Норвегияға әлеуметтік – экономикалық жағдайы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

М а з м ұ н ы

Кіріспе . . . 3

I. Тарау. Норвегияға жалпы географиялық сипаттама.

1. 1. Геогарафиялық орны . . . 4

1. 2. Халқы . . . 8

1. 3. Республиканың әкімшілік бөлінуі . . . 9

1. 4. Мемлекеттік құрылысы . . . 10

1. 5. Астанасы . . . 11

Негізгі бөлім.

II. Тарау. Норвегияның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

2. 1. Экономикасы . . . 13

2. 2. Өнеркәсібі . . . 15

2. 3. Ауыл шаруашылығы . . . 16

2. 4. Көлігі . . . 17

2. 5. Қазақстан мен Норвегия арасындағы қарым - қатынастар . . . 18

III. Қорытынды . . . 24

Пайдаланылған әдебиеттер. . . . 26

Ф - ОБ - 001/035

Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі . Курстық жұмысымның тақырыбы Норвегияға әлеуметтік - экономикалық жағдайы.

Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Ресми атауы - Норвегия Корольдігі. Астанасы - Осло (758 мың адам) . Территориясы - 385, 2 шаршы км. Шпицберген архипелагы, Ян-Майен аралдарымен бірге.

Ірі қалалары: Берген (216 мың адам), Тронхейм (140 мың адам), Ставангер (99, 8 мыңадам) . Халқы - 4, 554 млн. адам: норвегиялықтар - 95%, басқа солтүстік ұлыстары (саамдар, квеңцер, финндер - 2, 5%) . Діні - лютераңдық дін.

Тақырыптың құрылымы. Курстық жұмысым кіріспеден, негізгі бөлімнен, 1 және 2 тараулардан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 1 тарауда Норвегияның жалпы географиялық орнына, халқына, әкімшілік бөлінуіне сипаттама берсем, 2 тарауда Норвегияның жалпы әлеуметтік - экономикалық сипаттама бердім.

Ф - ОБ - 001/035

I. Тарау. Норвегияға жалпы географиялық сипаттама.

1. 1. Геогарафиялық орны

Ресми атауы - Норвегия Корольдігі.

Астанасы - Осло (758 мың адам) .

Территориясы - 385, 2 шаршы км. Шпицберген архипелагы, Ян-Майен аралдарымен бірге.

Ірі қалалары: Берген (216 мың адам), Тронхейм (140 мың адам), Ставангер (99, 8 мыңадам) .

Халқы - 4, 554 млн. адам: норвегиялықтар - 95%, басқа солтүстік ұлыстары (саамдар, квеңцер, финндер - 2, 5%) .

Діні - лютераңдық дін.

Ұлттық мерекесі - 14 мамыр, Конституция күні.

Ұлттық ақшасы - норвегия кронасы.

Әкімшілік-территориялық бөлінуі - Норвегия 19 фюлькеге (округке) бөлі-неді.

Мемлекеттік құрылысы. Норвегия Корольдігі - конституциялық монар-хия. Конституциясы 1814 ж. 17 мамырда қабылданған.

Мемлекет басшысы - король. Таққа отыру мұрагерлердің еркек жағынан да, әйел жағынан да жасының үлкенінен басталады. 1991 ж. 21 қаңтардан бастап Норвегия королі Харальд V. Ол Шлезвиг - Голынтейн - Зонденбург - Глюксбур династиясынан.

Норвегия корольдігі: Норвегия корольдігі
Норвегия корольдігі:
:
:
:
:
Норвегия корольдігі:
Норвегия корольдігі:
Норвегия корольдігі: Ұраны: Alt for Norge
Норвегия корольдігі: Әнұраны: Ja, vi elsker dette landet
Норвегия корольдігі:
Норвегия корольдігі: Елордасы
Осло
59°56′N, 10°41′E
Норвегия корольдігі: Ең ірі қаласы
Осло (541. 822)
Норвегия корольдігі: Ресми тілдері
Норвегше (Букмол, Нүношк)
Норвегия корольдігі: Үкімет түрі
Конституциялық монархия
Норвегия корольдігі: -
Король
Харалд V (Harald V)
Норвегия корольдігі: -
Премьер-министр
Йенс Столтенберг (Jens Stoltenberg)
Норвегия корольдігі: Тәуелсіздігі
Норвегия корольдігі: -
Тәуелсіздік
1814 мамырдың 17
Норвегия корольдігі: -
Су (%)
6, 0
Норвегия корольдігі: Жұрты
Норвегия корольдігі: -
2006 шілденің 1 сарап.
4. 667. 410 (114-ші)
Норвегия корольдігі: -
2001 жұрт санағы
4. 520. 947
Норвегия корольдігі: ЖІӨ (АҚТ)
2005 сарап.
Норвегия корольдігі: -
Бүкіл
195, 13 млрд (42-ші)
Норвегия корольдігі: -
Тұлға басына
$42. 364 (2-ші)
Норвегия корольдігі: АДИ (2003)
0, 963 (жоғары) (1-ші)
Норвегия корольдігі: Ұлттық пұлы
Krone (NOK)
Норвегия корольдігі: Уақыт белдеу(лер) і
CET (UTC+1)

Географиялық орны . Солтүстiк Еуропаның Скандинавия түбегiнде батыс жағалауды барынша иемденiп жатқан iрi елдердiң бiрi - Норвегия болып табылады. Атлант мұхитынан соғатын суық желдiң әсерi бар, батыстағы таулы қыраттың қытымыр аязы үстемдiк құратын өлке қатарынан үш елмен қоңсылас орналасқан: Ресеймен - 196, Финляндиямен - 727 km, ал Швециямен - 1619 km шекарасы шектесiп жатыр.

Корольдiктiң жер аумағы - 386 960 км 2 құрайды. Бұл жағынан келгенде Норвегия Скандинавия елдерi iшiнде екiншi орында.

Норвегияның көп бөлігін Скандинавия таулары алып жатыр (ең биік нүктесі - Гальхепигтен тауы 2469 м) . Солтүстік және Норвег теңізінің жағалаулары фьордтармен тілімделген. Климаты - баяу теңіздік. Қаңтардағы орташа температурасы -2 - 12°С, шілдеде 6 - 15°С болады. Жылдық жауын-шашын мөлшері шығысында 300 мм-ге, батыс тау беткейлерінде 3000 мм-ге дейін жетеді. Мұздықтардың жалпы аумағы 3 мың км2. Мол сулы ірі өзендері - Гломма, Логен, т. б. Жерінің 27%-ын ормандар (негізінен қылқан жапырақты, жапырақты) алып жатыр. Солтүстігіде биік жерлерінде таулы тундра мен орманды тундра басым. Жануарлар дүниесін түлкі, сілеусін, ақкіс, сусар, бұлан, солтүстік бұғысы, ақтиін, қоян құрайды. Жағалауларында құс базарлары көп. Норвегия теңіздері балыққа бай. Кен

Ф - ОБ - 001/035

байлықтарынан темір, никель, мыс, молибден, кобальт, күміс кентастары белгілі. 1970 ж, Солтүстік теңізден мұнай мен газ кен орны ашылған.

Норвегияның жер қыртыстарын сөз етсек, солтүстiктен басталған аласа таулар легi оңтүстiкке қарай биiктеп, таулы өлкеге айналып сала бередi. Мемлекеттiң ең биiк нүктелерi - Галлхейпиген (2469 m) мен Глиттертинн (2452 m) шыңдары боп есептеледi.

Норвегияның ең iрi өзендерi шығыста орналасса, батысында қысқа, бiрақ ағысты өзендерi ағады. Елдiң оңтүстiк өлкесi келбеттi көлдерге бай. Дегенмен жасылмен жан бағатын елдермен салыстырғанда, Норвегияның өнiм беретiн өсiмдiктерi жоқтың қасы. Шыңын мұз басқан таулы, қыратты аймақтың бар болғаны 4 пайызы ғана егiстiкке қолайлы болып келедi. Сол секiлдi жануарлар әлемi де корольдiкте аса мәз емес.

Ф - ОБ - 001/035

1. 2. Халқы

Халық саны жер аумағына қарай шаққанда аз және қоныстануы да әркелкi. Айталық соңғы жасалған халық санағы бойынша елде 4 миллион 574 мың халық тұрады. Ал осы аз халықтың үштен бiрi - бiр Осло-Фьорд аймағына ғана шоғырланған. Ал өзге iрi қалалардағы халықтың қоныстануы төмендегiдей: Берген (224 мың), Тронхейм (145 мың), Ставангер (106 мың), Берум (98 мың) . Ал елдiң қалған бөлiгi халық өте сирек қоныстанған аймақ болып саналады.

Елдегi бала туу - 11, 89 % құраса, адам өлiмi - 9, 51 %. Елдегi балалар өлiмi ең төменгi деңгейде. Және статистикалық мәлiметтерге сүйенсек, әрбiр төртiншi норвег ауылдық жердi мекен етедi екен.

Норвегияның негiзгi халқы - германиялық бiртектi ұлт. Ал елдiң солтүстiгiнде жалпы саны 20 мыңға жуық саам халқы мекен етедi. Елде норвег тiлiнiң екi түрi кездеседi - букмол және нүношк

Норвегтер үлкен еуропоидтық нәсілдің балтық типіне жатады. Норвегтер бойшандығымен ерекшеленеді (әсіресе Батыс Норвегияда) . Үндіеуропалық тіл шоғырының герман тобындағы норвег тілінде сөйлейді, 26 батыс, 5 шығыс диалектісі бар. Жазуы латын әліпбиі негізінде. Діни сенімі бойынша халқының көпшілігі - лютерандар, католик пен протестанттық бағытты ұстанушьшар да бар. Норвегтердің арғы аталары - герман тайпалары Скандинавияны б. з. б. 3-мыңжылдықтың соңынан қоныстана бастаған. 5 - 8 ғасырларда Норвегияны ауганд, грани, раум, ранрики, халейг және тренд тайпалары мекендеді. Алғаш нордман ("солтүстік адамы") атауы 9 ғ-дағы ағылшын жазба деректсрінде кездеседі. Кейінгі ғасырларда жергілікгі тайпалар біртіндеп жеке этностарға (фарерліктер, ислақдықтар) айналды, кейбірі шотландықтардың (Шетланд, Оркней, Гебрид аралдары) құрамына енді. 14 - 16 ғасырларда дат тілі іскерлік құжаттарда норвег тілін ығыстырып шығарды. 19 ғ-да өнеркөсіптің дамуы мен тәуелсіздік үшін күрес нәтижесінде норвег ұлты қалыптасты.

Ф - ОБ - 001/035

1. 3. Республиканың әкімшілік бөлінуі

Норвегия жерi 19 облысқа бөлiнген (жергiлiктi тiлде облысты фулке атайды) . Әр облыс қалалар мен ауылдық округтерден (коммуна) құралады. Оның әрбiрi төрт жылда бiр сайланатын кеңеске ие.

Осло Oslo (538 411) - астана қаласы

Норвегияның ірі қалалары .

1. Акерсхус

2. Бускеруд

3. Вест-Агдер

4. Вестфолл

5. Мёре-ог-Румсдал

6. Нурланн

7. Нур-Трёнделаг

8. Оппланн

9. Ругаланн

10. Сёр-Трёнделаг

Ф - ОБ - 001/035

11. Согн-ог-Фьюране

12. Телемарк

13. Тромс

14. Финнмарк

15. Хедмарк

16. Хураланн

17. Эстфолл

18. Эуст-Агдер

1. 4. Мемлекеттік құрылысы

Норвегия - демократиялы конституциялық монархия болып табылатын мемлекет. 1991 жылдың 17 қаңтарынан берi мемлекет королi - Харалд V.

Конституциясы 1814 ж. 17 мамырда кабылданған.

Мемлекет басшысы - король. Таққа отыру мұрагерлердің еркек жағынан да, әйел жағынан да жасының үлкенінен басталады. 1991 ж. 21 қаңтардан бастап Норвегия королі Харальд V. Ол Шлезвиг - Голынтейн - Зонденбург - Глюксбур династиясынан.

Атқарушы билік. Король Мемлекеттік кеңесті (Үкіметті) тағайыңдайды. 221 Тәртіп бойынша Үкімет парламенттегі басымдылыққа ие партиялардың (немесе коалиция) өкілдерінен жасақталады. Үкімет Парламенттің сайланған мерзімі аяқталғанша таратылмайды. Үкімет жаныңда кеңесші орган - Полярлық кеңес (4 жылдық мерзімге сайланатын 15 адамнан тұрады) жұмыс істейді.

Заң шығарушы билікті Стортинг (Парламент) жүзеге асырады. Ол 4 жыл-дық мерзімге сайланатын 2 палатадан: лагтингтен (41 депутат) және одель-стингтен (124 депутат) тұрады.

Саяси партиялар: Жұмысшы партиясы, Орталық партиясы, Хейре пар-тиясы (Консервативті оңшыл партия), Социалистік Солшьш партия,

Ф - ОБ - 001/035

Христиандық-демократиялық партия, Прогресшіл партия, Венстре партиясы (солшыл Либералдық партия) .

1814 жылы қабылданып, көптеген рет өзгерiстер мен толықтыруларды бастан кешiрген ел конституциясына сай, корольдiң уысына елдiң үш билiгi бiрдей берiлген.

Министрлер кабинетi Премьер-министр мен 16 министрден құралады. Үкiметбасыға елдiң атқарушы билiгi табысталған.

Стортинг аталатын ел парламентiне 169 депутат мүше бола алады.

Корольдiкте көппартиялық жүйе мықтап қалыптасқан. Норвегияның белдi партиялары қатарына - «Норвегия жұмысшылар партиясы», «Социалистiк солшылдар партиясы» және «Орталық партия» жатады.

1. 5. Астанасы

Осло - бұл Норвегия мемлекетінің астанасы. Бұл қала ірі саяси қала және мұнда елдегі көптеген өндіріс орталықтары орналасқан .

Туы: Туы
Елтаңбасы: Елтаңбасы
Туы:
Елтаңбасы:

Ф - ОБ - 001/035

II. Тарау. Норвегияның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

2. 1. Экономикасы

Норвегияның экономикасы жөнiнде алып-қашпа әңгiмелер көп. Бұған себеп - үлкен мұнай қорына иелiк ете тұра, корольдiктiң сыртқы саяси ойында аса белсендiлiк танытпауында жатыр. Дегенмен, қазiргi таңда IЖӨ индексi бойынша Норвегия әлемнiң ең бай мемлекеттерiнiң қатарында. 1970 жж. басталған Солтүстiк теңiз кенiшiндегi мұнай мен газ өндiрiсi елдi Батыс Еуропа нарығындағы ең iрi мұнай шығарушы мемлекет қатарына шығарып, әлемдiк саудаға мұнай шығарудан 2-шi (Сауд Арабстаннан кейiнгi) орынға көтерiп тастады. 2005 ж. IЖӨ 194, 7 млрд. АҚШ долларын немесе жан басына шаққанда 42, 4 мың АҚШ долларын құрап, Норвегияны үздiктер тiзбегiндегi 17 орынға шығарса, 2006 жылы корольдiк тағы да бес сатыға жоғарылап, 12-ші орынға көтерiлдi.

Ел экономикасындағы негiзгi сала - мұнай мен газ өндiрiсi . Алайда елдегi энергия көзi осы мұнайдан алынып отыр деу - жаңсақ. Өйткенi Норвегия мұнайы түгелiмен экспортқа шығарылады. Ал энергияны олар су көзiнен алады. Алдағы уақытта оған «этанол» аталатын химиялық қосалқы энергия көзiн қосу - жоспарда. Бұл дегенiңiз - қалдықтарды қайта өңдеу арқылы оны бензинге араластырып, таза экологиялық энергия шығару деген сөз. Норвегия үкiметi химия технологиясына қатты мән береді.

Дегенмен бұл жерасты байлығын иемденем дегенге дейiн Норвегия экономикалық тұрғыда үлкен қиындықтарды бастан кешiргенi белгiлi.

Өйткенi 19 ғ. мен 20 ғ. орта шенiне дейiн елдiң негiзгi экономикалық саласы - ауыл, орман және балық шаруашылығы болғаны белгiлi.

Корольдiк ежелден теңiзшiлер елi саналады. Соған орай халықтың үлкен бөлiгi жағалауға қарай қоныстанған. Ертеректе, дәлiрек айтқанда бiздiң дәуiрдiң 1000 жж. викингтер аталатын тәжiрибелi қарақшы-теңiзшiлер тобы Атлант мұхитын кесiп өтiп, Жаңа әлемнiң есiгiнен енген. Бұл ерте дәуiрден-ақ Норвегия жерiнде теңiз шаруашылығының кең өрiс алғанынан хабар берсе керек. Бұған елде сақталып қалған зәулiм сауда флоты мен жоғары

Ф - ОБ - 001/035

дамыған балық шаруашылығы да дәлел бола алады. Айта кетерлiгi аталмыш флот тасымалға шығаратын тауар көлемi жағынан 1997 ж. 6-шы орынды иеленген.

Балық шаруашылығы елде ертеден-ақ жақсы дамыған. 1975 жылы аталмыш шаруашылықты дамыту жөнiнен Норвегия дүниежүзi бойынша 5-орынды иеленсе, 1995 жылы 10-орынға тұрақтаған. Корольдiкте балық шаруашылығы саласының ең негiзгiсi - майшабақ. Бұл жағынан 1996 жылғы есеп бойынша Норвегия ең негiзгi бәсекелесi - Ұлыбританиядан үш есе көп, 330 мың тонна балық аулап, экспортқа шығарған.

Орман шаруашылығында да айтарлықтай жетiстiктер бар. Өйткенi Норвегия жерi географиялық жағынан орман шаруашылығына қолайлы. Ел территориясының төрттен бiр бөлiгi орманды алқап. Алайда ағаш өсiмiнiң өте баяу екенiн ескеретiн болсақ, бұл саланың ел экономикасының екпiндi тiрегiне айналмағанына көз жеткiзу қиынға соқпайды.

Ауыл шаруашылығы Норвегия халқы үшiн тиiмсiз сала. Егiн егуге корольдiктiң таулы, қыратты, құнарсыз топырақты географиясы мен жазы салқын, аса мол жауын-шашынды ауа райы да қолайсыз. 1996 жылы ауыл және орман шаруашылығында еңбекке жарамды халықтың бар болғаны 5, 2 пайызы ғана қызмет еткен. Ал ауыл шаруашылығына бөлiнген жердiң 3 пайызы ғана өңделiп, пайдаланылған. Мұнай өндiрiсi ашылғанға дейiн ел

экономикасының негiзгi салаларының бiрi болғанымен, бүгiнде Норвегияда ауыл шаруашылығына аса көңiл бөлiнбейдi.

Норвегияның өңдеу өнеркәсiбiнде алға қойылған салалар - электрометаллургия, радиоэлектроника мен кеме жасау және жөндеу өнеркәсiптерi. Бұл салаларға жалпы еңбекке жарамды халықтың 25 пайызы тартылған. Норвегия сыртқы саудада Германия, Швеция, Ұлыбритания, Дания, Нидерланды және АҚШ мемлекеттерiмен тығыз байланыс орнатқан. Экспортқа шығаратын негiзгi өнiмдерi - мұнай мен газ (55 пайыз) және

Ф - ОБ - 001/035

дайын өнiмдер (36 пайыз) . Сондай-ақ, импорттайтын тауарлары - дайын өнiмдер (81, 6 пайыз) және ауыл шаруашылығы өнiмдерi (9, 1 пайыз) .

Норвегиялық экспортқа бейімделген экономика салалары мыналар: мұнай өндіру, мұнай химиясы, тамақ өнеркөсібі мен кеме жасау. Аэроғарыштық өнеркәсіп өнімдері, компьютерлік және коммуникациялық технологияларды экспортқа шығару өсіп келеді. Норвегия экспортының едәуір бөлігін целлюлоза-қағаз, жиһаз өнімдер, теңіз өнімдері (әлемдегі лосось балығы экспорггың жарымынан көбі), сондай-ақ технологиялық және жобалық-конструкторлық қызмет құрайды.

2005 жылы Норвегияның ішкі жалпы өнімі (ВВП) 354 млрд. долларды құрады (2, 5%) . Халықтың жан басына шаққанда (ВВП) 70, 400 доллардан келеді. 2005 ж. инфляция 2, 0% болды.

Норвегая ірі экспортер бола отырып, 222 тұтынылатын тауарларының жарымын импорттайды. Негізгі импортты мыналар құрайды: минеральды отын, тамақ өнімдері, тоқыма өнімдер, жабдықтар мен транспорт құралдары.

Норвегияның негізгі сауда әріптестері: Скаңдинавия елдері, Ұлыбритания, Германия, Нидерланды, Франция жөне АҚШ. Соңғы уақытта Норвегия компанияларыньщ Азия, Шығыс Еуропа жөне Африка елдерінде белсенді экономикалық өрлеуі байкалады.

Елдiң қорғаныс саласында жаяу әскер, әскери-теңiз және әскери-әуе флоттары бар. Ел заңы бойынша, 19 және 45 жас аралығындағы азаматтар

мiндеттi түрде 6 айдан 1 жылға дейiнгi уақыт аралығында әскери қызметте болуы шарт. Запастағы әскер саны - 230 мың. Ал Норвегияның қорғаныс саласына жұмсаған соңғы жылдағы қаржысы IЖӨ-нiң 1, 9 % құраған.

2. 2. Өнеркәсібі

Норвегия - экономикасы жоғары дамыған өнеркәсіпті ел. Мұнай мен газ өндіру, темір және титан кентастарын (темір және ильменит концентратын көп мөлшерде сыртқа шығарады), молибден, мыс , мырыш пен пирит өндіру жақсы дамыған, Электр куатының жан басына шаққандағы

Ф - ОБ - 001/035

мөлшері бойынша Норвегия дүние жүзіндегі алғашқы орындардың бірін иемденеді. Электрометаллургия (аллюминий, никель, магний, темір қорытпаларын өндіру), орман шаруашылығы (ағаш, қағаз, картон, целлюлозаны көп мөлшерде өндіріп, шетке шығарушы мемлекет) жоғары дәрежеде дамыған. Машина, кеме, теңіздік мұнай бұрғылау қондырғыларын, балық өнеркәсібіне керекті құрал-саймандар жасау салалары бар. Теңізде жүзу мен балық аулау (балық өнімдерін эспортқа шығаруда дүние жүзіндегі

жетекші орындардың бірін иеленеді) маңызды рөл атқарады. Ұлттық жиынтық өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 24160 АҚШ долларына тең. Негізгі сауда серіктестері - Еуро одақ елдері.

Норвегияның өңдеу өнеркәсiбiнде алға қойылған салалар - электрометаллургия, радиоэлектроника мен кеме жасау және жөндеу өнеркәсiптерi. Бұл салаларға жалпы еңбекке жарамды халықтың 25 пайызы тартылған. Норвегия сыртқы саудада Германия, Швеция, Ұлыбритания, Дания, Нидерланды және АҚШ мемлекеттерiмен тығыз байланыс орнатқан. Экспортқа шығаратын негiзгi өнiмдерi - мұнай мен газ (55 пайыз) және дайын өнiмдер (36 пайыз) . Сондай-ақ, импорттайтын тауарлары - дайын өнiмдер (81, 6 пайыз) және ауыл шаруашылығы өнiмдерi (9, 1 пайыз) .

2. 3. Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы Норвегия халқы үшiн тиiмсiз сала. Егiн егуге корольдiктiң таулы, қыратты, құнарсыз топырақты географиясы мен жазы салқын, аса мол жауын-шашынды ауа райы да қолайсыз. 1996 жылы ауыл және орман шаруашылығында еңбекке жарамды халықтың бар болғаны 5, 2 пайызы ғана қызмет еткен. Ал ауыл шаруашылығына бөлiнген жердiң 3 пайызы ғана өңделiп, пайдаланылған. Мұнай өндiрiсi ашылғанға дейiн ел экономикасының негiзгi салаларының бiрi болғанымен, бүгiнде Норвегияда ауыл шаруашылығына аса көңiл бөлiнбейдi.

Ауыл шаруашылығында етті-сүтті ірі қара мен қой өсіру басым.

Ф - ОБ - 001/035

2. 4. Көлігі

Норвегияда транспорт түрлерінің барлық дерлік түрлері дамыған.

Темір жол транспорты

Норвегияның темір жол жүйесі Осло қаласынан тарайтын бірнеше магистралдардан тұрады. Бұл магистралдар елдегі - Берген, Ставангер, Тронхейм және Будё қалаларымен, сондай -ақ Швециямен байланыстырады. Сонымен қатар тағы бір желі Норвегия мен Швецияның Нарвикқаласымен байланыстырады. Норвегиядағы темір жолдардың жалпы 4 087 км ( оның2 528 км электрленген) құрайды.

Автомобиль транспорты

Норвегиядағы жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 20007 жылы 92 946 км құраса, оның 27 343 км, ұллтық маңызға ие жолдар., 27 075 км -і аудандық маңызға иеижәне 38 528 км -і жергілікті маңыздағы жолдар болып табылады. Жалпы жолдардың 74 % -і қатты жабындыдан тұрады.

Әуе транспорты

Норвегияда 53 аэропорта тұрақты рейс қабылдайды Олардың ішінде 8 ірі аэропорттарды - Гардермуен (Осло), Флесланн (Берген), Сула (Ставангер), Вэрнес (Тронхейм), Торп (Сандефьорд), Тромсё (ранее Лангнес), Рюгге

(Мосс), Вигра (Олесунн) атауға болады. 2005 жылғы мәліметтер бойынша авиапарктердің жаллпы саны былайша: 888 самолёт және 168 вертолёт

2. 5. Қазақстан және Норвегия қарым қатынастары.

1992 ж. 2 қаңтарда Норвегая Корольдігі Қазақстан Республикасының мем-лекегтік тәуелсіздігін таныды. 1992 ж. 5 маусымда дипломатиялық қатынас орнатылды.

ҚР-ның Норвегиядағы Елшісі ҚР-ның Ұлыбританиядағы елшілік миссия-сын қоса атқарды. 2004 ж. 21 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Норвегияда ҚР-ның Уақытша сенімді өкілі деңгейіндегі ҚР Дипломатиялық миссиясы ашылды.

Ф - ОБ - 001/035

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2001 ж. 2-4 сәуірдегі Норвегия Корольдігіне жасаған ресми сапары екі жақты байланыстарға айтарлықтай серпін берді. Сапар барысында Мемлекет басшысы король Харалвд V пен, Премьер-Министр Й. Столтенбергаен, Стортинг (Парламент) Президенті Х. Росьордбен кездесті, сыртқы саясат

және халықаралық (КиР) норвеж институтында Қазақстанның сыртқы саясаты туралы лекция оқыды.

Сондай-ақ екі елдің басқа да ресми адамдарының кездесулері өтті. Кездесу барысында тараптар халықаралық ұйымдар БҰҰ (ООН) және ЕҚЫҮ (ОБСЕ) аясыңдағы өзара саяси қатынастар, мұнайгаз саласын мемлекеттік реттеу бойынша Норвегиянын тәжірибесін оқып-үйрену үшін норвегиялық эксперттердің қатысуымен семинарлар ұйымдастыру және басқа мәселелер талқыланды.

Сапар барысында "дөңгелек стол" өткізілді. Оған Норвегияның мұнай және газ, телекоммуникация, су қатынасы, туризм мен құрылыс саларында жұмыс істейтін 13 компаниясы қатысты.

Мемлекет басшысының ресми сапары Қазақстан-Норвегия қатынастарын сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді және ұзақ мерзімді

әріптестікке негіз қалады. Екіжақты салық алуды болдырмау мен табыста-рына және капиталына салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенцияға, сондай-ақ ҚР мен Норвегия арасында достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастық туралы Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

2002 ж. 15 сәуірде Астанада Қазақстан-Норвегия сыртқы істер министр-ліктері аралық консультациясы өткізілді. Оның барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастарға, сондай-ақ ЕҚЫҮ (ОБСЕ), БҰҰ (ООН) және басқа халықаралық ұйымдарға байланысты мәселелерді талқылады. Семей аймағы реабилитациялау және Каспий теңізіне мұнайдың төгілуінен сақтандыру жөніндегі экологиялық жобаларға Норвегия жағының қатысу жолдары талқыланды.

Ф - ОБ - 001/035

Екіжақты қарым-қатынастарға 2004 ж. 25-26 мамырда Премьер-Министр І. С. Бондевиктің Қазақстанға келген сапары қосымша серпін берді. Сапар барысында жоғары деңгейде саяси келіссөздер жүргізілді, саяси және экономикалық салалардағы қарым-қатынастарды тереңдету жөнінде екі жақты кұжатқа қол қойылды, сондай-ақ бірқатар параллельді шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, екі ел іскер топтары өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум және Астанада Норвегияның Құрметті консульдығының ашылу рәсімі болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы мен Норвегия корольдігінің экономикалық қарым – қатынастары
Скандинавиялықтардың алғашқы орта ғасырлардағы қоғамдық құрылысы
Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы қатынастар
Норвегия
Жалпы ережелерде қылмыс түрлері, жауаптылық, жазалар және жаза тағайындаулар
Қазақстанның сыртқы экономикалық дамуы
Дүние жүзілік соғыс туралы
Көпжақты ынтымақтастық
Екінші дүние жүзілік соғыс
Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері және сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz