Омыртқалылар дене құрылысы


Тема1 . Омыртқалылар дене құрылысының жоспары
Сабақтың мақсаты: омыртқалыларға морфологиялық сипаттауда пайдаланатын бағыттар мен жазықтардың негізгі терминдерін меңгеру.
Құрал жабдықтар мен материалдар
- Жазықтар мен бағыттардың схемалары мен кестесі.
- Скелеттер мен сүйектер
Органдардың кеңіңстіктегі орнын анықтау мақсатында бір-біріне перпендикуляр үш жазықты - сагиттальдық, фронтальдық және горизонтальдық жазықтарды қолданады.
Сагиттальдық жазықтық (латынша sagitta - садақ оғы) денені алдынан артына қарай вертикальдық бағытта кесіп өтеді. Сагиттальдық жазықтық денені дәл ортасынан оң және сол симметриялық бөліктерге бөлсе, медиандық (орталық) жазықтық болып аталады.
Фронтальдық ( frontis - мандай) жазықтық сагиттальды және горизонтальды жазықтарға перпендикуляр өтеді. Оның бағыты маңдайға параллель болады. Денені алдыңғы және артқы бөлімдерге бөледі. Сагиттальдық және фронтальдық жазықтар вертикальдік болып та есептеледі.
Горизонтальдық жазықтық жер бетіне параллель өтеді; денені жоғарғы және төменгі бөліктерге бөледі.
Органдардың горизонтальдық жазықтыққа қатынасын белгілеу үшін төменгі терминдерді пайдаланады:
Краниальдық (лат. cranium - бас қаңқасы) - басқа жақын орналасуы, каудальдық (лат. cauda - құйрық) - дененің төменгі бөлігіне жақын орналасуы; вентральдық (лат. vinter - іш) - дененің алдыңғы бетіне жақын орналасуы; дорзальдық (лат. dorsum - арқа) - дененің арқа бетіне жақындау орналасуы.
Орта жазықтан шетірек жатқандарды латеральдық (лат. lateralis - бүйір), орта жазықтыққа жақындау орналасқандарды медиальды (лат. madialis - ортасы) деп белгілейді.
Қол мен аяққа қатысты орналасуды белгілеу үшін «проксимальдық» және «дистальдық» деген терминдерді пайдаланады. Проксимальдық (лат. proximalis - жақын) - тұлғаға жақын орналасқан. Қол мен аяқтың бөліктерін белгілеу үшін қолданылады, ал дистальдық (лат. distalis - алыстағы) - қол мен аяқтың тұлғадан алыстау орналасқан бөліктерін белгілеу үшін пайдаланылады.
1 сурет. Жазықтар: I - сагиттальдық; II -сегментальдық немесе трансверсальдық; III - дорсальдық (фронтальдық) ;
бағыттар: 1 - назальдық; 2 - ростральдық; 3 - краниальдық (аборальдық) ; 4 - каудальдық; 5 - латеральдық; 6 - плантарлық; 7 - дорсальдық; 8 - медиальды; 9 - краниальное; 10 - вентральдық; 11 - пальмарлық; 12 - проксимальдық; 13 - дистальдық; 14 - аксиальды; 15 - абаксиальды
Тема 2-3. Сүйек ұлпасының құрылысы, дамуы, маңызы
Сабақ мақсаты:
- Сүйек ұлпасының шыгу тегі және типтері
- Сүйек ұлпасының дамуы немесе остеогенез
- Ұзын сүйектер құрылысы және сүйектер типтерімен танысу
Құрал жабдықтар мен материалдар
- Әртүрлі жастадағы сүтқоректілердің ұзын сүйектері.
- Тығыз және кемікті заттары көрсетілген сүйектің тігінен және көлденең кесіндісі.
Тірі сүйек - организмнің өзгеруге бейім құрылымы. Жас кездегі жұмсақ, иілгіш сүйек өсу процесін аяқтар кезінде тығызданып қатаяды.
Сүйекте тамырлар мен нервтер болады. Атқаратын қызметінің өзгеруімен бірге сүйектің құрылысы да өзгереді.
Өсуші организмнің сүйек ұлпасында клеткалардың үш түрі болады: остеобласт, остеоцит және остеокласт.
Остеобласт - сүйек үлпасын түзуші клеткалар. өсуші сүйек ұлпасынынң бетінде орналасады. Оларға белокты синтездейтін клеткалардың ультрақұрылысы тән. Цитоплазмасында жақсы жетілген гранулалық эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, сонымен бірге РНК болады.
Остеоцит - бөліну қабілетінен айырылған жоғары дәрежеде мамандалған көптеген өсінділермен өзара жалғасқан жұлдыз пішінді сүйек ұлпасының негізгі клеткалары. Остеоциттер сүйек қуыстарында орналасады. Остеоцитттер сүйектің негізгі затын өндеуге және оған қаннан заттарды жеткізуге қатысады. Сүйек құрылысының өзгеруі кезінде остеоциттер қайтадан ұлпаның бетіне өтуі кері остеобластқа айналуы мүмкін.
Остеокласт - көп клеткалардың қосылуынан пайда болған мамандалған макрофагтар. Негізгі қызметі әктенген шеміршек пен сүйеті бұзып+талқандап+сіңіру. Сүтқоректілерге бұл клеткалар остеобластер мен остеоциттердің қосылуынан пайда болады, амфибийлерде - негізгі клеткалардантүзіледі.
Сүйектің жеңіл болуы кемік заттың пластин-каларының ерекше орналасуына байланысты. Тығыз және кемік зат-тардың бірігіп орналасуы сүйектердің мыктылығын тудырады.
Сүйектің микрокүрылымын салыстырмалы - анатомиялык әдіспен зерттеу остеондардың жоғары дәрежеде жіктелген сүйектерге тән екенін көрсетті, ал төменгі сатыдағы сүткоректілерде (мысалы калталыларда) остеондар жетілмеген (Клебанова) .
Сүйек сыртқы жағынан буын беттерін қоспағанда, екі қабаттан - сыртқы талшыкты (фиброзалық) және ішкі сүйектүзуші (камбиялық) қабаттардан тұратын, сүйек, қабығы, немесе периост деп аталатын тығыз дәнекер үлпасының қабатымен қапталған. Периосттан тарай-тын Шарпей-Шафер талшықтары деп аталатын коллаген талшыктары-ның шоғырлары сүйектің ішіне еніп, оны сүйек кабығымен байла-ныстырып сіңірлердің бекуіне негіз жасайды. Сүйектің жетілуі мен жуандап өсуі және зақымдалғаннан кейін оның регенерациясы (қайта қалпына келуі) ішкі остеогендік қабатта болатын сүйек қүрау клетка-ларының есебінен жүреді. Сүйек қабығы қан мен лимфа тамырларына және нервтерге бай келеді.
Сүйек ұлпасы өзіне түсетін ауырлықтың өзгермелі механикалық жағдайларына карай үнемі қайта күрылып отырады. Осы қайта кұралу процесі кезінде кейбір остеондар бүзылып, ал қайсы біреулері жаңа-дан жасалады.
Шеміршек үлпасы
Шеміршек ұлпасында клеткалар (хондроциттер) мен клеткадан тыс талшықтар, құрылысы жоқ негізгі заттың ішінде орналаскдн. Колла-гендік және эластиндік талшыктардың, сол сияқты негізгі заттың са-нына байланысты шеміршек ұлпасының үш түрін ажыратады: гиалинді, эластинді, талшықты шеміршектерді.
Шеміршектердің көп тараған түрі гиалинді шеміршек. Адам мен сүтқоректілердің үрыктарының скелетінің толықтай дерлігі гиалинді шеміршектен түрады, ал ересек организмдерде гиалинді шеміршек сүйектердің буын беттерін жауып тұрады және кеңірдектің, ірі бронх-тардың қабырғасында, қабырғалардың үштарында, мұрын пердесінде болады.
Гиалинді шеміршек үлпасы хондробластылар (шеміршек клеткалары) мен хондроциттер деп аталатын клеткалардан және хондро-бласттардың өндіретін клеткааралық аморфтык заттары мен талшық-тардан тұрады.
Гиалинді шеміршек құрамыңда хондробластылар, фибробластылар, фиброциттер мен жуан коллаген талшықтарының шоғырлары бар пе-рихондр деп аталатын тығыз дәнекер ұлпалық қабықшамен капталған. Олардың арасында қалыптаспаған дәнекер ұлпасының өте жүқа қаба-тымен қапталған қан тамырлары мен нервтер орналасқан. Шеміршек клеткалары ерекше қуыстарда көбінесе топтанып (изогендік топтар) жайғасады.
Құлақ қалканы мен көмейүсті шеміршектің механикалык негізін құраушы эластинді шеміршек ұлпасы оның клетка аралық кеңістігін тесіп өтетін эластинді талшыктарының торымен ерекшеленеді.
Талшыкты шеміршек санның жүмыр байланыстырушы сіңірінде, омыртқааралык менисклерде және сіңірлердің сүйекке бекитін жерлерінде кездеседі. Талшықты шеміршектің гиалинді шеміршектен айырмасы оның коллаген талшыктары аралық затында шоғыр қүрап орналасады.
Сүйектердің дамуы немесе остеогенез
Сүйектер екі әдіспен дамиды: 1) эмбриондық дәнекер үлпасынан (төбе сүйектері мен бет сүйектері), 2) шеміршектің орнына (омыртқа-лар, аяқ пен қолдың сүйектері, бастың негізі және баскалары) түзілуінен.
Бірінші әдістен дамыған сүйектерді дәнекер ұлпалық сүйектер дейді, ал екіншілерін - шеміршектік сүйектер деп атайды. Сүйектердің осы екі түрі де мезенхимадан дамиды.
Эмбриондық дәнекер үлпасынан сүйектің дамуы сүйектің шемір-шек орнына дамуынан ерте басталады.
Сүйектің дәнекер үлпасынан дамуы (десмалық остеогенез)
Сүйектің дәнекер үлпасынан дамуы (десмалық остеогенез) болашақ сүйек орнына коллаген талшыктарына бай және тез көбеюші ұсак клеткалар бар дәнекер ұлпасының дамуымен сипатталады. Сүйек үл пасы пайда болғанға дейін дәнекер үлпасының бұл клеткалары остеоб-ластлерге айналады. Клеткааралық заттың қалыптасуы аяқталғаннан кейін остеобластлер остеоциттерге айналады. Жаңадан пайда болған клеткааралық зат мукопротеидтер мен коллагеннен түрады. Дамудың келесі кезеңінде деполимеризация жүреді, яғни мукополисахаридтер молекулаларының ыдырауы мен олардың қаддыктарының еруі. Осы кезде клеткааралык заттың органикалық белігі толыктай дерлік коллагеннен түрады. Одан кейін клеткааралық заттың әктенуі мен ірі тал-шықты сүйек үлпасының калыптасуы жүреді. Кейін ірі талшыкты сүйек бірте-бірте жойылып, оның орнын пластинкалық сүйек басады. Мүндай кайта қүрылыс клеткалардың екі түрінің - сүйекті талқандаушы остеокластлер мен сүйек түзуші остеобластлердің, тіршілік әрекеттерінің нәтижесінде жүреді.
Шеміршек орнына сүйектің дамуы (хондрлық остеогенез)
Остеогенездің бұл түрінің ерекшелігі шеміршектің талқандалуы-мен жүреді. Хондрлык сүйектің дамуы шеміршектің бетінде жүреді. Осы кезде пайда болған сүйекті перихондрлық сүйекдеи атайды, ал сүйек заты шеміршектің ішінде дами бастап және даму оның клеткалары-ның есебінен жүрсе, ондай сүйек эндохондрлык, суйектер деп аталады.
Дамудың белгілі кезеңінде шеміршек кан тамырлары мен остеобластлерге толып бірте-бірте толықтай немесе жартылай сүйекке алмасады. Жабын, немесе тері сүйектердің бәрі плакоидтік қабыршактардың жеке пластинкаларының қосылуының нәтижесінде пайда болады. Эндохондрлык сүйек пайда болысымен остеокластлар өз қызметін бастай-ды. Олар шеміршекке енетін қаңқа түзуші ұлпаның клеткаларынан пайда болады. Остеокластлер жас эндохондрлық сүйекті бүзады, осы-ның салдарынан үлкен куыстар пайда болады. Қуыстарды толтырушы үлпа ретикулалык үлпаға айналады. Осы ретикулалык ұлпада алғашқы сүйек майына айналатын гемоцитобластлер түзіледі.
Жіліктердің диафиздері перихондрлык сүйектенудін нәтижесінде пайда болады. Диафиздік шеміршектің сүйекке алмасуы оның орта-сынан басталып бірте-бірте сүйектің ұштарына, эпифиздеріне тарайды. Кейін эпифизде өз сүйектену нүктесі пайда болады. Сүйектің үзарып өсуі эпифиз бен диафиздің арасындағы шеміршектің есуі арқылы жүреді. Адам жіліктерінің үзарып өсуі 20-25 жаста аяқталады. Эндохондрлык даму процесі тоқталмаған кезде сүйек кабығы жағы-нан сүйек ұлпасының жаңа қабаттарының пайда болуының нәтижесінде сүйек жуандап өседі. Ересек адамда да сүйек кабығы өзінің белсенділігін сақтайды, осыған байланысты ол сүйек зақымдалған кезде калпына келу процестерінің ошағы болып есептеледі. Сүйектердің қайта қүрылуы организмнің өмір бойына сакталады. Сүйек ұлпасының бұзылуымен бірге оның жаңадан түзілуі жүріп отырады. Сүйектердің жоғары механикалык, көрсеткіштері жаттығу процесі кезінде қалыптасады. Сондыктан дене қимылы адамның денсаулығына қажет.
Сүйектер пішіні
Сүйектердің үлкен-кішілігі мен пішінінің алуан түрлі болуы олардың атқаратын қызметіне байланысты.
Пішініне қарай сүйектерді ұзын сүйектер (жіяіктер), қысқа сүйек-тер, жаяпақ сүйектер және аралас пішінді сүйектер деп бөледі.
Жіліктер аяқ пен қолдың негізін қүрайды және бұлшык еттерге рычаг қызметін аткарады. Жіліктін тығыз заттан тұратын орта бөлігін диафиз деп атайды, ал кемік заттан қүралған жуандау келетін жіліктің ұштары эпифиздер деп аталады. Жілік бастарының жуандап келуі буын-дасатын сүйектердің жанасу беттерінің ауданын арттырып, тіректік мықтылығын күшейтеді. Cүйектnің кемік затының үяшықтарында кейін сарғылт майға айналатын сүйектің қызыл майы орналасады. Диафиздін қуысында да сүйек майы болады.
Сүйектің қызыл майы дәнекер ұлпалык клеткалар мен олардың өсінділерінің және дәнекер ұлпалык талшықтардың жіңішке шоғыр-ларының торы. Осы тордың тұзақтарында дамудың күрделі кезең-дерінен өтуші канның қызыл және ақ клеткаларының аса кеп саны болады. Сүйек майының массасы дене массасына қарағанда анағұрлым басым, дене массасының 4, 6% кұрайды.
Қысқа сүйектерге қол қоспасының сүйектері және өкше сүйектері жатады. Қысқа сүйектер сүйектер жүйесінің мықтылық пен әртүрлі қозғалысты бірдей қамтамасыз ететін және мүмкіншілігіне қарай соққы мен шайкалыстың әсерін әлсірететін жерлерде орналасады. Қыска сүйекті кемікті сүйек деп те атайды, себебі тығыз заттың жұқа қабатымен қапталған кемікті заттан тұрады. Қысқа сүйектерге сіңір-лерден дамитын күнжіт тәрізді сүйектер де жатады. Ірі күнжіт дәні тәрізді сүйектер тізе тобығы, қоспаның бүршақтәрізді сүйегі мен аяк-тың үлкен башпайының негізіндегі екі күнжіт дәні тәрізді сүйектер.
Аралас сүйектерге пішінін дәл жазып жеткізуге болмайтын сүйектер жатады. Мысалы, жоғары жақ сүйек, омыртка, бастың негізінің сүйектері, т. б. Бас қаңқасының кейбір сүйектерінде ауаға толы қуыс-тар болады. Мүндай сүйектерді ауалы сүйектер деп атайды (жоғарғы жақ, мандай сүйек) .
Тема 9. Тістер
- Сабақтың мақсаты: тіс жүйесі құрылысын қайталау; рептилийдер мен сүтқоректілердің тіс алмасу процесі мысалы ретінде тіс жүйесінің әр түрлі деңгейінің қалыптасуын қарастыру (мамонтардың горизонтальды және носортардың вертикальды) .
Теориялық бөлім.
Тістер - қазба жұмыстары кезінде ең информативті және көп кездесетін скелет бөлшегі.
Тістер төменгі және жоғары жақтардың альвеоляр шұңқырларында орналасады. Әрбір тістің сауыты (коронка), түбірі және мойыны бар. Тістің іші қуыс, ол пульпа сүйықтығымен толған.
Тістің негізгі массасы дентін деп аталатын әктелген дәнекер ұлпасының түрінен тұрады. Дентиннің қоректенуі тіс пульпасының есебінен жүреді. Тіс сауытының дентині эмаль деп аталатын эпителийден пайда болатын өте тығыз әктелген ұлпамен қапталған. Тістің түбірі кемік сүйекке ұқсас материалмен - цементпен қапталған. Тіс қуысын қоршаушы дентин одонтобластер ден аталатын ерекше клеткалар қабатының астында жатады. Одонтобластлердің қызметі дентинді түзумен байланысты.
Жалпы сүтқоректілердің тістері дифиодонтты - екі рет тісейді (сүт тістер мен тұрақты тістер) және текодонтты (түбірлері ұяшықтарда орналасқан) . Ал көне амфибияларда тістері субтекодонтты және акродонтты болатын. Сүтқоректілердің тіс жүйесінің гетеродонтизм шайнау актісіне байланысты тістердің жеке топтарының арасындағы еңбек бөлісуінің нәтижесінде пайда болған. Сүтқоректілердің гетеродонттық тістері эволюция процесінде рептилийдің қарапайым гомодонтты тістерінен бірте-бірте дамыған.
Сүтқоректілердің әрбір жоғарғы және төменгі жарты жақта күрек тістер - incissivi, ит (сойдақ) тіс - canini, кіші азу тістер - premolars, үлкен азу тістер - molare орналасады.
Сұтқоректілердің тіс жүйесі жоғарғы және төменгі тістердің бір бірімен сәйкесуімен ерекшеленіп, окклюзия деп аталады.
I 3 C 1 P 3-4 M 3
Сүтқоректілердің тіс формуласы:
I 3 C 1 P 3-4 M 3
Плацентарлы жануарларда тістің шайнау бетінде әр түрлі төмпешіктер пайда болған - негізгі: жоғарғы жақта кондар, төменгі жақта конидтер, қосымша конули және конулиды.
.
Тема 7 . Бас қаңқасы
Сабақ мазмұны
- Тетраподтар қаңқасының негізгі морфотиптерімен және олардың кейбір структуралық элементерінің эволюциялық өзгерістерімен танысу.
- Кейбір типтік тетраподтардың (бақа, көгершін, сұтқоректілер) бас қаңқа құрылысын оқып білу.
Құрал жабдықтар мен материалдар
- Әртүрлі тетраподтардың бас қаңқалары мен томеңгі жақтары.
- Бас қанқалар таблицасы.
Бас қаңқасында төрт морфофункциональды блок белгілі: қаңқа қақпағы, ми сауыты, таңдай комплексі және төменгі жақ.
Қаңқа қақпағы - calvaria: маңдай сүйектері- oss frontale, төбе сүйектері - oss parietale, төбе аралық сүйектерден - os interparietale тұрады. Сагиттальдық жүлге - crista sagittalis (рис. 87, 88) - күмбездің ортасынан өтеді. .
Сүтқоректілерде көз шарасының маңайында тесіктер - foramen supraorbital болады (жыртқыштарда болмайды) .
Бас сүйек артқы жағынан үлкен шүйде тесігін - foramen occipitale -magnum қоршап тұратын шүйде сүйегімен - os occipitale- шектелген.
87 сурет. Қаңқа қақпағы эволюция. (қаңқа үстіңгі жағынан суреттелген)
а - примитивті пеликозавр
б - кейіңгі перм кезеңіндегі терапсида; в - прогрессивтік триас терапсидасы;
г - ит; 1 - maxillare; 2 - premaxillare; 3 - nasale; 4 - lacrimale;
5 - prefrontale; 6 - frontale; 7 - postfrontale; 8 - postorbitale;
9 - шүйде тесігі; 10 - postparietale; 11 - supraoccipitale;
12 - parietale; 13 - tabulare; 14 - supratemporale; 15 - squamosum;
16 - jugale; 17 - preparietale; 18 - septomaxillare; 19 - occipitale;
20 - exoccipitale; 21 - prooticum; 22 - самай сызығы;
23 - сагиттальды жүлге (Ромер, Парсонс, 1992)
Сүтқоректілердің бас сүйегіне тән процесс бастапкы кездегі бірнеше жеке сүйектердің өзара косылып сандарының кемуі. Ми сауытының сүйектері жүп және так болып бөлінеді. Самай мен төбе сүйектері жүп болып келеді, ал мандай, шүйде, негізгі, немесе сынатәрізді, жәнетор сүйектер так сүйектер.
Бет бөлімі.
Бас сүйектің бет бөлімі көбінесе жүп сүйектерден күралған, атап айтқанда жоғары жак, тандай, бет, мүрын, көз жасы сүйектері. Соны-мен бірге бет бөлімінін құрамында екі так сүйек болады - төменгі жақ пен түрен сүйегі.
Бас сүйегінің висцеральдық бөлігі эктодермадан туындайтын мезенхиманың есебінен дамиды. Бас сүйектің бет бөлімінің сүйектерінің көпшілігі - жоғарғы жақ, тандай, шыкшыт, мүрын, көз жасы сүйектері жүп келеді, ал төменгі жақ пен танау сүйегі дара сүйектері.
Бет сүйектерінің ішінде жогарғы жақтың { maxilla, верхняя челюсть) рөлі ерекше. Жоғарғы жақ күрылысы күрделі жұп сүйек, алуан түрлі кызмет атқарады. Атап айтканда, көз шарасы мен танау куысын құрауға қатысады, мұрын куысын ауыз куысынан бөліп тұратын бөл-менің негізін құрайды және көптеген бет бұлшык еттерінің бекитін орны.
Мұрын сүйектер - os nasale. Астыңғы және шет қабырғалары жоғары жақ сүйектерінен құрылған - maxillare. Орбитаның алдыңғы шеті (foramen orbitale) сформирован көз жасы сүйегінен құралған os lacrimale. Жақ аралық сүйек os incisivum (premaxillare) жоғарғы жақ сүйегінен ростральды рет орналасқан.
7. 2. Төмеңгі жақ
Төменгі жақ {mandibula, нижняя челюсть) . Бас сүйектін бірден-бір қозғалмалы сүйегі. Көбінде так болғанымен сәби өмірінін бір кезінде қосылып-бітісіп кететін жұп құрылымынан пайда болады. Сүтқоректілердің көпшілігінде төменгі жақ өмір бойы жұп күйінде қалады. Төменгі жақтың денесі мен екі бұтағын ажыратуға болады. Бүтактар екі өсінді құрап аяқталады. Алдыңғы бүтағы шайнау бүлшық еті бекитін тәждік өсіндісі, ал артқысы самай сүйекпен буындасатын буын өсіндісі; оның басы мен мойнын ажыратуға болады. Мойынның алдыңғы бетінде сыртқы канат тәрізді бүлшык ет бекитін қанат тәрізді шүнкыр деп аталатын шүқыр болады (30-сурет) . Төменгі жақ денесінде тістер орналасатын ұя болады, осыған байланысты оны альвеолалық өсінді дейді. Төменгі жак бас сүйекке тікелей бекиді, оның буын басы буын шүңқырына кіріп түрады.
Нижняя челюсть (mandibula) (рис. 90) состоит из: венечного отростка (processus coronoideus), суставного отростка (мыщелка) condilus (бывшая сочленовная кость) .
Жақ аралық сүйек тіс сүйегі - dentale мен симфизден құралған. Диастема - бұл ит тіспен азу тістер аралығы.
Тема 4-6 Посткраниальды скелетінің құрылысы
Сабақ мазмұны
- Тетраподтар негізгі морфотиптерімен және олардың кейбір структуралық элементерінің - омыртқалар, иық және бел белдеу, қол және аяқ сүйектерінің эволюциялық өзгерістерімен танысу.
- Бақа, қой, мысық, мамонт омыртқаларының құрылысын оқып білу
Құрал жабдықтар мен материалдар
- Тетрапод скелеттерінің суреттері мен бөлек сүйектер.
Қаңқа скелеті.
Омыртқа (позвонок, vertebra) - серпімді шеміршек арқылы біріккен. Шеміршектің қызметі арқылы омыртқа жотасы иілу қабілетіне ие болады. Әрбір омыртқаның денесі, догасы және бірнеше өсіндісі бар. Олар: білікті, көлденең, буындық өсінділер. Омыргқаның ең узын білікті өсіндісі артқа қарай шығып түрады. Омыртқаның денесі мен доғасының аралығыпда тесік бар. Барлық омыртқалардың тесігі бірігіп омыртка жотасының өзегі пайда болады. Оның ішінде жүлын орналаскан. Омыртка жотасы жүлынға берік қоргаушы қызметін атқарады.
Омыртка доғасының 2 жогарғы, 2 төменгі буын өсіңдісі бар Омыртка денесі маі доғаның біріккен жерінде, жогарғы жак темеңгі жағыңда, ойық бар Омыртка жотасындағы барлық омыртка біріккеңде, олардағы ойыктан, омыртка аралық тесік пайда болады. Омыртка аралық тесіктен жүлыннан шығатын жүйкелер мен кан тамырлары өтеді.
Омыртқа типтері:
- Амфицельды - екі жағынан ойықша келеді
- Ацельды - екі жағынан тегіс (сүтқоректілерде) .
- Процельды - алдыңғы жағынан ойықша, артынан дөңес (рептилийдерде) .
- Опистоцельды - омыртқаның артқы жағы дөңес (сүтқоректілердің мойындарында) .
- Гетероцельды - ертоқым тәрізді (құстардың мойындарында) .
Омыртқа жотасы эволюция барысында келесі бөліктерге бөліңген:
мойын
сегіз көз алды
дене арқа кеуде
сегіз көз бел
құйрық
5. Қол скелеті
Қол скелеті иық белдеуінің скелеті мен колдың өз скелетінен түрады.
Иық белдеуі
Иык белдеуі байланыстырушы сінірлермен, бұлшық еттермен көкірек клеткасына бекіген және алдыңғы жағынан төс сүйекпен буындаскан екі жауырыннан және екі бұғанадан түрады.
Бүғана (clavicula, ключица) S-әрпі тәрізді иілген жүп сүйек, оның денесін және екі үшын - төстік және акромиальдық ұштарын ажыратады. Екі үшында буын беттері болады, бір үшы төспен буындасса, ал екінші ұшы жауырынның акромиальдық өсіндісімен жалғасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz