... ... ... ... ...71
7.2 Жалпы ұлттық өнім (Ж. Ұ. Ө.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..74
8 Макроэкономикалық реттеу
8.1 Реттеудің негізгі мақсаттары мен бағыттары
8.1.1 Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің
мәні мен мақсаты ... ... ... ... 76
8.2 Мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары ... ... .78
8.3 Мемлекеттің қаржы.бюджет саясаты
8.3.1 Мемлекеттік бюджет,оның мәні,рөлі.
Мемлекеттік бюджеттің шығындары мен кірістері ... ... ... ...80
8.4 Мемлекеттің дискрециондық фискалдық саясаты ... ... ... .82
8.5 Салық түрлері,салық қызметтері. Лаффер қисығы ... ... ... ... 83
9 Әлеуметтік саясаттың экономика саласындағы мәні
9.1 Әлеуметтік саясат түсінігі, әлеуметтік қорғау жүйелері ... ...87
9.2 Әлеуметтік саясаттың халықтың Өмір сүру
деңгейінің сапасына әсері ... ... ..89
9.3 Қазақстан аймақтарының дамуындағы әлеуметтік
саясаттың міндеті ... ... ... ... ... ... .92
Әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 96
Қазіргі кезде адамдар әр түрлі қажеттіліктерді қажет етеді. Осы қажеттіліктерді қамтамасыз етумен, адамдардың күнделікті қажеттілігін қанағаттандыру мәселелерімен экономика айналысады.
Экономика дегеніміз не?
Экономика сөзін грек тілінен аударғанда, oikonomia - үй шаруашылығын басқару дегенді білдіреді. Бірақ та, қазіргі кезде ол көп мағыналы болғандықтан мына үш негізгі анықтамаларды атаған жөн (1.1-сурет):
- ең біріншіден, экономика бұл- өндіріспен байланысты барлық адамзат шаруашылығының қызметін анықтайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы ретінде қарастырылады;
- екіншіден, экономика бұл - жеке аймақтың, мемлекеттердің, мемлекеттік топтың және барлық дүниежүзінің шаруашылық іс-әрекеті болып табылады;
- үшіншіден, экономика бұл - қоғамдық өмірдің шаруашылық саласын қарастыратын, зерттейтін ғылыми пән деп айтуға болады.
Экономиканы ғылым ретінде зерттеп-тану кезінде экономика жайындағы кешенді, жалпы теориялық ғылым – экономика теориясы екендігін есте ұстаған жөн.

Экономика
бұл
адамның шаруашылық қызметімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қарым-қатынас.
бұл
әр түрлі аймақтардың, елдердің шаруашылық жүйесі болып табылады. бұл
қоғамның шаруашылық өмірінің қандай да бір бөлігін зерттейтін ғылыми пән.
Мысалы
нарықтық,әкімшіліктік-әміршілдік экономика және т.б. Мысалы
Қазақстан экономикасы,дүниежүзілік экономика Мысалы
өнеркәсіптік,ауыл шаруашылық экономикасы және т.б.
1.1сурет - Экономика анықтамасының негізгі түсініктемелері

Нақты экономикалық ғылымдар
Салалық экономикалық ғылымдар Функциональдық экономикалық ғылымдар Экономикалық ғылымның басқа ғылымдармен байланысы
- өнеркәсіп экономикасы
- құрылыс экономикасы
- ауылшаруаш ылық
- экономикасы және т.б.
- - бухгалтерлік есеп
- статистика
- қаржы-қаражат - географиямен
- тарихпен
- демографиямен және т.б.

Осы үш негізгі мағыналарға байланысты экономиканың ортақ анықтамасын толықтыруға болады. Экономика – бұл адамдардың материалдық қажеттілігін қанағаттандырумен байланысты, олардың кез- келген қызметі,іс-әрекетінің негізі.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 97 бет
Таңдаулыға:   
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ

1 Экономикалық теория: пәні, әдісі және негізгі даму кезеңдері

1.1 Экономикалық теорияның пәні және функциялары
Қазіргі кезде адамдар әр түрлі қажеттіліктерді қажет етеді. Осы
қажеттіліктерді қамтамасыз етумен, адамдардың күнделікті қажеттілігін
қанағаттандыру мәселелерімен экономика айналысады.
Экономика дегеніміз не?
Экономика сөзін грек тілінен аударғанда, oikonomia - үй шаруашылығын
басқару дегенді білдіреді. Бірақ та, қазіргі кезде ол көп мағыналы
болғандықтан мына үш негізгі анықтамаларды атаған жөн (1.1-сурет):
- ең біріншіден, экономика бұл- өндіріспен байланысты барлық адамзат
шаруашылығының қызметін анықтайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы ретінде
қарастырылады;
- екіншіден, экономика бұл - жеке аймақтың, мемлекеттердің, мемлекеттік
топтың және барлық дүниежүзінің шаруашылық іс-әрекеті болып табылады;
- үшіншіден, экономика бұл - қоғамдық өмірдің шаруашылық саласын
қарастыратын, зерттейтін ғылыми пән деп айтуға болады.
Экономиканы ғылым ретінде зерттеп-тану кезінде экономика жайындағы
кешенді, жалпы теориялық ғылым – экономика теориясы екендігін есте ұстаған
жөн.

Экономика
бұл бұл бұл
адамның шаруашылық әр түрлі аймақтардың, қоғамның шаруашылық
қызметімен елдердің шаруашылық өмірінің қандай да
байланысты жүйесі болып табылады.бір бөлігін
қалыптасатын зерттейтін ғылыми
қоғамдық пән.
қарым-қатынас.
Мысалы Мысалы Мысалы
нарықтық,әкімшіліктіҚазақстан өнеркәсіптік,ауыл
к-әміршілдік экономикасы,дүниежүзілшаруашылық
экономика және т.б. ік экономика экономикасы және т.б.

1.1сурет - Экономика анықтамасының негізгі түсініктемелері

Нақты экономикалық ғылымдар
Салалық экономикалық Функциональдық Экономикалық ғылымның
ғылымдар экономикалық ғылымдар басқа ғылымдармен
байланысы
- өнеркәсіп - бухгалтерлік есеп - географиямен
экономикасы - статистика - тарихпен
- құрылыс экономикасы- қаржы-қаражат - демографиямен және
- ауылшаруаш ылық т.б.
экономикасы және т.б.

Осы үш негізгі мағыналарға байланысты экономиканың ортақ анықтамасын
толықтыруға болады. Экономика – бұл адамдардың материалдық қажеттілігін
қанағаттандырумен байланысты, олардың кез- келген қызметі,іс-әрекетінің
негізі.

1.2 Экономикалық теорияның пәні
Экономикалық теория – қоғамдық ғылым. Ол, басқа да ғылымдармен қатар,
қоғамдағы адамдар арасындағы іс-әрекеттердің өзара байланыстарын және қарым-
қатынастарын зерттейді. Сонымен қатар, әлеуметтану және философия
пәндерінен айырмашылығы, қоғамды бүтіндей қарастырмайды, тек қана оның
экономикалық саласын, яғни шаруашылық байланыстар мен адамдардың
экономикалық іс-әрекетін қарастырады. Нақтылай айтсақ, экономикалық теория,
экономиканы ұйымдастыру және реттеу, баға белгілеу және ақша табыстары,
өндіріс үрдісіндегі өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қарым-
қатынастарын реттеу мәселелерін шешумен айналысады. Осы сұрақтардың
барлығы, яғни экономикалық мәселелердің басты көрсеткіші болып табылатын -
өндіріс шығындарын аз жұмсау арқылы, игіліктердің санын жеткілікті өндіру
мәселесінің негізі болып табылады.
Адамдардың қажеттілігі қай игіліктерге болсын шексіз, ал осы
игіліктерді жасауға қажетті РЕСУРСТАР шектеулі. Осыдан шығатын қорытынды –
материалдық игіліктер өндірісіндегі шектеулі ресурстарды тиімді қолдану
арқылы адамдардың қажеттілігін толық қанағаттандыруға бағытталған нақты
жолын іздестіру болмақ. Бұл экономикалық теория пәнінің негізін құрайды.

1.3 Экономикалық теорияның негізгі қызметтері

Экономикалық теорияның негізгі 4 қызметтерін бөлуге болады (1.3 –
сурет). Мұның ішіндегі ең біріншісі – танымдылық қызметі: бұл қоғамдағы
экономиканы зерттеу мен мәнісін түсіне білу және алған білімін ТЕОРЕТИКАЛЫҚ
түрде, яғни жалпы және жүйелі түрде көрсете білу. Екінші қызметі –
әдістемелік. Бұл барлық экономикалық ғылым жүйесіне арналған теориялық және
әдістемелік базаларында қызмет істейді.

1.3 сурет

Білімділік қызмет арқылы экономикалық теорияда, әр түрлі маманды
адамдардың көбі экономикалық мәдениетпен таныса алады. Қазіргі кездегі
адамның өмірі экономикамен тығыз байланысты, сондықтан да жоғарғы оқу
орындарының бағдарламалары - оның заңдары мен үрдістерін зерттеуге
бағытталған.
Тәжірибелік қызметі, ұтымды шаруашылықтандырудың тәсілдерін және
үрдістерін қалыптастыруға, ал ғылыми ұстанымда мемлекеттің тиімді саясат
жүргізуіне бағытталған.

1.4 Экономикалық теорияның зерттеу әдістері
Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымғға
тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер
қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет.
Методология дегеніміз – ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру
принциптері туралы ілім.
Экономикалық процестерді танып-білу әдістерінің жаратылыстану
ғылымдарындағы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда да
зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсілді қолданады. Бұл әдістің
негізін ежелгі гректер қаласа, ал оны ғылыми жүйеге салуда неміс философы
Гегельдің еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым адам барлық процестерді даму
үстінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлайды деген сөз. Олай
болса ғылыми тану процестер мен құбылыстардың мәніне, олардың арасындағы
өзара байланысты, дамудың себебін және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс.
Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объективті жағынан
есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды анализ және синтез,
индукция, жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру,
эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық модельдер жасау.
Әрбір экономикалық жүйенің логикалық байланысы бар. Біріншіден, олар
бір-бірімен динамикалық өзара әсер ететін қатынаста болады. Бүгін
аргументті (дәлел) болған зат, ертеңінде қызмет рөлін атқаруы мүмкін.
Екіншіден, жүйенің әрбір элементі тарихи даму процесінде болады. Сондықтан
тарихи және логикалық бірлікті сақтау проблемасының маңызы зор. Мұның өзі
жүйенің және оның элементтерінің пайда болуын білу үшін ғана емес, әсіресе
оның үрдісін (тенденциясын), сатыларын анықтауға қажет.
Шаруашылық үрдістерді зерттеген кезде, экономикалық теория жалпы
ғылыми әдістерді қолдану қатарына кіреді, яғни бұл әдістерді, басқа
қоғамдық және қазіргі заман ғылымдары да қолданады.Осындай жалпы ғылыми
әдістердің ішінен экономика саласына арналған әдістері мыналар (1.4 сурет)?

бақылау
модельдеу
ғылыми абстракция
анализ және синтез
индукция және дедукция

1.4 сурет

1.5 Бақылау, модельдеу

Біріншісіне көңіл аударсақ, басқа ғылыми қызмет сияқты,
экономикалық зерттеуде эмпирикалық міндеттемені атқарады, яғни тәжірибелік
негізде құрылады. Мұны, бақылау әдісі айқындайды,яғни экономикалық
құбылыстарды, олардың НАҚТЫ түрінде көру және фактілердің жиынтығын,
қазіргі кездегі болып жатқан жағдайларды көрсетеді.Мысалы, бақылау әдісі
арқылы,тауар бағасының осы кезде және келер уақытта қалай өзгеретіндігін
анықтауға болады.
Модельдеу әдісі - әлеуметтік–экономикалық құбылыстарды олардың
теориялық мысалдары төңірегінде қарастырады. Экономикалық жүйені белгілі
бір үлгіге түсіру өте күрделі де қиын міндет. Экономикалық жүйенің
жекелеген элементтерін жан-жақты талдап, экономикалық заңдарды топшылап,
оларға түрлі ат қоюға болады. Бірақ қазіргі таңда бұл ғылымға жеткіліксіз,
экономикалық теорияны практикада пайдалану үшін экономикалық-математикалық
модельдер қажет, оларды пайдалану арқылы ғана экономиканың жағдайын
түсінесің, оған "диагноз" қойып емдеу әдістерін анықтай аласың, белгілі
мерзімнен кейін экономикада не болатынын, қабылдаған шешімдерінің
әлеуметтік-экономикалық нәтижесі қандай екенін дәлелдеп айтуға мүмкіндік
туады. Экономиканы математикалық модельдеу өте қиын іс. Онымен бірге
экономика дегеніміз күрделі жүйе, оның қызмет ету шарттары, реттелмейтін
кездейсоқ байланыстармен ұштасады.
Ғылымда экономикалық үдерістер мен жүйелерді зерттеу үшін
математикалық әдістерді қолдануға ерекше көңіл бөлген бағыттың негізін
қалаушылар – М. Вальрас, В. Парето, У. Джевонс. Оның қазіргі көрнекті
өкілдері – В. Леонтьев, Л. Конторовин, С. Шаталин, В. Макаров, А.
Аганбегян, К. Вальтух, А. Анчишкин. Онымен бірге ерекше атап айтылатын есім
– математик, физик және кибернетик – Дж. Нейман. Ол Пристон университетінін
экономисі 0. Маргенштермен бірлесіп көпшілікке белгілі "Жаттығу теориясы"
және "Экономикалық мінез-құлық" деген еңбек жазды. Бұл еңбекте экономикалық
дамудың көптеген проблемалары "Жаттығу теориясы" тұрғысынан зерттелген.

1.6 Ғылыми абстракция әдісі

Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі – ғылыми абстракция. Ол
басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдарда қолданылады.
Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді,
дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым
қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Осылай болған жағдайда ғана объектіні
мүмкіндігінше жан-жақты қамтуға, оның таңдарын белгілеуге, оларға
материалдық нысан беруге болады. Мысалы, баға қозғалысын алсақ, бір
қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, шым-шытырық процесс тәрізді, бірақта
баға динамикасын (өрісі) нақтылы факторлар: сұраныс пен ұсыныс, сондай-ақ
өндіріс және тасымал шығындары, т. б. белгілейді.
Абстракция әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінің дарындылығы
белгілейді. Абстракциялау процесінде категориялар, ұғымдар тұжырымдалады,
олар құбылыстар мен процестердің жеке-дара жинақталған жағын білдіреді.
Тану процесіндегі қозғалыс белгілі заңдылықтар тұжырымдалғанда жалпыдан
жекеге, абстракциядан нақтылыққа қарай жүреді.
Ғылыми абстракция дегеніміз зерттейтін құбылыстың тұрақты, әрдайым
қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Абстракциялау үрдісінде
категориялар,ұғымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен үрдістердің жеке-
дара жинақталғанын білдіреді.Мысалы, баға қозғалысын алсақ,бір қарағанда ол
түсініксіз, шегі жоқ үрдіс тәрізді, бірақ та баға динамикасын нақтылы
факторлар: сұраныс пен ұсыныс, өндіріс және тасымал шығындары т.б.
белгілейді.

1.7 Анализ және синтез
Анализ және синтез әдістері әлеуметтік – экономикалық құбылыстарды
жеке бөліктер бойынша немесе біртұтас зерттейді. Мысалы, өндірістің бір
күндегі табыс мөлшерін анықтайтын бұл – анализ, ал ай сайынғы табыс
мөлшерінің жиынтығын анықтайтын бұл – синтез (1.5 сурет)

1.5 сурет – Анализ және Синтез

Экономиканың микро- және макроэкономикаға бөлінуі анализ және
синтез әдісінің бөлінуімен байланысты, яғни шаруашылық жүйесіндегі екі әр
түрлі деңгейді қарастырады.
Микроэкономика – бұл шаруашылық жүйесінің жеке элементтерін
қарастырады. Ол жеке фирмалардың, үй шаруашылғының экономикасын зерттейді.
(1.6 сурет). Микроэкономика көбінесе анализ әдісіне жақынырақ.
Макроэкономика шаруашылық жүйесін түгелдей қарастырады, яғни
экономикалық бірліктердің жиынтығын қарастырады. Мысалы: әлемдік
экономиканы, ұлттық шаруашылықты және т.б. Былай айтқанда, егер де
микроэкономика жеке ағаштарды зерттесе, ал макроэкономика – жалпы орманды
зерттейді.
Макро- және микроэкономика бір- бірімен өзара байланысты
болғандықтан, кейбір кезде оларды бір-бірінен айыру оңайға соқпайды.
Көптеген экономикалық теорияның сұрақтары мен тақырыптары бұл екі салаға да
қатысты және сол салаларға кіреді.

Индукция және дедукция

1.6 сурет - Индукция және дедукция

Индукция жеке оқиға құбылыстардан логика арқылы жалпы
қағидалар,үрдістер шығарады. Дедукцияда керісінше,жалпы қағидалар негізінде
экономикалық объектілердің,үрдістердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері
сипатталады.
Мысалы. Нан, сүт, етке бағаның өсуі - елдегі бағаның көтерілуіне
байланысты ауыр жағдайға әкеп соқтырады (индукция). Өз кезегінде,жалпы
баға өссе де, ішіп-жем өнімдерінің түрлері бойынша тұтынушылық құнының өсу
көрсеткіштері әр түрлі болады (дедукция).

1.8 Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы
Кең көлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара
байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам
өміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету,
еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-
жалғыз күн көре алмақ емес.
Алғашқы қауымда адамдардың табиғи ортада хайуанаттардан бөлініп
шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-
пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады.
Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі
экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан,
Греция, (Ксенофонт, Платон, Аристотель, т. б.) ойшылдарының еңбектерінде
қарастырылды. Мәселен, Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқталып, оның
айырбас қатынасынан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда
экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаспады. Оның себебі ол заманда
тауар-ақша, рынок, сауда дамымады, шаруашылық негізінен тұйық натуралды —
заттай жүргізілді.
Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда,
өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен
Еуропада XVI-XVII ғасырларда қамтиды. Ал Ресейде тауар-ақша қатынастар 1861
жылғы
реформадан соң дамыды. Қазақстан елінде XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың
басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық рынок, еңбек
бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте жанданған.
Алғаш рет өз алдына қалыптасқан ой-пікірдің белгілі бағыты —
Меркантелистер мектебі. Ол (мерканте — итальян сөзі сауда, пайда табу)
қоғамдық байлықтың негізі ақша, алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы
тауарды шет елдерге мүмкіндігінше көп сату, олардан мейлінше аз сатып алу,
сөйтіп ақша қорын молайту жолдарын іздеуі. Демек, меркантелистер сауда
капиталының мүддесін қорғаған.
Меркантелистер рынок экономикасы теориясы мен практикасының негізін
қалаушылар қатарына жатады. Олар ақша неғүрлым көп болса, қоғамның байлығы
да мол болады деген үғымды басшылыққа алды. Әрине, сауда капиталы
тұрғысынан бұл ұғым дұрыс та шығар. Себебі саудагерлер, көпестер ақшасы
көбейген сайын, мал-мүлкі кеп байлардың қатарына қосылып, қоғамға қажет
тауарларды тасымалдау, сату ісі жанданады. Сауда капиталының қызметі
айырбас, айналыс процесін үздіксіз жүргізу арқылы экономиканы ілгері
бастыруға көмектеседі.
Бірақ сауда капиталы қоғам байлығын, адамдардың әл-ауқатын көтеретін
күш емес. Оның себебі айналыс, айырбас саласында тек қана құн формасы
ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда, тауар, оның құны бір қолдан екінші
қолға еткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды. Демек меркантелистер
теориясы ғылыми дәлелденбеген, ол халық шаруашылығын толық қамтитын ілім
болған жоқ. Меркантелистердің осы осалдығын физиократтар байқады да,
қоғамдық байлық, саудада емес, өндірісте екенін дәлелдеді. Бірақ
физиократтар Ф. Кенэ, А. Тюрго т. б. өндіріс қатарына тек ауыл шаруашылығын
жатқызды. Олардың пікірінше, қоғам байлығының бірден бір көзі ауыл
шаруашылығы өнімдері, сондықтан өсімтал тап қатарына тек қана шаруалар
жатады деген ұғымды дәріптеп, Ф. Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс теориясына
қатысты "Экономикалық кесте" жасады.
Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің
ұдайы өндіріс процесі зерттелінді. Ф. Кенэнің "Экономикалық кестесі"
қоғамдық өндірістің ұдайы даму процесін зерттеуге арналған, өз заманындағы
даналықпен болжалған ғылыми тұжырымдамалар қатарына жатады.
Физиократтардың өндіріске көңіл аударуы экономикалық ой-пікірдегі
күрделі жаңалық, алға басу. Бірақ олардың өндірісті тек қана ауыл
шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп
есептеуі дұрыс болмады. Оны буржауазиялық саяси экономиканың көрнекті
өкілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди еңбектері айқын
көрсетті. Қоғам байлығы жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығы
дәлелденді. Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптің
материалдық игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байланыс,
халыққа қызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық
молаяды деген қағида берік қалыптасты.

Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік
өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын
экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық
буржуазиялық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін
қалады.

Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз-өсімқорлық капиталына
қарсы өндірістік капиталдың қоғамдағы ерекше рөлін атап көрсеткен ғылыми
қағида болғаны белгілі. Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері
дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады.

Маркстік экономикалық теория XIX ғасырдың екінші жартысында
қалыптасып, XX ғасырдың алғашқы ширегінде В. И. Лениннің еңбектерінде
дамыды. Маркстік саяси экономия — еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін
қорғайтын теория. Сондықтан да оған қарама-қарсы буржуазиялық тұрпайы
(вульгарлық) саяси экономия пайда болды. Марксшілер капиталистік қоғамды
дәріптеуші барлық экономикалық теорияларға сын көзбен қарады. Оның себебі
капиталистік экономикалық қатынастарда негізінен екі тап: біріншісі,
үстемдік жасайтын буржуазия болса, екіншісі, пролетариат – қаналушы тап
өмір сүреді. Олардың арасында антогонистік бітіспес қайшылық бар.

Маркстік теория бойынша, пролетариат барлық еңбекші қауымды
капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс орнатуы
қажет. Тарихта 70 жылдан астам кеңес елінде, екінші дүниежүзілік соғыстан
кейін Еуропа, Азияның бірсыпыра мемлекеттерінде, Кубада социалистік
революция басталып, социализмнің көбінесе кеңестік моделі (ұлпа) жүзеге
асырылды. Сонымен бipгe XX ғасырдың екінші жартысынан бастап капиталистік
дүниеде де елеулі өзгерістер болды. Бip топ дамыған елдер (АҚШ, Жапония,
ФРГ, Англия, Канада, Италия), соңғы жылдары Оңтүстік Корея, Сингапур,
Гонконг сияқты елдер қaзipгi заманғы ғылыми-техникалық революцияға
бейімделіп, әлемдік озық тәжірибені дұрыс пайдалану нәтижесінде коғамдық
өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттырып келеді.

Бұл елдерде еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың тұрмыс дәрежесін
көтеру, олардың кәсіпорындарды басқаруға, демократияны дамытуға қатысуы
сияқты жаңалықтар Ресейдегі Қазан төңкерісі әсерінен деуге болады. Ceбeбi
социалистік қоғамның міндеті, оның ұсынған ұрандары капиталистік елдерге
әсерін тигізбей қойған жоқ.

Капиталистер дүниедегі өзгерістерді ecкepiп, жұмысшыларға қолайлы
жағдай туғызу жолдарын iздейді. Әрине, енбекақының өcyi, тұрғын үй,
әлеуметтік қорғау мәселелepiн шешу алдымен жұмысшы табының еңбек
өнімділігіне, өндірісте жаңа техника, технологияны енгізуге байланысты
екені айқын.

Қaзipгі ілгері дамыған елдерде еңбек өнімділігі дәрежесі, еңбектің
интенсивтілігі өте жоғары екені белгілі. Мәселен, ФРГ-де бұрынғы ГДР-мен
салыстырғанда еңбек өнімділігі дәрежесі 2 есе жоғары болды. Сол сияқты
Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапурда жұмысшылар 10-12 сағат қажырлы еңбек
ететіні құпия емес. Капиталистік дамыған елдердің артта қалған, бұрын
отарлық тәуелділікте болған халықтардың еңбегін арзан пайдаланудан түcipгeн
пайдасын айтпасқа болмайды. Ресейдегі 1917 жылғы Қазан төңкеpici
экономикалық жағынан мешеу қалған елде жүзеге асырылды.

Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-салты, экономикалық укладтары жетілмеді,
соның салдарынан дүниежүзілік мәдениет пен ғылымнан шектеліп қалды.
Қазан төңкеpiciнің қазақ жеріне тарауына байланысты озат елдің
пролетариатының көмегімен капитализмге соқпай, социализмге өту теориясы
қолданылды. Ұрандарында бәpi де адам үшін, адамның игілігі үшін деген сөз
жазылған социализмнің әкімшілдік жүйесі кеңес халқын дүниежүзілік ғылыми-
техникалық прогрестен шетте қалдырып, үлкен дағдарысқа ұшыратты.
Бұл өте өкінішті және қынжылтатын жағдай. Әңгіме ауыртпалық пен
дағдарыс туралы сөзді қайталай беруде емес, керісінше, осы дағдарыстан
тезірек шығу жолдарын анықтау, халықаралық еңбек бөлінісіне неғұрлым
ұйымдасқандықпен немесе ұдайы өндіріс қатынастарын дамытып, жетілдіру аса
маңызды. Қазіргі кезеңде ерекше шешімін күтіп отырған мәселе 70 жылдан аса
тарихи орын алған кеңестік экономикаға саяси экономикалық талдау жасау, сол
арқылы бұрынғы және қазіргі рыноктық бағыт ұстап отырған елдердегі
әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттеу.

2 Қазіргі өндірістің факторлары мен өндірістік мүмкіндіктер

Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіріс,
яғни өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру үрдісі қажет. Өндіріс деген
ұғым қоғамдағы бір қатар элементтер мен факторларды (ресурстарды) қамтитын
өндірістік күштерді білдіреді. Адамның барлық даму кезеңдеріндегі
өндірістің басты факторлары жұмыс күші (жеке, немесе адамдық фактор) және
өндіріс құралдары (заттық немесе материалдық фактор) болып табылады. Алайда
өндірістік күштер өзгеріске ұшырап отырады. Қоғам өркендеген сайын олар
үнемі дамып, жетілдіріліп отырады. Қазіргі ғылыми-техникалық революция
жағдайында олардың елеулі күрделенуі байқалып отыр. Қалыпты жұмыс күшіне
және өндіріс құралдарына жаңа дербес маңыздары бар элементтер мен
факторлар қосылуда .
Өндіріс (жаңа заманға сәйкес) қоғамдық үрдіс болып табылады. Бұл
дегеніміз, барлық адамдар бір-бірімен байланыста хабарласып жұмыс істейді.
Мына суретте қоғамдық өндірістің негізгі сатыларын бөліп көрсетеді (сурет
2.1).

Өндіріс – бұл негізгі пункті, адамдардың қажетін қанағаттандыру үшін
өнімдерді өңдеу және өндірудегі негізгі бөлігі. Өндіріс - экономикалық
айналымның кілті, өйткені өндіріссіз тұтыну да,айырбас та болмас.
Бөлудің арқасында әрбір өндірушінің өндірген өнімдерінің үлесі
анықталады.
Айырбас - мұнда өндірушілер өз еңбек өнімдерін басқа туаурларға
ауыстырады. Мысалға, Ірімшік істеуші тек қана шикізатқа мұқтаж болмайды
ол өзіне , сонымен қатар нанды да , және т.б. қажеттіліктердің барлығын ол
айырбастың арқасында ала алады.
Тұтыну - жасалған игіліктерді қолдану арқылы, адамдардың
қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған. Ол бір уақытта тұтынылған
игіліктердің толтырылуына арналған, қоғамдық өндіріс процестерінің жаңаруын
болжайды.
Осы өндірістің элементтері мен факторларының әрқайсысын айқынырақ
қарастырайық.

2.1 сурет - Қазіргі өндірістің басты элементтері

2.1 Өндірістің адамдық факторы
2.1.1 Жұмыс күші, еңбек және оның өнімділігі
Жұмыс күші дегеніміз – адамның еңбекке деген қабілеті, оның өндірісте
қолданатын жеке және ойлау күшінің бірлігі. Жұмыс күші еңбек үрдісінде іске
асырылады, сондықтан “жұмыс күші” және “еңбек” деген ұғымдар өндірістің
адамдық ресурсы ретінде жиі байланысып жатады. Еңбекті адамдардың тұрмыстық
құндылықтарды құру бойынша мақсатты бағытталған қызметі ретінде қарастыруға
болады. Оның маңызды көрсеткіші еңбек өнімділігі, яғни оның өнімділігі,
нәтижелілігі болып табылады. Ол: 1) еңбек бірлігіндегі өнімдер санымен
немесе; 2) өнім бірлігіндегі уақыт санымен өлшенеді. Еңбек өнімділігінің
артуының арқасында еңбек ресурстары үнемделеді, өндіріс арзандайды,
қоғамның байлығы арта түседі. Еңбек өнімділігіне бір қатар факторлар әсер
етеді (2.2 сурет).

Еңбек өнімділігінің деңгейін - қызметкерлердің білімділігінің,
белгілейтін негізгі факторлар біліктілігінің деңгейі
- өндірушілердің өз еңбегінің
нәтижесіне қызығушылық дәрежесі
- ғылым мен техниканың даму деңгейі
және оларды өндірісте қолдану
- өндіріс ресурстарын пайдалану
тиімділігінің дәрежесі
- еңбек жиілігі, яғни кернеуі
немесе еңбек жылдамдығы
табиғат жағдайлары (табиғат
ресурстары, топырақ, климат және
т.б.)

2.2 сурет

Адамның еңбегінің дамуымен қатар қоғамдағы еңбек өнімділігі арта
түседі. Бірақ, өндірістегі адамдардың БҰРЫҢҒЫ еңбегімен жасалған еңбектері
(ТІРІ еңбегі), машиналардың жұмысымен алмастырылып, ығыстырыла бастайды.
Бұл өндірістегі адамдардың атқаратын міндеттерін өзгертеді.

2.2 Ғылыми-техникалық революция жағдайындағы адамдық фактор
Жедел дамып келе жатқан ғылыми-техникалық революция (ҒТР) экономикада
үлкен өзгерістер туғызды. Оған электроника, компьютер, икемді
автоматтандырылған жүйе мен басқа да жаңалықтарды енгізу ғылыми-техникалық
жетістіктердің жалпы деңгейін арттыра түсті. Жаңа жағдайлардың салдарынан
өндірістегі қызметкер-адамдардың рөлі мүлдем өзгереді. Ол “машина
жанындағы” механикалық атқарушы болмай, технологиялық үрдістегі басты
кейіпкерге – бақылаушы және реттеушіге айналады. Бұл жаңа үлгідегі
қызметкерге деген қажеттілікті арттырады.Ол жоғарғы және жан-жақты білімді,
кәсіби құзыреттілікті,белсенді және өз қызметіне деген жауапкершілікті
арттырады (2.3 сурет).
Осындай үлгідегі қызметкерлерді қалыптастыру ел санатындағы күрделі
және ұзақ үрдіс. Ол мына негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі (2.4 сурет)

Жаңа сұрыптағы ■ жоғарғы және жан-жақты білімді
жұмысшы ■ кәсіби құзыретті және іскер
■ белсенді және
жауапкершілікпен
әрекет
ететін

2.3 сурет - Жаңа сұрыптағы жұмысшылардың айырықша белгілері

2.4 сурет

2.2.1 Осы бағыттардың біріншісі қазіргі кадрлардың білімділік және
кәсіби дайындығын, кеңейтілген көлемде білікті және үздіксіз оқытудың
негізінде қамтамасыз етеді. Жаңа техника мен технология ең алдымен оқыту
аудиторияларында, одан кейін ғана заводтарда қолданысқа енгізілуі керек.
Қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен үйлестіру өндірістегі
өзгерістермен бірге үнемі жүргізілуі шарт.
2.2.2 Еңбекті интеллектуализациялау еңбектің адам қолымен емес,
басымен жұмыс істеуі кезінде қалыптасатын ұғым.Ол ойлау қабілетінің
ерекшеліктерімен және шығармашылық
ойлау, аналитикалық және шығармашылық сипатқа ие болуымен көрінеді. Адам
қолымен емес, басымен жұмыс істейді.
2.2.3 Өндірістің гуманизациялық үдерісі өндірістің “адамдануын”
білдіреді. Бұл еңбек шарттарының жеңілденуі, дұрысталуы және қолайлылығына
бағытталған эргономиканың ғылыми ұсыныстардың орындалуын көздейді.
Осылардың нәтижесінде еңбектің тиімділігі және оның адамдар үшін
тартымдылығы артады.
2.2.4 Өндірісті демократияландыру қызметкерлердің өз фирмаларының
акционерлік капиталдарына қатысуы, оны басқаруы, алынған кірістерді бөлуі
арқылы іске асырылады.
Қазіргі қоғамдық өндірісте өнеркәсіп жұмысшыларының санының өсуіне
байланысты жаңа типтегі адамдар қалыптасып келеді.олардың негізгі белгілері
жоғары біліктілігінде,өндірістік өзгерістерге тез бейімделуінде.

2.3 Кәсіпкерлік және басқарушылық қабілеті
Өзінің еңбекке деген қабілетін адам екі негізгі бағыт бойынша
пайдалана алады: өз бизнесін ұйымдастырған кәсіпкер ретінде, не болмаса
кәсіпкерлердің жалданбалы қызметкері ретінде. Өндірістегі ерекше адамдық
ресурс кәсіпкерлік қабілет болып табылады. Ол адамның бизнес немесе кез-
келген басқа бір жаңа істі ұйымдастыра білуі мен дайындығы болып табылады.
Осы іспен байланысты барлық шығындарды, тәуекелдік пен жауапкершілікті өз
мойнына алады. Осындай қабілетке кез-келген адам ие бола бермейді. Нағыз
кәсіпкер еңбекқор, бастамашыл, адамдармен тіл табыса алатын, іскер болуы
керек. Кәсіпкер (немесе бизнесмен) дегеніміз - өндірістің ұйымдастырушысы
мен қозғалғыш күші. Көп жағдайда кәсіпорынның иесі болып табылатын кәсіпкер
(әсіресе шағын бизнесте) барлық шаруа қызметін әдетте өзі басқарады. Сол
сияқты ірі фирмаларда кәсіби басшылық және бизнесті басқару үшін
(менеджмент) басқару жөніндегі жалданбалы қызметкерлер (менеджерлер)
пайдаланылады.
“Кәсіпкер” және “менеджер” деген ұғымдар өте жақын, бірақ әртүрлі.
Кәсіпкер дегеніміз – жаңа идеялар авторы, ол өз идеялары үшін ұйқысын қиып,
меншікті қаражаттарын тәуекелге салады. Менеджер болса – авторлық идеяларды
орындаушы, оларды іске асырушы.

2.4 Өндіріс құралдары
Келесі бір басты өндірістік фактор өндіріс құралдары болып табылады.
Бұл материалдық ресурстар, заттардың екі тобын қамтиды. Біріншіден еңбек
құралдары – олардың көмегімен адамдар қажетті құндылықтарды құрады
(саймандар, машиналар, жабдықтар, өндірістік ғимараттар, құрылымдар және
т.б.). Екіншіден, еңбек заттары – еңбек процессінде адамдар әсер ететін
заттар, олар келешектегі өнімнің материалдық негізін құрайды (мұнай, кен,
шикізат, материалдар және т.б.). Осылай өндіріс үрдісінде еңбектің
материалдық ресурстарын құралдар мен заттарға олардың міндеті ойынша
бөледі. Осы ресурстарды бөлудің тағы бір белгісі олардың шығу тегі (2.5
сурет).

2.5 сурет - Өндіріс құралдарының негізгі түрлері

Шығу тегі бойынша өндіріс құралдары да екі топқа бөлінеді:
1) табиғи ресурстар (табиғаттың өзі берген) - шабындық жерлер, ормандар,
минералдардың, газдың орналасқан жерлері, су және басқалары (олардың
жалпылама түрде – “жер” деген бір сөзбен атайды); 2) өндірістік ресурстар –
адамдар құраған (немесе өңдеген) заттар және олар өндірісте одан әрі
пайдалану үшін ойлап табылған. Бұл – машиналар мен жабдықтар, өндірістік
ғимараттар мен құрылымдар, шикізаттар мен жартылай фабрикаттар және басқа
да адам қолы арқылы өткен өндіріс құралдары.Қоғамдық өндіріс дамыған сайын
ондағы өндіргіш күштердің де міндеті арта түспек.
Өндіріс қоғамдық өнімді өндірудің бастапқы сатысы, осыдан қозғалыс
басталмақ.

2

Адамдар шығарған өндіріс құралдары көбінесе КАПИТАЛ деп аталады, олар
негізгі капитал (өндіріс құралдарының өзі) және ақшалай капитал (өндіріс
құралдарын сатып алуға арналған ақша) болып бөлінеді. (2.6 сурет). Сондай-
ақ нақты капитал тағы бір атауға ие – инвестициялық ресурстар (немесе
тауарлар), себебі олар экономиканы инвестициялауға арналған. Осыған
байланысты барлық тауарлық массада өндірістік тұтынуға түскен инвестициялық
тауарлармен қатар (өндіріс құралдары) тұтыну тауарларын немесе адамдардың
қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұтыну заттарын (азық-түліктер, киім,
тұрғын үй, телевизорлар және т.б.) бөліп алуға болады (2.7 сурет).
Инвестициялық тауарлар тек қана тұтыну заттарын шығару үшін қызмет етеді.
Негізгі капиталдың қызмет етуімен байланысты физикалық және моральдық
тозулары орын алады. ФИЗИКАЛЫҚ ТОЗУ үрдісі негізгі капитал элементтерінің
өндірісте одан әрі пайдалануға жарамайтындығын сиаттайды.
Негізгі капиталдың заттық тозуынан басқа,оның құнсыздануы нәтижесінде және
арзан, тиімді жабдықтардың пайда болуымен байланысты олардың моральдық
тозуы орын алады.

2.7 сурет - Тауарларды инвестициялық және тұтынушылыққа бөлу

2.5 Капитал шығару, жинақтау және оның айналымы
Өндірісті инвестициялау – тұрақты үдеріс. Өндірістің қайталануы мен
үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, капитал салымдары бірінен
соң бірі жалғасын тауып отырады. Өндірістің үзіліссіз қайталанатын үрдісі
– ҰДАЙЫ ӨНДІРІС деп аталады. Ұдайы өндіріс жай (өндіріс бір мөлшерде
қайталанатын жағдайда) және ұлғайтылған (ұлғайып отыратын көлемде) болады
(2.8 сурет).
Жай ұдайы өндірісте өнім мөлшері әрбір келешек өндіріс
цикліндеөзгеріссіз қалады. Бұл жағдайда, өнім тіпті қосымша өнім өндірілсе
де, жеке тұтыну мақсатына ғана жұмсалады. Ұлғайтылған ұдайы өндіріс
нәтижесінде өнімнің мөлшері әрбір өндіріс циклінде өсіп отырады. Ұлғаймалы
ұдайы өндірістің бірден-бір көзі – қосымша өнім. өндірістің жаңа цикліне
қосымша, немесе сапасы жоғары ресурстар қажет.

2.8 сурет

Қазіргі экономикада ұлғайтылған өндіріс көбірек кездеседі. Жаңа
инвестициялар өндірістің шығындалған капиталын (қолданылған шикізат пен
материалдар, тозған жабдықтар) өтеп қана қоймайды, сондай-ақ оның
өнімділігін қосымша немесе одан да тиімді өндіріс құралдарының көмегімен
арттыра түседі. Соның арқасында капитал жинақталады, яғни өндіріске қосымша
капитал салу есебінен ол күрделене түседі. Ұдайы өндіріс үдерісінде
капитал үнемі қозғалыста болады және мына сызба бойынша айналым жасайды:
Өндіріс құралдарын сатып алу - Өндіріс үрдісі - Өндірілген тауарларды сату.
Осындай айналымдар қайта-қайта қайталанып отырады. Өндірісті кең көлемде
жалғастыру үшін, кәсіпкер тапқан пайдасының бір бөлігін өзінің тұтынуына
емес, өндірісті қаржыландыруына жұмсауы міндетті.

2.6 Негізгі капитал, айналым капиталы және оны пайдалану көрсеткіштері
Бастапқыда атап өткендей негізгі капитал (немесе негізгі қорлар) -
өндірісте КӨП РЕТ қатысатын еңбек құралдары, олар біртіндеп физикалық және
моральды түрде тозады (ескіреді) және бөлшектеп (тозу шамасына қарай) өз
құнын өндірілген өнімнің құнына (амортизация) қарай ауыстырады. Осылай,
негізгі капиталдың құныдайын өнімнің құнымен біртіндеп өтеледі. Тауар
сатылғаннан кейін ол кәсіпкерге ақшалай нысанда амортизациялық аударымдар
түрінде бөлшектеліп қайтарылады, олар еңбек құралдарын жөндеуге, жаңартуға
және жандандыруға пайдаланылады. Ақшалай нысандағы негізгі қорлар негізгі
қаражат деп аталады. Негізгі капиталдың құрылымында актив қорлар (өндіріске
ткелей қатысатын – станоктар, машиналар және басқа да жабдықтар) мен пассив
қорлар (өндіріс үшін қажетті жағдайлар туғызады - өндірістік ғимараттар,
құрылымдар және басқа да объектілер) болады (2.9 сурет).

2.9 сурет - Негізгі қорларды актив және пассивке бөлу

Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың үш басты көрсеткіштерін бөліп
айтуға болады: 1) қорқайтарымы - ол қорлардың өнімділік деңгейін
білдіреді және қор құнының бірлігіне келетін өнім құнымен белгіленеді; 2)
қорсыйымдылығы – қорқайтарымға керісінше көрсеткіш, ол өнім бірлігін
шығаруға арналған негізгі қорлардың шығынын сипаттайды; 3) құрал-жабдық
жұмысының ауысымдылық коэффициенті. Ол кәсіпорында орнатылған жабдықтың әр
бірлігінің белгілі бір кезең ішінде орташа есеппен тәулігіне қанша ауысым
жұмыс істегенін көрсетеді. Мысалы, егер цехтағы 200 станоктың 1-ауысымда
180, 2-ауысымда – 100, ал 3-ауысымда –40 жұмыс істесе, ауысым коэффициенті
(1,6 (180+100+40)(200), яғни әрбір станок үш ауысымдық тәртіпте, орташа
түрде 1,6 ауысым пайдаланылды.
Айналым капиталы (немесе айналым қорлары) - өндірісте БІР РЕТ қатысатын
еңбек құралдары. Олар толығымен қолданылады және толығымен, бірден өз құнын
өндірілген өнімнің құнына ауыстырады. Осылай, айналу қорларының құндары
әрбір айналған сайын дайын өнімнің құнымен өтеледі және толығымен
тауарларды табысты сату жағдайында кәсіпкерге ақшалай нысанда қайтып
оралады. 2.1-кесте негізгі және айналу қорларының басты салыстырмалы
сипаттамаларын көрсетеді.

2.1 Кесте - Негізгі және айналым капиталдары арасындағы басты
айырмашылықтар
Негізгі капитал Айналым капиталы
Не жатады Еңбек құралдары Еңбек заттары
(станоктар, машиналар, (шикізат, материалдар,
өндірістік ғимараттар, жартылай фабрикаттар
құрылымдар және т.б.) және т.б.)
Өндіріске қалай Көп рет Бір рет
қатысады
Қалай шығындаладыБіртіндеп тозады Толық тұтынылады
Өндірілген Біртіндеп, бөлшектеп, Бірден және толығымен
тауарлардың тозу шамасына қарай
құнына өз құнын
қалай аударады

Өндіріс үдерісіне қызмет көрсететін негізгі және айналу қорларымен
қатар айналым қорлары да бар, олар айналым үдерісіне қызмет етеді. Айналым
қорлары мен айналу қорлары бірдей айналады (бір айналымды пайдаланады),
сондықтан оларды жиі біріктіреді және айналым қаражаттары деп атайды.
Өндіріс капиталының жалпы құрылымын мына түрде келтіруге болады (2.2-
кесте).

2.2 кесте - Кәсіпорынның өндірістік қорларының жалпы құрылымы
Өндіріс қорлары
Өндіретін қорлар
Айналым қорлары
Негізгі Қор
қорлар айналымдары
пассив актив Еңбек заттарыдайын кәсіпорынның дебиторлық
өнім ақшалай берешек
қаражаттары
негізгі қаражаттар айналым қаражаттары

2.7 Өндіріс қорларын тиімді пайдалану
Әрбір кәсіпорын өз капиталының тиімді пайдалануына мүдделі.
Материалдық игіліктерді өндірумен байланысты кәсіпорын пайдаланатын қандай
да болсын капитал өз қозғалысын ақша түрінде бастайды. Өндіріс қорларын
оңтайлы пайдалану тиімділігін арттырудың үш басты бағытын бөліп айтуға
болады:
1) бірінші бағыт негізгі капиталға қатысты. Ол қорқайырымын мына
негізгі шаралардың көмегімен арттыруды (немесе қорсыйымдылығының
төмендеуін) көздейді:
- анықталмаған, әрекет етпейтін жабдықтарды жою;
- актив қорлар үлесін көбейту, пассив қорлардың шығыстарын
қысқарту;
- жабдықтың жұмыс ауысымы коэффициентін арттыру (тұрып қалуды
болдырмау, пайдалануды жақсарту және техниканы жөндеу, 2 және 3
ауысымдағы еңбекті ынталандыру және т.б.);
- ескірген қорларды жаңа жоғары өнімділігі бар техникаға
ауыстыру;
- құрылымды жеделдету және жаңа күштіліктерді қолданысқа енгізу.
2) Айналым капиталына қатысты өнімнің материалсыйымдылығын төмендету
маңызды болып табылады, яғни материалдық ресурстардың (металл, ағаш, отын,
қуат және т.б.) өнім бірлігіне жұмсалуы. Бұл осы ресурстардың үнемделуін
көздейді. Әсіресе:
- жаңа үнемдегіш материалдар мен бұйымдардың озық конструкциялары;
- ресурс жинақтағыш технологиялар мен еңбекті тиімді ұйымдастыруды
енгізу;
- ресурстардың үнемделуін ынталандыру және өнім сапасын жақсарту.
Үшінші бағыт – капитал айналымының уақытын қысқарту. Осындай қысқарту
ресурстардың үнемделуіне ықпал етеді. Айналымды жеделдетудің нақты жолдарын
анықтау үшін капиталдың айналым уақытының құрылымын білу қажет (2.10
сурет). Айналмалы капиталдың айналым уақыты ауыспалы айналымның бір
айналымына тең. Негізгі капиталдың айналым уақыты авансыланған негізгі
капиталдың жылдық амортизациясына тең. Авансыланған бүкіл капиталдың
айналым уақыты авансыланған капиталдың жылдық амортизациясы мен айналмалы
капиталдың жылдық айналым сомасына қатынасы. Айналым уақыты өндіріс уақыты
мен айналыс уақытынан тұрады. Капитал айналымының жылдамдығы өндіріс
тиімділігіне ықпал етеді. Көп мөлшерде пайда табу мақсатымен кәсіпкер
капитал айналымын тездетуге мүдделі болады.

өндактиЖұмыс кезеңі барысында еңбек заттары
ірів тікелей әсерге ұшырайды және қайта
с ұйымдастырылады (шикізат пен
уақ бөлшектерді өңдеу, конструкцияларды
ыты жинақтау және т.б.)
Технологиялық үзілістер - адамның
тікелей қатысуынсыз іске асырылатын
өндірістік процестер уақыты
Капитал
айналы-
мының
уақыты
пассҰйымдастырушылық үзілістер - қайта
ив ауысымдар, демалыс күндері, түскі ас
демалыстары, жабдықтарды жөндеу мен
басқа да бос тұрып қалулар
өндіріс құралдарының өндірістік
қорларда болу уақыты – үздіксіз
өндіріс үшін өте қажет, бірақ оны дәл
ұйымдастырғанда жоққа шығуы мүмкін
Сатып алу уақыты - өндіріс
Айна- құралдарын сатып алуға және жұмыс
лым күшімен қамтамасыз етуге арналған
уақыты уақыт.
Дайын өнімді сатуға арналған уақыт -
өнімді қоймаға тапсырған сәттен
бастап тауарды сатудан түскен ақша
кәсіпорын шотына аударылғанға дейінгі
уақыт.

2.10 сурет - Капитал айналымының уақыт құрылымы

Сызбадандан көрініп тұрғандай (2.10 сурет) қор айналымының уақытын
қысқарту жолдары көбімізге таныс: өндіріс техникасы мен технологиясын
жетілдіру, ресурстарды үнемдеу, жұмыс уақытының жоғалуын болдырмау, ауысым
коэффициентін арттыру, шикізатпен жабдықтау қалпын қамтамасыз ету,
жабдықтау, жарақтау жүйесін жақсарту және т.б.

2.8 Бүгінгі күнгі өндірістің басқа факторлары
2.8.1 Өндірістің ұйымдық-технологиялық факторлары
Өндірістің жұмыс күші мен құралдарынан кейін бүгінгі күнгі
экономиканың маңызды факторлары ретінде өндірістің ұйымдары мен
технологиясын атау керек. Солардың арқасында өндірістің жұмыс күші мен
құралдарының тиімді қатынасына қол жеткізіледі. Өндірісті ұйымдастыру
дегеніміз - өндірістің барлық үдерісінің бірлігі мен тәртібін қамтамасыз
ететін ішкі өндірістік байланыстың белгілі бір қондырғысы. Мысалы,
автомобильдер өндірісін ұйымдастыру түйіндер мен бөлшектерді жинақтайтын
шикізат жабдықтаушыларымен заводтың байланысын жеңілдетеді (цехтар,
учаскелер, бригадалар және т.б.)
Өндіріс технологиясы еңбек заттарын өңдеудің нақты тәсілдерін, өндіріс
үдерістерінің белгілі бір тәртібін білдіреді (мысалы, нан пісіру
технологиясы операцияларының белгілі бір кезегі, қамырдың нақты құрамы,
пештердің нақты жұмыс тәртіптері бар және т.б.). Қазіргі технологияларды
білу – тиімді өндіріске апаратын жол, сондықтан әлемде алдыңғы ноу-хаумен
айырбас кеңінен таралған. Жаңа технологиялардың өзіне тән белгісі -
өндірісте ақпараттар мен компьютерлерді барынша көп пайдалану. Осындай
технологиялар ақпараттық немесе ақпараттық-компьютерлік деп аталады. Осыдан
ақпарат деп аталатын өндірістің жаңа факторы туындайды.

2.9 Өндірістің ақпараттық факторы
Ақпарат дегеніміз білім, мәліметтер мен түрлі сигналдар. Қазіргі
өндірісте ол маңызды және әртүрлі роль атқарады. Әсіресе, ақпарат мыналарды
қамтамасыз етеді: 1) техниканың қызмет етуі (бағдарламалық басқарумен); 2)
өндірістің өзінің тиімді ұйымдастырылуын және оның барысына бақылау жасау;
3) өндірістің жедел қайта құрылу мүмкіндігі; 4) қызметкерлердің білім
деңгейі мен біліктілігін арттыру; 5) алдағы идеялар мен технологияларды тез
тарату.
ҒТР даму шарқына қарай ақпараттар ағымы көбейе бастады. Ағым бүгінгі
күні ХІХ ғасырдағы 50 жылмен әрбір 20 ай сайын салыстырғанда екі есе
көбеюде. Қоғамның барлық өміріндегі ақпараттың ролі жыл сайын өсуде. Сол
себептен ғалымдар “ақпараттық революция” жөнінде және дамыған елдердің
“индустриалдықтан” “ақпараттық қоғамға” ауысуы туралы айта бастады.
Соңғысының басты айырмашылығы: а) кең автоматтандыру және ақпараттық-
компьютерлік технологияларды барлық салаларда қолдану; б) әлемдік байланыс
жүйелерін дамыту (трансконтиненталдық телефон кабельдері, спутниктік
теледидар, бүкіл әлемдік Интернет компьютер желісі және с.с.); в) ақпарат
көлемінің шамадан тыс көбеюі, ақпараттың жеткізілу және өңдеу жылдамдығы;
г) жаңа жаңалықтарды енгізуді жылдамдату; д) экономиканы ұйымдастырудағы
әртүрлілік пен икемділікті арттыру; е) білімді және адамдардың барлық
қоғамдық өмірін үздіксіз жаңарту.

2.10 Ғылым қазіргі өндірістің шешуші факторы ретінде
Бәрімізге белгілі, ғылым дегеніміз – теориялық жүйеге салынған
объективтік білім. Қазіргі ғылыми зерттеулер ағымында үш негізгі бағытты
бөліп алуға болады.
2.10.1 Фундаменталдық ғылыми зерттеулер – жаңа білім алу мен
зерттелетін құбылыстардың заңдылықтарын анықтау мақсатындағы зерттеулер.
2.10.2 Қабысатын зерттеулер дегеніміз практикалық міндеттерді шешу
үшін қолданылатын фундаменталдық ғылымдарға қол жеткізу. Мысалы, атомдардың
фундаменталдық физикалық зерттеулеріне сүйеніп, “қабыспалы”-зерттеушілер
атомдық энергетиканы ойлап шығарды.
2.10.3 Ғылыми-зерттеулік және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер
(ҒЗТКӘ). Олар ғылым мен өндірісті біріктіреді, сол арқылы жобаның ғылыми
және инженерлік өңделуін қамтамасыз етеді. Айталық, өндірісте жаңа құралды
шығару үшін мына кезеңдерден өту керек: фундаменталдық зерттеулер;
қабыспалы зерттеулер; жобалау; сынақ; тәжірибелік үлгілер жасау.
Ғылым даму үстінде және ертеден бері өндірісті “қоректендіріп” келе
жатыр. Сондықтан да ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) барлық технологиялық
кезеңдерге тән. Алайда қазіргі кезеңнің ерекшелігі ғылыми-техникалық
революцияның “шабуылы”, ол баяу емес, жартылай прогрессті білдіреді, ал
ғылым мен техниканың дамуындағы сапалық секіріс және осы негіздегі қоғамдық
өндірістік күштердің түбегейлі қайта құрылуы. Ғылым мен өндірістің
интеграциясы нәтижесінде өндіріс “ғылымданады” және өндірістік тікелей
факторына, экономикалық прогресстің мықты қозғалтқышына айналады. Бұл жерде
әр түрлі ғылым мен өндірістің даму процесстері тұрақты дамып отыратын
бірыңғай жүйеге бірігеді: ғылым-техника-технология-өндіріс.
Алайда, ҒТР қайшылықтарсыз өтпейді. ҒТР қайшылықтары бір жағынан
адамзат үшін үлкен БАЙЛЫҚ, себебі адамдардың мүмкіншіліктерін арттырады,
олардың қызметінің тиімділігін асырады, еңбекті жеңілдетеді, тұрмыс
жағдайларын жақсартады және т.б. Бірақ басқа жағынан ол проблемалар қатары
мен кері әсерлерді туғызады. Мысалы, жұмыссыздық мәселесі (машиналар мен
автоматтар өндірістегі адамдарды ығыстырады), экологиялық және техникалық
қауіпсіздік, бұқаралық зақымдану қаруларынан қорғайды (2.12 сурет).

- жалпылай және хроникалық жұмыссыздық
мүмкіндігі
ҒТР адамдардың қайта біліктіліктерін арттыру
тудыратын негізгі және көшіру проблемалары
проблемалар мен еңбек ауыртпалығы, психикалық аурулардың
кері әсерлер көбеюі
ҒТР әскери пайдалану қаупі
Экология, қазіргі техниканың қауіпсіздік
проблемалары және т.б.

2.11 сурет

Сциентизм мен техницизмнің идеялары оптимистер қолдады, ғылым мен
техниканың ролін асыра сипаттайды, олардың қолынан бәрі келеді деп
есептеген. Пессимистер болса антисциентизм мен технофобияларды қолдады,
олар адамдар өміріндегі ғылымның ролін түссіз бояулармен бояйды деп айтты.
Олардың пікірінше, ғылым мен техника қоғам проблемаларын шешпейді, қайта
оларды өршелендіре түседі. Реалистер болса әрқайсысының “плюстері” мен
“минустерін” таразылай отыра, өз кектерін таңдап алады.

2.11 Энергетикалық фактор мен инфрақұрылым
Энергия - өндіріс құралдарын қажетті қозғалысқа салатын бірден бір
күш. Өндіріс әрқашанда осындай қозғалтқыш күшті керексінеді. Бірақ
бастапқыда ол тек адамның өзінің немесе олар пайдаланатын жануарлардың
механикалық энергиясымен қанағаттанды. Бүгінгі күнгі өндіріс күштері болса
қуатты және түрлі отындық-энергиялық (ең алдымен электрлік) қамтамасыз
етілуді талап етеді. Сондықтан өндірістің энергетикалық факторы маңызды
және ең бастысы дербес маңызға ие болды. Энергиямен қамтамасыз ету
мәселесін жеке шешпей ешқандай орта немесе ірі кәсіпорын құру мүмкін емес.
Қазіргі экономикада инфрақұрылым деп аталатын фактор да ерекше рольге
ие. Бұл өндірістің қызмет етуі үшін жалпы жағдайлар жасайтын барлық
салалардың бірлесуі. Инфрақұрылым екі кіші жүйені өзіне қамтиды: 1)
Өндірістік инфрақұрылым - өндіріске тікелей қызмет ететін көмекші салалар
(транспорт, байланыс, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қойма
шаруашылығы, есептеу орталықтары, экологиялық қорғау құралдары және т.б.);
2) Әлеуметтік (немесе өндірістік емес) инфрақұрылым – адам өмірін
қажетті әлеуметтік-мәдени жағдайлармен қамтамасыз ететін сала (соның ішінде
өндіріс қызметкерлері өз отбасыларымен). Оған тұрғын үй және коммуналдық
шаруашылық, сауда, тұрмыс қызметі, білім беру, денсаулық сақтау және т.б.
жатады.

2.12 Өндірістің экологиялық факторы
Экологиялық фактор дегеніміз жалпы алғанда қорғау, сақтау және
қалпына келтіру қажеттілігі бар қоршаған орта мен адамның қарым-қатынасымен
байланысты проблемалардың ортақ жиынтығы. Адамзат дамуында табиғат екі
түрлі роль атқарады: 1) өндірістің ресурстар көзі және 2) адамдардың
тұратын ортасы ретінде. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық оқу-әдістемелік кешендері
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Электрондық оқулықтың сипаттамасы
Халықаралық экономика пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Білікті маман дайарлау
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау («Ана тілі» және «Дүниетану» оқулықтары негізінде)
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
«Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару» пәні бойынша электронды-әдістемелік құралды құрастыру
Жылуэнергетикадағы Метрология, стандарттау және сапаны басқару
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Пәндер