XXX жазғы Олимпиада ойындары



1 Лондон
2 Нысандар және инфрақұрылым
3 Қаржыландыру
4 Еріктілер
5 Демеушілер
6 Ұлыбритания 4 әкімшiлік.саяси бөліктен (тарихи ұлттық облыстардан)
Англия және Ұлыбритания астанасы, әрі ең ірі мегаполисі. Британ аралдарындағы ең үлкен қала. Еуропадағы ең ірі урбандық аймақ. Аумағы 1706,8 кm². Халқы 8 млн. адамнан асады және халқы санынан әлемде 18-нші орында. Бұл көрсеткіш Еуропада 2-ші болып табылады. Лондон нөлдік немесе Гринвич Меридианы үстінде орналасқан. Лондон Жазғы Олимпиадалық Ойындар 2012ніқабылдап Олимпиада ойындарың 3 рет қожайыны болуда. Лондон әлемдегі өнер, сауда, білім және ғылым, сән, қаржы, кәсіптік қызмет, денсаулық сақтау, зерттеу және даму, туризм және көліксалалары бойынша жетекші жаһандық қала болып табылады. Қалада әлемдік деңгейдегі Хитроу аэропорты және Темза өзенінің жағасында әлемдегі ең үлкен өзен порттарының бірі орналасқан.
Халқы
Қала өз маңайын қосқанда алуан түрлі дін және мәдениеттердіқамтитын 300-ден аса әр тілдерде сөйлейтін әр-түрлі ұлт өкілдерімен жұрттанған.
Метро
Хаммерсмит-энд-Сити (Hammersmith & City ағылш.) бағыты - Хаммерсмит және Баркинг бекеттерінің арасында салынған лондондық метрополитен бағыты. Дүние жүзіндегі ең алғашқы метро болып табылады. Әлемдегі ең ескі жерасты темір жол болып табылатын, өзінің құрамында Лондодағы Фаррингдон және Паддингтон бекеттерінің арасындағы 1863 жылдың 10 қаңтарнан бастап жолаушының қозғалысы үшін ашық, ең ескі жерасты өткелігі бар.
Бағыт жолаушылар тасымалдау санын ескергенде, лондондық жерасты теміржолы 12 бағыттың арасында 10 орын алады.
XXX жазғы Олимпиада ойындары (ағылш. 2012 Summer Olympics, фр. Jeux Olympiques d'été de 2012) — отызыншы Жазғы Олимпиада oйындары. 2012 жылдыңойындары 27 шілде мен 12 тамыз аралығында Ұлыбританияның астанасы Лондонқаласында өтеді. Лондон Олимпиада ойындарын үш рет қабылдаған алғашқы қала болмақ. Оған дейін Лондон 1908 жылы және 1948 жылы қабылдаған болатын.
Лондондағы 2012 жылдың жазғы Олимпиада ойындарының баннері.
Үміткер қалалардың ұсынысын қабылдау рәсімі 2003 жылдың 15 шілдесіндетоқтатылды. Осы уақытта бәйгеге қатысуна 9 қала ниет білдірген болатын: Гавана, Стамбұл, Лейпциг, Лондон, Мадрид, Мәскеу, Нью-Йорк, Париж және Рио-де-Жанейро.
2004 жылдың 18 мамырында Халықаралық олимпиада комитеті барлық ұсыныстарды саралап болған соң 5 қаланы ғана қалдырды. Осы қалалардың ішінен 2005 жылдың шілдесінде Сингапурда өтетін ХОК-нің 117 сессиясында жеңімпаз қаланың аты аталуы керек болатын. Аталған бес қаланың қатарында Мадрид, Мәскеу, Нью-Йорк, Париж және Лондон қалды.
Лондон қаласы 2012 жылдың жазғы Олимпиада ойындарының астанасы ретінде 2005 жылдың 5 шілдесінде таңдалды. Өз елінің ұсынысын қолдаған үкімет басшыларының ішінен Сингапурға арнайы келген жалғыз Ұлыбританияның премьер-министрі Тони Блэрғана болатын.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Лондон - Англия және Ұлыбритания ас танасы, әрі ең ірі мегаполисі. Британ
аралдарындағы ең үлкен қала. Еуропадағы ең ірі урбандық аймақ. Аумағы
1706,8 кm². Халқы 8 млн. адамнан асады және халқы санынан әлемде 18-нші
орында. Бұл көрсеткіш Еуропада 2-ші болып табылады. Лондон нөлдік
немесе Гринвич Меридианы үстінде орналасқан. Лондон Жазғы Олимпиадалық
Ойындар 2012ніқабылдап Олимпиада ойындарың 3 рет қожайыны болуда. Лондон
әлемдегі өнер, сауда, білім және ғы лым, сән, қаржы, кәсіптік
қызмет, денсаулық сақтау, зерттеу және даму, туризм және көліксалалары
бойынша жетекші жаһандық қала болып табылады. Қалада әлемдік деңгейдегі
Хитроу аэропорты және Темза өзенінің жағасында әлемдегі ең үлкен
өзен порттарының бірі орналасқан.
Халқы
Қала өз маңайын қосқанда алуан түрлі дін және мәдениеттердіқамтиты н 300-ден
аса әр тілдерде сөйлейтін әр-түрлі ұлт өкілдерімен жұрттанған.
Метро
Хаммерсмит-энд-Сити (Hammersmith & City ағылш.) бағыты - Хаммерсмит және
Баркинг бекеттерінің арасында салынған лондондық метрополитен бағыты. Дүни е
жүзіндегі ең алғашқы метро болып табылады. Әлемдегі ең ескі жерасты темір
жол болып табылатын, өзінің құрамында Лондодағы Фаррингдон және Паддингтон
бекеттерінің арасындағы 1863 жылдың 10 қаңтарнан бастап жолаушының
қозғалысы үшін ашық, ең ескі жерасты өткелігі бар.
Бағыт жолаушылар тасымалдау санын ескергенде, лондондық жерасты теміржолы
12 бағыттың арасында 10 орын алады.
XXX жазғы Олимпиада ойындары (ағылш. 2012 Summer Olympics, фр. Jeux
Olympiques d'été de 2012) — отызыншы Жазғы Олимпиада oйындары. 2012
жылдыңойындары 27 шілде мен 12
тамыз аралығында Ұлыбританияның аст анасы Лондонқаласында өтеді. Лондон
Олимпиада ойындарын үш рет қабылдаған алғашқы қала болмақ. Оған дейін
Лондон 1908 жылы және 1948 жылы қабылдаған болатын.
Лондондағы 2012 жылдың жазғы Олимпиада ойындарының баннері.
Үміткер қалалардың ұсынысын қабылдау рәсімі 2003 жылдың 15
шілдесіндетоқтатылды. Осы уақытта бәйгеге қатысуна 9 қала ниет білдірген
болатын: Гавана, Стамбұл, Лейпциг, Лондон, М адрид, Мәскеу, Нью-
Йорк, Париж және Рио-де-Жанейро.
2004 жылдың 18 мамырында Халықаралық олимпиада комитеті барлық ұсыныстарды
саралап болған соң 5 қаланы ғана қалдырды. Осы қалалардың ішінен 2005
жылдың шілдесінде Сингапурда өтетін ХОК-нің 117 сессиясында жеңімпаз
қаланың аты аталуы керек болатын. Аталған бес қаланың қатарында Мадрид,
Мәскеу, Нью-Йорк, Париж және Лондон қалды.
Лондон қаласы 2012 жылдың жазғы Олимпиада ойындарының астанасы ретінде 2005
жылдың 5 шілдесінде таңдалды. Өз елінің ұсынысын қолдаған үкімет
басшыларының ішінен Сингапурға арнайы келген жалғыз Ұлыбританияның премьер-
министрі Тони Блэрғана болатын.

2012 жылғы Олимпиада астанасына дауыс беру

Қаланың аты Мемлекеттің аты 1 Раунд 2 Раунд 3 Раунд 4 Раунд
Лондон  Ұлыбритания 22 27 39 54 Париж  Франция 21
25 33 50 Мадрид  Испания 20 32 31 — Нью-Йорк
 АҚШ 19 16 — — Мәскеу  Ресей 15 — — —
]Әзірлену және дайындалу
Лондонның Олимпиадалық ойындарды Ұйымдастыру комитеті (LOCOG) ұсыныстың
сәтті қабылдануынан кейінгі ойындарды ұйымдастыру шарасын бақылайтын мекеме
ретінде құрылды және өзінің алғашқы отырысын 2005 жылы 3
қазанда өткізді.Лорд Коудың төрағалығымен комитет ойындардың жүзеге
асырылуы мен өткізілуіне жауап береді, сонымен бірге Олимпиадалық Тасымал
ұйымы (ODA) нысандар мен инфрақұрылымның құрылысына жауапты. 2006
жылы сәуір айында Олимпиадалық Тасымал ұйымы құрылған болатын.
Нысандар және инфрақұрылым
Желкенді спорт түрінен сайысуға арналған айлақ
Толық мақаласы: 2012 жылғы Олимпиада және Паралимпиада нысандары
2012 жылы Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындар жаңа орындарда,
әлдеқашан бар және тарихи нысандардарда, сонымен қатар заманауи
құрылыстарда өткізілетін болады, соның ішіндегі ең танымалы — Гайд Парк пен
Атты Гвардия.
Үлкен Лондонның маңында үш аймаққа бөлінген алып спорттық нысандар
орналасад:
1. Олимпиадалық аймақ — Олимпиадалық қалашық орналасқан жер;
2. Өзендік аймақ — қала шығысындағы Темза өзінінің айналасы;
3. Орталық аймақ — қаланың орталығы мен батыс аймағы.
Олимпиадалық аймақ
▪ Олимпиада стадионы — жеңіл атлетика, ашылу және жабылу салтанаты.
▪ Сулы орталық — ашық суда жүзуден басқа барлық суға қатыстқы спорт
түрлері.
▪ Лондондық велопарк — велотрек және BMX.
▪ Ривербанк арена — көгалдағы хоккей.
▪ Баскетболдық арена — баскетбол, гандбол.
▪ Коппер бокс — гандбол, қазіргі бессайыс.
▪ Олимпиада қалашығы (Лондон)
Өзендік аймақ
▪ Көрме орталығы (Лондон) — бокс, семсерлесу, дзюдо, үстел теннисі,
таэквондо, ауыр атлетика мен күрес.
▪ O2 аренасы мен Гринвич аренасы — бадминтон, баскетбол, гимнастиканың
барлық түрі.
▪ Гринвичтік парк — ат спорты және қазіргі бессайыстың кейбір
бөліктері.
▪ Казармы королевской артиллерии — нысана көздеу
Орталық аймақ
▪ Уэмбли — футбол.
▪ Уэмбли аренасы — бадминтон, көркем гимнастика.
▪ Лаун-теннис пен крокеттің Бүкілағылшындық клубы — теннис.
▪ Лордс крикет граунд — садақ ату.
▪ Риджентс-парк — велошоссе.
▪ Хорс Гардс Пэред — жағажай волейболы.
▪ Гайд-парк — триатлон мен ашық суда жүзу.
▪ Эрлс Корт — волейбол.
Лондоннан тыс аймақтар
Қаладан тыс аймақтарда бірнеше спорттық стадиондар орналасады.
Ұлыбританияның бес қаласында футбол бойынша іріктеу сындары өткізіледі:
▪ Хэмпден Парк, Глазго;
▪ Миллениум, Кардифф;
▪ Олд Траффорд, Манчестер;
▪ Сент-Джеймс Парк, Ньюкасл;
▪ Ковентри қаласының стадионы, Ковентри.
Сонымен қатар Лондонның сыртында мынадай нысандар орналасады:
▪ Броксбурнның ескекпен кедергілер арқылы өту орталығы, Уэлтэм Кросс;
▪ Дорни Лейк, Дорни — академиялық есу мен байдаркада және каноэде есу;
▪ Уэймут пен Портлендтың желкенді спорттының Ұлттық
академиясы, Портленд аралы;
▪ Хадли қала сыртындағы паркі, Хадли қамалынан алыс емес — маунтин-
байк.
Қоғамдық тасымал құралдары
2012 Лондон Олимпиадасының логотипі
Олимпиада алауы Кардиффте
Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) өзінің алғашқы
сынындағы Лондонның қоғамдық тасымал құралдарына қойған бағасына қарағанда,
оның қазіргі ойындарға арналып түзетулер мен жетілдірулер жасалғанын атап
кетті. Лондонға арналған транспорт жүйесіне (TfL) 2012 жылға дайындалу
барысында бірнеше жаңартулар мен өзгерістер енгізілді. Және де Docklands
Light темір жолы мен Лондонның солтүстік бөлігінде темір жолының
модернизациялануы ерекше болды. Network Rail мәліметтері бойынша, 4000-нан
астам темір жолдар Ойындар кезінде жұмыс жасап тұрады,
және теміржолоператорлары күні-түнімен жұмыс кезегінде қалмақ.
Қаржыландыру
Ойындарды бөлектеп қондыруға, нысандар мен инфрақұрылы мдарды салуға, және
деОлимпиада қалашығының жер редевелопментімен жұмыс жасау үшін қаржының мол
бөлігі кетті. Ойын ұйымдастырылуын жеке қаржы көздері қаржылардыруына
қарамастан, көптеген демалыс орындары мен саябақтарға байланысты шығындарды
мемлекет өзі көтереді.
Алғашында бөлінген бюджет £ 2,4 млрдты құраған, бірақ бұл қаржы жетіспеуіне
байланысты 2007 жылы шамамен төрт есеге, £ 9300000000 ($ 14460000000) дейін
өсірілген. Тесса Джоуэлл қайта қаралған құжаттарды 2007 жылы 15
наурызда Бірлестік Палатасында жарияланған болатын.
▪ Олимпиададағы нысандар мен инфрақұрылымдардың құрылысы — £5.3
миллиард;
▪ Топтық спорт және паралимпиадалық қаржыландыру — £400 миллион;
▪ Қауіпсіздік және полиция — £600 миллион;
▪ Төменгі Леа алқабын регенерациялау — £1.7 миллиард;
▪ Резервтегі фонд — £2.7 миллиард;
▪ Қосылған құн салығы (ҚҚС) — £800 миллион.
Еріктілер
Еш ақша төленбейтін еріктілер үшін алдағы ойындарда үлкен жұмыс күтіп
тұр. 2004 жылы 70000 еріктілердің басты мақсаттары анықталды. 2010
жылы еріктілерді қабылдауға 240000-нан астам өтініштер келген. 2012
жылғы ақпан айында Себастьян Коу өз сөзінде: Біздің еріктілер ойындар
кезінде сегіз миллионнан астам сағат үздіксіз жұмыс жасау қажет және
оларсыз еш ойындар өтпес. Еріктілер Олимпиадалықстильдегі киі мдер киетін
болады. Оның ішіне қарақошқыл және қызыл жейде, күртешелер мен жабағылар
енеді. Және олар сарғыш шұлық пен қоңыр-сарғыш туфлилер киеді. Сонымен
қатар олар тіркеуден өткен суреті бар бейдждермен жүреді.
Қауіпсіздік
Олимпиадалық ойындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін теңдесі жоқ
шаралар қабылданған. Бұл шараға шамамен 40 мыңнан астам адамдар тартылмақ,
соның ішінде 13 мың полиция өкілдері мен 17 мың әскери
қызметкерлер. Ұлыбритания үкіметі қауіпсіздікті сақтау мақсатында зенитті-
ракеталық комплекс Рапираны кірістіру мүмкіндігін қарастырған. 2012 жылғы
Олимпиаданың қауіпсіздігі үшін бөлінетін бюджет құны 585 миллион фунт
стерлингті құраған.
Демеушілер
2011 жылдың күз мезгілінде Лондонда Кока-коланың ұйымдастыруы бойынша Move
to the beat компаниясы өз жұмыссын бастады. Сонымен қатар әлемдік
демеушілер: Acer, Atos, Coca-Cola, Dow Chemical Company, General Electric,
McDonald's, Omega SA, Panasonic, Procter & Gamble (P&G), Samsung, Visa.
Дүркіреген шоуға танымал спортшылар шақырылған, сонымен қатар ХХХ Олимпиада
әнұрандарының бірі Anywhere In The World әні шырқалды. Әннің авторы Марк
Ронсон әннің дыбысын басуда әр түрлі спортшылардың қозғалыс кезіндегі
шыққан дыбыстарды пайдаланған. Ал әннің өзін атақты әнші Katy Bорындайды.
Ұлыбритания (Great Brіtaіn), Британия, Ұлыбритания мен Солтүстік
Ирландияның Біріккен Корольдігі (Unіted Kіngdom of Great Brіtaіn and
Northern Ireland) — Еуропаның солтүстік-батысында, Бр итан аралдарында (ең
ірісі — Ұлыбритания), Ирландия аралының солтүстік-шығыс бөлігі мен ұсақ
аралдарда орналасқан мемлекет. ҚұрлықтанЛа-Манш (Ағылшын каналы) және Па-де-
Кале (Дувр) бұғаздары арқылы бөлінген. Аум. 244, 11 мың км2. Халқы 60,3
млн. (2004), астанасы — Лондон (7 млн.). Халқының 80%-ына жуығы ағылшындар,
15%-ы шотландтықтар, уэльстіктер (в аллиялықтар) мен ирландықтар, 5%-ға
жуығын Британ Достастығы елдерінен келген иммигранттар
құрайды. Ағылшындар англикан мемл. шіркеуі нанымдарын ұстанса,
шотландтықтардың басым бөлігі — пресвитериандар, ирландықтар,
негізінен католиктер, қалғандары ислам, т.б. діндерді ұстанады.
Ұлыбританияда халықтың 89,4%-ы қалаларда тұрады.
Ұлыбритания қалалары:
▪ Үлкен Лондон,
▪ Бирмингем,
▪ Лидс,
▪ Глазго,
▪ Шеффилд,
▪ Брадфорд,
▪ Ливерпуль,
▪ Эдинбург,
▪ Манчестер,
▪ Бристоль.
Ұлыбритания 4 әкімшiлік-саяси бөліктен (тарихи ұлттық облыстардан):
▪ Англиядан (45 графтық пен ерекше әкімш. бірлік — Үлкен Лондон,
әкімш. орт. — Лондон),
▪ Уэльстен (8 графтық, әкімш. орт. — Кардифф),
▪ Шотландиядан (12 облыс пен 186 арал, әкімш. орт. — Эдинбург),
▪ Солтүстік Ирландиядан (26 округ, әкімш. орт. — Белфаст) тұрады.
Ал Мэн аралы (әкімш. орт. — Дуглас) мен Норманд аралдары (әкімш. орт.
— Сент-Хелиер) дербес әкімш. аймақтарға жатады.
Бұған қоса Ұлыбританияның иеліктері:
▪ Еуропада — Гибралтар,
▪ Америкада — Ангилья,
▪ Бермуд аралдары,
▪ Британдық Виргин аралдары,
▪ Кайман аралдары,
▪ Монтесеррат,
▪ Теркс пен Кайкос,
▪ Фолкленд (Мальвин) аралдары,
▪ Африкада — Әулие Елена аралы,
▪ Океанияда — Питкэрн аралы бар.
Ұлыбритания Біріккен Корольдігі атауына қарамастан федерация емес,унитарлық
мемлекет — парламенттік монархия болып табылады. Елдің
жеке Конституциясы жоқ. Ұлыбритания заңдары көп ғасырлық конституц.
дәстүрлер мен Жоғарғы сот органдарының (прецеденттердің) шешімдеріне
негізделген. Мемлекет басшысы —монарх, сот жүйесінің басшысы, жоғ. бас
қолбасшы болып табылады. Қазіргі патшайымы (королева) — Елизавета II (1952
жылдан). Жоғары заң шығарушы органы — екі палатадан (қауымдар және лордтар)
тұратын парламент. Парламент құрамына патшайым да кіреді. Атқарушы билік
премьер-министрдің қолында. Ресми тілі — ағылшын тілі. Ақша бірлігі — фунт-
стерлинг. Ұлттық мерекесі — патшайымның туған күні (маусым айының екінші
сенбісі).
[өңдеу]Табиғаты
Клайдтың (170 км) эстуарийлері жасанды жолмен тереңдетілген,
түзетілген, кең мойнақтар
Ұлыбританияны Атлант мұхитының Солтүстік және Ирланд теңіздері, Ла-Манш, Па-
де-Кале, Солтүстік және Қасиетті Георг бұғаздары қоршап жатыр. Жағалаулары
шығанақтармен күшті тілімделген (солт-нде фьордтар, оңт-нде эстуарийлер).
Неғұрлым үлкен түбектері — Уэльс пен Корнуолл. Жер бедері оңтүстік пен
оңтүстік-шығыс бөлігінде ойпатты жазық болып,
батысында Уэльс түбегіндегіКембрий  тауларына (ең биік жері — Сноудон, 1085
м), Англияның солт-нде Пеннин (ең биік жері — Кроссфелл, 893 м) және
Камберленд (ең биік жері — Скофелл, 978 м) тауларымен жалғасады. Елдің ең
биік нүктесі — Бен-Невис тауы (1343 м). Ұлыбританияның солтүстік
бөлігіндегі таулар мен көрікті көлдер өлкесі мұздықтар әсерінен тілімделіп,
әр түрлі формаларға ие болған. Геология тұрғыдан алғанда жері түгел дерлік
(тек ең қиыр оңт. бөлігі герцин қатпарлығы) каледон қатпарлығы алабында
жатыр. Жер қойнауында тас көмір, темір, қалайы, т.б. түсті металдар сияқты
қазба байлықтары мол. Елдің шығысында, Солтүстік т-дің жағалауларынан мұнай
мен газдың ірі кен орындары табылған.
Ұлыбритания климатының теңіздік сипаты жыл бойғы қалың тұмандар мен өтімді
желдер болатын орнықсыз ауа райының басым болуынан байқалады. Қысы өте
ылғалды және қалыптағыдан тыс жұмсақ.
▪ Қаңтардағы орташа температура қиыр солт.-шығыстың өзінде 3,5°С-тан
төмен түспесе, ал оңт.-батыста 5,5°С-қа жетеді, мұнда өсімдіктер бүкіл
жыл бойы өседі. Оңт.-батыстан келетін жылы теңіз ауасы қысқы темп-раны
көтергенмен күшті желдер мен штормдар болатын құбылмалы және жауын-
шашынды ауа райын қалыптастырған. Шығыс пен солт.-шығыстан суық ауа
жеткен кезде аязды ауа райы ұзақ мерзімге орнығады. Қыста ел аумағына
қар біркелкі түспейді, қар жамылғысы шамалы уақыт қана сақталады.
Англияның оңт-нде, әсіресе, оңт.-батысында қар өте сирек түседі. Шығыс
аудандарындағы қыс неғұрлым суық және құрғақтау. Жазы салыстырмалы
түрде салқын.
▪ Шілдедегі орташа температура оңт.-батыста 16°С-қа, ал қиыр солт.-
батыста 12°С-қа тең. Атлант мұхиты жағынан соғатын жылы әрі ылғалды
ауаның әсерінен Ұ-ның батыс аудандарына жауын-шашын мол түседі. Бұл
аймақта оның жылдық орташа мөлш. 2000 мм-ге жетсе, шығыс Англияда 600
мм, кей жерлерінде 500 мм шамасында ғана болады.
▪ Ұ. су ресурстарына бай. Түсетін жауын-шашын мөлшерінің буланудан
басым болуы себепті оңт.-батыстағы кейбір аудандардан басқа елдің
бүкіл аумағында мол сулы өзендердің жиі тармағы қалыптасқан. Олардың
ішіндегі ең ірілері — алаптары бір-бірімен шектесетін Северн (310 км)
мен Темза (334 км) өзендері. Темза өз-нің Ұ. экономикасындағы маңызы
зор. Оның алабында бүкіл ел халқының 15 бөлігі тұрады. Үлкен
Лондон да осында орналасқан. Өзендердің көпшілігі бір-бірімен каналдар
арқылы жалғастырылған. Солт.-батыс Шотландия мен Уэльстің қысқа, бірақ
мол сулы өзендері электр қуатын өндіруге пайдаланылады. Мұнда 60-тан
аса СЭС салынған.
Оларда ірі теңіз порттары мен өнеркәсіп тораптары орналасқан. Ең ірі
көлдері — Солт. Ирландиядағы Лох-Ней (аум. 396 км2, тереңд. 31 м-ге дейін)
мен Шотландиядағы Лох-Ломонд пен Ло х-Несс (аум. 56 км2, тереңд. 230 м-ге
дейін). Таулы Шотландия мен Көлдер шеңберіндегі көлдердің табиғаты өте
әсем, туристер демалатын орталықтар. Жазық бөлігінде ірі көлдер жоқ. Бірақ
мұнда бұрын шымтезек өндірілген, құм, құмтас кеніштері болған жерлерде
көптеген жасанды су қоймалары жасалған. Өсімдік жамылғысы кедей. Адамдардың
ормандарды түп-тамырымен жоюы, батпақтарды құрғатуы мен кен орындарын
игеруі жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің түр құрамын өзгертті. Қазіргі
уақытта ормандар ел аумағының тек 10%-ын ғана алып жатыр. Олар негізінен
өзендердегі жазықтар мен тау беткейлерінің төм. белдеулерінде
сақталған. Англия мен Уэльстегі тау баурайларында емен, қызыл қайың,
шегіршін, шамшат өседі. Шотландияның солт-ндегі Грампиан тауларында және
солт.-батыс таулы өлкесінде емен, шырша, қарағай аралас өскен ормандар,
биігірек жерлерінде қарағай және қайың ормандары сақталған. Жазықтарды егін
алқаптары мен шалғындар алып жатыр. Аң аулаудың қызу жүргізілуіне
байланысты Британ аралдарында баяғыдан аю, жабайы шошқа мен ирланд маралы
тәрізді көптеген ірі сүтқоректі аңдар қырғынға ұшырап, қасқыр зиянкес
ретінде жойылды. Қазіргі кезде сүтқоректі жануарлардың тек 56 түрі ғана
тіркелген. Оңт. Англияда еліктер, таулы аудандарда жабайы ешкілер
кездеседі. Биік таулардан басқа жерлердегі ормандарды түлкілер мен
борсықтар, қояндар, кірпі, жертесерлер мекендейді. Кәмшат кең тараған, оны
кәсіптік жолмен аулайды. Ұсақ жыртқыштардан ақтышқан мен ақкіс көп. Уэльсте
сасықкүзендер, Шотландия тауларында жабайы еур. мысықтар мен америка
сусарлары өмір сүреді. Британ аралдарын құстардың 130 түрі мекендейді.
Өзендері мен көлдері балықтардың көптеген түрлеріне бай. Өсімдіктер мен
жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерін қорғауға арналған 131 резерват
ұйымдастырылған. Англия мен Уэльсте жалпы аум. 12 мың км2-дей болатын 10
ұлттық бақ бар (ірілері Лейк-Дистрикт, Сноудония, Дартмур, Брекон-Биконе,
т.б.).
Ең ірі порттары
▪ Лондон,
Лондон порты
▪ Саутгемптон,
▪ Ливерпуль,
▪ Гулль,
▪ Харидж.
Лондон қаласы — дүниежүзлік қаржы орталығы болып саналады. Ұлыбритания
құрлықпен Ла-Манш бұғазының түбіне салынған туннельмен, екі т. ж. (1993
жылдан) паромымен (Дувр-Дюнкерк және Харидж-Остенде) және көптеген теңіздік
және жолаушылар паромдарымен байланысқан. Экспортындағы дайын өнімдердің
үлесі 80%-ды құрайды (машина жасаудың әр түрлі өнімдері, автоматты
станоктар, авиақозғалтқыштар, көлік құралдары, аспаптар, хим. тауарлар,
тамақ өнеркәсібінің өнімдері). Сырттан темір кентастарын, түсті және сирек
металдар, фосфориттер, мақта, азық-түлік, дайын өнеркәсіп өнімдері мен
жартылай дайын өнімдер алады. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық
мөлш. 20700 АҚШ долларына тең (2004). NT компаниясының техникалық құралдар
шығаратын зауыттары көбінесе осы қалада орналасқан. Олар 40-тан асады.
Олардың бюджеттік қоры 1,7 трлн. АҚШ долларына тең. Бұл компания әлемдегі
ең жас кәсіпкерлер арқылы құрылған. Қазіргі уақытта олар Қазақстан
Республикасында тұрады. Олардың жас шамасы 16-17. Бұл компания екі адаммен
басқарылатын тең төрағалы кампания. Times журналының 2011 жылғы сараптамасы
бойынша әлемдегі ең үздік, жоғары қарқынмен дамып жатқан жас компания.
Негізгі сауда серіктестері
▪ Германия,
▪ АҚШ,
▪ Франция,
▪ Нидерланд,
▪ Белгия мен Люксембург,
▪ Италия,
▪ Ирландия.
Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қарым-
қатынас 1992 жылдан бастап орнады. 1994 ж. 19
наурызда Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасында достық пен
ынтымақтастық, экономикалық ынтымақтастық туралы бірлескен
декларацияларына, білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастық
туралы келісімге қол қойылды.
▪ 1992 ж. Алматыда Ұ. елшілігі,
▪ 1996 ж. Лондонда Қазақстан елшілігі ашылды. Ағылшынның Бритиш
Петролеум; Шелл және Бритиш Газ сияқты компаниялары Солт.-
шығыс Каспий аймағында кен барлау, оны игеру жұмыстарына 1999 жылдан
бастап араласты. Қазақстанмен жасалатын тауар айналымының көлемі
жөнінде Ұлыбритания Еуропа елдерінің арасында 1-орын алды. 2006 ж. екі
елдің арасындағы тауар айналымының жалпы көлемі 400 млн. фунт
стерлингтен асты. Қазір Қазақстанда британиялық инвесторлардың
қатысуымен 212 кәсіпорын тіркелген, оның 80-і бірлескен кәсіпорындар.
Лондон
Бір көрсем екен дегізетін қалалар аз емес. Тағы көрсем екен дегізетін
қалалар аз. Лондон – сол аздың арасындағы айрықшасы. Қасиетті Павел соборы,
Букингем сарайы, Вестминстер сарайы, Тауэр, Виндзор қамалы, Тауэр көпірі
сияқты ғажайыптарын айтпағанның өзінде, лондондықтардың киім киісі, жүріс-
тұрысына дейін арғы аталарынан ауысқан, ағылшын аристократиясының даңқты
дәстүрлерінен тамыр тартқан, терең тектілікті танытып тұратын кісілік қалпы
да кім-кімді болсын тәнті етері талассыз. 2001 жылғы желтоқсанда
Президентіміз АҚШ сапарынан қайтар жолда Лондонға бір күн аялдап, экс-
премьер Маргарет Тэтчермен кездескені, әлемге әйгілі саясаткерге
Отанымыздың құрметті наградасын – І дәрежелі Достық орденін табыс еткені
бар еді. Сәтін салып, бір топ журналистер  темір ледимен суретке де түсіп
қалғанбыз. Лондонды сол жолы шала-шарпы ғана көргенбіз. Қаланың орталығын
көлікпен желе-жорта аралауды, бір күн жүрсең де бір шетінен бір шетіне шыға
алмайтын Британ музейіне 2-3 сағатқа бас сұғуды қанағат еткенбіз. Сондықтан
да Парламент Мәжілісінің халықаралық байланыстар және хаттама бөлімінің
Мәжіліс делегациясының Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен
Корольдігіне сапарына қосылып, Лондонға барып-қайту жөніндегі ұсынысын
өзіміз ықыласпен қабыл алдық – 2007   жылғы  20 наурызда  жарияланған
Байланыс беки береді  атты репортажда осылай деген екенбіз. Араға небәрі
екі ай салып, Лондонға тағы жолымыз түскен. Онда ағылшындық автор Кристофер
Роббинстің Қазақстан: ұмытылған жер атты кітабының тұсаукесеріне қатысып
қайтқан едік. Үш рет келдік қой, біраз жерін көрдік қой, енді Лондон туралы
арнайы жазармыз деп ойлап қойғанбыз. Тіпті сол мақалада: Парламент
орналасқан Вестминстерді аралап көрудің әсері бөлекше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лондон Олимпиадасы
Олимпиада ойындарының пайда болу және даму тарихы
Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарында
Сегіз салмақ дәрежесі
Қазақ боксы
Грекиядағы туризм. Грекия мен Қазақстан арасындағы халықаралық қатынастар
спорттық мектеп интернаттардың тиімділігі мен мемлекет өміріндегі маңызын көрсету, интернат оқушыларының жетістіктерін эксперимент жүзінде дәлелдеу. Зерттеудің міндеттері
Олимпиада ойындары
Олимпиада алауы
Грециядағы Афина қаласында өткен 2004 жылғы Олимпиада ойындары
Пәндер