Жеке адам және ерік тәрбиесі


Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Тарих-педагогика факультеті
Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы : Жеке адам және ерік тәрбиесі.
Қабылдаған: п. ғ. д., профессор Оспанова Б.
Орындаған: Бабаева Г
Тобы: СМД-311дж
Түркістан-2013
1. Ерік жөнінде түсінік.
2. Ерік теориялары.
3. Еріктің физиологиялық негіздері.
4. Ерік құрылымы.
5. Ерік сапалары.
6. Жеке адам және ерік тәрбиесі.
Ерік - бұл адамның мақсатты жұмыс орындау барысында кезіккен сыртқы және ішкі кедергілерді жеңуімен байланысты өз қылық әрекеттерін қолдап, реттей білу қасиеті. Ерік өмірдің ауыртпалық түскен жағдайларында белсенділік көтеріп, өзін-өзі реттеудің (саморегуляция) көзі болумен түгелдей сана басқарымында болады. Адамның өз әрекет-қылығын реттестіре алу қабілетінің негізінде жүйке жүйесінің өзара ықпалды қозу мен тежелу байланыстары жатыр. Осы принциптерге сай ерік саналы өзіндік басқарумен бірге белсенділік арттыру, немесе ынталандыру және реттеу қызметтерін де атқарады.
Ерік, яғни ырықты әрекеттер - ырықсыз қимыл - қозғалыстар негізінде пайда болады.
Ерік-тік қылықтың ерекшелігі оның “мен қалаймын” емес, “мен міндеттімін” толғанысының жетегінде болуы. Біздің барша өміріміз ұдайы еріктік әрекеттер мен әдеттегі қылықтарымыздың өзара байланысты қатынасына тұрады. Ырықсыз қозғалыстарға қарсы қойылатын саналы әрекеттер адамға тән бола келіп, ниеттелген мақсатқа жетуге бағдарланады. Еріктік қылықтың басты көрсеткіші де нақ мақсатқа бағытталған саналы әрекет.
Мақсатқа жетуде қандай да қиыншылықтарды же-ңу сол мақсаттың мән-мағынасын терең түсіне білуге және адамның өз борышын саналы байыптауына тәуелді. Мақсат неғұрлым маңызды болса, адам соғұрлым қандай да кедергіден қаймықпайды.
Ерік теориялары
Т±лѓа қасиеті сипатында ерік ортағасырлықтарға да таныс болмаған. Мұны сол уақытта қоғамда орын алған экзорис - жын-шайтан қуу үрдісінен аңдауға болады. Бұл үрдісте адам шылғи да енжар (пассив) бастама күйінде танылып, сыртқы әсерлер жинайтын “ұя” ретінде бағаланған. Ол заманда ерік дербес жасайтын, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер түріне енген құбылыс деп есептелген.
Ерік табиғатын бұлай түсіндірудің себебі - сол за-манда қалыптасқан қоғамның адам әрекет-қылығының негізі оның өзінде екенін мойындамаудан. Әр адам бабалардан жеткен нәсілдіктің ізі ғана деп қабылданған. Мұн-дай сипаттан қауымның кейбір мүшелерінің ғана ажыралуға құқы болған, мысалы, бабалар аруағы және ол дү-ниемен тілдесетін - бақсы-балгер (шаман), от пен металды бағындырған - темірші, өзін қоғамға қарсы қойған қарақшы - қанішер ж. т. б.
Ерік түсінігінің жаңа "Қайта тіктелу" (возврождение) заманында жеке адам проблемасымен бірге ғылым аренасына келуі осы адамның қалыпты жағдайдан ауытқуларын мойындаудан. Осыдан адам шығармашылыққа қабілетті, "тіпті қателер жіберуге де бейім" дегендей тұжырымдар жоққа шығарылмады. Қалыптан шығып, тек (род) ортасынан бөлінумен адам жеке адамдық (кісілік) кемелденуге жетіседі. Мұндай тұлға үшін ең мәнді нәрсе - ерік бостандығы.
Ерік бостандығын бір жақты асыра дәріптеу (абсолютизация) нәтижесінде экзистенциализм немесе "тіршілік философиясы" пайда болды. Экзистенциализм (М. Хай-дегтер, К. Ясперс, Ж. П. Сартр, А. Камю ж. б. ) ерікті тәуелсіз, тысқы әлеуметтік әсерлерге қатысы жоқ құбылыс деп таниды. Мұндай пайымның негізі - қоғамдық байланыстар мен қатынастардан, әлеуметтік-мәдени ортадан бөлек, дерексізденген (абстрактный) адам. "Дүниеге қандай да бір күшпен келіп қалған" бұл адамның өмірі мағынасыз "қым-қиғаш оқиғалар" жиынтығы да, адамның өзі "пайдасыз құмарлық". Мұндай адамның қоғам алдында ешқандай инабаттық міндеттері мен жауапкершілігі жоқ. Осыдан да ол адамгершіліктен жұрдай, намыссыз, өз бетімен кеткен, тартыну дегенді білмейді. Қандай да қалып-тәртіп (норма) ол үшін жойылу, басыбайлыққа түсу көзі. Ж. П. Сартр пікірінше, нағыз адамгершілік - бір ғана рет көрінетін, реттестірілмеген, қандай да қоғамдық мекемелер талаптарының шеңберімен оқшауланбаған, өздігінен (спонтанный) туындайтын, себепсіз, "әлеуметтенуге" қарсылық әрекеті. Ерік бостандығын асыра мадақтаудан экзистенциалистер адам болмысының жалпы негіздері жөніндегі ойларына дәлел айта алмайды.
И. П. Павлов ерікті - адам белсенділігіне байлау болатын кедергілерді жеңуде көрінетін әрекетшеңдік "еркіндік инстинкті (рефлексі) " деп қарастырады. "Еркіндік инстинкті ретінде ерік аштық пен қауіп-қатерден де мәнділеу. Егер осы қасиеті болмаса, - деп жазды И. П. Павлов, - жануар алдынан шық-қан елеусіз-ақ кедергіден өте алмай, өлімге душар болар еді". Ал адам үшін мұндай кедергілер қатарына әрекетке матау болатын сыртқы әсерлер ғана емес, өз қызығулары мен қажеттіктерін бақылауға алатын өзіндік сана мазмұны да болуы мүмкін. Бұл тұрғыдан ерікіндік инстинкті болған ерік, жеке адамның психологиялық болмысының барша деңгейлерінде көрі-неді, бір қажеттіктерді басып, екіншісіне ынталандырады, өз міндетін танытып, жеке адамдық қадірін қорғау мен өз мұраты үшін жан пидалыққа дейін апарады.
З. Фрейд пен Э. Фроммның психоаналитикалық зерттеулерінің нәтижесінде "ерік адам қылықтарына дем беруші ерекше қуат (энергия) " деген түсінік ғылымға енді. Бұл ғалымдардың болжамынша, адам қылықтарының көзі - психикалық формаға келтірілген жанды ағзаның қандай да биологиялық қуаты. Ал бұл қуат, З. Фрейдше, санадан тыс, ақылдан алшақ "либидо" (махаббат) - жыныстық құмарлықтың психосексуалды энергиясы. Мұндай тұжырым-даумен З. Фрейд адам қылығын осы тіршілік жалғастырушы, яғни "либидоның" "мәдениеттестірілген" алғашқы көрінісі (эрос) деп, ал кейін бұл қылық адамның арғы дүниеге (өлімге) ұмтылысының белгісі (танатос) екенін түсіндіріп бақты.
Психоанализ бағыты өкілдерінің (З. Фрейд және шәкірттері) қай-қайсысы да қорытынды пікірлерін - адам әрекеттерінің көзі - қажеттіктердің мән-ді, бірақ тұтастай емес, бір тарапын ғана асыра дәріптеуге бағыттаған. Пікір қарсылығын тудыратын тек бұл әсіре ғана емес, адамның өз "тіршілігін сақтау" мен "тұтастығын қолдауды" қамтамасыз ететін ықпалдарды түсіндіруі де ғылымдық көзқарасқа сай келмейді. Адам өзі-нің биологиялық болмысы, яғни тіршілігіне қарсы қатерге де баруы тұрмыстан белгілі: соғыстағы ерлік, қауіп-қатерде батылдық ж. т. б., бірақ фрейдшілер бұл жағдайды ескермейді.
Еріктік әрекет себептері адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынасқа келуінен туындайды. Адам табиғатынан қоршаған орта жағдайлары болмай, өз өмірін қолдай да, жалғастыра да алмайды. Ерік бостандығы - табиғат пен қоғамның жалпыланған заңдылықтарын теріс-теу емес, керісінше, адамның оларды жете танып, өз әрекетін соларға сай реттестіре білуі. Еріктің физиологиялық негіздері
Психиканың басқа да көріністері сияқты ерік те мидің жүйкелік процестеріне негізделген заттасқан құбы-лыс.
Ырықты әрекеттердің негізі алдыңғы орталық жүйке сайларындағы (извилины) ми қабықтарының бірінде орналасқан аумақты пирамидалы жасушалар (клетка-лар) қызметінде көрінеді. Әрекетке келтіретін импульстер осы жасушаларда пайда болады, осы арадан түйдектел-ген жүйке талшықтары бастауын алып, миға тереңдейді, одан төмен түсіп, жұлынды (арқа ми) бойлай отырып, дененің қарсы тарапындағы бұлшық еттерге жетеді, яғни пирамидалы жол жүреді. Осы жасушалардың қай бірі жарақаттанса, адамның оларға сәйкес бір қозғалыс мүшесі істен шығады (паралич) .
Алайда, ырықты әрекеттер бір-біріне байланысты өзара ықпалды әрі ниеттелген қимылдардың күрделі жүйесінде пайда болады. Бұл процесте қозғалыс түйсіктерінің маңызы үлкен. Егер алдыңғы орталық жүйке сайларының артына жайғасқан бөліктердің бірі зақым алса, адам өз әрекеттерін сезбей, қарапайым қимылдардан қалады, қалаған қозғалысын таңдап, реттей алмайды.
Аталған ми аймақтарынан басқа, еріктік әрекеттердің бағыты мен қуатын қолдап барушы құрылымдарды да ескерген жөн. Мидің маңдай профронталь бөлігі істен шығуынан қимыл-әрекеттер ырықты реттелуден ауып, қажетті бағдарламаға көнбей, ерік жоспарына икемдесуден қалады. Мұндай аппраксия жағдайында адам қандай да ісін бастағанымен, аяқтай алмайды, бастамай жатып, доғарып та қоюы мүмкін немесе еленбес себептерден-ақ жұмысын басқа арнаға бұрып жібереді.
Ми сырқаты негізінде адам абулия (зақымды еріксіздік) ауруына ұшырайды. Мұндайда әрекет иесі өз қадамының қажеттігін біле тұра, оны іске асыруға ерік күші жетпей, керекті шешім мен әрекетке келе алмай, жан күйзелісіне түседі. Ерік әрекеттерін орындауда адамның саналы әрі мақсатты қимыл-қозғалыстарын реттеуші екінші сигналдық жүйенің маңызы орасан. Екінші сигналдық жүйе адамның қозғалыс (моторная) қуатын арттырумен бірге, барша психикалық процестерінің: ойлау, қиял, ес, зейін, сезім - бастау көзі.
Тұтастай алғанда ерік шартты рефлекстік сипатқа ие. Уақытша жүйке байланыстарының негізінде әрқилы ассоциациялар жинақталып, бекиді. Енді келіп түскен ақпарат бұрыннан бар біліктермен салыстырылады. Ерікті реттестірудің рефлекторлық негізі бас миындағы қажетті қозу ошағының пайда болуына тәуелді. Бүл жүйкелік қозу ұдайы энергиялық қуатты керек етеді. Мұндай ми қажетін ерекше аккумлятор сипатты ретикулярлы формация қамтамасыз етеді. Осы ретикулярлы формация қажетті қозу ошағының қуатын қолдауынан, адам қандай да жұмыс орындауда үлкен жігерлілік танытып, көздеген мақсатына жетуге батыл қадам жасайды.
Ерік құрылымы
Әрқандай ерік әрекеті өзінің күрделігімен ерекшеленеді. Ниеттелген мақсат анық болып, орындалу жағдайларына сәйкес әрі тікелей іс-әрекетке өтетін болса, әнгіме қарапайым ерік әрекеті жөнінде болғаны. Ал күрделі ерік әрекетінде ықпал жасаушы импульстер мен нақты әрекеттер арасына қосымша ерік бірліктері енеді. Ерік процесінің мәнді кезеңдері мен бөліктерінің құрамы келесідей: 1) ниеттің туындауы мен мақсат белгілеу; 2) талдау, талқылау кезеңі мен сеп-түрткілер (мотивы) таласы; 3) шешім қабылдау; 4) орындау.
Ниет белгілеу мен мақсат қою. Ниеттің бәрі бірдей саналы болып келе бермейді. Қандай да қажеттік өз түсінім денгейіне орай құмарлық (влечение) немесе тілек сипатын алады. Егер тұлға өз жағдайына қанағаттанбаса, сонымен бірге, осыған байланысты қажеттік толығымен өзіне әлі түсініксіз болса, оның мақсатқа жету жолы мен шараларының күңгірт болғаны. Бұл жағдайда оны іске итермелейтін әшиін құмарлық, көрсеқызарлық. Құмарлықта адам өзіне бірдеңенің керектігін сезінеді, бірақ сол нәрсенің не екеніне көзі қанық жетпейді, қажеттігін нақты түсінбейді.
Тілеу - бұл алдымен әрекетке келтіруші себепті түсіну кезеңі. Әрқандай қылықтың сеп-түрткісіне, кейін мақсатына айналудан бұрын тілік сарапталып, бағаланады; оның орындалуына кедергі не қолдау беретін шарттар өлшестіріледі. Тілек іс-әрекет сеп-түрткісі сияқты өзінің туындауына себепші болған қажеттіктің айқындығымен ерекшеленеді. Ынталандырушы күшке негізделген тілек адам санасын болашақ мақсатқа ойыстырып, жоспар түздіреді, сонымен бірге ол мақсаттың орындалу жолдары мен құрал-жабдықтарын ақылға сай нақтылайды.
Сеп-түрткілер (мотивы) күресі - бұл әлі бастамаған әртүрлі әрекеттердің оң не теріс тараптарын, қай жағдайда қандай әрекетке кірісу қажеттігін таңдауға бағышталған адамның талқылау ісінің жүруі. Сеп-түрткілер таласы жағдайында адам үлкен толғанысқа келіп, өз санасы мен сезімінің, қара басы мен қоғам мүдделері арасындағы қарама-қарсылықтарды жеңе алмай, өз "қалауы" мен сырттан қойылған міндет "талауына" түседі.
Шешім қабылдау - бір сеп-түрткіні қалаумен нақты мақсатқа жүгіну. Шешім қабылдай отырып, адам бұдан былайғы әрекеттің бәрі оның өзіне тәуелді екенін сезеді, бұл өз кезегінде онда еріктік әрекеттің ерекше сипаты - жауапкершілік сезімін оятады. Шешімге (решимость) келудің бірнеше жолы белгілі:
1. Саналы шешім - сеп-түрткілер қарсыластығы бірте-бірте семіп, арасындағы бір мәнділеу баламаға аса зорлықсыз-ақ жол беруден пайда болады.
2. Таңдау толғанысы мен батылсыздық ұзаққа созылып, тереңдей түссе, адам дағдарысқа келіп, ештеңеге кіріспегеннен гөрі, бірін бастай салайын деп, қателікке ұрынуы мүмкін. Мұндайда қандай да бір кездейсоқ әсердің ықпалында қалып, "не болса, сол болсын" деумен, адам өз басын "тағдырдың жазғанына" көндіреді.
3. Ықпалды-ынталандырушы күштердің жоқтығынан, өз батылсыздығынан іштей күйініп, адам қалай болса, солай, ойланбай, іске құлайды, тап осы мезетте істің ақыры не болатыны оны қызықтырмайды. Мұндай көзсіз батылдық өте әрекетшең, күшті эмоционалды темперамент иелерінде болады.
4. Ішкі толғаныстардың байыпқа келуі - алғашқы сеп-түрткілер құндылығының өзгеріске келуіне де байланысты. Мұндайда шешім адамгершілік көзқарас, намыс араласумен қабылданады. Адам "маған осы не болды" деумен, өзін жинақтап, қажетті бағыттағы әрекетке батыл кіріседі.
5. Кейде өз қалауын қонымды ақылға сыйғыза алмай, адам белгілі бір әрекет түрін таңдайды, яғни ерік күшімен өз көңілінде бұрын еленбей келген бір сеп-түрткіге қуат береді, осыдан жаңағы сеп-түрткі басқаларын басып, әрекет көзіне айналады. Қазақтың "Көз қорқақ, қол батыр" мәтелі осының айғағы.
Еріктік әрекеттің орындалу кезеңі өзінің күрделі құрылымына ие. Шешімнің орындалуы қандай да мерзіммен байланысты. Егер шешімнің орындалуы ұзақ мерзімге кейін қалдырылса, онда ол ниет қана. Ниет соңға ысырылған әрекетке дайындық ретінде танылып, шешімге байланысты көзделген мақсатты білдіреді.
Жоспарлау - күрделі ой әрекетімен ұштасқан, қабылданған шешімнің тиімді әдістері мен құрал-жабдығын іздестіру кезеңі.
Жоспарланған әрекет өздігінен бола қалмайды, ол үшін ерік күші араласуы қажет. Ерік күші - бұл адамның қажыр-жігерін жинақтап, мақсатқа жетуге керек болған қосымша қуат, септүрткілердің көзін ашатын, мақсатты белгілеу мен істің орындалуына дейінгі ерік процесінің барша бөліктеріне ықпалды фактор.
Ерік күшінің қарқындылығы (интенсивность) төмендегі жағдайларға тәуелді:
1. Жеке адамның көзқарасы (жапон самурайы, жахид жариялаған мұсылман) .
2. Моральдық тұрақтылық (жауапкерлік, немқұрайлық) .
3. Қоғамдық мәнді мақсаттар.
4. Іс-әрекетке деген көрсетпе-талап (установка) (мұғалімнің оқушыға тапсырмасы: "тек оқып кел", "бірін қалдырмай көшіріп ал" - әрқайсысы әртүрлі ерік күшін керек етеді) .
5. Жеке адамның өз басын жұмысқа бұрып, басқара алуы. (Өзін жетілдіре алмаған адам, қиыншылықтарға төзімсіз келеді) .
Борыш сезімі - моральдық талаптардың адамның ішкі жан дүниелік қасиетіне айналып (интериоризование), "мендік" пен қоғамдық мүдделер тоғысында таңдалатын тиімді әрекет-қылықтың жол көрсеткіші.
Көп жағдайда адам ерік күшімен өзінің мінез-қылығындағы ырықсыз белсенділігін ноқталап, тоқтамға келтіруіне тура келеді, бұрыннан бекіген әдеттері, бойға сіңген келеңсіз қылықтарына қарсы шайқасқа түседі, яѓни, ерік - адамның өз болмысын билей алу қабілеті, өз ұмтылыстары, сезімдері мен құмарлықтарына тоқтам беру қасиеті.
Ерік әрекеттерін іске асыру барысында, әсіресе орындаудан соң бағалау кезеңі келеді. Баға түрлі әлеу-меттік-саяси, моральдық, эстетикалық ж. т. б. бағыттардан беріледі, ал кей жағдайда аталған талғамдардың басы бірігіп, бір бағаға арқау болуы ықтимал. Баға тек жеке адамның өлшемінен емес, іске қатысы бар көпшіліктің пікіріне де телінуі мүмкін. Осыдан, ұжымдық баға әрбір дара тұлға әрекет-қылығының шын өлшемі бола алады. Орындалған іс-әрекеттің бағамы қабылданған шешімдер мен іс әдістерін қолдау, ақтау не кінәлау сипатта көрінеді. Әрқандай баға көңіл-күй толғанысын тудырып, іс нәтижесінен қанағаттану не қанағаттанбау сезіміне бөлейді.
Ерік сапалары
Әрбір адамның ерік әрекеті өзіндік ерекшелікке ие, себебі ол жеке тұлғаның тұрақты қасиеттерінің көрінісі. Еріктің саналы ұйымдастырылуы мен ретке келуі адамға өзінің сезімдерін, қылығын, танымдық процестерін басқаруға мүмкіндік береді. Ерік сипаттарының жалпы бірігімін (интегрирование) танытатын құбылыс - ерік күші. Ерік күші еріктік әрекеттің барша кезеңдерінде қажет, әсіресе оның айқын көрінісі кедергілерді жеңу мен қажетті нәтижеге жетуде көрінеді.
Еріктік әрекеттің жалпыланған сипаты мүдделі мақсатта (целеустремленность) көрінеді. Мүдделі мақсат - бұл жеке тұлғаның өз іс-әрекетін белгілі бір нәтижеге бағыттай алуы. Осы қасиетке орай адамның басқа да ерік сапаларының мазмұны мен даму денгейін анықтаймыз. Мүдделі мақсат өмірлік принциптер мен мұраттарды көздеген, стратегиялық, не жақын, бөлектенген әрекеттерді орындауға бағытталған нақты қызметтік, оперативтік болып бөлінеді. Ерік әрекетінің бастапқы, іске қосылу кезеңі көбіне ынталылық, дербестік, еркіндік сапаларымен байланысты.
Ынталылық (инициативность) - мол да жарқын идеяларға, байыпты жоспар мен ұшқыр қиялға негізделеді. Көп адамдар үшін ең қиыны өз енжарлығын жеңу, қалыптасқан іс-әрекет тәсілін өзгерту. Мұндайлар өз бетінше ешбір іске кірісе алмай, тысқы ықпал, нұсқауларды күтумен болады. Осыдан ынталылық дербестікпен тікелей байланысты. Дербестік - еріктік әрекет барысында адамның әрқандай себептер жетегіне түспей, басқалардың кеңестері мен ұсыныстарына сындарлы баға берумен, өз наным, сенімдері негізінде іс-әрекетке келу қасиеті.
Ынталылық пен дербестік жеке адамның еріктік сапасы ретінде, бір жағынан, сенгіштік, иі бостық, енжар-лық сияқты қасиеттерге қарсы; екінші тараптан, басқаның ой-пікірін, көзқарасын түгелдей жоққа шығарудан (позитивизм) аулақ қасиет.
Іс-әрекетке ниеттелу кезеңінде еріктің ұстамдылық қасиеті процеске қосылады. Ұстамдылық әрекеті - сезім, ой-пікір, қалыптан тыс көңіл-күйді тоқтамға келтіріп, біраз тежейді. Ұстамды адам орындалатын істің түріне қарап, оған қажетті өз белсенділігінің денгейін барластырады.
Іс-әрекеттің сан алуан сеп-түрткілерінің ішінен қажетті болғанын таңдау мен шешім қабылдау кезеңінде еріктің батылдық қасиеті бой көрсетеді. Батылдық - бұл әрқандай іске байланысты еріктің жылдам, орынды әрі берік шешім қабылдау мен оны жүзеге келтіре алу қасиеті.
Батыл қимылды адамдар іс шешімін қабылдаудан істің өзін орындауға жылдам ауыса алады. Мұндайда батылдыққа тірек - ержүректік (смелость) қорқыныштың бәрін басып, адамды тәуекелге келтіруші қасиет. Іс-әрекеттегі батылдық көзсіздікке (безрассудство) тікелей қарсы. Егер іс-жағдайлары болымсыздық танытса, батыл адам әрекетін кідіртіп, кейін қалдыра алады.
Іс-әрекеттің орындалу кезеңінде шалттық (энергичность) пен табандылық үлкен маңызға ие. Шалт адамдар өздерінің барша кұшін көзделген мақсатқа тез шо-ғырландыра алады. Шалттық табандылықпен ұштасса ғана жеке адамдық қасиеттің ең жоғары көрсеткішіне айналады. Табандылық - бұл адамның ұдайы, шалт әрекеттерін бірде төмендетпей, көрінген қиыншылықтарға төзе білуі.
Табандылық та батылдық сияқты әртүрлі деңгейде көрініс береді, бірақ бұл екеуінің шектен тыс дамуы кері сипатқа соқтыруы мүмкін. Кейде ақылды, тіпті дарынды адамдар өз шешімін қорғай алмай, алғашқы кедергіден-ақ сескеніп, оны жеңудің амалына көзін жеткізе алмай, жалғастырайын десе, ерік күші жетпей, істен бас тартады немесе адам бастаған ісінің тізгінін қолдан жаздырып алып, әрекет нәтижесінің болымсыздығына көзі жетіп тұрса да, "болғаны болар" деумен, илеуге келмейтін, ақыл қонымдылығы жоқ ерік сапасы - өжеттік пен қиқарлықты қару етеді.
Қабылданған шешімнің орындалуы үшін өзіндік бақылау мен өзіндік баға үлкен маңызға ие. Егер адам өз іс-әрекетіне орынды бақылау жүргізе алса ғана, көзделген мақсат іске асады. Олай болмаса, алға қойылған міндет пен оған қажетті қылық-әрекет арасында сәйкессіздік туады. Мақсатқа жету процесінде өзіндік бақылау жоғары мүдделердің қарапайым ниеттерден, жалпы принциптердің мезеттік қалау мен құмарлықтан үстемдігін қамтамасыз етеді. Ал өзіндік бағаға байланысты бақылау сипаты мен дәлдігі өзгеріске келеді. Қандай да теріс бағадан адам өзінің кері мінез бітістерін орынсыз, ұлғайта танып, осыдан өзіне деген сенімін жойып, істен бас тартады. Өзіндік ұнамды бағаның да зиянды тарапы бар. Мұндайда адам обьектив бақылауды өзіндік әсіре мадақтауға айналдырып жібереді
Т±лғаның ерік тәрбиесі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz