Инфляцияның теориялық аспектілері мен әдістемелік негіздері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Инфляцияның мәні және оны сипаттайтын концепциялары ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Инфляцияның пайда болу салдары және оған әсер ететін факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3. Инфляцияның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

2. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАҒА ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР АРҚЫЛЫ ӘСЕР ЕТУІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.1. Инфляцияның экономикаға және саясатқа тигізетін әсерін талдау ... ... ... ... ..17
2.2. Қазақстандағы инфляцияның қалыптасуына экономикалық талдау жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
3.1. Инфляция кезінде мемлекет іс.қимылының нұсқалары, сұраным және шығындар инфляциясын төмендету шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
3.2. Қазақстандағы инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
КІРІСПЕ
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді. Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі алтын-күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Инфляция дегеніміз күрделі де көп факторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Батыс елдерінде 10%-ке дейінгі баяу инфляция қауіпті деп саналмайды. Керісінше, белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде тұрғындар тауарды көбірек сатып алады, кейін ол одан да қымбатқа түсетінін біледі. Бұл, өз кезегінде, өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады, нарық тауарға тез толады. Инфляция жағдайында әртүрлі салаларда баға бір қалыпты өспейді. Сондықтан, инфляция экономикада қалыптасқан диспропорцияларды түзетуге және нарық шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік береді. Баяу инфляция кезінде бағалар еңбекақыдан тезірек өседі. Бұл жағдайда өндіріс шығындары төмендеп, кәсіпкерлік дамиды. Бірақ, 10%-тен асқанда инфляция қауіпті. Экономика әсіресе гиперинфляция жағдайында бағалар деңгейі бірнеше процентке емес, бірнеше ретке өседі, ақша тез құнсызданады, өндіріске инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы ресурстары айналым мерзімі қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың пайдасынан қоғамға тигізетін зияны көптеу, алып-сату түрі тез дамиды. Спекулятивті бизнес ұсыныстың, өндірістің өсуіне ықпал жасамайды, керісінше, өндіріс тоқырауға ұшырайды. Тоқырау мен инфляция қосылған соң нарықтың оңды әсерлері толық жойылып, нарық механизмі енді экономикаға теріс әсер ететін болады. Сондықтан стагфляциядан шығу үшін мемлекет тарапынан инфляцияға қарсы жедел және жүйелі іс-шаралар бағдарламасы жасалып, іске асырылуы қажет болады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. «Инфляция- хроническая болезнь бумажных валют» Журнал: Финансы Казахстана. 1995ж. 13-17б.
2. Аубакиров.Я. «Экономикалық теория негіздері» Алматы, 1998ж. 152-157б.
3. Брю.С.Л. «Экономикс» Бишкек, 1998ж. 1том. 78-81б.
4. Жүнісов.Б.А. «Нарықтық экономиканың негіздері» Ақтөбе, 2002ж. 92-101б.
5. Иманғозин.О.Қ. «Экономикалық саясат» Алматы,2002ж. 105-110б.
6. Көшенова.Б. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» Алматы, 2000ж. 75-79б.
7. «Иффляция-хроническая болень бумажных валют»Журнал: Финансы Казахстана. 1995 ж. 13-17б.
8. Кривко.Н. « О факторах инфляции в Казахстане» Журнал: Аль-Пари, 2001ж. №1-2. 10б.
9. Мақыш.С.Б. «Ақша айналысы және несие» Алматы,2004ж. 84-89б.
10. Мәдешов.Б. «Нарықтық экономика теориясына кіріспе» Алматы,1995ж. 133-138б.
11. Осипова.Т.М. «Экономикалық теория негіздері» Алматы,2002ж.
12. Шеденов. « Жалпы экономикалық теория» Алматы,2002ж.
13. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы» Алматы, 2003 ж.
14. Управление исследованиями и инноваций. – М.: Наука, 1993 г.
15. Добрынин А.И. и др. Общая экономическая теория: учеб. Пос. СПб. Питер, 2000 г.
16. Уткин Э.А. Морозова Г.И. Инновационный менеджмент –М., 2002 г.
17. Иохин В.Я. Экономическая теория. М., Юрист, 2000 г.
18. Курс экономической теории. Науч. Ред. А.В.Сидрович. М., 2000г.
19. Кэмпбелл Р. Макконел, Стенли Л.Брю, Экономикс. Т.2, М.,Республика 1993 г.
20. Мамыров Қ. т.б. Макроэкономика, Алматы, 2004 ж.
21. Мэнкью Н.Принципы экономики: Учебник XXI века. СПб., Питер 2000г.
22. Экономика: Учебник., М., 2002г.
23. Экономика и бизнес. М., 1993 г.
24. Инвестиционный процесс на предпрятий Г.А. Маховиков, В.Е. Кантор М.: 2001 г.
25. Экономическая теория. Под ред. А.И.Добрынина, СПб, Питер, 2002 г.
26. Организация и финансирование инвестиций. И.В.Сергеев, И.И.Веретенникова, В. Яновский М.: 2002 г.
27. Д.А.Ендовицкий, Л.С.Коробейников, Е.Ф.Сысоева. Практикум по инвестиционному анализу М.: 2003 г.
28. Организация и финансирование инвестиций Я.С.Мелкумов М.: 2001 г.
29. Кейнс Дж.М. Общая теория занятости, процента и денег. М., 1993 г.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде инфляцияның
теориялық аспектілері мен әдістемелік негіздері қарастырылған, екінші
бөлімде қазіргі кезеңдегі инфляцияның экономикаға әлеуметтік экономикалық
аспектілер арқылы әсер етуіне талдау жасалған, ал үшінші бөлімде
Қазақстандағы инфляция ерекшеліктері және оған қарсы мемлекеттің саясаты
қарастырылған.
Курстық жұмыс машиналық мәтінде 39 бетте мазмұндалған, 5 кесте, 1
диаграмма, 5 сызбадан тұрады.

Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1. Инфляцияның теориялық аспектілері мен Әдістемелік
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Инфляцияның мәні және оны сипаттайтын
концепциялары ... ... ... ... ... .. ... ... ..5
1.2. Инфляцияның пайда болу салдары және оған әсер ететін
факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3. Инфляцияның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...13
2. Қазіргі кезеңдегі инфляцияның экономикаға Әлеуметтік экономикалық
аспектілер арқылы Әсер етуін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.1. Инфляцияның экономикаға және саясатқа тигізетін әсерін
талдау ... ... ... ... ..17
2.2. Қазақстандағы инфляцияның қалыптасуына экономикалық талдау
жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
3. Қазақстандағы инфляция ерекшеліктері жӘне инфляцияға қарсы мемлекеттік
саясат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...30
3.1. Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының нұсқалары, сұраным және
шығындар инфляциясын төмендету
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
3.2. Қазақстандағы инфляцияға қарсы мемлекеттік
саясат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
Қолданылған Әдебиеттер
тізімІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .39

Кіріспе
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел
валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді. Алтын немесе күміс ақша айналымы
кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі
емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі алтын-күміс қорымен
реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз
ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық
атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға
ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың
көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі.
Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға
қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Инфляция дегеніміз күрделі де көп факторлы құбылыс; ол қағаз ақша
айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің
бұзылуымен сипатталады.
Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау
үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша
шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады,
айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық ақша сұранымды
арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды
көтеріп жібереді.
Батыс елдерінде 10%-ке дейінгі баяу инфляция қауіпті деп саналмайды.
Керісінше, белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын
жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде тұрғындар тауарды
көбірек сатып алады, кейін ол одан да қымбатқа түсетінін біледі. Бұл, өз
кезегінде, өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады, нарық тауарға
тез толады. Инфляция жағдайында әртүрлі салаларда баға бір қалыпты өспейді.
Сондықтан, инфляция экономикада қалыптасқан диспропорцияларды түзетуге және
нарық шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік береді. Баяу инфляция кезінде
бағалар еңбекақыдан тезірек өседі. Бұл жағдайда өндіріс шығындары төмендеп,
кәсіпкерлік дамиды. Бірақ, 10%-тен асқанда инфляция қауіпті. Экономика
әсіресе гиперинфляция жағдайында бағалар деңгейі бірнеше процентке емес,
бірнеше ретке өседі, ақша тез құнсызданады, өндіріске инвестиция жасау
тиімсіз болады. Сондықтан қаржы ресурстары айналым мерзімі қысқа сауда
сферасына ауысады. Сауданың пайдасынан қоғамға тигізетін зияны көптеу, алып-
сату түрі тез дамиды. Спекулятивті бизнес ұсыныстың, өндірістің өсуіне
ықпал жасамайды, керісінше, өндіріс тоқырауға ұшырайды. Тоқырау мен
инфляция қосылған соң нарықтың оңды әсерлері толық жойылып, нарық механизмі
енді экономикаға теріс әсер ететін болады. Сондықтан стагфляциядан шығу
үшін мемлекет тарапынан инфляцияға қарсы жедел және жүйелі іс-шаралар
бағдарламасы жасалып, іске асырылуы қажет болады.

1. Инфляцияның теориялық аспектілері мен Әдістемелік негіздері

1.1. Инфляцияның мәні және оны сипаттайтын концепциялары

Инфляцияның мәні- ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының
өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның
құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция- қоғамдық
ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен
шығынының үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез келген экономикалық
формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салалары
арасында, коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және
шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.
Инфляцияның басты ерекшелігі- қоғамдық ұдайы өндірістің барлық
факторларына қатысты сан алуан себептерден туады. Басқаша айтқанда,
инфляция бүкіл шаруашылық механизмінің қызметінен туындайды.
Инфляция- қабару, көтерілу, ісу деген мағынаны білдіретін- латын
сөзі. Шындығында да, қауырт жағдайларда мемлекеттік шығындарды қағаз ақша
шығарумен қаржыландыру ақша айналымының күрт көтеріліп, қағаз ақшаның
құнсыздануына әкеліп соқтырады. Оны әр елдегі соғыс жылдарындағы ақша
айналысынан байқауға болады. Мысалы, АҚШ-тың бостандық үшін 1775-1783ж.ж.
соғысы және 1861-1865ж.ж. Азамат соғысы (оның соңғы екі жылында доллардың
сатып алу мүмкіндігі 60 процентке дейін төмендеген); Х1Х ғ. бас кезіндегі
Англияның Наполеонға қарсы соғысы; 1789-1791ж.ж. Француз революциясы.
Әсіресе, Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда инфляция жоғары
қарқынға жетті, 1923ж.күзінде айналымдағы ақша массасы 496 квинтиллион
рейхсмаркаға жетіп, ал ақша өлшемі триллион есе құнсызданды (23; 120). Осы
келтірілген тарихи мәліметтер инфляция бұрыннан келе жатқан феномен екенін
дәлелдейді. Инфляцияның мәнін түсіну үшін мынандай мысал келтірелік.
Айталық, тауар айналымы үшін 10 млрд. доллар шамасында шығарылды делік.
Мұның өзі қағаз доллардың екі есе құнсыздануына әкеліп соқтырады. Инфляция
жұмысшылардың тұрмыс жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар
бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен
арттырмауға тырысады. Ақшаның құнсыздануы халықтың әл-ауқатының дәрежесін
төмендетуге әкеп соқтырады.
Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің
көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция тауар
тапшылығының басты себебі бола тұрып тауар мен азық-түлікті белгіленген
норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.
Қазіргі инфляцияға тән біраз ерекшеліктер бар. Олар:
- егер бұрын инфляция бір жердің шеңберінен аспаса, қазіргі инфляция
елдің бүкіл жерін қамтиды;
- егер бұрын инфляция бір мезгілде ғана жүрсе, қазіргі инфляция көп
уақытқа созылған құбылыс;
- егер бұрын инфляция тек ақшаның әсерінен туындаса, қазіргі инфляция
көптеген ақшасыз және т.б. факторларға байланысты болады.

1.2. Инфляцияның пайда болу салдары және оған әсер ететін факторлары
Қағаз ақшаның құнсыздануы және тауар бағаларының өсуі инфляцияға
әкеліп соқтыратыны ескертілген.
Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс қиындады: қағаз ақшаның
алтынға тәуелділігі мүлдем үзілген, ақша айналымының дәстүрлі заңы бұзылған
және инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасуда. Бұның бір себебі
мынада, көп елдер инвестицияны ынталандыру және экономиканы емдеу құралы
ретінде ақша шығару қарқынын көтерді. Сондықтан инфляцияның жоғарғы
мемлекеттің қағаз ақшаны шектен көп шығарумен байланысты, бұл эмиссия ішкі
айналым қажеттілігінен де асып кетті.
Нәтижесінде ақша құнсызданады, баға өседі, сосын барлық шаруашылық
пропорциялар бұзылады. Жоғарыдағыны ескере отырып, мынандай қортыныдыға
келуге болады.
Қазіргі заманғы инфляция – бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы
дисбалансжәне бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық
пропорциялар бұзылуы нәтижесі.
Инфляция ашық және басыңқы деп ажыратылады. Біріншісі – бағаның өсуі,
екіншісі – тауардың жоғалуы.
Басыңқы инфляция жағдайында бағаны мемлекет реттейді, бұл КСРО-да орын
алған. Сондықтан тауарға сұраныстың өсуінде баға көтерілмейді (бұл рынок
шартына сәйкес) және тепе-теңдіктен төмен болады. Сонда дефицит пайда
болады. Дефицит көлеңкелі экономиканы тудырады.
Қажет тауарды іздеуде сатып алушы сатушыға қажетінен көп төлеп, бұдан
ақша өндірісті айналып өтіп, саудада шоғырланады. Сосын өндірушілерде тауар
өндіруге ынта болмайды. Соңында сұраныс пен ұсыныс арасында дисбаланс
күшейеді.
Ашық инфляция жіктеу үшін бірнеше белгі қажет:
1.     Бағаның өсу қарқыны (баға индексі)
2.     Әр түрлі тауар топтары бойынша бағаның өсу деңгейінің алқаштауы.
3.     Инфляцияның күтілуі және алдын ала болжануы.
Бірінші белгі тұрғысынан баяу (ползучий, умеренный) инфляцияны
ажыратады, мұнда баға баяу өзгереді, әдетте жылына 10%. Секірмелі
(голопирующий), мұнда бағаның өсуі жылына жүздеген пайызбен өлшенеді;
Гиперинфляция, мұнда бағаның өсуі 1000%-н жоғарылайды және ақша айналымы
толық бұзылады.
Екінші белгі тұрғысынан инфляцияның екі түрін ажыратады: тең және тең
емес. Тең инфляцияда әр тауардың бағасы бір-біріне қатысты өзгермейді, ал
тең емес инфляцияда - әр тауардың бағасы бір-біріне қатысты үнемі өзгеріп
тұрады.
Үшінші белгіден күтілетін және күтілмейтін инфляцияны бөледі. Күтулі
факторы инфляцияның салдарынан білінеді. Егер фирмалар мен халық келесі
жылы баға 5 есе өсетінін білсе, онда тиімді рынок жағдайында олар келесі
жылы өздерінің тауар бағасын 5 есе көтереді және ешкім күтілетін
инфляциядан зардап шекпейді. Ал күтілмейтін инфляция жағдайында бағаның 10%-
ға өсуі экономикалық жағдайды күрт нашарлатады.
Инфляцияны сұраныс жәе ұсыныс инфляциясы деп екі түрге бөледі.
Сұраныс инфляциясында сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі сұраныс жағынан
бұзылады. Мұндай жағдай толық жұмыспен қамтылуда, жалақының өсуінде пайда
болады, бұдан жинақталған сұраныс артық болады, ал бұл бағаның өсуіне
итермелейді.
Ұсыныс инфляциясын сонымен қатар шығын инфляциясы деп те атайды, демек
өндіріс шығының өсуіне байланысты, бағаның өсуі. Бұның салдары жалақының
өсуіне және энергия мен шикізатқа бағаны көтереді.
Шығынның өсу қайнар көздері және экономика дисбалансының факторлары:
1.  Мемлекет. Ол бағалы қағазды шығару арқылы шығынды өсіреді, бұл
фирманың қызмет көрсетуін жоғары бағамен төлейді және несие-қаржылық
механизм жолымен жүргізіледі.
2. Кәсіподақтар. Олар жалақының өсуін талап етеді, бұдан шығын да
өседі, одан кейін баға өседі, сосын – жалақы мөлшерінің жаңа өсімі
қайталанады. Нәтижесінде инфляциялық серіппе пайда болады.
3. Ірі фирмалар. Олардың монополиялық жоғары баға қоюға мүмкіндіктері
бар және инфляциялық процеске мүмкіндік туғызады. Әлемдік экономикалық
әдебиетте осы үш факторды инфляцияның басты себептері деп атайды.
Инфляция салдары бір мағыналы емес. Кейнс біркелкі инфляция экономика
үшін пайдалы екенін, ақша массасының өсуі іскерлік белсенділікті
ынталандыратынын, экономикалық өсуге мүмкіндік беретінін, инвестиция
процесін тездететінін дәлелдеген және ол тәжірибе де растаған. Экономикалық
дамудың жалпы заңдылығы – ақшаны шектен тыс шығару теріс салдарды туғызады:
-         халықтың жағдайы қатып қалған жалақымен нашарлайды, олардың
тұтынуы шектеліп, қор жинаулары қысқарады.
-         ақша эмиссиясы бүркемелі жолмен мемлекеттік орындар көптеп
шығарады.
-         Кәсіпкерлік қызмет деңгейі түседі және капитал өндіріс
ауқымынан шығады, шет елге және айналым ауқымына ұмтылады.
Экономикалық саясатты инфляцияға қарсы екі тәсіл бар: бірі-тнфляцияға
бейімділікті қарастырса; екіншісі – оның антиинфляциялық шараларын жояды.
Бейімділік шаралары: табыс индексациясы және баға деңгейін бақылау.
Жеке деңгейде табыс индексациясыкәсіподақтың кәсіпкермен ұжымдық
келісімшарт жасау арқылы жүргізіледі. Табыс индексациясының саясаты
мемлекеттік кешенде мемлекеттік қызметкерлердің, студенттердің,
зейнеткерлердің, әскерлердің жағдайын, жеке кешендегі адамдармен
салыстырғанда нашарлатпау мақсатын қойған.
Екінші әдіс (жою) – экономикалық құлдырау мен жұмыссыздық өсуі арқылы
белсенді түрде инфляцияны төмендету стратегиясы. Бұл жолдың экономикалық,
әлеуметтік шығыны зор. Бірақ, нәтижесі, бейімділік саясатына қарағанда
тиімді.
Тәжірибеде көр елдер инфляциямен күрес ретінде келісімді жолды
таңдайды. Бұл теорияның негізінде жұмыссыздық қозғалысы мен инфляция қарама-
қарсы дген тұжырым жатыр.
Демек, үкімет жұмыссыздықты немесе инфляцияны таңдауы тиіс. Алғашқы
номиналды жалақы мен жұмыссыздық арасындағы байланысты айқындауға әрекет
жасаған Филлипс (1958 ж.).Жұмыссыздық деңгейінің түсуі баға мен жалақы
өсіміне әкеледі деген қорытындыға келген (4-сурет), бұл АД қисығы (Филлипс
қисығы).
Бірақ тәжірибеде көрсеткендей, бұл қорытынды қысқа мерзімге тән сипат.
Ұзақ мерзімде (5-10 жыл) жұмыспен қамтылудың төменгі деңгейінің өзі
инфляция өсімімен сақталмайды, бұл тұжырымды кәсіподақтар мен фирмалар
жалақы мен бағаны көтере отырып ұрындырады.
Статистика дәлелдегендей, инфляция 1%-ға түсу үшін, жыл бойына
жұмыссыздық 2% табиғи деңгейден жоғары болуы тиіс. Инфляцияны түсіру үшін,
жұмыссыздықпен өтеу керек деген оймен барлық экономистер келіспейді. Әзірше
бұл мәселе бір шешімге келген жоқ.
Өндіріс станциясымен ере жүріп, жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейі және бір
уақытта бағаны өсіру инфляциясы стагфляция деп аталады.
Инфляцияның іс-әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыру қажет,
өйткені инфляция құбылысы мынандай қаржылық факторларға тәуелді болып
келеді:
- белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану;
- инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы
қаржыландырудың ауқымы;
- мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері;
- мемлекеттік берешектің көлемі.
Нарықтық экономика кезінде қаржы инфляциялық процеске бірқатар
факторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді (инфляциялық тенденцияларды күшейте
түседі).
Бірінші фактор - мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлейалушылық
сұранымының артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді.
Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы
бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен,
салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ
уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.

Сызба 1. Қаржы мен инфляцияның өзара іс-әрекеті

Екінші фактор - табысқа (пайдаға) салынатын салықтың көбеюі. Салықтың
едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және рыноктегі
бағаның көтерілуінің басты себебі болады.
Үшінші фактор- бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік
емес шығындардың неғұрлым өсуімен байланысты).
Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады.
Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан
мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.
Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарынын құнсыздандырады және салық
түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады.
Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің берешегі проблемаларын
шиеленістіреді.
Инфляцияны бағалау және өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші
пайдаланылады. Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен қызметтердің белгілі
бір жиынтығының сатып алу бағасы мен базалық кезеңнің бағасы арасындағы
арақатынасты өлшейді. Ағымдағы жылдың индексінің қарқыны былайша
анықталады. Ағымдағы жлдың бағалары индексінен өткен жылдың бағалары
индексі шегеріліп, өткен жылдың бағалары индексіне бөлінеді, сонан соң
жүзге көбейтіледі:

Iσ 1- I σ 0
Инфляция қарқыны = ------------ * 100
I σ 0

Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді (сызба 1). Қаржы
инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы
қатынастарына әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі
мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің шығыстарын көбейтудің
қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан
болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны
мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер
мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың белгілі бір межелдемелері
арқылы түседі, сондықтан мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған
ұқсас мемлекеттік берешектің проблемасы шиеленіседі, өйткені қарыздарды
тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік пайыз
деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы
өсуін тудырады. Қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердің бір бағытты
келеңсіз сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі
келеңсіз нәтижелерге апарады, Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-
экономикалық проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ
мерзімді инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай
жинақтардың құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық
байланыстардың бзылуы және т.т.
Қазақстанда тұтыну тауарларының бағасы мен қызметтер көрсетудің
тарифтері өткен жылға қарағанда былайша өсіп отырды (есе): 1990-1; 1992-
2,5; 1993-30,6; 1994-22,7; 1995-1,60; 1996-1,39; 1997-1,17; 1998-1,07; 1999-
1,18; 2000-1,13.
Дүниежүзілік практикада егер инфляцияның қарқыны жарты жыл ішінде
және одан көбірек жағдайда айына 50 пайыз немесе аптасына 11,5 пайыз құрса,
онда мұндай деңгей әсіресе инфляцияға сәйкес келеді. Сөйтіп, Қазақстанда
бұл деңгей 1992-1995 жж. ішінде айтарлықтай асып түсті.
Инфляция-бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі
тауар рыноктарының көбінде тепе-теңдік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі.
Яғни, инфляция-бұл жалпы ұсыныс пен сұраныс арасында қалыптасқан
сәйкессіздік. Жеке тауар рыногында сұраным ұсынымнан артық болса, бұл
тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі
инфляцияны қалыптастырмайды. Инфляция-бұл рыноктардың көбінде сұранымның
артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған
елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі. Яғни бағаның өсуін көптеген себептер
қалыптастырады.Айталық, экономиканың конъюнктуралық ауытқуына байланысты
бағалардың өсуін инфляцияға жатқызуға болмайды. Еңбек өнімділігі өскенде
баға деңгейі төмендейді. Бірақ егер негізгі өндіріс салаларында еңбекақы
деңгейі еңбек өнімділігінен тез өскен болса, онда ұлттық шаруашылықта
шығын инфляциясы деп аталатын жағдай қалыптасып, бағалардың жалпы деңгейі
өседі. Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әр түрлі
диспропорцияларға байланысты болатынын еске ала отырып, оның негізгі
себептерін қарастырып көрелік. Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен
табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе-теңдіктің бұзылуы.
Егер тапшылық Орталық банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару
арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады және
инфляцияны қалыптастыруы әбден мүмкін. Екіншіден, егер инвестицияларды
қаржыландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие
беруімен жүргізілетін болса, түптеп келгенде, бұл да инфляцияның себебіне
айналуы мүмкін. Үшіншіден, осы күнгі экономика бағалардың жалпы өсуін ХХ
ғасырда нарық құрылымының өзгеруімен түсіндіреді. Бұл тауарларды көптеген
өндірушілер өзара еркін бәсеке негізінде өндіріп сататын, салалық және
салааралық бәсеке жағдайы болған. Қазіргі рынок- көбінде олигополия түрінде
қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер, ұсынушылар) белгілі
бір деңгейде нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны өзі белгілей
алады. Фирмаолигаполия бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін түсірмеуге
ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі.
Бағаның төмендеуімен өз рыногындағы жағдайды бұзып
алмау мақсатында ірі фирмалар ұсыным икемділігінің артуына кедергі жасауға
тырысады. Төртіншіден, ұлттық экономикалардың ашыла түсуіне, олардың
дүние жүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты
инфляцияның бір елден екінші елге ауысу қаупі артады. Әрине, ұлттық
валютаның бағасын арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда
экспорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі кемиді.
Бесіншіден, инфляцияны тосу деген жағдайға байланысты инфляциялық процесс
өзін-өзі қолдап жалғаса береді. Батыс елдерінде, көптеген экономистердің
пікірінше, инфляцияны тосу психологиясын жеңу антиинфляциялық саясаттың
негізгі мақсаты деп анықталады. Инфляцияны тосу механизмі экономикаға
қалай әсер етеді? Мәселе мынада: адамдар ұзақ уақыт бағалардың өсуін көріп,
олардың болашақта төмендеуінен күдер үзеді де, жаппай тауар сатып алуға
көшеді. Сонымен қатар олар еңбекақы деңгейін көтергізеді. Өндірушілер де
шикізат пен материалдарға және энергияға бағаның өсуін болжап, өздерінің
өнімдеріне бағаны арттыра түседі. Әрбір өндіруші өзін инфляциядан алдын ала
сақтандыру мақсатында өніміне бағаны еселеп көтереді. Нәтижесінде, бағалар
сұраным көлемі анықтайтын деңгейден артып, инфляцияны тосу деңгейіне
көтеріледі.

Сызба 2. Инфляцияға әсер ететін факторлар
Инфляцияның түбегейлі себептері тауар айналымы және тауар өндірісі
аясында болғанымен, оған елдегі саяси жағдайлар да әсер етеді. Инфляцияға
әсер ететін бірінші топтағы ақшалы факторлар- ақшаға сұраныстың тауарлы
ұсыныстан жоғары болуының нәтижесінде ақша айналысы заңы талаптарының
бұзылуы, яғни бюджет тапшылығын жою мақсатында шамадан тыс ақша шығаруға
байланысты айналыстағы ақша массасының көбеюі; халық шаруашылығындағы несие
ақшаларының көптігі; ұлттық валютаның курсын бірқалыпты ұстау үшін
үкіметтің қолданатын тәсілдері; ұлттық валютаның қозғалысын шектеу және
т.б. факторлар. Екінші топқа тауарлар бағасын және шығындарды өсіретін
ақшалы емес факторлар жатады. Олар: қоғамдық ұдайы өндіріс құрылымының
үйлеспеушілігі, шаруашылық механизмінің шығындылығы, мемлекеттің
экономикалық саясаты, оның ішінде салық және баға саясаты, сыртқы
экономикалық іс-шаралары және сол сияқты факторлар.
Шын мәнінде екі топтағы факторлар бірімен-бірі тығыз байланысып,
тауарлар мен көрсетілетін қызметтің бағасын өсіріп, инфляцияға соқтырады.
Инфляцияның өмірдегі көрінісі- тауар бағаларының күрт өсуі. Осы көріністі
американдық ғалым және публицист Дж. Гелбрейт ақшаның тауарды қууы деп
сипаттайды. Инфляцияның алғашқы себебі айналымдағы ақша массасы мен
сатылуға тиіс тауарлар массасы теңдігінің бұзылуы. Мұндай диспропорция,
біріншіден, өндірістің кенет қысқаруынан, екіншіден, айналымдағы тауарлар
массасының аздығына қарамастан, мемлекет өз шығындарын өтеу мақсатында
қағаз ақшаны көп шығаруынан болады. Алайда, айналымдағы ақша массасы
тұрақты болған кей жағдайларда да инфляция болуы мүмкін.
Мысалы, 40-70 жылдарда АҚШ-та айналымдағы ақша массасы бір қалыпта
болса да, айналымдағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтің көлемі қысқарып,
инфляциялық процестер туындады. Бұл ақша айналымының шапшаңдығын арттыру
өзінің экономикалық тиімділігі жөнімен, басқа жағдайлар өзгермесе,
айналымға қосымша ақша массасын шығарғанға тең.
Инфляция кезінде капитал өндіріс аясынан айналысқа құйылады, себебі
айналым аясының жылдамдығы көптеген пайда түсіреді. Бірақ ол инфляция
әсерін күшейтеді, несиені өндіріске салынатын инвестицияны және тауарлар
ұсынысын қысқартады. Сөйтіп, инфляция факторлары екі жақты- тауарларды
шығаруға және сатуға; ақша массасын және айналым жылдамдығын өзгертуге әсер
етеді.
Инфляция- өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-
бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен
коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын
күрделі, әрі көп факторлы құбылыс.

1.3. Инфляцияның түрлері
Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі бір
комбинациясы қалыптасады. Айталық, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс
Еуропа елдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция қалыптасқан.
Бұрынғы Кеңес Одағындағы инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік
жоспарлау жүйесінде қалыптасқан болады. Батыс елдерінің экономистері
жасаған теорияларда альтернативті (балама) концепция ретінде сұраным
инфляциясы және шығын инфляциясы анықталады. Бұл концепцияларда
инфляцияның қалыптасу себептері қарастырылады.
Сұраным инфляциясы жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-
теңдіктің сұраным жағынан бұзылуын білдіреді. Бұл жерде мемлекет
шығындарының артуы, өндіріс және еңбек ресурстарының толық іске қосылған
жағдайында өндіріс құралдарына қосымша сұранымның қалыптасуы және
тұрғындардың тұтынушылық мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы
мүмкін. Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайда айналымдағы
артық төлем ақша массасы қалыптастырады. Шығындар инфляциясы өндіріс
шығындарының өсуінен туындаған бағалардың жаппай өсуін білдіреді. Өндіріс
шығындарының өсуі монополиялық немесе олигополиялық бағалардың
қалыптасуынан, мемлекеттің қаржы саясатынан, шикізат пен энергия
ресурстарына бағаның өсуінен және басқа себептерден болады. Бағалардың өсуі
тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының
номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды. Үкімет инфляция шығындарының
орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады. Бағалардың жаппай өсуі
табыстарды индексациялауға мәжбүрлейді, бұл өндіріс шығындарын арттырады,
яғни инфляцияның одан да жоғары көтерілуіне себеп болады. Табысты
индексациялау бағдарламасы экономиканың әртүрлі салалары үшін бірдей болуы
мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау барлық топтар үшін
бірдей болмайды. Инфляцияның әр түрін оның басқа түрінен ажырату өте қиын,
олар өзара тығыз байланысты түрде қалыптасып дамиды. Мысалы, еңбекақының
өсуі
табыс инфляциясының себебі ретінде көрінуі мүмкін.
Шет ел мамандары инфляцияның өту қарқынына байланысты оны үш
түрге бөледі: а) баяу немесе сұлама инфляция;
б) қарқынды инфляция;
в) ұшқыр немесе гиперинфляция.
Баяу инфляция кезінде баға жай өседі де (жылына 10-20%-тен аз) ақша
негізінде өз құнын сақтап қалады. Мұндай кезде халықта да, мемлекетте
төтенше жағдайда тап болмайды. Нарықтық экономикада инфляция 2-3%
деңгейінде қалыпты құбылыс деп есептеледі. Мысалы, 1992жылы инфляция
Францияда- 2,7%, Германия мен АҚШ-та- 3,8% құрады. Қарқынды инфляция
кезінде баға жылына 10-20%-тен 200-300%-ке дейін өседі. Соның салдарынан
жалақы өсіп, ал бағаның одан әрі өсуіне әкеп соқтырады. Ал ұшқыр инфляция
кезінде ақшаның саны мен баға астрономиялық қарқынмен (500-1000%-тен
жоғары) өседі. Баға мен жалақының арасы алшақтап, бай адамдардың да тұрмыс
тіршілігі қиындай бастайды. Экономикалық тарих ұшқыр инфляцияның
таңқаларлық мысалын келтіреді. Инфляция 1985жылы Боливияда- 3400%, 1990жылы
Аргентинада- 2000% құрады.
Шет ел нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдік нысандарына байланысты
инфляцияны ашық және басылыңқы деп бөледі. Еркін баға белгілеу
экономикасына тән ашық инфляция бағаның тауарлар мен қызметтерге созылмалы
артуы түрінде көрінеді. Ашық инфляция кейбір тауар нарығындағы бағаның
оқтын-оқтын төмендеуімен немесе оның өсуінің баяулауымен сыйыса береді. Ал
ол ашық инфляцияның нарық механизмін едәуір бұрмалағанымен әйтсе де оны
толық бүлдіре алмайтынын көрсетеді.
Жасырын инфляция деп аталатын басылыңқы инфляция реттелмелі бағалар
қолданылатын экономикаға тән, ал тауар тапшылығында өнімнің сапасының
нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда, астыртын экономикада, бартерлік
айырбастың дамуында көрінеді. Басылыңқы инфляция, ақшаның жалпылама төлем
қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін
атқара алмаған жағдайда тауар бағасын сұраным мен ұсынымның тепе-теңдік
бағасынан төмен ұстап отыруды мемлекетпен қолдау нәтижесінде пайда болады.
Мұндай жағдай ұзақ уақыттан бері біздің экономикамызға тән болып отыр.

Сызба 3. Инфляциялық шиыршық
Басылыңқы инфляция өнім сапасының төмендеуімен, ақшаның амалсыз
жиналуымен, астыртын экономиканың, бартерлік келісімнің дамуымен көрінеді.
Басылыңқы инфляция мемлекет тауар бағасын сұраным мен ұсыным тепе-теңдігі
бағасынан төмендеуін қолдау әсерінен туады, онда ақшалар жалпы төлем құралы
және тауарларды бөлу өлшемі ретінде қызметін атқарудан қалады.
Инфляция баға индексі арқылы өлшенеді. Ағымдағы жылдық инфляция деңгейі
төмендегі формуламен анықталады:
Ра-Рө
U=--------------- × 100%
Рө

Мұндағы U- инфляция деңгейі;
Ра- ағымдағы мерзім бағасы;
Рө- өткен мерзімдегі баға.

Инфляция деңгейі, әдетте бір жылға есептеп шығарылады. Тіпті егер ол
бір ай үшін есептелсе де, онда алынған шаманы жылма- жылдық деңгейге дейін
жеткізу керек. Мысалы, 1994жылдың қаңтар айында инфляция деңгейі 105,8%
құрады делік, осы шаманы 12-ге көбейітсек, онда бір жыл ішіндегі инфляция
деңгейінің 1269,6% құрайтынын көреміз. Инфляция теңгермелі түрде болуы
мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың
бір жылдық өсуіне сәйкес процент ставкасы да өседі. Нарықта тепе-теңдік
сақталады. Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке тауар топтарына баға
бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі. Сонымен, инфляция тосылған және
тосын болып екіге бөлінеді. Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға болады
немесе оны үкімет арнайы мақсатпен жоспарлайды. Тосын инфляция бағалардың
кенеттен және тез өсуінен көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық
жүйесін бұзады.
Нақты экономикалық өмірде инфляцияның бұл түрлері және оларға
ілеспелі салдарлар тығыз тоқайласады, өзін өзара толықтырады, бұл
инфляциялық шиыршық деп аталынатынды тудырады, бұл кезде өндірістің
тұтынылатын компоненттері баға мен еңбекке ақы төлеудің өсуі нәтижесінде
шығындардың көбеюі шығарылатын өнім құнының артуына соқтырады, мұндай
өнімді тұтыну жалақының және экономиканың шектес секторларында материалдық
шығындардың қосымша өсуін талап етеді және осылайша шексіздікке кете
береді. (Сызба 3).

2. Қазіргі кезеңдегі инфляцияның экономикаға Әлеуметтік-экономикалық
аспектілері арқылы Әсер етуін талдау

2.1 Инфляцияның экономикаға және саясатқа тигізетін әсерін талдау
Инфляцияның философиясы мынада: бірте-бірте теңдеуіне байланысты
экономиканы уақытша жандандыратын фактордан ұдайы өндіріс процесіне кедергі
жасайтын факторға айналады. Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді,
экономикалық өсудің пропорциясы бұзылады, ақша- несие, қаржы және валюта
механизмі бүлінеді, елде әлеуметтік- экономикалық тұрақсыздық күшейеді.
Инфляция халықаралық экономикалық қарым-қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы
өндіру шарттарын бұзады, капиталды экономиканың ең пайдалы салаларына
салуды ынталандырады, экономикалық қылмыстар мен астыртын экономиканың
дамуын жеделдетеді.
Өнеркәсібі дамыған елдерге жылжымалы инфляция тән, яғни жылдан жылға
ауысатын бірқалыпты ақшаның құнсыздануы. Батыс экономистерінің жобалауынша
инфляцияның бұл түрі өндіріс пен жалпы ұлттық өнімнің өсуін ынталандыруы
мүмкін. Ал дамушы мемлекеттерде қарқынды және ұшқыр инфляция басымдау
болады. Инфляцияға әсер ететін факторлар, оның түрлері және инфляцияның
әлеуметтік-экономикалық зардаптарын жою шаралары да әр елдің экономикалық
өсуінің ерекшеліктеріне байланысты болады. Дамушы елдерді инфляцияның даму
жағдайлары мен оған әсер ететін факторларға байланысты төмендегідей
жіктеуге болады.
Бірінші топтағы елдерге Латын Америкасының дамушы мемлекеттері
жатады, оларда 80жылдардың аяғы-90жылдардың бас кезінде экономикалық тепе-
теңдіктің жоқтығы, мемлекет бюджетінің тұрақты тапшылығы, ішкі саясатта
ақша шығару станогы мен үнемі индекстеу механизмінің қолданылуы байқалып,
ол сыртқы экономикалық ортада жүйелі түрде ұлттық валютаның курсы
төмендеді. Никарагуада, мысалы, 1990ж. ақшаның құнсыздануы 8500 процентке,
Перуде- 8291,5 процентке жетті.
Екінші топқа Колумбия, Эквадор, Венесуэла, Бирма, Иран, Египет,
Сирия, Чили елдері кіреді, оларда да экономикалық тепе-теңдіктің жоқтығы
байқалып, ал қаржы саясатында аз қаржыландыруға және несиелік экспансияға
(несиені ұлғайту) ерекше көңіл бөлінді. Бұл елдерде қарқынды инфляция
сақталып, бірен-саран индекстеу жүргізілуде, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі
сақталуда.
Үшінші топқа жататын елдер- Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея,
Біріккен Арабтар Әміршілігі, Катар, Сауд Аравиясы, Бахрейн- жеткілікті
деңгейде экономикалық тепе-теңдігі бар мемлекеттер. Оларда жылжымалы
инфляция (1-5%) сақталуда, бағаға қатаң бақылау енгізілген.
Экономикасы дамыған нарық жағдайында жұмыс істеуде. Инфляцияға қарсы
шаралар ретінде тауарды сыртқа шығару және шетел валютасының құйылуы зор
роль атқаруда, жұмыссыздық бірқалыпты деңгейде жүруде.
Төртінші топқа дамушы мемлекеттер әлемін теңгерілген бұрынғы
социалистік мемлекеттер кіреді. ( ТМД елдері, Қытай, Польша, Вьетнам және
т.б.). Бұл мемлекеттердегі инфляция жоспарлы бөлу жүйесінен нарыққа өту
барысында туындайтын объективті процестерге байланысты болады. Сонымен
дамушы елдерге тән қарқынды және ұшқыр инфляциялардың нысаны- ақша айналымы
жылдамдығының өсуі, ақша массасының жиынтық сатып алу мүмкіншілігінің кенет
төмендеуі және ақша айналысынан ұсақ монеталар түгілі бірте-бірте ұсақ
қағаз купюралардың да жойылуы. Сонымен қатар сыртқы қарыздың өсуі мемлекет
ішінде доллардың немесе басқа шетел валютасының қолданылуына жол ашады. Бұл
процесс инфляцияның одан әрі қарқындануына және елден капиталдың
жетілуіне соқтырады.
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция
баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайдың
(конъюнктураның) уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ
уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады,
қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды. Қарқынды инфляция
шаруашылық тәртіпті бұзады, ірі корпорацияларға да, кіші бизнеске де
айтарлықтай экономикалық зиян келтіреді. Қарқынды инфляция кезінде
конъюнктура екі ұшты болып қалыптасады: нарықты болжау мүмкін емес
болғандықтан бизнесте тәуекелдік (риск) жоғарылайды, іскерлік әрекеттер
күрт қысқарады. Инфляция тиімді макроэкономикалық саясат жүргізуге де
кедергі жасайды. Оған қоса бағалардың әртүрлі өсуі экономикадағы салааралық
сәйкессіздіктерді (диспропорцияларды) ұлғайтады, тұтынушылық сұраным
құрылымын бұрмалайды. Баға өзінің негізгі қызметін- нарықтың объективті
өлшем құралы болу қызметін дұрыс атқармайды.
Инфляция қоғамда ақшадан қашу белсенділігін арттырады, бұл процесс
қарқынды да ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор
жинау мүддесі жойылады, ақша- несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды
тауарға тікелей айырбастау (бартер) туындап кеңейеді. Баға деңгейінің
қарқынды өсуі фискал (қазына) жүйесіне де теріс әсер етеді, экономикада
Танзи- Оливер әсері деп аталатын нәтиже қалыптасады. Бұл әсерді ХХ
ғасырдың 70-жылдары Латын Америкасы экономистері ашып зерттеген еді.
Инфляция салықтан түскен табысты (түсімді) құнсыздандырады. Мысалы, егер
салықтар жылдың үшінші ширегінде (кварталында) есептеліп осы жылдың
төртінші ширегінде төленген болса, онда гиперинфляция жағдайында бюджетке
түскен түсімдер құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты мөлшері азаяды.
Инфляция жағдайында тұрғындардың қолында сақталған ақша қоры құнсызданады,
несие беруші мекемелер мен банктер шығын шегеді.
Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір
елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және
төлем қатынастарын қиындатады. Инфляцияның әлеуметтік салдары да бар, ал
ұлттық табыстың қайта бөлінуіне әкеледі, тұрғындар үшін инфляция қосымша
салық сияқты, бағалардың өсу қарқыны номиналды (ақшалай) табыстың өсуінен
жоғары болады, сондықтан нақты (реалды) табыс азаяды. Инфляцияның зардабы
әсіресе табысы шектеулі әлеуметтік топтар үшін ауыр болады.
Қазақстандағы инфляция барлық ТМД елдері сияқты ел экономикасының
мемлекеттік- монополияланған жүйеден нарықтық қатынастарға өту кезіндегі
өзгерістерге байланысты. КСРО-ның халық шаруашылығындағы инфляция көптеген
жылдар бойы мойындалған жоқ. Социализм жүйесінің экономикасы жағдайында
инфляция болуы мүмкін емес, ол тек капиталистік өндіріс тәсіліне тән деген
үзілді-кесілді тұжырымдар айтылды.
Жұмыссыздық пен инфляцияның өсу қарқыны арасында тұрақты өзара
байланыс болады. Экономикалық ғылымда бұл құбылыс Филипс қисық сызығы деп
аталады. Бұл Филипс қисық сызығы график түрінде былай көрінеді: (4-сызба).
Филипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздықпен инфляция деңгейінің
өзара өзгеруін көрсетеді. Мұндай қисық сызық нысаны, жоғары жұмыссыздық
жағдайында инфляция төмен болатынын білдіреді. Және керісінше,
жұмыссыздықтың азайуы жиынтық сұранымды арттырды, бағаның өсуін
итермелейді.

Сызба 4. Филлипс қисығы ( инфляция мен жұмыссыздықтың байланысы)

Батыс елдерінде жұмыссыздық деңгейімен инфляция деңгейінің арасындағы
өзара байланысты талдау негізінде жиынтық сұранымды реттеудің экономикалық
саясатымен оларды азайтудың шаралар жүйесі жасалып шығарылды. Швед
экономист-ғалымдары Еста Ген (1913ж. туған) және Рудольф Мейднер (1914ж.
туған) 50-жылы жұмыссыздыққа қарсы әрекет етумен инфляцияны ұстаудың
экономикалық моделін ұсынды. Ол тарихта Ген- Мейднер моделі деген атпен
белгілі. Бірақ филипс қисық сызығындағы қалыптасқан экономикалық
байланыстар жағдайында барынша көп еңбекпен қамтуға қол жеткізу инфляциясыз
мүмкін емес.
ХХ ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік
нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде-бір
елінде қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп
отырады, ал 60-шы жылдардың соңынан бастап экономиканың құлдырау жағдайында
да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі Х1Х ғасырдағы циклдер
үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада стагфляция деп аталады.
Қазақстандағы инфляция барлық ТМД елдері сияқты ел экономикасының
мемлекеттік- монополияланған жүйеден нарықтық қатынастарға өту кезіндегі
өзгерістерге байланысты. КСРО-ның халық шаруашылығындағы инфляция көптеген
жылдар бойы мойындалған жоқ. Социализм жүйесінің экономикасы жағдайында
инфляция болуы мүмкін емес, ол тек капиталистік өндіріс тәсіліне тән деген
үзілді-кесілді тұжырымдар айтылды.
Қазақстандағы қазіргі инфляцияның себептерін нарыққа өтуге дейінгі
инфляцияны тудыратын факторлардан іздестіру керек. Олардың ең бастысы-
шаруашылықты басқарудың жоспарлы-болу жүйесі. Ол шаруашылықтың шығынды
механизмін қалыптастыруға, халық шаруашылығында материалды- ақшалық
үйлесімсіздіктің тууына мүмкіндік жасап, экономиканың барлық салаларына
зиян шеккізді. Әсіресе:
- ұлттық өнімді жинақтау қорына және тұтыну қорына бөліп, соның
негізінде инвестициялық саясат жүргізуде;
- құрал- жабдықтарды өндіру және тұтыну тауарларын өндіру салаларында;
- мемлекеттік баға белгілеу жүйесінде;
- мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысында;
- несиелік және қаржылық ресурстарды қалыптастыруда байқалды.
Қазіргі инфляцияның бар көрінісі- тауар тапшылығы, біздің экономикада
ондаған жылдардан бері байқалуда, оның түпкі себептері:
біріншіден, бұрынғы КСРО-ның 20-жылдар аяғынан бастап бұрынғы
нарықтық құрылымдарды жоя бастауы;
екіншіден, бұрынғы КСРО-ның экономикасында көп жылдар бойы
үйлесімсіздік қалыптасты, яғни бір жағынан өндірістік құрал-жабдықтар
шығаратын ауыр өнеркәсіп жедел қарқынмен дамыса, екінші жағынан, тұтыну
құралдары өндіретін салалар қарқынсыз жәй дамыды. Ол салалар ауыл
шаруашылығы, тамақ, жеңіл және басқа өнеркәсіп салалары. Статистика
мәліметтері бойынша, барлық өнеркәсіп өндірісінде А тобындағы салалардың
үлесі 1928ж- 39,5%, 1940ж- 61%, 1960ж- 72,5% болды;
үшіншіден, бұрынғы КСРО-ның ұлттық табысының жартысынан жуығы
жинақтау қорына кетсе, ал алдыңғы қатардағы өркендеген мемлекеттерде ол- 15-
25 процент болды;
төртіншіден, бұрынғы КСРО-да ұлттық жиынтық өнімнің (ҰЖӨ-нің) 25-30%
ғана тұтыну қорын құраса, өркендеген елдерде ол көрсеткіш 60-65 процент
болды. Жалақыда өте төмен, яғни ол ұлттық табыстың 13 бөлігін құрады, ал
өркендеген капиталистік елдерде ол 23 бөлігі болды.

2.2. Қазақстандағы инфляцияның қалыптасуына экономикалық талдау жасау
Сөйтіп, біздің елде (бұрынғы КСРО-ның бір республикасы болғандықтан)
инфляцияны тудыратын себептер көп жылдар бойы қалыптасты. Қазақстанда 1992
жылдан бастап нарықтық өзгерістер аясында жүргізілген баға белгілеуді
босату шаралары бағаның кенет көтерілуіне, сонымен бірге инфляцияның
қарқындап өсуіне әсер етті. Кейбір тауарлар түріне бағалар бұрынғы күйінде
қалды. Мысалға, нан өнімдері, сабын, пәтер ақылар және т.б. бағалар
өзгеріссіз қалды, себебі оларды мемлекет қолдап отырды. 1992жылы бағаны
босатудың салдарынан тұтынушылық бағалар 30,6 есе өсті.
Негізгі тауарлар мен қызметтерге бағаларды ұстап қалу халықтың
жағдайын жеңілдетпеді. Керісінше, осы мақсатқа жұмсалған мемлекеттік
бюджеттен бөлінген қаражаттар шағын және орта бизнестің құрылуы мен дамуына
жұмылдырылғанда оңды болар еді. Сондай-ақ бұрынғы СССР кезінде 80 жылдардың
соңында біздің республикамызда кооперативтік қозғалыс белсенді дами бастап
еді, алайда мемлекеттік қолдау болмағандықтан 1990жылы тарап кетті. Сол
кезде кооперативтер сатып алушылардың сұранысына әсер ете отырып,
мемлекеттің экономикасын қажетті тауарлармен қамтамасыз етіп отырған.
Сондай-ақ кооперативтер келесідей мәселелерді шешті:
- халықты еңбекпен қамту;
- халықтың табысын арттыру;
- көп түрлі өндірілген отандық тауарлармен ішкі рынокты толтыру.
Егер өз уақытында осы бағытта өкіметтің материалдық құралдары
жұмылдырылғанда, Қазақстан халқы көп жағынан ұтатын еді. Сонда да
кәсіпкердің орта тобы өздері шығарған тауарлардың сапасы шетелдік
тауарлармен бәсекеге түсе алатындығын дәлелдеді. Кооперативтер шығарған
тауарлардың бағасы шетелден әкелінген тауар бағасынан әлдеқайда төмен
болды. Реттелетін бағалардың тізімі 1993-1994ж.ж. ақырындап қысқара
бастағанын атап өткен жөн, бірақ уақыт жоқ болған еді. Ұлттық статистика
агенттігінің мәліметі бойынша 1993жылы тұтыну бағалар индексі (ТБИ) 2265%
құраса, 1994жылы ол 1258,3% төмендеді. Экономикадағы мұндай жағдай
гиперинфляция деп аталады. Мұнда бағалардың өсуі жылына 100%-тен асады.
Халықаралық валюта қоры баға айына 50%-ке өссе, оны ұшқыр инфляцияның
ішіндегі аса ұшқыр инфляция (супер инфляция) деп аталады.
1995жылы өндірістік тауарларға бағалар 40%-ке өсіп, 1994жылы 20 есе
өсуден гөрі бірқалыпта болды. Жылдық тұтыну бағалар индексі 160,3%-ты
құраса, шығарылған өндірістік тауарлар бағаларының индексі 140,2% болды.
Экономикалық жағдайларының деңгейін теңестіру негізінде Қазақстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляция - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы
Инфляцияның теориялық аспектілері
Инфляция қарқынының өсуі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді және керісінше
Алматы қаласының әкімдігінде өткізілген өндірістік тәжірибе бойынша
Экономикалық өсу процесіндегі мемлекеттің қаржы саясатының жағдайы
Бюджеттің экономикалық мәні және ролі
Инфляция және Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты
Инфляцияның экономикалық салдарлары
Қазақстан Республикасындағы инфляция және инфаляциямен күресу жолдары
Инфляцияның түрлері мен факторлары
Пәндер