Диуани лұғат ат-түрік


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Махмут Қашқари

(1030-1090)

"Диуани лұғат ат-түрік"

("Туркісөздерініңжинағы")

Махмұт Қашқари - шын атты Махмуд хусейн ибн Мұхаммед Қашғари әкесі Қашқар қаласында туған. Махмұт алғаш Қашқар қаласында білім алады. Арап тілді жетік меңгерген, түркі халықтарының тұңғыш ұлы филологы, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым. М. Қашқаридің "Диуани лұғат ат-түрік" атты зерттеуі тек түркіше-арабша түсіндірме сөздік қана емес, сонымен бірге, ол ежелгі түркі тілдері мен ауыз әдебиетін зерттеп, танып -білу үшін аса қажетті, теңдесі жоқ - ғылыми еңбек болып табылады. Біз үшін ең маңыздысы - біздің жыл санауымыздан бұрынғы қадым замандарда жасаған сақтар мен ғұндар дәуірінде және түрік қағанаты тұсында өмірге келген тұрмыс-салт жырларының үлгілерін, мақал-мәтелдерді, шешендік сөздер мен афоризмдерді М. Қашқари өз "Сөздігіне" мысал ретінде енгізген. М. Қашқари түркі жұрты, түркі ұлысының тарихи рөлі туралы айта келіп, былай деп жазды: "Мен тәңірінің дәулет ұясын түріктер жүлдызына жаратқандығын және ғарышты солардың заманы үстінде айналдырып қойғанын көрдім. Тәңірі оларды "түрік" деп атады. Әрі оларды мемлекетке еге қылды. Заманымыздың хақандарын түріктерден шығарып, тәңір халықтың ақыл-ерік тізгінін солардың қолына үстатты; олар-ды, адамдарға бас қылды; солардың істерінде соларды қолдады; олармен бірге күрес кендерді әзіз қылды әрі түріктер ішінен соларды барша тілек теріне жеткізіп, жамандардан, зұлымдардан қорғады" (73, 30) . Жүсіп Баласағүнның "Қүтты білік" дастаны - Қарахан мемлекетінің саяси-әлеуметтік бағыт бағдарын айқындайтын Ата заңы сипатында жазылған этикалық-дидактикалық сарындағы көркем туынды болса, Махмұт Қашқаридің "Түрік тілдерінің жинағы" - бүкіл түркі халықтарының тіл мәдени етіне ортақ тілтану энциклопедиясы еді. Бұл екі туынды ұлан-байтақ Тұран даласындағы қоғамдық ой-сана мен көркемдік-эстетикалық танымның мейлінше жоғары дәрежеге жетіп, барынша кемелдене түскен дігін дәлел дейтін тарихи құжат. Махмұт Қашқаридың өзі туралы бірер сөз. Оның толық аты-жөні: Махмұт Құсайынұлы Мұхаммед Қашқари. Туғанжәне қайтыс болған жылдары белгісіз. Ата-тегінің мекені - Талас, Шу өзендерінің бойындағы Баласағүн, Барсхан кент-қалалары болған. Махмұт Қашқари Барсхан қаласында туған. Бұл қаланы Тұран әміршісі Алып Ер Тоңғаның баласы Барсған салдырғанын оқырманға ескерте кеткіміз келеді. Алғашта Қашқар қаласында, сосын Бұхара, Нишапур, Самарқан, Мервжәне Бағдат шаһарларында оқыған. Ерекше зейін қойып үйренгені - түркі рулары мен тайпаларының тілдері, фольклоры, этнография, әдет-ғүрпы, наным-сенімі. Махмұт Қашқариосы мақсатын жүзеге асыру үшін, бір жағы, Жетісу, Мауараннахр, Хорезм, ал екінші жағы, Еділ, Жайық, Қара Теңіз жағалауына дейінгі түркіт айпалары мекен деген ұлан ғайыр өлкені аралап шығады. Соның нәтижесінде қыруар көп тілдік, этнографиялық деректер, ауыз әдебиеті үлгілерін жинапалады. Сөйтіп, "Түркі тілдерінің жинағы" өмірге келеді. Ол өзінің "Түркі тілдерінің жинағы" атты еңбегінің кіріспесінде былай деп жазады:" . . . Мен сол түріктердің қызыл тілге ең шешендерінен, ең әдемі әңгімешілерінен, ең бір зеректерінен, ең білгірлерінен, ежелгі асыл тайпаларынан уа соғыс ісінде мықты найза герлерінен болғандығымнан олардың шаһарлары мен сахарасын бастанаяқ аралап шықтым. Түрік, түркмен, оғыз, шығыл, йағма, қырғыздардың сөздерін және (сөздерінің) қасиет, құпияларын анықтап шықтым, оларды пайдаландым. Мен бұл істерді осы тілдердегі әрбір кішігірім айыр машылықтарды парықтап білу үшін істедім. Сонымен олардың әрқайсысының тілі менің көңілімде үялап, берік сақталып қалды. Мен оларды мүқият реттеп, әбден тәртіпке келтіріп, жүйелеп шықтым. Бұл бір мәңгілік жәдігерлік уатау сылмас-түгесілмес, азып-тозбас бір байлық болсын деп, бір Тәңірге сыйынып, осы кітапты түзіп шықтым да, оған "Диуани лұғат ат-түрік - Түрік тілдерінің диуаны", - деген ат бердім" (73, 30) .

"Диуани лұғат ат-түріктің" түркі халықтары ауыз әдебиетін танып-білудегі ролін айтудан бүрын Махмұт Қашқари еңбегінің зерттелуі жайында қысқаша айта кетейік. "Түркі тілдері жинағының" қолжазбасы ХХғасырдың бас кезіндетабылып, 1915-1917 жылдары Стамбул қаласында Ахмет Рифат баспасынан үш томдық кітап түрінде жарық көрді. Содан кейін 1923 жылы неміс ғалымы К. Броккельман неміс тіліне аударып, Лейпциг қаласында бастырып шығарды. Көрнекті түрік ғалымы Басым Аталай оны осман түріктерінің тіліне тәржіма жасап, 1939-1941 жылы Анка-рада үш томдық кітап етіп бастырды.

М. Қашқари "Сөздігін" Батыс пен Шығыстың бір қатар ғалымдары зерттеп, өз тілдеріне тәржіма жасағаны мәлім. Ал, бұл "Сөздікті" қазақ тіліне аударған ақын А. Егеубай.

"Түркі тілдері жинағының" әдеби мәні ерекше зор. Бұл кітапты белгілі бір мағынада "көне түркі әдеби жәдігерліктерінің хрестоматиясы" немесе "ежелгі түркі ауыз әдебиетінің энциклопедиясы" деуге болар еді. Өйткені мүнда автор өмір сүрген дәуірде ғана емес, одан сан ғасырлар бүрын өмірге келген халықтық өлең-жырлардың, мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің, көркем теңеулердің, фразеологиялық тіркестердің, т. б. ғажайып үлгілері бар. Бұл туралы М. Қашқари: "Мен бұл кітапты хикмет сөздер, сежілер (ұйқас сөздер-Н. К. ), мақал-мәтелдер, өлең-жырлар, режез (батырлық жырларынан үзінді-Н. К. ) және несір (бейнелі сөз-Н. К. ) секілді әдеби сөздермен безендіріп, мақсұс әліппесі ретімен тізіп шықтым. Үйренушілер мен қызығушылар керекті сөздерді тез, оңай табуы үшін көпжыддар бейнет шегіп, сөздерді орын-орындарына қойдым. Көмес кілерін аштым, жарық еттім, қателерін жұмсарттым, түзеттім" депжазды (73, 31) . Әрине, "Диуани лұғат ат-түріктегі" өлең-жырлардың қайсысы қай кезде жазылғанын дәлме-дәл анықтап білу қиын. Әйтседе сол әдеби шығармалардан алынған үзінділердің мазмұнына, тілі мен жазу стиліне қарап, қай дәуірдің әдеби туындылары екенін шамалап айтуға болады. Көптеген өлең-жырлардың өте-мөте ертеде, тіпті, алғашқы қауым кезінде өмірге келгенін аңғару қиын емес. Мұндай көнежырларда, мақал-мәтелдерде түрлі тайпалардың өте ерте замандағы өмірі, алғашқы қауымдағы адамдардың тұрмыс-тіршілігі, олардың Көк тәңірісі мен Күнге табынуы, табиғат құбылыстарынан зәресі қалмай қорқуы бейнеленеді.

"Түрік тілдерініңжинағында" ерлікті, батырлықты мадақтайтын өлең-жырлар көп. Әрбір қадамы қатерге толы ежелгі дәуір адамы үрейлі аңдармен арпалыста немесе түрлі тайпалар арасындағы соғыста ерекше ерлігімен, қыруар күш-қуаты мен, әскери айла-тәсілі мен жұрт көзіне түсуді өзіне биік мәртебе санаған. Дәл осындай халық батырларының сом тұлғасын жасау - барлық халықтар эпосына тән құбылыс. "Сөздікте" мысал ретінде келтірілген шағын өлең жолдары қазақтың көнеден келе жатқан дәстүрлі дастандары - батырлық жырларындағы сюжетті баян-даусарынын, , жекпе-жекке шақыру менерін, қазалы үйге ат шаптырып келу дәстүрін, т. б. еріксіз ескетүсіреді. Мәселен, "Қобланды батыр", "Қамбарбатыр", "Ал-памыс батыр" және "Ер Тарғын" жырларында халықтың ерлік героикасы, махаббат пен достық, туған жерге деген сүйіспеншілік осылайша жырланады.

М. Қашқари "Сөздігіне" ерлік тақырыбын жырлаған көлемді дастандардан үзінділер көп. Солардың бірі - "Мыңлақ елін ал-ғанбыз" деген жыр үзіндісі болса керек. Небәрі 20 жолдан тұра-тын осы өлең үлкен шайқастан кейінгі жеңіс салтанатының да-былын қағып тұрғандай естіледі. Бұл жырдан жорық жаңғыры-ғы, жеңіс дабылы айқын сезіліп тұрған сияқты:

Кіmі ІСrе оіduruр

llа suwln кеСtlmіs

Uуgur tаbа bаslаnlр

Міn glак еrіn аGtmlz (249, 235) .

Тunlе bіІе bаstlmiz

Теgmе уаngак рustlmlz

Кеsmеlеrіn кеstіmіz

М1n glаk еrіn blgtlmlz (247, 434) .

(Мазмұны: Іле суын кемемен жүзіп өттік ; Ұйғырлар жаққа бардық; Мыңлақ елін таптық; Біз оларды түнде жан-жағынан қоршап басып алдық; аттарының кекіл-жалын кестік; Мыңлақ ерлерін өлтірдік) .

Бұл жырдан ежелгі түркілердің мінез-құлқын, әдет-ғұрпын аңғару қиын емес. Ежелгі түркілер жеңіске жеткенде өзі жеңіп отырған жау аттарының кекілін, жалын, құйрығын кесіп тастайтын болған. Бұл арқылы ежелгі жауды ұдайы мұқатып отырған.

Қазақтың батырлық жырларында "жыршы-ақын" кейіпкер тасасында тұрып, жырлайды. Сонда, "ақын-мен" мен "кейіпкер-мен" қосылып кетіп отырады. Мәселен, қазақтың "Ер Тарғын" жыры, "Қазтуған сөзі", "Орақ-Мамай" жырларында автор Орақ батыр, Қазтуған, Ер Тарғын атынан сөйлейді. "Ер Тарғын" жырының төмендегі жолдарына назар аударайық

Алты жаста ақтаттым,

Аттай мұрның танаттым,

Алшақтатып ойнаттым,

Арпа-бидай асаттым(15, 125) .

Бұл дәстүр қадым замандарда қалыптасқан сияқты. Оған М. Қашқари "Сөздігіндегі" төмендегі жыр үзінділері дәлел:

Оркеm кеlір оgrаdіm

Аrslаn Іауu kokrеdim

Аlрlаr bаsіn tоgrаdіm

Еmdi mеnі kіт tutаr (247, 125) .

Еmdі иdһіn udһundі

Кіdіn tеlin оkundl

Еl bulgаlі іgеndі

Аndаg еrig кіт иtаr (247, 200) .

(Мазмұны: Қаһарға мініп, дұшпанға аттандым; жау батырларының басын кестім; енді мені кім тоқтата алмақ?! Дұшпанды ұйықтап жатқанда басып алдық; олар ұйықтап қалғанына қатты өкінді; оларды менен басқа кімжеңбек) .

Қазақтың жорықшы жырауы Доспамбет өз толғауларында батырдың ерлігін автордың атынан жеткізіп, ежелгі дәуір ақындары мәнерінде бейнелейді:

Арғымаққа оқ тиді

Қыл майқанның түбінен,

Аймадетке оқ тиді

Отыз екі омыртқаның буынынан,

Зырлап аққан қара қан

Тыйылмайды жонның уақ тамырдан.

Сақ етер тиді саныма,

Сақсырым толды қаныма (22, 32) .

'М. Қашқари "Сөздігінде" қазақ ауыз әдебиеті үлгілеріне мейлінше жақын тұрған жыр үзінділері бар. Бұлар негізінен батырдың өліміне байланысты айтылатын жостау өлеңдер деуге болады. "Сөздікте" Тұран елінің әміршісі Алып Ер Тоңғаның қазасына байланысты айтылған ұзақ жоқтау бар. Бұл туралы біз осы еңбектің бірінші тарауында айтқанымызды ескерте кетпекпіз. Ал бұл арада біз ежелгі түркі поэзиясына тән осындай жоқтаудың тағы да бір үлгісін сөз етпекпіз. Бұл жоқтаудың басқа да ежелгі түркі поэзиясындағы жоқтаулардан ерекшелігі бар. Мұнда жоқ-тау басқа жоқтау өлеңдеріндегі сияқты қаза болған батырды іздеуден, сұраудан басталмайды. "Кім еді?" деп аталатын біз сөз етіп отырғанжоқтау өлең қайтыс болған батырдың бейнесін суреттеуден, оның елгежасаған жақсы істерін жіпке тізгендей етіп айтудан басталады.

Еrdl аsln tаturgаn

Үаwlаk уаglg kаtаrgаn

Воуnin tutuр kаdhlrgаn

Ваsti olum аglаrl (248, 74) .

Үаgl оtln oGurgеn
Tоуdln аnl koGurgеn

Lslаr uruр kеGurgеn

Tеgdl оkl olduru (247, 522) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махмұд Қашқаридың «Диуани-лұғат ат турк» еңбегінің мектепте оқытылуы
Топтастырушы сөздіктер
Махмұд Қашқари өмір жолы
Түркі тілдерінің классификациясы
Махмуд Қашқари ілімінің тарихи маңызы
Түркі тілдерінің жіктелуі туралы
Махмуд Қашқари ілімінің тарихи маңызы (1030-1090)
Түркі тілдерінің жіктелуі. Түркі тілдерінің классификациясын жасаудың маңызы. Жетістік-кемістіктері. М.Қашқари "Диуани лұғат ат түрік" сөздігі
Сөздіктің алғы сөзінен үзінді
Түркі тілдерінің жіктелуі жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz