ҚШҰС (қанның шашыранды ұюы синдромы)



1 ҚШҰС жөнінде түсінік
2 Патологиялық анатомиясы
3 Шок
4 Жарақаттық шок
5 Гиповолемиялық шок
6 Кардиогендік шок
7 Нейрогеидік шок
Патологиялық анатомиясы. Шоктың аутопсия кезінде көрінетін белгілеріне қан тамырларындағы қанның сұйық болуы; геморрагиялық синдром; ағзалардағы қан айналымының бұзылуы; кейбір ағзалардағы "шокқа тән ерекше өзгерістердің" ("шоктық ағзалар") болуы жатады. "Шоктық ағзаларға" бүйректерді, өкпені, бауырды жатқызады. Бүйректердегі ауыр өзгерістер екі жақты кортикалдық (кыртыстык) некрозбен аякталуыт мүмкін. Өкпеперде ателектаз ошақтары, сероздық-геморрагиялық ісіну, гиалиндік мембраналар, микроциркуляция арнасының тромбозы кѳрінеді. Осы ѳзгерістерге байланысты екпе қызметінің жедел жетіспеушілігі - респираторлық дистресс-синдром дамиды. Бауырда центролобулярлық некроз ошақтары пайда болады, кейде бауыр жетіспеушілігі байқалады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚШҰС жөнінде түсінік
ҚШҰС (қанның шашыранды ұюы синдромы) деп, қанның қан тамырлары ішінде
шашыранды ұюын атайды. Бұл үрдістің тромбоздан айырмашыдыш, ұйыған қан
тромбқа айналмай-ақ өз-өзінен ыдырап жок болып кетуі мумкін. Мысалы,
операциядан кейін кан ұю үрдісі көптеген ауруларда кездеседі, ал нағыз
тромб жеке бір жағдайларда ғана пайда болады. Бұл синдром шоқта, дене
күйгенде, сепсисте, өткір вирусты инфекцияларда, лейкозда, қатерлі
ісіктерде, тобы сәйкес келмейтін қан қүйылғанда, ұрық ана жатырында еліп
қалғанда, ауыр хирургиялық операциялардан кейін аутоиммундық және
аллергиялық ауруларда және т. б, жағдайларда кездеседі. ҚШҰС-та синдромында
қанда фазазы өзгерістер байқалады. Бірінші гиперкоагуляция фазасында
қандағы шашыранды ұйындылар микроциркуляция арнасының қан тамырларын
тығыздап тастайды. Олар организмнің фибринді ыдыратушы жүйесінің әсерінен
еріп кетсе, бұл үрдіс тоқтайды. Егер де үрдіс кед жайылып кетіп, фибриноген
және қанды ұйытушы факторлар тапшылық қылса, екінші - гипокоагуляция фазасы
дамиды. Бұл кезеңде тромбоциттердің саны азайып, фибриноген мѳлшері
тѳмендейді, себебі, фибриногеннің басым бѳлігі фибрин түзілуіне жұмсалып
кетеді.
Соның нәтижесінде көптеген тамырлардан қан аға бастайдьг, ал кейбір
қан тамырларында тромбтар пайда болады (тромбогеморрагиялыц синдром).
Үшінші - фибринолиздің күшеюі кезеңінде, алғашқы пайда болған тромбтар еріп
кетеді. Бұл фазада қан агу үрдісі қайтадан күшейеді.

Патологиялық анатомиясы. ҚШҰС-ның негізгі морфологиялық белгілеріне
микроциркуляция арнасындағы тамырлардьщ тромбозы, геморрагиялық диатез
белгілері және қан айналысының бүзылуына байланысты дамитын некроздар
жатады.
ҚШҰС-на тән морфологиялық ѳзгерістерге фибринді тромбтар жатады. Бүдан
басқа майда қан тамырларында тромбоциттерден, лейкоциттерден,
эритроциттерден кұралған, гиалиндік немесе аралас тромбты, кан
элементтерінің қоспаларын (агрегация) кѳруге болады. Геморрагиялық
диатездің дамуы ҚШҰС-ның жедел дамитын түріне тән. Қан құйылу ошақтары
теріде, сірлі қабықтарда, бүйрек қабының астында, бүйрекүсті бездерінде,
бауырда, аск.азан-ішек шырышты қабаттарында көрінеді.
Микротромбоздар нәтижесінде көптеген ішкі ағзаларда некроз ошақтары
пайда болады. Бүйректердіц қыртысты қабатындағы тоталды некроз, бүйрекүсті
бездерінің аумақты некрозы ауру өлімінің тікелей себебі бола алады.
Бауырдағы центролобулярлық некроз ошақтары, ошақты панкреонекроз,
гипофиздіңалдыңғы бөлігіндегі, мидағы майда некроздар да қан тамырларындағы
микротромбозбен байланысты. Кѳрсетілген патологиялық үрдістер нәтижесінде
клиникада бүйрек, бауыр, бүйрекүсті бездерінің жедел жетіспеушіліктері
дамуы мүмкін.

Шок
Шок - организмге шектен тыс күш әсер еткенде дамитын, қан айналымының
жедел жеткіліксіздігімен кѳрініс беретін ауыр патологиялық үрдіс. Бұл кезде
гипоксия жағдайына байланысты зат алмасу үрдістері бұзылып, ағзалар кызметі
ѳте әлсірейді.
Шоктың пайда болу себептеріне қарап шоктың төмендегідей түрлерін
ажыратады:
1) жарақаттық, 2) гиповолемиялык, 3) кардиогендік, 4) сепсистік
(токсико-инфекциялық), 5) гемотрансфузиялык, 6) анафилактикалық және 7)
нейрогендік.
Жарақаттық шок. Жұмыс орнында, әр түрлі табиғи апаттарда, қару-жарақты
қолданғанда дамитын ауқымды жарақаттарда байқалады.

Гиповолемиялық шок. Көп қан кету жағдайында көп мөлшерде плазманы
жоғалтқанда (мысалы, құсу немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың бас ми инсульті кезіндегі гемостаздың бұзылысы және оның үстемелі емі
Балалардың бас ми инсульті кезіндегі гемостаздың бұзылысы және оның үстемелі емі туралы ақпарат
Қанайналым жүйесінің патофизиологиясы
Қан айналымның бұзылуы
Қан жасушаларының қызметі. Балалардағы лейкоцитарлық қиылысулар
Сыртқы тыныс алу патофизиологиясы
Сау жасушаның өспе жасушасына айналуы
Қанның тамыріші шашыраңқы ұю синдромы (ТШҰ синдромы)
Патологиялық анатомия лекция кітапшасы
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
Пәндер