Қазақтың алқа билері



1. ҚАЗЫБЕК БИ КЕЛДІБЕКҰЛЫ
2. ТӨЛЕ БИ ӘЛІБЕКҰЛЫ
3. ӘЙТЕКЕ БИ
4. ТӘУКЕ ХАН
Келдібекұлы Қазыбек би (1665-1765) - қазақтың Тәуке, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Орта жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руынан.
Қазыбектің анасы Тоқмейіл ұтымды да тапқыр сөздерді көп білетін зерек кісі болыпты. Анасы айтқан есті сөздерді кішкентай күнінен жаттап өскен ол ер жете келе өзі де солай сөйлеуге машықтана бастайды. Осы өнерінің арқасында бала биден дана биге айналып, «қара қылды қақ жарған Қаз дауысты Қазыбек би», «алты алаштың ардағы» деген атаққа ие болады. Содан болар Тәуке хан мемлекет тұтастығына жарықшақ түсірмей, халықты бірлікте ұстау үшін үш жүзді өзінен шыққан үш биге билету арқылы басқарғанда, Орта жүзге осы Қазыбек биді тағайындайды. Ол ел басқару ісіне араласып, Қазақ хандығының ішкі сыртқы саясатына елеулі ықпал жасап отырады.
Жоңғар басқыншылығына қарсы халық күресін ұйымдастырушылардың бірі болған Қазыбек би елдің азаттық алуы жолында аянбай тер төгеді. Абылай сұлтан жоңғарлардың қолына тұтқын болып түсіп қалғанда, оны босатып алуға белсене араласады. Сондай ақ ол Ресей, Бұхара, Хиуа мемлекеттері арасындағы еларалық мәселелерге де араласып, бейбітшілік пен достықты дәріптеуші мәмілегер болған, аразды татуластырып, алысты жақындастырып отырған.
«Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан» деп, ол елшілік қызметті де мінсіз атқарған тұңғыш дипломат. Оның тұңғыш рет он сегіз жасында елшілікке атшы болып барып, басшы болып қайтқаны ел аузында әлі күнге аңыз болып айтылады.
XVIII ғасырдың алпысыншы жылдарында Чиң империясы Қазыбекті өз жақтарына тарту мақсатымен оған елші жіберіп, мол сыйлықтар тартады. Бірақ ол Қытайдың қол астына қарауға қарсы болады. Сөйте тұрып, Абылайды Чиң империясымен тығыз қарым қатынас жасауға шақырады.
Үш жүздің ішіндегі шешуі қиын, ең күрделі мәселелердің басы қасында жүріп, хандардың сенімді ақылшысы, халықтың ханға бергісіз биі болған Қазыбек әр кез батыр жинап, ел шаппай, қылыш шауып, оқ атпай ақ ақылымен жол тауып, ел бірлігінің емшісі бола білген. Әбілқайырды өлтіріп, ел бірлігіне сызат түсуіне себепші болған Бараққа: «Сылтауратып сытыла алмайсың, не өліп тынасың, не жөніңмен жеңіп құтыласың, екінің бірі, Барақ» деуі,ақыр соңында оны мойындатып: «Уа, би аға! Айттың сен, көндім кебіңе» деуге мәжбүр етуі тек Қазыбектей айбыны ай жасырған текті бидің қолынан ғана келсе керек.
Шоқан Уәлихановтың «XVIII ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар» деген еңбегінде: «Абылай ханнан үш жүздің батырларының ішінен кімді ерекше құрметтейсіз деп сұрағанда, ол: «Бізге дейінгі ерлерден екі кісіге таңқалуға болады. Оның бірі 90 туысын Қалдан Сереннің тұтқынынан құтқарған қаракесек Қазыбек те, екіншісі өзінің сондай тұтқындағы туысын құтқарған уақ Дербісәлі. Мұның алғашқысы Қалданға өзі барып, сұрап алды. Соңғысы өзінің аулында отырып, жауын қорқытып алды» деп жазады. Бұл заманында ақылымен қатарынан озған дана биіне ел басшысының берген нақ та әділ бағасы еді.
Қазақтың атақты биі. Қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен Тәуке хан Ұлы жүздің биі етіп Төле биді, Кіші жүзге Әйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек биді тағайындайды. Халық ауыз әдебиетінде сақталып қалған аңыздар мен кейбір архивтік мәліметтер бойынша, Қазыбек би Келдібекұлы "Тәуке хан заңдарының жинағын" өндеуге қатысқан. Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет және Абылай хандар тұсында мемлекет басқару ісіне белсене араласып жүрген Қазыбек би ішкі және сыртқы саясат мәселелерінде ықпал ете алатын. Ол — жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі. XVIII ғасырдың 40-жыддары Абылай хан жоңғарлар қолына түсіп қалған шақnа, оны тұтқыннан босатып алуға белсене атсалысты.
XVIII ғасырдың 60-жылдары Цинь империясы Қазыбек биді өз жағына шығару мақсатымен елшілерімен бірге көптеген бағалы сыйлықтар жіберген. Бірақ Қазыбек би Қытай жағына мүлде қарсы болған. Ол Абылайды Цинь империясымен қарым-қатынас жасамауға шақырған.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. ҚАЗЫБЕК БИ КЕЛДІБЕКҰЛЫ
2. ТӨЛЕ БИ ӘЛІБЕКҰЛЫ
3. ӘЙТЕКЕ БИ
4. ТӘУКЕ ХАН

ҚАЗЫБЕК БИ КЕЛДІБЕКҰЛЫ
(1659-1765 жж.)
Келдібекұлы Қазыбек би (1665-1765) - қазақтың Тәуке, Болат, Сәмеке,
Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан
мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған Билер кеңесінің
мүшесі, атақты шешен, Орта жүздің төбе биі, Жеті жарғы аталатын заңдар
кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Орта жүздің Арғын тайпасының
Қаракесек руынан.
Қазыбектің анасы Тоқмейіл ұтымды да тапқыр сөздерді көп білетін зерек
кісі болыпты. Анасы айтқан есті сөздерді кішкентай күнінен жаттап өскен ол
ер жете келе өзі де солай сөйлеуге машықтана бастайды. Осы өнерінің
арқасында бала биден дана биге айналып, қара қылды қақ жарған Қаз дауысты
Қазыбек би, алты алаштың ардағы деген атаққа ие болады. Содан болар
Тәуке хан мемлекет тұтастығына жарықшақ түсірмей, халықты бірлікте ұстау
үшін үш жүзді өзінен шыққан үш биге билету арқылы басқарғанда, Орта жүзге
осы Қазыбек биді тағайындайды. Ол ел басқару ісіне араласып, Қазақ
хандығының ішкі сыртқы саясатына елеулі ықпал жасап отырады.
Жоңғар басқыншылығына қарсы халық күресін ұйымдастырушылардың бірі
болған Қазыбек би елдің азаттық алуы жолында аянбай тер төгеді. Абылай
сұлтан жоңғарлардың қолына тұтқын болып түсіп қалғанда, оны босатып алуға
белсене араласады. Сондай ақ ол Ресей, Бұхара, Хиуа мемлекеттері арасындағы
еларалық мәселелерге де араласып, бейбітшілік пен достықты дәріптеуші
мәмілегер болған, аразды татуластырып, алысты жақындастырып отырған.
Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан деп, ол елшілік қызметті
де мінсіз атқарған тұңғыш дипломат. Оның тұңғыш рет он сегіз жасында
елшілікке атшы болып барып, басшы болып қайтқаны ел аузында әлі күнге аңыз
болып айтылады.
XVIII ғасырдың алпысыншы жылдарында Чиң империясы Қазыбекті өз
жақтарына тарту мақсатымен оған елші жіберіп, мол сыйлықтар тартады. Бірақ
ол Қытайдың қол астына қарауға қарсы болады. Сөйте тұрып, Абылайды Чиң
империясымен тығыз қарым қатынас жасауға шақырады.
Үш жүздің ішіндегі шешуі қиын, ең күрделі мәселелердің басы қасында
жүріп, хандардың сенімді ақылшысы, халықтың ханға бергісіз биі болған
Қазыбек әр кез батыр жинап, ел шаппай, қылыш шауып, оқ атпай ақ ақылымен
жол тауып, ел бірлігінің емшісі бола білген. Әбілқайырды өлтіріп, ел
бірлігіне сызат түсуіне себепші болған Бараққа: Сылтауратып сытыла
алмайсың, не өліп тынасың, не жөніңмен жеңіп құтыласың, екінің бірі, Барақ
деуі,ақыр соңында оны мойындатып: Уа, би аға! Айттың сен, көндім кебіңе
деуге мәжбүр етуі тек Қазыбектей айбыны ай жасырған текті бидің қолынан
ғана келсе керек.
Шоқан Уәлихановтың XVIII ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар
деген еңбегінде: Абылай ханнан үш жүздің батырларының ішінен кімді ерекше
құрметтейсіз деп сұрағанда, ол: Бізге дейінгі ерлерден екі кісіге
таңқалуға болады. Оның бірі 90 туысын Қалдан Сереннің тұтқынынан құтқарған
қаракесек Қазыбек те, екіншісі өзінің сондай тұтқындағы туысын құтқарған
уақ Дербісәлі. Мұның алғашқысы Қалданға өзі барып, сұрап алды. Соңғысы
өзінің аулында отырып, жауын қорқытып алды деп жазады. Бұл заманында
ақылымен қатарынан озған дана биіне ел басшысының берген нақ та әділ бағасы
еді.
Қазақтың атақты биі. Қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен Тәуке хан
Ұлы жүздің биі етіп Төле биді, Кіші жүзге Әйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек
биді тағайындайды. Халық ауыз әдебиетінде сақталып қалған аңыздар мен
кейбір архивтік мәліметтер бойынша, Қазыбек би Келдібекұлы "Тәуке хан
заңдарының жинағын" өндеуге қатысқан. Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет және Абылай
хандар тұсында мемлекет басқару ісіне белсене араласып жүрген Қазыбек би
ішкі және сыртқы саясат мәселелерінде ықпал ете алатын. Ол — жоңғар
басқыншыларына қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі. XVIII
ғасырдың 40-жыддары Абылай хан жоңғарлар қолына түсіп қалған шақnа, оны
тұтқыннан босатып алуға белсене атсалысты.
XVIII ғасырдың 60-жылдары Цинь империясы Қазыбек биді өз жағына
шығару мақсатымен елшілерімен бірге көптеген бағалы сыйлықтар жіберген.
Бірақ Қазыбек би Қытай жағына мүлде қарсы болған. Ол Абылайды Цинь
империясымен қарым-қатынас жасамауға шақырған.
Қазақтың тұтас бір елдігін көксеп, жарғақ құлағы жастыққа тимей, өле-
өлгенше ұзақ та нәтижелі өмір кешкен аты шулы шешен биіміз Қаз дауысты
Қазыбек. Қазақтың үш жүзін бір хандыққа қаратып, оның орта жүзінің тізгінін
берік ұстаған беделді биі, әділ қазы, асқан талант иесі. Тәуке ханның
беделін беркітіп, халқының бірлігін нығайту, қаптаған қалың жоңғарға қарсы
ерлік күрес ашып, ер жүрек қазақ ұлдарын ел мүддесін, ұлтының ар-намысын
қорғауға үндеп өткен дана басшы, салиқалы сөз, салмақты мінез танытып,
жастайынан ақыл-парасатымен жоғарыдан көрінген, өзіндік жол-жосық
бастаулары бар ұшқыр ойлы, жаны таза кемеңгер. Шешімсіз дау қалдырмай, қиын
түйіннің жігін тауып, бойындағы сөз маржанын жеріне жеткізе, сезіндіре
серігілте сөйлеп, күмәнсіз сендіре білген қызыл тілдің шебері, айтыс-
тартыста озып шыққан жүйелі сөздің жүйрігі, тайынбай, тайсалмай, шындықты,
әділетті жақтаған абзал азамат. Халқымыздың басына қайғылы күн туып,
берекесі кеткен ауыр заманында ел жұртын сақтап қалу үшін өмірін сарп еткен
ардагер асқан ақыл иесі. Қара түнек қаптаған қазақ аспанына өмір сәулесін
шашқан жарық жұлдызы.
Жоңғардың басым кезінде, оның аузынан от шашқан қонтайшыларынан
жасқанбай, ешбір қатерден қорықпай, өзіне төнген найзаның бетін қайтарар
қаһарлы тапқыр, алғыр, батыл қимылдарын, өжет сөздерін қоя білген ер жүрек
адам. Қонтайшылардың үш рет тонап кеткен елінің есесін ол осы бір қасиетті
істері арқылы түгел қайтарған екен. Қара күшке қасқайып қарсы барып жеңіске
жеткен.

ТӨЛЕ БИ ӘЛІБЕКҰЛЫ
(1657-1756 жж.)
Әлібекұлы Төле би (1663-1756) - қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет,
Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі
мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған БИлер
кеңесінің мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, Жеті жарғы деп
аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат
тайпасының Жаныс руынан. Шежірешілер тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен
Төлеге дейін бай да, би де шықпаған. Олар қарашоғыр атанған қара шаруа
болған деген дерек береді.
Төле би кезінде оқыған, ірі сауатты, халқының ақындық шешендік өнерінен
тәлім алған адам. Жастайынан ел арасындағы билікке араласып, әділдішімен,
шешендігімен, тапқырлығымен төңірегіне кеңінен танылады.
Казіргі Жамбыл облысыңдағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында
дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан
ордасында қайтыс болған. Казақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен,
Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Құдайберді әулетінің
өкілі болып табылатын Әлібекұлы Төле биге дейін ешкім би де, бай да
болмаған. Төле бидің ата-бабалары қарапайым шаруалар екен.
Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан
бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің
бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында
таныла бастайды.
Ол кезде қазақ пен жоңғар хаңдықтары үнемі жауласып жүретін. Тәуке хан
өлімінен кейін Қазақ хандығы ыдырай бастады.Ұлы жүзді басқарып отырған Төле
би жоңғар басқыншыларына біраз уақыт кіріптар болады. Оларға салық
төлегеніне қарамастан, Төле би саяси басқаруды өз қолына алды. Қазақтардың
басын бірікгіріп, оларды жоңгар бұғауынан құтқаруда Төле би маңызды рөл
атқарды. Кейбір мәліметтер бойынша, Төле би Абылай сұлтанның өрлеуіне де
ықпал еткен. Төле би, Орта жүздің бас биі Қазыбек Келдібекұлы және Кіші
жүздің бас биі Әйтеке Байбекұлы үшеуі Әз Тәукенің бас кеңесшісі болған.
Төле би Тәуке ханның Түркістаңды Қазақ хандығының астанасы қылу, үш жүзді
бір орталыққа бағындыру, бір ғана Қазақ хаңдығын күшейту, туыс қазақ,
қарақалпақ, қырғыз және өзбек халықтарының жоңғар-ойрат басқыншыларына
қарсы әскери одағын кұру туралы шараларды жүзеге асыруға белсене атсалысты.
Сонымен бірге, Төле би Ұлы жүз бен Ресей арасында байланыс орнатып,
дамытуға көп еңбек сіңірді. 1749 жылы немере інісі Айтбай бастаған
елшілікгі Орынбор губернаторы И.И.Неплюевке жібере отырып, ол Ресей
қоластына өтуге дайын екендігін мәлімдеген. Неплюев 1749 жылғы 26
қыркүйектегі жауап хатында Ресейге қосылуға деген ниетін кұптай отырып, екі
ел арасындаіы сауда байланыстарын дамытуды қолға алуды ұсынған.
Қазақ хандығының ыдырау және жоңғарлардың басқыншылық соғысгары
кезеңінде Төле би басшыға тән қасиетін таныта білді. Жоңғарлар жағдайды
пайдаланып, қазақ халқын жойып жібергісі, ал тірі қалғандарын куғын-
сүргінге ұшыратқысы келді. Төле би Қабанбай, Бөгенбай жөне Жәнібек
батырлармен бірге біртұтас халық майданын кұрып, азаттық жолында күрес
жүргізді.
Халық ауыз әдебиетінде Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталып
қалған. Халық арасында Төле би айтты деген мақал-мәтелдер, нақыл сөздер кең
таралды. Шымкентте, Түркістанда және Ташкенттте билік басында болған Төле
би сәулетті ғимараттар салуға да белсене атсалысты. Төле би есімі күллі
қазақ тарихына қатысты ірі оқиғалармен тығыз байланысты.
Тәуке ханның тұсында Төле би Билер кеңесінің мүшесі ретінде
мемлекеттік істердің оң шешілуіне айтарлықтай үлес қосқан, жыл сайын
өтетеін бүкіл халықтық жиынды ұйымдастырушылардың бірі болған. Ол Орта
жүздің төбе биі Келдібекұлы Қазыбекпен, Кіші жүздің төбе биі Байбекұлы
Әйтекемен бірге Тәукенің Түркістан қаласын орталық етіп, үш жүз ұлыстарын
бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп бірегей Қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар
шапқыншылығына қарсы бауырлас қырғыз, қарақалпақ, өзбек халықтарының одағын
құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға белсене қатысады. Бұл Қазақ пен
Жоңғар хандықтарының арасы шиеленісіп тұрған кез болатын.
Тәуке хан өлгеннен кейін Қазақ хандығының іштей әлсіреуіне байланысты
Төле би Ұлы жүзді билеп, жоңғар басқыншылары Жетісуды жаулап алуына
байланысты біраз уақыт соларға тәуелді болады. Бірақ оларға алым салық
төлеп тұрғанымен, саяси билікті өзінше атқарып, ақ табан шұбырындыдан
кейінгі қазақ қауымын біріктіріп, оларды жоңғар феодалдарының езгісінен зат
етуде аса зор ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Ол жоңғар қонтайшысына алым
салық төлей отырып, Абылай ханмен, Барақ сұлтанмен, Шақшақ Жәнібек
батырмен, сондай ақ Қоқан хандығымен байланысын үзбейді. Бұл ретте
жоңғардың Жетісу жерін жаулаған қолбасшыларының бірі Сары Манджаның Төле
бидің үйінде өлуі де біраз жайды аңғартқандай.
Төле би Россия мен Қазақ хандығы арасындағы қарым қатынасты
қалыптастыруға күш салды. 1749 жылы Орынбор губернаторы И.И. Неплюевке
өзінің жиені Айтбай бастаған елшілік жіберіп, Россияға қосылу ниетін
білдіреді.
Төле би жоңғар билеушілерінің арасындағы тақ таласын өршіте қолдап,
ежелгі жаудың іштей әлсіреуіне ықпал жасайды. Абылай хан мен Төле би таққа
таласқан жоңғар нояндарын алма кезек қолдай отырып, ақырында Жоңғар
хандығының құлауын қамтамасыз етеді. Бұл Төле бидің Абылай ханмен бірлесе
жүргізген сырт саясатының ірі нәтижесі еді.
Ел аузында Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталған. Оның
атымен байланысты айтылатын нақыл сөздер, мақал мәтелдер, билік кесімдер де
ел арасына кеңінен тараған. Төле би есімі тек Ұлы жүзде ғана емес, Орта жүз
бен Кіші жүзде де аса құрметпен аталады. Бұл оның бүкіл қазақ халқының
тағдырына қатысты ірі оқиғалардың ортасында жүргенінің айғағы. Бұған Төле
бидің замандасы, тағдырласы Қаз дауысты Қазыбек бидің Төле би дүниеден
өтті деген суық хабарды естігенде: Төле өлді дегенше, дүниеден әділет
өлді десейші. Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін хандыққа Есім жеткен, бұл
екеуіне кім жеткен? деп, жер таянып, көзіне жас алуы да куәлік етеді. Бұл
үш арысқа тірек болған үш асылдың бірінің екіншісіне берген бағасы. Бұдан
асырып, жеріне жеткізіп, айту мүмкін де емес. Өйткені олар қасында бірге
жүріп, бір бірінің қадір қасиетін жете таныған алыптар ғой!

ӘЙТЕКЕ БИ
(1644 - 1700)
ӘЙТЕКЕ Байбекұлы (23.03. 1644, Өзбекстан, Қазбибі тауы, Қызылша м. —
1700, Өзбекстан, Нұрата ауд. Сейітқұл қорымы) — казақ халқының бірлігін
нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім
тайпасының төртқара руынан шықкан. Әмір Темірдің бас кеңесшісі Ораз
қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, кырғыз, қазақ, кұрама жұрты
"Синесоф буа" (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің - үшінші ұрпағы.
Ә. Қоканға (1622 — 35) хан болған Ақшаның немересі, Самарқан өмірі (1622 —
56) Жалаңтөс баһадүрдің немерелес туысы. Әйтеке бес жасында ауыл
молдасынан сауатын ашқан.
Шешендік касиетінің ерте танылуына әкесі Байбек пен Қосуақ бидің
айрықша ықпалы тиеді. Алайда жеті жасынан бастап аталары Ақша хан мен
Жалаңтөс баһадүр Әйтекені өз тәрбиесіне алады. Ол өуелі Самарқандағы
Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс баһадүр салдырған, сән-сәулетімен
әйгілі "Тіллә-кари" (Алтынмен апталған), "Шердор" (Арыстанды) медресесінде
оқиды. Дін, құқық, аспан әлемі, жағырапия, тарих, математика пәндерін,
араб, парсы, шағатай, өзбек тіддерін меңгеріп шығады. Әйтеке Ақша атасынан
ел басқару, елшілік байланыстар жасау жолдарын үйренсе, Жалантөс атасынан
әскери қолбасшылық дәстүрлер мен дағдыларға жаттығады. Баланын он екі
жасында Жалаңтөс атасы, он бес жасында Ақша атасы дүниеден озады. Әйтеке
медресені бітірісімен туған ауылына оралып, әкесі Байбекпен, ұстазы
Қосуақпен бірге ел баскару істеріне араласады.
Сөйтіп жиырма бір жасында бүкіл Бұкара мен Самаркан төңірегіндегі
қазақ, өзбек, қарқалпақ, кұрама жұртының бас биі бодды. Ал жиырма бес
жасында барша Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлады. 1680 ж. Салқам
Жәңгірдің жасы үлкен балалары Уәлі мен Бақыны емес, кішісі Тәукені хан етіп
сайлауға казақ халқының бетке ұстарлары: Әнет баба, Соқыр Абыз, Едіге,
Майлы, Төле, Қазыбек, қарақалпақ Сасық, құрама Мұхаммед, қырғыз Қоқым
билермен бірге Әйтеке би де айрықша ат салысты. Тәуке тақка отырғаннан
кейін алғаш рет ресми түрде айрықша құқты "Хан кеңесі" сайланды. Әйтеке
Кіші жүз жұртының атынан осы кеңестің мүшесі болды. Осы кезде бұрынғы
"Қасым салған қасқа жолдың" "Есім салған ескі жолдың" заман өзгерісіне
орай кейбір тұстарының ескіруіне байланысты жаңа заң үлгілерін жасау
қажеттігі туды. Тәуке хан және жоғарыда аталған билердің қатысуымен 1684 ж.
"Жеті жарғы" қабылданды. Күні бүгінге дейін негізі сақталып отырған ежелгі
Солон заңымен (б.з.б. 7 — 6 ғ.) терезесі тең бұл заңның бытыраңқы елдің
басын біріктіруге, жұртымыздың әл-аукатының артуына, ата дәстүрлеріміздің
сақталуына, ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі зор болды.
"Жеті жарғыға" Әйтекенін ұсынған баптарының ішінде екеуі ғана белгілі.
Ол — "Сүйек құны”, "Өнер құны". 1685 ж. Әлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Би елдің құты
Шара ұлттық драма театрының артисі
Қазақ би өнерi
Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігі. Шешендік сөздердің көркемдік сипаты
Қазақ мәдениетінің қалыптасуы туралы
Қазіргі кездегі алқабилер институтының қалыптасуы
“Алқа билері туралы” заң
Мағжанның өлеңдері туралы
Төле би және оның заманы
Мағжан жұмабаевтың өмірбаяны, шығармалары
Пәндер