Мектепке дейінгі мекеме жағдайында балаларды мектепке даярлау (қарапайым математика материалдары негізінде)



НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР.
АНЫҚТАМАЛАР..
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР...
КІРІСПЕ ...
1 1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕ ЖАҒДАЙЫНДА БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ...

1.1 Балаларды мектепке даярлаудың мәні мен құрылымы.
1.2 Қарапайым математика материалдары негізінде мектепке дейінгі мекеме жағдайында балаларды мектепке даярлаудың мүмкіндіктері
2 ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКА МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕ ЖАҒДАЙЫНДА БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Мектепке дейінгі мекеме жағдайында балаларды мектепке даярлаудың балабақшадағы оқыту және тәрбиелеу бағдарламасындағы сипаты.
2.2 Қарапайым математика материалдары негізінде мектепке дейінгі мекеме жағдайында балаларды мектепке даярлаудың әдістері мен тәсілдері ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...ҚОСЫМШАЛАР.
Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының, балабақшаның барша елдің халықтың міндеті [1].
Тәуелсіз Қазақстанның Білім туралы заңына орай жаңа ұлттық білім үлгісі бойынша мектепке дейінгі баланың жеке басын тәрбиелеуде педагогикалық дамудың бұрыннан қалыптасқан әлеуметтік бағыттарын түбегейлі өзгеруге тура келеді. Бұл жастағы балалардың бойында адамға тән қасиеттердің жақсы, өнегелі үлгілерін ойдағыдай қалыптастыру арқылы мектепке дайындау мектепке дейінгі мекемелердің негізгі міндеті. Баланың тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап, білім алуға ден қоюы – оның өміріндегі дамуының негізгі кезеңі. Осы кезеңнен бастап баланың мінезі және жеке ерекшеліктері қалыптаса бастайды [2].
Қазіргі қоғамда болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер үшінші мыңжылдықтың білімді, саналы жастарын тәрбиелеушілерге үлкен міндет жүктері сөзсіз. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.
Еліміздің Конституциясы [1], Тіл туралы Заңы [3], Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы [2] бүкіл қоғамның, жеке тұлғаның мәдени және рухани дамуының басты құралы жас ұрпаққа білім беру мен ғылымды, мәдениетті заман талабына сәйкес өркендете отырып, жас ұрпаққа жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары жасалып, мектеп пен балабақшаға ендіру мәселелеріне ерекше көңіл аударған. Бұл құжаттардың қабылдануы өз кезегінде ұрпақ тәрбиесі жөнінде жаңаша ойлауды, оны жақсарту жолдарын айқындай түсуді талап ететіні сөзсіз. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының алдында тұрған жауапты міндеттерінің бірі ел экономикасын жаңа бағытта жеделдетіп дамыту, бәсекеге қабілетті 30 ел қатарына қосылу. Бұл жөнінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 ж. 14 желтоқсанында жасаған «Қазақстан-2050» - стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында баланы тәрбиелеу болашаққа инвестиция екенін, сол себепті бұл мәселеге терең қарап, балаларға жақсы білім беру керектігін айтып өтті. Өскелең ұрпақтың озық білім алуы үшін мүмкіндік туғызуға көп күш жұмсады. “Балапан” бағдарламасы жүзеге асып, Зияткерлік мектептер, Назарбаев Университеті, “Болашақ” бағдарламасы жұмыс жасап жатыр.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.- Астана: Елорда, 2008.
2. Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» Заңы, 2007 - 27 шілде.
3. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы, 1997 ж. 11 шiлдедегі № 151-I,
4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
Халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Астана, Ақорда, 2012.
5. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бұйрық №1118. Астана. 07.12.2010ж.
6. Божович Л.И. Проблемы формирования личности: Избранные психологические труды /Под ред. Д.И.Фельдштейна. – М.: Междунар. Пед. Академия, 1995. – 209с.
7. Буре Р.С. Готовим детей к школе. – М.: 1987. – 93с.
8. Венгер Л.А. Готов ли ваш ребенок к школе. – М.: Знание, 1994.- 192с.
9.Венгер А.Л. Готовность детей к школе: Диагностика психического развития и коррекция его неблагоприятных вариантов. /Под ред. А.Л.Венгер, К.Н.Поливанова, Е.Ю.Сушкова. – М.: ВНИК «Школа», 1989. – 86с.
10.Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе. М.: Педагогика, 1991 – 152с.
11. Назарбаева С.А. Педагогические проблемы укрепления и развития здоровья учащихся, их нравственного воспитания с использованием системы «Детка» Порфирия Корнеевияча Иванова. –Алматы: Атамура, 1999. – 133с.
12. Никитин В.Я. Формирование готовности дошкольников к обучению в условиях образовательных учреждений инновационного типа: Дисс. ... канд. Пед. Наук. – Алматы, 1998. – 153с.
13. Нургалиева Г.К. Ценностные ориентации личности: методология, теория и практика формирования. – Алматы: АГУ им. Абая, 1994. -344с.
14. Рысбекова Ж.К. Педагогические проблемы подготовки детей 6-7 лет к обучению в школе: Автореф. дисс. ... канд. пед. Наук. – Алматы, 1997. – 27с.
15. Сабиров Т.С. Педагогика институттарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру. – Алматы: Мектеп, 1985.- 104б.
16. Эльконин Д.Б. Психическое развитие в детских возрастах / Под. ред. Д.И.Фельдштейна..-М.:АОЗТ Совершенство, 1995. -416с. Особенности психического развития детей 6-7 летнего возраста / Под ред. Д.Б.Эльконина, А.Л.Венгера. – М.: Педагогика, 1988. – 136с.
17. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы», Астана,2004 - 27 қаңтар.
18. «Қазақ балабақшаларында тәрбиелеу, оқыту мазмұнын жаңарту тұжырымдамасы» Алматы, 1991ж.
19. «Қазақ балабақшаларындағы үзіліссіз тәрбие тұжырымдамасы». Алматы, 1993ж.
20. «Балаларды міндетті мектепалды даярлау мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қарашадағы №1762 қаулысы.
21. Н.Б.Мчедлидзе и др. История дошкольной педагогики в России: Хрестоматия. М.: Просвещение, 1987. - 432с.
22. Н.Құлжанова Халқыма деп іс қылдым. – Алматы, Рауан. 1993. – 113 б. 23. Наурызбаев Ж.Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 192 б.
24. Тәлім-тәрбие хрестоматиясы. - Алматы, 1996
25. Ш.Иманбаева «Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру» // Отбасы және балабақша. Алматы. 2012 ж.
26.Т.Тәжібаев. Жалпы психология. Алматы, - 1996. – 222 б.
27.С.Балаубаев. Мектеп группаларын комплектеу. Қызылорда, 1934.
28. Мұқанов М. Ақыл ой өрісі. Алматы,1980ж.
29. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы, 1996.
30.Х.Шериазданова . Педагогигу о стиле общения с детьми. Алматы, 1996г., 145 стр.
31.Ғ.Рақымбеков. «Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық ойлау қабілеттерін арттыру». // Мектепке дейінгі тәрбие. Алматы. 2011 ж.
32.А.Нурахунова. Изучение взаимосвязи произвольности и творчества в дошкольном возрасте.// Историзм и творчество. Москва.-1990. – с.160-163.
33. Румянцева Л.Е. Совершенствование подготовки детей к обучению в школе на основе инновационных педагогических технологий. П.ғ.к. ғылыми атағын алуға дайындалған диссертация. Қарағанды.2001ж. 10б.
34.МеңжановаА.К., Г.И.Исмагулова, Е.Б.Дайрабаев Мектепке дейінгі педагогика. – Алма-Ата: Мектеп, 1982. – 238б.
35. Сәтімбекова М.С. «Мектепалды топтарында қысқа мерзімде «3 аймақ! Баланы мектепке дайындау бағдарламасы». Алматы, 1999.
36. Меңдаяхова Қ. Балабақшадағы тіл дамытудың педагогикалық негіздері / Ұлағат № 3 мамыр, 2008жыл 119-125б.
37. Әмірова Ә.С. Ересектер тобындағы балаларды қазақ балалар әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. П.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс... автореф. - Алматы, 1994.- 24 б
38. Левченко Т.А. Научно-практические основы использования казахского декоративно-прикладного искусства в эстетическом воспитании детей старшего дошкольного возраста.: автореф. Канд. П. Наук: 13.00.06. Алматы, 1996. – 23 с.
39. Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика. Астана.: Фолиант. 2009 ж.
40. Манкеш А.Е. Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының ғылыми-педагогикалық негіздері. 13.00.01. - П.ғ.д. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс... автореф. - Алматы, 2008.- 44 б.
41. Иманбеков Т. Қазақ балабақшаларындағы оқу-тәрбие жұмыстарында ұлттық ойындарды пайдалану (5-7жас). П.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс... автореф. - Талдықорған, 1995.- 35 б.
42. Рысбекова Ж. Педагогические проблемы подготовки детей 6-7 лет к обучению в школе: Автореф. дисс. ... канд. пед. Наук. – Алматы, 1997. – 27с.
43.Арзанбаева Б.О. Мектепке дейінгі балалары балабақша жағдайында оқыту, тәрбиелеу және дамыту бағдарламасы / Т. Н. Доронова, Б. О. Арзанбаева. - Алматы : Просвещение, 2007. - 88 б.
44. Керімбаева Р., Керімбаева Т. Дидактикалық ойындардың түрлері. // Бастауыш мектеп. 2005.- №9, - 18б.
45. Сайлауова Н. Ауыз әдебиеті негізінде балаларды табиғатты аялауға үйрету. // Ұлт тағылымы, - 2000. - №4-5. бб. 52-55.
46. Жиенбаева С.Н. Бастауыш сынып оқушыларының еңбек іс-әрекеті тәжірибесін қалыптастырудың ғылыми негіздері. 13.00.01. - П.ғ.д. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс... автореф. - Алматы, 2009.- 44 б.
47.Искакова А.Т. Развитие Международной образовательной технологии «Step by step» в дошкольных образовательных учреждениях Казахстана (1994-2006гг.): П.ғ.к... диссер. Алматы, 2006.70-88 бб.
48.А.Анастази. Дифференциальная психология. Индивидуальные и групповые различия в поведении /Пер. с англ. — М.: Апрель Пресс, Изд-во ЭКСМО-Пресс, 2001. — 752 с
49.И.Шванцара. Диагностика психического развития. Прага, 1978г.
50. Эльконин Д.Б. Детская психология. – М.: 2005 – 384с.
51. Амонашвили Ш. А. Как живете, дети? — М., 1986
52. Лисина М. И. Развитие познавательной активности детей в ходе общения с взрослыми и сверстниками // Вопросы психологии, 1982. – № 4.
53 Баймұратова. Б. Отбасындағы баланы мектепке дайындау , — Алматы: Шартарап, — 2000 ж.
54.Айқынбаева Г.Қ. 12 жылдық білім берудегі бастауыш сынып оқушыларының психологиялық даярлық ерекшеліктері. //«Педагогика» №3,2006ж. 2-6 бет.
55. Леонтьев А.Н. К теории развития психики ребенка. М.: «Мысль», 1965.
56. Халилаева Э.Ж. Мектепке балалардың психологиялық-педагогикалық негіздері«Қазіргі таңдағы ғылым мен білім» атты халықарлық-тәжірибелік конференция материалдары, М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты, 3 том, 190-192 бб. Шымкент, 2005ж.
57. Пиаже Ж. Речь и мышление ребенка / Сост., новая ред. пер. с фр., коммент. Вал. А. Лукова, Вл. А. Лукова. - М. : Педагогика-Пресс, 1994. – 526с.
58.Леушина А.М. Мектеп жасына дейінгі балаларда элементар математикалық түсініктерді қалыптастыру. Алматы. “Мектеп”, 1982, 16-19 б.
59 Қалдыбай З.О. Мектеп жағдайындағы мектепалды даярлықтың сапасын бағалау және балалар шығармашылығын дамыту // Мектеп алды даярлық- 2013, -№ 4, 12-13 б.
60. Серікбаева Н. Балаларды мектепке дайындау// Бастауыш білім,№6-2004 ж
61. К.Сейсенбаев. Отбасы тәрбиесіндегі баланы мектепке даярлауда қазақ халық педагогикасының прогресшіл идеялары мен тәжірибелерін пайдалану проблемасы.
62. З.Шавалиева. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық дайындық мәселелері //Бастауыш мектеп № 6, 2006ж. 15-16 б.
63. «Біз мектепке барамыз» сектепке дейінгі ересек жастағы балалрды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасы. Астана, 2009, 106 б.
64.Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы.- Астана, 2004.
65.Г.И. Глейзер «Мектептегі математика тарихы».- Алматы, «Мектеп», 1985.
66. Б.М. Қосанов, Ж.Е. Утемисова. Мектепалды даярлықта қарапайым математикалық ұғым қалыптастырудың кейбір мәселелері.
67.Айқынбаева Г.Қ. Қазақстандағы мектепке оқушыларды даярлау мәселелері //«Педагогика» №3, 2006ж. 22-23 бет.
68. Выготский Л.С. Детская психология // Выготский Л.С. Собр. соч.: В6т.-М.:Педагогика, 1984. – Т.4. - 432 с.
69.П.П.Блонский. избранные психологические произведения. М., “Просвещение”, 1964.
70. Әсемжанова З. 12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша қайта даярлау қызметі // Бастауыш мектеп.-2006. - №4. - 21-22 б.
71. Д.И.Писарев. Полное собрание соч, В 4-х томах. М.: ГИХЛ, 1955-1956.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 100 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК 4
СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.
АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
... ... ... ... ... ... ...
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН 6
ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
1 1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕ ЖАҒДАЙЫНДА БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ
ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ 12
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
1.1 Балаларды мектепке даярлаудың мәні мен 12
құрылымы ... ... ... ... ...
1.2 Қарапайым математика материалдары негізінде мектепке дейінгі 26
мекеме жағдайында балаларды мектепке даярлаудың мүмкіндіктері
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..
2 ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКА МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ 39
МЕКЕМЕ ЖАҒДАЙЫНДА БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...

2.1 Мектепке дейінгі мекеме жағдайында балаларды мектепке
даярлаудың балабақшадағы оқыту және тәрбиелеу бағдарламасындағы39
сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .
2.2 Қарапайым математика материалдары негізінде мектепке дейінгі
мекеме жағдайында балаларды мектепке даярлаудың әдістері мен 62
тәсілдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .74
... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН 76
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .80
... ... ... ... ... ... ...

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл дипломдық жұмыста кeлeci нормативтік құжаттарға ciлтeмeлep
көрсетілген:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.- Астана: Елорда, 2008.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм туралы Заңы, 2007 - 27 шілде.
3. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы, 1997 ж. 11 шiлдедегі № 151-
I,
4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
5. Халқына Жолдауы Қазақстан-2050 стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты. Астана, Ақорда, 2012.
6. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020
7. жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бұйрық №1118. Астана.
07.12.2010ж.
8. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы, Астана,2004 - 27 қаңтар.
9. Қазақ балабақшаларында тәрбиелеу, оқыту мазмұнын жаңарту тұжырымдамасы
Алматы, 1991ж.
10. Қазақ балабақшаларындағы үзіліссіз тәрбие тұжырымдамасы. Алматы,
1993ж.
11. Балаларды міндетті мектепалды даярлау мәселелері Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қарашадағы №1762 қаулысы.
12. Біз мектепке барамыз сектепке дейінгі ересек жастағы балалрды оқыту
мен тәрбиелеу бағдарламасы. Астана, 2009, 106 б

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл дипломдық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар
көрсетілген:
Педагогтың міндеті – балалар әрекетін ұйымдастыру, ақыл – ойының
дамуына жағдай жасау.
Мектепке бару–бала өміріндегі үлкен жаңалық, шешуші кезең, өмір мен іс-
әрекеттің жаңа күйіне, қоғамдағы жаңа орынға көшу және өсіп жетілуінің бір
сатысы.
Кең мағынадағы дайындық (жалпы) – балаға мектепте оқуда, жаңа
жағдайларға, міндеттерге бейімделуде жетістіктерге жетуді қамтамасыз
ететін, дене тәрбиесінің, интеллектуалдық, мотивациялық, эмоционалды-
еріктік, тұлғалық даму деңгейіне баланың жетіліп, жетуін айтамыз.
Тар мағынадағы дайындық (арнайы) – баланы мектеп пәндерін : оқу, ана
тілі, жазу, математика – оқып үйренуге даярлау.
Жалпы дайындық – ол псхологиялық, адамгершілік және дене дайындығы.
Адамгершілік дайындық және ерік дайындығы бір – бірімен тығыз
байланысты. Әр баланың басқа баладан ерекшеленетін өз мінезі бар, соған
байланысты істеген ісін, қылығын басқарып үйренуге тиісті.
Психологиялық дайындық -  ол таным процестерінің дамуымен байланысты.
Балалар өз еркімен жұмыс істеуге әлі толық дайын емес, зейіні тұрақсыз, тез
шаршайды.
Дене дайындығы – мықты денсаулық, шыдамдылық қасиеттер балаларда болу
үшін дербестік, еңбексүйгіштік, жинақтылық сияқты қасиеттері де даму үшін
ата – аналардың көмегімен жұмысты бекіту керек.
Әлеуметтік дайындық – оқуға, (дербес тапсырманы орындау) бастаған
жұмысты аяқтауға қиыншылықтардан өтуге, ұстамдылыққа үйрету.
Ақыл-ойының даярлығы - бұл мектепке дейінгі баланың білімі және
біліктілігі. Кез-келген бала жазып және санаумен ғана шектеліп қана қоймай,
ең маңыздысы салыстыра білуді,талдауды, ойлай білуді, өздігінен қорытынды
жасай білуі тиіс.
Биологиялық кемелденуі - баланың денсаулық жағдайы (дене салмағы,
бойының ұзындығы т.б.) нормадағы 6-7 жасар баланың дене көрсеткіштеріне
сәйкес болуы тиіс.
Жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы - оқу әрекеті ұжымдық
сипат болғандықтан, әрбір бала құрдастарымен қарым-қатынас жасай алуға,
бірге жұмыс істеуге дағдылануы, баланың ұжымда өзіне тиісті орын алуы.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР МЖМБС – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарты
МЖДБҚМТҚ – мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық
түүсініктерді қалыптастыру.

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты
жетілген бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық
әдебі парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда
отбасының, балабақшаның барша елдің халықтың міндеті [1].
Тәуелсіз Қазақстанның Білім туралы заңына орай жаңа ұлттық білім
үлгісі бойынша мектепке дейінгі баланың жеке басын тәрбиелеуде
педагогикалық дамудың бұрыннан қалыптасқан әлеуметтік бағыттарын түбегейлі
өзгеруге тура келеді. Бұл жастағы балалардың бойында адамға тән
қасиеттердің жақсы, өнегелі үлгілерін ойдағыдай қалыптастыру арқылы
мектепке дайындау мектепке дейінгі мекемелердің негізгі міндеті. Баланың
тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап, білім алуға ден қоюы – оның
өміріндегі дамуының негізгі кезеңі. Осы кезеңнен бастап баланың мінезі және
жеке ерекшеліктері қалыптаса бастайды [2].
Қазіргі қоғамда болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер үшінші
мыңжылдықтың білімді, саналы жастарын тәрбиелеушілерге үлкен міндет жүктері
сөзсіз. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының
қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне
ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі
өзекті мәселенің бірі.
Еліміздің Конституциясы [1], Тіл туралы Заңы [3], Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңы [2] бүкіл қоғамның, жеке тұлғаның мәдени
және рухани дамуының басты құралы жас ұрпаққа білім беру мен ғылымды,
мәдениетті заман талабына сәйкес өркендете отырып, жас ұрпаққа жаңа оқу
бағдарламалары мен оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары жасалып, мектеп
пен балабақшаға ендіру мәселелеріне ерекше көңіл аударған. Бұл құжаттардың
қабылдануы өз кезегінде ұрпақ тәрбиесі жөнінде жаңаша ойлауды, оны
жақсарту жолдарын айқындай түсуді талап ететіні сөзсіз. Сонымен қатар,
Қазақстан Республикасының алдында тұрған жауапты міндеттерінің бірі ел
экономикасын жаңа бағытта жеделдетіп дамыту, бәсекеге қабілетті 30 ел
қатарына қосылу. Бұл жөнінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 ж. 14 желтоқсанында
жасаған Қазақстан-2050 - стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында баланы тәрбиелеу болашаққа
инвестиция екенін, сол себепті бұл мәселеге терең қарап, балаларға жақсы
білім беру керектігін айтып өтті. Өскелең ұрпақтың озық білім алуы үшін
мүмкіндік туғызуға көп күш жұмсады. “Балапан” бағдарламасы жүзеге асып,
Зияткерлік мектептер, Назарбаев Университеті, “Болашақ” бағдарламасы жұмыс
жасап жатыр.
2020 жылға қарай балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен 100% қамтуды
қамтамасыз ету міндетін алға қойды. [4]
Осыған орай Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 –
2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасының басты мақсаты мен
міндеттері айқындалған:
Балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық
қамтуды, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбиелеудің және
оқытудың  әртүрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету.
1. Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту.
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту.
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесін дамытуда мемлекеттік
тұжырымдамасында жеке адамның жалпы мәдениетінің қалыптасуы, жан-жақты
дамуы үшін жағдай жасалуы мен оның әлеуметтік өз орнын анықтауы жайында сөз
етіледі. Білім берудің алдына қойған мақсаты мен міндетіне жету үшін
оқушылардың өздерінің қызығушылығы мен қабілеттерін ескере отырып, оларға
бастапқы арнайы білімді қамтамасыз ету ұсынылған [5].
Міне осындай мектепке дейінгі мекеменің алдына қойылатын маңызды
міндеттердің бірі баланың кейін мектептегі оқу үдерісіндегі нәтижелілігіне
кепілдік ететін, мектепке дайындығының оптималдық деңгейін қамтамасыз ету.
Қазіргі мектеп алдыңғы кезеңге оқушыларды пән бойынша білім, білікпен
қаруландырып қоюды емес, олардың тұлғасын оқу әрекеті негізінде тәрбиелеуді
ұсынып отыр. Баланың оқу әрекетін игеру жетістіктері мен оқу жағдайына
үйлесімділігі олардың мектепке жалпы дайындығымен айқындалады. Балаларды
мектепке даярлау негізінен балабақшада жүзеге асырылып келеді. Осы бағытта
көптеген педагог-ғалымдардың Б.Г.Ананьев [9], Л.И.Божович [6], Р.С.Буре
[7], Л.А.Венгер [8], А.Л.Венгер [9], Е.Е.Кравцова [10], С.А.Назарбаева
[11], В.Я.Никитин [12], Г.К.Нургалиева [13], Ж.К.Рысбекова [14],
Т.С.Сабиров [15], Д.Б.Эльконин [16] еңбектері жарық көрді. Олардың негізгі
мазмұны балаларды мектепке даярлаудың мазмұнын анықтау, мектепке дейінгі
тәрбиенің әдістемесін нақтылау, оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру, т.б.
бағыттарды жүзеге асырды.
Уакыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан осындай
өзгерістер үзіліссіз тәрбие негізі болып саналатын мектепке дейінгі
мекемелерге баланы тәрбиелеу, қарапайым білім негіздерін меңгерудің
мазмұнын жаңартуды, осы заман талабына сай үйлесімді деңгейде қайта құруды
міндеттейді. Өйткені, болашақ қоғам қажетін өтерлік, ел иелігіне берік, іс
тетігін шеше алатын, ұлттық сана-сезімі мол, ұлттық психологиясы
қалыптасқан, ғылым мен техника жетістіктерін меңгерген, білікті және
білімді жастарды қалыптастыру – балабақшадан басталатын үзіліссіз
тәрбиелеумен, оқытумен жүзеге асырылатын ұзақ үрдіс.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім
беруді дамыту тұжырымдамасында [17] бес жасар балаларды мектепалды
даярлығымен толық қамтамасыз ету жайлы, оларда оқу қызметін меңгеруге
қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеуге баса көңіл аудару туралы айтылған.
Қазіргі таңда мемлекетіміз балаларды мектепалды даярлау мәселелерімен
толық қамтамасыз ету, қазақ балабақшаларында тәрбиелеу, оқыту мазмұнын
жаңарту, жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану
мәселелері өте жоғарғы тұрғыдан шешілу керектігін маңызды көкейкесті мәселе
ретінде қойып отыр. Оның айғағы, Республикамызда Қазақ балабақшаларында
тәрбиелеу, оқыту мазмұнын жаңарту тұжырымдамасы (1991ж.) [18] және Қазақ
балабақшаларындағы үзіліссіз тәрбие тұжырымдамасының (1993ж.) [19]
қабылдануы. Аталған құжаттарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қарашадағы №1762 Балаларды міндетті
мектепалды даярлау мәселелері [20] туралы қаулысына сәйкес тәуелсіз қоғам
азаматын тәрбиелеп өсіру міндеттері, білім беру саласындағы мемлекеттік
саясат принциптері, білім беру жүйелерінің құрылымы нақты айқындалып,
көрсетілген.
Мектепке дейінгі педагогикасын ғылыми негіздеген, алғаш жүйесін
жасаған ұлы чех педагогы Ян Амос Коменский бала дамуын жас шамасына қарай
бөліп, әр кезеңдерге тәрбие міндеттері мен мазмұнын белгілеуге әрекет
жасаған, баланың табиғи дамуына ерекше орын берген, ( Жан-Жак Руссо, Иоган
Генрих Пестолоцци, М.Монтессори), мектепке дейінгі мекеме құрған, мектепке
дейінгі педагогиканы жеке ғылым саласы ретінде қарастырған (Роберт Оуен,
Фридрих Фребель)[21].
Қазақ әйелдерінің арасынан Н.Құлжанова [22], М.Бегалиева [23],
М.Ниязова [24], Ш.Иманбаева [25] т.б. өз зерттеулерінде мектеп жасына
дейінгі балалар тәрбиесінің өзекті мәселелерін қөтерген.
Т.Тәжібаев [26], С.Балаубаев [27], М.Мұқанов [28], Ә.Алдамұратов
[29], Х.Шериазданова [30], Ғ.Рақымбеков [31], А.Нұрахұнова [32] т.б. сияқты
психолог-ғалымдар мектепке дейінгі балалардың психологиялық мәселелерін
зерделеген.
Біздің зерттеуіміз үшін балаларды мектепте оқуға даярлауға арналған
отандық ғалым-педагогтардың еңбектері қызығушылық танытады. Қазақстанның
мектепке дейінгі мекемелеріндегі мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен
тәрбиелеудің теориялық мәселелері отандық ғалымдардың (В.Н.Андросова,
Б.Б.Баймұратова, Л.А. Давиденко, А.К.Меңжанова, Г.И.Исмагулова,
Е.Б.Дайрабаев, А.Қаржаубаев, Т.Ж.Қалдыбаева, О.А.Михалькова, В.Я.Никитин,
М.Т.Турскельдина, М.С.Сәтімбекова, Қ.М.Меңдаяқова, Р.К.Аралбаева,
Р.М.Жұмағожина, А.К.Меңжанова, Ж.А.Исмайлова, Т.А.Левченко, А.С.Әмірова,
Т.Иманбеков, Ф.М.Жұмабекова, Д.Р.Муталиева, Г.Ж.Меңлібекова,
Б.О.Арзанбаева, Н.Храпченкова, А.Е.Манкеш, С.Н.Жиенбаева) [33] және т.б
еңбектерінде айқындалып, көрсетілген. Сонымен қатар, мектепке даярлау және
жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану мәселелеріне бірқатар зерттеу
жұмыстар жүргізіліп, қазіргі таңда балабақша тәжірибесінде тиімділігі
анықталып отыр. Соңғы онжылда жүргізіліп жатқан мектепке дейінгі білім беру
жүйесін реформалау үдерісі әрбір мектепке дейінгі мекеменің өз бетінше
дамуына әртүрлі инновациялық педагогикалық технологияларды және
бағдарламаларды қолдануға мүмкіндік туғызып отыр. Өз кезегінде бұл құнды
еңбектер республикадағы мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиелеу мен білім
беру жолдарын жаңартуда басшылыққа алынып, біздің зерттеу жұмысымыздың
бағыт-бағдарын нақтылап, анықтауға мүмкіндік берді.
Соңғы уақыттарда жүргізілген зерттеу жұмыстарының ішінен А.К.Менжанова
[34], М.С.Сәтімбекова [35], Қ.М.Меңдаяқова [36], Ә.С.Әмірова [37],
Т.А.Левченко [38], Ф.Н.Жұмабекова [39], А.Е.Манкеш [40], Т.Иманбеков [41],
Ж.Рысбекова[42], Б.О.Арзанбаева [43], Р.Қ.Керимбекова [44], Н.Сайлауова
[45], С.Н.Жиенбаева [46], А.Т.Искаковалардың [47] тақырыптары мектепке
дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың нақты әдістемелік мәселелерін
қарастырады.
Осы және басқа да пайымдауларымыз баланы мектепте оқуға дайындаудың
күрделі екендігін, әсіресе мектепте математиканы оқып үйренуге дайындау
мәселесінің терең зерттелуі қажеттігін ескере отырып, берілген мәселені
шешудің практикалық маңыздылығы мен осы мәселенің терең зерттелмеуі
арасындағы қайшылық дипломдық жұмыстың мынандай тақырыбын анықтады:
Мектепке дейінгі мекеме жағдайында балаларды мектепке даярлау (қарапайым
математика материалдары негізінде) .
Зерттеу мақсаты – мектеп жасына дейінгі балаларды қарапайым математика
материалдары негізінде мектепке даярлауды теориялық тұрғыдан талдау және
оның тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау.
Зерттеу нысаны – мектепке дейінгі мекемедегі оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні – мектеп жасына дейінгі балаларды балабақша жағдайында
қарапайым математика материалдары негізінде мектепке даярлау.
Зерттеу міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке даярлау мәселесі бойынша
педагогикалық-психологиялық әдістемелік әдебиеттерге талдау және оның
қазіргі таңдағы жағдайын айқындау;
- мектепке даярлау, қарапайым математика материалдары негізінде
мектепке дейінгі мекеме жағдайында балаларды мектепке даярлау
түсініктеріне айқындау;
- қарапайым математика материалдары негізінде мектепке дейінгі мекеме
жағдайында балаларды мектепке даярлаудың мүмкіндіктерін анықтау;
- мектепке дейінгі мекеме жағдайында қарапайым математика материалдары
негізінде балаларды мектепке даярлаудың әдіс-тәсілдерін анықтап,
педагогикалық үдерісте тиімділігін тексеру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні
- мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке даярлау мәселесі бойынша
педагогикалық-психологиялық әдістемелік әдебиеттер талданып және оның
қазіргі таңдағы жағдайы айқындалды;
- мектепке даярлау, қарапайым математика материалдары негізінде
мектепке дейінгі мекеме жағдайында балаларды мектепке даярлау түсініктері
айқындалды;
- қарапайым математика материалдары негізінде мектепке дейінгі мекеме
жағдайында балаларды мектепке даярлаудың мүмкіндіктері анықталды;
- мектепке дейінгі мекеме жағдайында қарапайым математика материалдары
негізінде балаларды мектепке даярлаудың әдіс-тәсілдері анықталып,
педагогикалық үдерісте тиімділігі тексерілді.
Зерттеудің практикалық мәні: Зерттеу мазмұны, қорытындылары және
әдістемелік ұсыныстар жоғары мектепте, колледждерде мектепке дейінгі тәрбие
мамандары, яғни педагогикалық кадрлар даярлау жүйесінде және білім беру
жүйесінде кадрларды қайта даярлау, мұғалімдердің біліктілігін арттыру
институттарында, мектепке дейінгі мекемелердің оқу-тәрбие үдерісінде
қолдануға болады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: қоғамның материалдық
және рухани мәдениетті жасау барысында бала тәрбиесіне аударған назары,
олардың дүниетанымын кеңейтудегі еңбектерінің рөлі, бірыңғай көзқарасты
білдіретін психологиялық, педагогикалық тұжырымдамалар; баланы мектепке
дайындау мәселесіндегі ілім жинақтары, тәрбие тұжырымдамаларын анықтайтын
құжаттар болып табылады.
Зерттеу әдістері: философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік
әдебиеттерге, зерттеулерге және мектепке дейінгі тәрбие бағдарламаларын
талдау, бақылау, әңгімелесу, тәрбиешілер мен ата-аналар арасында
сауалнамалар жүргізу, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелерді жинақтап, қорыту.
Зерттеу базасы: Түркістан қаласы, Әлия балабақшасы;
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және
әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕ ЖАҒДАЙЫНДА БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Балаларды мектепке даярлаудың мәні мен құрылымы

Елімізде білім беру жүйесіндегі жалпы және орта 12- жылдық білім беру
жүйесінің енгізіліуі ХХІ ғасырдағы Қазақстанның алдына қойылған уақыт
талабы. Біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік
білім беру кеңістігіне енуге бағыт алған. Бұл педагогика теориясы мен оқу-
тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру
парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша
қарым-қатынас пайда болды.
Мектептің табалдырығын аттап,оқуға бару - әрбір баланың өміріндегі
заңды кезең: кез-келген 6-7 жасқа жеткен бала мектепке барады.
Қоғамның жаңа талаптары оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа, тиімді
психологиялық-педагогикалық жолдарын іздеу қажет етеді. Бұл тұрғыдан
балаларды мектепке оқуға даярлау мәселесі ерекше маңызды. Бұл мәселелерді
шешу мектепке дейінгі мекемелерде оқыту және тәрбиелеуді ұйымдастырудың
мақсаты мен принциптерінің анықталуымен, балалардың мектепте оқуының
нәтижелілігімен байланысты.
Балаларды мектепке даярлау - баланың өмірін жан-жақты қамтитын күрделі
міндет.
Қарапайым математика материалдары негізінде мектепке дейінгі мекеме
жағдайында балаларды мектепке даярлаудың мәнін ашу үшін ең алдымен
мектепке даярлау, Қарапайым математика материалдары негізінде мектепке
дейінгі мекеме жағдайында балаларды мектепке даярлау түсініктерінің мәнін
мектепке дейінгі мекеме мамандарының бұл үдерісті толық зерделеп, түсінуі
қажет. Қарапайым математика материалдары негізінде мектепке дейінгі мекеме
жағдайында балаларды мектепке даярлау өз кезегінде мектепке дейінгі
эмпирикалық тәжірибені терең түсінуге және оны толықтыруға мүмкіндік
беретін философиялық, психологиялық және педагогикалық ғылымдардың
мәліметтерін ашуды және кешенді зерттеу жүргізуді талап етеді.
Біздің зерттеуіміздің негізгі ұғымдары: мектепке даярлау, мектеп
жасына дейінгі балаларды қарапайым математика материалдары негізінде
мектепке даярлау. Жоғарыда аталған ұғымдардың мәнін аша отырып, көптеген
анықтамалар берілгендігіне көзіміз жетіп отыр.
Мектепте оқуға даярлық - көп компонентті құрылым және де кешенді
психологиялық зерттеуді талап етеді. Бұл туралы көптеген зерттеушілер өз
зерттеулерін төмендегідей дәлелдейді.
А.Анастази: Мектептік кемелділік бұл мектептік бағдарламаны табысты
меңгеру үшін қажетті ептіліктерді, білімдерді, қабілеттіліктерді,
мотивацияны және т.б игеру [48].
И.Шванцара: Мектептік кемелділік – бұл даму дәрежесіне жету, яғни
баланың мектептегі оқытуға қатысуға қабілетті болуы [49].
Л.И.Божович: Мектепте оқуға дайындақ, ойла іс-әрекетінің дамуының,
өзінің танымдақ іс-әрекетін ырықты зерттеуге және оқушының әлеуметтік
позициясына дайындықтың белгілі бір деңгейінен тұрады [6, 207б.].
Мектепке дейінгі балалардың оқуға дайындығы мәселесі кеңінен өткен
ғасырдың 70-ші жылдарында әртүрлі тұрғыдан зерттелді: мектепке
интеллектуалдық даярлау Д.Б.Эльконин [50], ересек топ балаларын оқу мен
жазуға үйрету Ш.А.Амонашвили [51] және т.б.), оқушының жаңа позициясына
әлеуметтік-психологиялық дайындық М.И.Лисина [52].
Бұл бағытта жасалған ғылыми еңбектердің нәтижесінде келесі ұғымдар
пайда болды жалпы және мектепке арнайы дайындық. Олар балалардың
мектепке дайындығын екі тұрғыдан қамтиды:
- кең мағынадағы дайындық (жалпы) – балаға мектепте оқуда, жаңа
жағдайларға, міндеттерге бейімделуде жетістіктерге жетуді қамтамасыз
ететін, дене тәрбиесінің, интеллектуалдық, мотивациялық, эмоционалды-
еріктік, тұлғалық даму деңгейіне баланың жетіліп, жетуін айтамыз.
- тар мағынадағы дайындық (арнайы) – баланы мектеп пәндерін : оқу, ана
тілі, жазу, математика – оқып үйренуге даярлау.
Психологтар мен педагогтар осы кезеңдегі дайындықты жалпы және арнаулы
деп екіге бөледі, соған байланысты балабақшада жалпы және арнаулы
дайындықтар жүргізіледі (1 суретке сәйкес).

Сурет 1. Баланың мектептегі оқуға дайындығының бағыттары.

Жалпы дайындық – ол психологиялық, адамгершілік және дене дайындығы.
Адамгершілік дайындық және ерік дайындығы бір – бірімен тығыз байланысты.
Әр баланың басқа баладан ерекшеленетін өз мінезі бар, соған байланысты
істеген ісін, қылығын басқарып үйренуге тиісті. Сонда ғана мектепке
барғанда  тез тіл  табысып кетеді.
 Психологиялық дайындық -  ол таным процестерінің дамуымен байланысты.
Балалар өз еркімен жұмыс істеуге әлі толық дайын емес, зейіні тұрақсыз, тез
шаршайды. Мектепке барғанда мұғалім барлық ерекшеліктерді ескеріп, дайындық
кезеңіндегі әдіс – тәсілді жалғастыра отырып, осындай таным процесін
дамытады (2 суретке сәйкес).

Сурет 2. Мектепке даярлықтың түрлері.
Дене дайындығы – мықты денсаулық, шыдамдылық қасиеттер балаларда болу
үшін дербестік, еңбексүйгіштік, жинақтылық сияқты қасиеттері де даму үшін
ата – аналардың көмегімен жұмысты бекіту керек.
Әлеуметтік дайындық – оқуға, (дербес тапсырманы орындау) бастаған
жұмысты аяқтауға қиыншылықтардан өтуге, ұстамдылыққа үйрету:
Жаңа ортаға үйрену.
а) құрдастарымен ұрыспау, ренжіспей тіл табысу
ә) үлкендермен тіл табысу
Баланы мектепке дайындықты балабақша мен мектептегі әдіс – тәсілдері
ұштастыру арқылы жүзеге асыруға болады, бірақ оларға қойылатын міндеттілік,
реттілік, ойын әдістерін пайдалану, өз кезегімен бір – бірден жауап беру
сияқты талаптар бірдей болуға тиісті.
Арнаулы дайындық – мектепке баратын балалар санауды, әріптерді танып,
біліп қана қоймай, қоршаған орта туралы да толық түсініктері болу керек.
Сонымен бірге таным процестерін (ес, зейін, ой – қиял, қабылдау) де дамытып
отыру қажет.
Мектепке даярлық ұғымының жалпы және арнайы болып қаралуы бала
тұлғасының көпдеңгейлі құрамында биологиялық және әлеуметтікқұрылымның
біртұтастығын көздейтін жүйе ретінде қабылдауымызға байланысты болып отыр.
80-жылдарда және 90-жылдардың басында баланың мектепке дайындығы ұғымының
мазмұнын нақтылау және толықтыру мәселелері әрі қарай зерттеле берді.
мектепте оқуға дайындық жайлы айтқан кезде, баланың мектеп бағдарламасын
денсаулығына зиянсыз қабылдауға қажет оның физиологиялық, психологиялық
және әлеуметтік дамуының белгілі деңгейін көздейді. Демек, мектепте оқуға
дайындық ұғымы мектепте оқуға физиологиялық дайындық, мектепте оқуға
психологиялық дайындық және мектепте оқуға әлеуметтік немесе тұлғалық
дайындықты қамтиды.
Жалпы балалардың мектепке дейінгі шақтан мектептік өмірге көшуі -
психология ғылымында кеңінен қарастырылған мәселе. Әсіресе, мектепке 6
жастан қабылдауға көшу кезінде қарқынды қарастырылған. Осының төңірегінде
зерттеулер жүргізіп, оның нәтижесін талқылауға ұсынған ғалымдар Мухина
В.С., Кравцова Е.Е., Иванова Г.М. және т.б. Бала психологиясын зерттей келе
Л.С.Славина бала өмірін табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыртындай етіп
ұйымдастырып, оның жаңа білімдерді игерудегі қызығушылықтарын қалыптастыру
үшін үнемі жаңалықтармен қамтамасыз ету керектігін дәлелдейді.
И.В.Дубровина осы пікірді құптай келе , мектептің 1-сыныбына даярлықпен
келетіндер, олар, отбасында, балабақшада жүйелі түрде үйретуден өткен
балалар. Алғашқы кезде қабылданған балалардың оқу үлгеріміне мектептегі
бағдарламада, мұғалім де әсер етпейді, яғни, оның мектепке даярлығы әсер
етеді. [53]
Мектептегі оқуға психологиялық даярлық мәселесін зерттеулерде,
мектептегі оқу мазмұны мен шарттарына баланың психикалық дамуының
сәйкестігі қарастырылған. Әр ғалым түрліше анықтама берген. В.Д.Шадринов
(1996) зерттеуі бойынша мектепке психологиялық даярлық, біріншіден, ағза
мен психика дамуның генетикалық бағдарламасынмен анықталса, екіншіден,
баланың жеке тәжірибесі мен білім қорымен өлшенеді. Негізгі мәселе –
биологиялық даму мен психикалық дамуды қатар қарастырып, салыстырып
зерттеуде емес, оларды біртұтас зерттеуде.
Жалпы ғылымда мектепке психологиялық даярлық мәселесін, ең алғаш
көтерген белгілі дидакт К.Д.Ушинский болған. Ол: Мектептік оқуға дайын
бала – оқығысы келу тілегі мен іскерлігімен, ұзақ уақыт бойы зейінін
шоғырландыра алу қабілетімен, дағдыланбаған жағдайда баяу меңгерілетін
нәрселерді жылдам игеретіндігімен сипатталады [54].
1948ж. А.Н.Леонтьев баланың мектептегі оқуға даярлығының психологиялық
мазмұны мәселесіне арналған зерттеулер жүргізген. Ол мектеп талабынан бөліп
қарастыра отырып, мектептегі оқу баланың есіне, қабылдауына және тілінің
даму деңгейіне байланыстылығын айтқан [55].
Қазіргі кезеңдегі ғылымда баланың мектепте оқуға дайындығы мектепке
дейінгі балалық шақтағы олардың тұлғалық даму жетістіктерінің көрсеткіштері
ретінде, бастауыш шақтағы олардың тұлғалық даму жетістіктерінің
көрсеткіштері ретінде, бастауыш мектептегі оқу әрекетін игерудің бастапқы
базалық деңгейі ретінде қарастырылады (Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин,
В.В.Давыдов, Л.И.Божович, Л.А.Венгер, В.А.Аверин, И.В.Дубровина, Л.С.Усова
және т.б) [56].
Мектепке дейінгі балалық шақтың ересек кезеңі – баланың танымдық
әрекетінің қалыптасу және белсенді даму кезеңі. Бұл жаста баланың іс-
әрекетінің құрылымы мен мазмұны өзгереді. Үлкендерге еліктеп, сюжетті-
рольдік ойындар арқылы бала іс-әрекеттің түрлерін игере бастайды: іс-
әрекеттің мақсаты мен міндеттерін ұғынып, оларға жету тәсілдерін
қарастырады, өз әрекетін басқарып, оның нәтижесін бағалайды (еңбек пен
оқу). Мысалы: 3-4 жасар бала салған суретін үлгімен салыстырған кезде, ол
өз жұмысын жақсы бағалап үлгідегімен бірдей деген шешімге келеді. Кіші
жастағы балаға оның не істеп жатқаны маңызды, ал мектепке дейінгі
шақтағы ересек балаларға қалай, қандай тәсілмен жасағаны маңызды.
Баланың сана-сезіміндегі бұл өзгерістер мектепке дейінгі кезеңнің
соңына қарай оқушының әлеуметтік ролін, жаңа іс-әрекетті (оқуды) дұрыс
қабылдауға алып келеді. Басқа сөзбен айтқанда, балада мектепте оқуға
психологиялық және тұлғалық дайындық қалыптасады. Бұл жерде айта кететін
бір жәйт, жоғарыда атап көрсетіліп отырған бала психикасындағы маңызды
өзгерістер жүйелі әрі мақсатты педагогикалық ықпалдың нәтижесі болып
табылады.
Баланың мектепке дейінгі кезеңде психикалық дамуының маңызды
қорытынды нәтижесі – мектепте оқуға психологиялық дайындық. Мектепте оқуға
психологиялық дайындық – көпқырлы, көпмағыналы ұғым.
Балалардың мектепке дейінгі шақтан оқушылық өмірге көшуі- психология
ғылымында кеңінен қарастырылған кешенді мәселелердің бірі. Әсіресе, бұл
жағдай мектепке алты жастан қабылдауға көшу кезінде өткір қойылғанды. Осы
тақырып төңірегіндегі зерттеулер жүрізіп, оның нәтижесін көпшілік талқысына
ұсынған Ресейлік ғалымдар – Мухина В.С., Кравцова Е.Е., Иванова Г.М.,
Гуткина Н.И., Венгер А.Л., Непомнящая Н.И. және т.б [53].
Баланың мектепте табысқа жетуінде бұл бағыттар аса маңызды
болғандықтан, әрбір бағыт жайлы ақпаратпен қамтамасыз етуді жөн көрдік.
Баланы мектепке психологиялық жағынан даярлау тақырыбын зерттеп жүрген
психологтар даярлықтың төмендегі бағыттырын көрсетті (3 суретке сәйкес):

Сурет 3. Баланы мектепке психологиялық даярлау бағыттары.
1. Ақыл-ойының даярлығы. Бұл мектепке дейінгі баланың білімі және
біліктілігі. Кез-келген бала жазып және санаумен ғана шектеліп қана қоймай,
ең маңыздысы салыстыра білуді, талдауды, ойлай білуді, өздігінен қорытынды
жасай білуі тиіс. Көрнекі-әрекеттік ойлау қабілеттілігі жоғары бала көрнекі
үлгімен жұмыс істегенде, заттардың кейпімен, мөлшерін ұйқастырғанда,
қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін орындап
шығады.
Сонымен бірге баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы және өзіне
сөйлеген сөздің мағынасын түсініп, өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Бала
өзбетімен сөйлем құрастырып, ұқсас дыбыс тіркестерін анық айта алуы
маңызды. Әрбір бала әңгімені құрастырумен қатар әрі бала заттарды,
суреттерді, әрекетттерді бейнелеп және оның мазмұнын айтып беруі қажет.
Яғни, баланың сөздік қорының мөлшері, таным үрдістерінің даму деңгейі,
логикалық операцияларды орындай алуы, баланың оқуда білімді табысты
меңгеруінің негізі болып табылады (1 кесте).
Кесте 1.
Ақыл-ой дайындығының көрсеткіштері
Бейнелі компонент Вербалді компонент
1.Заттың сипатын, қасиетін қабылдау 1. Заттардың әртүрлі қасиеттерін
қабілеттілігі. айта білу және айыра білу
2.Бейнелі негіздегі көру есі. қабілеттілігі.
3.Зат не құбылыс туралы ұғымдарды 2. Сөйлеу негізіндегі есту есі.
қорытындылау біліктілігі. 3.Бір текті ұғымдарды,заттарды
4.Ойлау тәсілдерінің (синтез, жалпылау қабілеттілігі.
салыстыру т.б.) дамуы. 4. Ойлау тәсілдерінің дамуы.
5. Белсенділік, тапқырлық. 5. Қисынды ойлау

2. Биологиялық кемелденуі. Мектептегі оқу әрекеті - бұл ағзаның барлық
жүйелерінің қатты жұмыс істеуін қажет ететін үрдіс. Баланың ағзасында жаңа
ережелер мен іс-әрекеттерге үйрену өзгерістер туғызады. Оқушы мектептің
талаптарын орындап, жаңа күн режиміне, сабақтарда тәртіп сақтап отыруға
дағдылануы қажет. Алайда кез-келген баланың денсаулық жағдайы мұндай
өзгерістерге бірден бейімделе алмайды. Сондықтан баланың денсаулық жағдайы
(дене салмағы, бойының ұзындығы т.б.) нормадағы 6-7 жасар баланың дене
көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс. Сонымен бірге көру, есту, моторикасының
дамуы және жүйке жүйесінің физиологиялық жағдайын жатқызуға болады.
3. Жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы. Мектепке келген
бала оқимын деген ниетпен мектеп табалдырығын аттайды. Бірақ кейде бала
оқуға барғым келеді дегенмен, оның мотиві әртүрлі болады. Біреуі мектепте
көп бала бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы келгендіктен
мектепке баруы мүмкін. Алайда мұндай ықыласпен мектепке келген балалар,
біраз уақыттан кейін мектептің қатал тәртібіне және күнделікті оқу
сабақтарына шыдай алмайды. Жалпы, бала оқу үрдісінің өзіне қызығуы қажет.
Сонда ғана бұл баланың таным қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына
мүмкіндік жасайды.
Сонымен бірге бала мұғалімдермен, балалармен қарым-қатынас жасау үшін
қажетті қасиеттердің қалыптасуы аса маңызды. Яғни, оқу әрекеті ұжымдық
сипат болғандықтан, әрбір бала құрдастарымен қарым-қатынас жасай алуға,
бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек. Кейбір балалар жаңа ұжымға тез еніп,
балалармен тез тіл табысып кетеді. Ал кейбіреулері көпке дейін құрбыларымен
тез тіл табыса алмағандықтан, ұжымнан тыс қалып, жалғыз жүреді. Сондықтан
баланың ұжымда өзіне тиісті орын алуы, оның қарым-қатынасына әсер етеді.
Сөйтіп берілген құраушылар баланың басқалармен қарым-қатынас арқылы
мектепте оқытуға, мектеп оқушысының рөлі арқылы балалар тобымен ойлау
дайындығын дамытады.
4. Ерік сапаларының қалыптасуы мен эмоционалдық даярлығы. Бұл баланың
шешім қабылдай алып, мақсат қоя білуі. Сонымен бірге баланың әрекеттерді
жоспарлап, олардың орындалуын жүзеге асыруда күш жұмсай білуі, қиындықтарды
жеңуі баланың психологиялық үрдістердің қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Егер баланың мектептегі оқуға дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса,
баланың оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады.
Мектепке дейінгілердің негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, оларға
бірден оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады. Мектеп табалдырығын
алғаш аттаған бала педагогтармен және балалармен кезіккенде мазаланады, оқу
үдерісінің өзіне жағымсыз эмоция сезініп, қорқыныш пайда болады. Осыдан
келе нашар оқитын балалар пайда болады. Сонымен бірге баланың көңіл-күйінің
болмай, себепсізден жиі ауыруы мектеп неврозы сипатында көрінеді, яғни
мектепті еске алса болғаны жылап, уайымдайды. Сөйтіп, мектеп бала үшін
стрессогендік факторға айналып, денсаулығының нашарлауына әкеліп соғады.
Швейцар психологы Ж. Пиаженің пікірінше Баланың мектептегі оқуға
дайындығының ең жоғары деңгейі бұл баланың кеңістікте және уақытта
бағдарлай алып, өзін басқа адамның позициясында сезіну біліктілігінің
қалыптасуы, - деген. Яғни, мектепке дейінгі баланың кеңістікті және
уақытты қабылдай алуы, оның оқу материалын меңгерудің жолын жеңілдетеді
[57].
Мектепке дайындау проблемаларын отандық педагогтар мен психологтар
зерттеген. Баланың мектепке жалпы дайындығын қалыптастыратын жалпы және
арнайы дайындық түрлері бар. Жалпы дайындыққа физиологиялық, жеке және
интеллектуалдық, ал арнайы дайындыққа баланың жалпы даму мен бастапқы санау
және оқу дағдыларын қамтамасыз ететін бастауыш мектептегі пәндік курстардың
игеруіне қабілеттілігі жатады.
Физиологиялық дайындыққа болашақ оқушының денсаулығы, дене
бітімінің дұрыс қалыптасуы, қозғалыс дағдылары мен қабілеттерінің дамуы
(еркіндік,шыдамдылық, тепе-теңдік, моторикалық координация), физиологиялық
жұмысқа саналы қабілеттілік енеді. 6-7 жасар балалардың мектепке даярлығын
анықтауда мектепке жетілгендікті анықтаудың негізі баланың биологиялық
жасы мен құжаттар арасындағы алшақтық болып табылады. Түрлі жастағы
балалардың арасында жетілген және жетілмеген балалардың пайыздық қатынасы
анықталды. Мектепке жетілгендердің сандық пайызы 6 жасар балалардың 49%,
6,5 жасар балалардың 68%, 7 жасар балалардың 87% және 7,5-8 жастар
балалардың 98%-ын құрайды. Оның ішінде қыздар ұлдарға қарағанда, мектепке
айқындылығы ілгері. Мектепке жетілу қыздар арасында 5 пен 6 жаста, ал
ұлдарда жарты жылға кейін, яғни, 6 жас пен 6,5 жас аралығында байқалады.
Баланың мектепке жеке даярлығы баланың өмірілік қатысының үш
негізгі аймағын қамтиды:
- Айналасындағы үлкендермен қатынасы, яғни саналы түрде қойған мақсатқа
сәйкес жүмыс жасау қабілеттілігі: оқу жағдайының шартын түсіну; үлкен
адамды мұғалім ретінде қабылдай білу жатады.
- Құрдастарымен қарым-қатынасы; ойын кезінде қалыптасқан кооперативті жарыс
түріндегі қатынастың болуымен сипатталады. Яғни ойын, конструкциялау
әрекетінде қызметтерді бірігіп бөлісу кезеңінде балалардың мазмұнды
қатынасы оларға серіктестер көзқарасы мен қимылын түсініп, ескеруге
көмектеседі.
- Баланың өзіне-өзінің қатынасы. Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларда
жыл соңында өзін жоғары бағалау өбьективті бағалаумен алмаса бастайды. Бұл-
баланың мектепке оқуға жаңа өмір үлгісін қабылдауға дайындығының негізгі
көрсеткіштерінің бірі.
Баланың мектепке жеке даярлығында оқушының ішкі ұстанымы немесе
мотивациялық жоспары ерекше рөл атқарады. Ол екі типті оқу мотивтерінен
тұрады: әлеуметтік (жаңа әлеуметтік мәртебе алу, баланың басқа адамдармен
қатынас қажеттілігімен байланысты), және танымдық (мектепке дейінгі баланы
оқу іс әрекетінде тікелей жаңаны танумен интеллектуалды белсенділікке
тартуы), мектепке дейінгі ересек жастағы балаларда моральды мотивтердің
(парызды түсіну) қалыптасуы бастапқы жаңа білім болып саналады. Балаларда
әлеуметтік эмоциялар пайда болады: біреуге көмектескенде, қиындықты
жеңгенде бала қуанады [58].
Жалпы, тәжірибеге сүйенетін болсақ, баланың оқығысы келмеуі мына
жағдайларға байланысты болады:
1. Мектеп алдындағы қорқыныш. Бұл баланы бағындыру, әрекеттерді
орындату мақсатымен қорқынышты үйде қалыптастырады; (Мектепке барасың
сонда саған көрсетеді);
2. Оқу үрдісінде және қарым-қатынаста қиындыққа кезігуі;
3. Мектептің өміріне бейімделе алмауы;
4. Мектептің өмірінің шынайлылық қиындығымен кезіккенде, баланың
көңілінде мектепке деген жағымсыз қатынастың пайда болуы;
5. Мұғалімнің өзіне тән психологиясына үйрене алмау.
Яғни, осы кезде әрбір ата-ана өзінің баласына мектеп туралы қажетті
мағұлматтарды айтып, баланың мектепке деген жағымды қатынас және сенімділік
сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек. Ең бастысы баланы
жолдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, басқа баланың ойымен санасуға
үйрету болып табылады.
Мектеп өмірі баладан эмоциональдық тұрақтылықты талап етеді. Оқушылар
арасында келіспеушіліктер, реніштер және конфликтік жағдайлар жиі
кездеседі. Әсіресе ерке балалар мұғалімнің ескертулерін ауыр қабылдайды,
яғни мектепке барудан бас тартады, жылайды және т.б. әрекеттер арқылы
көрінеді. Баланың өз бетімен шешім қабылдай алатындай және еріктілікті
дамытуға жағдайлар жасап және бір жұмысты аяқтамай келесі жұмысқа кірісуіне
рұқсат етпей, кез-келген істі аяғына дейін жеткізуге үйрету керек.
Яғни, бала жүгіріп, секіріп допты лақтырып және ұстап алу әрекеттерін
еркін орындап, қайшымен, қарындашпен, қыл-қаламмен жұмыс істеу біліктілігі
дамыған болуы керек. Балаға сурет салғызу, әртүрлі заттардан құрастыру,
пластилинді илеу баланың саусақтарын дамытып қана қоймай, ойлау қабілетін
де дамытады. Сурет сала алмайтын және пластилинмен жұмыс істей алмайтын
баланың жазуға икемі болмайды. Кез-келген 5-6 жастағы бала 3 минуттан артық
жаза алмайды тез шаршап қате көп жіберетін болады және 2-3 минут сайын
баланың қолын демалдырып отыруды қатал есте сақтағаныңыз жөн. Бала жазу
дағдыларын меңгеруде әрбір жетістігін мақтап Сенің қолыңнан келеді,біз
көмектесеміз, Сен істей аласың деген сенімділік сөздерді жиі айтуыңыз
қажет, өйткені қуатты сөздер баланың табысқа жетуіне әсерін тигізеді.
Бала жазу жазуда қарындашты немесе қаламды дұрыс ұстап үйретуіңізді
ұмытпаңыз. Сонымен бірге баланың сөйлеуін дамытуда сурет бойынша сөйлем
құрастыртып, ертегілерді немесе әңгімелерді оқып, кітаптағы суреттерге
зейін қойып қарауына аса мән беріңіз және Мына суретте не бейнеленген?
Адамдардың аты кім? Олар не істеп жатыр? деген сұрақтарды қою арқылы
кітапқа қызығушылығын арттыруға болады. Ата-ана баласын санауға үйретуде
Үстелде неше кесе? Суретте неше доп? Киімде неше түйме?, - деген сұрақтар
қойып баланы санауға жаттықтыруға болады. Мектепке дейінгі баланың оқу
материалын меңгеруде, кеңістікті және уақытты қабылдай алуы маңызды рөл
атқарады. Сөйтіп, бала мектепте оқудың жаңа жағдайларына еркін ене
алатындай дайындықтан өтеді. Мектепке дайындық баланың үйлесімпаздылығынан
туындайтын кезде оңтайлы мүмкіндіктері арқылы жан-жақты тәрбиеленуі мен
дамуын талап етуі бала оқу және тәжірибе мәселесін шешу үшін өзіндік
білімін пайдалануы, танымдық әрекеттері мен ойлануы жеткілікті даму
деңгейін көтерілуі тиіс.
Баланы оқуға дайындауда үлкен және кіші моторикасына ерекше мән берген
жөн. Ғалымдардың айтуынша баланың саусақтарының дамуы ақыл-ойы мен
сөйлеуінің қалыптасуында маңызды роль атқарады.
Сонымен балаларды мектепке психологиялық даярлау бағыттарын тәжірибеде
жүзеге асыратындар - ата-аналар, мұғалімдер, тәрбиешілер, мектеп және
балабақша психологтері.
Баланың жеке басын жан-жақты дамыту мен мектепке даярлау ісі әлі де
талқылауды қажет етеді. Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныпқа
қабылданған балалардың оқу жүйесінде көптеген қиындықтарды кезіктіреді.
Оның басты себебі – мектептік оқуға даяр еместігінде болып отыр.
Қазіргі мектепке дейінгі мекемелердің балаларды мектепке даярлау
мәселесіне талдау жасау бізге келесі міндеттерді: 
- қазіргі мектепке дейінгі мекемелердің жүйесінің қызметінің түрлерін,
жұмыстарының ерекшеліктерін анықтауға; 
- мектеп жасына дейінгі балаларды қарапайым математика материалдары
негізінде мектепке даярлау жүйесін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеуге
– мүмкіндік береді. 
Осы міндеттерді жүзеге асыру балаларды мектепке даярлауды тиімді
ұйымдастыруға жол ашады, себебі соңғы жылдары мектепке дейінгі білім беру
мекемелерінің түрлері көбейіп, олардағы оқу-тәрбие үдерісін басқарудың
икемді, көпфункционалды жүйесі құрылып отыр.
Міне сондықтан да, осы өзгерістерді балаларды мектепке даярлауда
ескеру қажет. 
Республикамызда әр жылдары мектепке даярлау мәселесін зерттеумен
айналысқан ғалымдар еңбектерін қарау барысында зерттеушілердің мәселені
психологиялық тұрғыдан емес, педагогикалық тұрғыдан шешуді басшылыққа
алғандары айқындалды. Мәселен, Б.Баймұратованың Балаларды мектепке даярлау
жөнінде еңбегінде мектепке даярлау – мектепке дейінгі кезеңнің басты
мәселелерінің бірі деген бағытта ұстана отырып, осы негізгі міндетті
мектепке дейінгі мекмелер қызметі деп тауып, оны бала бақшадағы оқу-тәрбие
үрдісі арқылы шешу жолдары ұсынылады: баланың тілін дамыту; сауат
жұмыстарын жандандыру; балаларға оқып беру үшін қосымша міндеттер
жасау[59].
Баланы мектепке даярлау деп аталатын Қ.Қойбағаровтың еңбегі мектепке
даярлаудың қажеттілігін көрсетіп, қоғамдық тәрбие рөлін жақтайды [60].
К.Сейсенбаевтің Отбасы тәрбиесіндегі баланы мектепке даярлауда қазақ
халық педагогикасының прогресшіл идеялары мен тәжірибелерінпайдалану
проблемасы еңбегі ұлттық негізде жазылған. Этникалық педагогика мен
психология ғылымының негіздеріне сүйене отырып, мектепке даярлауды –
баланың сөздік қорын молайту, есте сақтау, ойлауын дамытуға арналған ауыз
әдебиет үлгілерін және ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды пайдалану
арқылы шешуді көздейді [61].
1999 жылы 6-7 жасар балаларды мектепке оқуға даярлаудың
педагогикалық мәселелері тақырыбындағы Ж.Рысбекованың диссертациялық
зерттеуінде – мектепке психологиялық даярлық бағыттарына биологиялық кемел
мен танымдық даярлығы, еріктік, көңіл-күйлік және жеке басының
даярлықтарына сәйкес педагогикалық категориялар қарастырылады [42].
К.Т.Шериязданованың Жоғары оқу орындарында болашақ педагог-психолог
мамандарды даярлаудың негіздері атты зерттеуінде, баланың мектепке
танымдық даярлығы аса маңызды үш тұрғыда: зейіннің даму деңгейі (ырықты;
ырықсыз); естің даму деңгейі және ойлаудың қарапайымнан жоғары формаға
дейінгі дамуы қарастырылады.[30]
Сонымен бірге, бастауыш сынып оқушыларын мектепке қабылдаудағы
психологиялық даму деңгейлерін даигностикалау мәселесі бойынша жазылған
Р.Т.Әлімбаева, Г.Қ.Айқынбаева, С.Б.Татманованың еңбектерін де атап өтуді
жөн көрдік. Мысалы: Баланың мектепке деген дайындығын анықтау Керн-Йерсак
тестісіне нұсқау, Мектепке оқуға дайындауының психологиялық
сипаттамасының кейбір ерекшеліктері, Баланың мектепке дайындығын, ойлау
қабілетін анықтау тестісі, Бастауыш мектепке келген балардың даму
деңгейін анықтап білу әдістемесі [62].
Егемендік алған соңғы жылдары әрбір елдің өкілдері балаларды мектепке
даярлау мәселесіне өз мәдениеті тұрғысынан қарастырады. Қазақстандық ғалым
М.С.Сәтімбекова Алты жастағы оқушылардың математикалық білімін арнайы
тапсырма жүйесі арқылы жетілдіру[35] атты ғылыми еңбегінде мектептегі
алты жастан оқитын оқушылардың қарапайым математикалық түсініктерін
қалыптастыру пәнінен бағдарламасы, оның оқу-әдістемелік кешені әзірленіп,
тәжірибеге енгізілген.
Ересектер тобындағы балаларды қазақ балалар әдебиеті арқылы
адамгершілікке тәрбиелеу атты Ә.С.Әмірованың [37] ғылыми зерттеу еңбегі
балалар әдебиетінің үлгілерін тәрбие жұмысында пайладанудың ғылыми-
теориялық тұрғыда негіздеп, сабақта, сабақтан тыс уақытта балаларды
адамгершілікке тәрбиелеу құралы екенін дәлелдеген. Ол төл бағдарламамыз
Балбөбекке халықтық педагогикаға негізделген Имандылық-инабаттылық
тәрбие бөлімін тұңғыш енгізген [63].
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын – эстетикалық тәрбиенің негізгі
құралы ретінде қарастыра отырып, ғалым Ф.Н.Жұмабекова жеке тұлғаның дамуына
көркемдік талғам өрісінің және қоршаған орта, заттар дүниесінің сұлулығына
эстетикалық қатынасының қалыптасуына зор ықпал ететін бірден-бір түрі
дәстүрлі-сәндік қолданбалы өнер, – деп көрсетеді [39]
Қазақ балабақшаларындағы оқу-тәрбие жұмыстарында ұлттық ойындарды
пайдалану (5-7жас) атты ғылыми еңбегінде ғалым Т.Иманбеков ойындардың бала
дамуына тигізетін әсерлеріне талдау жасаған. Автор ұлттық ойынға тек қимыл-
қозғалыс ләззатын силап қана қоймай, оның рухани дамуына, ұлттық сана
сезімінің қалыптасуына, халықтық салт-дәстүр, әдет-ғұрып белгілерінің
дамуына өте күшті ықпал етеді, – деп тұжырымдайды. [41]
А.Е.Манкеш экологиялық тәрбиеге берген анықтамаларға талдау жасап,
өзінің Балабақшаның ересектер тобындағы балаларға қоршаған ортамен
таныстыру арқылы экологиялық тәрбие беру мен білім беру атты ғылыми
еңбегінде өздерінің анықтамасын, бірқатар ғалымдардың экологиялық білім мен
тәрбие берудің ғылыми-теориялық ұстанымдарын басшылыққа ала отырып,
балабақшада экологиялық тәрбие беруде негізгі қағидаларды ұсынған [40].
А.Искакова өзінің еңбегінде Қазақстанда алғаш рет Тәй-тәй Халықаралық
білім беру технологиясының құрылуы мен дамуына ғылыми-теориялық негіздеме ,
бұл бағдарламаның дамуының педагогикалық шарттары мен принциптерін
айқындады [47].
Жалпы дене дамуына 6-7 жастағы баланың физиологиялық дамуы қалыпты
мөлшерге сәйкес келуі, жалпы денсаулығы жатады.
Танымдық даярлық – баланың сөздік қоры - танымдық процестерінің даму
деңгейі.
Еріктік даярлық – бала өз іс-әрекетін мақсатты түрде қалыптастырып,
қызығушылығын қанағаттандырудағы еріктік қасиеті.
Көңіл-күй даярлығы – оқушының ішкі дүниесі, басқа балалармен,
үлкендермен қарым-қатынас сапасы.
Мотивтік даярлығы –баланың оқуға деген ынтасы, мектепке психологиялық
даярлық деңгейі.
Психологтардың белгіленіндей, бала, ең бастысы маңызды әрекетті
орындауға дайын болуы шарт, бір сөзбен айтқанда, мектепке келуге тырысуы,
тілегі мен оны орындай алуға қабілеті өте маңызды болып табылады. Баланың
мектепке психологиялық дайындығы 3 сатыдан өтеді. (2-кесте)
Кесте 2
Баланың психологиялық дайындығы
І-саты Таным процестерінің дамуы –
Баланың жүйелі қабылдауы, зейіні, ойлауы, есте
оқытудағы психологиялық сақтауы, сөйлеуі,бейнелік-образды,
даярлығы көркемдік шығармаларды, эстетикалық
шығармаларды толық қабылдауы

ІІ- саты өзін-өзі басқара алуы, таным
Баланың мектептік оқуға процестерін басқарудағы өнімділігі,
психологиялық даярлығы іс-әрекетін, жүріс-тұрысын саналы
түрде атқаруы, еріктік қасиеттерінің
қалыптасуы

ІІІ-саты Бағыну мотивтері, белгілі бір
Мектептегі оқуға дәрежедегі билікке бағынуы, оның
психологиялық даярлығы мотиві қоғамдық мазмұнда айқынырақ
болуы, мотивтерінің дамуына байланысты
оның оқуға деген, қоғамда түрлі
қызметінің өнімді болуына әсер етеді.

І сатыда баланың жүйелі оқытудағы психологиялық даярлығы –бұл
тенымдық процестерінің дәрежесі, яғни мектеп режимінің жаңа шартына
ойдағыдай өтуі. Мұнда жалпы сөйлеуінің, есте сақтауының, қабылдауының,
ойлауының даму дәрежесін айтады, 6 жастағы бала толық таным процестерін
игереді, қоршаған ортаны қабылдай алады, болып жатқан құбылыстарды толық
танып, ой елегінен өткізе алатындай дәрежеге жетеді. Сонымен қатар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі баланың жоспары
Мектепке дейінгі, бастауыш мектепте және орта буында оқушыларға математиканы оқытудағы сабақтастықты жетілдіру жолдары
Мектепке дейінгі дайындық пен лекциялық бастауыш сатысы арасындағы математиканың білім мазмұнындағы сабақтастық
Мектепке дейінгі дайындық пен бастауыш сынып арасындағы математикалық білім мазмұнындағы сабақтастық
Педагогтың өздік жұмысы
Заттың пішінін анықтау
Балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз ете отырып, саналы, тәрбиелі, білімді азамат етіп қалыптастыру
Зайсан аудандық білім бөлімінің білім беру жүйесінің қазіргі заманғы ахуалы және мүмкін болар қауіп-қатерлер
Мeктeпкe дeйінгі мeкeмe бaлaлaрының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды тeориялық тұрғыдан нeгіздеп, оны белсендетудің әдіс-тәсілдер жүйесін жасау
12 жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық – педагогикалық шарттары
Пәндер