Рухани бірлік пен діни тұтастығымыздың негізін қалайтын дәстүрлі діни танымымыздың мәнін ұғыну


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Қоғамдағы діни сектанттық мәні

1. 1 Қоғамдағы діни сектанттық мәні (шығу себептері, қалыптасуы және әлемге таралуы) . . . 6

1. 2 Қоғамдағы діни сектанттық түрлері және олардың миссионерлік әрекеттері . . . 14

2 Қазақстандағы дәстүрлі емес діндер

2. 1 Қазақстандағы дәстүрлі емес діндер . . . 22

2. 2 Еліміздегі дәстүрлі емес діндерді алдын алу жолдары . . . 36

Қорытынды . . . 58

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 61

Кіріспе

Зерттеудің өзектiлiгi Қоғамдағы діни тіршіліктің мәні мен мазмұнын ашуда діндарлық категориясы басты мәселе ретінде қарастырылады. Социо-психологиялық зерттеулерде діндарлық ұғымының мәнін ашу үшін түрлі методологиялар мен діндарлықтың түрлі сипатын ашатын теориялар қалыптасқан. Дін социологияcы және дін психологиясы сынды ғылым салаларында ең басты проблема ретінде қарастырылатын діндарлық ұғымын, теологиялық және қоғамдық ғылымдар негізіндегі анықтамалармен, субьективті және обьективті көріністерімен, діндарлықтың түрлері мен діндарлықты өлшеу методтары арқылы ашуға болады. Қазіргі таңдағы діндарлық мәселесі бір шетінен «тұтынушы қоғамның» социо-мәдени жемісімен параллель түсіндіріледі. Себебі, қоғамдық құбылыс ретінде адам өзі өмір сүретін ортаның, формацияның, құндылық әлемінің, тіпті, қоғамдық құрылым ретіндегі саяси жүйенің ықпалында діндарлығын қалыптастырады. Жахандық құбылыстардың қысымында, ақпараттық соғыс майданында да оның діндарлық болмысы өзгерістерге ұшырайды. Қазіргі таңда, Жаңахристиандық және Жаңашығыстық секталар қоғамда белсенділік танытып жатыр. Иегова куәгерлері, Саентология, Кришна санасы сынды ұйымдар отбасылық құндылықтар мен қоғамдық қатынасты шиеленістіріп, БАҚ-тың сынына ұшырады. Тағы бір дәстүрлі емес діннің қаупі Ислам атын жамылған діни радикал топтардан келуде. Радикал ұстанымдағы «саяси ислам» көріністері бірқатар елдердің билігіне қарсы террактілер ұйымдастырып үлгерді. Соңғы жылдара интернет арқылы діни мағлұматтармен сусындағын жастарымыздың Сирия мен Ирақ елдеріндегі ИМ ультра-радикал террористік ұйымының сапында «жиһадқа» қатысып, дәстүрлі діни танымымыздан алшақ діндарлыққа бой алдырды. Әсіресе көптеген проблемалар - Орта Азия мұсылмандары арасындағы діни ренессансқа байланысты көрініс тапты. Мұның басты себебі «ата-баба дініне қайта оралуымыз қажет» деген слоганнан туындады. Бұған қоса, дінді барлық проблемалардың (экономикалық, әлеуметтік, саяси) шешушісі - панацеясы көретін жағдай қалыптасты. Осының аясында аймақта - басты идеясы «Халифат» сияқты мезгілі өткен теократиялық құрылымды қайта қалпына келтіруді көздейтін «Хизб ут-тахрир» (ХТ) секілді экспортталған діни топтар пайда бола бастады. Олардың тура және жанама ықпалының арқасында - табиғаты дәл сол әйгілі халифат (немесе Ислам республикасы) идеясымен және құпия жұмыс әдісімен сәйкесетін діни-саяси топтар да әрекет ете бастады. Джунд ал-Халифат (Халифат сарбаздары ), Такфир жамағаты қоғамда үлкен үрей туғызуда. Мұндай проблемалардың алдын -алу үшін діндарлықтың мазмұнын қоғамдық ғылымдар негізінде ашатын түрлі теориялар мен жаңаша әдістерді қолданған дұрыс. Ғасырлар сүзгісінен өткен бейбіт, толерантты діни таным мен дәстүрлі мұсылмандық түсінігіміздің мәні салыстырудағы басты тұғыр әрі зайырлы мемлекетіміздің табан тірейтін платформасы ретінде қарастырылуы тиіс. Мемлекеттің рухани - мәдени тұғыры айқындалмай, мемлекет құрушы өзек ұлттың діни танымы құқықтық тұрғыдан, діни білім беру барысында қолдауға ие болмай тұрақты даму мен діни салада ілгерілеу мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда діндарлықтың дәстүрлі формасын теологиялық аспектіде зерттеп зерделеумен қатар, салыстырмалы негізде дінтану ғылымдары арқылы тану да маңызды. Себебі, қазіргі таңда діни таным мәселесі қоғамдағы діни жіктелудің ең басты факторлардың бірі ретінде көрініс беріп отыр.

Біздің елде 70 жыл бойы ресми идеология атеизм болғандықтан, ата-бабасының дінін ұмыта бастаған жұрт қазір шын дін қайсы, дүмше дін қайсы ажырата алмайтын болған. Сондықтан, дін оқып, иман тапқысы келген адамдардың көбі шетелдің шатақ діні мен бейбітшілік пен ұлттар ынтымағын уағыздайтын дәстүрлі дінді шатастырып, алғашқысының құрбаны болып жатыр. Осының кесірінен ХХІ ғасырға дейін бір тілге, бірегей салтқа ұйып, ұлт ретінде қалыптасып болған қазақ халқы енді сүттей іріп, діни ағымдарға ыдырап барады. Себебі, қазір шетелден келіп жатқан жалған діндердің ықпалымен көптеген отандастырымыз радикалды дүмшеге айналып үлгерді. Қазақтың бүгінгі ұрпағы діни фундаментализмнің кесірінен еркін ойлайтын қабілеті мен адамды жатсынбайтын ақжарқын мінезінен айырылып жатыр. Осы қауіптерден құтылу үшін, ең алдымен, діни танымымызды тереңінен зерттеп, ата-бабаларымыз аманаттаған рухани құндылықтарымызды бүгінгі күн тұрғысынан кәдеге жарату міндеті алдымызға қойылып отыр. Қоғамдағы жаңа діндарлықтың сипаты мен діни жіктелудегі көрінісін талдауда қоғамды мүдде тұрғысынан сараптама жасауға тырыстық.

Әуелгі тарауда негізінен секта ұғымы мен оның қалыптасу себептерін, жахандық сипат алу үдерісін, протестанттық және шығыстық діндердің сипаты мен тарихын талдауға тырыстық.

Келесі тарау Қазақстандағы дәстүрлі емес діндердің тұрпаты мен қызметіне арналады. Олардың адам құқығын желеу етіп, мемлекетімізде қандай жұмыстар жүргізіп жатқандығын, еліміздің діни өмірінде қандай роль атқарып жатқандығын талдауға тырысамыз. Сонымен қатар, дәстүрлі емес діндер анықтамасына орай бұл жерде тек қана протестанттық немесе жаңа шығыстық діндерді ғана талқылап қоймай, экстремистік, радикалдық ұстанымдарымен, тіпті террорлық әрекеттерімен қоғамға жік салушы Ислам атын жамылған топтарға да тоқталып өттік. Себебі еліміздің қауіпсіздігі мен қоғамымыздың тыныштығына орасан зор қауіп төндіруші топтарды анықтамай баянды ел болу мүмкін емес. Дінтанушы маманның да қоғам алдындағы басты міндеті осы қырымен өлшенеді деп ойлаймыз.

Зерттеу нысаны - секталар мен дістүрлі емес діни ағымдар, жаңа шығыстық және жаңа христиандық діни топтар, радикалды ұйымдар мен экстремистік көзғарастардағы «Саяси ислам» көріністері.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен мiндеттерi. Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті - қоғамдық мүдде тұрғысынан, дәстүрлі діни танымымызды табан тірейтін негізгі платформа ретінде ұсына отырып, ұстанымдағы экстремистік ұйымдардың қызметі мен сипатын зерделеп, олардың қоғамға негативті әсерлерін ашып көрсету. Сол арқылы рухани бірлік пен діни тұтастығымыздың негізін қалайтын дәст. рлі діни танымымыздың мәнін ұғынуға тырысу. Бұл мақсаттарды жүсеге асыру үшін мынадай міндеттер негізге алынды:

- Қоғамдағы діни сектанттық мәнін ашу (шығу себептері, қалыптасуы және әлемге таралуы) ;

- Қоғамдағы діни сектанттық түрлері және олардың миссионерлік әрекеттерін ашып көрсету;

- Қазақстандағы дәстүрлі емес діндерге шолу жасау;

  • Еліміздегі дәстүрлі емес діндердің алдын алу жолдарын діни тәжірибемізге сүйене отырып ұсыну;

Зерттеудiң әдiс-тәсiлдерi. Зерттеу жұмысында салыстырмалы әдіс, талдау әдісі, герменевтикалық әдіс пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының практикалық мәнi. Зерттеу жұмысын жоғарғы оқу орындарындағы дінтану мамандықтарында дәстүрлі емес діни қозғалыстар, Мәзһаптар тарихы, Жаңа шығыстық діндер сынды пәндерде қолдануға болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қоғамдағы діни сектанттық мәні

1. 1 Қоғамдағы діни сектанттық мәні (шығу себептері, қалыптасуы және әлемге таралуы)

Дін - құндылық ретінде адамзат қоғамының белгілі бір өркениеттік тұтастық белгілерінің, ұлттық ерекшеліктерімен өзіндік дүниетанымдық негіздерінің қалыптасуында ең маңызды шарттардың бірі ретінде көрініс табады. Трансцедентальды болмыспен, сакральды әлеммен байланыстың жүйеленген, сенімге негізделген формасы болғандықтан дін - адам өмірінің ең маңызды мұраты ретінде құнды. Киелі, қасиетті саналған ұғымдар мен жәдігерлер діни жүйеде оның потенциалды болмысы мен мазмұндық-формалық негізін құрайды. Сол ұғымдардың, жақсы-жаман нормалардың, құлшылықтардың ұлы Тәңірден берілген аян негізінде қалыптасуы діни құндылықтардың өміршеңдігін, болмыстық сипатынының тұрақтылығын айқындайды[1, 135] .

Дін - адамзат тарихымен қатар жасап келе жатқан және бүкіл әлемге ортақ құндылықтар жүйесі. Діни таным мәселесі күрделі һәм әртекті. Сенімдік мәселелер мен құқықтық қыры және мистикалық болмысы ұштасып кеткен діни жүйеде әртүрлі көзғарастар өз ішінде де, басқа діндегілер арасында да діни айтыс-тартыстың себебіне айналады.

Тарихта, Батыс және Шығыс Рим империясының ыдырауымен шіркеулердің жікке бөлінуі белең алды. Ересь ұғымымен танылған ортодоксальды ресми шіркеу тарапынан қуғын көрген діни қозғалыстар, Ортағасырдан еркін ойлау мен Қайта өрлеу құбылысын тудырған интеллектуальды-мәдени өрлеу үдерісіне қозғау салды. Діни сенім бостандығын қабылдайтын азаматтық қоғам үлгілерінің алғашқы қозғаушы күші католик және протестанттық жікке бөлінушілік болды. Ұлттық буржуазия және ұлттық мемелекеттер пайда болған ХVIII ғасырларда Христиан әлемінде діни жанжалдар өршіп тұрды. ХVI ғасырларда протестанттық-лютерандық ілім өз алдына бөлініп, ресми Рим санасатын діни қозғалыс хәліне жетті. Англикан шіркеуі де өз алдына бөлек отау тігіп шықты. Америка құрлығының тәуелсіздік алуымен протестанттық бағыттағы діни қозғалыстардың жұмысы жандана бастады. Мұның бәрі осы уақытқа дейін Ресми шіркеудің бақылауында қысым көріп келген діни сенім түрлерінің жеке дара дамып жетілуіне жағдай жасады. Конституциялық, құқықтық негізде діни сенім бостандығына кепілдік беретін мемлекеттік жүйелер пайда болды. Империялизммен бірге капиталистік жүйе, отар болған жерлерде жаңа үлгідегі католиктік және православиялық метрополиттерді дүниеге әкелді. Дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадаттар түрі негізінен XVІІ-XX ғ. ғ пайда болып, - өз ішінде даму сатыларынан өтіп, қалыптасып үлгерді[2, 108] . Екінші дүниежүзілік соғыстан соң адам құқығы мен сенім бостандығын қайта қарауға мәжбүр болған Халықаралық ұйымдар дәстүрлі емес діни қозғалыстардың қарыштап дамуына, тіпті жаһандану үдерісінің көрсеткіші ретінде танылуына жағдай жасап берді. Секта ұғымы тарихтың терең қойнауынан бері таныс ұғым болса да, үлкен әлеуетті қоғамдық құбылыс ретінде ХХ ғасырда шарықтау шегіне жетті деуге болады. Секта - ресми шіркеу іліміне бөлек ұстанымдағы, тіпті кейде қарсы тараптағы, бірақ сенімдік негізін Шіркеумен ортақ кітапқа немесе сол қасиетті мәтіннің өзгеше түсіндірмесіне, жаңа рухани көсемдеріне байлаған әлемдік діндерден бөлініп шыққан және байланысын үзген діндарлықтың көрінісі.

Секта-өзіндік діни ілім мен ғұрыпқа ие діни ұйым. Ол өзі ұстанған жолдың дұрыстығына күмәнсіздігімен ерекшеленеді. Сектаға тән нәрсе-өздерінің Құдайдың қалаулы адамдары екендігіне берік сенім, оқшауланушылық, ғұрыптарына ерекше беріктік, секта мүшелерінің теңдігін жариялау, дәстүрлі қоғамдық құндылықтар мен ұллтық ерекшеліктеге мән бермеу, келісімге келмеу және миссионерлікпен белсенді айналысу[3, 36] .

Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың пайда болуын әлеуметтік - саяси өзгерістермен, демографиялы қозғалыстармен және де дәстүрлі діндердің ықпалының әлсіреуімен байланыстырады[4, 33] . Жаңа діни қозғалыстар өздерінің діни ілімдерінің мазмұнына, діни рәсімдерінің атқарылуына қарай жаңа христиандық, жаңа шығыстық, жаңа бағдарламалық, жаңа пұтка табынушылық болып бөлінеді. Дәстүрлі емес діни қозғалыстар ұйымдастыру жүйелерімен де ерекшеленеді.

Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың құрушылардың еңбектері қасиетті деп құрметтеледі. Жаңа діни қозғалыстардың негізін салушылар құтқарушылар, пайғамбарлар, тірі құдайлар ретінде қабылданып, түсіндіріледі. Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың ілімі мен практикасы синкреттілікпен және дүниежүзілік діндердің көптеген қағидаларын өзгертіп ұстанулығымен ерекшеленеді. Дәстүрлі емес діни қозғалыстар белсенді миссионерлікпен айналысады. Бұл діни қозғалыстардың әлеуметтік бағдарламасына әлемді түзету, әлемнен безу және бақыт пен молшылыққа кенелу секілді әртүрлі мұраттар тән.

Дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадаттар XVІІ-XX ғ. ғ пайда болған және қазірде пайда болуда, олардың санының қанша екені анық емес, шамамен әлемде 150-200 млн адам діни секталар мүшесі[5, 255] . Діни секталардың көншілігі батыс қоғамынан шығуда. Олардың пайда болуының шарттары да күрделі, қоғамдағы саяси-әлеуметтік немесе дүниетанымдық процестермен қатар, оның шығу себептеріне ғаламдық деңгейдегі экономикалық, демографиялық, әлеуметтік проблемалардың зардаптары( наркомандық, спид, халықаралық қылмыс, коррупция және т. б ) және күнде өзгеріп жатқан әлемдегі әр бір нәрсеге кейбір дәстүрлі діндердің дер кезінде жауап бере алмауы, діни догмаға шырмалуы секілді факторлардың әсері де айрықша. Дәстүрлі емес діни қозғалстардың пайда болуының себептеріне ғалымдар батыс қоғамындағы өзгерістерді жатқызады. Дін психологиясы мен дін социологиясында діндарлықтың мұндай жаңа түрлері мен секталардың пайда болуының себебін «тұтынушы қоғам» ұғымымен байланыста түсіндіреді. Яғни, тек қана материалдық құндылықтарға әбден байланып қалған қоғамдық құрылымда, рухани жұтаңдық белең алады. Оның орнын дәстүрлі діни білім беру көздері толтыра алмаған соң жаңа тұрпаттағы секталар белсенді іске кірісіп, қоғамда жақтастарын таба бастайды[6, 96] . Бұл факторларды төмендегідей топтастырып көрсетуге болады:

- дәстүрлі діндердің қазіргі заманның өткір мәселелеріне айқын жауап бере алмауы себепті, олардың қоғамдағы беделінің түсуі;

- ғылым мен техниканың дамуы, адамның жаңа мүмкіндіктерінің ашылуы және ғылым алдында жаңа проблемалардың тұруы;

- адамзаттың мәңгілік сұрақтарының шешілмеуі (өмірдің мән-мағынасы, өлім және т. б ) . Бұл жерде қазіргі материалистік дүниетанымның салдары айтылуда,

-қарқынды дамудағы халықтар мен елдер арасындағы, саяси-мәдени байланыстар, ақпараттар алмасумен оның жылдам жетуі, БАҚ, интернет жүйесі. Адамның осы ақпаратты, түсінікті жүйелі қабылдап қорыта алмауы, оған уақытының жетіспеуі;

- өмірдің барлық саласының коммерцияға айналуы, барлық нәрсе сатылады және сатып алуға болады деген түсініктің белең алуы;

- қоғамдағы әлеуметтік, саяси, демографиялық және т. б проблемалардың дер кезінде шешілмеуі;

-мемлекет пен қоғамдағы парақорлық пен бюрократия;

- білім беру саласында дін туралы ғылыми білімнің дұрыс жолға қойылмауы;

-рухани жұтаңдық, адамның өміріне рухани тірек таппауы[7, 133] ;

Осындай факторлар дәстүрлі емес діни қозғалыстардың пайда болуының негізгі себептері.

Діни секталардың мүшелері көбіне қалыпты әлеуметтік тіршілігін бұзған адамдар, яғни мығым рухани бағдар таба аламауы немесе оны жоғалтуы.

Сонымен діни секталар дәстүрлі діндерден бөлінуден және дүниетанымдық ізденістерден пайда болады.

Дәстүрлі емес діни қозғалыстардың дүниеге қатысты түсініктері ұқсас келеді. Эсхотологиялық мазмұн діни сенім жүйесінде басым мәнге ие болады. Бұл қозғалыстардың негізін салушылар абсолютті ақиқатты таныған адам ретінде қабылданып, ол пайғамбар, данышпан тіпті тірі құдай депте саналады. Діни сектаның негізін қалаушы шәкірттеріне ( жолын ұстанушылар ) белгілі бір ақиқатты танытады, егер оның көрсеткен жолымен жүрген жағдайда барлығының құтылатынына кепілдік береді.

Өткен, бүгін және келешекке қатысты тұжырымдарынан дүние түсініктерін негіздейді. Діни секталар дүниетанымдық негіздерін “өткен уақыт қателік, азап пен адасу дәуірі, тарихққа мұндай баға беруді жаңа ілімнің шығуы ақтайды, өйткені жаңа ілім -ұлы ақиқат, онда бұрынғы заман үлкен қателік адасу дәуірі, қазіргі заман өтпелі кезең ретінде қарастырылып, енді ақиқат ашылды, бірақ әлі толық жеңіске жеткен жоқ, зұлымдық пен ізгілік арасында бітіспес күрес жүруде түбінде біз жеңеміз, өздерінің тапқан ақиқаттары жеңіп, дүние жақын арада түбірімен өзгереді, сенбегендер жойылып, сенгендер құтылып жаңарған әлемнің жаңа тұрғындары болады”-деп түсіндіреді.

Дәстүрлі емес діни қозғалыстарды жіктелуінің ғылымда ортақ принциптері қалыптаспаған, оның себебі мәселенің күрделігінде. Сол себепті кейбір зерттеушілер бір діни сектаны белгілі топқа жатқызса, екіншілері оны басқаша жіктейді. Дінтануда діни секталарды генетикалық шығу тегіне, дүниетанымдық негіздеріне байланысты шартты түрде топтастыру қалыптасқан. Осы принциптер бойынша діни секталардың классификациясы төмендегідей беріледі:

Бірінші замануи тәртіпке (принципі ) қатысты дәстүрлі емес діни қозғалыстар үшке бөлінеді:

а) Дүниеге төзімділікпен қарайтын яғни дүниелік заңдар мен саяси-әлеуметтік қағидалардан тыс олардың үстінде тұратын кемел қоғам құру идеясын қолдамайтын діни секталар. Бұл топқа тантралық бағыттағы діни және дүниетанымдық ілімдер жатады.

ә) Дүниені жоққа шығаратын дәстүрлі емес діни қозғалыстарда негізгі мәселе дуалистік ілімдерінде, яғни әлемде өзара күресуші бітіспейтін ізгілік және зұлымдық секілді екі күш бар, ақырзаманның орнауы барлығын орнына қояды, мәңгілік ізгілік орнайды деген эсхатологиялық сенім. Бұл топқа жалған христиандық (псевдохристианства) бағыттағы Виссарион шіркеуі жатады. Иеговаларды да армагедон идеясына байланысты осы топқа кіргізуге болады.

б) Дүниені түзетуші діни секталар дүниені мүлдем жоққа шығармай, ондағы зұлымдықпен күресуге күш салады. Адамның интеллектуалдық қабілетін арттырудың әдіс тәсілдерін ұсынады. Оны ғылыми негіздеуге талпынады. Мысалы: саентология шіркеуі, Бірігу шіркеуі

Екінші классификация генетикалық принцип бойынша:

а) Жаңахристиандық діни секталар- бұл қозғалыстар Библияны өз ілімдерінің басты қайнары ретінде таниды. Иса - ілімдерінің орталық фигурасы, бірақ олардың Иса туралы түсініктерінің дәстүрлі христиан шіркеуінен ерекше. Мессиандық (құтқарушы), құтылу, ақырзаман ілімдеріне аса мән беріп, ресми шіркеуді мойындамай, ғұрыптарын басқаша атқарады. Бұл топқа Иегова куәгерлері, Мормондар, Христос тәні, Құдай уағызы және т. б. көптеген інжілдік христиандар діни секталары жатады.

ә) Жаңашығыстық діни ғұрыптар- бұл діни ғұрыптардың негізінде қазіргі заманға бейімделген (модернизация) буддизм, синтоизм, индуизм діндерінің діни ілімге аса мән бермейтін, ғұрыптық практиканы жоғары қоятын (медитациялармен шұғылдану) Кришна қоғамы, Йога, Дзэн-буддизм, жаңа синтоизм ғұрыптары және т. б діни секталар.

б) Саентологиялық бағыттағы - дін, ғылым және құпия ілімдерді біріктіріп адам психикасының құпия тылсым сырларын ашып оны ізгілік пен молшылыққа кенелтіп, бақытты етуді мақсат тұтатын діни секталар. Саентология шіркеуі, Ақыл ілімі, Христиан ғылымы тәрізді діни секталар осы топқа кіреді.

в) Синкреттік бағыттағы - бүкіл адамзатты бір дінге біріктіруді мақсат етуші Бірігу шіркеуі, Бахай сенімі, Ұлы Ақ ағайындар секілді діни секталар.

г) Шайтанға табынушылық - зұлымдықты насхаттайтын, мистикалық тұрғыда шайтанмен байланысқа түсуді уағыздайтын құпия әрекет жасайтын діни ілімдер. Оларға прагматизм, зорлық жасау, күш қолодану, оқшауланушылық элементтері тән.

г) Жаңа пұтқа табынушылық - әр елдерде көне нанымдар мен сенімдер негізінде жаңадан пайда болған ғұрыптар. Мысалы: Қазақстандағы кейінгі кезде пайда болған Ата жолын қуушылар, Аққулар мен Сұңқарлар тобы және т. б[8, 133] .

Қорыта айтқанда дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадаттар қоғамдық және ғаламдық деңгейдегі саяси, әлеуметтік, демографиялық, діни жалпы мәдени факторлардың себебінен пайда болған және пайда болуда. Дәстүрлі емес діни қозғалыстар генетикалық және дүниетанымдық прициптер бойынша шартты жіктеледі. Діни секталардың дүниеге қатысты түсініктері “олар өткенді жоққа шығарып, бүгінгі күнді өтпелі кезең, біз тапқан ақиқат адамзатты жарқын болашаққа алып барады”- деген тұжырымға негізделеді. Сонымен дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадаттар - соңғы ғасырларда пайда болған, генетикалық дәстүрлі ұлттық немесе әлемдік діндерден бөлініп шыққан, бірақ олармен байланысын үзген, өзіндік әмбебаптығы мен абсолютті ақиқаттығына берік сенетін жаңадан пайда болған діни қозғалыстар.

Дәстүрлі емес діни қозғалыстар өзіндік ерекшеліктерге ие. Оған кірген адамдар өмірінде күрт өзгеріс орын алып, адам отбасында ата-анасы, бауырларымен басқаша қатынас жасап, өз сенімін насихаттап дәлелдеумен әуреге түседі, эгоизмге бой алдырып, тіпті кейбір діни секта мүшелері жеке мүлкін сатып, ортақ қауымдық меншікке қосады, жеке өмірден бас тартып коммуналарға (ұжымдық қауымдық отбасылық өмір) барып тұрады. Бұл дәстүрлі отбасылық өмірді өзгерту. Мемлекет заңдарын сыйламау, қоғамдық әдеп қағидалары мен ұлттық дәстүрге немқұрайлық, жеккөрушілік, жоққа шығару, өз сенімдерін абсолютті ақиқат ретінде дәріптеу және ол ойларын жасыру, ғылымнан тыс танымдарға жүгіну, адам санасын бақылаудың түрлі әдістерін (адамға зиянды) қолдану, қоғамнан оқшаулану діни секталарға тән ортақ ерекшеліктер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Исламдағы діни төзімділік пен толеранттылық мәселесі
ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІНИ СЕНІМ
Қазақ қоғамының бүгінгісі мен ертеңгісі
Мұхтар Әуезовтың әңгімелерін оқыту
Көркем шығарманы талдау мәселесінің зерттелуі
Бахаи сенiмiнiң дiни iлiмдерi
Дін философиясы
Қадыр Мырза әлі шығармаларындағы жалқы есімдер
Карен армстронгтың «Тәңірінің тарихы» еңбегіне дінтанушылық талдау
Көпэтностық қоғамдағы дін: толеранттылыққа жетудің жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz