Ілияс Омаровтың 100 жылдық мерейтой


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ілияс Омаровтың 100 жылдық мерейтойы елорда төрінде аталып өтті: Ілияс Омаровтың 100 жылдық мерейтойы елорда төрінде аталып өтті
Ілияс Омаровтың 100 жылдық мерейтойы елорда төрінде аталып өтті:
Ілияс Омаровтың 100 жылдық мерейтойы елорда төрінде аталып өтті: 2012-10-17 10:52:15
Мемлекет және қоғам қайраткері Ілияс Омаровтың 100 жылдық мерейтойына арналған рухани кеш кеше Астананың төрінде өтті. Бүкіл ғұмырын қазақтың мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрін және тарихын жандандыруға арнаған тұлғаны еске алуға оның туған-туыстары мен астаналық өнер сүйер қауым және ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай да келді.
Рухани кешті Ілияс Омаровтың өміріне арналған деректі фильм ашты. Артынан сөз алған Дархан Қамзабекұлы осынау тұлғаның қайраткерлік қасиеттері жөнінде айта келе еңбек жолындағы басты жетістіктеріне де тоқталды. Омаровтың отан тарихы, мәдениеті және өнер салаларына сіңірген еңбегі де жиын барысында айтылмай қалған жоқ. Нақтылайтын болсақ, Ілияс Омарұлы Ермұқан Бекмахановтың Қазақстан тарихын шынайы жазып шығуына, Кенесары хан мен Наурызбай батыр жайындағы ақиқаттың айтылуына септігін тигізген жан. Сонымен қатар, ол қиын-қыстау заманда қазақтың ақын-жазушыларына қол ұшын созды. Кезінде Мұхтар Әуезовті сталиндік қуғын-сүргіннен алып қалған азаматтардың ішінде Омаровтың есімі ерекше аталады.
Дархан Мыңбай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:
- Шынымды айтсам, біз министр болып тағайындалғанда, бізге ұстаз бол деп бата беретін. Жеке менің басыма еліміздің талай ардақты азаматтары «Ілияс Омаров ағаңдай бол» деп бата бергенін мен өзім үшін құрмет санаймын. Ұлт мәдениетінің біртуар тұлғасы, қазақ руханиятының маңдайалды өкілі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ілияс Омаровтың ғасырлық мерейтойы құтты болсын!
Кеш барысында қайраткердің көзі тірісінде сүйіп тыңдаған әндері орындалды. Сонымен қатар, қазақ зиялыларының Омаров жайында айтқан естеліктері де келген жұрт назарына ұсынылған. Келушілердің қатарында қайраткердің ұлы Тимур Омаров пен бауырлары, немерелері және келіндері бар. Сондай-ақ, Ілияс ағамыздың туған жерінен де бір қауым ел келді бұл рухани кешке.
Тимур Омаров, ұлы:
- Әкемнің көзін көргендер де, көрмегендер де ол туралы қаншама керемет әңгімелер айтып жатыр, бұл мен үшін үлкен қуаныш. Таң қалатыным, менің әкем артынан ешқандай прозалық, поэзиялық туынды қалдырған жоқ, не ән жазған жоқ. Бірақ, оның еңбегі ондаған жылдар өтсе халықтың аузынан түспей айтылып келеді.
Жасыратыны жоқ, әкеміздің жұмысы өте көп болғандықтан, біз оны жиі көрмейтінбіз. Оның үстіне денсаулығы да болмады, төрт рет операция столында болған адам. Соған қарамастан, бізбен өткізген әрбір уақытын бос жібермейтін, түрлі ертегілер, өлеңдер, шығармалар оқып беруші еді жанымызда отырып.
Ілияс Омаров мемлекет және қоғам қайраткері болумен бірге әдебиет сыншысы әрі публицист. Сұрапыл соғыс кезінде жоғары лауазымды қызметте жүріп «Қазақ халқының майдандағы қазақ жауынгерлеріне жазған хатын» ұйымдастырып, 1943 жылдың қысында Алматы қаласында республикалық ақындар айтысының өтуіне, «Қазақ КСР-інің ерте заманнан осы күнге дейінгі тарихының» жарық көруіне ұйытқы болды. Сондай-ақ Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты мен Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның іргетасын қалаушылардың басшысы болып, 1949 жылы Мәскеуде өткен қазақ мәдениеті мен әдебиетінің онкүндігін ұйымдастырды.
І. Омаров халық өнері мен музыкасын, ауыз әдебиетін насихаттауға зор үлес қоса жүріп, халқымыздың ардақтылары Шоқан, Ыбырай мен Абай еңбектерін өнеге ретінде ұсынды. Е. Бекмахановтың қазақ халқының шын мәніндегі тарихын ашық жазуына, Кенесары, Наурызбай батырлар жайында ақиқаттың айтылуына, Исатай мен Махамбет жөніндегі материалдардың жарық көруіне ұйытқы болды.
1967-1970 жылдары еліміздің Мәдениет министрі бола жүріп, Омаров қазақтың эстрадалық өнерін, ұлттық циркті, театр жұмысын жетілдіруге, кәсіби өнердің басқа да салаларын тыңнан дамытуға барынша күш салды. Осы жылдары қазақтың хор капелласын, классикалық және халық билерін ұжымдарын ұйымдастырып, «Жас балет» ансамблін, Жетісай қаласында қазақ музыкалы драма театрын және жастардың эстрадалық «Гүлдер» ансамблін құра білді.
Саналы ғұмырындағы іргелі ісінің бірегейі - көркем шығармаға ынтасы ауып, оқырман қауым мен әдебиетшілер ортасына бірдей танылған сыншылық дарыны еді. Кезінде заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезовтің «Абай» романы туралы «Халықтық эпопея» атты сын мақала жазып, елді елең еткізсе, Ғабит Мүсіреповтің «Оянған өлке» романы туралы мақаласы да сыншылық қарымын кеңейте түскен болатын. Тек М. Әуезов пен Ғ. Мүсірепов шығармашылығын ғана емес, қазақ әдебиетінің асыл қазынасына олжа салған аға буын өкілдері хақында да құнарлы тың пікірлер қалдырып кетті. «Әдебиет туралы ойлар», «Оқушы көзімен», «Серпін», «Шабыт шалқары» атты еңбектері соның бір парасы.
Биік адамгершілігі, азаматтық, қайраткерлік өнегесі, жан-жақты таланттылығы мен білімпаздығы Ілекеңді өз заманының озық ойлы ұлдарының қатарына көтерді. Онымен қоштасуға арналған сөзінде Ғабит Мүсірепов: «Тазалықтан ғана, бауырмалдықтан ғана, айнымас-бұлжымас мейірімділіктен ғана жаралғандай азамат, адамгершілікке, әділетке, жолдастыққа, достыққа кір жұқтырмай өткен бір адам Ілиястай-ақ болар. Үлкендер қатарында кіші емес, кішілер қатарында үлкен емес бір жан еді-ау!» деген екен.
BAQ. KZ Егемен Қазақстан.

Ұлттық рух салтанаты

Аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қазақ руханияты алыптарының бірі Ілияс Омаровтың туғанына 100 жыл толуына орай Қостанайда аймақтық театр фестивалі басталды. Тал-қайыңның, үйеңкінің алтын түстен ауып, тоқсары, қызғылтым тартқан жапырағын мұздай жаңбыры мен суық желі сабалап түсіретін қазан айы Ілекеңнің кіндік қаны тамған топыраққа келіп жатқан төре өнер-театр фестиваліне қатысушыларды кіді мінез танытпай қарсы алды. Қаланың көркіне көрік қосқан театрдың жаңа ғимаратына С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған, Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық музыкалық-драма, Ш. Құсайынов атындағы Ақмола облыстық, Б. Римова атындағы Алматы облыстық, С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық, Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма және Арқалық қалалық драма театрларының әртістері салтанатты қызыл кілем үстімен келіп кірді. фестиваль нақышын келтірген бұл көрініс сонымен қатар өзі аялап өткен театр өнерін алға апара жатқан ұрпағының Ілияс аталарына жасаған тағзымындай көрінді.

Фестивальдың ашылуында облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов жиналғандарды өнер мерекесімен құттықтады, оған қатысушыларға табыс тіледі. Мұнан кейін сөз алған фестивальдың қазылар алқасының мүшесі, белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың, «Тарлан» және халықаралық «Алаш» сыйлықтарының лауреаты Иранбек Оразбаевтың сөзі өте әсерлі шықты.

- Қостанайдың құнарлы топырағы - алыптарымыз Алтынсарин, Шоқан, Міржақып, ең кереметі абыз деген сөз аздық ететін Ахмет Байтұрсынов туған өлке! Бұл поэзия арыстаны Сырбай Мәуленов, қазақ поэзиясының Ғафуы, осында қазақтың арысы десем болар, ондай ақын бәлкім туар-тумас, өмірден ерте кеткен Кеңшілік, көзі тірі Серікбай Оспанов, Серік Тұрғынбеков, Ақылбек Шаяхмет, Нағашыбай Мұқатов жүрген жер! Халқымыз барда әлі де өмірге талай Ілекеңдер келер, сонда қазақ арысым деп басына көтерер! - деп қайырды ақын. Ол Ілияс Омаровқа арнаған өлеңін оқып берді.

Қызыл құрсау қимылдатпаған уақыттың өзінде қазақтың рухын көтерген тұлғаның мерейтойына орайластырылған фестивальға оның ұрпақтары, қос ұлы Дияс пен Тимур да келген екен. Әке жасынан асып, бүгінде ақсақалдықты алып жүрген ұлдары әке туралы тебірене естеліктер айтты.

- Ілияс Омаров - халқының ұлы, кемеңгері, қоғам және мемлекет қайраткері. Ал ол бізге жақсы әке болатын. Әкеміздің арқасында үйімізге қазақтың марқасқалары келетін, бала жастан жақсыларды ғана көріп өстік, - деді Диас Ілиясұлы. Тимур Ілиясұлы әкесі туралы қазақтың, Кеңес Одағындағы белгілі әдебиет және өнер адамдарының айтқан естеліктерінен мысалдар келтірді.

- Қазақ өнеріне тамаша еңбек сіңірген Наталья Сац: «Ілияс Омаровпен он бес минут сөйлескенде бүкіл қазақты жақсы көріп қалдым», деген екен. Артында қалған екі қыз, екі ұлы осындай ар мен кісіліктің тұлғасындай әкеміздің атына дақ салмай өмір сүруге тырыстық. Әкеміз ұлтына, жеріне бөлмей, жақсының бәрін жатсынбайтын. Бірақ өз ұлтының рухын биік ұстайтын. Оның көтерген шаңырағында қазір бірнеше ұлттың өкілі бар. Алайда ұрпағы да атасының жолымен ұлт рухын төмендетпейді! - деп қайырды Ілекеңнің кенжесі Тимур Ілиясұлы.

Аймақтық фестивальға республикадан сегіз драма театр қатысуда. Өнер жарысын І. Омаров атындағы Қостанай қазақ драма театры Қазығұлдың пьесасы бойынша қойылған «Абай» спектаклімен ашты. Фестивальға қатысушы театрлар көрермендер мен қазылар алқасының талғамы мен талқысынан өтетін «Ай тұтылған түн», «Ізгілік формуласы» комедиясын, «Калигула» трагедиясын, «Томирис», «Қыз Жібек», «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы», «Атың өшсін, Герострат» спектакльдерін ұсынды. Фестиваль апта аяғына дейін созылады. Өнер жарысында түрлі аталымдар бойынша оза шапқандарды Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, өнертану кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов бастаған қазылар алқасы таразылайтын болады. Айтпақшы, фестивальға көрші Ресейден де қонақтар қатысуда. Қазылар алқасын П. Чайковский атындағы Челябі музыка институтының кафедра меңгерушісі, профессор, Ресейдің композиторлар және театр қайраткерлері одақтарының мүшесі Анатолий Кривошей және театр режиссері, өнертану кандидаты, Санкт-Петербургтегі «Классикалық театрдың» көркемдік жетекшісі Людмила Мартынова толықтырды.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».

ҚОСТАНАЙ.

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ

Әділхан Құдайбергенов,
тарих ғылымының докторы, профессор

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ілияс Омаров
Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі
Абайтану ғылымын зерттеушілер
Хаттардың жалпы ерекшеліктері мен сипаттамасы
Қазақ мемлекетінің тәулсіздігінен айырылуы, 18-20 ғасырлардағы ұлт-азаттық көтеріліс тарихи маңызы
Ахметтанудың негізін салушылар
Шығарманың көркемдік ерекшеліктері
Отызыншы жылдардағы әдеби сынның негізгі бағыттары
Кекілбаев, Әбіш
Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz