Әбілқайыр Мұқамбет Ғази Баһадүр хан


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Әбілқайырдың әсербасы қызметіне ұсынылуы.
  2. Бұланты маңындағы шайқас.
  3. Шайқасқа қатысқан қазақ батырлары.

ӘБІЛҚАЙЫР ХАН

ӘБІЛҚАЙЫР, Әбілқайыр Мұқамбет Ғази Баһадүр хан (1693 - 12. 08. 1748) - хан, қолбасшы. Шыңғыс хан әулетінің кіші буыны - Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, шабуылдарды ұйымдастыра білуімен аты шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды (1710- 12. 08. 1748) . 1715ж. Тәукен хан өлгеннен кейін үш жүздің бас хандығы тағына үміткерлердің бірі болды. Бірақ мұрагерлік жолмен Тәукенің ұлы Болат бас хан сайланды. Әбілқайыр қазақ қалмақ қарым-қатынасы мейлінше шиеленісіп тұрған 1716 - 18 ж. Ресей империясынан көмек алу мақсатымен Сібір губернаторы князь М. П. Гагаринге, Уфа воеводасына хат жазып, қазақтардың ахуалын біршама реттеуге ат салысты. 1723 жылға дейін Түркістанда тұрып, одан жоңғар басқыншылары қуып шыққаннан кейін Бұхар мен Хиуа хандықтарының шекарасындағы өзіне қарайтын көшпелі тайпаларға қоныс аударды. Әбілқайыр 1726 ж. Ордабасыдағы халық жиналысында казақ жасақтарының қолбасшысы болып сайлаңды. Бүланты өз-нің жағасындағы (1728), Аңырақайдағы (1729 -30) жоңгарларды талқандаған соғыстарда қолбасшылық қабілеті ерекше көрінді. Аңырақай шайқасында бас қолбасшышылықты өз еркімен Болат ханға бергенімен үш жүздің қолын үйлестіруде көп жұмыс атқарды.

1726-27 жылдарға қарай сұлтандар мен билер басқыншы жауға қарсы барлық қазақ руларын біріктіру жөнінде кең саясат жүргізе бастады. Бұл саясатты мейлінше белсенді жүргізген Кіші жүз ханы Әбілқайыр болды.

1726 жылдың күзінде Бадам өзені маңындағы биік кырка - Ордабасы деген жерде бүкіл қазақ съезі өткізілді. Съезге Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Күшік, Жолбарыс хандар, сұлтандар, Төле би Әлібекұлы, Қаздауысты Қазыбек би, Әйтекеби бастаған түрлі әр рудың билері, даңқы шыққан қолбасшылар мен батырлар шақырылды.

Съезде негізгі мәселе басқыншы жауға бүкіл халықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру туралы мәселе болды. Отанға қауіп төнген жағдайда ру ішіндегі қайшылықтар, барлық жүздерге билік жүргізу жолындағы, жайылым үшін күрес екінші қатарға ығысты. Съезге қатысушылар бірге болуға, өз қимылда-рын үйлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берді.

Съезде талқыланған маңызды мәселснің бірі - бүкіл қазақ жасағының қолбасшысын сайлау туралы мәселе болды.

Осында, Ордабасында Әбілқайыр қазақ жасағының қолбасшысы болып сайланды. А. И. Левшин бұл жөнінде былай деп жазған: «Ортақ іс сол арада бір-біріне адалдыққа ант беру арқылы қастерленді. Әбілқайыр хан бас қол-басшы болып сайланды, сөйтіп халықтық әдет бойынша құрбандыққа шалын-ған бие болашақ табыстың кепілі ретінде қабылданды». Осы жағдайды да ол былай деп аша түскен: «Төнген қауіп ішкі өзара қырқыстарды бітістірді, жалпы келісім туғызып, бәрін бір нәрсеге бағыттады. Тұтас халықтың жиналысында ілгері басудың, ортақ жауға шабуыл жасап, оларды ежелгі қырғыз-қазақ жерінен қуып шығудың негізі қаланды». 1726 жылы Әбілқайырдың сайлануы туралы Н. Г. Аполлова: «Әбілқайыр мәртебесінің көтерілуі әскери шонжарлардың ең ықпалды өкіддерімен (Бөгенбай, Жәнібек, Есет батырлар-мен) байланысты деген түсініктің, сірә, елеулі негізі болса керек», - деп атап өткен.

Әбілқайырдың ұсынылуын А. И. Добросмыслов былай деп бағалаған: «XVIII ғасырдын екінші ширегінін, басында қазақ ордалары хандарының ішіндегі ең күштісі, алғыры және жігерлісі біздің ең жақын көршіміз Кіші орданың ханы Әбілқайыр болды». Батырлар арасынан бүкіл қазақ жасағы-ның сардарбегі болып Қанжығалы Бегенбай сайланды.

Қазақ қоғамының тас-түйін жігерленген көтеріңкі рухы, Ордабасындағы съезде қабыдданған шешімдерде жалпыға бірдей бірлікке қол жеткізілуі Отан соғысындағы күрт бетбұрыстың алғашқы нышаны болды.

Қол жеткен жағдайлар соғыс қимылдарының барысын белгілеп отырды. Сырдария өзенінің орта және теменгі агысы бойындагы кең-байтақ алқап, Арыс өзені мен оның салаларының аңғары, Қаратау сілемдері, Талас өзенінің бойындағы далалық жерлер, Мұғалжар тауларының бір бөлігі жоңғар басқыншыларынан азат етілді. Ұлытаудың шұрайлы да кең-байтақ жайылымдарын қайтарып алмағанмен, оны жаудан біржола азат ету үшін алғышеп жасау қажет болды.

1723 - 25 ж. қазақ жерінің шығысы мен Жетісуды, Сырдарияның орта ағысына дейінгі өңірін басып алған жоңғарлар Ұлытауға қарай бет бұрды. Осы кауіпті кезеңде Ордабасы жиынында біріккен бүкіл қазақ қолының бас қолбасшылығына Әбілкайыр хан сайланды. Бұл жоңғарларға қарсы ұйымдасқан шабуылға шығуға мүмкіндік туғызды. Соның нәтижесінде Ұлытау өңіріне енуді көздеген жоңғарлар 1726 ж. Шүбартеңіз шайқасында қазақ жасақтарынан ойсырай жеңіліс тапты. Мұның артынша Бұланты мен Білеуті өзендері арасындағы кең жазықта шешуші ұрыс болды. Ол тарихқа Б. - Б. ш. деген атпен енді. Онда қазақ жасақтары жеңіске жетіп, жоңғарлар Ұлытауга жеткізбей тоқтатылды. Сол жеңістен кейін майдан кіндігі болған төбе Қалмақ - қырылған атанды. Қанжығалы қарт Бөгембайдың үсынысымен соғыста қаза болған қазақ жауынгерлерінің денесі таудың басына шығарылып жерленді. Өзінің маңыздылығы жөнінен Б. - Б. ш. 1941 ж. Мәскеу түбіндегі жеңіспен тең. Осы оқиғадан кейін жоңғарлар басып алған қазақ жерлерін азат ету кезеңі басталды.

Алайда оқиға мұнымен біткен жоқ. Аттылы жоңғар қолының бір бөлігі Бұланты өзенінің жоғарғы ағысына қарай өтіп кетгі. Бірак бұл жерде де оларды қазақ атты әскерінің жасақтары қуып жетті. Сөйтіп сол жерде жонғарлар тағы талқандалды, тек жекелеген топтарының ғана Ұлытау жағына Майтебе мен Құрайлыдан арғы тауларға кетіп қалуына сәті түсті.

Бұланты-Білеуті жеріндегі жеңістің зор маңызы болды. Ол қазақ жасақ-тарының өз күштеріне сенуіне, халық санасында бетбұрыс жасауға мүмкіндік берді. XVIII ғасырдың 20-жылдарының аяғына қарай жоңғарлар Ұлытау аймағынан ығыстырып шығарылды. Мұндағы соңғы тайталас Жақсы Қон өзенінің жоғарғы ағысына жапсарлас жатқан аудандағы Қарамолда деген жердегі шайқас болды. Жоңғарлар тағы да жеңіліске ұшырады. Бүкіл аймаққа бұл жер «Қалмаққырылған» деген атпен белгілі.

Қазақ жасақтарының Бұланты-Білеуті маңындағы жеңісінің тағы бір жағы - стратегиялық тапқырлығында болды. Қазақ жасақтарының Бұланты-Білеуті маңындағы жеңісі Аңыракай шайқасының табысқа жетуін анықтап берді.

Бұланты шайқасы қазақ жасақтарының жеңіске деген орасан зор ерік-жігерін көрсетті. Өз заманының аса көрнекті қолбасшылары жеке қол басқарган Қаракерей Қабанбай, Шакшақ, Жәнібек, Тама Есет, Бәсентиін Малай-сары, Тарақты ер Байғозы және басқалар Әбілкайыр хан мен Қанжығалы Бөгенбайдың жалпы басшылығымен ынтымақты қимыл жасай отырып, жасақтарды ұрысқа бастады. Жасақтарды қаруландыру жөнінде Шақшақ Жәнібек зор ұйымдастырушылық жұмыс істеді, Дархан ұстаның басшылық етуімен Ұлытауда қару шеберлері еңбек етті.

Қазақ жасақтарының жаугершілігі туралы Я. Гавердовский: «Сауыткиіп алған олар, нақ сол аңыздарға қарағанда, өршелене шайқасқан және шайқас алаңын көбінесе өздерінің нық басқан табанымен таптап өткен».

Қанжыеалы Бөгенбай Ақшаұлы (1680-1778) - қолбасшы, бүкіл қазақ жасатарының қолбасы, дипломат, жоңғарларға қарсы бүкіл халықтық азат етушілік Отан соғысын аса көрнекті ұйымдастырушылардың бірі. Оның жа-сақтары жайық қазақтарымен, жоңғарлармен, Цин империясының қарулы күштерімен шайқасқан.

Қаракерсй Қабанбай (Ерасыл) Қожағұлұлы (1691 -1769) - қолбасшы, халық батыры, қазақ халкын жоңғар басқыншыларынан азат ету жолындағы күресті ұйымдастырушылардың бірі. Түркістанды қорғау кезінде (1724), Алакөл (1725), Бұланты, Аңырақай, Шығанақ шайқастары мен басқа да шайқастарда найман жасағын басқарған.

Қабанбайдың әйелі Гауһар (Малайсары батырдың қарындасы) күйеуі-мен бірге көптеген шайқастарға қатысқан. «Атадан ұл болып тума, ер болып ту» деген сол Гуаһардан қалған. Абылай хан Қабанбайды елден ерек шыққан Дарабоз деп атаған, оның ерліктері туралы таралған аңыз-әңгімелер көп. .

Шақшақ Жәнібек- қолбасшы, мемлекет қайраткері, дипломат, жоңғарларға қарсы азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірі. Жоңғар батырларымен жекпе-жектерде талай рет жеңіп щыққан. Қазақ-орыс қатынастарын нығайтуды белсене жақктады. Оның тандауы жөне батыл қолдауы бойынша Абылай сұлтан Орта жүздің ханы болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбілқайыр хан
Әбілқайыр хан(Мұқамбет Ғази Бахадүр хан)
Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан (1693 — 1748)
Әбілқайыр хан- Кіші жүз ханы
Әбілқайыр хан туралы
Әбілқайыр (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) (1693 — 12.08.1748)
Кіші жүз ханы - Әбілхайыр
Әбілқайыр хан жайлы
Керей хан - қазақ хандығының негізін қалағандардың бірі
Әбілқайыр ханның өмір жолы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz