Қазіргі кезде ұлттық символдар болмысын тіл арқылы ашуды «тіл-мәдениет-ойлау»
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. СИМВОЛДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
1.1 Символ . әмбебап категория ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Символдың зерттелу жайы және ұқсас құбылыстар ... ... ..9
1.3 Тілдік таңба және сөз. символ ... ... ... ... ...15
2. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ЭСТЕТИКА МЕН СҰЛУЛЫҚ СИМВОЛИЗМДЕРІ КӨРІНІСТЕРІ
2.1 Сұлулық бейнелері жүйесіндегі халықтық дүниетаным ... ... ..25
2.2 Қазақ мифологиясындағы сұлулық пен сүйіспеншіліктің тілдік сипаты ... ...35
2.3 Халықтық эстетика мен сұлулық символизмдерінің көріністері ... ... ... ... ... .40
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... .60

Қазіргі кезде ұлттық символдар болмысын тіл арқылы ашуды «тіл-мәдениет-ойлау» үштағанына қатысты зерттеулердің жалғасы деуге болады. Символдардың әмбебап категория екені белгілі, дегенмен, біздің жұмысымызда тілдік көріністер ретіндегі символдың табиғаты сұлулық атаулары негізінде қаралады.
Бұл көзқарас бойынша, символ – кез-келген мәдениетке тән әмбебап құбылыс. Ол халықтың дүниені түсінуінен хабар беретін «қойма», яғни ғаламның тілдік бейнесі ретінде ұлттың эстетикалық таным-талғамын, шаруашылық кәсібін, мінез-құлық, ырым-наным, салт-дәстүрін, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухты тек тілде ғана жан-жақты танытады.
Осыған сай белгілі бір халықтың материалдық және рухани мәдениет элементтері тілде эстетикалық символдар ретінде қалыптасады. Мұның негізінде «әлемді тіл арқылы танудың» әр ұлт тілінде түрлі сипатқа ие екендігі туралы шешімге символдың лингвистикалық сипатын ашу арқылы және ұлттық болмысын таныту негізінде келуге болады.
Сондықтан да қазақ тіліндегі сұлулық атауларының символдық мәнін қарастыру бүгінгі күн талабынан туған, яғни тіл мен таным, тіл мен сол тілді қолданушының тығыз байланысынан туған өзекті мәселелердің бірі деп айтуға болады.
Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу ахуалын бағалау. Белгілі бір ұлттың тілін зерттеу арқылы сол тілді қолданушы халықтың салт-дәстүрлерінен, тұрмыс-тіршілігінен, рухани-мәдени өмірінен, әдет-ғұрпынан, символдық ерекшеліктерінен, қайталанбас қасиеттерінен көрініс алуға болады. Символ, оның мәні, символдық таңба - лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика сияқты пәндердің зерттеу нысаны болып табылады. Сондықтан символ тілдік тұлғаның тіліндегі біріккен ой-жүйені көрсетіп, бір-екі сөзбен береді, сол себепті символдық мәнді халқымыздың дәстүрлі ұғымдарын білдіретін сөздерден іздеуіміз керек.
Сөз – символдарды ғалымдар әртүрлі қырынан зерттеген: рухани мәдениет пен материалдық мәдениетке қатысты (Жанпейісов Е, Манкеева Ж), түр-түс атауларының символдық мағынасы (Ә.Қайдар), символдық мәні бар фразеологизмдер сипаты (Сыздық Р, Смағұлова Г, Уәлиұлы Н),символдың когнитивтік сипаты (Қайырбаева Қ) т.б. Осы ғалымдар зерттеулеріне сүйене отырып, қазақ тіліндегі сұлулыққа байланысты символизмдерді жан-жақты ашуға тырыстық

1. Потебня А.А.О некоторых символах в славянской народной поэзии, Харьков, 1914, -243 с.
2. Гумбольдт В фон. Избранные труды. – М., 1984, -396 с.
3. Кассирер Э. Философия символических форм. – М., 1923, -126 с.
4. Лосев А.Ф. Проблема символа и реалистическое и искусство. – М., 1976,-367 с.
5. Байтұрсынұлы А. Шығармалар. -Алматы.: 1989.- 320 б.
6.Свасьян К.А. Проблема символа в современной философии. Ереван, 1980.- стр 226.
7. Жаманбаева Қ.Ә. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. – Алматы, 1998, –140 б.
8. Жұмалиев К,. Әдебиет теориясы.-Алматы, 1969–123 б.
9 Қабдолов 3. Сөз өнері.-Алматы. 1992. –219 б.
10. Әдебиеттану терминдер сөздігі. -Алматы, 199б, – 183 б.
11.Есембеков Т.У. Символ и тайна в ранней прозе М.Ауезова.
// Вестник Семипалатинского университета.-Семей, 1997
12.Жетписбаева Б. А. Символ в движении литературы /на
материале казахской литературы/.-Алматы : Ғылым, 1999.- стр. 17-34.
13. Аймауытов Ж. Псиқалогия.- Алматы, 1999. - 186 б.
14. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. -Алматы, 1969.-123 б.
15. Квятковский А. Поэтический словарь.-Москва, 1966, стр.263
16. Сергеева Е.В. Метафора и метафора-символ в поэтических
циклах А. Блока. Автореферат канд.дисс. Москва, 1989. - стр 17
І7. Собенников Художественный символ в драматургии
АП.Чехова.- Иркутск,1989.- стр.17
18. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мөселелері және Абай поэзиясының тілі.-Алматы, 1960.- 113 б.
19. Телия В.Н. Культурно-маркированная коннотация языковых знаков как понятие лингвокульгурологии // Семантика языковых единиц: Доклады 4-й международной конференции. Ч.П. Фразеологическая семантика. М., 1994.
20. Маслова В.А. Лингвокультурология. М., 2004.3.
21. Копыленко М.М., Попова З.Д. Очерки по общей фразеологии. Воронеж: ВУ, 1989.
22. Қайырбаева Қ. Т. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың символдық мәні: филол. ғ. к.... дисс. Алматы, 2004.
23. Аронов Қ.Ғ. Қазақ тіліндегі халықтық космонимдердің этнолингвистикалық табиғаты: филол. ғ. к.... дисс. Алматы, 1992.
24. Сагидолда Г. Поэтикалық фразеологизмдердің этномәдени мазмұны (қазақ және моңғол тілдерінің материалдары бойынша салыстырмалы зерттеу). Алматы, 2003.
25. Тэрнер В.Символ и ритуал. – М., 1983, -277с.
26. Юнг К. Либидо его метаморфозы и символ, Спб, 1994, -415с.
27. Авакова Р. Фразеологиялық семантика. – Алматы, -2003. -180 б
28. Қаирбаева Қ.Т. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың символдық мәні. Фил. ғыл. канд. дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. автореф. 10.02.02. –Алматы: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 2004. - 30 б.
29. Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы, 1997, -224 б.
30. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы, 1977.- 615 б.
31. Уалиханов Ш. Таңдамалы шығармалар.– Алматы, 1949. - 280 б.
32. Степанов Ю. С. Семиотика. .– М., 1983. - 214 с.
33. Ғабитханұлы Қ. Қазақ мифологиясының тілдегі көрінісі.– Алматы, 2006. - 166 б.
34. Смайылов А. Фразеологиялық бірліктердегі «әйел» бейнесінің символдық мәні. // ҚазҰУ хабаршысы. №1 (100). – Алматы, 2007
35. Бес ғасыр жырлайды. Т. І – Алматы, 1989. - 384 б.
36. Бес ғасыр жырлайды. Т. ІІ – Алматы, 1989. - 496 б.
37. Негимов С. Өнерпаздық өрнектері. – Алматы, 1996. - 88 б.
38. Салықов К. Ақан сері // Айқын. 23.10.2008. №200.-22-23 бб.
39. Жұмабаев М. Ақан сері //Мағжан. –Петропавл, 2006. – 428 б.
40. Ілиястегі К. Ел еркесі. Ақан сері // Ленин туы, 1992
41. Халық әндері мен халық композиторларының әндері. Т. І– Алматы, 1991. – 336 б.
42. Виноградов В.В. Стилистика. Теория поэтической речи.
Поэтика.- Москва, 1963, стр. 168
43. Сейдімбек А. Күй шежіре. - А.: Ғылым, 1997. - 227 6.
44. Машанов А., Байзақов Ж. Бір мифтік санның сыры. // Жұлдыз, 1968,
-155 б.
45. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық мәдени аспектілері. - Алматы: Ғылым, 1998. - 196 б.
46. Гумбольдт В. Фон Избранные труды по языкознанию. Пер. с нем. - М.: ОАО НГ "Прогресс", 2000. - 400 с.
47. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. - Алматы: Санат, 1994. - 272 б.
48. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. -Алматы: Сөздік-словарь, 1998. - 3046.
49. Қайдаров Ә. Этнолингвистика // Қазақ тілі. Энциклопедия. - Алматы: ІДК-ТІРО редакциялық баспа орталығы, 1998. -476 б.
50. Тымболова А. Лингвистикалық мәдениеттану: этикет формаларына салыстырмалы талдау. Филол. ғыл. канд. дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. автореф. - Алматы, 1998. - 22 б.
52. Кажигалиева Г.А. Этапы лингвокультурологического анализа художественного текста // Русский язык и литература в казахской школе, 2000№2. 56-59 с.
53. Кішібеков Д., Сыздықов Ұ. Филосоия. - Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1994.-3416.
54. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.-Алматы, 1976,-271б
55. Қыз Жібек. -Алматы, 1976,-587б.
56. Қыз Жібек. -Алматы, 1987,-120 б.
57. Төрт батыр. -Алматы, 1978,-234 б.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Символдың лингвистикалық сипаты
1. Символ – әмбебап
категория ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .6
2. Символдың зерттелу жайы және ұқсас
құбылыстар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 9
3. Тілдік таңба және сөз–
символ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.15
2. Қазақ тіліндегі халықтық эстетика мен сұлулық символизмдері көріністері
2.1 Сұлулық бейнелері жүйесіндегі халықтық
дүниетаным ... ... ... ... ... ... . ... ..25
2.2 Қазақ мифологиясындағы сұлулық пен сүйіспеншіліктің тілдік
сипаты ... ...35
2.3 Халықтық эстетика мен сұлулық символизмдерінің
көріністері ... ... ... ... ... .40
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
ПайдаланЫЛған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...60
Кіріспе
Диплом жұмысының (жобаның) өзекті мәселелері. Қазіргі кезде ұлттық
символдар болмысын тіл арқылы ашуды тіл-мәдениет-ойлау үштағанына
қатысты зерттеулердің жалғасы деуге болады. Символдардың әмбебап
категория екені белгілі, дегенмен, біздің жұмысымызда тілдік көріністер
ретіндегі символдың табиғаты сұлулық атаулары негізінде қаралады.
Бұл көзқарас бойынша, символ – кез-келген мәдениетке тән әмбебап
құбылыс. Ол халықтың дүниені түсінуінен хабар беретін қойма, яғни
ғаламның тілдік бейнесі ретінде ұлттың эстетикалық таным-талғамын,
шаруашылық кәсібін, мінез-құлық, ырым-наным, салт-дәстүрін, бір сөзбен
айтқанда, ұлттық рухты тек тілде ғана жан-жақты танытады.
Осыған сай белгілі бір халықтың материалдық және рухани мәдениет
элементтері тілде эстетикалық символдар ретінде қалыптасады. Мұның
негізінде әлемді тіл арқылы танудың әр ұлт тілінде түрлі сипатқа
ие екендігі туралы шешімге символдың лингвистикалық сипатын ашу арқылы
және ұлттық болмысын таныту негізінде келуге болады.
Сондықтан да қазақ тіліндегі сұлулық атауларының символдық мәнін
қарастыру бүгінгі күн талабынан туған, яғни тіл мен таным, тіл мен сол
тілді қолданушының тығыз байланысынан туған өзекті мәселелердің бірі деп
айтуға болады.
Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу ахуалын бағалау. Белгілі бір ұлттың
тілін зерттеу арқылы сол тілді қолданушы халықтың салт-дәстүрлерінен,
тұрмыс-тіршілігінен, рухани-мәдени өмірінен, әдет-ғұрпынан, символдық
ерекшеліктерінен, қайталанбас қасиеттерінен көрініс алуға болады. Символ,
оның мәні, символдық таңба - лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика
сияқты пәндердің зерттеу нысаны болып табылады. Сондықтан символ тілдік
тұлғаның тіліндегі біріккен ой-жүйені көрсетіп, бір-екі сөзбен береді, сол
себепті символдық мәнді халқымыздың дәстүрлі ұғымдарын білдіретін сөздерден
іздеуіміз керек.
Сөз – символдарды ғалымдар әртүрлі қырынан зерттеген: рухани мәдениет пен
материалдық мәдениетке қатысты (Жанпейісов Е, Манкеева Ж), түр-түс
атауларының символдық мағынасы (Ә.Қайдар), символдық мәні бар
фразеологизмдер сипаты (Сыздық Р, Смағұлова Г, Уәлиұлы Н),символдың
когнитивтік сипаты (Қайырбаева Қ) т.б. Осы ғалымдар зерттеулеріне сүйене
отырып, қазақ тіліндегі сұлулыққа байланысты символизмдерді жан-жақты ашуға
тырыстық
Дипломның мақсаты, міндеттері. Қазақ тіліндегі материалдық мәдениет
лексикасы мен рухани мәдениет лексикасына қатысты қалыптасқан сұлулық
атаулардың символдық мәнін тіл мен мәдениет байланысында ашу – жұмыстың
негізгі мақсаты. Осы мақсатқа сай төмендегідей міндеттер қойылады:
– символдың әмбебеп категория ретіндегі зерттелу жайына шолу жасау;
– тіл мен таңба арақатынасын айқындау;
– тілдік таңба және сөз-символдың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын
ажырату;
– тілдік жүйеде символдың қалыптасуын когнитивтік құрылым ретінде
айқындау;
– символдық мағынаның тілдік негіздерін ашу;
– символды өзімен тектес метафора, аллегория, образ, мифпен салыстыру, сол
арқылы өзара ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау;
– символдың тілдегі көрінісінің қалыптасуын ғаламның тілдік бейнесі
тұрғысынан сипаттау;
– сұлулық атауларының символдық мәнін ұлт пен тіл біртұтас деген
қағидаға сәйкес анықтау;
– эстетика — адамның материалдық және рухани қызметінде әсемдікке
көзқарас, таным, талғам, әдемілік зандарының тетігі екенін дәлелдеу;
– қазақ халқының өмір тарихы мен мәдени арнасы
эстетикалық
құндылықгарға толы екенін бағзы заман мәдениетінен көрініс беретін
лингвомәдени деректердің, эпостық жырлардағы эстетиканың жарқын
үлгілерімен дәлелдеу.
Зерттелу объектісі. Халық танымында орын алған сөз – символдар мен
символдық мәнге ие сұлулық атаулары.
Теориялық мәнділігі мен ғылыми жаңашылдығы Зерттеу материалдары ауыз
әдебиеті үлгілерінен, ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ. ақын-жыраулардың шығармаларынан,
көркем әдебиеттен, жеке ғалымдардың зерттеу еңбектерінен,
энциклопедиялық сөздіктер мен Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен (1-
10тт) Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінен (І.Кеңесбаев, 1977), Қыз
Жібек лиро–эпостық поэмасынан, Төрт батыр жинағынан алынды.
Жұмыста символ мәселесі - лингвистикалық тұрғыдан тілдік таңба
ретінде ұлт мәдениетімен сабақтас жүйеде қарастырылады. Осы орайда
символдық мағынаның қалыптасуына әсер ететін экстралингвистикалық
факторлардың (көне дүниетаным, наным-сенім этностың салт-дәстүрі т.б.)
негізінде құнды рухани қазына-мәтіндердің танымдық мазмұнын қысқа да
нұсқа түрде сақтап жеткізетін тілдік құралдардың бірі – символдар екені
нақты тілдік деректер арқылы анықталды.
Практикалық маңыздылығы. Зерттеу нәтижелері мен тұжырымдары тіл мен
мәдениет, тіл мен ұлт, тіл мен таным, тіл мен ойлау сабақтастығында
қазақ тіліндегі ұлттық мәдениетке тән символ құбылысын мәдениет дерегі,
ұлт өмірінің айнасы ретінде қарастыруға талпыныс жасалды. Жұмыс
нәтижелері жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде оқитын
студенттер үшін Этнолингвистика, Лингвомәдениеттану, Когнитивтік
лингвистика курстарынан курстық жұмыстар мен семинарларға дайындалу
барысында пайдалануға болады.
Теориялық және әдіснамалық негіздері. Этностың ұлттық мәдени-танымдық
жүйесін зерттеу барысында теориялық-әдістемелік негіз ретінде
антропоцентристік және когнитивтік лингвистиканың ғаламның тілдік бейнесі
теориясының қағидалары басшылыққа алынды. Соған сәйкес сипаттау, салыстыру,
семасиологиялық, этнолингвистикалық талдау, топтау, жүйелеу әдістері
қолданылды.
Тақырыпты зерттеу барысында мынадай теориялық тұжырымдар ұсынылады:
– символ кез келген мәдениетке тән құбылыс, мәдениеттің тұрақты
элементі, символ әр түрлі мәдениет контексінде кодтала отырып, оларда түрлі
мәнге ие болады;
– символ – ерекше мәдени мазмұнға ие таңбалар жүйесі;
– сөз – символ – күрделі құрылымды тілдік таңба, символдануда екіншілік
атау және семантикалық трансформация жүзеге асады;
– символ өз бойына ұлттық таныммен, ұлттық мәдениетпен, ұлттық тілмен
байланысты ұлттық рухты сіңірген категория.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Символдың лингвистикалық сипаты
1.1 Символ – әмбебап категория
Адам санасының дамуымен байланысты, дүниетанымының тереңдеуінің
нәтижесі болып табылатын ерекше танымдық белгі, таңба – символ екені
белгілі. Символдың қалыптасу тарихы тым арыда жатса да, бүгінгі күні
символ ұғымының ауқымы кеңейіп, лингвистика, философия, семиотика,
психология, әдебиеттану, мифопоэтика, фольклористика, мәдениеттану т.б.
ғылым салаларының негізгі нысанына айналған. Мұның өзі символдың әмбебап
категория екендігін білдіреді.
Жұмыста символ өзінің алғашқы мазмұнын басқа бір мазмұнға форма беруде
қолданатын кең түрдегі таңба ретінде түсіндіретін бағыт ұстанады. Осы
тұрғыдан символ психосоциологтар, философтар, этнографтар,
әдебиеттанушылар, мәдениеттанушылар тұрғысынан қарастырылған. (А.Г.
Спиркин, К.Юнг, Ю.М.Лотман, Кассирер, Л.Тэрнер, А.Байтұрсынұлы, Ә.Марғұлан,
Қ.Жұмалиев, З. Ахметов, Х. Арғынбаев, Н.Н.Рубцов, А.Белый, А.А.Потебня,
Хромченко т.б.)
Бұл зерттеушілер символды әр ғылым саласына байланысты белгілі бір
мақсатпен қарыстырғанмен, барлығы дерлік символды адам танымынан тыс
дүниені бейнелеу, идеяны көрнекті тілдік модель арқылы көрсету деп
біледі.
Алайда біз өз зерттеу мақсатымызға орай, жеке тұлғаның еркіне қарай
емес, символды халықтық көзқараспен, таныммен бірлікте қарайтын тілге
қатысы жағынан символдарды тәртіпке келтіруге болады, – дейтін ғалым А.А.
Потебняның және В.Гумбольдттың Символ ұғымы тілде, сөз жоқ кең, – деген
пікіріне сүйенеміз [1, 6; 2, 93.].
Символдар - көркемдік танымның жемісі ғана емес, оның өсіп-жетілуінің,
өзгеруінің белгілі бір дәрежесінің айқын көрсеткіші бола алады. Демек,
символдарды тану, олардың даму барысына көз жіберу жалпы шығармашылық ой
мен көркем сөздің дамуын саралауға мүмкіндік береді. Бұдан әрмен тереңдер
болсақ, поэтикалық көркем зерде және оның жалғастығы, көркем зерденің
белгілі шартты бернелері, олардың жалпы рухани әлемдегі мәні туралы маңызды
сұрақтар туындайды.
Символ және оны тану барысын қарағанда, бұл көркемдік категорияның
күрделі де әмбебап табиғатын танып-саралау процесінің де қарама-
қайшылықтарға толы екені көрінеді.
Символ адам санасымен тығыз байланысты ежелгі ұғым болғанымен де, оның
философиялық-эстетикалық тұрғыда пайымдалуы кейінірек басталады. Уақытпен,
тарихпен және болмыспен тығыз қарым-қатынастарға, сан қилы байланысқа түсе
отырып, символ дамудың түрлі сатыларынан өтетіні белгілі. Символдың
тарихына қатысты еңбектерді таразылау арқылы аталмыш ұғымның өрлеу мен
құлдырау, тіпті десимволдану кезеңдерін бастан кешіргенін байқауға болады.
Орта ғасырларда символизмнің дидактикалық аллегоризммен ара жігі
ажырамай бірге өмір сүргені белгілі. Ренессанста символдың көп мағыналылығы
ескеріліп, оны интуитивті түрде қабылдау үрдісі күшейді, бірақ символдың
жаңа теориясы жасалған жоқ.
Барокко мен классицизмде кітаби аллегорияға деген талғамның қайта өсуіне
байланысты символ тағы да назардан тыс қала берді. Романтикалық дәстүр XX
ғасыр басында жаңарған, дамытылған символизм теориясының арқасында
эстетикалық ілімге қайта келді.
Символ, қашан да болсын, бір-біріне қарама-қайшы келетін ойлар мен
көзқарастар тудырады, себебі символдың табиғаты қарама-қайшылықтар мен
құпиялардан тұрады.
Көптеген зерттеушілердің пікірінше, бұндай қайшылықтардың себебі
мынадан болуы мүмкін: символ бір мезетте екі нәрсенің көрінісі бола алады,
бірі — субстрат бола алатын қасиеті, екіншісі — баяндауыштың предикаты бола
алатын қабілеті бар. Осындай екіұдайлық табиғаты символды зерттеуді де,
оның теориясы мен әдістемесін жетілдіруді де қиындатып отыр.
Әлі күнге дейін символтану бағытында ортақ пікір жоқ. Символдың ойға
қонымсыз, белгісі мен тұрағы аз құпиялылығы оның құрылымына когнитивті
сипат қосады.
Былай қарағанда, символ аллегория да, образ да, метафора да, кейіптеу де
бола алады. Берілген универсалияның екіұдайлық табиғаты, көзге шалына
бермейтін жұмбақтығы, осының бәрі зерттеу барысында түрлі концепциялар,
даулы пікірлер туғызады.
Осындай пікірсайыстар нәтижесінде символ проблемасы төңірегінде оң және
теріс көзқарастар қалыптасты. Олардың әрқайсысы өз бағытының өнімділігі мен
ғылыми құндылығын дәлелдеуге көп күш-жігерін жұмсағаны белгілі.
XX ғасырда ерекше назар аударған екі философиялық концепцияны: француз
зерттеушісі Анри Бергсонның және неміс ғалымы Эрнст Кассирьердің символға
қатысты көзқарастар жүйесін бөліп керсетуге болады.
Барлық символикалық формаларды жоққа шығара келіп, А.Бергсон символды
"нақты шындықтьі бүркеп тұратын шаң" [1,384], адамды ақиқаттан, абсолюттен
адастыратын сыртқы тәсіл деп санайды. Семантикалық эстетиканың негізін
салушы Эрнст Кассирьер "Философия символических форм" 1923 деген
еңбегінде символды тіл, миф, өнер т. б. символикалық формалармен берілетін
категория ретінде кең, мәдени фоңда, жан-жақты қарастырғанына ерекше назар
аударған орынды.
Өзінің сыншыл ойының негізгі принципі етіп ол обьектіден гөрі функцияның
үстем, басым болуын, яғни, жан-жақты функционализмді алады. Осылайша
символды қарастыру бағытында күрт бұрылыс жасаған ғалымның бұл категорияның
негізгі мәнін, субстанциясын емес, оның функционалды механизмін тереңірек
қарастыруды нысана еткенінің ғылым үшін маңызы ерекше еді.
Символикалық функционализмді басты негізге айналдырған Э. Кассирьердің
"символизмсіз адам өмірі әйгілі платондық үңгірдегі тұтқындар өміріне тең
болар еді. Адам өмірі тек биологиялық кажеттер мен практикалық мүдделермен
шектеліп, дін, өнер, философия, ғылым арқылы ашылатын "идеалды әлемге" жол
таба алмас еді " [3,226] деген пікірінің символтану үшін бағалы екені
сөзсіз.
Ал, жалпы, "символ" терминінің этимологиясына үңілсек, о баста бұл
терминнің әлеуметтік, қарым-қатынастық коммуникативтік қызметіне ерекше
мән берілгенін көруге болады. "Сumbolа" деп ежелгі гректер бөлініп қалған
пластинканың бір-біріне сәйкес келетін сынықтарын атаған.
Осы сынықтар арқылы достас, одақтас адамдар бір-бірін таныған, яғни,
символ бойынша "өз адамдарын" танып, түсінетін болған. Осы орайда басқа
бөтендер де танып, түсіне алатын аллегорияға қарағанда, символда адамдарды
біріктіре алатын жылы құпия бар екенін айтуға болатын сыңайлы.
Символды анықтаудағы негізгі сүйенер пікір — академик А.Ф.Лосевтің
тұжырымдары. Мұнда зерттеуші символдың құрылымдық-семантикалық
сипаттамасын, жалпы логикасын танытуға әрекет жасай келіп, ең соңында
символ мен символданушы затты қатар ала отырып, 9 түрлі қорытынды жасап,
символдың логикалық картинасын береді.
Символдың құрылымдық-семантикалық сипаттамасын, символдың жалпы
логикасын қарастырған ғалымның мына бір қорытындыларының методологиялық
маңызына назар аударарлық:
1. Заттың символы оның біздің санамыздағы көрінісі, бірақ заттың кез
келген көрінісі оның символы емес. Мысалы, сәуленің айнаға шағылысуында еш
символика жоқ. Кез келген символ өзінің тікелей мағынасынан тыс басқа бір
затқа меңзейді. Біз үшін символ міндетті түрде қандай да бір басқа нәрсенің
символы, санамыз бен ойымыздағы көрінісі, демек мағынасы.
2. Заттың символы - оның бейнеленуі. Кез келген символ — бейне, бірақ
кез келген бейне - символ емес. Символ болу үшін бейнеге не жетіспейді. Ең
алдымен, жинақтау обобщение жетіспейді. Фотосурет бейне болғанымен,
жинақтау жоқ.
Бұған қоса заттың символы еш формасыз, хаос емес, әрқашан реттелген,
белгілі бір формада безендіріледі. Оның бойында белгілі бір заң бойынша
құрылған идея бар, осы заң нәтижесінде символдың тәртіптелген, идеялық-
образдық қалыбы болады" [4,65-66] деген пікірлерде символдың идеялық-
пішіндік құрылымының кездейсоқ емес,белгілі бір заң, біздіңше көркемдік
танымның өз заңдары бойынша жасалатындығына ерекше назар аударылады.
Бұл ретте А.Ф.Лосевтің мына бір қорытындысын ғана келтірсек, оның осы
бағыттағы пікірінің өзегін беретін тәріздіміз: "Символда сол заттың өзінің
шегінен асатын жинақтау болмаса, ол символ емес" [4,89], яғни нақтылай
түссек, символда болатын жинақтаудың мүмкіндігі шексіз.
Демек, символ — жинақтау деген пікірге ойлана қараған дұрыс.
А.Байтұрсыновтың "лебіз мағынасы мен астыртын мағынасының жинағы" деген
көзқарасының да жаны бар [5].
Символ ешқашан бір мағына шегінде қалып қоймайды, оның мағыналық
астарлары мен тараптары шексіз. Символ қай жағдайда да сол заттың өзінен
басқа затқа меңзеу, оның шегінен асу.
Бір құбылыс келесі құбылыстың мәні арқылы ашылса, екі құбылыстың өзара
әсерінен, әр тарапты байланыс-қатысынан ақиқат туралы жаңа білім туады.
Бұл жинақталып барып туған жаңа ақиқат, ап-анық, түсінікті, алдыңғы
екі құбылыстан да мәндірек, сүзілген ақиқат. Көркемдік танымның жоғары
нәтижесі ретінде нақты бір берне-символ түрінде көрінетін бұл ақиқатты
түсіну үшін қабылдаушы-зерделеуші де реципиент-интерпретатор үлкен ой
еңбегін атқарады.
Символдың атап өтпеуге болмайтын, бірақ көп ескеріле бермейтін тағы бір
қасиеті - суггестивтілігі. Көркем символ -интуиция негізінде жасалған
образ, оның көмегімен суреткер болмыстың нағыз мәні ашылатын шеңберіне өте
алады.
Символды құпиясы бірте-бірте шифрын табу жолымен шешілетін тұспал
ретінде анықтай отырып, Малларме оның суггестивтілігі жайлы көзқарасын
алдыңғы қатарға шығарады [6, 21]. Символдың суггестивтендіру құралының бірі
болып саздылық музыкалылық саналады. "Музыка живописьтен гөрі құпиялау
әрі интимділеу," — деп жазады Ш. Моррис [6, 22].
А.Белый да "Музыка символды керемет бейнелейді," - деп санайды.
Бәрінен бұрын музыка" деген П. Верленнің ұраны музыканың басым ролін
үндейді. Ал қазақ тілінің ерекше саздылығы мен үн байлығы, әсіресе
символистік поэзиядағы ассонанстық жарасым ұлттық әдеби символдардың сазды-
суггестивті сипатын күшейте түсетіні анық. Батырлар жырындағы сыңғырлаған
сингармонизм, аллитерация-ассонанстық өрнектер осыған мысал болады.
Суггестивтілік — символдың аса маңызды қасиеттерінің бірі, ол жай ғана
ақыл арқылы түйсіну, түсіну қиын, бұған қоса оны "көпмағыналылық"деп қана
қабылдамау керек. Суггестивтендіру -суреткер көкейкөзбен интуиция ашқан
құпияға оқырманның көңіл-күйін назар аударып, еліктіре алатын ықпалы күшті
касиет. Ендеше символ меселесін қарастырғанда суггестивтілікті қоса
зерттеген жөн.
1.2 Символдың зерттелу жайы және ұқсас құбылыстар
Символ мәселесі ғылым нысанына ежелден-ақ енген. Яғни,
Символды тану ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде дүниеге келген символизм
ағымынан әлдеқайда ерте туған.
Символ туралы ой қозғау, тұжырым айту Аристотель мен
Платоннан бастау алып, И.Кант, Шлегель, Шеллинг, Гете, Гегель т.б.
философтардың еңбектерінде сипатталған.
Ал қазақ ғылымында символды біздің мақсатымызбен байланысты
зерттеу өз бастауын Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Қ.Жұбанов, Ә.Марғұлан,
М.Әуезов, С.Мұқанов еңбектерінен алса, осыған жалғас ғылыми көзқарастарды
тілші – ғалымдар І.Кеңесбаев, Ә.Т.Қайдар, Е.Н.Жанпейісов, К.Ш.Хұсайынов,
Т.Жанұзақов, Н.Уәлиев, Р.Сыздықова, Ж.А.Манкеева, Г.Н. Смағұлова,
Р.Ә.Авакова, Г.Сағидолда, Қ.Ғабитханұлы, С.Е.Жанпейісова, Б.Ақбердиева,
Қ.С.Дүсіпбаева, А.Қ.Сейілхан еңбектерінен көруге болады.
Ал этнограф-ғалымдар Х.Арғынбаев, Ө.Жәнібеков, С.Қасиманов,
А.Сейдімбек еңбектері тілдік деректердің уәждемесін анықтауға көмектесіп
қана қоймай, қазақ мәдениетіндегі ұлттық символдар табиғатын тануға,
саралауға жол ашады. Бұл еңбектерде символ сөзінің орнына кейде белгі,
нышан, рәміз сөздері қолданғандығын, осылайша әрбір таным-түсініктің
символдық мәнін көрсетіп отырғанын айта кеткен жөн.
Мәселен, қазақ тілінің дыбыс символикалы сөздері
фонесемантика тұрғысынан (К.Ш.Хұсайынов), қазақ тілі дыбыстарының
символикалық мәнін ашу мәселесі (С.А.Өткелбаева), сан атауларының символдық
мәні (І.Кеңесбаев, Қ.С.Дүсіпбаева, Р.Ә.Авакова), рухани мәдениет пен
материалдық мәдениетке қатысты этнографизмдердің (Е.Жанпейісов,
Ж.А.Манкеева), кейбір этнографизмдер мен түр-түс атауларының символдық
мағынасы (Ә.Қайдар, Б.Өмірбеков, З.Т.Ахтамбердиева) көптеген этномәдени
атаулар мен символдық мәнге ие фразеологизмдер сипаты (Р.Сыздық,
Н.Уәлиұлы, Г.Смағұлова), мивтік танымға негізделген символдар
(Б.Қ.Ақтамбердиева), халықтық эстетика мен сұлулық символизмдері
(А.Қ.Сейілхан) зерттелген. Ал символдың когнитивтік сипаты
Қ.Ә.Жаманбаеваның көрсетуінше: Ішкі терең қажеттіліктер символдар арқылы
оянады. Сана сыртқы факторларға таңдаулы түрдегі тәуелділігін немесе ішкі
өсу, жетілу қажеттілігін белгілі бір модельдің, форманың бойына жинақтау
арқылы шешеді [7,8.]
Заттар мен құбылыстардың семиотикалық мәні, ұлттық символдар
сипаты, мәдениеттің этнотаңбалық мәні туралы барынша тұжырымды
көзқарастарды этнограф-ғалым М.С.Мұқанов, К.Ш.Нұрланова, Ж.К.Қаракозова,
М.Ш.Хасановтың еңбектерінен табамыз.
Символдың көркем әдебиетте қолданылуы, аударылуы мәселесіне
Б.А.Жетпісбаеваның, А.Т.Бақтыбаевтың, А.С.Айкулованың т.б. зерттеулері
арналған. Аталған еңбектер символдың ұлт мәдениетіне тән ерекше құбылыс
ретіндегі күрделі табиғатын жан-жақты және терең зерттеуге мүмкіндік
жасайды.
Қазақ тіл білімі ғылымындағы көркем символдарды арнайы зерттеу
барысындағы ізденістердің бастауы Ахмет Байтұрсыновтың Әдебиет
танытқышынан табылады. Сөз өнерінің ғылымы атты бірінші бөлімде ғалым
"сөз талғаудың шарттарын" атап-атап көрсетіп, поэтикалық әдіс-құралдарды:
1) көріктеу; 2) меңзеу; 3) әсерлеу деп жіктеп бергені белгілі. Осы тіл
көрнектілігі әдістерінің ішінде қазіргі әдеби терминологиядағы "символға"
ең жуық — "бернелеу" деген орынды сияқты.
Зерделеп қарасақ, А.Байтұрсыновтың анықтамасы бойынша: "бернелеу-бір
нәрсенің, көбіне адам мінезін, құлқын, ғамалын екінші нәрсенің мысалында
көрсетіп айту" [5,348]. Бұл — символдың басты қасиетінің бірі, әрі ғалымның
келтірген мысалдары да символ мысалдарына сай келеді. Символ ұғымын
нақтылап, анықтама беру нәтижелерінде, атау беруде де бірізділік сақталмай,
"бернелеу" (А.Байтұрсынов), 'бейнелеу" (Қ.Жұмалиев) [8,123], "астарлау"
(З.Қабдолов) [9,219], балама бейне (З.Ахметов) [10,183] деген түрлі
терминдер туындағанын көрдік.
Дегенмен де, символдың өзіндік бет-бедерін "бейне, балама, белгі,
астар" деген сөздер емес, "берне-бернелеу" параллелі көбірек ашатындай.
Бұған біз А.Байтұрсынов айтқан бернелеуді, оның түсініктемесін, мысалдарын
қарағанда көз жеткіздік.
Профессор Т.Есембеков "Тайна и символ в ранней прозе М.Ауезова" атты
макаласында символдың көркемөнердің аса мәнді қасиеті болып табылатын
құпиялылық, астарлылық тәрізді категориялармен тығыз байланыстылығына баса
назар аударады. Бұл категориялар символдық ойлау машығына етене тән сипат
екенін көрсетеді.
Сондай-ақ, ғалым осы мақаласында XX ғасырдың басындағы әдебиетте
көрініс тапқан түрлі эстетикалық жүйелер, поэтика түрлері жөнінде өзгеше
тың пікір айтады: "Эстетикалық жүйелер XX ғасырдағы дүниетанымның көрінісі
болды., олардың пайда болуы адамдардың дүние қабылдауындағы сапалық
өзгерістердің көрінісі болды. Олар ресми түрде жария етіп айтылмады, бұдан
гөрі оларға қарсы күрес күшті болды. Әртүрлі себептермен ғылыми айналымға
түспеді. Бірақ олардың 20-30 жылдардағы әдеби процеске елеулі әсері болды
және оның іздері кейінгі жылдардағы ұлттық прозада көрінді. Қазақ
прозасында поэтиканың түрлі типтерінің феноменалды, импрессионистік,
әкспрессивті, сипаттама болуын, олардың нақты қарым-катынастардағы күрделі
байланыстарын эстетикалық жариялылық ретінде қабылдауға тиіспіз."[11,87].
Расында да, көркем әдебиеттегі эстетикалық жариялылықтың көркем сөз
шеберлерінің шығармашылық еркіндігі мен шеберлігінің дамуына септігі мол
болғанын айтуымыз керек.
Аталмыш мәселені арнайы қарастырған зерттеу еңбектің бірі — әдебиетші-
ғалым Б.А.Жетпісбаеваның "Символ в движении литературы" Алматы, 1999 атты
монографиясы. Символ туралы жетекші концепцияларды негізге ала отырып,
символтанудың қазіргі қалып-жағдайын сипаттаған 1 тарауыңда ғалым символдың
екіұдайлық табиғатынан туындайтын сан қилы, даулы көзқарастарды саралайды
[12,17-34].
Бұл еңбектің тағы бір ерекшелігі — фольклор поэтикасындағы символ мен
жазба әдебиеттің поэтикасындағы символдардың тығыз байланысын ашып көрсете
білуінде. Біздіңше, осы арқылы халықтың рухани әлемінің жалғаспалылығын,
әрі өміршеңдігін дәлелдеуге болатындай. Символикалық фольклоризмдер, оның
ішінде зооморфтық және хронотоптық символиканың жаңа көркемдік контексте
соны қырынан ашылып, жаңғыруы нақты мысалдар арқылы ашылған.
Фольклорлық символдардың түйе, бұғы, жылқы қалыптасқан бұрынғы
мағынасына үстеме мән қосылып, мүлде тың, терең концепт пайда болған.
Зерттеуші символдардың бойында гносеологиялық, аксиологиялық,
психологиялық, эмоциялық күш-қуаты шексіз болтандықтан да, олар көркемдік
контекске енгенде аса белсенді рольге ие бола алатынын атап айта отырып,
фольклорлық символдардың әдеби символға айналуының үш тәсілін атап
көрсетеді: реинтеграция, реинтерпретация және осы екі тәсілдің аралас
келуі.
Сондай-ақ, Б. Жетпісбаева қазақ прозасы жүйесінде символдың мынадай
типтерін атап көрсетеді: 1) образ-символ, 2) ситуациялық символ, 3) символ-
деталь, 4) жанр-әңгіме-символ, 5) жанрдың құрылымдық бірлігі [10,280]. Бұл
жіктеме метафора-символ (бейнелеу-бернелеу), берне-символ, миф-символ,
дыбыс-символ деп толықтырылады.
"Бернелеу — символ" параллелі жайында А.Байтұрсынов "...ұқсастығын
ұлғайтып айтқанда, бүтін мысалға айналып, бернелеу болып кетеді:
"Қырық мысалдағы" мысалдардың, Абай кітабындағы мысалдардың бәрі де
бернелеу болады. Қазақтың бернемен сөйледі деуінің өзі, пердемен жасырып
сөйледі, немесе бернемен суреттеп сөйледі дегеннен шыққан болуы керек.
Бұл екеуінің соңғысынан да алдыңғысы болуының ықтималы мол, өйткені
бернемен сөйледі деп қазақтар сөздің өз мағынасын жасырып, өзге мағынамен
сөйлегеңді айтады. Бернелеу — сол мағынасы жасырын сөздің өзі. Бернелеу
біткеннің бәрінің лебіз мағынасынан басқа астыртын мағынасы болады.
Бернелеу өте ұзақ болса, айтушы баяндап береді, ия болмаса ұшығын көрсетіп
қояды. Қырық мысалдағы мысалдардың көбінде-ақ бернелеудің астыртын
мағынасының баяндауы, шешуі бар" [5,349].
Енді "берне" сөзінің өзін қарастырсақ, "Түсіндірме сөздікте "ол
жайында: "Берне-зат, сөйлеуде перне. Ертеде біреу мен біреу кез келіп
сөйлесе қалса, жай сөз қалып, өлеңмен, жұмбақпен, бернемен сөйлескен
Қаз.әдебиеті. Бұл өлең "көмір коммунизмді" бернемен суреттеп, малға
бейімдендіріп, үгіттеп отырады Ерубаев С. Шығармалары" деген
түсініктемелер берілген.
Сондай-ақ, бұл сөз Ж.Аймауытовтың 1924 жылы Ташкентте басылған
"Психология" оқу құралында былай беріледі: Жалғыз нәрсені, мәселен,
кітапты, үстелді, ағашты түйсіктесем, оның нәтижесінде менің миымда
көлеңке, із қалады. Сол ізді бұрын берне деп едік. Бір ғана кітап емес,
әлденеше кітапты көргем ғой. Бір ғана ағаш емес, әлденеше ағашты көргем
ғой. Сондықтан, кітап, ағаш туралы сөз бола калса, әлденеше кітапты, әлде
неше ағашты еске түсіремін. Кітап біткеннің бір жалпы белгісі бар, ағаш
біткеннің бір жалпы белгісі бар. Сондықтан бізде нәрселерді түйдектеп,
жалпылап қарайтын бір сипат болу керек. Осы сипатты жалпы берне әйтпесе
ұғым деп атайды" [13,186].
Символдың табиғатын аша түсу үшін оны өз алдына жеке емес, өзіне еншілес
өзге де көркемдік категориялармен салыстыра қаралады. Жалпы, көркемдік
категориялар — әдеби туындының сапасы мен қуатын танытатын басты
көрсеткіштер. Олардың арасында белгілі дөрежеде айырмашылық та, сондай-ақ
қызмет бірлігі, мазмұндастық сияқты ұқсастықтар болуы да заңды. Бұл тұрғыда
әсіресе, құбылту түрлерінің ара жігі мен байланысы аса күрделі құбылыс, осы
күрделі құбылыстан келіп көркемдік тұтастық туады.
Поэтикалық символдың өзіндік табиғаты мен ерекшелігі өзге көркемдік
категориялардан әрі ажыратылады әрі тығыз байланысты. Көркемдік танымның
басты шартының бірі болып табылатын құбылтулар көркем шығарманы өрнектеуші
амалдар ғана емес, белгілі дәрежеде жазушы дүниетанымының да жекелеген
көрсеткіш-бірліктері.
Сондықтан да, символ құбылтудың (троп) бір түрі ретінде карастырылып
келеді. Құбылту түрлерінің ішінде көбіне символ мен метафораны тығыз
байланыстырады. Бұл тұрғыда тағы да А.Байтұрсыновтың терминологиясында
метафора мен символды бейнелеу мен бернелеу деп атайды. Ғалым бұл екі
әдістің арақатысына мән беріп, аражігін ашып көрсетуге тырысқан:
"а Бейнелеу. Бір нәрседе болмайтын күйді, екінші нәрседе болатын күйді
көрсететін сөзбен айту бейнелеу болады. ...
...көшкенде көштің көркі, көгершінім Шернияз
вБернелеу. Бір нәрсенің, көбінесе, адамның мінезін, құлқын, ғамалын
екінші бір нәрсенің мысалында керсетіп айту бернелеу болады." [5, 349] деп
анықтайды да, осы екі тәсілдің байланысын былайша көрсетеді: 'Бейнелеу
бернелеумен арасы жақын. Бейнелеу де, бернелеу де екі үқсас нәрсенің бірін
бірінің орнына айтудан шығады. Бейнелеу ұлғайғанда бернелеуге айналып
кетеді. "деп көрсетіп, оны мынадай нақты мысалмен дәлелдейді.
"Мағжанның "Шын айт"деген өлеңі де бейнелеуден ұлғайып, бернелеуте
айналған сөздің түрі болады. Бейнелеу мен бернелеудің арасындағы айырмасын
мынадан көруге болады. Бейнелеу мысалы:
Жан еркем, мен жүремін мынау күймен,
Бар ма екен ғашық жарын мендей сүйген
Сен - бір шам, айнала ұшқан мен —пәруана
Айналып, аламын деп отқа күйген.
Мұңда "мен - пәруана" дегеннен бастап, аяғына дейін бейнелеу болады.
Бернелеу мысалы:
Отқа ұшар көбелек
Карамай сорлы алды-артын
Ойыңа кіріп шықпайды,
Күйдірер деп от-жалын
болып, ұлғайтып айтканда бүтін мысалға айналып бернелеуге айналады. Бұл екі
мысалдың екеуінде де адамның күйінің көбелекке ұқсастығы айтылады. Ол
ұқсастығын қысқалап айтқанда, бейнелеу болып кетеді" [14, 349].
Қазіргі тілмен айтқанда, метафора мен символ бейнелеу мен бернелеу
арасын А.Байтұрсынов өте тығыз байланыстырады. Метафора "ұлғайып, бүтін
мысалға" айналғаңда символ болады.
Расында да, метафора мен символдың ұқсастығы туралы ғалымдар үнемі
айтып келеді. Ал Қ.Жұмалиев "Әдебиет теориясында" символды теңеу,
метафорамен қатар ала отырып, былай дейді: "...теңеуде теңелетін нәрсе мен
теңейтін нәрсенің екеуі де көз алдымызда тұрады. Сөз метафоралық ұғымда
қолданылса, құбылысты көрсететін бір сөз аралығындағы жақындығы арқылы
екінші сөзге ауыстырылады. Ал символда теңеудің бір ғана мүшесі болады. Сол
кеңейтіліп, жеке образға айналдырылады..." [8,123] деген қорытындыға
келеді.
Жоғарыдағы А. Байтұрсынов пен Қ. Жұмалиевтың пікірлері белгілі дәрежеде
тоғысады. Екеуінде де, символдың ұғымдық-образдық өрісі кең екені
ұлғайған. - А.Б., кеңейтілген — Қ.Ж. баса айтылады. Жалпы, символға
метафоралық бастау тән екенін зерттеушілердің көбі ескертеді.
А. Квятковскийдің "Поэтикалық сөздігінде" символ мен метафораның
шегіндегі аралық құбылыс ретінде симфора атты көркемдік тәсілді бөліп
көрсетеді. "Симфора - метафоралық бейнелеудің ең жоғарғы формасы, бұнда
салыстырудың аралық звеносы түсіп қалады да, затқа тән ең силатты белгілер
беріледі, нәтижесінде тура нақты аталмаған заттың образы сол зат туралы
ұғыммен сай келетін таза көркемдік түсінік болып сезіледі" [15,113], Осы
анықтамада біздіңше, символға тән көп сипаттар да қамтылған: заттың образы
сол зат туралы ұғыммен сай келетін таза көркемдік түсінік деген тұжырым
символға да қатысты деуге болады. Себебі, символ қашан да образдан да,
метафорадан да кеңірек "таза көркемдік түсінік".
Символды метафораға өте жақын құбылыс дегенмен де, олардың арасына тепе-
теңдік қоюға болмайды. А.Ф. Лосев бұл турасында былай дейді: "Егер образ
метафора функциясына көшіп және ол тұрақты түрде қайталану сипатын алса,
әрі бұған қоса өзінен тыс баска нәрсеге меңзесе, ол символикалық жүйенің іс-
әрекет шеңберіне еніп, символға айналады. Демек, символдың образ бен
метафорадан бір айырмашылығы - оның тұрақтылығы мен қайталанушылығында
"[4,181].
Е.В.Сергееваның "А.Блоктың поэтикалық цикліндегі метафора және метафора-
символ" атты зерттеуінде символ мен метафораның көркем мәтінде түйісіп, бір-
біріне кірігіп кету құбылысын атап көрсету үшін метафора-символ МС
терминін енгізеді. "Мәтінде метафора мен символ ұқсас болып келе бергенімен
де, құрылымдық және семантикалық тұрғыдан олар былайша ажыратылады:
1) метафора қашан да, бинарлық синтагма, ал символ -бір ғана сөз;
2) метафора бір нақты мағынаға ұмтылады, ал символ ешқашан бір мағына
шеңберінде шектеліп қалмайды;
3) метафораның негізі екі түрлі мәннің бір ортақ мәнге бірігуі, ал
символға екі дара бөлек мәндер негіз болады;
4) метафораның негізінде жатқан мән-мағынаның дәлелдемесі бар, ал
символдың негізінде жатқан мән-мағынаның дәлелдемесі әлсіз;
5)метафора өзінен тыс басқа затқа меңземекші, ал символ өзінен басқа
бөгде затқа меңзейді." [16,41]
Символға іргелес тағы бір көркемдік категория -аллегория екені белгілі.
Аллегория - абстрактілі ойдың мысалмен безендірілуі ғана, ал мұндағы
образдылық субстанциалды емес тек құрылымдық қана бөлшек. Аллегориялық
образдылық тек қосымша, құрылымдық қана образдылық болып табылады [17].
А.Ф.Лосев бұл турасында: "Мысалда жан-жануарлар адам даусымен
сөйлегенде, мысалы, түлкі мен қарға мысалшы қарға мен түлкі шын мәнінде
адамша сөйлеп, адамша түсініседі деп отыр ма? Жоқ, әрине. Бұл жерде түлкі
мен қарғаның толық сәйкестігі мүлде жоқ. Қарға мен түлкі бұл жерде тек қана
мысал, тек кана иллюстрация.
Мысалы, римдік жазушы Сенеканың "Асқабақтану"отыквление атты
шығармасының негізінде ақымақтыққа пародия жасайды. Бірақ бұл ақымақтықтың
символы емес, ақымақтыққа жасалған аллегория ғана, себебі, асқабақтың
ақымақтыққа, ақымақтықтың асқабаққа еш қатысы жоқ. Асқабақ - бұл жерде
ақымақтыққа иллюстрация ғана.
Сол сияқты мысалдардағы жан-жануарлар образдарының да идеямен
жалқаулық, кулық т.б. кейбір жеке ғана ұқсастығы болғанымен, ол ұқсастық
- толық сәйкестік емес, шынайы емес, иллюстрация гана, ол оқырманға қандай
да бір дерексіз идеяны түсіндіріп береді. Ал шын мәнінде, сол бақалар да,
бұлбұл да, есек те адамша сейлей алмайды, ешқандай мораль айта алмайды. Бұл-
жасандылық, ойдан шығарылған сәйкестік. Демек, символ —аллегория емес”
[4,137].
Симводы тағы бір көркемдік құрал — кейіптеумен: салыстырар болсақ,
алдымен кейіптеуді аллегориямен қатар алып қарастырған жөн сияқты.
Аллегория мен кейіптеудің айырмашылығы, А. Ф. Лосевтің көрсетуінше:
"аллегорияда да, кейіптеуде де дерексіз бен деректінің арасында теңсіздік
бар. Аллегорияда деректі нәрсе басым, ал кейіптеуде дерексіз Күнә, Ләззат,
Куаныш ұғымдар басым болып келеді. Бірақ, кейіптеу де символ емес.
Кейіптеудің аллегорияға керісінше, заты өте бай, оның бейнеленуі кедейлеу.
Илавт пен Мольердің Сараңы басынан аяғына дейін сараң, басқа түк қасиетінен
айрылған. Бұл - схема, қандай да бір дерексіз ұғымның кейіптелуі ғана"
[4,139].
Ал келесі бір "Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай
поэзиясының тілі " атты еңбегінде символдың шығу тегін психологиялық
параллелизммен байланыстыратын ғалымдардың В.Веселовский т.б. пікірін
қолдап, "Символ - психологиялық параллелизмнің бір тарауы, соның дамыған,
өскен түрі деп танылады. Әуелде адам баласы көңіл-күйін табиғаттағы
құбылыспен қатар суреттеді...осыдан параллелизм туды. Кейін адам санасы өсе
келе, қаз-қатар қойылатын екі құбылыстың бірін калдырып, екіншісін жеке
алып суреттейді, сөйтіп, параллелизмнің бір сыңары-символға айналады" [18,
15]деп, оны мысалдармен дәлелдейді.
1.3 Тілдік таңба және сөз– символ
Тіл білімінде тілді таңбалар жүйесі ретінде сипаттаудың мәні
ерекше. Шындықтағы әрбір ақпар таңбалардан тұратыны белгілі. Ал таңбалар
туралы ғылым, яғни семиотика, барлық таңбалар құрылымына тән жалпы
қағидаларды белгілейді. ХҮІІ–ХҮІІІ ғасыр философтары алға тартқан және
негізін 1860 жылдар соңында Ч.Пирс және ХІХ-ХХ ғасырда Ф.де Соссюр
қалыптастырған семиотика ғылымы бүгінгі күні әр түрлі елдерде қарқынды
даму процесін бастан кешіруде.
Кез келген таңбаның екі жағы болады: бірінші жағы – формасы,
екінші – мазмұны. Тілдік таңба мен шартты таңбалардың арасындағы ұқсастық:
екеуінде де тұлға мен мазмұн бар, екеуі де бірдеме жайында
хабарлаудың құралы. Соның негізінде олардың айырмашылықтарын лингвист
ғалымдар көрсеткен болатын. Таңба ұғымы лингвистика, әдебиеттану,
семиотика, математика, мәдениеттану, архитектура т.б. ғылым салаларында
қарастырылады. Ал лингвистика ғылымының әрбір даму сатысында таңба
мәселесі негізгі мәселеге байланысты шешіліп отырды және лингвистиканың
осы қазіргі кезеңіне сай шешіледі де. Құрылымдық лингвистикада таңба
тілдің әр түрлі деңгейіне байланысты қарыстырылады. Себебі тілдегі
таңбаларды дыбыс, сөз, сөйлем, мәтін, олардың сыртқы жамылғыштарының
жүйесі құрайды (С.А.Өткелбаева, Қ.Б.Күдеринова, А.Жұбанов т.б. ).
Яғни, әр түрлі иерархиялық құрылымдағы тілдік таңба дыбыстан
басталып, мәтінмен аяқталады, бұлар қоршаған дүниені идеалды елестетуді
тілдік таңбаның материалдық жамылғысына негізделуімен пайда болған. Ф.де
Соссюрдің таңбаның екі жақты, еш уақытта бірінен-бірін жеке бөліп қарауға
болмайтын, бір-бірімен байланысты екі қыры– таңбалаушы мен таңбаланушы
арасындағы қатынастың ешқашан біртұтас еместігін жоғарыда аталған
зерттеулер мен басқа да теориялық еңбектер дәлелдеп отыр. Сонда аңғарылатын
нәрсе – таңбаның динамикалық сипатқа ие екендігі, оның тұрпат межесі
мен мазмұн межесі дамуға, өзгеруге бейімдігі және де мазмұн межесінің
тұрпат межесімен салыстырғанда даму дәрежесі жоғарылығында. Тілдік таңба
болмысындағы бұл сипат мазмұн межесін тек құрылымдық лингвистикада
қарастырудың жеткіліксіздігіне жол ашты. Себебі таңба адам танымының
даму деңгейіне сәйкес, өмірдің, еңбектің, мәдениеттің нәтижесі ретінде
көрініс тапқанда символға айналады. Сондықтан да символ мәселесі
мәдениетпен, тарихпен, салт-санамен тығыз байланысты қарастырылуы тиіс.
Осымен байланысты бүгінгі таңда тілдік таңба мәселесі когнитивтік
лингвистика, психолингвистика, социолингвистика, этнолингвистика,
лингвомәдениеттану, прагмалингвистика тәрізді ғылым салаларының зерттеу
нысанына айналып отыр.
Сана мен танымның көп қабатты мән-мағынасының және олардың көркем
шындықпен айрықша тоқайласқан суггестивті формасы ретінде поэтикалық
символдардың әдеби-эстетикалық мәні мен мағынасы тіл теориясының үлесіндегі
маңызды мәселе екенінде дау жоқ. Тіл - қоғамдық сананың айрықша ажарлы
түрі, яғни поэтикалық сана деген ойға ден қойсақ, көркем символдар осы
поэтикалық ойлау жүйесіндегі аса бір түйінді, таза символдар болып
табылады. Оның осы әмбебаптық қасиеті көп мәселеге байыппен қарауды талап
етеді. Символ, шынында да, поэтиканың табиғи немесе калыптасқан пікір
бойынша символистік эстетиканың категориясы ғана емес, біздің жан
тіршілігімізге бойлап кеткен жанды бейне ретінде маңызды. Көркемдік құрал
ретінде символдың меңзеу, құбылту мүмкіндігі шексіз, көркемдік танымды
өсіру мен өзгерту қызметі аса күшті. Осындай әмбебаптық қасиетіне орай
символ көп ретте қалыптағы көркемдік құралдар шеңберіне сыя бермей, тұтас
бір көркемдік-эстетикалық құбылысқа айналады. Поэтикалық сана мен зерденің
ең мәнді бейнелеріне айналып, руханият көкжиегінде берік орын тебетін
көркем символдар өз бойында өнердің ізгі де асыл мұраттарын жинақтап, оны
әдеби, рухани құндылықтарға айналдырады. Бұл құндылықтар әр кезеңде әр
ұрпақ қабылдауында түрліше жаңғырып, сан қырынан ашылады. Осы тұрғыдан
алғанда, қазақ тіл біліміндегі көркем символ проблемасы әсіресе, қазіргідей
әдеби-эстетикалық көзқарастардың өтпелі кезеңінде әрі рухани зәру әрі ірі
ғылыми мәселе болып қала береді.
Жалпы кең тұрғыда алып қарағанда, символдану заңдылығы көркемөнердің
барлық түріне де тән. Өнер атаулы өзінің аса мәнді, мәңгілік идеалдарын
түптің түбінде белгілі бір шартты бейнелермен түйіндейді. Осылайша, өнер ,
оның ішінде сөз өнері өзінің ең асылын сөз-символ, сөз-ескерткіш етіп уақыт
елегіне ұсынады. Бұндай бейнелердің ролін символдар атқарады, себебі
символдар көркемдік танымның қуатымен шексіз жинақтаушылық қабілет пен зор
мағыналық салмаққа ие болады. Осы символдар ұлттық поэтикалық зердеде
орнығып, рухани сабақтастықты сақтайды.
Тіл халық өмірімен тығыз байланыста дами келе, халықтың мәдениетімен,
тарихымен, дүниетанымымен астасып жатады. Тіл мен мәдениетті сабақтастықта
қарастыру В.Ф.Гумбольдт пен А.А.Потебнядан басталғанымен, соңғы жылдары
өріс алған лингвомәдениеттану бағыты жаңа ұғымдардың пайда болуына себепкер
болды. Солардың бірі - мәдени коннотация ұғымы. Мәдениеттің белгілерін
айшықтайтын тілдік таңбаларды лингвомәдениеттанудың негізгі ұғымдары деп
санайтын ғалым В.Н.Телия: "Если в языковой единице есть культурная
информация, то должна быть и категория, соотносящая две разные
семиотические системы (язык и культуру) и позволяющая описать их
взаимодействие. Это культурная коннотация" [19, 115], - деп атап көрсетіп,
алғаш рет осы терминді қолданады. Яғни ғылымның, халық санасының дамып,
жаңа сатыға көтерілуіне байланысты коннотация табиғатының зерттелуі тек
таза лингвистика-стилистикалық шеңбермен шектелмей, әлеуметтік-саяси,
этнографиялық, тарихи, мәдени сипаттағы ақпаратпен тығыз байланыста
қарастырыла бастайды.
Қоршаған ортаны қабылдау әр елде әр қилы болуына байланысты әр
халықгың дүниені тануында түрлі ассоциациялар пайда болып, қоғамдық, табиғи
заттар мен құбылыстар әртүрліше бағаланады. Халық белгілі бір іс-әрекетке,
затқа немесе құбылысқа баға бере отыра, өз ұлтының мәдениетін,
дүниетанымын, салт-дәстүрін, ділін, әдептілік ережелерін негізге алады.
Яғни белгілі бір мағына екі түрлі ұлт тілінде әр басқа ұғымдармен
коннотацияланып, өзіне ғана тән ассоциативті образдар негізінде көрініс
табады. Мысалы, "жасыл түс атауы АҚШ мемлекетінде - қауіпсіздік белгісі
болып танылса, Францияда ол қылмыс ұғымын коннотациялайды. Қытайлықтар үшін
ақ түс атауы - аза, мұң, қайғы нышаны, ал еуропалықтарда бұны қара түс
атауы білдіреді" [19,105]. Сондай-ақ, орыс тілінде піл сөзі "ауыр
салмақтылық", "қолапайсыздық" мағынасындағы коннотацияға ие болса (топать,
как слон; как слон в посуднойлавке), санскритте ол " ширақ жүріс",
"жеңілдік", "әсемдік, сәндік" коннотациясын білдіреді. Немесе, жылан Жапон
халқы үшін әдемілік, сұлулық символы іспеттес танылып, әйел адамға
"жыландай әдемісің" деу - мақтау, ілтипат білдіру болып есептелсе, қазақ
халқында жылан сөзі жағымсыз мағынада коннотацияланады.
Ассоциативті ойлау халықтың мәдени-тарихи өмірімен тығыз байланыста
көрініс тауып, "тілді қолданушылардың "ұжымдық есін", "мәдениет
ескерткішін", "ұлт өмірінің айнасын" танытады". Сондықтан да ғаламның
тілдік бейнесін қалыптастырудағы әр ұлттың өзіне ғана тән таным,
ассоциативті-образды ойлау ерекшеліктерін айшықтауға бағытталған мәдени
коннотацияның мәні айрықша.
Бұл тұрғыда эпостық жырлардағы үстеме мағына мазмұнын жамылып,
сипаттауыштық, бейнелеуіштік, эстетикалық қызметте жұмсалған сөз-символдар
ұлттық-мәдени коннотация мазмұнын танытатын тілдік таңбалар ретінде көрініс
табады.
Тіл білімінде коннотация мәселесінің теориялық-әдіснамалық қағидасын
белгілеген М.Копыленко мен З.Лопова еңбектерінде [20] жасалу жолына қарай
денотаттық семаның екі түрі (Д1, Д2) және коннотаттық семаның үш түрі (К1,
К2, КЗ) ажыратылады. Осы классификацияны негізге алатын болсақ,
лингвокреативті ойлау жүйесіне негізделіп көрініс тапқан сөз-символдарды
бірінші дәрежелі коннотаттық сема (К1) мазмұнын қамтитын тілдік бірлікгер
қатарына жатқызуға болады. Себебі, олар денотаттық семаның (Д1, Д2) дамуы
негізінде пайда болып, денотатпен логикалық жағынан байланысады және сол
арқылы уәжденеді.
Сондай-ақ ол сема құрамындағы коннотаттық бөліктің кеңінен қамтылып,
басыңқы қызметте жұмсала келе, тіркестегі денотатты сипаттап тұруымен
ерекшеленеді. Мысалы, "Қара нардай-ақ Саздауға қарсы жұлқармын",
-дегендегі нар сөзінің денотативті мағынасы - "жалғыз өркешті, асыл тұқымды
ірі түйе". Қазақ тілінде нардың күштілік, төзімділік, жүрдектік қасиеттері
айқын қалыптасқан. Қара нар тіркесіндегі қара сөзі өзінің негізгі семасынан
алшақтап, нар лексемасының беретін үстеме мағынасымен ұласып, жойқын күш
пен ерліктің символы ретінде танылады. Адамға қатысты айтылғанда дене
бітімі зор, күшті, мықты адам образын береді. Түйенің күштілігіне,
төзімділігіне байланысты халық арасында мақал-мәтелдер де көрініс тапқан:
"Жүк ауырын нар көтереді", "Нар жолында жүк қалмас ", "Қабырғасы қара нар
қабырғасын сөксе, бақ етпес " т.б. Немесе, ақьшның: "Орнықты қара сабадан,
Бозбаламен күліп-ойнап, Қымыз ішер күн қайда? "; "Қара қазан, сары
балаҚамы үшін қылыш сермедік ",—деп келетін өлең жолдарындағы қара саба
және қара қазан жалпы қазақтың ұлттық танымында ерекше ұғымға ие болған
нышандар. Қара сөзі қазан және саба деген лингвомәдени бірліктермен тіркесе
келе, "қасиетті, киелі, берекелі, құтты " семалы символ ретінде танылады.
Бұл жерде ескеретін жайт: кез келген сөз-символ коннотаттық үстеме
мағына мазмұнын таныта алады дегенімен, кез келген коннотатты сөз символ
дәрежесіне көтеріле алмайды. Өйткені "символдық мәнге ие сөздердің табиғаты
ерекше. Олар танымдық, ұлттық-мәдени, фондық мағыналарға ие бола отырып,
халықтың дүниені түйсінуімен тығыз байланысты болып келеді" [21, 32].
Символдар өзінің бейнелілігімен, ежелгі образдар (миф, аңыз, фольклор)
ассоциациясымен, ұлттық дүниетаным байланысымен, тың мазмұндығымен, ұлттық-
мәдени көрінісімен, әмбебаптық қасиетімен, жалпы идеяны таныту сипатымен
оқшау тұратын ерекше дүниелер болып табылады.
Жоғарыда аталған ғалымдар (М.Копыленко, З.Попова) еңбегінде сөз-
символдардың пайда болуы кей жағдайда қоғам өмірінде көрініс тапқан нақты
салт-дәстүрге орай туындайтыны айтылып, ондай сөз-символдар мағынасының
негізівде денотаттық сема мен коннотаттық сема арасындағы табиғи
байланыстың болмайтыньша назар аудартылады. Яғни символдық мағынаның
коннотаттық семасы денотатгық семаның дамуы нэтижесінде емес, белгілі бір
кезеңдегі салт-дәстүрдің орын алуына байланысты пайда болады. Уақыт өте
келе салт ұмыт больш, ал соған қатысты белгілі бір сөздің немесе сөз
тіркесінің символдық мағынасы сақгалған жағдайда, ол екінші дәрежелі
коннотаттық сема (К2) болып танылады. Мысалы, лавр гүлтәжі - "даңқ",
"дабыл" символы [22, 52-53].
Бұндай екінші дәрежелі коннотаттық семалар (К2) кейде ақын-жазушылар
шығармаларында да көрініс тауып, окказионалды сөзқолданыстар ретінде
танылады. Мысалы, Махамбеттің: "Темірқазық жастанбай, Қу толағай
бастанбай, Ерлердің ісі бітер ме?!" - деп келетін өлең жолдарынан
"Темірқазық жастану" тіркесін кездестіреміз. Темірқазық- Кіші Аюдағы
жұлдыз. Дүние полюсіне жақын орналасқандықтан оны Полярная звезда деп
атайды. Ол жай көзге қозғалмайтын сияқты болып және әрдайым дүниенің
солтүстігін көрсетіп тұратын жұлдыз ретінде халыққа ежелден белгілі.
Темірқазық жұлдызына қатысты наным-сенімдер, аңыздар баршылық.
Қазақ ішінде бұл жұлдыздың Алтынқазық, Жалғызқазық деген варианттары
да кездеседі. Мысалы, "Алпамыс батыр" жырының: "Алтынқазық сен болдың,
Айналатын мен болдым", - деп келетін өлең жолдарынан да көреміз. Ал
Махамбет тілінде ол Темірқазық вариантында келіп, тың мазмұнның бейнелі,
эмоционалды-экспрессивті түрде өрбуін қамтамасыз етеді. Фразеологиялық
сөздікте: "Темірқазық жастанды. Бұл жерде қауіп-қатерге басын тігіп,
мақсатына жеткенше деген мағынада", - деп көрсетілген. Темірқазық жастану
тіркесінің мағынасын осы өлеңнің "ат үстінде күн көру", "арып-ашып жол
көру", "түн қатып жүру", "қоңыр салқын төске алу" деген сияқты жолдары да
ашып тұрғандай. Бұл тіркестің "қауіп-қатерге бару", "қиыншылық көру"
іспеттес мағыналарымен қатар, "өлуге, қайтыс болуға" қатысты
интерпретациялануы да кездеседі. Зертгеуші Қ.Ғ.Аронов: "Өлген кісінің басын
Темірқазыққа қаратып қою ескіден келе жатқан салт. Қазақтың мұнысы
әлдеқалай ұстала салған осал салт емес. Күллі жұлдыздардың тұтқасы сияқты,
көрер көзге тапжылмай тұратын Темірқазық жұлдызы, адамның сәбилік сатыдағы
сана-сезіміне мықты әсер етті. Ендеше өліктің бас жағын соған бейімдеп қою
табиғи нәрсе, мұнда бейсауаттық жоқ. Ал өліктің бетін, малдың бауыздауын
"оңға" - құбылаға (Мекке, Мединеге) қарату кейінірек, мұсылман дінінің
ықпалымен енген әдет", — деген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz