Мектептегі мұғалімдердің педагогикалық кәсіби тұлғасын қалыптастыру


Мектептегі мұғалімдердің педагогикалық кәсіби тұлғасын қалыптастыру.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І тарау. Мұғалімдердің педагогикалық кәсіби тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері.
1. 1. Мектептегі мұғалімдердің педагогикалық кәсіби тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық шарттары . . . 6
1. 2. Инновациялық технологияларды пайдалануда мұғалімнің кәсіби
тұлғасын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері . . . 18
1. 3. Мұғалімнің педагогикалық кәсіби тұлғасын
қалыптастыру шарттары . . . 32
ІІ тарау. Мұғалімдердің педагогикалық кәсіби тұлғасын қалыптастырудың әдістемелік негіздері.
2. 1. Дәстүрлі емес сабақтар - мұғалімнің шығармашылығын, кәсіби тұлғасын арттыру негізі . . . 40
2. 2. Мектептің оқу-тәрбие үрдісіне «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын ендіру-инновациялық технологияларды пайдалануда мұғалімнің
кәсіби тұлғасын, шығармашылығын арттыру құралы . . . 44
Қорытынды . . . 48
Әдебиеттер тізімі . . . 50
Қосымша . . . 53
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап болжайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұғымды пайдалану, жылдам өзгертіп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен ұштасып жатуға тиіс. Қазір педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр, оның жүйесінің негізгі ұсатнымдары «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» көрсетілген. Осы тұжырымдамада айқындалғандай, орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. / 1 /.
Сондықтан зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Мұғалімдердің педагогикалық кәсіби тұлғасын қалыптастыру» деп алуды жөн көрдік.
Қазіргі пәндерді оқыту әдістемесі мұғалімнің танымдық қызметі мен ойлау жүйесінің ара-қатынасын анықтай түсуде. Ол мұғалімнің дербестігін, танымдық қажеттілігін қанағаттандырумен қатар, интеллектуалдық ойлау мүмкіндіктерін қалыптастырады.
Оқушының танымдық мүмкіндіктерін арттыруда мұғалім басты рөл атқарғандығын соңғы зерттеушілер анықтап отыр. Мұғалімнің жеке тұлғасы, білімі, өз ісіне және оқушы арасындағы қатынасы, әдістемелік шеберлігі - оқушының білімге деген ынтасын арттырудың кепілі.
Психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде жеке тұлғаның қабілетінің іс-әрекетке ұмтылысын оның өзіндік атқаратын іс-әрекеті ретінде қарасытырады. Мұнда жеке тұлғаның өздігінен атқаратын іс-әрекеті, оның белсенділігімен, тұрақтылығымен, өзіндік сынау мен бақылау және өз-өзіне сенімділік қасиеттерімен сипатталады.
З ерттеудің мақсаты - мектептегі мұғалімдердің педагогикалық кәсіби тұлғасын қалыптастыру, шығармашылығын арттырудың педагогикалық негіздері мен шарттарын анықтау.
Зерттеудің объектісі - жалпы білім беретін мектептің оқу тәрбие үрдісі.
Зерттеудің пәні - жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің кәсіби тұлғасын қалыптастыруды арттыру үрдістері.
Зерттеудің ғылыми болжамы - мұғалімдердің педагогикалық кәсіби тұлғасын қалыптастырудың шығармашылығын арттыру тиімді болады, егер:
- әр мұғалімнің жеке және дара шығармашылық қабілеттері ескерілсе;
- оқу-тәрбие үрдісінде мұғалім оқушылардың пәнге деген шығармашылық қызығушылығын арттыратын тапсырмалар құрастыра алса;
- оқу-тәрбие үрдісінде пәнді оқытуда оқытудың қазіргі жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланса;
- өз пәні сабақтарын шығармашылықпен түрлендіріп өткізсе.
Зерттеудің міндеттері:
- мұғалімдердің педагогикалық кәсіби тұлғасын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;
- мұғалімдердің педагогикалық кәсіби тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау;
Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негізі ретінде жеке тұлғаның дамуы жөніндегі ғылыми тұжырымдар, оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттырудың психологиялық, педагогикалық қағидалары алынды.
Зерттеудің көздері - жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге бағытталған Қазақстан Республикасының Конституциясы, Білім туралы Заңы, бағдарламалары, тұжырымдамалары және зерттеу тақырыбына байланысты жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі озат тәжірибелер, психолог, педагог, әдіскер ғалымдардың ғылыми еңбектері.
Зерттеудің әдістері - зерттеудің болжамын тексеру мен міндеттерін шешу мақсатында: философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерді, педагогикалық тәжірибелерді теориялық талдау, зерттеу тақырыбы бойынша арнайы сауалнама, әңгіме, диагностикалық-тестік байқау жүргізу, тәжірибелік жұмыстар нәтижелерін статистикалық өңдеу, қорытындылау әдістері қолданылады.
Зерттеудің теориялық мәнділігі мен практикалық маңыздылығы:
- мұғалімдердің педагогикалық кәсіби тұлғасын қалыптастыру үшін олардың бойына жалпы азаматтық құндылықтарды үйлестіре дарыту заңдылығының қазіргі жаңа-өркениетті қоғамға өту кезеңінде айрықша мәнге ие болып отырғандығы;
- өскелең ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін олардың бойына ұлттық адамгершілік құндылықтарды дарыту құралы - оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің шығармашылық қабілеттерін арттыратындай танымдық қызығушылықтарын арттыруға үнемі жағдай тудырып отырудың тиіміділігі;
- мұғалімдердің педагогикалық кәсіби тұлғасын қалыптастыруда мұғалімнің шығармалашылығын арттыруда пән сабақтарын түрлендіріп өткізіп, әртүрлі жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланып отыру қажеттілігі.
І тарау. Мұғалімдердің педагогикалық кәсіби тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері.
1. 1. Мектептегі мұғалімдердің педагогикалық кәсіби тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық шарттары.
Педагогтың баларларға тәлім-тәрбие беруі ең алдымен, оның жан-жақты да терең білімді болуын талап етеді. Мұғалімнің білімі, сонымен қатар оның рухани дүниесі, қазіргі адамзат озық мәдениетінің дәрежесінде болуы керек. Білімділік пен мәдениеттілікті бір-бірінен ажыратып қарауға болмайды. Білімді болмай мәдениетті болу қиын, ал әрбір мәдениетті адам білімсіз болса, реалдық шындықта болып жатқан алуан түрлі құбылыстар мен өзгерістерді терең түсінбесе, ондай адам мәдениеттің тек сыртқы көрінісін меңгеріп, ішкі мазмұнынан тысқары қалуы мүмкін. Мұғалімнің мәдениеттілігі оқушыларға зор әсерін тигізеді. Тәрбиеленуші, - деп көрсетті А. С. Макаренко, - тәрбиешіден оның ойын ішкі сезімін, рухани дүниесін қабылдайды, бірақта олардың барлығын қабылдаған мезгілде сіздің ішкі сезіміңізді білгеннен емес, сізді көргеннен, тыңдағаннан.
Мұғалімнің рухани дүниесінің құрамындағы ең негізгісі оның адамгершілік қаиеті, жоғары моральдық мінез-құлқы болып табылады. Сондықтан да мұғалімнің педагогикалық кәсіби тұлғасы яғни сыртқы көрінісіні ұнамды, үйлесімді болуын ғана емес, сонымен қатар біз тәрбиелі, мәдиениетті адам дегенде оның сыртқы киген киіміне, тәртібіне, адамдармен қатынас жасағандағы сыпайылығына - әрбір жағдайға байланысты іске қосылатын қарым-қатынастардың лайықты жолдарын табуына мән береміз. Бұл айтылғандардың бәріде мұғлімнің кәсіби тұлғасын қалыптастыруға, оның элементтеріне, олардың эстетикалық талғамдарына жатады. Олардың оқу-тәрбие жұмысында белгілі қызмет ететіндігі сөзсіз. Сондықтан да республикамызда жұмыс істеп жүрген көпшілік мұғалімдер оқытушының сыртқы тәртібіне, мәнеріне мән беру керек екендігін өте орынды қозғауда. Мысалы Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданында мұғалім болып істейтін К. Сауғабаев мұғалімнің күнделікті тұрмысындағы эстетикалық талғамы жоғары дәрежеде болу керектігі жөнінде былай дейді. «Мұғалім сабаққа алабажақ көйлек киіп, қолына сақина салып, шашын мөлшерсіз өсіріп келсе, ондай педагогтан оқушы қандай тәлім-тәрбие алмақ. Мұғалім қарапайым әрі мәдениетті киіне білуге тиіс. өмірдің қыры мен сырын әлі топшылай қоймаған, қызарғанға еліктегіш жеткіншек үшін мода қуудың зияны сөзсіз. Оған еліктеген оқушының сабаққа ынтасы азайып, елден ерекше көрініп жүруді қалайды. Тіпті, содан барып кейбір оқушылармектеп формасын киюге намыстанады. Мектеп тәрбиесінің басты талаптары осындай жайлардан барып төмендейді. Олардың сұлулық, мәдениеттілік жөніндегі түсінігінің аясы тар. Әр ұстаз эстетикалық талапты алдымен өзіне, сонан кейін оқушыларға қоя білгені жөн».
К. Сауғабаев айтып отырған фактілер мектеп өмірінде оқта-текте кездесіп тұрады. Мұның өзі мұғалімнің өз еңбегіне немқұрайлы қарауының көрінісі. Тәбиешінің әрқашанда ұқыпты, жинақы болуы абзал. Онсыз ол бұл талаптарды балалар алдында қоя алмайды. Мұғалімнің қандайда болмасын ұқыпсыздығы, өрескелдігі балаларға теріс ықпал жасайды. Сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық кәсіби тұлғасындағы және де сыртқы мәдениетіндегі кемшіліктер оның өз қызметіне жауапкершілігін, өзіне қоятын талабын төмендетеді, шәкірттері алдында беделі төмендейді.
Сонықтан да мектеп қабырғасында, мектептен тыс уақытта да мұғалім өзінің жас ұрпаққа өнеге болуы керек екенін, басқа адамдарға қарағанда мұғалім ерекше қасиеттері бар адам болуы қажеттігін, әсте, естен шығармау керек. Мұғалімнің сырттай көрінетін киіну мәнерінің, жүріс-тұрысының, адамдармен қарым-қатынасының оқушылар үшін тәрбиелік мәні зор.
Мектептегі мұғалімдердің педагогикалық кәсіби тұлғасы мен мұғалімнің рухани мәдениетінің мазмұны, оның жан дүниесіндегі моральдық қасиеттеріне байланысты. Шын мәнісінде балалар жұртшылыққа ең алдымен сүйкімділік деген не, оны қалай қалыптастыруға болады деген сұрақ қояды. Содан кейін қызыға оқыған әдеби кітаптар, оларда кездесетін алуан түрлі кейіпкерлердің өмірімен салыстыру міне осының бәрі адамда белгілі бір адамгершілік мінез құлықты қалыптастырады.
Маман болу үшін, мәселен, инженер болу үшін, бірнеше жыл жетеді. Ал адам болу үшін өмір бақи оқуға үйренуге тура келеді. Өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі танудан басталады. Әрине, адам өзін-өзі тану үшін, өзін сырттан көру керек. Ал ол өте қиын. Бұған адамгершілік қасиеттің шыңына жеткен белгі адамдардың өмірінен көп үйрену арқылы ғана жетуге болады. Олардың өмірі, жанып тұрған шамшырақ сияқты адам жүрегінде берік орын тебеді. Осыған қарап, адам өзіне-өзі сұрақ қояды, сен кімсің, неге қабілеттісің, не үшін өмір сүресің? Міне, осыдан келіп адам жақсы болуға тырысады. Ал әдеби кітаптардағы өте күрделі әлеуметтік қақтығыстардың ішкі сырын әлі түсінбей, ондағы кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз мінездеріне, қасиеттерні әлі де болса өз бетімен терең талдауға қабілеті аз жас бал адамгершілік қасиеті мәдениетті ең алдымен өмірдің реалдық жағдайларында кездесетін адамдардан әсіресе мұғалімдерден қабылдайды. Бұл мұғалімге жоғары моральды адам болуды міндеттейді. Егер де, тәрбие дегеніміз тәрбиеленушінің психологиясына үнемі белгілі бір системаға бағынған жағымды, ұнамды қасиеттерін қалыптастыру арқылы, оның бүкіл ішкі рухани дүниесіне әсер етуі болса, онда оқушыға ең тамаша адамгершілік қасиетті сол адам ған қалыптастыруы мүмкін. Бұл үшін сол адамның бойында осындай қасиеттер болуы шарт. Оқытушы деп осындай адамды айтамыз да, тек солардың ғана балаларды тәрбиелеуге моральдық правосы бар дей аламыз.
Мұғалімнің мәдениеттілігі мен адамгершілігінің тағы да бір ерекшелігі оқушы тәрбесінің обьектісі және субьектісі бола отыра, өзін-өзі оқытушы арқылы ғана танитындығында. К. Маркстің «Адам қолындағы айнасымен тумайды . . . Ол айнаға қараған тәрізді басқа адамдарға қарайды, сол арқылы өзін таниды . . . -» деуі, мұғалім жұмысының ерекшелігіне тікелей қатынасы бар. Міне, осындай жағдайда балалар санасының қалыптасу ерекшелігіне тә, олардың басқа адамға, әсіресе мұғалімге еліктеуі болашақ мінез-құлықтың қалыптасуының негізі болуы мүмкін. Н. АДобролюбов «Мұғалім - оқушы үшін адамгершіліктің ең жоғары шыңына дейін жетілген үлгісі, сондықтан да жүрегінде ұмтылмас із қалдырады», - деген болатын. Олай болса, мұғалім оқушылардың көзінше олрға ұнамсыз әсер ететіндей қылықтан аулақ болуға тиісті. Оқушының өз мұғалімін жай адамдардан жоғары қойып, оның адамшылығына сенген сайын, әрбір сөзі, балаларға қойған талабы, олардың жүрегінен берік орын алып, оның беделі арта түседі. Егер, мұғалім ұқыпсыздықтың салдарынан өзінің студенттер алдындағы беделін түсіріп алса, онда олар мұғалімнің айтқанын тыңдамай кетуі ықтимал. Мұны көпшілік мұғалімдер жақсы түсінеді. Мысалы, Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданының оқытушысы Н. Қыздарбекова былай деп жазады: «Шәкірт ұстазға еліктейді. Мұғалім өзінің жақсы қасиеттерімен, ұқыптылығымен қоғам жұмысындағы белсенділігмен, эстетикалық талғамымен оқушыға үлгі бола білуі керек. Бұл да оқушы тәрбиелеудегі аса қажетті шарттың бірі».
Мұғалім оқытқанда және тәрбиелегенде, тек кітап жүзінде емес, күнделікті өмір күресіне қатысулары арқылы да үйретеді. Бұл мұғалімнің алдына өте күрделі талап қояды, яғни ол өзіне-өзі әр уақытта да мән беріп, өзінің жүріс-тұрысының, тәртібінің оқушылар тарапынан әр уақытта да бақылауда екендігін сезулері шарт. Сыртқы әсер, үлгі-өнегені қабылдағыш балалар мұғалімге үнемі назарларын аударады. Мұндай жағдайда мұғалім v ' оқушыларға әр уақытта да кіршіксіз таза, адал және әділ болып, ұқыпты да бір мінезді болуды талап етеді. Педагогикалық этика балалардың түрліше талаптарын орындау жолында әділеттілікті, шыншылдықты керек қылады.
М. И. Калинин шыншылдық, әділеттілік, жолдастық борыш т. б. туралы ба-лалардың өзіндік моральдық кодексі бар деген болатын. Жақсы мұғалім балалардың мұндай кодексіне өте ұқыптылықпен карайды, олардың жолдастық борыш, әділеттілік, шыншылдық жөніндегі ұғымдарын білуге тырысып, сол тұрғыдан оларға әсер етеді. Егер де олардың ұғымдарында кемшіліктер болса, оны өзінің ұстаздық ыкпалы арқылы түзетуге тырысады.
Әрбір мұғалім өз оқушыларының алдында қадірлі болуға талаптанады. Мұндай қадірге ие болу үшін, педагогтың студентке деген қатынасы әр кезде гуманистік мазмұнда болуға тиісті.
Адам адамға дос, жолдас, бауыр деген принцип мұғалімнің балаға деген қарым-қатынасында ерекше көзге түседі. Балаларды сүймейтін, олар-
дың жан дүниесін ұғынбаған адам жақсы мұғалім бола алмайды. Олай болса, оқытушылардың мәдениеттілігі мен адамгершілігінің өзі балаға деген сүйіспеншілігі арқылы айқындалады.
Мұғалімнің балаларды суюі оларға қойылатын қатаң таланты әлсірету деп ұғынуға болмайды. Оқытушының оқушыға деген сүйіспеншілігі оқушыларды білуді, түсінуді, әр түрлі жағдайларда даму ерекшеліктерін аңғаруды қажет етеді. Бұл да педагогтың ең негізгі адамгершілік қасиетінің бірі болып табылады.
Мұғалімнің балаларға деген сүйіспеншілігі сырттай қарағанда оларды тәрбиелеу мен оқытуға тікелей байланысы жоқ сиякты болып көрінгенімен, шындығында олай емес. Мұғалімнің салқындық білдіруін жас буын тез аңғарады. Мұндай мұғалімді балалар іштей ұнатпайды. Ал балалар өз ұстазын жек көрген жерде нағыз тәрбиелік ықпал болуы мүмкін емес. Мұғалім мен мектеп оқушыларының арасындағы қатынас бір-бірін
сыйлаушылық пен сүйіспеншілік негізде құралмаса, білім беру мен тәрбие ісі
жемісті болуы мүмкін емес.
Мұғалім мен оқушының арасында, сол сияқты мұғалім мен педагогикалық коллективтің арасындагы шынайы адамгершілік қатынастардың орнауы әрбір педагогтың білімі мен мәдениеттілігінің даму сатысына байланысты. Шынында да, мұғалім қызметінің ерекшелігі оның рухани байлығын, асқан адамгершілігін қажет етеді. Ол әр уақытта да творчестволық инициатив көрсетіп, тәлім-тәрбие жұмысындагы формальдық әдістердің орын алуына жол бермеуге тиісті. Қазіргі заманның
өскелең талаптарына сай азаматтарды тәрбиелеу күрделі де жауапты,
сонымен катар шығармашылықты қажет ететін міндет екендігін ешкім де
жоққа шығармайды. Педагог нағыз зерттеуші, творчествольтқ қабілеті барынша жетілген адам болуға тиісті, өйткені ұстаздық қызметтің өзі басынан аяғына дейін қандай да болмасын стандартқа төзбейтін, шығармашылық процесс. Мұғалім әр уакытта, әр сағатта үйренуде, ізденуде болуы шарт. Сол сиякты мұғалім музыкадан, әдебиеттен, өнерден хабардар
болуға тиіс. Өзін-өзі жетілдіру, өзінің мәдени дәрежесін үнемі ұлғайтудың
мұғалім еңбегі үшін мәні зор. Онсыз мұғалімнің балалар қауымы алдында
жеткілікті моральдық беделі болмайды, оқушылар мұғалімді шын көңілмен
сыйламайды, тек қана сырттай қадір тұтады. Сайып келгенде, мұндай мұғалімнің рухани дүниесі балалар санасында елеулі із қалдырмайды. Ал мұның өзі тәрбие жұмысындағы орны толмайтын олқылық болып есептеледі. Есею жолындағы жас буынның алуан қырлы қабілеттерінің көптеген потенциалдық мүмкіндіктері дер кезінде ашылмай, оянбай, томаға-тұйық күйінде қала береді. Бұған ұстаз жауапты. Жас баланың рухани дүниесіндегі кейіннен жалын шашпақ ұшқынды таба білу мұғалімнен мол мәдениеттілікті, нәзік сезімділікті, білімділікті талап етеді . . .
Тынымсыз іздену, "жаңалыққа жету мұғалімнің өзіне қызғылықты болып, ол осы сапарда ләззат алса ғана, өзінің алдына қойған мақсатына жете алады. Міне, осыдан өте маңызды этикалық принцип келіп шығады, ол - мұғалімнің шәкірт жан дүниесін түсіну жолында кездесетін кандай да болмасын қиындыққа төзімділігі, жастардың түбегейлі мүддесі мен алға койған мақсатын, неге ұмтылатындығын біліп, сол үшін аянбай қызмет жа-сау, олардың титтей де болсын белгілі бір іске бейімділігін табу. Сөйтіп, балаларды оптимисте тани біліп, үнемі осыған баулу.
Әрине, мұғалім психикасы мен бала рухани өмірі арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар, Бұл айырмашылықтар бір-біріне қайшы келмейді, керісшше, бірін-бірі толықтырады. Оқушы өмірден алған тәжірибесі жеткіліксіз болуына байланысты және психикасының қалыптасу
ерекшелігіне қарай, көбінесе өзінен үлкен, көпті білетін адамның яғни мұғалімнің жетегінде болып, оның айтқанын ұғынуға тырысады. Ал мұның өзі мұғалімнің тәрбиелік әдістері бала көңіліне қонымды болғанда ғана сәтті
нәтиже беруі мүмкін. Өмірден алған тәжірибесі және білімі біркелкі мол
мұғалім өзінің қабілеттілігін оқушыларға үйрету, түсіндіру арқылы жеткі-
зуге тырысады. Ол үшін мынадай үш маңызды касиеттің болуы қажет. Біріншіден, балаларға білім беруге ынтызарлық, екіншіден, баланың
психикасын жақсы түсіну, үшіншіден, керек жағдайда, баланың өзіне айналуға қабілетті, яғни баланың орнына өзін-өзі қоя білуі қажет.
Білім мен өзінің тәжірибесін оқушыларға беру жолындағы ынтызарлықты мұғалімге тәрбие арқылы қалыптастыру өте қиын. Мұндай касиет көбінесе адамдардың қалыптасу және жетілу ерекшеліктеріне тән. Кейбір адамдарда өте ерте жастан бастап өз білімін басқа адамға беруге ынтызарлығы байқалады. Егер мұндай адамдар кейіннен педагогикалық жұмыспен шұғылданса, олардан жақсы мұғалім шығуы мүмкін.
Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу сол жолда қызмет жасайтын адамдарға қосымша моральдық міндет жүктейді. Шын педагог болу үшін терең біліммен қатар, жоғары моральдық қасиет керек. М. И. Калининнен кез- келген адам-педагог бола ала ма деп сұрағанда: «Жоқ, бола алмайды»-деп жауап беріп, өз ойын былайша түсіндірген болатын:-«Адам баласы егер де өзін-өзі педагогикалық әрекетке органикалық бейімдесе, табиғатта он адамнан тек біреуі ғана педагог болып шығады, ал педагог болуға бейімі жоқ, бірақ та соған қарамастан педагогикалық қызметпен шұғылданғысы келетін адамнан ақыр аяғында нағыз педагог шықпайды».
Оқытушының психология саласында жеткілікті білімі болуга тиісті деген мәселе біздің педагогикалық әдебиеттерімізде біркелкі шешілген. Сондықтан да бұл - дәлелдеуді қажет етпейді. Ал педагог қажетті жағдайда өзін-өзі студенттің орынына коя алуға қабілетті ме деген мәселе тәрбие процесі және педагогтың кәсіптік шеберлігіне тікелей байланысты болғанымен, әлі де шешілмеген проблемалардың қатарына жатады. Мұғалім қажетті жағдайда артист сияқты баланың бейнесіне көше білуі керек деген пікірді жоғарыда айттық. Сонымен бірге, ол баланың толық сеніміне ие болып, оның қатарласы ретінде калтқысыз сөйлесуге, сырласуға кабілетті болуы қажет.
Педагог жұмысы мен актер жұмысының арасында ұксастық та, айырмашылық та бар. Баланың жан дүниесін егжей-тегжейлі игеру нәтижесінде онымен катарлас ретінде катынас жасау әрбір мұғалімнің
қолынан келмейді. «Сөз жок, - деп жазды К. Маркс, - үлкен адам бала бола алмайды, бірақ та баланың ашық, анық мінезі оны куантпай ма, ол өзінің біркелкі жоғары дамыған сатысында өзінің бұрынғы мәнін қайталауға тырыс-пай ма . . . ».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz