Маталарды стандарттау


МАТАЛАРДЫ СТАНДАРТТАУ
Стандарт деген сөздің ағылшын тілінен аудармасы - эталон, үлгі. Стандарт - белгілі бір бұйым жайында негізгі деректер беретін құжат. Матаны шығару, барлық қасиеттерін тексеру, сорттау, маркілеу, жинастыру және буып-түю стандарттың нормаларына сәйкес жүргізіледі. Әр матаға және маталар тобына бөлек стандарттар болады.
Матаға стандарт - матаның құрамын, құрылымын және қасиетін анықтайтын техникалық нормалар жиынтығы. Матаның енін, массасын, тығыздығын, жіптің негізі және арқауы бойынша тексін анықтайтын стандартта жеке маталарға нақты сандық нормалар берілген және матаның талшықты кұрамы, оның сыртқы көрінісі және айқаспасы суреттеледі. Стандартта жеке маталар үшін оның үзілгіш ұзаруы, сулағанда немесе жуғанда апшуы, жүн маталардың майлылығы, жіптердің құрылымының сипаттамасы және т. б. келтіріледі.
Топтық стандарт - бір топ маталарға немесе барлық маталарға тиісті нормалар мен ережелерді қамтиды, мысалы матаның сорттылығы, олардын, класқа бөлінуі, сызықтық көлемі мен массасын, тығыздығын, бояуының мықтылығын анықтау әдісі жайында т. б. өлшемдер келтіріледі.
Мемлекеттік стандарттарды стандарттар бойынша ССРО Мемлекеттік комитеті бекітеді. Бекітілген стандарт «Мемлекеттік жалпы-одақтық стандарт» (ГОСТ) деген ат және тиісті нөмірі алады. Стандарттық нөмірі өзара сызықшамен жалғасқан екі топ цифрлардан тұрады. Цифрлардың бірінші тобы стандарттың реттік нөмірін, ал екіншісі (соңғы екі сан) - онын бекітілген жылын белгілейді. Бекітілген стандарттың зандық күші бар, стандартты сақтамау 1940 ж. 10 шілдедегі ССРО Жоғарғы Советі Президиумының Указына сәйкес Заңмен қудаланады.
Мемлекеттік стандарттар (ГОСТ) жалпы және ірісериялы өндірістің өнімдеріне, нормаларға, ережелерге, талаптарға, терминдерге және т. б. жасалынады.
Салалық стандарттар (ОСТ) сала ішінде ңемесе салалар арасында қолданылатын өнімдерге тағайындалады да одақтық министрліктермен бекітіледі.
Республикалық стандарттар (РСТ) республикалық немесе жергілікті өндірістің өнімдеріне тағайындалады да одақтас республикалардын. министрлер советімен бекітіледі.
Кәсіпорнының өніміне стандарттарды (СТП) кәсіпорындардың басшысы бекітеді, сол кәсіпорын үшін ол міндетті.
Жаңа маталар әдетте одақтық немесе республикалық министрліктер бекітетін техникалық жағдайларға (ТУ) сәйкес жасалынады.
Сапа белгісімен шығатын маталарға стандарттар жоғары талаптар қояды. Сапа белгісіне мемлекеттік аттестацияны арнайы комиссия жүргізеді. Сапа белгісі - ол жоғары техникалық көрсеткіштердің, сәнді безендірілудің жақсы өңдеудің кепілі. Жоғарғы эстетикалық және техникалық деңгейдегі, бірақ бағасы онша өспеген Сапа белгісі бар бұйымдар тұтынушыларға да, өндірушілерге де тиімді.
Стандарттаудың зор маңызы - еліміздің шаруашылығының жоспарлы еркендеуіне жағдай жасауы және тутынушыларға өнім сапасының белгілі бір деңгейден төмен түспеуін қамтамасыз етуі болып табылады.
Өнім сапасын арттырудың маңызды жағдайы жан-жақты және алдын ала стандарттау жұмыстарын кеңейту болып табылады.
Стандарттауды жоспарлау және оған байланысты жұмыстарды жалпы бақылау ССРО Госстандартына жүктелген.
МАТАНЫҢ СОРТЫН АНЫҚТАУ
Матаның сорты оның сапасымен сипатталынады. Матаның сорттылығы стандарт нормаларына сәйкес тоқыма фабрикаларында анықталады, бірақ сауда орындары мен тігін кәсіпорындары өздерінің қосымша бақылауын жүргізіп, сорт стандартқа сәйкес келмеген жағдайда тоқыма мекемелерінен айырмасын төлеуді немесе өнімді алмастыруды талап етеді.
Матаның сорттылығын анықтау үшін төрт стандарт бар: мақта және штапель маталар үшін, жүн маталар, жібек маталар және зығыр маталар үшін. Зығыр маталар үшін стандарттан басқа сандарттарда сорттылықты анықтау принципі бірдей: сорттылықты анықтау негізіне баллдық жүйе алынған. Матаның сорттылығы: сыртқы ақауына (әр жерінде немесе жалпы), физико-механикалық көрсеткіштерінің және бояуының ауытқуына байланысты. Стандартқа сәйкес матада байқалған әр ақау шартты өлшемнің нақты санымен - баллмен бағаланады. Матаның сорты әр жеріндегі ақау үшін, жалпы ақауы үшін және физико-механикалық көрсеткіштерінін ауытқығаны үшін баллдар жиынтығынан қалыптасатын жалпы баллдық бағаға байланысты қалыптасады.
Б общ =Б ф - м +Б р + Б м ,
Б ф - М - физико-механикалық көрсеткіштері бойынша ауытқудың балл саны; Б р - жалпы таралған ақаулар үшін балл саны; Б м - әр жердегі ақаулар үшін балл саны.
Матаның сортын анықтағанда есептелген жалпы баллдық бағаны әр сорт үшін стандартпен тағайындалған нормаларымен салыстырады. Егер жалпы баллдық баға төменгі сорт үшін нормадан артса, онда мата сортты емес, яғни жарамсыз болып шығады.
8-кестеде матаның сортын анықтаудағы көрсеткіштер берілген.
Мақта, штапельді, жүн және зығыр маталар екі - І ' және II; жібек маталар үш - I, II және III, - сортқа бөлінеді.
Сыртқы ақаулары бойынша матаның сортын анықтау.
Сыртқы ақауларын анықтау үшін матаның әр белігі шағылысқан жарықта арнайы брақтайтын станокта немесе тоқыма фабрикасының ТББ (ОТҚ) бақылаушысының үстелінде бет жағынан қаралады.
Сыртқы көрінетін ақаулар екі топка бөлінеді: бір жерінде және мата бетіне түгел жайылған.
Бір жерінің ақауы дегеніміз матаның белгілі бір жеріндегі шағын көлемді ақау (дақ, жіп жуықтығы, өткіншісі жіптің түйіні, жіптің жуандауы және т. б. ) .
Түгел жайылған ақау - біраз жерге немесе бөліктің ұзына бойына түгел жайылған ақау (әр түрлі бояу, жолақтар, тенбіл және т. б. ) Матаның сыртқы тұрінің ақауы иіргендегі, тоқылғандағы, бояғандағы, өңдегендегі ақаулардын салдары.
Бөліктегі жергілікті өрескел ақаулар (ойық, жіптің түйіні, 0, 3 см-ден асатын тесік және т. б. ) егер мата сауда орындарына жіберілетін болса, тіке тоқыма фабрикасында кесіліп, алынып тасталуға тиіс. Егер ақаудың көлсмі 2 см-ден аспаса, матанық сол жері кесіледі. Тігін өндірісіне арналған бөліктен өрескел жергілікті ақаулар кесіліп алып тасталмайды, бірақ ақаудың бас аяғын матаның жиегіне жіппен тігіп белгі салады. Б белгісі - шартты ойып алып тастау, Р белгісі - шартты кесу.
Жиегінде В немесе Р белгісі бар матаның белігі екі не үш кесіндіден тұрады. Құрастырмалы бөліктегі кесіндінің саны матаның сортына әсер етеді. Бір құрама бөлікте үштен артық кесінді болмауға тиіс, ең қысқа кесіндінің ұзындығы шектелген.
Стандарттың нормасына сәйкес әр сыртқы ақау балдық баға алады. Сыртқы ақаулар, олардың мөлшері мен тиісті балдық бағасы көрсетілген сорттық жайында стандартта кесте бар.
Жергілікті ақауды бағалағанда оның көрінісі, мөл шері және де матаның жұмсалар мақсаты мен талшық тық құрамы ескеріледі. Жергілікті ақаулардың бағась 0, 5 тен 8 балға дейін, сондықтан болар-болмас бірнеші ақауы болса да мата 1 сортқа жатуы мүмкін. Жергілік ті ақаулардың саны ұзындығы әр түрлі маталарда әр қалай болуы мүмкін, сондықтан баллдық бағасын анық тағанда жергілікті ақаулар үшін балл санын бөліктің шартты ұзындығына есептеп шығару керек.
Стандартпен тағайындалған бөліктің шартты ұзын дығы матаның талшықты құрамы мен еніне байланысты.
Егер де бөліктің шын мәніндегі ұзындығы шартты ұзындығына сәйкес келмесе барлық жергілікті ақаулардың балл жиынтығын шартты ұзындыққа қайта есептеу қажет. Жергілікті ақаулар үшін балл саны мына фор муламен анықталады.
Б м = Б 1 L y \ L ф
Б 1 - шын мәніндегі ұзындық бойынша барлық жер гілікті ақаулар үшін балл қосындысы; L у - бөліктін шартты ұзындығы, м; L ф - бөліктің шын мәніндегі ұзындығы, м.
Бірінші сортты маталарда кең тараған ақау болуға тиіс емес. Бұл ақаулардың баржоғын матаны үлгімен салыстырып анықтайды. Кең таралған ақауларға балдық баға оның қаншалықты екендігіне және матанын түріне байланысты. Әрбір кең таралған ақауға тағайындалған балл саны I сорт үшін ең көп баллдың жиынтығынан артық. Егер қайта-қайта кездесетін жергілікті ақаудың баллдық бағасы I сорт матаның ақау нормасынан асатын болса оны жалпы жайылған ақауға жатқызуға болады. Жалпы жайылған ақау бөліктің ұзына бойына таралатындықтан жалпы жайылған ақау үшін баллдық баға бөліктің шартты ұзындығына шағылып есептелінбейді.
Механикалық қасиеттерінің көрсеткіші бойынша матаның сортын анықтау
Механикалык қасиеттерінің көрсеткіштері матаның сапасын тексеру мақсатымен тоқыма кәсіпорындарының лабораторияларында жіптін негізі мен арқауы бойынша жуандығын, матаның енін, 1 м 2 нің массасын, тығыздығын, тартқанда мықтылығын, апшуын анықтайды. Жүн маталардан, сонымен қатар қоспалар мен майдың проценттік мөлшерін анықтайды. Әр көрсеткіш тиісті матаға арналған стандарт пен техникалық жағдай нормаларымен салыстырылады.
Лабораториялық сынақты өткізу үшін бір партиядағы маталар бөлігінің 3%-ін (бірақ, үшеуден кем болмау керек) алады. Матаның еніне байланысты әрбір таңдап алынған бөліктен ұзындығын 25-75 см етіп мата енімен қоса үлгі кесіп алады. Лабораториялық сынау стандарт нормаларына сәйкес жүргізіледі.
Физико-механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері бойынша ауытқудың балл саны I сорттың, нормасынан асып түседі. Мысалы, мақта және штапельдік маталардағы негіз бен арқау бойынша тығыздықтын, 2% жетпе-уі, мықтылығы мен массасының 5% кемдігі 11 баллмен бағаланады. Таза жүн маталарының сулағаннан кейінгі отыруының ауытқуы 0, 1-1% болса 16 баллмен бағаланады. Бұның өзі I сортты маталарда механикалық ақаулар болуға тиіс емес деген сөз. Жібек маталарда механикалық қасиеттерінің бірнеше ауытқуы болса көп балмен бағаланатын бірақ ақауы алынады. Жүн, штапельдік жәке мақта маталарының механикалық қасиеттерінің көрсеткіштерінін, ауытқуы үшін балл жиынтығы тұгел алынады. Бұл ауытқулар бөлікке түгел тән болғандықтан физико-механикалық ақау үшін баллдық баға матаның шартты ұзындығына есептелінбейді. Егер де механикалық қасиеттерінін көрсеткіштері бойынша ауытқу стандарт тағайындаған нормадан асса лабораториялық сынақты қайта жүргізеді, ал тексерілетін беліктер саны екі есе артады. Ақаулар тағы да байқалса барлық партия түгел жарамсыз деп табады,
Бояуының беріктігі бойыңша матаның сортын анықтау
Бояудын, беріктігін сынау әдісі ГОСТ 9733-61 бойынша тағайындалған. Матаның қандай мақсатқа пайдалануына қарай бояудың әр түрлі физико-химиялық әсерге беріктігін анықтайды: жарықтын, таза судың, сабын мен сода ерітіндісінің, тердің, жуғанға, химиялық тазартуға, өтектеуге, құрғақ және ылғал күйінде үйкеліске беріктігін анықтайды.
Бояудық әрбір физико-химиялық әсерге беріктігін бастапқы бояуының өзгеруі арқылы немесе бірге өңдеген ақ түсті үлгінің боялу дәрежесі бойынша анықтауға болады.
Сыналатын үлгінің бастапқы бояуының өзгеру дәрежесі мен ақ тұсті үлгі матаның, боялу дәрежесі екі сұр үлгілер шкаласы мен көк үлгілер шкаласының көмегімен, балмен бағаланады.
Көк үлгінің бояу шкаласы бастапқы бояудың жарық ауа райы әсерінен өзгеру дәрежесін анықтау үшін қажет. Ол - жарыққа беріктігі әртүрлі дәрежедегі бояғыштармен боялған жүн матаның жіңішке сегіз жолақ-тарынан туратын комплект.
Екі сұр үлгілер шкаласы: біреуі - физико-химиялық әсерден бастапқы бояудың өзгеру дәрежесін, екіншісі - ақ тұсті үлгінің боялу дәрежесін анықтау ұшін қызмет етеді. Сұр үлгілер шкаласы бояудың беріктігін 1-5 балдар аралығында бағалауға мүмкіндік береді, I балл - төменгі, ал 5 балл - беріктік дәрежесінің жоғарғы бағасы.
Бояудың әртүрлі физико-химиялық әсерге беріктігі бөлшекпен белгіленеді: алымында бастапқы бояудын өзгеру бағасы, ал бөлімінде - ақ тұсті үлгінің боялу бағасы.
Мысалы: 1/1 -үлгінің бояуы қатты өзгереді, ақ мата қатты боялады;
3/3 - үлгінің бояуы онша өзгермейді, ақ мата онша боялмайды;
5/5 - бояу да, ақ мата да өзгермейді;
3/1 - бояу онша өзгермейді, ақ мата қатты боялады.
4/3 - бояу ептеп қана өзгереді; ақ мата аздап боялады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz